Кәсіпорында ресурстарды материалдық - техникалық қамтамасыз етілуін жоспарлау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Тарау I Кәсіпорында материалды – техникалық қызмет көрсетуді
ұйымдастырудың экономикалық мәні
1. Кәсіпорында материалды – техникалық қамтамасыз ету мақсаттары мен
қызметтері
2. Материалды – техникалық қамтамасыз етудің құрылымы мен бөлімдерінің
міндеттері
Тарау II Кәсіпорынның материалды – техникалық қамсыздандыруға қызмет
көрсету шаруашылығын ұтымды ұйымдастыру
2.1. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының мақсаттары мен функциялары
2.2. Транспорттық шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру
принциптері
2.3. Кәсіпорынның құралдық және жөндеу шаруашылығының мақсаттары мен
функциялары және жетілдіру бағыттары
Тарау III Кәсіпорынның материалды – техникалық қамсыздандыруына
ҒТП – тің ықпал ету үрдісі
1. Кәсіпорынның материалды – техникалық қамсыздандыруына
ҒТП – тің ықпал етуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Кәсіпорындағы материалдық – техникалық қамтамасыз ету логистиканың
компоненті ретінде өндірістік менеджменттің жүйесін қамтамасыз ете отырып,
дайын өнім өндіруде жүйеге енуде сапасын анықтайды.
Материалдық – техникалық ресурстар құрамына: шикізаттар,
материалдар, комплектеуші бұйымдар, сатып алынатын технологиялық құрал –
жабдықтар және технологиялық (кесуші немесе есептеуші құрал), жаңа көлік
құралдары, жүк тиеу мен жүк түсіру жабдықтары, есептеуші техника және басқа
жабдықтар, сонымен қатар сатып алынатын жанар – жағар май, энергия, су т.б.
Басқа сөздермен айтқанда кәсіпорынға заттай немесе энергиялық түрде
түсіндіретін барлығы өндіріс материалдық – техникалық қамтамасыз ету
элементтері жатады.
Кәсіпорындағы материалдық – техникалық қамтамасыз етудің мақсаттары:

- кәсіпорын бөлімшелерін қажетті сапа және көлемде ресурс түрлерімен
қамтамасыз ету;
- ресустарды тиімді пайдалану - өндірісті еңбекті жақсарту, қор
қайырымдылығы, өнімді өндірудің ұзақтық циклын қысқарту, айналым
қорларының айналымдылығын азайту, қайталама ресурстарды толық
пайдалану, инвестицияның тиімділігін арттыру;
- өндірістің ұйымдастыру техникалық деңгейінің анализі және
шығарылатын өнімнің сапасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
қамтамасыз ету.
Материалды – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің құрылымы мынадай
блоктардан тұрады:
- ресурстарды жеткізу маркетингі;
- өндірісті ресурспен қамтамсыз етуді нормалау және жоспарлау;
- запастарды басқару;
- жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз ету;
- ресурстарды тиімді пайдалануды басқару;
Кәсіпорындағы материалды – техникалық ресурстар мен қамтамасыз
етудің нақты формасы: ресурстардың еркешілігін, оны алудың ұзақтығына,
ұсыныстардың санына, ресурс сапасы мен бағасына және басқа да факторларымен
анықталады. Кәсіпорынды ресурспен қамтамасыз ету формасын таңдауда
жеткізушінің сенімділігімен шығарылатын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін
ескеру қажет. Соңында жеткізушілермен келісім – шарт жасасқан да сандық
және сапалық көрсеткіштерді жеткізушінің нақты түрін, секцияларды және
басқаларды белгілеп алу керек.
Энергияның негізгі түрлері: электр энергиясы, жылылық және қаттылық,
сұйық және газ түрінде, химиялық энергия буы энергиясы және жылы су,
механикалық энергия.

Тарау I Кәсіпорында материалды – техникалық қызмет көрсетуді
ұйымдастырудың экономикалық мәні
1.1. Кәсіпорында материалды – техникалық қамтамасыз ету мақсаттары
мен қызметтері
Кәсіпорындағы материалдық – техникалық қамтамасыз ету логистиканың
компоненті ретінде өндірістік менеджменттің жүйесін қамтамасыз ете отырып,
дайын өнім өндіруде жүйеге ену сапасын анықтайды. Жүйеге енудің сапасы
төмен болуы салдарынан оны шығаруды жоғары сапаға қол жеткізе алмайды.
Кәсіпорында материалдық – техникалық қамтамасыз ету процесі бизнес –
жоспарына сәйкес өз уақытында материалды – техникалық ресурстарды қоймаға
немесе жұмыс орнына жеткізуге бағытталады.
Материалдық – техникалық ресурстар құрамына: шикізаттар,
материалдар, комплектеуші бұйымдар, сатып алынатын технологиялық құрал –
жабдықтар және технологиялық кесуші немесе есептеуші құрал, жаңа көлік
құралдары, жүк тиеу мен жүк түсіру жабдықтары, есептеуші техника және басқа
жабдықтар, сонымен қатар сатып алынатын жанар – жағар май, энергия, су т.б.
Басқа сөздермен айтқанда кәсіпорынға заттай немесе энергиялық түрде
түсіндіретін барлық өндіріс материалдық – техникалық қамтамасыз ету
элементтеріне жатады.
Кәсіпорындағы материалдық – техникалық қамтамасыз етудің мақсаттары:
- кәсіпорын бөлімшелерін қажетті сапа және көлемді ресурс түрлерімен
қамтамасыз ету;
- ресустарды тиімді пайдалану – өндірісті, еңбекті жақсарту, қор
қайырымдылығы, өнімді өндірудің ұзақтық циклын қысқарту, айналым
қорларының айналымдылығын азайту, қайталама ресурстарды толық
пайдалану, инвестицияның тиімділігін арттыру;
- өндірістің ұйымдастыру техникалық деңгейінің анализі, шығарылатын
өнімнің сапасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Осы аталған кәсіпорынның негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін
мынадай қызметтер атқару керек:
1. Белгілі бір ресурс түрі бойынша өткізу нарығына маркетингтік
зерттеулер жүргізу.
1. Белгілі бір ресурс түріне қажеттілікті нормалау.
2. Ресурстарды шығаруды азайту нормалары мен нормативтерін ұйымдастыру
және техникалық шараларын әзірлеу.
3. Материалдық – техникалық қамтамасыз ету каналдары мен формаларын іздеу.
4. Материалдық байланысты әзірлеу.
5. Кәсіпорында ресурстарды материалдық – техникалық қамтамасыз етілуін
жоспарлау.
6. Жеткізуді ұйымдастыру, ресурстарды сақтау және өндіріске дайындау.
7. Жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
8. Ресурстарды пайдалану есебімен бақылау.
9. Өндірісте алымдарды ұйымдастырумен қалдықтарды қайта өңдеу.
10. Ресурстарды тиімді пайдалану анализі.
11. Ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандыру.

1.2. Материалды – техникалық қамтамасыз етудің құрылымы мен бөлімдерінің
міндеттері
Материалды – техникалық қамтамасыз ету бөлімінің құрылымы мынадай
блоктардан тұрады:
- ресурстарды жеткізу маркетингі;
- өндірісті ресурспен қамтамсыз етуді нормалау және жоспарлау;
- запастарды басқару;
- жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз ету;
- ресурстарды тиімді пайдалануды басқару;
Әр бюро белгілі проблемамен объектіге жауап беретін топтардай тұруы
мүмкін. Мысалы: Маркетинг бюросын ресурстар топтарымен бөлуге болады.
(Құрал – жабдықтар, технологиялық қалдықтар, шикізат, материалдар,
комплектеуші құралдар), болмаса маркетинг зерттеулері мен (атқаратын
қамтамасыз ету топтары, жеткізушілердің иемденуші сипаттағы топтары,
жеткізушілермен олардың тауарларының бәсекеге қабілеттілігін оқыту топтары,
бағалар, қоғаммен байланыстарын). Бюроларды дамыту маркетингтің барлық
функцияларын меңгерген мамандарды талап етеді. Олар кәсіпорында
пайдаланатын барлық ресурс түрлерінің ерекшеліктерін жақсы білуі керек.
Нормалау және жоспарлау бюросы ресурстармен қамтамасыз етуде келесі
функцияларды атқарады: кәсіпорын жағдайында ресурстарды пайдалану әдістерін
оптималды жетілдіру, кәсіпорынның кейбір объектілеріне жұмсалатын маңызды
ресурс түрлерінің шығындарын зерттеу, кәсіпорындағы пайдаланатын
ресурстардың тиімділігін аламыз, стратегиялық мәні тактикалық нормалармен
нормативтерді әзірлеу, материалдық байланыстарды әзірлеу.
Запастарды басқару бюросы мына мәселелермен айналысады: түрлі запас
түрлерінің нормативтерінің есебі (айналмалы сақтандыру шығыстық), ресурс
түрлері бойынша запастарды алмастыру, запастарды толықтыруды ұйымдастыру,
ресурстарды пайдалану есебімен бақылау, запастарды басқаруды технологиялық
қамтамасыз ету. Жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз ету бюросы мына
мәселелерді қарастырады: негізгі және көмекші жабдықпен жарақтандыру,
инвентарлау, еңбекті қорғау және санитарлы – гигеналық құрылғысы,
материалдар, жартылай фабрикалар, жанармай – энергиялық, ресурстар, жұмыс
орнында ресурстарды пайдалану есебі, бақылау және анализ. Ресурстарды
тиімді пайдалануды басқару бюросын ұйымдастыру – техникалық және
экономикалық көрсеткіштер арасында кәсіпорындағы ресурстарды пайдалануда
ұйымдастырудың есебімен бақылау болып табылады.
Материалдық – техникалық қамтамасыз етуде маркетинг құрылымының
бюросы функционалды басқарылады.
Ресурстар қозғалысының процесіне мыналар кіреді:
- маркетингтік зерттеулерді толықтыру үшін ресурстарды толықтыру,
ФТКЖ, өндірісті ұйымдастыру – техникалық дайындау, өнім өндірумен,
қызмет көрсету, кәсіпорын тауарларының кепілдемесін арттыру,
капиталдың құны;
- ресурстарды аталған бағыттардың бірінде қолдану;
- ресурстарды қайта қалыптастыру;
- ресурстарды жазумен ұтымдылау.
Материалдық – техникалық қамтамасыз етуді жоспарлау есепті кезеңде
материалдық ресурстардағы шығыстарынан бөлінген анализ жасау, техникалық
жабдықтар мен қалдықтарды пайдалану, жоспарланған кезеңге белгілі ресурс
түрлерін болжамдаумен нормалау, ресурс түрлері бойынша материалдық балансты
әзірлеу.
Ресурстарды қолдануды жақсарту факторлары:
- ресурс қозғалысы процесінде менеджменттің ғылыми тәсілдерін
қолдану;
- ресурстарды пайдалану мен қалаптастыруды оптималдау;
- өнімнің құрылымы мен конструкциясын жетілдіру;
- алдын – ала белгіленген белгілері бойынша материалды қолдану;
- ресурстарды қамтамасыз етуде әдістермен берілген шарттарды қолдану;
- ресурстарды қолдануды жақсартуды реттеу.
Ресурспен қамтамасыз ету формалары:
а) тауарлы шикізатты биржа арқылы сату;
б) тікелей байланыс;
с) аукцион, конкурс;
г) демеушілік;
д) өзіндік өндіріс.
Кәсіпорындағы материалды – техникалық ресурстар мен қамтамасыз етудің
нақты формасы: ресурстардың еркешілігін, оны алудың ұзақтығына,
ұсыныстардың санына, ресурс сапасы мен бағасына және басқа да факторларымен
анықталады. Кәсіпорынды ресурспен қамтамасыз ету формасын таңдауда
жеткізушінің сенімділігімен шығарылатын өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін
ескеру қажет. Соңында жеткізушілермен келісім – шарт жасасқан да сандық
және сапалық көрсеткіштерді жеткізушінің нақты түрін, секцияларды және
басқаларды белгілеп алу керек.

Тарау II Кәсіпорынның материалды – техникалық қамсыздандыруға қызмет
көрсету шаруашылығын ұтымды ұйымдастыру
2.1. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының мақсаттары мен функциялары.
Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығының негізгі тағайындалған
өндірісті энергияның барлық түрімен қауіпсіздік техникасын қолдана отырып
үзіліссіз жабдықтау, энергия ресурстарының сапалық және үнемдеу талаптарын
орындау. Энергияның негізгі түрлері: электр энергиясы, жылылық және
қаттылық, сұйық және газ түрінде, химиялық энергия буы энергиясы және жылы
су, механикалық энергия.
Энерго ресурстарға мыналар жатады: электр тогы, табиғи жылу, түрлі
параметрлер буы, сығылданған ауа, табиғи және төмендеген газ, жылы су мен
конденсат, қысымдағы су. Кәсіпорындағы түрлі ресурстар технологияның
процесте қозғаушы күш, жылу жарықтандыруға, желдетуге шаруашылық –
тұрмыстық қажеттіліктерге қолданады.
Кез келген өндірістің барлық кезеңінде түрлі энергия мен энерго
ресурстар қолданылады. Мысалыға, темір цехтары, машина жасаушы кәсіпорын,
металл кесуде болсын электр энергиясы мен газ қолданады. Ал механикалық
цехтар мен металл өңдеуде көбіне электр энергиясы мен сығымдалған ауа
қолданылады.
Үнемді электро ресурстарды таңдау энергетика, технология, өндірісті
ұйымдастыру және технологиялық жылу мен энергияға бөлінген шығындары
салыстырмалы талдау жасауда кешенді шешім қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорында мыналар өндірілуі мүмкін: электр энергия, электр зауыттық
станциясында, бу мен жылу су беру орны, генераторлы газ және т.б.
Кәсіпорынның энерго жабдықтары арнаулы ерекшеліктерге ие, өндірген
энергияны тез арада қолдану керек, ал оған деген қажеттілік тәулік және жыл
мезгілінде әртүрлі. Сондықтан үзіліссіз энергиямен жабдықтарда оны
энергетикалық резервке сақтау қажет. Осыған байланысты кәсіпорынның энерго
жабдықтауда оның жетілген және үнемді жүйесі – орталықтандырылған болып
табылады. Бұл жағдайда кәсіпорын электро энергиясы орталықтандырылған
электрлік жүйесінен, буды – аудандық энергетикалық жүйесінің немесе
зауыттың жылу электрлі орталығынан, ал газбен жабдықтау желісінің табиғи
газымен, энерго химиялық жылу қолдану комбинатынан алады.
Орталықтандырылған жабдықтау жүйесі сенімді және үзіліссіз
кәсіпорында энергиямен және өнім өндіруде ағымдық шығындарды азайтуға
көмектеседі. Электр станциясы бірлік энергиялық жүйеге қосылған болса,
белгілі мерзімде кәсіпорын энерго жүйеден энергия алады.
Кәсіпорында энергетикалық шаруашылықты рационалды ұйымдастырудың
негізі өндірісті дұрыс жоспарлау және баланстық әдістерді қолданып энерго
ресурстарды пайдалану. Олар кәсіпорын қажеттілігін есептеуге, жылудың түрлі
формаларын және энергияны осы қажеттіліктерді жабу көздерін анықтауға
мүмкіндік береді. Энергетикалық баланстар материалдық баланс құрамына
кіреді. Олар тағайындамасы бойынша стратегиялық және тактикалық жоспарға
және де есептік болып, қамту деңгейі бойынша – ерікті, жек болып бөлінеді.
Баланстық қызметтің формасы өндірістік территориялық және жалпы
белгісін және бүкіл ішкі айналым энергиясын сапалық еншілес энергетикалық
ресурстарды қоса көрсетеді. Балансты құрғанда кәсіпорын энергетикалық
жүктемесін және генераторлаушы құрылғылардың режимін жобалау қажет.
Балансты құру оның шығыс бөлігінен басталады:
- Алдымен кәсіпорынның негізгі және көмекші өндірісіндегі қажетті
барлық энергия мен жылу түрлері есептелінеді және энергияны және
жылу шығындары вентеляциялар, нарықтандыру шаруашылық – тұрмыстық
және өндірістік емес қажеттілік ескеріледі;
- Содан кейін энергияны қайта құру құрылғыларының желісінде
жіберілетін көлемі кәсіпорын ресурстарының жиынтық қажеттілігі
анықталады.
Кірістік бөлімшені әзірлеу құрамына:
- Кәсіпорынның өндірістік ресурстарын құрылғысын анықтау және энергия
мен жылуды басқа жерден алу мүмкіндігі;
- Кәсіпорын құрылғыларының жұмыс режимін жобалау және жүктеме мен
графикті анықтау;
- Өз қажеттілігін жабу жолдарын анықтау, шеттен елшілер энерго
ресурстар алу;
- Басқа жаққа жұмсалуы мүмкін энергия көлемін анықтау.
Бұдан кейін кәсіпорынның генеральдаушы құрылымын энергетикалық
балансы әзірленеді және техника экономикалық көрсеткіштер және жұмыстар
ескеріледі.
Жылудың балансы оның бөлек түрлері мен макраларынан құрылады. Есепті
энерго балансты құру үшін дифференциялданған және нақты энерго ресурстар
мен жылу шығынының есебі.
Энергетикалық шаруашылық құрылымы, мысалыға, ірі машина құрылыс
кәсіпорынға мыналар кіреді:
- Энергетикалық цехтар (электр күші, жылу күші, газдың, электро
механикалық күші);
- Қайта құру құрылғылары (компрессорлық, кательная, генераторная
станция);
- Цехтық және жалпы зауыттық энерго өткізу желілері;
- Энергияны қолданушылар (құрылғылар, станоктар, печтер).
Ірі энергетикалық шаруашылықтағы басты энергиядан, кіші кәсіпорындар
басты механик негізінде болды. Басты энергия құрамына энергия қолданушы,
энергия құрылысы, электр және жылу лабораториялар вирусы кіреді. Ірі
зауыттарда қажетті энерго ресурстарды үздіксіз қамтамасыз ету кезекші
инженерлерге жүктеледі. Олар энергияның генетикалық шаруашылықты өз
ауысымында басқарады. Энергетикалық цех персоналдары ауысымды, және жөндеу
– монтаждау болып бөлінеді.
Энергия шаруашылығының техникалық – экономикалық көрсеткіштері 2
топқа бөлінеді:
1. Энергияны өндіру үнемділігі бойынша электр энергиясы мен жылу өндіру,
энергия мен жылу энергиясының тиімді қызмет ету коэффиценті энергия
бірлігінің өзіндік құны.
2. Энергияны қолдану тиімділігі бойынша – энергияны оның түрлері бойынша
шығыны, жұмыс түрлері, цехтың және жалпы кәсіпорын болып табылады. Энерго
баланс құрылымы, еңбектің энергетикалық қарулану көрсеткіші.
Энергетикалық шаруашылықты жетілдірудің негізгі бағыттары мен оның
функционалдылығының тиімділігін көрсету үшін:
- ресурстарды сақтаушы құралдарды алу;
- энерго ресурстарды үнемдірек пайдалану түрі;
- энерго тұтынудың схемасын жетілдіру;
- технологиялық процестерді жетілдіру;
- өндірістегі процестердің амортизациясын, ресурстарды пайдалану есебімен
бақылау.

2.2. Транспорттық шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру принциптері
Транспорттық шаруашылық кәсіпорынның материалдық ағыммен
байланыстырушы негізі болып табылады. Транспорттық қызмет көрсетудің сапасы
кәсіпорынның қалыптылық тиімділігін көрсетеді. Транспорттық операциялар
өндірістік операцияның маңызы құрамдық бөлігі болып табылады. Жүк
тасымалдауда жүк айналымын қысқартады, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді,
еңбектің өнімділігін арттыруға әкеледі.
Кәсіпорында транспорттық құралдардың әр түрлері қолданылады:
- Қызмет көрсету сферасында – цех аралық және ішіндегі транспорт
құралдары;
- Жұмыс режиміне байланысты – үздіксіз (конвентерлік жүйе) мен
периодты әрекет (автомашиналар, өзі жүретін телешкалар);
- Қозғалыс бағытына қарай – горизонталды, вертикалды, (лифт,
элеваторлар) және аралас ауысым (крандар) транспорт құралдары;
- Автоматтау деңгейіне қарай – автоматтық, механикалық (ручной)
қолмен жұмыс істейтін;
- Жүктерді ауыстыру түріне қарай – төгетін, құятын және даналап
жүктерге айналған транспорт құралдары.
Кәсіпорынның транспорттық шаруашылығы келесі жұмыстарды атқарады:
1) Транспорттық құралдарын жаңартуға стартегиялық жоспарлау.
2) Кәсіпорынның өндірістік құрылымының анализі.
3) Прогрессивтендіру анализі, уақыт және өндіруге байланысты транспорт
құралдарының тиімділігі.
4) Транспорт құралдарын қолдануды таңдау мен жетілдіру.
a. Транспорттық шаруашылықты қажетті жөндеу – эксплуатациялауға
материал шығару нормасы мен нормативтілік есебі.
b. Жүк айналымының балансын құру.
c. Жүк ағымының схемасын жобалау.
d. Транспорт операцияларын оперативті, календарлы жоспарлау.
e. Кәсіпорынның транспорт жұмыстарын диспечерлеу.
f. Транспорт шаруашылығының тиімділігін, сапасын арттыру,
ынталандыру мен бағалау.
Транспорттық шаруашылықтарында жұмыс тиімділігін және сапасын көтерудің
негізгі бағыттары:
- Өндірісті мамандандыруда функционалдауды тереңдету;
- Өндіруде және басқаруда автоматтандыру деңгейін жоғарлату;
- Транспорт құралдарының орташа жасын қысқарту, пайдалану;
- Транспортты құралдарды нормалауды, есеппен бақылауды жетілдіру,
тиімділігін ынталандыруды жоғарылату;
- Өндірістік процесте үздіксіздіктің және пропорционалдаудың
принциптерін сақтау анализі.
Кәсіпорынның қойма шаруашылығы - кәсіпорынға келіп түсетін
материалдық – техникалық ресурстармен дайын өнімдерді сақтау, есеп және
бақылау қызметтерін атқарады. Бұл қызметтерді қойма шаруашылығы өз
уақытында және аз шығын жұмсап сапалы атқару керек. Бұл 3 көрсеткіш қойма
шаруашылығын функционалдаудың негізгі критерилері болып табылады. Атқаратын
жұмыс көлеміне байланысты қоймалар жалпы зауыттың немесе цехтің болуы
мүмкін. Жалпы зауыттық қоймалар, мысалы, машина жасау зауыттар мынадай
бөлімшелерге бөлінеді:
- Материалдық негізгі және көмекші материалдар, жанар жағармай орман
материалдар қоймасы;
- Бір цехта жасалынып, екінші бір цехта өндіруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында ресурстардың сақталу процесі
Өндірістік жабдық құны
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
Кәсіпорынның экономикалық ресурстары
КОРПОРАЦИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Кәсіпорын экономикасы жайында
Нарықтық экономика жағдайындағы ұйымның қызметін жоспарлау
Транспорт Логистика Таможня кәсіпорнының бөлімдерінің байланысы
Негізгі активтердің құрылымы мен құрылысы
«Казиндустрия» ЖШС
Пәндер