Шәкіртке тиісті оқу материалын


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе:

І. Дидактика оқытудың негізгі теориясы ретінде . . .

1. 1. Дидактика ұғымына жалпы сипаттама . . .

1. 2. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық процестің мәні . . .

II. Танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері.

2. 1. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру мәселесі . . .

2. 2. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық технологиялар . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Мазмұны

Курстық жұмыстың көкейстілігі: К. Д. Ушинскийдің айтуы бойынша танымдық қызығушылық оқушының білімге, бір нәрсені білуге құштарлығын арттырып қана қоймайды, айдаладағы бізге белгісіз жұмбақ сырларға жауап іздеуге жетелейді. Сонымен оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда пән мұғалімдерінің ықпалы зор. Ол үшін мұғалім сабақты қызықты, тартымды өткізуімен қатар оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыруға ынталандыратын тақырыптық кештер, ойындар, әр түрлі дебаттар, сөзжұмбақтар, ойлан-тап, жұмбақ жасыру, сайыстар т. б. сабақтан тыс жұмыстарды жүйелі түрде өткізудің маңызы ерекше. Сондықтан да жаңа педагогикалық технологияларды орынды пайдалану, үлкен нәтиже берері анық. Қазіргі кезде қазақ қоғамы қоғамдық эканомикалық жүйеден екінші бір жүйеге өтудің қиын кезеңінде тұр. Мемлекет тарапынан адамдардың жақсы өмір сүруіне жаұдай жасалу, олардың әділеттік, еріктік, қайырымдылық құндылықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл үрдістің өзіндік қиыншылығы, қарама-қайшылығы, көп жақтылығы бағалады. Бұл негізінен белгілі курстар арқылы немесе «жоғарыдағы» адамдардың ниеттенуіне байланысты. Жалпы әрбір адамның мақсатын өзінің қатысуынсыз іске асыруға болмайды. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматты жоғарыдағы мақсатты іске асыруға үлес қосуы тиіс. Егер де, халық білімді, ақылды, мәдениетті, гуманды, демократиялы, әділетті, кәсіби баұдарлы болса, сонда ұана қоғам өркениет деңгейіне көтеріледі. Сол себептен, Қазақстан болашағы иелерін сол тұрғыда тәрбиелеу қажет.

Осыған орай, еліміздегі жоғары білім концепциясында адамның дамуындағы өмірмен, адамдармен, қарым-қатынасына зор назар аударылып отыр. Әрбір адам күшті, құрметті, іскер, сыйлы өмірде өз дегеніне жетуге тырысады. Сол себептен, әр кім өзін-өзі құрметтеп, бағалай білуі қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты: Дидактика ұғымына жалпы сипаттама беру. Оқытудың танымдық іс-әрекетінің педагогикалық, технологиялық негіздерін қарастыру. Осы зерттеу жұмысымыз арқылы студент жастарды зерттеулерініңде қосымша мәлімет беру.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Дидактика ұғымына жалпы сипаттама беру.

- Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру мәселесін қарастыру.

- Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық технологияларға шолу.

Курстық жұмыстың объектісі: Оқытудың танымдық негіздері

Пәні: Жеке тұлғаның бойындағы танымдық процестер.

Болжам: Зерттеу әдісі: Салыстырмалы-педагогикалық әдіс.

Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден (Зерттеудің көкейкестігі, мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні, болжамы, әдістері) екі тараудан: біріншісі: (І. Дидактика оқытудың негізгі теориясы ретінде; 1. 1. Дидактика ұғымына жалпы сипаттама; 1. 2. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық процестің мәні), екінші тарау: (II. Танымдық іс-әрекетті қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері; 2. 1. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру мәселесі; 2. 2. Жоғары оқу орындарындағы педагогикалық технологиялар) қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Дидактика оқытудың негізгі теориясы ретінде

1. 1. Дидактика ұғымына жалпы сипаттама

Оқыту - тұлғаның ақыл-ойын дамытып, танымдық дағдысын қалыптастырып, адамгершілікке негізделген имандылық тәлімдерін бойына сіңіру. Оқыту ұстаздың бағдарлы мақсат негіздеп жүзеге асыратын қызметі болса, екінші жағынан шәкіртке білім, тәрбие беріп, оларды ой еңбегіне, өмірге үйлесімді практикалық іске баулып, қабілетін ұштап, шығармашылық ізденіске бейімделуіне жол ашатын күрделі педагогикалық үрдіс.

Процесс адам баласының іс-әрекетіндегі қозғалыс, тиісті нәтижеге жету жолындағы талпыныс болғандықтан ол алуан түрлі әрекеттерде бір-бірінен бөлмей тұтастықта қарастырады. Осы орайдан келгенде оқыту процесін басқару, оның жүйесі мен құрылымын және негізгі заңдылықтарын білу ағарту саласында қызмет атқаратын мұғалімдер үшін басты шарт болып табылады. Өйткені білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, табиғат пен Қоғамдағы заңдылықтар мен құбылыстарды тану, ұғыну. Ал білімді жеке адамның иігілігіне айналдыру үшін, оны танып, ойлану кезінде - талдап, салыстырып, жіктеп, жинақтап, синтездеу керек. Былайша айтқанда, ойлау операциясының заңдылықтарына сүйену талап етіледі.

Оқыту тұлғаның дамып, қалыптасуындағы басты құрал. Білімнің ойға қонып, бойға даруы мұғалімнің басшылығымен жоспарлы бағытта жүйелі түрде жүргізген іс-әрекетінің нәтижесінде орындалса, шәкірттің оны ынталы қабылдап, ықыласпен орындауы негізінде өзінің мақсатына жетіп жүзеге асады. Олай болса, оқыту - педагогикалық үрдістің (процестің) құрамдас бөлімі. Өйткені шәкіртті тәрбиелеп, білім беріп, оларды өркендетудің мағыналы да мәнді болуы оны ұйымдастыра білуге, жүйелі түрде жүргізуге, тиісті заңдылықтарды сақтап негізгі принциптерді тиімді пайдалана білу екендігі, бұлардың өзара ықпалдастығын айқындайды. Бұларды бір-бірінен бөлмей тұтастықта қарау оқыту ісінің табысты да, нәтижелі болуына игі ықпал етеді және кепілдік береді. Демек, оқытуды білімдендіруден, тәрбиеден және тұлғаның дамып өркендеуінен бөліп тастауға келмейтін бір-бірімен тұтас байланысқан құрамдас бөлімі деп танимыз.

Оқытудың тәлімдік мүмкіндігі орасан зор екендігі педагогика тарихында аты белгілі педагогтердің барлығы дерлік жан-жақты дәлелдеген. Оқыту тәлім-тәрбиеден сыртқары болуы мүмкін емес. Әл-Фараби бабамыздың «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауың деп ескерткен даналығы ешбір уақытта өзінің мәнін жоғалтпайтын көрегендік. [1]

Педагогикалық теориядағы басты қағида: оқыту білімдендіру мен тәрбиенің құралы. Олай болса, тәрбиелей отырып оқыту барысында шәкірттің өркені өсіп, аңғарғыштығы мен байқағыштығы, зейіні жетіліп, қиялы қанат жайып әржақты дамиды. Ой-түсінігінің өрістеуі негізінде іс-әрекетке, еңбекке, әлеуметтік қарым-қатынасқа дағдылану бастау алады.

Тәрбиелей отырып оқыту - ғылыми-теориялық тұрғыдан қарағанда шәкірттің дүние-танымына, ақыл-ойына, адамгершілік сеніміне, мінез-құлық сипаттарының қалыптасуына ықпал етеді. Сондай-ақ меңгерген білімі өмір ақиқаттарын ұғынып, ондағы құндылықтарды танып, оны өз өресіне лайық тұтына білуге жол ашады, тәлімдік мүмкіндіктің арнасын кеңейтеді. Былайша айтқанда, оқушы қабілетінің дамуы білімін тереңдетіп, тәлім-тәрбиені бойңа сіңіріп имандылық қасиеттерінің құлшынысын жебей түседі.

Оқыта отырып тәрбиелеу - оқушының ғылыми-танымдық көзқарасы мен білімін және оны дұрыс ұғына білуін қалыптастыру мен қатар шәкірттің тәлім-тәрбиелік танымдық санасын жетілдіріп, адамгершілік түсініктің беки түсуіне игілікті әсер ететін мүмкіндігі уақыт талабына орай үнемі өрістеп отыратын құбылыс.

Сонымен тәлімдік мүмкіншіліктерін ескере келіп, оқыту мен білім беру тиісті мақсаттылық бағдары болуы талап етіледі. Оқытудың тәрбиелік сипаты - оның ғылыми мазмұнына да тәуелді. Тәрбиелей отырып оқыту тұлғаны жан-жақты дамытып, ақыл-есін, адамгершілік танымын, әлеуметтік түсінігін жетілдіреді, тұлғаның дүниетанымын, моральдық сенімін бекітеді және рухани көркеюіне ықпал етеді. Тұжырымдай айтсақ, оқыту оқушыны біліми түсінікпен қаруландырып, тәлімдік өнегені ұғынып, оны өмірге үйлесімді жүзеге асыруға бағдарлайды.

Оқытудың қызметі, мақсаты мен міндеттері. Педагогика - білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту саласындаұы ғылым және өнер деп білсек, оның негізгі қызметі сол күрделі таным талаптардың оқыту үрдісі арқылы жүзеге асуына байланыстылыұы оқытуға ұстаз бен шәкірттің бірлескен іс-әрекеті тұрғысынан қарасақ бұлардың екеуінің де өзіндік мақсаттары бар, екі жақты болғанымен де бір арнадан тоғысатын үрдіс.

Педагогикалық мақсаттан туындайтын оқыту процесі - ұстаз тарапынан меңгертіліп, шәкірт тарапынан игерілуге тиісті ғылыми таным-түсінік, білімдік біліктерді жүзеге асыру жолындағы іс-әрекет болып табылады.

Оқыту процесінің логикасын оның құрылымы анықтайды да негізгі мақсатқа байланысты тиісті міндеттер туындайды. Білім беру саласында оқыту процесінің міндеттері қоғамның дамуындағы ғылыми-практикалық қажеттіктің деңгейіне байланысты белгіленеді.

Оқыту міндеттерін шешуде ғылыми-білімдік таным түсініктерді түйсіну мен қабылдау, оны ұғыну мен ойлану, дәлелді де дәйекті деректерді көңілде бекіту және өмірде жүзеге асыра білу салаларымен шарттас.

Оқыту процесінің мақсатына байланысты міндеттерді шешудегі ұйымдастыру ісінде оқушыны оқыту объектісі деп білсек, екінші жағынан ол субъекті. Осы орайдан оқыту процесінде ұстаздың шәкіртімен ынтымақтастағы тек білімді меңгерумен ғана шектелмей, шәкірттің творчестволық еңбегінің өрістеуіне жол ашады. Өзара бір-бірімен іштесе байланысқан білім-тәрбиелік мазмұн және оның формалары мен әдістері негізінде тиісті нәтиже жетудегі қозғаушы күш - қойылатын талаптың шәкірттің мүмкіндігіне үйлесімділігіне тәуелді. Оқыту, білім алу және дамуға байланысты заңдылықтар мен принциптер және оның әдістемелік жолдары дидактика саласына байланысты қарастырылды. [2]

Сонымен оқытудың басты қызметі адам баласының білім байлығының негіздерімен қаруландырып, оны өзбетімен дамытып, игерген білімін өмірде қолдана білуге бағдарлау. Әрбір тұлғаның өздігінен ізденіп, өздігінен еңбектене алуына дағдыландыру. Мұндағы басты талаптар:

  • білімнің негізгі идеяларын түсіну, оны танымдық ұғымда

айналдыру;

  • Ұғынған (меңгерген) білім арқылы ойын дамытып, өздігінен

ізденудің жолын ашу;

  • білімнің жүйелілігі, қисындылығы, бірізділігі, ұғынылықтығын

қамтамасыз ету;

  • меңгерген білімнің шеңберін кеңейтіп, жаңа білімге деген

құлшынысқа жол ашу.

Демек, қазіргі кезеңдегі білім берудегі басты шарт - тұлғаның өздігінен іздене білуін, оның уақыт талабына үйлесімді шешімін таба білуге қалыптастыру болуға тиіс.

Дидактика - оқыту мен білім берудің теориясы. Дидактика деген термин ғылыми атау түрінде Ратке Вильфганг (1571-1635) арқылы қолданысқа кіріп, ал ғылыми білім жолын талдап, оның арналарын ашып берген чех педагогі Я. А. Коменский (1592-1670) болды. Ол жазған «Ұлы дидактикаң және басқада еңбектерінің лейтмотиві - кімді болса да барлық салада оқытудың бәріне ортақ өнер деген қағидаға құрылған.

Оқыту теориясы әдетте дидактика деп аталады. Дитактика сөзінің мәні - гректің dіdasko - «үйретемің, оқытамың» деген ұғымынан бастау алған. Ертелі кеш жарияланған педагогика саласындағы еңбектердің бәрінде де бұл сөздің мағынасы осы тұрғыдан түсіндіріледі.

Дидактика «Нені оқыту керек? Қалай оқыту керек? Не үшін оқыту керек?» мәселелерімен шұғылданатындықтан мұны оқыту теориясы тұрғысынан ұғынып оқыту процесіне қатысты оқушыға білім беру, оқыту заңдылықтарына байланысты ақыл-ой тәрбиесінің негіздері жүйесінен қарастырылады.

Оқыту технологиясы негіздері - білімнің мазмұнын айқындайтын оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық пен оқу құралдарымен оның әдістеме саласындағы білім, тәрбие беру жүйесіндегі заңдылықтарды бір-бірімен бөлмей бірлікте қарайды. [3]

Дидактика оқу орындарында оқытылатын барлық пәндерге қатынасты, ортақ заңдылықтар мен ережелерді талқылайды. Сондай-ақ оқытудың негізгі мазмұнына байланысты мәселені меңгеру әдістері мен оны ұйымдастыру түрлерін анықтайды. Былайша айтқанда, дидактика оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістері мен түрлерін білдіреді. Сонымен қатар дидактика жеке пәндерді оқыту ерекшеліктерін ерекше зейін қояды. Жеке пәндерді оқыту, білім беру, тәрбиелеуді пәндік дидактика, немесе сол пәннің әдістемесі деп те атаймыз. Дәлірек айтқанда, жеке пән әдістемесі жалпы дидактикаға сүйенсе, жалпы дидактика тиісті деректерді жеке пән әдістемесінен алып пайдаланады. Дидактиканың негізгі категориялары - білім беру, оқыту, сабақ жүргізу, оқу, оқыту принциптері және мұның құрамды бөлімдеріне тиесілі міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижелі түрде жүзеге асуына негіз болып табылады. Дидактика үнемі дамып, өркендеп отыратын сала. Өйткені білім беру мен оқытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп, өмір талаптарын орындап уақыт мәресінен шығу мүмкін емес.

Оқыту - танымдық іс-әрекетінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Оқыту - Ұстаз бен шәкірттің бірлескен әрекеті. Оқыту үрдісінің логикасын оның құрылымы анықтайды. Ал құрылымды танымдық іс-әрекеттің кезеңдері бойынша сипаттасақ, ол көбінесе мына жүйеде болады:

  • танымдық міндеттерді жете түсіну;
  • жаңа деректер мен түсініктерді қабылдау;
  • ұғыну - жаңа деректер мен түсініктерді көңілге қондырып, ойлану;
  • білімдік мағлұмат атқарылған іс-әрекетке байланысты дағдыны

қалыптастырып, оны бекітуді жетілдіреді;

  • ұғынған, түсінген материалдарын өмір практикасында жүзеге

асырып, іс жүзінде нақты қолдана білу;

  • оқушының ұғым-түсінігі мен атқарған іс-әрекетінің қандайлық

дәрежеде екендігін талдап, меңгерген дағдысын тексеру, бағалау.

Танымдық ұғым түсінікті болса және онда қойылған міндет айқын болса, оқушының өздігінен ізденіп, тиісті сауалдың шешімін табуға ынталы кіріседі де оқыту процесіндегі заңдылықтар тиісті ретімен жүзеге асады. Сабақ барысында жаңа деректермен танысып түйсінуі, қабылдауы оны ұғынуға жол ашады. Өйткені қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттар, немесе құбылыстың санада бейнелену процесі болса, ал түйсіну сананың сыртқы әлеммен байланысы тұрғысынан түсінеміз, былайша айтқанда түйсік сезім мүшелеріне әсер еткен құбылыстардың мида бейнеленуі.

Оқушыны жаңа материалдармен таныстыру, олардың тікелей қабылдауына мүмкіндік туғызатын болса, бұл процесс таныстыру, бақылау, практикалық жқмыстар арқылы, немесе мұғалімнің жанама түсіндіруі, эвристикалық тұрғыда ізденту, оқулықтар бойынша атқарылатын жаттығу, тапсырманы орындау бойынша жүзеге асады.

Ұғыну - білімдік мағлұматты түсініп, ондаұғы заңдылықтар мен деректерді жинақтап тиісті қорытындыға келу. Ұғыну процесінде оқылған материалдар туралы ойластырып, келтірілген деректер мен дәлелдерді көңіліне бекітеді. Зейін қойып, есіне берік сақтайды. Дәлірек айтар болсақ, бекіту - оқушының алған білімін берік ұғынуына мүмкіндік беретін тиімді тәсіл. Осыны ескергендіктен тәжірибелі мұғалімдер жаңа сабақтағы жаңа материалдарды оқушының тиянақты меңгертуі кезінде де, өткен сабақты пысықтау, қайталау кезеңдерінде де бекіту тәсілін түрлендіре отырып пайдаланады. Білімді бекіту саласындағы істер белгілі деректер мен дәлелдерді еске сақтаумен ұана шектелмейді, тиісті бағдарлама бойынша өтілген материалдарды белгілі бір жүйеге келтіру үшін де, шашыранды емес, жинақты болу үшін де бір жүйеге келтіру үшін де қолданылады.

Оқыту процесіндегі танымдық қағида - нақты аңғарудан абстракты (дерексіз) ойлауға және одан практикаға көшу ақиқатты танудың диалектикалық реалды жолы екендігі ежелден айтылып келе жатқан шындық. Бұған оқыту жүйесі тұрғысынан қарайтын болсақ: нақты аңғару - түйсіну мен қабылдау екені, абстракты (дерексіз) ойлау - мәнін түсініп, мәселенің болмысын ұғыну, ал практикаға көшу - білімді іс-әрекетте қолдану арқылы процесті тексеріп, бағалау болып шығады.

Оқу процесін жүзеге асыруда мотивтің мәні зор. Мотив дегеніміз - әрбір тқлұаның объективтік мұқтаждығы мен ынтасынан туындайтын талпыныс. Олай болса, оқушының білуге, ұғынуға, оқуға деген ынталы мұқтаждығын демеп, талпынысын қолдап іс-әрекетке пейіл сала кірісіп, қойылған міндетті тиісті деңгейде атқаруын қадағалау керек: Демек, шәкірттің білімге деген мұқтаждығы мен ынтасы мотивацияға негіз болса, олардың бұл талпынысын мұғалім терең сезіне отырып оқытатын сабағын қызықты да тартымды болуына зейін қоюға тиіс. Ол үшін тақырыпқа үйлесімді көрнекілік, техникалық құралдар, ойын, компьютор т. б. ретті түрде қолданылуы керек.

Әрине, оқушының көздеген өзіндік мақсатына, перспективасына ұмтылдыратын мотивтер тұлғаны ешбір уақытта бейжай қалдырмайды. Өзінің болашағы үшін таңдаған мамандыққа, кәсіпке байланысты пәндерге шәкірттер ерекше назар салып, оған ынталы ықыласпен қарайды. Олардың талпыныс мотивтері бұл саладағы сұрақтар мен проблемаларды өзінше шешіп, атқарған іс-әрекетінің жүйесіндегі табысынан қанағат тауып, ертеңіне деген ізденісі мен сенімі жетіле түседі. Осы тұрғыдан оқудың психологиялық сипаты - танымдық мотивтер оқушының жаңа білімді игеріп, оны ұғыну тәсілдерін тереңдетіп, өздігінен ізденуге кеңірек жол ашумен қатар, алған білім-түсінігін өмірде қолданып жүзеге асыруға құлшындырады. Ал әлеуметтік тұрғыдан қарағанда мотивтер оқудағы белсенділік ынталылық, жауапкершілік және борышын терең сезінуіне мұрындық болады. Сондай-ақ мотивтердің жүзеге асуы оқушының тәлім-тәрбие, оқу саласындағы беделін өсіріп, дүние танымдық көзқарасының қалыптасуына игі ықпал жасайды.

Мұғалімнің назарында болатын басты мәселенің бірі - мотивтер оқушының жас ерекшелігіне байланысты өзгеріп отырады. Төлғаны перспективтік талабына, көзқарасының жетілуіне орай, тиісті пәндерді меңгеруіне байланысты мотивтер жаңа арна тауып тиісті бағдарда өркен жая түседі. [4]

Білімдендіру заңдылықтары мен қағидалары және оқыту әдістемелер мен оның ұйымдастыру. Егемендікке қолы жеткен Қазақстан Республикасындағы оқу орындарының жаңарып қайта құрылуына байланысты оқыту, білім беру тұрғысындағы басты мақсат та, міндет те алдыңғы саптағы дамыған елдердің деңгейіне сәйкес белгіленген мемлекеттік стандарт дәрежесінде ұылым негіздері меңгеріліп уақыт талабына үйлесімді тәрбиеленген адамдарды қалыптастыру болып табылады. Жас ұрпақтың қалыптасуы шәкіртке берілетін ғылыми білімнің мазмұнына тәуелді деп білсек, оның жүзеге асуы оқыту арқылы орындалады.

Оқыту технологиясының педагогикалық негіздері - білімді ала білуге тәрбиелеп, ақыл-ойдың қабілетін дамытып, тұлғаның адами негізде қалыптасуына ықпал етіп, оның ілгері жетіле беруіне бағдар берумене қатар тұлғаның өздігінен іздене білу қажеттігін туғызу жолдарын айқындау болып табылады. Ал таным қабілетінің дамуы оқушының объективтік дүниені, шындықты танып білуге тиянақты білім алуы оқытудың әдістері мен түрлерін амал-тәсілдерін жетілдірумен шарттас.

Оқыту ісінің табысты болуы білімдік негіздер мен оның күрделі құрылымын білумен шектелу емес, меңгерген таным-түсініктерді жүзеге асыра алумен және оның заңдылықтарын орындауға қалыптастыру арқылы орындалады. Білімдендіруде ескерілетін заңдылықтар:

  • Оқыту арқылы тұлғаның өздігінен әр жақты еңбектеніп дамуына бағдар берумен ынталандыру.
  • Белсенді іс-әрекетке баулу.
  • Даму белсенділігіне қажетті мотвитер туғызу.
  • Оқыту барысында шәкіртке талап қоя білу және оларға сенім білдіре отырып, құрметпен қарау.
  • Білімді меңгеру барысындағы қиындықты жеңудегі шәкірт қуанышын, ынтасын қолдай білу.
  • Оқушының шығармашылық нышандарын демеп, оны ілгері жетілдіре түсуін қолдау.
  • Оқыту барысында тұлғаның жас ерекшелігін және дербес өзгешелігін есепке алу.
  • Оқытуда жеке оқушы мен ұжымның белсенділігін көтерудегі ынтымақтастықты сақтауға ықпал ету.
  • Оқытуда мұғалімдер, отбасы, бұқара көпшіліктің бірыңғай талап қоюына ыждаһаттылықпен қарау.

Оқыту барысында шәкірттің меңгерілген білімін қазына деп білсек оны ілгері дамытып, өрістетуге бағдар беріп, жол-жосығын үйрету - оқыту әдісімен сабақтас. [5]

Оқыту әдісі (метод обучения) - өте күрделі ұғым, өйткені бұл әрекетті, категорияны айқындайтын мәселенің аумағы да, қамтитын жүйесі де сан салалы. Сондықтан да педагогика ілімінде әдістемеге байланысты нақты тұжырымдалған анықтама боларлық бірыңғай ереже жоқ десе де боларлық. Әдістеме ұылымның әр саласын зерттеуші ғалымдар бір-біріне жақын пікірлер ұсынып оқыту, білгізе және оны жүзеге асыру жөнінде білімдендіруді ұйымдастыру әдістерін өз тұрғысынан қойылған мақсатқа жету тұрғысынан қарастырады.

Әдіс - оқыту барысында ұстаз бен шәкірттің ынтымақтаса еңбектену нәтижесінде қойылған мақсатқа жетуін реттейтін тәсіл. Оқыту әдісінің көмегімен оқушы белгілі деңгейдегі білімді, іскерлік әрекеттің машық, дағдысын игереді, дүниетанымын қалыптастырады, қабілетін өрістетеді. Ал оқыту барысында әдісті таңдайтын және оның нақты әрекетке айналдыратын оқытушы ұстаз. Сонымен оқыту әдісінің атқаратын қызметі білімдендірудегі тиісті мақсатқа жету, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, білімдарлығына, оқу үрдісін (процесін) тиімді ұйымдастыра білуіне, шәкірттерді ынталандыра алуына байланысты.

Оқыту технологиясының педагогикалық негіздерінде әдістеме мәселесі саласында жеке пәндерді оқытуға байланысты жазылған ғылыми және практикалық зерттеулер өте көп. Бірақ оларда оқыту әдістерін жүйелеу (классификация) бір қалыпта емес, ұылым саласынан берілетін білім, тәлім-тәрбие мақсатына үйлесімді әдістерге өз тұрғысынан зейін қоятындықтан оқыту әдісін бір арнаға келтіре қоюдың да мүмкіндігі шамалы, сол себепті әдістемені классификациялау педагогикалық әдебиеттерде түрлі-түрлі жіктеледі. [6]

Өткен ғасырдың 50-60 жылдарына дейін оқыту әдістерін екі жүйеде қарайтын. Атап айтқанда: 1) Сөздік әдістер тобы - әңгімелесу, әңгіме, түсіндіру, дәріс, кітаппен жұмыс. 2) Көрнекілік әдістер тобы - демонтрация, иллюстрация, бақылау. Бұл әдістерді пәндердің оқыту ерекшеліктеріне байланысты талдап, нақты тақырыптар жүйесінде деректемелер ұсынылатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары
Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан
Іскерлік ойындар технологиясы
Оқу материалдары және түйсік, маңызы
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тәжірибелік іс-әрекеті
БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ТҰЛҒАЛЫҚ ТӘРБИЕ
Оқушы өміріндегі шебердің рөлі
Педгогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Математика сабақтарында оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы оларды өздік жұмыс жасауға баулу және қабілеттерін дамыту
Оқыту әдістері және тәрбие парадигмасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz