Құқық нормасын талқылаудың түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1. Құқық нормасы түсінігі, құрылымы

1. 1 Құқық нормасының түсінігі, түрлері

1. 2 Құқық нормасының құрылымы

2 Құқық нормасын талқылаудың түсінігі және әдістері

2. 1 Құқық нормасын талқылаудың түрлері

2. 2 Құқық нормасын талқылаудың әдістері, құқықтағы кемістіктер (олқылықтар) және оны болдырмаудың әдістері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамға ұмтылу құқық нормаларының белсенді және реттеуші әрекетін талап етеді. Өйткені заңды тұрғыдан құқықтық мемлекет пен оның жария билігінің мәні зорлық-зомбылықты болдырмайды және тек қана құқыққа сәйкес әрекет етеді. Құқық зорлық-зомбылықтың антиподы болып табылады және оның жолындағы кедергі болып табылады. Құқық пен зорлық-зомбылықтың арасында шек жүргізу біздің құқықты түсінуімізге және бәрінен бұрын қазіргі мемлекеттің негізгі қайнар көзі ретінде нормативтік құқықтық актіні түсінуге байланысты.

«Нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат».

Осылай, нормативтік акт термині кең мағынада қолданылады құқықтың кез-келген қайнар көзін белгілеу үшін. Бұл мағынада біз, мысалы, заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер туралы айтамыз. Басқаша сөзбен айтқанда нормативтік құқықтық акт түсінігіне сөздің дәлме-дәл мағынасында әртүрлі деңгейдегі актілер кіреді: жоғары билік пен басқару органдарынан бастап жергілікті өкілетті және атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару және сәйкесінше жергілікті кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар әкімшіліктеріне дейін. Онда жеке тұлға, оның мүдделері және қажеттіліктері тұрғысынан ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін көптеген құқықтық нормалар білдіріледі.

Басқа құқықтың қайнар көздерінің (соттық және әкімшілік прецеденттер, құқықтық дәстүрлер) В. Н. Хропанюк дұрыс белгілегендей жалпы реттеуші маңызы жоқ. Қоғамдық қатынастарды реттеуде олар қосалқы немесе қосымша роль ойнайды. Олар белгілі тәртіп ережелерінің қолданылуы, жеке жағдайлардың қайталануы барысында бірте-бірте пайда болады. Сондықтан, заң нормалары көрсетілген нысандарды өзінде жалпы және жеткілікті анық білдіруді көрсете алмайды.

Бұл сұрақ бойынша бүгінгі күнге бар теориялық және тәжірбиелік материалдар тұрғысынан, нормативтік құқықтық актіні басқа құқықтық актілерден айыруға мүмкіндік беретін ең маңызды бес белгіні бөліп алуға болады.

Нормативтік құқықтық акт - тиісті құқық шығарушы және құқық қолданушы органдармен, немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасымен не бүкілхалықтық республикалық референдумда қабылданады. Құқықтық норма - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, лауазымды тұлғалар, барлық азаматтар орындауға міндетті мемлекет белгілеген және бекіткен, орындалуы міндетті мінез- құлық ережелері. Ережелерді жүзеге асыру сендіру тәсілімен ғана емес, мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен де қамтамасыз етіледі. Құқықтың үстем нормасы ретінде Конституция қоғамдық қатынастарды, Республиканың қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздерін баянды етеді, азаматтардың құқықтырын, бостандықтары мен міндеттерін, мемлекеттің мақсаттары мен ұйымдастыру принциптерін белгілеуді қамтиды. Құқық субъектілерінің нақты шеңберіндегі қоғамдық қатынастар құқықтың саласық нормаларымен реттеліп отырады. Құқық нормалары белгілі бір адамға арналмайды. Қылмыстық кодекстің 308 - бабына сәйкес билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, яғни лауазымды адамның құқықтары мен өкілеттігі шегінен көрінеу асып кететін және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы - басшылар мен лауазымды тұлғалардың беймәлім тобына арналады да, жалпы сипатқа ие болады. Құқықтың осы нормасына негізделген сот үкімі қылмыс жасаған нақты адамға арналған жағдайда жеке түрде болып келеді. Құқық нормасының бір ерекшелігі, онда қоғамдық қатынастардың нақты қатысушысына нені орындау керектігі немесе неден қалу қажеттігі мазмұндалады, бұның нәтижесінден туындайтын оның мінез- құлқының шектері мен аумақтары белгіленеді. Олар ұдайы әрекет үстінде болып, кез келген сәтте және әлденеше қайталанып, қолданылуы мүмкін.

Құқықтық норма - мемлекет таныған, қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже - норма. Құқықтық норма - заңға сәйкес келетін мінез - құлық, жүріс - тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заңмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге бұл жұмыс Қазақстан Республикасы заңнамасын жүйелеу пробламаларының барлық теориялық-тәжірбиелік аспектілерін қарастыруға үміттенбейді. Біз тек осы саладағы бар білімді шоғырландыруғаа және курстық жұмыс аясында біздің мемлекеттегі құқықтық норманы талқылаудың түсінігіне, түрлері мен әдістеріне, қатысты негізгі мәселелерді ашуға тырысамыз. Жұмыста қазіргі көзқарастар тұрғысынан заңнаманы жүйелеу проблемалары, олардың түрлері, заң техникасы мен сипатты ерекшеліктері, заңдардың жиналымдар мен жинақтарын құрастырудың әдістемелері қарастырылады, сондай-ақ жаңа республикалық конституциялық жүйе негізінде нормативтік құқықтық актілердің сипаттамасына, оларды есепке алуына назар аударылады. Сондықтан, оның мазмұнындағы тәжірбиелік және теориялық материалдар - лекцияларды, арнайы курстарды оқығанда, семинарларды жүргізгенде қолданыла алады.

Қойылған мақсатқа сатылы және аргументті түрде жету үшін, міндеттердің келесі шеңберін шешу қажет:

  • Құқықтық норманы талқылауды зерделеу, сондай-ақ қазіргі Қазақстандық заңнаманы жетілдіру үшін осы процесстің маңызын анықтау;
  • осы процедураны жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен басқа ұйымдардың тәжірбиелік қызметін мысал етіп нормативтік құқықтық актілердің жүйелеу бар түрлерін қарастыру;
  • құқықтағы олқылықтарды және оны болдырмудың жолдарының және біздің мемлекетіміздің құқық қолдану тәжірбиесі үшін олардың маңызын көрсету.

Зерттеліп жатқан тақырыптың тәжірбиелік маңызы өте зор, өйткені, құқықтық норманы талқылауды, оның түрлері мен әдістері және құқықтық норманы талқылау - бұл норманың нақты мазмұнын түсіндірумен байланысты құзыретті мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және жекелеген азаматтардың қызметі. Талқылау барысында норманы қолданудың талабы, құқықтық қатынастарға қатысушыларды құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық нормаларын бұзған үшін заңды жауапкершіліктің шаралары анықтау жолымен оларды реттеуге және жетілдіруге бағытталған.

1. Құқық нормасы түсінігі және құрылым

1. 1 Құқық нормасының түсінігі, түрлері

Құқық көптеген адамдар мен жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт бойы әрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез - құлық ережелерінің күрделі әрі, әр алуан жүйесі.

Құқық нормасы құқықтың бастапқы элементі. Сондықтан да, құқыққа тән анықтама, белгілер құқықтық нормаға да тән.

Сонымен, құқық нормасы - бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған мемлекет бекіткен не санкциялаған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез - құлық ережелері.

Құқықтық норма әлеуметтік нормалардан бір түрі, бірақ өзіне ғана тән белгілер бар:

1) жалпыға міндетті сипатты - бұл құқық нормасының көптеген нақты өмірлік жағдайларға және көптеген адамдарға жаралады, құқықтық норма тек жеке тұлғаларға емес, сонымен қатар, ұйымдарға да міндетті;

2) формальді анықтылығы - ресми құжаттарда жазбаша нысанда тиісті атаулы болады;

3) мемлекетпен байланысы - мемлекеттік органдармен не қоғамдық ұйымдармен белгіленеді, және мемлекеттік күштеу, ынталандыру, жазалау шараларымен қамтамассыз етіледі;

4) ұсынушылық-міндеттемелік сипат - ол бір субъектілерге құқықтар берсе, келесі субъектілерге міндеттемелер жүктейді, себебі, құқықты міндетсіз, ал міндетті құқықсыз жүзеге асыру мүмкін емес;

5) микрожүйелігі - бір бірімен байланысты гипотеза, диспозиция және санкция сияқты элементтерден тұруын білдіреді.

Құқықтық нормаларды топтастыру құқықтық реттеу жүйесінде құқықтық нормалардың орны мен рөлін, оның табиғаты мен мақсатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Құқықтық нормалардың түрлері:

1) құқықтық реттеу пәніне байланысты құқықтық нормалар келесідей бөлінеді :

- азаматтық құқықтық нормалар;

- әкімшілік құқықтық нормалар;

-жер құқықтық нормалар және т. б.

2) мазмұны бойынша құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- жалпы құқықтық нормалар (барлық қатынастарды реттейді) ;

- арнайы құқықтық нормалар (жеке қатынастарды реттейді) .

3) сипаты бойынша құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- материалдық құқықтық нормалар (қылмыстық, аграрлық құқық) ;

- іс жүргізушілік құқықтық нормалар (азаматтық, қылмыстық іс жүргізу құқығы) .

4) құқықтық реттеудің әдісіне байланысты құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- императивті құқықтық нормалар (міндеттеуші ережелерден тұрады) ;

- диспозитивті құқықтық нормалар (ерік беруші) ;

- ынталандырушы құқықтық нормалар (пайдалы әрекетті марапаттау) ;

- ұсыныс беруші құқықтық нормалар (қолайлы нұсқаны ұсынады) .

5) уақыты бойынша құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- тұрақты құқықтық нормалар (заңдарда болады) ;

- уақытша құқықтық нормалар (төтенше жағдай еңгізу туралы Президенттік жарғысы) .

6) функциясы бойынша құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- реттеуші құқықтық нормалар (тараптардың құқықтары мен міндеттері белгілейді) ;

- конституциялық қорғаушы құқықтық нормалар (субъективті құқықты қалпына келтіруге бағытталған нормалар) .

7) адамдарға таралуы бойынша құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- жалпы құқықтық нормалар (барлық ҚР азаматтарға) ;

- арнайы құқықтық нормалар (мүгедектерге, ардагерлерге) .

8) таралу саласы бойынша құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- жалпы федеративті құқықтық нормалар;

- республикалық құқықтық нормалар;

- локальді құқықтық нормалар.

9) заңи күшіне байланысты құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- заңды құқықтық нормалар;

- заңға тәуелді құқықтық нормалары.

10) құқық шығармашылық субъектілері бойынша құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- мемлекеттік органдар қабылдаған нормалар;

- мемлекеттік емес ұйымдар қабылдаған нормалар.

11) құқықтық норма элементтерінің анықтылық деңгейіне байланысты құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- абсолютті анықталған құқықтық нормалар (тараптардың құқықтарын нақты көрсету),

- салыстырмалы анықталған құқықтық нормалар (әрекеттік нұсқаларын көрсету, мысалы, ҚРҚК жазаның жоғарғы, төменгі шегін белгілеу),

- балама құқықтық нормалар (бірнеше әрекеттер нұсқасын көрсету, мысалы, айыппұл, түзу жұмыстар) .

12) құқықтық реттеу әдісіне байланысты құқықтық нормалар келесідей бөлінеді:

- құқық беруші құқықтық нормалар (белгілі бір әрекеттерді жасауға ерік беру),

- міндеттеуші құқықтық нормалар (адамдарға белгілі бір әрекеттерді жасауды міндеттеу),

- тыйым салушы құқықтық нормалар (белгілі бір әрекеттерді жасауға тиым салу) .

Осы себеппен құқық нормалары әр алуан. Бұл қоғамдық қатынастардың әр алуандылығына байланысты.

Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдар емес, көп жағдайларда олар сәйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нормасы - бұл гипотезадан, диспозициядан және санкциядан құралған жүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы - бұл құқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекеттің ерік білдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының мазмұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болып табылады. Олардың арасындағы байланыс әртүрлі сипатқа ие. Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының логикалық құрылымының үш элементін де нормативтік актінің бір бабына енгізуі мүмкін, бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі мүмкін, кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін әр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін.

Көрсету тәсілдері бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады:

а) тікелей тәсіл -құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі;

ә) сілтемелі тәсіл - нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;

б) бланкеттік тәсіл - нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белглілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.

Құқық көптеген адамдар мен жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт бойы әрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез - құлық ережелерінің күрделі әрі, әр алуан жүйесі.

Құқық нормасы құқықтың бастапқы элементі. Сондықтан да, құқыққа тән анықтама, белгілер құқықтық нормаға да тән.

Сонымен, құқық нормасы - бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған мемлекет бекіткен не санкциялаған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез - құлық ережелері.

Құқықты қолдану - бұл құқықты жүзеге асырудың ерекше нысаны. Ол субъектілердің билік органдарының көмегінсіз өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алмауы жағдайында қажет. Қолдану мына белгілермен сипатталады:

- құқықты тек осыған өкілетті құзіретті органдар ғана қолданады;

- биліктік сипатқа ие;

- іс жүргізушілік нысанда жүзеге асырылады,

- сәйкес жеке, биліктік (құқыққолданушы) актіні қолданумен байланысты;

- үш кезеңнен құралады:

1) істің іс жүзіндегі негізін анықтау; бұл кезде іс бойынша объективтік шындық анықталып, барлық заңды маңызы бар ақпараттарды жинау жүзеге асырылады;

2) істің заңды негізін анықтау; бұл кезде құқыққолданушы осы қоғамдық қатынасты реттейтін құқықтың саласын, институтын және нормасын таңдайды;

3) істі шешу, бұл кезде құқық нормасының негізінде ресми мағынадағы биліктік сипаттағы жеке акт қабылданады. Шешім қабылдау қорытынды әрі негізгі кезең болып табылады. Бұдан кейін шешім орындалуы және нақты қоғамдық қатынас іс жүзінде реттелуі тиіс[3, 187б] .

Құқықты қолдану актісі - бұл нақты бір заңды істі шешу нәтижесінде құзіретті орган шығаратын, жеке биліктік ережеден құралған құқықтық акт. Оның мынадай ерекшеліктері болады :

- құзіретті орган шығарады;

- мемлекеттік-биліктік сипатқа ие;

- нормативтік емес, жеке сипатқа ие, себебі, нақты субъектілерге бағытталған;

- заңмен анықталған өзіне тән нысанға ие.

1. 2 Құқық нормасының құрылымы

Құқықтық норманың құрылымы - бұл оның ішкі құрылысы, бір - бірімен байланысты құрылымдық бөліктердің болуын білдіреді.

Құқықтық норманың құрылымы - бұл оның функционалдық дербестігін қамтамасыз ететін қажетті элементтердің тәртіпке келтірілген тұтастығын білдіреді.

Құқықтықтық норманың құрылымы :

- гипотезадан;

- диспозициядан;

- санкциядан тұрады.

Гипотеза - бұл оның қолданылу жағдайын (уақыт, орын субъективті құрам) көрсететін құқық нормасының элементі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады.

Егер гипотезада (жорамалда) бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса оны қарапайым жорамал дейді. Мысалы егер бала туғанда ата-анасы Қазақстан республикасының азаматы болса, бала да Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі немесе одан да көп мән-жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі жорамал дейді.

Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса оны баламалы жорамал деп атайды.

Құқықтық норманың гипотезасы келесі негіздер бойынша топтастырылады:

1) мазмұнының сипаты бойынша: жалпы және нақты;

2) анықтылық деңгейі бойынша абсолютті анықталған (құқықтық норманың әрекеті негізделген фактіге көрсетеді; мысалы, ескеру мерзімі), абсолютті анықталмаған (оның қолданылуы керек ешқандай фактіні көрсетпейді де, тек мемлекеттік органға қажетті жағдайларда құқықтық норманы қолдануды ұсынады), салыстырмалы (құқықтық норманың шектеулі қолданылу жағдайын көрсетеді; мәселен, норманы жабық әскери қалада қолданылуы) ;

3) гипотеза күрделілік дәрежесіне байланысты біртекті (егер онда бір мән - жай көзделсе) және құрамдас (екі не одан да көп мән-жайлармен байланыстырылса) .

Диспозиция - бұл гипотезада көрсетілген заңи фактінің туындағанда субъектілердің мінез - құлқын білдіретін құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тыйым салған әрекеттерді жасауды көрсетеді) . Диспозиция құқықтық норманың ұйытқысы, мазмұны өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Жорамал санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция - мінез-құлықтың үлгісі.

Диспозицияның түрлері:

а) бейнелеу әдісі бойынша - жай (белгілерін суреттемей әрекетті жасауды білдіреді; мысалы, өлтіру), бейнелеген (бандитизм белгілерінен тұрады), сілтемелік (сол нормативті актінің басқа нормасына сілтеме жасаудан тұрады), бланкетті (басқа нормативтік актіге не заңсыз әрекетке сілтеме жасайды) ;

б) өзінің заңи бағыты бойынша - ұсынып - міндеттеуші (екі жақты мінез - құлық ережелерінен тұрады, жалға беруші және алушы), міндеттеуші (міндетті тұлғаның әрекеті көрсетеді неше шарты бойынша барышқор), құқық беретін (мүмкін болатын мінез - құлықтың түрін көрсетеді, мысалы, сайлаушы), ұсыныс беруші (қандай да бір әрекеттерді жасауды ұсынады, мысалы, адамның өміріне қауіпті жерге бармау), тыйым салушы (заңды жауаптылық көзделетін әрекеттің түрін көрсетеді) .

Санкция - бұл диспозицияны іске асырғаны не асырмағаны үшін субъектіге белгілі бір салдарды көрсететін құқық-тық норманың бір бөлігі.

Олар жағымсыз - жазалау шаралары және жағымды - ынталандыру шаралары деп бөлінеді.

Санкция келесі түрлері бар:

- салыстырмалы - анықталған санкция, жазаның нақты түрi мен мөлшерiн көрсететiн немесе жазаның бiр шегiн белгiлейтiн санкцияның түрi. Санкцияның бұл түрi екi нысанда кездеседi. Бiрiншiсiнде, жазаның төменгi және жоғарғы егi көрсетiледi.

- баламалы санкция екi немесе одан да көп жазаның түрiн көрсететiн санкция.

Құқықтық норманың құрылымы туралы сұрақ - пікір таласты. Кей авторлар норма екі бөліктен - гипотеза және диспозиция, не диспозиция және санкциядан тұрады деп айтса, кей авторлар үш элементтен тұрады деп айтады.

Егер де құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтерінің біреуі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайдыы. Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасауы жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс.

Құқық нормасы құқықтық басқалай да көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандармен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын жеке дара көрсетілген ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке дара ұйғарым нормаға негізделеді. Және бір рет қолданылумен тәмамдалады. Жеке - дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиғаға ғана, жалғыз бір жолғы әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана арналады. Басқа жағынан алып қарағанда, құқық нормасы құқықтың жалпы қағидаларынан ерекшеленеді. Құқық қағидалары нормативтік сипатта болса да, өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді және де өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, жорамал мен санкцияға тікелей шықпайды, яғни байланыспайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.

Қандай да бір норманы оның қай түрге жататынын айқындап, анықтап алуға қызмет ететіндер құқықты жақсылап түсінуі, не үшін қажет болатынын анықтауы, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде екендіктерін біліп алуы қажет. Заң нормаларын жіктеуде оларды реттеуші және қорғаушы деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Оай болатын себебі, әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ықпал ете отырып, оның мінезін, іс-әрекеттерін реттейді. Соның өзімен олардың мінездері, іс-әрекеттері тікелей реттелінетін тәрізді. Қорғау нормалары заң алдындағы жауаптылықтың және субъективті құқықтарды қорғаудан басқалай да мәжбүрлеу шараларын белгілейді. Оларды қолданудың тәртіптік реттері мен жөн жосықтарын анықтайды. Мұнда адамдардың мінездерінің, іс-әрекеттерінің реттелінуі жанамалай түрде жүргізілетін сипатта.

2 Құқық нормасын талқылаудың түсінігі және әдістері

2. 1 Құқық нормасын талқылаудың түрлері

Құқық нормасын талқылау - оларды дұрыс түсінудің және қолданудың маңызды шарты.

Талқылау - бұл құқықтық норманың мазмұнын нақты, дәл мәнін анықтау.

Құқықтық норманы талқылау - бұл норманың нақты мазмұнын түсіндірумен байланысты құзыретті мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және жекелеген азаматтардың қызметі. Талқылау барысында норманы қолданудың талабы, құқықтық қатынастарға қатысушыларды құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ құқық нормаларын бұзған үшін заңды жауапкершіліктің шаралары анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормаларын талқылау
Құқықты қолдану. Құқық нормаларын талқылау
Құқық нормасын талқылау
Құқықты түсіндіру мәні
Алғашқы қауымдық қоғамдағы биліктің және құқықтық нормалардың ерекшеліктерін көрсетіп құқықтық сипаттамасын беру
Құқықтық олқылықтарды құқық нормасымен талқылау әдістері
Құқықты түсіндіру мазмұны
Құқықты түсіндірудің түрлері
Құқықты түсіндірудің маңызы
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz