Конституциялық Кеңестің регламенті
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРАМЫ
1.1 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің құрылымы мен
мәртебесі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Конституциялық Кеңестің
регламенті ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Конституциялық Кеңестің қазіргі құрамы және қатысқан
конференциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2 КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ
2.1 Конституциялық Кеңестің актілері және шешімдерінің түрлері және
шешімнің заңдық
күші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 24
КІРІСПЕ
Ата заң - халқымыздың дербес ел болуды армандаған, мүддесін заң
тілінде айшықтаған, жер шарына, бүкіл адамзатқа Қазақстан деген мемлекет
бар екенін паш еткен зандық құжат. Бұл Конституцияның өзгешелігі Қазақстан
Республикасының тәуелсіз дамуының мемлекеттік тұғырын, басқару тәсілін,
билік тармақтарын бекітіп, "байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құрылғанын"
жария етті. Конституцияның асқан құндылығы - бірінші рет адам жеке тұлға,
құқықтық қатынас субъектісі, мемлекеттің құрылтайшысы есебінде қаралуында.
Күлтегіннің "аспан мен көктің арасын тіреген "еркін түріктерінен кейін
қазақ баласы мыңдаған жылдар "ханның қарашасы", "патшаның боданы", жұмысшы
немесе шаруа табының мүшесі, партия, комсомол жауынгері есебінде
қарастырылды.
Жеке өз атынан мемлекет тұлғасы, тең дауысты азамат болып сөйлеу
кейінгі он жылда ғана бағымызға бұйырды. Ата заңымыз адамды, оның өмірін,
құқықтары мен бостандығын мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы деп біледі.
Еркіндік демекші сөз бостандығы, меншік иесі, сыртқа шығу, қалаған жерге
бару т.б. өткенде арман болған құндылықтар да осы Конституцияның жетістігі
дегеніміз жөн. Құқықтық сананы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру -
ұлтымыздың зиялылыққа, мемлекеттілік рухта тәрбиелейтіні анық. Мемлекеттің
ішкі функцияларының бірі - әлеуметтік қызмет көрсету.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аппаратында ерекше орынды
Конституциялық Кеңес алады.
Бұл курстық жұмыстың мақсатына Қазақстан Республикасының қазіргі
Конституциялы Кеңестің қазіргі жағдайын, құрылысын және құрамын қарастырып
салыстыру. Бұрыңғы Конституция бойынша ол Конституциялық Сот деп аталып,
басқа құзыреттерге ие болатын. Бұл мемлекеттiк органның құқықтық жағдайы,
алдына қойылған мақсаттары мен қызмет бабы Қазақстан Республикасының
Президентiнiң 1995 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесi туралы заң күшi бар Жарлығында айтылған болатын. Бұл
мемлекеттiк органның негiзгi мақсаты Конституциялық заңдылықты қорғау, ал
сол үшiн ол мынандай құзыреттерiн орындайды: Парламент депутаттарының
сайлауының дұрыстығын тексередi, Парламент қабылдаған заңдар мен
халықаралық шарттар Конституцияға сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн
қарайды, Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi және кейбiр
сұрақтарды қарайды. Конституциялық кеңес нормативтiк қаулыларды қабылдайды.
Міндеттемесіне бүкіл курстық жұмысты толығымен ашып, зерттеп, оған
объективті қорытынды жасау және өзімнің көзқарасымды толық түрде жеткізу.
1 бөлімде Конституциялық Кеңестің жалпы ұғымы мен құрамын мәртебесі
мен регламенті туралы айтылған. Мұнда яғни оның артықшылықтары,
ерекшеліктері, құрылымы туралы баяндалды. Бір сөзбен айтқанда бұл тарауда,
жалпы Конституциялық Кеңес дегеніміз не деген сұраққа жауап беремін.
2 бөлімде Конституциялық іс жүргізу, актілері, шешімдерінің түрлері
және шешімдерінің заңдық күшіне толығырақ тоқталамын. Мұнда
республикамыздың регионалдық мәселелері, оны ретту шаралары туралы
жазылады. Сонымен бірге бұл тарауда, біздің өміріміздегі ең басты
мәселелерге тоқталып кеттім. Конституциялық Кеңестің Төрағасы И.И. Рогов
және Кеңес мүшесі С.Ф. Бычкова Алматы қаласында Азаматтық және саяси
құқықтар туралы Халықаралық Пактінің ережелерін енгізу проблемалары:
Қазақстан Республикасының заңнамасы мен құқық қолдану практикасы атты
дөңгелек үстел жұмысына қатысты. C.Ф. Бычкова Қазақстан Республикасының
азаптауға және адамның қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын
қатыгездік жолмен жәбірлеуге және жазалауға тыйым салу жөніндегі
халықаралық міндеттемелері тақырыбында баяндама жасады. Бұл шараны ЕҚЫҰ-
ның Алматыдағы Орталығы және ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен
Адам құқықтары үшін хартия Қоғамдық қоры ұйымдастырды. Конституциялық
Кеңестің мүшесі Ү.М.Стамқұлов Астана қаласында Д.А.Қонаев атындағы
Университет ұйымдастырған, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тәуелсіздігі: саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық қамтамасыз ету
мәселелері атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Курстық жұмыста келесі міндеттер орындалды:

мен регламенті туралы айтылған.

және шешімдерінің заңдық күшіне толығырақ тоқталамын.
Қорытындыда біз курстық жұмыстың нәтижесін қорытындылап Қазақстан
Республикасындағы Коституциялық Кеңестің құрамы мен құрылыстарына және
басты мәселелеріне тоқталып, ашып көрсетуге тырыстық.

мәртебесі
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің құзыреті барынша кең,
ол Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабымен және Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі
туралы заң күші бар Жарлығының 17,18 баптарымен реттелген. Бұл Кеңестiң
iшкi құрылысы мен тағайындау процесi Конституциялық Кеңес, оның ішінде
Төраға , жеті адамнан тұрады. Төрағасын және екi мүшесiн Қазақстан
Республикасының Президентi тағайындайды, екi мүшесiн Сенаттың, екi мүшесiн
Мәжiлiс төрағалары тағайындайды. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын
Республиканың Президентi тағайындайды және дауыс тең бөлiнген жағдайда оның
даусы шешушi болып табылады. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір
үш жыл сайын жаңартылып отырады. Конституциялық Кеңестің өкілеттігі алты
жыл.
Конституциялық Кеңес мүшелеріне мынадай талаптар қойылады:
1 олар Қазақстан Республикасының азаматтары болуы тиіс;
2 жасы отыздан төмен болмауы керек;
3 Қазақстан аумағында тұруы тиіс;
4 жоғары заң білімі болуы тиіс;
5 заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі
болуы керек.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері Парламент Палаталарының
бірлескен отырысында таайындалғаннан кейін Республика Президенті алдында
ант береді. Ант мәтіні: Өзіме жүктелген Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесінің Төрағасы (мүшесі) міндетін адал атқаруға, әділ
болуға және басқа ешкімге, еш нәрсеге емес, Қазақстан Республикасыың
Конституцияына ғана бағынуға салтанатты түрде ант етемін.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды
тұлғалары болып табылады. Олардың мәртебсі Конституцияға, Президенттің
Конституциялық Кеңес туралы Жарлығына қоса, алғашқы екеуінде реттелмеген
бөліктері мемлекеттік қызмет туралы нормативтік құқықтық актілермен
белгіленеді. [10]
Конституциялық Кеңестің белгілі бір шектеушілікке байланысты мүшелігі
Депутаттық мандатына орай, оның оқытушылық, ғылыми және өзге шығармашылық
қызметтен басқа, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, басшы органдардың
немесе коммерциялық ұйымдардың қадағалау кеңестерінің құрамына кіруіне жол
берілмейді1. Конституциялық Кеңес туралы Жарлықта жоғарыда аталған
тыйымдарды орындамау мүшелікті тоқтатуға әкеліп соқтыратыны туралы
айтылған.
Конституциялық Кеңес мүшелері мәртебесінің ерекшелігі:
- Өз міндеттерін орындау кезінде олар тәуелсіз және тек Конституцияға және
Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығына ғана бағынады. Басқа
актілердің (нормативтік және нормативтік емес) ол үшін айтарлықтай
міндеттілік күші болмайды;
- Олардың қызметіне қайсыбір араласушылық, сондай-ақ қысым көрсету немесе
өзгедей бір қандай да болсын нысанда әрекет жасау заң бойынша жауаптылыққа
тартылады;
Конституция Конституциялық Кеңестің немесе оның мүшелерінің қандай да бір
органың алдында есеп беретіндігін көздемейді. Қаралған мәселе бойынша шешім
шығарылғанша Конституциялық Кеңес Төрағасынан немесе оның мүшелерінен
ешкімнің ешнәрсе сұрауына құқығы жоқ.. Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен
мүшелері шешім шығарылғанша оған қатысты мәселелер бойынша пікір білдіру
немесе ақыл-кеңес беруге құқылы емес.
- Конституциялық Кеңес мүшелері өкілеттік мерзімі біткенше ауыстырылмайды.
Олардың өкілеттігі Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығымен
көзделгеннен өзге жағдайда ғана тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін.
- Конституциялық Кеңес мүшелерінің сотта немесе өзге де құқыққа мұрагерлік
органдарда қорғаушылықты немесе өкілдікті жүзеге асыруына, қандай да болсын
адамның құқықтары мен міндеттерінен босануына қорғаншылық көрсетуіне рұқсат
етілмейді. Әрине, олар басқа да азаматтар сияқты, мысалы, өз балалары, т.б.
үшін өаңды өкіл бола алады.
- Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері иммунитетін пайдаланады. Олар
өз өкілеттігінің мерзімі ішінде түрмеге қамалмайды, күштеп әкелінбейді, сот
тәртібімен әкімшілік жазалау шаралары қолданылмайды, қылмыс немесе ауыр
қылмыс үстінде ұсталғаннан өзге жағдайларда қылмыстық жауапқа тартылмайды.
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тек
алдын ала анықтау және тергеу жүргізуші республикалық мемлекеттік органның
басшысы ғана қозғай алады. Мәселе мемлекеттік органның лауазымы жоғары
адамы туралы болғандықтан Бас Прокурор істі тергеу барысында заңдылықтың
сақталуын қадағалауда жүзеге асырады. Қылмыстың жасалғаны туралы
дәлелдемелер болған жағдайда Бас Прокурор Конституциялық Кеңестің Төрағасын
немесе мүшелерін қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім беру туралы
Парламентке ұсыныс енгізеді. Конституциялық Кеңестің Төрағасына және оның
мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тек Жоғарғы Сот жүргізеді.
- Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері мәртебесінің тағы бір
ерекшелігі мынада: ол тәртіптілік жауаптылыққа жатқызылмайды. Оның үстіне
Конституциялық Кеңес мүшелерін оның отырыстарынан аластауға ешкімнің құқығы
жоқ. Конституциялық Кеңестің өкілеттігі ол туралы Жарлыққа сәйкес тоқтатыла
тұрған жағдайда, Төрағаның оны отырысқа қатыстырмауға құқығы бар.
Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы
Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өздерiнiң өкiлеттiгi мерзiмi
iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн
әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр
қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық
жауапқа тартуға болмайды. Конституциялық Кеңестiң ұйымдастырылуы мен
қызметi конституциялық заңмен реттеледi.
Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат
Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының
кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:
1) дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының
сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы
мәселенi шешедi;
2) Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн
Президент қол қойғанға дейiн қарайды;
а) Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика
Конституциясына сәйкестігін қарайды;
3) Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың
Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;
4) Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;
5) Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде
қорытындылар бередi. [1]
Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1)-
тармақшасында көрсетiлген мәселелер бойынша өтiнiш жасалған ретте,
Президенттiң қызметiне кiрiсуi, Парламенттiң сайланған депутаттарын тiркеу
не республикалық референдумның нәтижелерiн шығарутоқтатыла тұрады.
Конституциялық Кеңеске Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2)
және 3)-тармақшаларында көрсетiлген мәселелер бойынша өтiнiш жасалған
ретте, тиiстi актiлерге қол қою не оларды бекiту мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла
тұрады. Конституциялық Кеңес өтiнiштер түскен күннен бастап бiр ай iшiнде
өз шешiмiн шығарады. Егер мәселе кейiнге қалдыруға болмайтын болса,
Республика Президентiнiң талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн
қысқартылуы мүмкiн. Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толығымен немесе бiр
бөлiгiне Республиканың Президентi қарсылық бiлдiруi мүмкiн, бұл қарсылық
Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен
еңсерiледi. Президент қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық
Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi. Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға
қол қойылмайды не, тиiсiнше, бекiтiлмейдi және күшiне
енгiзiлмейдi. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және
азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан
келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің
күші жойылады және қолданылуға жатпайды. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi
қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында
жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға
жатпайды.
2. Конституциялық Кеңестің регламенті
Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабында аталған
субъектілердің өтініші конституциялық іс жүргізуді қозғауға себеп болып
табылады. Өтініш екі тілде (мемлекеттік және орыс) және Қазақстан

туралы конституциялық заң күші бар Жарлығы 22-бабының талаптарына сәйкес
рәсімделеді . Келіп түскен өтініштер белгіленген тәртіппен Конституциялық
Кеңес аппаратының жалпы бөліміндс тіркеледі. Өтініш қай күні сағат 15-00-ге
дейін Кеңеске келіп түссе, сол өтініштің түскен күні болып есептеледі.
Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың Конституциялық Кеңеске
ведомстволық қарасты мәселелер бойынша өтініштері Конституциялық Кеңестің
Төрағасына беріледі, Төраға олардың одан арғы қозғалысын белгілейді. Төраға
Кеңес мүшелерінің біріне келіп түскен өтініш бойынша ұсыныс
дайындауды тапсырады.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы түскен өтінішті Кеңестің қарауына
енгізеді, оның отырысы, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өтініш
түскен күннен бастап үш күн ішінде өткізіледі. Конституциялық Кеңес,
өтінішті зерделеп және Кеңес мүшесінің ұсынысын тыңдап, іс жүргізуге
қабылдайды немесе қабылдаудан бас тартып, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесі туралы Жарлықтың 25-бабында көзделген негіздер
бойынша оны кері қайтарады. [12]
Конституциялық Кеңестің Төрағасы өз өкімімен Конституциялық Кеңестің
отырысына материал дайындауды жүзеге асыру үшін Конституциялық Кеңестің
мүшесін белгілейді. Кеңестің мүшесін баяндамашы етіп тағайындау туралы
Төрағаның өкімі, Кеңестің мүшесі өтінішті алған күні шығарылады. Келіп
түскен өтініштің ерекше күрделілігіне не оның аса маңыздылығына, жедел
түрде дайындалуы керектігіне қарай, материалдарды дайындау Конституциялық
Кеңестің бірнеше мүшесіне тапсырылады. Өзара байланысты бірнеше өтініш
келіп түскен жағдайда Конституциялық Кеңес оларды бір конституциялық іс
жүргізуге біріктіру туралы шешім қабылдай алады.. Конституциялық Кеңестің
мүшесі, Төраға белгілеген мерзім ішінде, іс жүргізуге қабылданған өтініш
бойынша материалдарды Констптуциялық Кеңестің отырысында қарау үшін
дайындауға міндетті.
Бұл үшін ол:
1. Конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды белгілейді, оларға
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы Жарлықтың 21-
бабында көзделген құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді
2. Тиісті органдарға немесе лауазымды адамдарға, Конституциялық Кеңестің
Төрағасы немесе Конституциялық Кеңестің мүшесі қол қойған, сұрау салу
арқылы өтініштің мәніне қатысты қажетті құжаттар мен басқа да ақпаратты
талап етіп алады.
3. Қажет болған жағдайда тиісті лауазымды адамдардан түсініктеме алады,
мамандарды, сарапшыларды тартып, зерттеу, сараптау жүргізуді тапсырады.
4. Кеңес аппараты бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлеріне қажетті
анықтама-ақпараттық материалдар және қорытынды беруді тапсырады.
5. Отырыс басталардан кем дегенде екі күн бұрын материалдардың көшірмесі
Конституциялық Кеңестің мүшелеріне берілуін қамтамасыз етеді.
Конституциялық Кеңес шешімінің жобасын әзірлейді. Шешімнің жобасы бойынша
өздерінің ескертулерін Кеңес мүшелері баяндамашыға жазбаша түрде береді.
Конституциялық Кеңес іс жүргізуге қабылданған өтінішті қарап, өтініш
түскен күннен бастап бір айдың ішінде ол бойынша қорытынды шешім
шығарады. Егер мәселені кейінге қалдыруға болмайтын болса, Қазақстан
Республикасы Президентінің талабы бойынша бұл мерзім он күнге дейін
қысқартылады.
Материалдарды дайындайтын Кеңес мүшесі, материалдарды дайындау және
оларды Конституциялық Кеңестің отырысында қарау барысында, тиісті ғылыми
мекемелерге немесе нақты мамандарға тапсырма бере отырып, ұйғарым шығару
арқылы сараптау жұмысын тағайындайды, бұл ұйғарымда сарапшыларға қойылатын
сұрақтар тұжырымдалып, сараптау жұмысының қорытындысын тапсыру мерзімі
белгіленеді. Ұйғарыммен бірге сарапшылардың қолына сараптама жүргізу үшін
қажетті барлық құжаттар беріледі. Қарауға берілетін материалдарды дайындау
кезінде Конституциялық Кеңестің мүшесі консультация беру үшін мамандар
шақыруға хақылы. Маманның қорытындысы жеке құжат түрінде баяндалып, оған ол
қол қояды. Өтініштерді Конституциялық Кеңестің отырыстарында қарау тәртібі.
Конституциялық Кеңестің отырыстары осы мақсатта арнайы бөлінген, Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы Жарлықтың 44-бабы 2-тармағына
сәйкес рәсімделген бөлмеде өткізіледі.
Конституциялық Кеңес құрамының, конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың
және шақырылған адамдардың орналасу тәртібін Конституциялық Кеңестің
Төрағасы белгілейді. Қарауға берілетін материалдар дайындалып болғаннан
кейін, Конституциялық Кеңестің Төрағасы, ал Төраға болмаған жағдайда - оның
міндетін атқарушы Кеңес мүшесі өз өкімімен Конституциялық Кеңес отырысының
өткізілу күнін белгілейді. Конституциялық Кеңес жабық отырыс өткізу туралы
шешім қабылдағаннан басқа жағдайларда, өтініш материалдары ашық отырыста
қаралады. Кеңес Төрағасының шешімі бойынша, Конституциялық Кеңестің
отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.
Конституциялық Кеңестің отырысы мына жағдайларда кейінге
қалдырылады:
1. Өтінішті қарау үшін қажетті кворум болмағанда.
2. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың бірі, Кеңес келуі қажет дсп
тапқан сарапшылар, мамандар келмегенде.
3.Егер өтінішті қарау үшін айтарлықтай маңызға ие болса, талап етілген
материалдар берілмегенде.
4. Конституциялық іс жүргізуге қатысушылардың бірінің немесе оның өкілінің,
тараптардың бірі берген материалдарды қосымша зерделеу үшін берген өтініпі
бойынша.
5. Өтінішті белгіленген уақытта қарауға кедергі болатын өзге де жағдайлар
туындаған жағдайда.
Егер, Конституциялық Кеңес қарап жатқан мәселеге тікелей жеке немесе
жанама түрде мүдделі болуына байланысты, әділсттілігінс күмән келтірілуі
мүмкін болса, онда Конституциялық Кеңестің Төрағасы немесе мүшесі бұл
мәселені қараудан бас тартуға міндетті, оны Конституциялық Кеңес
қанағаттандыруға тиіс. Кеңес отырысында Конституциялық Кеңестің Төрағасы
немесе мүшесі бұл мәселені қараудан бас тартатындығын мәлімдеген жағдайда,
оған анықтау мақсатында сұрақтар қойылады. Бас тарту, ол жөнінде мәлімдеме
жасаған адамның қатысуынсыз, кеңесу бөлмесінде қаралады. Бас тарту
жөніндегі мәлімдемені қанағаттандыру немесе қабылдамау туралы шешім, жан-
жақты талқылаудан соң Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік
даусымен қабылданады. Бас тарту қанағаттандырылған жағдайда, қажетті кворум
болса, өтінішті қарау одан әрі жалғастырылады. Конституциялық Кеңестің
отырыстары хаттамаға және қажеттілігіне қарай стенограммаға түсіріледі.
Егер отырыста стенограммаға түсіру жүргізілген болса, онда Кеңес отырысының
хаттамасы стенограмманың мәтіні негізінде жасалады. Егер отырыс кезінде
дыбыс, бейне жазылып, суретке түсірілген болса, онда фонограмма,
бейнетаспа, кинотаспа Кеңес отырысының хаттамасына қосып қойылады да, ол
жөнінде хаттамада тиісті белгі соғылады. Отырыстың хаттамасын
Конституциялық Кеңес аппараты жалпы бөлімінің қызметкерлері жүргізеді.
Хаттаманы жүргізетін адам, болған отырыстан кейін 7 күн ішінде хаттаманы
осы іс жүргізу бойынша баяндамашыға береді. Кеңес мүшесі - баяндамашы
хаттамаға бұрыштама қойып, оның шынайылылығына жеке жауап береді.
Кеңес отырысының хаттамалары мен қаулыларына өтініштердің бір
күнтізбелік жыл шеңберіндегі реттік нөмірлері беріледі. Кеңес отырысының
хаттамалары тиісті конституциялық іс жүргізу материалдарына қосып қойылады.
Отырыс залына келген адамдар мен бұқаралық ақпарат қүралдарының өкілдсрі,
Конституциялық Кеңеске, конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға, олардың
өкілдеріне және бір-біріне қатысты өздерін әдепті ұстауға, отырыс кезінде
залда әрі-бері жүрмеуге, Кеңестің және отырысқа қатысушылардың,
сарапшылардың. мамандардың атына сөз қыстырмауға, өтіп жатқан отырысты
құптайтынын немесе құптамайтынын кез келген бір нысанда білдіру арқылы,
қальшты отырыс барысына қандай да болсын араласуға жол бермеуге міндетті.
Қатысушылар Кеңес отырысының өткізілу тәртібін бұзган жағдайда, төрағалық
етуші тәртіп бұзған адамға ескерту жасайды, ал екінші қайтара тәртіп
бұзылған жағдайда ол адамға Конституциялық Кеңестің отырыс залынан шығып
кету ұсынылады. Конституциялық Кеңес өтініштерді өзінің отырысында
Конституциялық Кеңес Төрағасының, ал ол болмаған жағдайда - Конституциялық
Кеңес мүшелерінің ішінен Төраға тағайындаған бірінің төрағалық етуімен
қарайды. Төрағалық етуші Конституциялық Кеңестің отырысын өткізу үшін адам
санының жеткілікті екендігіне, хаттамаға түсіру қамтамасыз етілгендігіне
көз жеткізіп, отырысты ашық деп жариялайды. Содан кейін Төрағалық етуші
қаралатын мәселелерді оқып шығып, отырысқа қатысуға шақырылғандардың,
мамандардың, сарапшылардың бар-жоқтығы, егер жоқ болса, келмеу себебі
туралы хабарлау үшін Конституциялық Кеңестің мүшесіне - баяндамашыға сөз
береді.
Төрағалық етуші конституциялық іс жүргізуге қатысушыларға құқықтары мен
міндеттерін түсіндіреді, отырысқа қатысушылардың өтініштері бар-жоғын сұрап
алып, оларды Конституциялық Кеңестің шешуіне қояды.
Төрағалық етуші мәселені қарау басталғанға дейін оның мән-жайы
бойынша өтініш субъектілерінен, олардың өкілдерінен, сарапшылардан,
отырыстың басқа да қатысушыларынан, оларда қосымша материалдар талап ету
және өтінішті қарауға жаңадан сарапшылар, мамандар жіберу туралы өтініш-
тілектері бар-жоғын сұрайды. Мұндай өтініштер жазбаша түрде түскен жағдайда
олар Кеңестің отырысында оқылып, қаралатын істің материалдарына қосып
қойылады, ауызша өтініш Кеңес отырысының хаттамасына енгізіледі. Солардың
өтініші бойынша конституциялық іс қозғалған конституциялық іс жүргізуге
қатысушылар, Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылданатын отырысы
басталғанға дейін өтініштің негізін өзгертуге, оның көлемін ұлғайтуға
немесе азайтуға, өтініштен бас тартуға хақылы. Конституциялық іс жүргізуге
тартылған қатысушылар, өз актілерінің немесе әрекеттерінің
конституциялылығы туралы дау-таласқа байланысты, өтініште мәлімделген
талаптарды толығымен немесе ішінара мойындауға, не болмаса оған қарсылық
білдіруге хақылы. [2]
Егер Конституциялық Кеңес, кеңесу бөлмесінде өтініштің дүрыс шешілуі
үшін айтарлықтай маңызы бар жаңа мән-жайларды анықтау немесе жаңа құжаттар
мен материалдарды зерделеу қажет деп тапса, материалдар қарауды қайтадан
бастауы мүмкін. Конституциялық Кеңестің отырысында тек өтініште мәлімделген
мәселелер ғана қаралады. [3]
Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-
күйі туралы жыл сайынғы жолдауының жобасын Конституциялық Кеңестің мүшелері
және аппараттың тиісті бөлімдері дайындайды. Конституциялық Кеңестің
жолдауы Кеңестің отырысында бекітіледі, оған Конституциялық Кеңестің
Төрағасы не Төрағаның міндетін атқарып отырған Кеңес мүшесі қол қойып,
қабылданғаннан кейін бес күн ішінде Парламентке жіберіледі. Регламент
Конституциялық Кеңес мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен ашық дауыс
беру арқылы қабылданады. Регламентке өзгерістер мен толықтырулар жоғарыда
аталған тәртіппен енгізіледі.
1.3 Конституциялық Кеңестің қазіргі құрамы және қатысқан конференциялары
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады,
олардың өкілеттілігі алты жылға созылады. Республиканың экс – Президенттері
құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады.
Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды
және дауыс тең бөлінген жағдайда оның даусы шешуші болып табылады.
Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Республиканың президенті, екі
мүшесін Сенаттың Төрағасы және екі мүшесін Мәжілісітің Төрағасы
тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын
жаңартылып отырады.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшесінің қызметі депутаттық
мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді
қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен
айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе басқарушы кеңестің
құрамына кірумен сыйыспады.
Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелерін өздерінің өкілеттігі
мерзімі ішінде тұтынуға алуға, күштеп әкелуге, оған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz