Жеткіншек жастағы балалардың қиял ерекшеліктері


ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Жеткіншек жастағы балалардың қиял даму деңгейін анықтау
1. 1 Қиял туралы жалпы түсінік 4
1. 2 Қиял түрлері және негізгі қызметтері 4
1. 3 Қиял бейнелерінің жасалу жолдары және дара айырмашылықтары 10
2. Жеткіншек жастағы балалардың қиял ерекшеліктері
2. 1 Жеткіншек жастағы балалардың қиялы және дамыту жолдары 13
3. Жеткіншек жастағы балалардың қиял ерекшеліктерін тәжірибелік зерттеу
3. 1 Зерттеу әдістемелерді ұйымдастыру және нәтижелерін талдау 18
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер 25
Қосымшалар 26
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі: Осы ғылыми жұмыстың негізгі мәні, қазіргі заманауи мәдени-қоғам ортадағы үздіксіз реформалау кезінде, жан-жақты ойлау, кездескен мәселелерді шығармашыл шешу жеткіншек жастағы балалардың қиялдарының даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесі маңызды рөл атқарады.
Шығармашылық ойлау қабілеті қалыптасқан адам кездескен мәселелерді тез арада және көп уақытты қажет етпей шешеді, өз алдына жаңа мақсаттар қояды, яғни қоғамда кездесетін мәселелерді шешуге өзара тиімді іс-әрекет қалыптастыру.
Тұлғаның шығармашылық және өзін-өзі дамыту балалық шақ кезеңінен басталады. Қиял мәселелері туралы зерттеу кеңестік психологиялық маңызды рөл атқарады. Қиял және шығармашылық ойлау туралы үлкен үлес қосқандар: Б. М. Теплов, С. Л. Рубинштейн, Б. Д. Ананьев, Н. С. Лейтес, В. А. Крутецкий, А. Г. Ковалев, К. К. Платонов, А. М. Матюшкин, В. Д. Шадриков, Ю. Д. Бабаева, В. Н. Дружинин, И. И. Ильясов, В. И. Панов, И. В. Калиш, М. А. Холодная, Н. Б. Шумакова, В. С. Юркевич және т. б.
Зерттеу объектісі: жеткіншнк жастағы балалардың қиял ерекшеліктері
Зертте пәні: жеткіншек жастағы балалардың қиял даму деңгейін анықтау
Зертеу мақсаты: жеткіншек жастағы балалардың қиялдарынның даму деңгейлерін анықтау
Зерттеу міндеттері: зертеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді талдау; жеткіншек жастағылардың қиялдың даму заңдылықтарын психологиялық-педагогикалық негізде зерттеу; жеткіншек жастағы балалардың қиял даму ерекшеліктеріне эксперименттік зерттеу жүргізу; алынған диагногстикаклық нәтижелерге талдау жасау және қорытынды шығару.
Зерттеу болжамы: жеткіншек жастағы балалардың қиялы шығармашылық қабілепен ұштасқан жағдайда дамиды
Зерттеу базасы: Семей қаласындағы №31 жалпы білім беретін орта мектеп
Ғылыми - зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, іс - тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1. 1Қиял туралы жалпы түсінік
Қиял қабылдау үдерісін өткен тәжірибе элементтерімен, адамның жеке басы толғаныстарымен толықтырып, қорыту, сезім байланысы, түйсік және елестер есебінен өткен мен бүгінгіні жаңалай өзгертіп барады.
Қиял - ес бейнелерін қайта құрастыру мен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі - ақпараттық жобаға түсіру қызметін атқарады .
Қиял арқылы адам келешекті болжайды, өз әрекет-қылығын реттейді, болмысты шығармашылықпен қайта жасайды.
Ой үдерісінің әр қадамы өз ішіне қиял элементтерін қамтиды, сонымен бірге қабылдаудың біртұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қиял бағыттауымен тұлға болашақтық шексіз кеңістігінде ой сайранына шығады, өткен тарих тұңқиығы суреттемелерін қайта құрастырып, бүгінгі ұрпақ назарына ұсынады.
- 1. 2Қиялдың негізгі қызметтері:
- Мақсат пайымдау - іс-әрекеттің болашақ нәтижесі қиялда жасалып, ол тек субъект санасында ғана орын тебеді әрі сол субъект белсенділігін ниеттелгенді қолға түсіру бағытында жетелейді.
- Көрегендік (антиципация) - өткен тәжірибе элементтерін қорыту және сол элементтер арасындағы себепті-салдарлы байланыстарды анықтау арқылы болашақты (ұнамды не кері салдарын, ықпалдасты әрекеттер мен жағдай мазмұнын) жобалау.
- Құрастыру және жоспарлау - қабылдау және өткен тәжірибе элементтерін саналық талдау-біріктіру әрекеттерінің нәтижелерімен салыстырып (сәйкестендіру) негізінде ниеттелген болашақ бейнесін жасау.
- Болмыс олқылығын толтыру - кейде адам өзінің шынайы әрекет жасау мүмкіндігінен айрылады не қоршаған орта ықпалымен болмыстан ажыралады. Мұндай жағдайда адам өз қиялының күшімен қолы, қадамы жетпеген аймаққа өтіп, қияли әрекетке кірісіп, шынайы болмыста істей алмаған іс-әрекет орнын қиялдық әрекетпен толтырады.
- Бөгде адамның ішкі жан дүниесіне ену - суреттеме не баян түзу негізінде қиял басқа адам толғанысын жасауға қабілетті, сол арқылы оның ішкі көңіл-күй әлемін тануға мүмкіндік береді. Қиялдың бұл қызметі адамдар арасында түсіністік пен тұлғааралық қатынастар жасаудың құралына айналады.
Сонымен, қиял адам іс-әрекеті мен оның тіршілігінің, әлеуметтік қарым-қатынасы мен танымының ажыралмас бөлігі есептеледі.
- Қиял формаларының баршасын екі үлкен топқа келтіруге болады:
- ырықсыз - адам мақсаты мен ниетіне тәуелсіз, сана жұмысымен басқарылмайтын қиял. Мұндай қиял сана белсенділігі кемігенде не оның жұмыс әрекеті бұзылысқа түскенде пайда болады;
- ырықты - шығармашыл ойға не іс-әрекет міндеттеріне бағындырылып, сана басқарымында болатын қиял түрі.
- Бірінші топқа түс көру кіреді. Түс бейнелері астар сана қатысуымен не бас миы қабығының жеке бөлімшелерінің қалдық белсенділігімен байланысты туындайды.
Қиял түрлері. Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.
Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мүндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бүл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді. Екінші сигнал жүйесінің қызметі толық тежелуге үшырайтындықтан, адамның ойлау қабілеті өте төмен болады. Сөздік сигаалдардың әсер етпеуі мида кездейсоқ образдардың пайда болуына жағдай жасайды да, соның нәтижесінде түске қайдағы «кереметтер» кіреді. И. М. Сеченов осындай түстерді «болған әсерлердің болып көрмеген қиысулары» деп сипаттаған. Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады.
Үйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан қүралған. Бұлардың негізі - адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. үйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ. Мәселен, ми клеткаларына көшедегі транспорттың тарсылы да, ағаш жапырағының сылдыры да, иттің шәуілдеп үргені де, есіктің ашылып-жабылуы да әсер етіп отырады. Тіпті организмнің ішкі мүшелерінің (жүрек, өкпе, асқазан т. б. ) жүмысына бір жайсыздық түссе, бүл да адамның түсіне қай-қайдағы бірдеңелерді кіргізеді. Мәселен, үйқыдағы адамның жүрегіне бір салмақ түссе, оның жүрегі қатты соға бастайды. Осыған орай адам мынадай түс көреді. Өзін қуған біреуден қашады, бүдан ол ентігіп, булығады да.
Түс көрудің мазмұны адамның, көбінесе, қызығуына, талғамына орайлас келіп отыратындығы да шындықпен жанасымды факт. «Егер иттің түсіне сүйек кірсе, саудагердің түсіне ақша кіреді» деген мақал да біздің осы пікірімізді қуаттайды. Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б. ) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бүрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді. «Барлық адамдардың түсі, -деп жазды И. П. Павлов, - бірінші сигналдардың бейнелі, нақты және эмоциялық түрде жандануы».
Шығармашылық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады.
Творчестволық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Құнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Шығармашылық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К. С. Станиславский: «Артистің көкірегінде өзі бейнелеп түрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді», - дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга Книппер - Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бүл - шығармашылық қиялы өте бай адамның қолынан келетін касиет.
Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін «көреді», олардың мінез-құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға үқсататындығы соншалық, - өз жеңім де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен.
Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала орасан зор жүмыстар істей білуге қабілеттілік (мәселен, Л. Толстойдың айтуынша, «Соғыс және бейбітшілік» романын жазу үшін жинаған материалдары «бүкіл бір кітапхана» болған) адамның творчестволық қиялының самғауына күшті әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. Абай мүны өте дүрыс көре білген.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп- тегіс жүмыр келсін айналасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар тандамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?
Бүл өлеңіне Абай «қиыннан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» секілді сөз тіркестері арқылы өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың психологиясын, олардың творчестволық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр.
Ғалым үшін де шығармашылық қиял аса қажет. Шығармашылық қиял ғалымның шығармашылық ойына аса қажетті материал береді. Мәселен, ғылыми жорамал жасағанда, эксперимент жүмысын үйымдастырғанда, тапқан жаңалықтарды тексеріп сынауда ғалым өз қиялына үнемі сүйеніп отырады. Бірақ нағыз ғылыми жүмыс көп еңбектенуді қажет етеді, ол еріккеннің ермегі емес, ғы-лымның жолы ауыр. Қажымай, өнімді еңбек ете білушілік, шыдамдылық, іске мейлінше берілушілік - нағыз ғалымға тән қасиеттер. К. Маркс айтқандай, ғылымның «сәулетті шыңына шаршап-шалдығудан қорықпайтын, оның тасты соқпақтарымен тырмысып өрлей беретін адам ғана шыға алады».
Шығармашылық қиял әрекеттің кез-келген саласында орын алып отырады. Қоғамға пайда келтіретін нәтижелі еңбекте шығармашылық қиялдың болмауы мүмкін емес. Қиялдың бүл түрі, әсіресе, мүғалімдік қызметте ерекше орын алады. А. С. Макаренко айтқандай: «жеке адамның келешегін жобалауда» мүғалім творчестволық қиялсыз әрекет етсе, жақсы нәтижеге ие бола алмас еді.
Актив қиялдың ерекше бір түрі - арман . Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның шығармашылық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман шығармашылық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол шығармашылық қиялдың бірінші дайындық сатысы.
Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.
Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840-1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бүл келешектің қиялы болмай, бос лағу, қүрғақ қиял болар еді. Мәселен, А. И. Куприннің «Жекпе-жек» повесіндегі подполковник Ромашовтың қиялы дәл осындай, сүреңсіз, қүрғақ қиял: «Ромашов өзінің бүл дүниеде өмір сүргеніне қапаланатын. Ол офицерлердің өктемдігінен қорланатын, солдаттардың қорғалақтаған кейпін, бастықтардың ақырып-жекірген жүзін көргенде, жаны түршігетін. Тек қайдағы бір жоқ қиял басын айналдыратын кезде ғана оның жаны біраз тыншитын. «Түк те емес! Өмір әлі алдымда!» деді ішінен Ромашов, сүйтті де өз ойына масаттанған ол аяғын нығырақ басып, кеудесін кере дем алып, ілгері қарай жүріп кетті. Ерегістіргенде ертеңнен бастап кітапқа отырамын да, дайындалып академияға түсемін. Еңбек! О, еңбек етсең ойың алғаныңа қолың жетеді, тек өзіңе-өзің берік болсаң болғаны. Күні-түні жаттаймын демей, жынданған адамша жаттаймын. Жұрт ойламаған жерден емтиханды' үздік тапсырамын. Сонда жұрттың бәрі- ақ: «таң қалатын несі бар бұған? Мұның өнері осындай болатынын күні бүрын-ақ білгеміз. Өте қабілетті, сүйкімді, өнерлі жас жігіт емес пе?» - дер. Ромашов қолма-қол өзін бас штабтың келешегі мол, оқымысты офицерімін деп санады, оның аты академиядағы алтын тақтаға жазылған. Профессорлар оның келешегі зор деп үмттенеді, академияда қалуды ұсынады, жоқ, ол қалғысы келмейді, ол стройға бармақшы . Ротаға командашы болу мерзімін бітіруі керек, әрине, өз полкына баратынына да сөз жоқ- Міне, ол полкқа кедді - тамаша, кішіпейіл, ақ жарқьш, сүйкімді, әдепті, өткен жылдағы маневрде бас штабтан келген, болмаса суретген көрген офицерлерге үқсайды . . .
Бас штабтың жанып түрған офицері Ромашов қызмет бабымен біртіндеп өрлей береді. Подпоручикгің қиялында маневрлер көрінеді, ереуіддерді басуға қатысады, соғыстағы ерлік істері елестейді . . . «үйіне қалай келіп қалғанын өзі де сезбей қалды, қызу қиялдан есін жинап алып, өзіне таныс қақпаға, сиректеу өскен жеміс бақшасына, оның ар жағыңда, бақшаның түкпіріңде түрған кішкене ақ үйге таң қала қарады:
-Адмның басына неше түрлі ой келе береді екен-ау!- деді ол, өзіне-әзі үялғандай сыбырлап. Мойнын созып, кеудесін керіп, иығын көтеріп келе жатқан бетте, басын мойнына тыға қойды» .
Осы үзіндіде енжар селсоқ адамның психологиясы өте шебер суреттелгең. Мүндай адам жарқын болашақ үшін күреспейді, тек мойнына су кеткен кісідей мүлгіп отырады да кояды. Қиыны да, қызығы да мол өмір ондайларды қызықтырмайды, олар күрес ауыртпалықтарын, қайғы-қасірет дегендерді білмейді, қиялдағысын тілегі орындалғанға үқсатып жүре береді. Ромашов секілді адамдарды «күрғақ қиялдаушылар» деп атайды.
Әрбір адамға алдындағы жарқын болашағына байланысты армандай білу қажет. Мақсатқа сай дүрыс армандай алу адамға зор қуат беріп, іске талпындырады. Сондықтан да халық: «Арманы жоқ жігһтің дәрмені жоқ» деп өте тауып айтқан.
Сана жұмысының бұзылысы қиялдық сандырақ формасына себепші болады. Сандырақты қалыпта пайда болатын қиял бейнелері, әдетте, кері, болымсыз эмоционалды сипатқа ие. Кейбір улағыш және наркотик заттар әсерінен галлюцинациялар көрініс береді. Бұл сана бақылауының жетімсіздігінен қияли өзгеріске түскен болмыстың шындыққа жанаспайтын психикалық бейнесі ретінде қабылдануы. 5 Қиялдың ырықты және ырықсыз формалары ортасында асқақ арман (грезы) өз ерекшелігімен назар аударады. Бұл психикалық құбылыс туындау мезетіне орай ырықсыз қиялға жақын; себебі ол сана белсенділігі төмендеп, адам ағзасы босаңсыған не мүлгу шағында пайда болады.
Ал ырықты қиялға ұқсастығы ниет болуына және адамның өз қалауымен бұл үдерісті басқара алу мүмкіндігіне негізделген. Асқақ арман әрдайым ұнамды да болымды сипатқа ие. Адам әрқашан тәтті өмір мен шуақты сәтті аңсайды, асқақ арман тұтады.
Екінші топқа біріккен қиял түрлері: фантазиялар, өсек-аяң, ересектердің ғылыми, көркем өнер, техникалық шығармашылығы, балалар шығармашылығы, арман және т. б.
Фантазия - жадтан тоқылған, болмыстан алшақ бейнелер құрылымы (әпсана, миф, ертегі, әлемнің Жерден тыс бөліктерінің қияли суреттемелері) . Фантазия бейнелері бұрыннан бар тәжірибе элементтерінің жаңа бірігімін жасауға, түсініксіз құбылыстардың бейнелі түсіндірмесін табуға, ақпарат олқылығын толтыруға пайдаланылады.
Арман - ойдағы ниетті болашақ бейнесі. Қиял әрекеттік көрінісі тұрғысынан енжар (пассив - асқақ арман (грезы), негізсіз арман) және белсенді (актив) болып екіге бөлінеді. Белсенді қиял өз кезегінде қайта жасаушы (зат бейнесі берілген) және шығармашыл (жоспарлы ойға сәйкес іріктелген материал бойынша жаңа бейне жасау) түрлерге ажыралады.
Қиялдың жетекші сипаттары: жарқындығы, анықтығы, шынайылылығы, бақылауға келетіндігі, бейне белсенділігінің дәрежесі
1. 3 Қиял бейнелерінің жасалу жолдары
Қиял түрлі елестеулердің өзгеріп, өнделуінің арқасында жасалып отырады. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютинация , схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (образдың типтік басты белгілерін жасау) тәсілдері жиі кодданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агпютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялык, бейнелср (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түрлі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия - танк, судан өте алатын жеңіл танк, аэрошана - суға қонып, үша алатын самолет) қүрастырылады.
Агглютинация әдісі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ, Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерінен үлкен орын алған.
Кдял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі - гипербола .
Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетілуін айтады. Сөйткенде образ ашық, мәнерлі болып шығады, гиперболада белгілі бір бсйнелердің алға шығып айқын байқалуына жағдай жасалады. Ертегілерді, киял-ғажайып бейнелсрді жасауда гипербола көп коллапылады. Мәселен, Д. Свифтің «Гулливердіц саяхатындағы» ергежейлілердің, В. Маяковскийдің «15» поэмасындағы капиталистердің көсемі В. Вильсонныц бейнелері гипербола әдісімен жасалған. Мүнда, сондай-ақ, түтас заттың жекс бөліктерінің саны озгертілсді, олардың орны ауыстырылады. Мәселен, үнді мифологиясындагы көп қолды күдайлар мен жегі басты айдаһардыц бейнелері осылайша қүрастырылған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалынады. Егер затгардың айырмашылықтарын ескермей, оның үқсастықтарына көбірек көңіл белінетін болса, схематизация әдісі қолданылады. Сурет өсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.
Қиял образдарының күрделі түрі - типтік образдар жасау. Типтік образдар жасауда бірінші орында нақты адамның ортақ бейнелері көзге түседі: «Бір жүмысшының, поптың, дүкенші саудагердің портретін дүрыс суреттеп жазу үш жүз, екі жүз шамалы поп, жүмысшы, саудагерлерді қадағалап қарауымыз керек», - дейді М. Горький. Типтік образдар жасау дегеніміз түтас бірқатар объектілердің барлығына бірдей, ортақ белгілері бар бір образ жасап, жанастыру. Жазушының осылайша жасаған типтік образы бір жағынан жеке адамның даралық ерекшеліктерін білдіретін образ больш та есептелінеді. Мәселеы, «Абай» романындағы Қүнанбай образы сол кездегі үстем тап өкілдерінің жай ғана жиынтығы емес, сонымен қатар, ол өзіндік психологиялық касиеттері бар жеке адамның да образы. Осы әдістер арқылы айтарлықтай маңызды творчестволық қиял образдарын үнемі туғызу қиын. Мәселең, агглютинацияда жеке фактілерді зертгеу, жинақтау, мәселелердің түпкі ниетін көздеу дегендер жетіспей жатады. Сондықтан да творчестволық қиялдың жоғары формаларында ғылыми-техникалық көркем әдебиет т. б. онша көп қолданылмайды. Творчестволық әрекетте адамдар көбінесе интуицияға жүгініп отырады.
- Қиялдағы дара айырмашылықтар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz