Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

vvМАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға құқықтық сипаттама . . .

1. 1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және оның түрлері . .

1. 2 Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар . . .

1. 3 Ақша-несие саласындағы кейбір қылмыстар . . .

2 Заңсыз кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық

2. 1 Заңсыз кәсіпкерліктің тарихы мен бүгінгі күні

2. 2 Кәсіпкерлік туралы түсінік және оның құқықтық реттелуі

2. 3 Заңсыз кәсіпкерліктің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектiлiгi . Қазақ мемлекетi тарихы тұсында алғаш рет 1991-жылы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы» Конституциялық заңы қабылданып, оның кiрiспесiнде бiздiң елiмiздiң мемлекеттiк тәуелсiздiгi бүкiл әлемге салтанатты түрде жарияланды. Ендiгi жерде тоталитарлық режимге экономика, саясат пен идеологияның жалпы тәуелдiгiне еш уақытта қайта оралмауға серт етiлдi.

Бүкiл халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғам, мемлекет және азаматтардың негiзгi қағидалары мен өмiрлiк қызмет бағыттарын бекiттi. Оның алғашқы бабы, Қазақстан өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратыны; ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары екенiн жария еттi[1] .

Қазақстан халқына 2012 жылдың 27 қаңтарында ел Президентi Н. Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында Қазақстан тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына батыл қадам басты. Жаңа құрамдағы Парламент пен жаңарған Үкімет өз жұмысына кірісті. Өткен 2011 жылы ел экономикасы 7, 5 процентке өсті. Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 11 мың доллардан асты. Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Болжанған жаһандық дағдарыс қаупі шындыққа айналып келе жатқанын көріп отырсыздар. Сарапшылардың пікірінше, жаңа әлемдік дағдарыс бес-алты жылға созылуы мүмкін. Біздің міндетіміз - экономиканы осы сынаққа дайындау, оны әртараптандыруды жалғастыру болып табылады. Біз 2015 жылға қарай табысы жоғары елдердің қатарына қосылуды көздеп отырған елміз. Бірлігімізді сақтап, осылай еңбек ететін болсақ, ол мақсатқа да жететін боламыз [2] .

Осыған орай қоғамымыздағы өзгерiстерге сәйкес мемлекеттiк таразаланған саясатымен қолдау табатын рухани атмосфераны қалыптастыру маңызды.

Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтардың қылмыстардан тұрақты өсу тенденциясы қоғамдағы табиғи - саяси климатқа терiс әсер етедi, адамдар ертеңгi күнге сенiмсiздiк тудырады.

Соңғы жылдары республикамыздағы қылмыстардың жалпы саны төмендегiдей көрiнедi.

2004 ж. - 150790, 2005 ж. - 152168, 2006 - 135151, 2007 ж. - 118485, 2008 ж. - 143550, 2009-146347, 2010ж. -141082, 2011ж. -185252.

Жоғарыда келтiрiлген нақты тiркелген көрсеткiштерден қылмыстылық санының соңғы жылдары екi есеге өсiп отырғандығын байқаймыз. Жалпы қылмыстылықтың қатарында экономикалық қылмыстар елеулi орын салады: 2004ж. -15609, 2005ж. -14741, 2006ж. - 15099, 2007ж. - 12687, 2008ж. -10032, 2009ж. - 8832, 2010ж. - 8178, 2011ж. - 8199[3] .

Берілген көрсеткіштерден экономикалық қылмыстардың соңғы жылдары азайғандығы байқалады. Алайда, экономикалық қылмыстылыққа латтентілік тән құбылыс.

Экономикалық қылмыстарың ерекше «ядросы» банктiк қылмыстар болып табылады. Себебi қаржы саласы нарықтық экономиканың иiнi. Соңғы жылдары жалпы мемлекеттiк дәрежеде экономикалық, әсiресе банк қызметi саласындағы жұмыстар мен күрес жалпы экономикалық қылмыстылықпен күресудiң негiзгi бағыты болып табылады.

Банктiк қылмыстардың қауiптiлiгi ұлттық байлықтың шетелге кетуiмен тағыз байланысты. Үш жылдың өзiнде (2007 - 2010) несиенi заңсыз және мақсатсыз пайдаланудан банкке 20 есе шығын келген. 2007 жылы 3 млрд. теңгеден 2010 жылы 80 млрд. теңгеге дейiн несие қайтарылмаған. Бұл қаражаттың елеулi бөлiгi шетелге өткен. Банктiк қызметтегi қылмыстардың қоғамға қауiптiлiгiн тек экономикалық шығындармен ғана өлшеуге болмайды. Оның әлеуметтiк - псхологиялық және рухани зардаптары бар түрлi әлеуметтiк топ иелерi өз араларында негiзсiз бөлiнуiне және тәуелдiгiне алып келуде. Банктiк қызмет саласында түрлi қылмыстық (криминалды) бiрлестiктердiң арасында заңсыз баюға байланысты кектi соғыс болуды. Бұл әрекеттер адамдардың өмiрi, денсаулығы, бастандығына қарсы, отбасы мүшелелерi мен туыстарына қарсы қылмыстарға жалғасуда. 2007 - 2010 жылдарда банк ұйымындағы жауапты қызметшiлер мен басшылардың өмiрiне қол сұққан 100- ден аса қылмыстар құқық қорғау органдарымен тiркелген. Сондықтан да банк қылмыстардан қазiргi кезде жәбiр көретiндер өте көп деуге негiз бар.

Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше, экономикалық қылмыстардың өсу себебiне мыналар жатады: әкiмшiлiк - бюрократиялық механизiмдердiң етек алуы, жемқорлықтың өсуi, қос моральдық, жоғары билеушi эшелондардың қылмысқа қатысуы, екi жақты заңдылық, яғни заң алдында шын мәнiсiнде азамат пен басшылардың теңдiгi, жұмыс нәтижесiне шын қызығушылықтың болмауы.

Бүгiнгi таңда экономикалық қызметтегі қылмыстылықтың алдын алу тұтас зерттелiп болмағанын айтпай кете алмаймыз. Жалпы және арнайы әлеуметтiк, сондай - ақ қылмыстық құқықтық шараларды сәйкестендiру, экономикалық қылмыстық істерді ашуда, тиімдеу арқылы экономика саласындағы қылмыстардың алдын алуды тиiмдi ұйымдастыруға болады. Ол ел экономикасын қорғау және дамытудың, қаржы-несие қызметiн дұрыс қамтамасыз етудiң басты алғышарттары болмақ.

Осы дипломдық жұмыстың объектісі ретінде экономикалық қылмыстар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге арналған жедел-іздестіру бөлімдерінің, тергеу органдарының заңсыз кәсіпкерлікті болдырмау, тергеу және ашу теориясы мен тәжірибесі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - заңсыз кәсіпкерліктің қылмыстық-құқықтық сипаттамасын зерттеу және осы қылмысты тергеу мен ашу әдістемелерін анықтау.

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

- заңсыз кәсіпкерліктің тарихы мен бүгінгі күні;

- заңсыз кәсіпкерліктің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы: оның субъектісі мен объектісі, заңсыз кәсіпкерліктің субъективті және объективті жақтарын қарастыру;

- кәсіпкерлік туралы түсінік;

- заңсыз кәсіпкерліктің алдын алу шараларының кешенін ұсыну.

Осы дипломдық жұмыстың теориялық негізі болып қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу мамандарының көптеген жұмыстары алынған болатын. Аталған қылмыстармен күресу мәселелері төменде көрсетілген ғалымдардың еңбектерінде зерттеліп, қарастырылған: Г. Д. Тленчиева, А. Н. Трайнин, А. Н. Кардана, Г. Л. Кригер, В. А. Владимиров, Б. В. Волженкин, А. Н. Ағыбаев, Р. Т. Нұртаев, У. С. Жекебаев, С. М. Рахметов, Е. И. Қайыржанов, Е. О. Алауханов, А. В Наумов, И. И. Рогов, Р. Н. Орымбаев және т. б.

