Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысудың теориялық негіздері
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысудың теориялық негіздері
1.1 Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу туралы ғалымдардың
еңбегіне
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .5
1.2 Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысуда қолданатын есептесу
үлгілеріне сипаттама және берешек
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысуды құжаттық рәсімдеу.10
2 Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу есебін ұйымдастыру
2.1 Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысудың синтетикалық және
талдау
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Жеткізушілер мен мердігерлермен есептесуді түгендеу тәртібі және оның
нәтижесін есепке
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 18
3 Жеткізушілер мен мердігерлермен есептесу есебін дамыту жолдары...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...27
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстандық бухгалтерлік есептің ХҚЕС көшуіне
байланысты қазіргі шаруашылық жағдайында бухгалтерлік есеп басқару
шешімдерін қабылдауда маңызды орын алады. Қазіргі кезде, жабдықтаушылар мен
мердігерлер, сатып алушылармен тапсырыс берушілермен есептесуге көңіл
бөлінеді. Бұл жағдай үнемі шаруашылық құралдардың айналымы түрлі
есептеулердің үзіліссіз жанарып тұруына ықпал етеді. Ең таралған есептеу
түрі - жеткізушілермен шикізатқа, материалдарға, тауарлар және де т.б.
құнды заттарға есеп айырысу түрі болып табылады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында, сондай-ақ
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясында атап өткендей, өркенді де серпінді дамып келе жатқан
қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және ашық нарық
экономикасы бола алады. Осыған байланысты, қаржылық есеп ел дамуының
қазіргі кезеңіндегі экономиканың іргетасы болып табылатынын, ал
ҚЕХС–ұйымның қаржылық ағынының ашықтығын, капиталдың интеграциясын және
тұтастай алғанда ел экономикасының жеделдете дамуын қамтамасыз ететін
маңызды құрал екенін атап өту қажет.
Соңғы жылдары елiмiздiң экономикасының нарықтық қатынынастарға өтуiне
байланысты бухгалтерлiк есептiң әдiстемесi мен тәжiрибесiнде түбегейлi
өзгерiстер болды. Есеп тiркемелерiнде шаруашылық операцияларын жазып
көрсетудiң дәстүрлi әдістері ескіріп, қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың
сұрақтарға толығынан жауап бере алмайтындығын тәжiрибе көрсеттi. Iскерлiк
шешiмдер қабылдау үшiн бұл ақпарат белгiлi түрде өзгертiлуi және өңделуi
қажет. Қазiргi жағдайда бухгалтер кәсіпорын нәтижесін талдаудың түрлi
әдiстерiн қолданып, кәсiпорында қабылдаған қаржылық стратегияны iс жүзiнде
қолданыс табатын есептік саясатын тандап алып, соны басшылыққа алуда.
Адамдардың саналы, мақсатты қызметi ретiндегi басқару экономикалық
зандардың обьективтi заңдылықтары мен талаптарына негiзделген. Осы
заңдардың талаптарын танып бiлуге сүйене отырып, және оларды пайдаланудың
нысандары мен әдiстерiн жасай отырып, мемлекеттiк, шаруашылық және қоғамдық
органдар арқылы қоғамдық қаржыны, бағаны, несиені және тағы басқа көздерін
жұмылдыруымен қатар, өндiрiстiк қатынастардың нысандарын саналы түрде
басқарады.
Қазiргi уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсiпорындардың
шаруашылықты жүргiзушi субъект ретiнде құқық жағдайларын едәуiр нығайтып,
олардың көптеген өндiрiстiк және қажылық мәселелердi өз бетiнше шешуiне мол
мүмкiншiлiк аштi. Атап айқанда, iшкi және сыртқы рынокта бiлiктi серiктi
тандауға қол жеттi, өйткенi болашақтағы бiрлескен iс - әрекеттiң тиiмдiлiгi
көбiнесе осыған байланысты боглады. Кәсiпорындар бұрынғыдай жоғарғы жөн
сiлтеуiмен емес, контрагенттердi (жабдықтаушы, салып алушы, мердiгер, банк
және т.б.) Қазiргi кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздерiне iскер
серiктердi қаншалықты дәл және қатесiз тандауымен нарықтық қатынастар
негiзiнде мүмкiндiгiнше тез және дұрыс бағдар тауып,оны ұстануына қарай
жұмыстарының тиiмдiлiгi әр түрлi болады. Басқаша сөзбен айтқанда,
шаруашылықты жүргiзушi субьектiлердiң қызметiнiң жетiстiктерi басқару
деңгейiне, қабылданған шешiмдердiң обьективтiлiгi, нақтылығы, шұғылдығы мен
ғылыми негiзделуiне тiкелей тәуелдi. Үйлесiмдi шешiмдердiң қабылдануы,
материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдаланып, елiмiздiң
экономикалық өсуiне бағытталатыны белгiлi.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындағы сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің есеп айрысуының есебін оңтайлы ұйымдастыру сұрақтарын
тереңiрек зерттеп теориялық және әдiстемелiк негiздерi туралы мағлұмат
алып, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
-жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу туралы ғалымдардың
еңбегіне шолу;
-жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысуда қолданатын есептесу
үлгілеріне сипаттама бере отырып берешек түрлерін анықтау;
-жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысуды құжаттық рәсімдеу;
-жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу есебін ұйымдастыру;
-жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысудың синтетикалық және
талдау есебін қарастыру;
-жеткізушілер мен мердігерлермен есептесуді түгендеу тәртібі және оның
нәтижесін есепке алу;
-жеткізушілер мен мердігерлермен есептесу есебін дамыту жолдарын ұсыну.

1. Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу туралы ғалымдардың
еңбегіне шолу
В.В.Радостовецтың ойы бойынша, жеткізуші мен тапсырыс берушінің
арасындағы есептесуде басты проблемасы талапқа көну келісім-шартын бұрыс
құруда деп есептейді. Талапқа көну келісім-шарты, кейде цессия келісім-
шарты деп аталатын, төлемсіз шешу пробемаларында кең қолданылатын
нормативті-заңды құрал болып табылады. Цессия келісім-шарты бойынша бір
заңды тұлға қайтару негізінде өз міндеттерінің құқығын атқару талабын
басқа заңды тұлғаға толық немесе жартылай мөлшерде тапсырады. Бастысы,
кез-келген цессия келісім-шарт мәтініндегі тиісті болуы - ескіден жаңа
кредиторға құқығының негізін және ретін тапсыруы. Бұл жерде, цессия келісім-
шартында екі жақта, мысалға: тек, тапсырылған қарыз ақшаның саны немесе
тауардың сапасы, басқа тұлғаға берілу талаптары көрсетілуі керек емес,
сонымен қатар міндетті түрде, айқын жағдайлардың туындауына негіз болған
нақты құжаттарды атауы қажет. Бұл құжаттардың көшірмелері куәландырылып,
цессия келісім-шартының қосымшалары болуы тиіс.
Цессия келісім-шартына отырғанда заң шығарумен анықталған шек
қоюларды да ескеру жөн. Сонымен қатар, басқа тұлғаға алимент төлеу талап
құқығын және өмірге немесе денсаулыққа зиян келтіруге жол беруге болмайды.
Тәуелсіз аудитор З.П.Дружининнің ойы бойынша, жеткізушілермен
есептесуде өте жие кездесетін проблема - жеткізушілерге ұсынылған шот -
фактураға сәйкес алдын-ала төлеуде бухгалтерлік операциялық жазуларының
қате жазылуы. Тауарды алған кезде мынадай жағдай анықталған, жеткізуші
ұсынылған есеп-шотта тауар бірлігінің қате бағасын көрсеткен -өз нақты
бағасынан төмен, осының бәрі тауардың жалпы бағасының төмендеуіне әкеледі.
Сатып алушы жеткізушіге жетпеген соманы қолма-қол ақшамен төлеп,
жеткізушілерден касса чегін алады.
Жеке заңгерлік агенттігінің директоры Р.А.Маметовтың ойынша,
тәжірибеде таластардың бәрі Заңды және нормативті актілерді қолдану жөнінде
туындауы мүмкін. Бір заңдарда және ережелерде баяндалған ерекшеліктерде
тәжірибе кезінде, кәсіптік қызметке бөгет болатын және уәкіл етілген
органдармен жағымсыз қағысуда проблемалар туындайды.
Мысалға, шот – фактура дайындап ҚҚС төлеу кезінде ҚР Салық және
басқа да бюджетке төленетін қажетті төлемдер жөнінде және Шот-фактура
дайындау, қолдану және ҚҚС төлеу ережелері Заңының 65 бабы жөнінде талай
таластар туындайды.
ҚҚС есептеу кезінде жеткізушілердің мөрі көрсетілуі қажет (ҚР
Салық және басқа да бюджетке төленетін қажетті төлемдер жөнінде Заңының
65 бап), РҚ мемлекеттік табыстар министірлігімен ҚР қаржы Министірлігімен
келісім бойынша және ҚР статистика жөніндегі агенттігімен өнделген: Шот-
фактура жеткізушілермен 2 данада жасалады, бастық пен бас бухгалтері,
сонымен қатар басқа да тауарларға жауапты тұлға қол қоя алады және
жеткізушілер мөр коюы қажет.
Сонымен, ҚР Салық және басқа да бюджетке төленетін қажетті
төлемдер жөнінде Заңымен тап осы заңды өндеуге арналған ережелерінің
арасында қайшылық анықталады.
1) Егер, Заң шот – фактураны мөрмен куәландыру мүмкіндігін нақты
қарастырса, онда ережелер тек мөрді кесімді түрде қажеттілік етеді.
2) Шот-фактура берілгенде жеткізушінің бастығының қолы қажет,
деген заңда айтылмаған, ал ереженің жайларында бухгалтермен тауарларға
жауапты тұлғадан басқа жеткізушінің бастығының қол қойюы қажет деген.
Біз білгенімізше, жеткізушілермен және мердігерлер, сатып
алушылар мен тапсырыс берушілермен есептесуі кәсіпорын мүлігінің үлкен
бөлігін құрайтын өндіріс қормен байланысты, ал заттық қордың шығындары
кейбір салаларда өнімнің өзқұндылығы 90 және оданда көп %-дейін жетеді.
Сондықтан, есеп айырысу операцияларын есептеуінің үлкен маңызы бар,
олардың қалпын бақылауы, дұрыс бағалауы кәсіпорынның рентабельділігіне және
қаржы жағдайына үлкен ықпал көрсетеді.
Тенге курсының азат жүзу бағытына ауысқанда, біздің
республикамыздағы көптеген кәсіпорындар өнім қорларының бағасын үнемі
өсіріп тұрады. Осыған байланысты ғалымдар мен белгілі кәсіпорындарының
мамандары бағаға және жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу
сұрақтарын толық жетілдіруге қатысты көптеген мақалалар жазған. Солардың
бірін толық қарастырайық:
Хегай и К ЖШС директоры И.М.Хегай өз мақаласында
Жеткізушілермен мен мердігерлермен есеп айырысуы бухгалтерлік есепте
қорлардын қайта бағалауда қателіктерін қарастырған, ұсынылған шотын Басқа
да активтерді қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал және
Негізгі емес қызметтен түсетін басқа да табыстар қаржының нәтижесіне және
салық салынатын табысқа әсер етеді. Оның ойынша, егер кәсіпорын қорлардың
бағалауын жасаса және Негізгі емес қызметтен түсетін басқа да табыстар
шотына тіркесе, онда оның табыстары ағымдағы жылдың есептілігінде көрінеді,
ал шығындар қорлардың алынуы бойынша көрінеді. Соңында кәсіпорын
бухгалтерлік есептен дұрыс емес нәтижеге келеді. Бағалау жылдық табысқа
кіруіне қарамастан, салық салынатын табыс қате анықталады.
Жоғарыда айтылғандарға қортынды шығарғанда, И.М.Хегай кәсіпорындарға
бухгалтерлік есепте нормативті актілермен жұмыс жасауды ұсынады, сонда
қаржы нәтижесі дұрыс болып, қаржы заңнамасы сақталады.
Экономика ғылымдарының кандидаты Ф.С.Сейдахметова өзінің
Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуы кезіндегі қателіктері
еңбегінде, есеп айырысу операцияларымен байланысты ең кең тараған
бухгалтерлік қателікті, яғни операцияларды дұрыс бағаламаулықты ашып
көрсетеді. Қазіргі таңда көптеген кәсіпорындар негізгі және айналым
қаражаттарының арасындағы шекараны анықтамай, пайда табу мақсатында
өздерінің қорларын сатуға кіріскен. Ф.С. Сейдахметова кейбір кәсіпорындар
өздерінің жарғыларында пайдаға асыруға келмейтін немесе ескірген өндіріс
қорларымен келісім жүргізу туралы тарауларды көрсетпегендігін қателік деп
санайды. Осыдан келіп, өндірістік қорлар көптеген жылдар ішінде пайда табу
мақсатында сатылады. Бұл жағдайда келісім шарттар жарамсыз деп танылып
және салық органдарының тексеруі кезінде осы пайдалар бюджетке түсуі
мүмкін. Сондықтан Ф.С.Сейдахметова айыппұлдардан аулақ болу үшін
құрылтайшылдық құжаттардың ішінде басшының құқығы дайын өнімді сату оның
тек бір ғана құқығы деп көрсетуді ұсынады.
Қаржы академиясының доценті Е.Л.Шуремовөзінің Қорларды бағалау
тәсілдері атты еңбегінде бухгалтерлік есепті дамытуының маңызды
тапсырмаларының бірі сатылған қорларының, көрсетілген қызметтерінің өзіндік
құнының есебін, яғни ТМҚ-ң, қызметтерінің әртүрлі жеткізушілерден әртүрлі
бағамен келіп түсуіне және кең көлемді өндіріске енгізілуін ашып
көрсетеді.
Ал, профессор Кеулімжаев өзінің ҚР – дағы бухгалтерлік есепті әрі
қарай дамытуының кейбір сұрақтары атты еңбегінде басқалай шығындарының
есебі туралы сұрақты қарастырады. Қорлардың өзіндік құны өзіне оны сатып
алуға кеткен, яғни пошлиналарды, комиссиондық сыйақыларды, транспорттық
және басқа да тікелей шығындарды қосады.
Егер сатып алу құны нақты материалдық өзіндік құнына тікелей жолмен
қосылатын болса, онда бір партияда тауардың, қызметтің бірнеше түрі
жеткізіледі. Сондықтан оның ойынша, басқалай шығындарды жеке бухгалтерлік
шотта қарастыры керек дейді.
Одинцов А.М. көптеген кәсіпорындарда аудит жүргізе отырып, олардың
қорларының нақты инфляция деңгейімен салыстырылмайтындығын байқаған.Ал
туралы ҚР Мемлекеттік комитеті жиілетіп айтып отырады.Одинцов
кәсіпорындарға аудиттік тексерістерді жие жүргізіп, көптеген есептік түзету
жасалынып, соңында оларға айналым қаражаттарын үлкен сомаларға үнемдеп,
оларды өндірісті жаңартуға және қосымша материалдар сатып алуға бағыттауын
айтады.

үлгілеріне сипаттама және берешек түрлері
Кәсіпорындар және жеке тұлғалар есеп айырысуды қолма-қол және қолма-
қол емес түрде жүзеге асырады. Ақшасыз есептесудің жүйесі Қазақстан
Республикасында банктік операциясына сәйкес жасалады. Қазіргі уақытта қолма-
қолсыз есеп айырысудың келесі түрлері бар:
1) төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
2) аккредиттік есеп айырысу түрі;
3) төлем талап тапсырмалары арқылы есеп айырысу;
4) чектермен есеп айырысу;
5) вексельарқылы есеп айырысу;
Ақшасыз есеп айырысу түрін тандар кезінде кәсіпорын,
жеткізушілерден және мердігерлер, сатып алушылар мен тапсырыс берушілер
арасында есеп айырысудың барынша тездету мүмкіншілігі ескертіледі. Банк
мекемесі есептесудің қандай түрін тандау негізін қадағалайды.
Жеткізушілермен және сатып алушының банк мекемесінің орналасуына байланысты
есеп айырысулар қалалық және қалааралық болады. Қалааралық - бөлек
банктермен қызмет көрсетілетін, әр түрлі қоныстанған пунктілерде орналасқан
кәсіорындардың арасындағы есеп айырысулар. Олардың есептесудің басты түрі-
тапсырма-талаптармен төлеуі,аккредитивтер, ерекше шоттардан, ақша аударымы.
Қалалық – бір немесе екі банктермен қызмет көрсетілетін, бір қоныстанған
пунктінде орналасқан кәсіпорындардың арасындағы есептесулер. Олар есеп
айырысудың түрі – жоспарлық төлем ретіндегі, тапсырма-талаптармен төлеуі,
төлем тапсырмаларымен және чектермен.
Ақшасыз есептесудің көп таралған түрі-төлем тапсырмасы. Төлем
тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны
жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы
тапсырмасы болып табылады. Онда міндетті түрде аударылатын ақшаның сомасы
көрсетілу тиіс. Қызмет пен жұмысты және тауарлы- материалдық құндылықтарды
өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай- ақ қызмет пен тауарға алдын ала
төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын
пайдаланады. Төлем тапсырмаларының есептесудің жедел, мерзімінен бұрын және
мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін. Жедел төлемдер: аванстық
төлемдер, яғни тауар тиелгенге дейін; яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей
акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдер. Мерзімінен
бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар
аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы
керек.
Төлем тапсырмасымен тауарлы және тауарсыз операциялар арқылы
есептесуді іске асырады. Тауарлы операциялар: шикізатты, құралдарды сату
және сатып алу, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындауы. Тауарсыз операцияларға
коммуналды мекемелермен, ғылыми-зерттеу т.б. ұйымдармен есептесулер
жатады.
Аккредитивтік түрі екі жағдайда қолданылады: келісім-шартпен
анықталған жағдайда; жеткізуші сатып алушыға, өндіріс-техникалық тағайындау
өнімдеріне және халықтық тұтыну тауарларын аударғанда.
Есептесудің аккредиттік түрінің ерекшелігі төлем құжаттарынын ақы төлеуі
жеткізушілердің тұрған орнында лезде өнім түскеннен кейін іске асырылады.
Аккредитив-бұл сатып алушы банктің бөлімшесінің, жеткізуші банк
бөлімшесіне әдейі аккредитивті шот ашуға тапсырмасы, жедел жеткізуші
төлеуге аккредитивтік арызда қарастырылған және арызда көрсетілген сомаға
сәйкес төлеуі. Акредитивтермен төлеуі жеткізуші банкісінде мерзім ішінде
толық аккредитивте немесе жартылай жеткізушілермен ұсынылған шот
тізімдеріне қарсы және көлік немесе тауарларды түсіруін куәландыратын
қабылдау-тапсыру құжаттар арқылы жүзеге асады.
Төлем талап - тапсырмалармен есеп айырысу. Есепетесудің бұл түрінде
құралдарды сатып алушыға қызмет көрсететін банкке есеп айырысатын құжатты
ұсынуы қажет. Бұл құжатта алушыға төлемді банк арқылы ТМҚ-ға белгілі
соманы алу, жасалған жұмыстар және көрсетілген қызметі үшін төлеушіге
қойылған талаптары көрсетілген. Төлем талап - тапсырмалармен төлеуі
акцеппен және акцепсіз жүзеге асырылады. Акцепт есеп айырысуда төлеушінің
төлемге келіскенін білдіреді. Төлеушінің акцепт шотынан толық сомада,
жеткізушілермен түсірілген өнім заңсыз, сапасыз, стандартсыз болған
жағдайда бас тартуға құқы бар. Жеткізушілермен баға, жеңілдіктер
бұзылғанда, тапсырыс берілмеген заттын бөлшегі түскенде, өнімдер сапасыз
болғанда т.б. жағдайларда акцептен жартылай бас тартуға болады.
Чектермен есеп айырысу. Шот иесіні қызмет көрсететін банкте чекте
көрсетілген соманы чек алушының шотына аударарда, жазбаша тапсырмасы есеп
айырысатын чек болып табылады. Есептесудің түрі қалалық есеп айырысуда
қолданады.
Мердігерлермен және тапсырыс берушілер арасында тұрақты,
шаруашылық қарым-қатынас орнаған уақытта өзара есептесе алады.
Бұл түрдің маңызы, тапсырыс беруші болашақ құрылыс өнімін келісіммен
анықталған мерзімінде тең сомамен төлейді.
Вексель – біржақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын
қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты..
Аударма және жай вексель болады.
Жай вексель (соло-вексель)- талап етуі бойынша немесе белгіленген
мерзімде келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға
төлейтіні туралы вексель ешқандай талқылауға жатпайтын міндеттемесінен
тұрады.
Аударма вексель (тратта)- вексель берушінің (трассанттың) үшінші
тұлғаға (трассатқа) бірінші вексель ұстаушыға (ремитентке) немесе оның
бұйрығы бойынша келешекте белгілі бір уақытта, не ұсынған кезде, вексельде
көрсетілген ақшаны төлейтіні туралы басқаша ешбір шарт қойылмайтындығы
туралы міндеттемесі.
Ақшасыз есептесудің қолдануы қолма-қол ақшаның қажеттілігін
қысқартады, ақша айналымының шығындарын төмендетеді, банктегі азат ақшалы
құралдарға көздеуіне жағдай жасайды, олардың сенімді сақтауын
қамсыздандырады.
1.3 Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысуды құжаттық
ресімдеудің ерекшеліктері
Жеткізушілерден материалдық құндылықтарлың түсуі, мердігерлердің
жұмыстар мен қызметтерді орындауы тапсырыс берушілер (сатып алушылар)
арасында жасалған шаруашылық келісім шарттары негізінде жүргізіледі.
Келісім шарттарда мыналар айтылады: жеткізілетін материалдық
құндылықтардың, атқарылатын жұмыстар мен қызметтердің түрлері, жеткізудің
коммерциялық талаптары, материалдық құндылықтардың немесе қызметтердің
сандық және құн көрсеткіштері, есептесу тәртібі (төлем шарттары).
Қазақстан аумағындағы ішкі қазақстандық жеткізушілер бойынша сатып
алушылар мен тапсырыс берушілер арасындағы есеп айырысу тәртібі Қазақстан
Республикасындағы қолма-қол ақшасыз есептесулер туралы ережеге сәйкес, ал
экспорттық-импорттық жеткізулер бойынша халықаралық есеп айырысу
ережелеріне сәйкес анықталады.
Қазақстандық жеткізушілердің ел ішіндегі келісім шарттары елімізде
қабылданған сатушылар мен сатып алушылардың тауарға қатысты заңды құқықтары
мен міндеттерін айқындайтын шарттар (дайындаушы франко-зауыт, аттандырушы
франко-станция, франко-вагон, белгілеуші франко-станция және тағы
басқалары) негізінде қалыптасады.
Экспорттық-импорттық жеткізу шартары Халықаралық сауда палатасы
белгілеген Иннотермо халықаралық сауда шарттары негізінде қалыптасады.
Бұл шарттарға сәйкес тауардың сатушыдан сатып алушыға тасымалдануын кімнің
ұйымдастыратыны және төлейтіні, осы жұмыстарды жүзеге асыру кезінде және
тауардың жойылуы немесе бүлінуі жағдайында кімнің тәуекел және
жауапкершілік алатыны нақты көрсетіледі. Материалдық құндылықтарды басқа
жақтан сатып алу тек екі жолмен ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Бірінші жолы
бойынша материалдық құндылықтарды басқа жақтан сатып алу үшін кәсіпорын
өзінің сенімді тұлғасын тағайындайды. Оған құндылықтарды алу және оларға
дереу төлем жүргізу құқығымен есепті түрде қолма-қол ақша беріледі, осы
арқылы ол кәсіпорындар арасында жеткізу шарты немесе жеткізушілер
басшысының бұрыштамасы бар кепілдеме хат түріндегі келісім негізінде
материалдық құндылықтарды ала алады (материалдық құндылықтарға алдын ала
төлем жүргізілді ме, жоқ па бәрібір). Мұндай жағдайларда материалдық
құндылықтарды жеткізу сатып алушы мен жеткізушінің географиялық орналасуына
тәуелсіз өзіндік жеткізу арқылы жүзеге асырылады.
Екінші жолы бойынша (жеткізушінің сатып алушыдан қашықтығы
жәненемесе жеткізулердің тұрақтылығы) жеткізулерді делдал – көлік
кәсіпорны іске асырады. Басқа жақтан материалдық құндылықтарды алу бойынша
қандай да бір операцияларды орындау үшін кәсіпорынның сенімді тұлғасына
(экспедиторға) сенімхат беріледі. Барлық сенімхаттар берілген сәтте-ақ
арнайы журналдарда тіркеледі. Сенімхатты тек бухгалтер ғана әрекет ету
мерзімін және алынуы мүмкін құндылықтардың атауларын көрсете отырып, нақты
жеке тұлғаға бере алады. Сенімхатта экспедитордың қолы болады, ол
бухгалтердің және басшының қолдарымен куәландырылылады да, кәсіпорын
мөрінің бедерлемесі соғылады.
Кәсіпорынға шикізаттың, материалдардың, құрал-жабдықтардың екінші
нұсқа бойынша түсуін темір жолмен, автомобиль жолдарымен, теңіз жолымен
және басқа да көлік түлерімен жүзеге асыруға болады. Делдал арқылы жеткізу
тек жеткізу туралы келісім-шарт болған жадайда ғана жүргізілуі мүмкін.
Мұндай жеткізулер үшін төлемді алдын ала төлем, аккредитив, шек, қолма-қол
ақша түрінде немесе бартерлік негізде материалдық құндылықтарды алған сәтке
дейін немесе кейін іске асыруға болады. Бұл шарт (келісім-шарт) талаптарына
байланысты.
Жүкті жіберушіден түскен сенімхат және түбіртектің ұсынылуы бойынша
экспедитор темір жолдың жүк бөлімінен, өзен портынан, әуежайдан жүкті
немесе тиісінше вагонды ашу, жүкті түсіру және қабылдау құқығын ала алады.
Экспедитор жүкті қабылдаған уақытта ыдыста немесе қорапта сыну,
бүліну белгілерінің бар-жоғын, сондай-ақ түсірілген жүк санының көлік
жүкқұжатында көрсетілген деректерге сәйкестігін тексеруі тиіс. Егер жүкті
қабылдау кезінде оның сақталуына күмән туындаса (мысалы, вагондардың,
контейнерлердің, қораптардың бүлінгендігі, пломбалардың немесе тағы
басқалардың жоқтығы анықталса), экспедитор жүктің сақталуын анықтау
мақсатында көлік ұйымының өкілімен (таразышымен) бірге тексеріс жүргізілуін
талап етуі қажет.
Шикізат пен материалдардың жетіспеуі, сыну, ыдыстың бүлінуі
анықталған жағдайда екі данада (біреуін экспедитор алып кетеді)
коммерциялық акт жасалады, ол көлік ұйымына наразылық беру үшін негіз болып
табылады. Ұйымның мекенжайына құжаттар жалғанған (акт, жүкқұжат, түбіртек
және тағы басқалары) және залал сомасының орнын толтыру туралы ұсыныс
жасалған наразылық хаты жолданады. Көлік ұйымдарына наразылық беру үшін
заңмен алты айлық мерзім белгіленген. Көлік ұйымдары мәселені үш ай ішінде
қарап, арыз берушіге өзінің шешімі туралы хабарлауға міндетті. Егер
наразылықтан бас тартылса немесе жауапсыз қалса, арыз берушінің бас тартуды
алған уақыттан немесе наразылық хатына жауап беру мерзімі өткен уақыттан
бастап екі ай мерзімде аралық сотқа талап түсіруге құқығы бар.
Келісім бойынша (төлем әдісін келіскеннен кейін) экспедитор жүкті
тиеу құжаттарымен (шот-фактурамен) бір уақытта тікелей жеткізушінің өзінен
ала алады. Экспедитор алынған жүкті ілеспе құжаттарымен бірге өз
кәсіпорнының қоймасына жеткізеді.
Автокөлікпен жеткізген жағдайда автошаруашылық жүргізушісі
жеткізушінің өкілі болып саналады және қоймашыға жүкпен бірге тауар-көлік
жүкқұжатының бір данасын тапсырады. Түсірілген жүкпен қатар сатып алушының
мекенжайына ілеспе құжаттар да түседі. Мұндай құжаттар болмаған кезде
(немесе жүк шарт талаптарын бұза отырып немесе белгіленуі бойынша түскен
жағдайда) жүк №002 баланстық шотына жауапты сақтауға қабылданады да, егер
деректемелері болса, ол туралы жіберушіге хабарланады. Жауапты сақтауға
қабылданған материалдар жабдықтаушыдан материалдарды қайтару туралы, оларды
басқа мекенжайға жіберу немесе сол жерде сату туралы құжаттар немесе өкім
түскенше осы шотта есепте болады.
Жеткізушілермен мен сатып алушылар шарт талаптарын орындамағаны
немесе бұзғаны үшін, есептесу құжаттары төлемінің кешіктірілуі және
негізсіз бас тарту үшін тұрақсыздық төлемі, айыппұл және өсімақы түрінде
өзара материалдық жауапкершілік алады.
Төлемге және жеткізуге тәуелсіз түрде материалдық құндылықтарды
кіріске алу тәртібі нақты талаптарға жауап беруі тиіс. Жеткізушілерден
материалдық құндылықтарды алудың кез келген нұсқасында және жеткізудің кез
келген түрінде осы талаптар кіріске алатын қоймашыларға қойылады. Қоймадағы
қабылдау ілеспе құжаттардың деректеріне сәйкестігін анықтау мақсатында
тікелей есептеу, өлшеу, шамалау және сырттай қарау әдісімен жүргізіледі.
Түскен материалдардың саны мен сапасы ілеспе құжаттар деректеріне сәйкес
келмеген жағдайда қабылдау актісі жасалады. Актіні кәсіпорын басшысы
тағайындаған арнайы комиссия мүшелері, қоймашы және жеткізушінің өкілі
жасап, оған қолдарын қояды. Бұдан әрі актінің негізінде жеткізушіге тиісті
наразылықты ұсынуға болады. Егер құжаттардан ешқандай алшақтық байқалмаса,
қоймашы екі данада кіріс ордерін немесе қабылдау фактурасын жасайды.
Қоймашы кіріс ордерлерін жазып отырудың орнына ілеспе құжатқа (егер ол 2
данада келсе) алғанын куәландыратын мөртабан қоя алады.
Экспедитор қоймаға жеткізілген материалдық құндылықтар бойынша
қоймашының оларды қабылдау жөніндегі белгісі бар барлық құжаттарды өзіне
берілген сенімхатты есептен шығару үшін бухгалтерияға тапсырады. Алынған
қолма-қол қаражатқа есеп беру үшін экспедитор материалдық құндылықтарды
сатып алу фактісін (шектер, шот-фактуралар), оларды қоймаға тапсыру
фактісін (қабылдау фактурасы, кіріс ордері) немесе өндіріске беру фактісін
(талап) растайтын құжаттарды қоса жалғай отырып, аванстық есеп құрастырады.
Материалдық құндылықтар қоймаларда материалдық жауапкершілік туралы шарт
жасасқан материалдық жауапты тұлғалардың бақылауында сақталады.
Қоймалардағы материалдар олардың әрқайсысының жекелеген атауына ашылатын
қойма есебінің кәртішкелерінде есепке алынады. Кәртішкелерде материалдың
атауы, номенклатуралық нөмірі, көлемі, сұрыбы, сақтау орны, өлшем бірлігі,
есепке алынған бағасы, баланс шоты, қор нормасы және басқа да деректер
ескеріледі.

талдау есебі
Жеке кәсiпкерлер мен ұйымдар бастапқы құжаттарды, қағаз және (немесе)
электрондық жеткiзгiштердегi бухгалтерлiк есеп тiркелiмдерiн, қаржылық
есептiлiктi, есеп саясатын, есепке алу деректерiн электрондық өңдеу
бағдарламаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген кезең
iшiнде сақтауға мiндеттi. Бастапқы құжаттар мен бухгалтерлiк есеп
тiркелiмдерiнiң мазмұны коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат болып
табылады, оларға қол жеткiзуге басшылықтың немесе жеке кәсiпкердiң рұқсаты
бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына ғана рұқсат етiледi. Аталған
құжаттарға қол жеткiзе алатын адамдар ондағы ақпаратты олардың иесiнiң
келiсiмiнсiз жария етпеуге мiндеттi және оны жеке мүддесi үшiн пайдалануға
құқығы жоқ. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратқа қол жеткiзе алатын
адамдар оны жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жауапты болады.
Кез-келген аналитикалық есеп обьектiсiн субконто деп атайды: негiзгi
құралдар, материалдық емес активтер, материалдар, ұйымдар, есеп берушi
тұлғалар және т.б. Бiр тектi обьектiлердiң аналитикалық есепбін субконто
түрi деп аталады. Мысалы: 1С:Бухгалтерия жүйесiнде сатып алушы мен тапсырыс
берушiнiң тiзiмi “ұйымның” “субконто түрi” деп атайды. Кез-келген
ұйымдарда бұл тiзiм “субконто” деп аталауы қажет. Нақты шот бойынша
аналитикалық есептi жүргiзу шот жоспарында берiлген субконта
сипаттамаларымен анықталынады.
Бiр шот үшiн, аналитикалық есеп бiрнеше субконта түрлерi бойынша
жүргiзiлiу мүмкiн. Бiрнеше түрдегi субконтада негiздлген аналитикалық
есептiң көп өлшемдерi деп аталады. Бiр жағынан аналитикалық есеп көп
деңгейлi де болуы мүмкiн, егер субконто шоттарының бiрi көп деңгейлi
анықтамалылық болса. Мысалы: Кәсiпорын тауарды есепке алу барысында
жекеленген тауарлар сонымен бiрге топтың тауарлар бойынша ақпарат қажет
етедi. Бұл жағдайда “Тауарлар” анықтамалығы көп деңгейлi құрылым болып
табылады. Шоттар бойынша сандық есеп жүргiзiлуi мүмкiн. Сандық есептiң өзi
конфигурация кезеңiнде берiледi.
Нақты шот бойынша сандық есеп жүргiзiледi, егер оған шот жоспардан
сәйкес жағдайға байланысты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz