Адам бойында кездесетін қабілет ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Жалпы психология
Тақырыбы: Қабілет, дарын , талант - байланыстары мен айырмашылығы

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Қабілеттің психологиялық негіздері
1.1 Қабілет жөніндегі
теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.2 Қабілет және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..8
2 Адам бойында кездесетін қабілет ерекшеліктері
2.1 Адам нышаны мен
қабілеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...14
2.2 Талант және дарындылықтың айырмашылығы мен өзара байланысы ... ..16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..25

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Соңғы 30-40 жыл ішінде психологтар
мен басқа да ғалымдар арасында қабілеттің дамуында биологиялық фактор мен
тіршілік ортасының қатынасы мен ықпалы жайында пікір айтыстары болып
келгені мәлім. Біреулер баланың дамуында тіршілік ортасы, әсіресе оқу -
тәрбие жүмысы негізгі роль атқарады десе, ал өзгелері бұл пікірге қарсы
шығып, шешуші роль атқаратын - нышан, яғни биологиялық фактор деген
түжырымды қолдап келді. Дегенмен, мұндай пікір таластары белгілі бір
түрақты шешімге келе алған жоқ. Қабілетті дәлелдеуге қатысты мұндай
мәселенің түйінін шешуде М.М.Мұқанов қазақ халқының ертеден келе жатқан 41
құмалақ ойынымен негіздей отырып, орыс тілінде жарияланған О
принципиальной возможности трактовки способностей как прождающего процесса
деген мақала жазды. Бұл мақаланың идеясын еліміздің белгілі
психологтары Э.А.Голубева мен В.А.Крутецкий абстракті дәрежеде
жазылған құнды жорамалдар ретінде жоғары бағаланды.
Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық
ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды. Күнделікті
ауызекі сөзде қабілет деген атауды жиі қолданамыз. Мәселен, мүғалім
оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математика пәніне қабілеті
күшті екенін айтады. Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жүмыстар
жүргізілгенде де олардың кейбіреулерінің үйымдастырғыштық,
екіншісінің - музыкалық, үшіншісінің - суретшілік қабілеті еске
алынып, бүған ерекше мән беріліп отырылады. Бұл мысалдар әр адамның әрекеті
бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатынын байқады.
Мұндай ерекшеліктер іс - әрекетті орындау үстінде, әсіресе, оның
нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін
бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп орындайды. Ал
екінші біреу өте баяу қимылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бұл
мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншісіне қарағанда
әлдеқайда жоғары екендігі көрініп түр. Қандай да болмасын бірер нәрсеге
қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі
мүмкін. Тәжірибе мен парасат адамдардың қабілет саласында тең емес екенін
дәлелдейді.
Қабілеттіліктің өлшемі - белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында.
Қабілет адамның іс - әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының
біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға
мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық саңылау,
түстерді жақсы ажырата алу, колдың икемділігі т.б ) қиысып келуін, яғни
адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Зерттеу жұмысының обьектісі - адам қабілеті.
Зерттеу жұмысының пәні - тұлға психологиясындағы қабілет
түсінігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты - қабілет талант және дарын
түсініктерінің ерекшеліктерін және байланыстарын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Қабілет теорияларының негізін ашу.
2. Қабілет және оның түрлері.
3. Талант және дарындылықтың айырмашылығы.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлім мен қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Қабілеттің психологиялық негіздері

1. Қабілет жөніндегі теориялар

Адам қабілеттерінің табиғаты осы күнге дейін ғалымдар арасында қызған
ой - пікір таласын тудыруда. Солардың ішінде өз басымдылығын танытқан,
тарихи Платоннан бермен қарай жалғасып келе жатқан қабілеттердің
биологиялық негізді екендігі және олардың нәсілділікке тәуелділігін
дәріптейтін көзқарас. Бұл бойынша, оқу мен тәрбие қабілеттердің пайда болу
қарқынын өзгертуі ғана мүмкін, ал олардың көрініс беруі біріңғай емес.
Мысалы, Моцартты не музыкалық дарыны 3 жаста белгілі болған, Гайдн - 4,
Дина Нүрпейсованың күйшілік өнері 8 жасында байқалған. Сурет және сәулет
өнері қабілеттері кейіндеу білінеді: Рафаэл - 8 жаста, Ван - Дейк -10
жаста, Дюрер - 15 жаста өнермен айналыса бастаған. Қабілеттердің нәсілдікке
тәуелділігі туралы ғылыми зерттеулер әр адамның қабілетін оның миының
көлемі жэне салмағымен байланыстыра түсіндіреді. Гилфордың
Интеллект құрылымы қағидалары негізінде дивергентті ойлауды
ынталандыратын сабақтар бағдарламалары Карнелин (1979-1982 ж) қарастырылып
тексерілген. Бұл сабақтар балаларды нақты ойлау пэніне қатаң байланысқан
дивергентті ойлаудың жалпы эдістерін дамытуға
бағытталғанына қарамастан, олар мектепке дейінгі мекемелерде, дәстүрлі
оқылатын түрлі мазмұнды салаларда шығармашылық ойлауды іске асыру үшін
қолданылуы мүмкін.
Белгілі болғандай, ересек адамның ми салмағы орташа 1400 г. ¥лы
тұлғалардың, мысалы, И.С.Тургеневтің миы - 2012 г. Д. Байрон -1800 г.
Аталған көрсеткіштен біршама жоғары болған. Мұндай дәлелдер біршама
баршылық. Бірақ қабілетпен ми байланысына орай басқаша, кері дәлелдардіде
келтіруге болады: Ю.Либих ақ миы - 1362 г. А.Франстың - 1017 г. Ал ең
ғажайыбы, өте ауыр ми 3000 г. артық. Солайда болса, кең қауым арасында миы
көп - ақылды деген үғым көбірек жайылған, осыдан маңдайы биік, жазық
маңдай адамды сыртынан данаға баламалап, одан киелі ой - пікірлер күтеміз,
ал екі елі, тар маңдайлы адамның қабілетін күн ілгері жоққа шығарылып, одан
ешбір негізсіз үмітімізді үземіз.
Қабілетіне байланысты нәсілдік идея Франц Галльдің Френология
(phrenos - ақыл, logos - білім) деп аталған психологиялық тағылымында
дәріптеледі. Френологтар адамның психикалығ ерекшеліктерін оның бас
сүйегінің сыртқы формасымен үштастыруға талпынды. Мұндағы түжырым мәні: бас
миының қабығы белгілі қабілеттерге мекен болған (локализация) бір қанша
орталықтардан кұралады. Осыдан, миды тиісті бөлігінің ауқымды көлемі онда
мекен алған қабілеттің даму деңгейі анықталатыны көрінеді. Арнаулы
зерттеулер негізінде әр қайсысы белгілі дара қабілетке сай келетін бас
сүйегінің 27 учаскесі анықталып, картаға түсірілген. Осы картадан
музыка,поэзия,сурет өнеріне сай қабілет ісіктерін, менмендік, сараңдық,
батырлық қабілет дөңестерін т.б айыруға болады екен. Дегенмен, кейінгі
дәуірде әдейі медициналық ашып көру мен тексергенде, бас сүйегі ми
қабығының формасын тіпті де қайталамайтын болып шықты. Сондықтан адамның
ақыл және адамгершілік қабілеттерін бас сүйегінің дөңестігі немесе
сайларымен анықтау ғылым ерсі әрі негізсіз. Солайда болса Ф.Галль ұсынған
мидың мекендік қызметі жөніндегі жорамалы ғылым өте маңызды болды. Бұл идея
кейін Фрич жэне Гитциг еңбектерінде өз дәлелін тауып дами түсті.
Аталған бағытты зерттегендер арасында Ч.Ф. Дарвиннің эволюциялық
теориясына негіздеп, қабілеттің тұқым қуалаушылыққа байланысты екенін
түжырымдаған Ф.Гальтон есімі өз алдына. Әлемге әйгілі тұлғалар өмір
намаларын талдай отырып, Гальтон адам табиғатын жетілдіруде аса
дарындылардың нәсілдік заңдылықтарын ашу жэне пайдалану қажет деген
қорытындыға келді.
Осы идеяны жалғастыра отырып, XX ғ Котс жоғары қабілеттілігі бір неше
әулетте байқалған 400 адам тізімін түзді. Бұл қатарда аса белгілі болған
неміс музыканттарының тобын ұлғайтқан - Бах отбасынан шыққандар. Бах
жанүясындағылардың алғашқы ән - күй қабілет 1550 жылы көрініс берген. Әулет
атасы В.Бах қарапайым наубайшы күй тартып, эн салғанды сүйген. Оның екі
баласынан өрбіген Германияны екі ғасыр бойы дүркіреткен музыканттар іргелі
үздіксіз жалғасып барған. Бах жанүясынан 60 музыкант шыққан, олардың 20-сы
аса көрнектілері. Ал осы әулетті әлемдік өшпес даңққа бөлеген әйгілі
компазитор Иоганн Себастьян Бах.
Осындай ғажайып қабілет кұбылысын қазақ ән - күй өнерін дамытуда көзге
түскен жерлесіміз Төлеген Момбеков шыққан эулет тарихынан да байқауға
болады. Әлбетте, мұндай эулеттік жоғары қабілеттің нәсілдікпен
байланыстылығын ешкімде жоққа шығара алмас, дегенмен, бұл арада қабілет
негізі ретінде әлеуметтік тэрбиесін өте маңызды екенін мойындамауға
болмайды.Бесігінен ән - күй шарықтап, шалқып өсуіне қолайлы жағдай
қалыптаспағанда, сол бағытта ана сүтімен қосып үлкендердің музыкалық
тәрбиесін алмағанда, ол баланың кім болары Аллаға аян. [2, 255- 264 б.]
Жоғарыда аталған тұқым қуалаушылық идеяларына тікелей қарсы шыққан
ғалымдар тобы оқу мен тәрбие маңызын бірбеткей әсірелеумен болды.
ХҮІІІ ғасырдың өзінде - ақ К.А.Гельвеций адамды тәрбие арқылы
дарындылыққа жеткізуге болатындығы туралы ғылыми еңбектерін жариялады. Бұл
бағыт тарапындағылар дамуы өте кешеуілдеген тайпа балалары оқу, тэрбие
нәтижесінде Еуропа зиялыларының деңгейіне көтерілгенін дәлелдейтін кейбір
деректерді тілге тиек етіп, өз идеяларының дұрыстығын негіздеп бақты. Жеке
адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы - рухани дүниесі мен
үштасады. Рухани дүние дегеніміз - адам мәнінің ең биік көрінісі, оның
жалпы адамзаттық инабаттық парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай
қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі - бұл жоғары дәрежедегі
саналық жетілдіру, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман
ниеттер мен мезеттік шен - шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік -
өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиеті, сапаларды өз
бойына дарытуы, көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі
неғүрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс
алады да, ондай қоғам мүшелерінің көбі қүлдық бағыну күйінен арыла алмайды.
Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық
дамыту ниеттен ажырап қалады. Жеке адам сапалары сол адамның араласқан
қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу
қабілетіне байланысты келеді. Шығармашылық тұлға тікелей қоршаған әлеумет
шеңберінде қалып қоймай, өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға
ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл
қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен
көпшіліктері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның түйық
әлеуметтік топқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге
сол адамның жоғары еңгейде кемелденгенінің дәлелі.
Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің
қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.
Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар:
идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам
талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация - дара
адамның өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын білуі, сонымен
бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра
алуы. [2, 215 - 217 б.]
Сонымен бірге, бұл еңбектер әлеуметтік тәрбие аймағынан мүлдем тыс
қалған жағдайда жастардың орны толмас зиянға ұшырап, қоғамдық қасиеттерден
жүрдай маугли, тарзан болатынын бетке үстады. Белгілі мәдениет
аймағында ерекше арнайы қабілеттердің орнығатыны
да осы зерттеулерге негіздеме ретінде келтірілді (А.А.Леонтьев,
О.Н.Овчинникова, Ю.Б.Гиппенрейтер). Мұндай тұжырымдардың ізімен әрқандай
адамда оқу мен тәрбиенің негізінде қалаған қабілетті дамытуға болатыны
жөнінде қорытынды жасалды. Осы көзқарасты қолдау мен американдық ғалымы
У.Ушби қабілет ең алдымен балалық шақтан қалыптасқан ақыл - сана әрекеттер
бағдарламасына байланысты екенін дәлелдеп көрсетеді. Қазіргі күнде бұл
идеяны ұстанғандар АҚШ - та өз дарынды балаларын өсіретін арнайы
орталықтар ұйымдастырып жатыр (Филадельфия институты), Қазақстанда арнайы
Дарын орталықтары іске қосылды.

1.2 Қабілет және оның түрлері

Қабілет деп - әр адамның белгілі бір іс - әрекет түріне икемділігін
айтады немесе қабілет дегеніміз - мақсатқа бағдарланған, тәлім - тәрбие
жүмысына байланысты адамның бір іс - әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі
жэне оны нәтижелі етіп атқаруы. Қабілет адамның білімді, ептілікті, дарынды
біршама жеңіл меңгеруіне және қандай да бір іс -әрекет пен ойдағыдай
айналысуына көмектеседі. Қабілеттілік әр бір адамда түрліше сипатта болады.
Адамның белгілі бір іс - әрекет түріне қабілетті болуы екі көрсеткіш арқылы
анықталады:
1. Іс - әрекетті тез өзгерту;
2. Іс - әрекетті орындау нәтижесінің сапасы;
Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда біріншіден, бастаған істі
қалайда болмасын тез жэне табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай
игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны
қабілетті адам дейді.
Әрқандай іс - әрекетке байланысты адам қандай да қызметті орындауы
қажет және сол істің тиімді нәтижесін қамтамасыз етуге жәрдем беретін
сапаларға ие болуы тиіс. Қабілеттердің табысты іс -әрекетпен
байланыстылығын баса айтумен, тиімді нәтижеге негіз боларлық дара -
өзгермелі адам қасиеттерін шеңберін тарылта қарастыру керек.
Қабілетсіздерге қарағанда, қабілетті адам іс - әрекетті тезірек меңгереді,
қажетті мол нәтижеге оңай жетеді. Қабілет өз ішінде әртүрлі психофизикалық
қызметтер мен психикалық процестерді ғана емес, сонымен бірге жеке түлғаның
барша даму деңгейін қамтыған ені оларға тәуелді күрделі бісігім. Адамның
сыртқы білімін, ептілігін, дағды әрекеттерінде көргенімен, қабілет
табиғаты. Мысалы, тұлға техникалық және білім жағынан күшті бола тұрып,
қызметке келгенде болымсыз, ал кей біреулер арнайы оқып, үйренбей - ақ
қызметтерді атқарып, тиімді нәтиже беруге шебер.
Нақты көрінетін білім, ептілік жэне дағдылар қатарында қабілет адамның
жүзеге асуы мүмкін қасиеттерінің бірі ретінде бағаланғаны жөн, яғни қабілет
жерге тастаған дәнмен бірдей: қолайлы жағдай болса өнеді, кері жағдайда
көрінбей - ақ жойылады. Осыдан, кабілет - білім, ептілік жэне дағдыларды
игерудің мүмкіндік көзі, ал оны іске асу, аспауы көп жәйіттерге тәуелді.
Арнайы шарттар (бағдарлы оқу, шығармашылық педагог, отбасы мүмкіндіктері
т.б.) орындалмаса, қабілет дамымай жатып өшеді.
Білім, ептілік жэне дағдылардың игерілуі мен олардың қабілетпен тікелей
байланысы көріне бастайды, яғни іс - әрекетті игеру барысында қатыса
отырып, қабілет одан әрі дамиды, іс - әрекетті жаңа мазмұн мен сипат
береді. Сонымен, қабілет білім, ептілік және дарындылардың өздерінде
көрінбей, танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында байқалады.
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс - әрекеттің қандай да түрінде көріне
бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне
қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны
ғана емес, сонымен дәл бір уақытта және нақты шақтағы әрекетке қажет
болғандары да кіреді. Мүмкін болған жэне нақты қабілеттерді түлға
қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіш іс-
әрекетінде тануға болады. Себебі: қоғамның әр тарихи даму кезеңінде
қалыптасқан әлеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі
не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп не пайдалану сәті
болмай қалады.
Қабілет адамнан әрекеттің бір түрімен айналысуға мүмкіндік беретін
бейімділікте байқалады. Бейімділік пен қабілет көп жағдайларда бірге
болады. Өйткені, адамның бір нәрсеге қабілеттілігі оның бейімділігіне орай
қалыптасады. Бейімділік - адамның белгілі бір эрекетпен айналысуға
бетбүрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.
Сонымен қатар, бейімділік эрекеттің бір саласына (сурет, музыка т.б)
эуестенушілікті көрсетеді. Қабілеттер - адамда өмір бойы қалыптасатын
индивидуалды психологиялық ерекшеліктер. Олар берілген іс - әрекеттің
талаптарына жауап береді жэне іс - әрекеттің табысты орындалуының шарты
болып табылады. Қабілеттерге музыкалық қабілет, қозғалыс, реакцияларының
жылдамдығы, конструктивті қиял. Берілген индивидуалды ерекшеліктермен
қатар, қабілеттер күрделі психологиялық ерекшеліктер болып
табылады. Олар эмоционалды-еріктік комплненті, іс - әрекетке деген қатынас
элементін қосады (мысалы, педагогикалық такт, ойдың математикалық
бағыттылығы, әдеби шығармашылықтағы эстетикалық поэзия). Кез келген іс -
әрекет адамнан бір емес бірнеше өзара байланысқан қабілеттерді талап етеді.
Белгілі бір қабілеттің болмауы немесе нашар дамуы басқалардың қарқынды
дамуымен компенсацияланады. Бұл қабілеттердің компенсациялық қасиеттірі әр
түрлі іс - эрекет түрлерін меңгеруге, мамандықты таңдауға үлкен мүмкіндік
береді. [14, 94-106 б.]
Қабілеттің оқу жэне шығармашылық түрлерін бөледі. Оқу қабілеттері
белгілі іс - әрекеттерді орындау тәсілін меңгеру мен, дағдыларды,
үйренулерді, білімдерді алумен байланысты. Бірақта қабілеттерді білім мен
дағдылар мен теңестіруге болмайды. Сонымен қатар жалпы ақыл - ой
қабілеттері іс - эрекеттің көптеген түрлерін орындау үшін қажет (ақыл - ой
белсенділігі, ақыл - ойдың шындылығы, зейіннің түрақтануы). Арнайы
қабілеттер қандай да бір нақтылы іс -әрекет орындау үшін қажет
(математикалық ес, музыкалық, техникалық ойлау). Қабілеттер қалыптасады,
сондықтан сэйкес іс - эрекет процесінде анықталады. Соған байланысты,
адамды іс - эрекет кезінде бақыламай оның сол іс - әрекетке
қабілеттілігінің бар жоғы туралы айтуға болмайды.
Сонымен, қабілет білім, ептілік және дағдылардың өздерінде көрінбей,
танып үйренуге орай нақты әрекетті игеру динамикасында (тез -шабан, оңай -
қиын) байқалады. Іс - әрекет нәтижесі, орындалу деңгейі мен тәсілдері
тиімділігі қабілетке тәуелді. Қорытындылай келе, қабілет түсінігінің
бүгінгі ғылым қабылдап отырған үш негізгі көрсеткішін (Б.М.Теплов) атады.
1. Қабілет - бір адамды екіншісінен ажырататын дара психологиялық
ерекшелік. Баршаға бірдей тән қасиеттері қабілет бола алмайды.
2. Қабілет - барша түлғаға тән болған ортақ сапа емес, кей адамға ғана
дарыған қандай да бір не бірнеше іс - әрекетті табысты орындауға жарайтын
өзара ептілік.
3. Қабілет - нақты адамда топталған білім, ептілік жэне дағдылардан
оқшау, қажет әрекетті игеру желісінде ғана көрінеді.
Қабілет пен іс - әрекет арасындағы қатынасты сөз ете отырып, егер адам
іс - әрекетке байланысты талаптарды орындай алмаса, оның қабілетінің
жетімсіздігінен атап өткен жөн. Мұндай тұлға қажетті білім қорын жинақтап,
ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруы үшін талай күш салып, үзақ уақыт
жаттығуы тиіс, ал тәрбиеші - педагогтар оны оқытып, үйрету үшін үлкен
шеберлік пайдалануы лазым. Әйгілі режисер В.Немирович - Данченко Кім
болса, сол режиссер бола алады ма? деген сүраққа Әлбетте, әркімде
болады, бірақ біреуге ол үшін 3 жыл оқып, тэрбиеленуі қажет, ал екіншісіне
- 30 жыл, үшіншісіне - 300 жыл да аз - деп жауап беріпті. Сонымен бірге,
адам қабілеті уақыт өтумен пайда болып, немесе қандай да қызметке орай
қалыптасуы мүмкін. Көрінген іс - әрекет жеке адам қабілетін дамыта алмайды.
Адам тіршілігінің жалпы қүрылымына назар аудара отырып, қабілет дамуына
ықпалсыз, кейннен көрінген қабілет нышандарын тежеп, олардың жойылуына
себепші іс - әрекеттер барын байқау қиын емес. Мысалы, егер ән - күй не
шығармашылық қабілет бар адам ауыр, қарапайым дене жүмыстарымен
шүғылдануына тура келсе, эрине, кейінгі іс ондағы табиғм қаланған
қабілеттердің дамуына оң әсер етуі екі талай.
Жеке түлғаға байланысты дамытушы іс - әрекет жайында әңгіме
қозғалғанда, алдымен маңызды болуынан төңірегіне адамның барша
мүмкіндіктерін жинақтай алатын іс - әрекет ескерілуі қажет. Сондықтан,
нақты әрекеттің дамытушылық қасиетін тану, оны жеке адаммен байланыстыра
сипаттау керек. Бұл жағынан бүкіл адам өмірімен қабысқан кэсіби қызметтің
өзі де аса мәнді де маңызды болмауымүмкін. Өндірістік тапсырыстар мен
қызметтік міндеттер адамның шығармашылық мүмкіндіктері мен тұрмыстық бай
тәжірибесін толық және жан - жақты ашып бере алмайды.
Іс - әрекет адам қабілетін дамыта бермейді, оның себебі - қабілет пен
іс - әрекет арасында белгілі сэйкестік болмауы. Бұл сэйкессіздіктің мэні:
әр қандай қабілет өзінде қалаған іс - әрекет мүмкіндіктерін қамтуынан қай
бір жағынан нақты орындалып жатқан іске қарағанда ауқымда да кең мағыналы.
Екінші жағынан, нақты іс - әрекет өзі не қатысты қабілеттен кеңірек болып,
басқа да қабілеттерді қажетсінуі мүмкін. Қалыпты адам өзінің дене және
ақыл қабілеттерінің он пайызын ғана пайдаланады. Қолданған және онда
пайдаланбай қалған мүмкіндіктер айырмашылығы - адамның кім болып танылғаны
мен әлі де кім болатынының көрсеткіші (Коупленд П). Осыған орай қабілеттер
нақты және мүмкін болып екіге бөлінеді.
Қабілет негізінен үшке бөлінеді. Бағыттылығына қарай жалпы, арнаулы,
практикалық болып. Ал даму деңгейіне қарай талант, дарындылық, данышпандық
болып. Адамның ақыл - ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез
келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың
орамдылығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен
тапқырлық т.б. осы секілді ақыл - ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер
жалпы қабілет болып табылады.
Іс - әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, оның нэтижелі болып
орындалуына мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп
атайды. Бұған суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математик -
ғалымның ақын - жазушының қабілеттерін жатқызуға болады.
Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп
практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған ұйымдастырғыштық,
педагогтық, конструктивті - техникалық, қабілеттерді жатқызамыз.
Психологияда қабілетті зерттеуде негізгі үш тұжырымдамалар бар.
Генетикалық (Галтон, Котс), әлеуметтік ілім (Г.Вальтер Қабілетті
балалардың мектеп қабырғасында өту жолының әлеуметтік айырмашылықтары),
түқым қуалаушылық (В.Бобен). Қабілеттің қалыптасуында икемділіктің,
байқағыштықтың, қиялдаудың тағы басқада сапалардың мәні зор. Қабілеттер
туралы практикалық талдау келесі көрсеткіштерге байланысты :
1. Іс - әрекетті меңгеру типі бойынша.
2. Жетістіктердің сапалық деңгейі бойынша.
3. Адамның берілген іс - әрекетке күшті жэне түрақты бейімі бойынша.
Адамның қабілеті жайлы сөз болғанда, іс - әрекеттің белгілі бір түрін
орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс -әрекеттерді
меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.
Қабілетті адамның жетістігі, оның жүйкелік психикалык қасиеттері кешенінің
іс - әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып тбылады. Кез келген
іс - әрекет сан қилы болып келеді. Ол адамның психикалық жэне физикалық
қуатына эр түрлі талап қояды. Сондықтан қабілетті адамның басқа
қасиеттерімен шатастыруға болмайды. Ол керісінше қасиеттер жиынтығы бола
алады. Қабілеттердің дамуын репродуктивтік және шығармашылық деп екі
деңгейге бөлінеді. Қабілеттің бірінші даму деңгейінде адам білім игеруде,
іс - әрекетті меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік
көрсетеді. Қабілеттің екінші дамуында адам өзінше дербес туынды жасайды.
Әрине, бұл деңгейлерді метафизикалық түрғыдан қарастыру дүрыс емес.
Біріншіден, репродуктивтік эрекеттің қандай түрінде де шығарманың элементі
болады, ал шығармашылық эрекетке репродуктивтік енеді, мұнсыз шығарма
болмайды. Бұл деңгейлер өзгеріп отырады. Мәселен, бір нәрсені игеруде бір
деңгейден екінші деңгейге ауысып отырады.
Қабілеттің ең жоғарғы даму деңгейін талант, даналық. Олардың
жетілуіне ерекше жағдайлар жасау керек. Бұған Леонардо да Вични, Гете,
Ломоносов, Шоқан, Сәтбаевтарды жатқыза аламыз. Қабілетті осындай
деңгейлермен қоса оның бағыт - бағдарына, мамандық ерекшелІктеріне қарай
түрлерге бөлуге болады.
Мүмкін болар қабілеттер нақты іс - эрекеттің қандай да түрінде көріне
бермейді, алайда белгілі әлеуметтік жағдайлардың өзгеруімен қызмет желісіне
қосылуы мүмкін. Нақты қабілеттер қатарына жалпы қызмет бабында іске асатыны
ғана емес, сонымен бір дәл бір уақытта жэне нақты шақтағы әрекетке қажет
болғандары да кіреді. Мүмкін болған жэне нақты қабілеттерді түлға
қабілетінің дамуына ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың жанама көрсеткіші
ретінде тануға болады. Себебі -қоғамның эр тарихи даму кезеңінде
қалыптасқан элеуметтік жағдайлардан мүмкін болар қабілеттер өрістей түседі
не кедергілерден сөніп кетеді, нақты іс жүзінде көрініп немесе пайдалану
сәті болмай қалады.

2 Адам бойында кездесетін қабілет ерекшеліктері

2.1 Адам нышаны мен қабілеті

Нышан - адамның кейбір өзгешеліктері ана кұрсағында жатқанда -ақ пайда
болады. Нышандар - бұл мидың, нерв жүйесінің, анализаторлардың туа біткен
кейбір анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері. Мәселен, баланың ата -
анасы мен туысқандарына ұқсап тууы. Мұны анатомиялық нышан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Бейнелеу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының Ана тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту
Қабілет мәселесінің психологиялық – педагогикалық мазмұны
Педагогикалық шеберлік атты арнаулы курс
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру нобайы
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Дарынды бала ерекшеліктері
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Пәндер