Жұмыс үрдісінде жалпы - логикалық, заңды, статистикалық, әлеуметтiк және салыстырмалы құқықтық зерттеу әдiстерi қолданылады.

Дипломдық жұмыстың нормативтiк базасын Қазақстан Республикасы Конституциясы, ҚР қылмыстық кодексі, қаржы-несие саласындағы заңнамалар және басқа да экономикалық қызмет саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк актiлер құрайды.

Жұмыс нәтижелерiн экономикалық қылмыстармен күрес шараларын әрi қарай жетiлдiруге, қаржы-несие саласындағы тәжірибелік қызметтерді ұйымдастыру барысында қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кiрiспе, екi тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға қылмыстық құқықтық сипаттама

1. 1 Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және олардың түрі

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті өндіруге, бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.

Экономикалық қызмет саласындағы бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны-ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚК-тің 199-бабы, ) коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202, 205-бап), жалған ақша (206-бап), төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап) .

Қарастырылатын қылмыстың көбісінің обьективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есел ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар) .

Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол-заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда матриалдық құрам болады. Мысалы, ҚК-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222-баптарында көзделген қылмыстар.

ҚК-тің осы, қарастылырып отырған қылмыстардың бірқатар баптарында бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚК-тің 205, 218-баптары.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субьективтік жағынан, өздерінің әдейі, қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субьективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚК-тің 192, 193, 198, 204-баптары) .

Экономикалық кызмет саласындағы қылмыстардың субьектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субьектісі тек лауазымды адамдар (ҚК-тің баптары), банк қызметкерлері ғана (189, 202 -баптары) болады.

Тікелей субьектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:

1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: занды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189-бабы, ) заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), мәліме жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға тәжбүр ету (ҚК-тің 226-бабы) ;

2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және
мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194-бабы), несиелік берешекті өтуден әдейі жалтыру (195-бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы зағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207-бапы) ;

3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстары: акциздік алым
маркаларын қолдан жасау және пайдалану (208-бап), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222-бабы) ;

4) экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227-бабы) .

1. 2 Кәсіпкерлік және басқа да экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жөніндегі қылмыстың қауіптілігі сонда-заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау арқылы әрбір адамның кәсіпкерлік қызмет үшін өз мүмкіндіктері мен мүлкін еркін пайдалану құқығын шектейді, сондай-ақ экономикалық қызметті реттеу міндеті жүктелген мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының беделін түсіреді. Бұл қылмыс жасалғанда мемлекеттің кәсіпкерлік қызметіне еркіндік беретін және оны қорғап, оған қолдау көрсететін кепілдігі бұзылады, яғни Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 10-бабы 2-бөлігінің ережелері өрескел бұзылады.

Бұл қылмыста екі обьектіге қол сүғылады. Бұл талданып отырған қылмыстың негізі тікелей обьектілері экономикалық қызметті реттеумен байланысты қоғамдық қатынастарды құрайды, ал қосымша обьектісі-кәсіпкерлікпен және басқа да заң тыйым салмаған қызметпен айналысу құқығы. Бұл құқық Қазақстан Республикасының Конститциясында жарияланған, ал кәсіпкерлік қызметі Азаматтық кодекс, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет түрлерін қарастыратын бірқатар заңдар мен заңдық актілер реттейді. Атап айтқанда, олар-1990 жылғы 11 желтоқсандағы «Қазақ ССР-інде шаруашылық қызметтің бостандығын және кәсіпкерлікті дамыту туралы», 1992 жылғы 4 шілдедегі «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және оған қолдау көрсету туралы», 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы», 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Лицензиялау туралы», 1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктер туралы», 1995 жылғы 19 маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», 1991 жылғы 11 маусымдағы «Бәсекелестікті дамыту және монополиялық қызметті шектеу туралы» зандар.

Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау обьективтік жаққа жатады, ол мынадай формаларда болады: а) жеке кәсіпкердің құқығы мен заңды мүдделерін шектеу; б) ұйымдастыру-құқықтық формасына немесе меншік формасына байланысты коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу; в) жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне басқадай да заңсыз араласу. Мұндай іс-әрекеттерді жасағанда лауазымды адам кәсіпкердің (жеке немесе заңды тұлғаның) қызметіне толықтай кедергі жасайды немесе ол іс-әрекетін заңда белгіленген тәртіпке және шекте жартылай жүзеге асырады. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызмет аясын заңдар (ҚК-тің АК-інің 18- бабы және 35-бабының 1 1-бөлігі) негізінде ғана шектеуге жол берілді.

Кәсіпкерлік-меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен занды тұлғалардың, тарауларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі.

АК-тің 34-бабының 2-бөлігіне сәйкес коммерциялық ұйым мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі немесе өндірістік кооператив түріндегі заңды тұлғаны құра алады.

Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның құқықтарымен заңды мүдделерін шектегенде лауазымды адам тиісті шешім қабылдайды немесе занды кәсіпкерлік міндетке талап қою, нұсқау беру, тыйым салу, т. б. жолдармен араласады, олардың еркін іс-әрекет жасауына қиындық тудырады. Мұндай кедергілерге тіркеуден заңсыз бас тарту, тіркеуден жалтару, белгілі бір қызметті жүзеге асыруға арнайы рұқсат (лицензия) берудн заңсыз бас тарту, лицензия беруден жалтару жатады. Мысалы, заңды тұлғаның еншілес коммерциялық кәсіпорындар ашуына лауазымды адамның тыйым салуы, коммерциялық ұйымды тіркегенде заңда тыйым салынбаған кейбір қызметтерді жарғыдан алып тастауды талап етуі-кедергі жасағандық деп санауға болады. Шешімді өзі қабылдап, істі өзі жүргізу құқығы кәсіпкердің негізгі экономикалық құқығы болып табылады. Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның еркіндігіне шек келтіргенде осы құқықтарға елеулі нұқсан келеді. Еркіндікті шектеу коммерциялық ұйымды бірлесіп құруға мәжбүрлеу, бірлесіп құрған тізімінен нақты адамды шығарып тастауды талап ету, банкке аманат бермей несие алатын клиенттерді жүктеу, тауардың белгілі бір түрін өндіруге нұсқау беру, заңда тыйым салынбаған белгілі бір қызметпен айналысуға дәлелсіз тыйым салу формасында да болуы мүмкін. Еркіндікті шектеуге жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның өкілеттігін басқа адамға заңсыз беру, жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның өзінің заңды қабілетін және әрекет жасау қабілетін толық көлемде жүзеге асыруына кедергі келтіру де жатады.

Жеке кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның қызметіне заңсыз араласудың басқа тұрлеріне мыналар жатады-жоғарыда аталған қылмыстың іс-әрекеттерге жатпайтын түрде өз қызмет бабын пайдаланып лауазымды адамның қиянат жасауы немесе билігін асыра пайдалануы. Бұған-үй-жайларды, материалдық құралдарды заңсыз алу, банктегі есеке тыйым салу т. б.

Бұл қарастырылған қылмыста формальдық құрам бар, түсініктеме-берілген диспозициясында аталған әрекеттердің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) біреуі жасалған кезден бастап қылмыс аяқталған болып табылады.

Субьективтік жағы ондағы ниетпен сипатталады. Адам өз әрекетінің қоғамға қауіпті және заңға қайшы екендігін біледі, оны жасауға ұмтылады.

Қылмыс субьектісі-лауазымды адам болып табылады (ҚК-тің 307-бабының талдауын қара) .

190-бап. Заңсыз кәсіпкерлік. Заңсыз кәсіпкерлік қоғамға қауіптілігі сонда, мүны жасаудың нәтижесінде мемлекеттің экономикасына зиян келеді.

Бұл әрекеттің обьектісі-қалыпты экономикалық қызмет.

Азаматтар мен занды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өөтуі тиіс. Мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап азаматтың жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы бар. Заңды тұлғаларды тіркеу Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң күші бар Жарлығы негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар 1997 жылғы 17 маусымдағы «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы негізінде тіркеледі.

Кәсіпкердің лицензия алуды қажет ететін қызметпен айналысу құқығы сол лицензияны алған кезден бастап немесе онда көрсетілген мерзімде күшіне енеді, егер занда, өзге де құқықтық актілерде басқадай көрсетілмеген болса, мірзімі біткен соң лицензия күшін жояды.

Кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрін лицензиялау-тұтынушы мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, халыққа қызмет ету сапасын жақсарту, қала құрылысы, экология және санитария нормаларын сақтау мақсатында жасалынады. Егер:

тіркелмеген болса;

арнайы рұқсат (лицензия) қажет болып, бірақ ол болмаса;

лицензиялау шарты бұзылса кәсіпкерлік заңсыз деп танылады.

Бұл қылмыстың ұғымы болуы үшін заңсыз кәсіпкерлік азаматтарға, ұйымдарға немесе мемлекетке ірі зиян келтіруге, не ірі мөлшерде одан табыс табумен ұштасуға тиіс.

Азаматқа айлық көрсеткіштен жүз есе асатын сомаға зиян келсе, ол ірі зиян деп саналады (ҚК-тің 198-бабына ескертуді қара) .

Субьективтік жағынан қылмыс қасақана жасалынады. Айыпты адам кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз немесе арнайы рұқсат (лицензия) керек бола тұра онсыз жасап отырғанын немесе лицензиялау шартын бұзғандығы, өзінің іс әрекеті нәтижесінде азаматтарға, ұйымдарға не мемлекетке ірі зиян келуі мүмкін екендігін, не қалайда келетіндігін не өз іс-әрекетінің ірі мөлшердегі табыспен ұштасатынын біледі, сол қылмыстық салдардың болуын қалайда.

Бұл қарастырылып отырған қылмыстың субьектісі жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.

Заңсыз кәсіпкерлік-қылмыстың сараланған түрі деп сараланады, егер оны ұйымдасқан топ жасаса немесе ол ірі мөлшердегі табыспен ұштасса не оны заңсыз кәсіпкерлік немесе заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған адам жасаса.

Айлық есептік көрсеткіштен екі мың есе асатын табыс ерекше ірі мөлшердегі табыс деп саналады (ҚК-тің 190-бабына ескертуді қара) .

Егер адам бұрын ҚК-тің 190 немесе 191-бабымен сотталып және оынң сол қылмыс үшін соттылығы жойылмаған не алынбаған болса, ондай адам заңсыз банктік қызметі үшін бұрын сотталған деп танылады.

191-бап. Заңсыз банктік қызмет

191-бапта келтірілген қылмыстық-құқықтық норма заңсыз кәсіпкерлік (190-бап) үшін жауапкершілік жөніндегі жалпы нормамен салыстырғанда арнаулы норма болып табылады.

Заңсыз банктік қызметтің (191-бап) құрамы заңсыз кәсіпкерліктің (190-бап) жалпы құрамынан, тек сол заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асыратын сала бойынша ғана өзгеше.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың банктік қызметі міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiнің түсінігі мен ерекшеліктері
Тауар белгілерге қатысты құқықтарды қорғау
Зияткерлік меншік ретіндегі сауда белгілерінің халықаралық құқықтағы маңызды аспектісі (ҚР мысалында)
Заңсыз банктік қызмет
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТАРҒА ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМА
Қазақстандағы экономикалық қылмыспен күрес және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар жайында
Құрылысы жағынан қылмыс құрамы материалдық
Халықаралық патент сыныптамасы туралы Страсбург келісімі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар түсінігі және олардың түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz