Құқық шығармашылық және заңдық техника



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1 Құқық шығармашылықтың жалпы сипаты 4
1.1 Құқық шығармашылық ұғымы мен мазмұны 4
1.2 Құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары 6
1.3 Құқық шығармашылықтың түрлері 10
2 Құқық шығармашылық және заңдық техника 12
2.1 Құқық шығармашылық процесстерде талқыланатын 12
мәселелер 12
2.2 Қазақстан Республикасының құқық шығармашылық қызметі 18
және олардың түрлері 18
2.3 Нормативтік құқықтық актілер және олардың түрлері 23
Қорытынды 24
Пайдаланылған дереккөздер тізімі 25

Кіріспе

Кез-келген ғылымның не оның салаларының өзіндік реттейтін, оқытатын пәні
болады. Мемлекет және құқық пәні - қоғамдағы саяси экономикалық, әлеуметтік
құбылыстарды зерттеп, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынастарды реттеу, басқару
әдіс-тәсілдерін, объективтік заңдылықтарын анықтап отыратын ғылым.
Заңдық техникалар жалпы құқық теориясы мен салалық заң ғылымдарына арқа
сүйей отырып құқықтанудың факторлық базасын нығайтады, оның құқықтық,
қоғамдық, әлеуметтік өмірмен, қоғамдық практикамен байланысын күшейтеді.
Өкінішке орай, осы уақытқа дейін Қазақстандық заңгерлер, заң ғылымдарынын
өкілдері заңдық техника үлгілерінің және құқықшығармашылық зерттеулердің
құқықтық-қоғамдық өмірден алынған нақты айғақтық мәліметтеріне зейін қойып,
назар аударғандары шамалы. Ол мемлекет пен құқықтың мәнін терең түсінуге
мүмкіндік береді. Мемлекет пен құқықты бөліп қарауға болмайды, олар бір-
бірімен тығыз байланысты. Құқық мемлекеттік органдардың құрамын
қалыптастырудың ретін, жұмыс тәртібін және оның бағытбағдарын орнықтырады,
ал мемлекет қүқықтық нормаларды қабылдайды, бекітеді және қорғайды, сондай-
ақ құқықшығармашылық процесстерді басқарып, процесстер барысында дәстүрлі
технкианың ескерілуін бақылайды. Құқық шығармашылық процестері түрлі
міндеттер жүктейді, оны пайдалану қажет, тұтына білу керек, сонымен қатар
құқықшығармашылық процестер барысында қолданылатын заңдық техникалар қоғам
игілігіне де қызмет етуге тиіс. Құқықтық субьектілер мен объектілердің
құқықтарын түзете отыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері
заңмен белгіленеді.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Құқықшығармашылық процесстегі заңдық
техника.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Аталмыш тақырыптың өзектілігі және
маңыздылығы біздің егеменді, құқықтық әрі демократиялық қоғамымыздағы кез-
келген құқық түрлерінің маңыздылығымен сирпатталады, оның үстініе түрлі
халықаралық құқықтық қарым-қатынастардың дамуы қарсаңындағы
құқықшығармашылық процесте уақыт талабын ескере отырып, заңдық техниканың
жетілдіруіне де назар аударылуы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты: Құқықшығармашылық процесс барысындағы заңдық
техника ұғымын ажырату, толық талдау, курстық жұмыс жоспарында
қарастырылған мәселелерге қатысты жан-жақты мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың міндеттері: Аталмыш тақырыпқа қатысты әдістемеліктерді
және оқу құралдарын пайдалан отырып, қолданыстағы заңдық техниканы ажырату,
құжаттық рәсімделуін талдау және мәні мен маңызын анықтау.

1 Құқық шығармашылықтың жалпы сипаты

1.1 Құқық шығармашылық ұғымы мен мазмұны

Құқықшығармашылық процесі əдетте Үкімет пен Парламент деңгейінде
бірқатар əртүрлі қызметтің түрлерін енгізеді. Мұндай қызметтің түрлері
əртүрлі сипаттамалы ережелермен реттеледі, оларды мынадай түрлерге бөлуге
болады:
1. Ұсыныстарды бастамашылық жасау құқықтарына, мүдделі тараптармен
консультацияларды жəне мəн-жағдайларға байланысты нормативтік құқықтық
актінің жобасының өзін бекіту мен жариялауға дейін орын алған əр түрлі
кезеңдер мен бекітулерге қатысты рəсімдік сипаттағы ережелер.
2. Нормативтік құқықтық актілердің құрылымына, терминологиясы мен
мəтіндер тілінің стиліне қатысты ережелер.
Нормативтік құқықтық актілердің белгілі түрлерімен ғана реттелетін нақты
мəселелерге қатысты ережелер.
Ұсынылып отырған нормативтік құқықтық актінің ықпал ету бағасына жəне
ұсынылған мəтіндердің мазмұндық жағынан басқа да тексерулерге қатысты
ережелер.
Сонымен бірге шығармашылық процесс барысында құқықтық актілердің
құрылымына, терминологиясына, мəтіннің стиліне, нормативтік құқықтық
актінің ықпал ету бағасы, мəдениет пен тілден басым жалпы практиканың бар
екендігін атап өту керек. Мысалға: нормативтік актінің мəтіні нақты болуы
керектігі туралы талабы барлық əлемде бар. Жəне бір елде жеткілікті түрде
түсініксіз нақты мысалдар басқа елдерде баламалы аударылады жəне
түсіндіріледі.
Сондықтан құқықшығармашылық процесстері барысында қолданылатын заңдық
техникалық құралдың мақсаты осындай халықаралық озық практикаға қол
жеткізуге көмек көрсету болып табылады. Ол Қазақстан Республикасындағы
қолданыстағы ережелерге безендірілген ескертулер түрінде, тиісті озық
практикасына енгізу арқылы жетеді. Ескертулерде түсіндірумен қатар нақты
мысалдар беріледі.
Басқа сөзбен айтқанда егер барлық заңдар тек қана Үкіметпен шығарылады
деген талап бар болса, белгілі заңнамалық бастамашылықты көздейтін
халықаралық озық практикасын қолдану орынды болмайды.
Осы іспетті процесстердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық
базасының жалғасын тапқан жаңғырту процесі, сондай-ақ осы процеспен
байланысты құқықшығармашылық практикасы пен заңнамалық мəтіндерді жетілдіру
шеңберінде айрықша үлгісі бар.
Сондықтан, қазақстандық заңжобаларды жəне басқа да заңнамалық процестің
маңызды мəселелерін құрастырудың, процесс барысында қолданылатын заңдық
техникалардың ережелерін тиянақты қарастырудың алдында, құқықшығармашылық
процесін құқықтық қолдауға бағытталған күрделі қызметтің жеке жəне
топтасқан заңдық техникалардың маңызды рөлі мен жауапкершілігін атап
көрсету үшін, жаңа заңнаманың жəне онымен байланысты Қазақстандағы
бастамашылықты кезең-кезеңмен дамуын талдауды жүргізу қажет. [1, 325]
Жоспар заң жобаларының, оның iшiнде заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттiк
органдарды, нақты заң жобаларын Әдiлет министрлiгiне, Yкiметке және
Қазақстан Республикасының Парламентiне енгiзу мерзiмдерi, сондай-ақ заң
жобаларын әзiрлеу мен енгiзу үшiн жауапты лауазымды тұлғалар көрсетiле
отырып, қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер жәненемесе
толықтырулар енгiзудi көздейтiн заң жобаларының тiзбесiн бiлдiредi.
 Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын Әдiлет министрлiгi мемлекеттiк
органдар мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы Заң жобалау
қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия ұсыныстарының
негiзiнде жасайды және жыл сайын 1 қарашаға дейiн Үкiмет қаулыларының
жобаларын енгiзу үшiн белгiленген тәртiппен Yкiметке ұсынады. Бұл ретте
Әдiлет министрлігі Жоспардың жобасына енгiзiлген әрбiр заң жобасын әзiрлеу
қажеттiлiгiнiң негіздемесiн қамтитын анықтаманы қоса тiркейдi.

1.2 Құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары

Елдің бірінші заңнамалық компьютерлік деректер базасы Қазақстанда 1989
жылы пайда болды, бірақ техникалық ресурстардың жеткіліксіздігіне жəне
телекоммуникациялар саласының даму деңгейі дұрыс жұмыс істемегендігіне
байланысты ол тиісті түрде жұмыс істеген жоқ. Қазіргі таңда жағдай
əлдеқайда жақсарды, сонымен бірге халықтың құқықтық сауаттылығы өсті.
Əділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы құқықтық
ақпаратты таратумен, құқықтық ақпараттың халықаралық алмасумен, заңнамалық
деректер базасын мен заңнамалық тіркелімін жасаумен айналысады.
Мемлекеттік органның міндеттері, функциялары мен құзыреттерінің басқа
аспектісі болып, оларға қабылдай алатын шешімдердің сипаты болып
Қазақстандық заң əзірлеушілер үшін заңнамалық қызметтің техникасы заңдарда
мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша айқын ажыратылып белгiленуге тиiс.
Заң актiлерi баптарының да тақырыптары болуға тиiс.
- Кодекстердiң, ал уəкiлеттi орган мұны қажет деп тапқан
жағдайларда басқа да iрi нормативтiк құқықтық актiлердiң
қажеттi құрылымдық элементi мазмұны болып табылады.
- Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына қосымшалар енгiзiлуi
мүмкiн.
- Нормативтiк құқықтық актi мəтiнiнiң мазмұнымен жазылу стиліне
қойылатын талаптар.
Кіріспеде заңның жалпы мақсаттары қайталану жағдайына алып келуі мүмкін,
мысалы: “Аумақтық су органының міндеті таза сумен тұрақты қамтамасыз ету
жолымен жергілікті халықтың денсаулығы мен əл-ауқатын қамтамасыз етуден
тұрады”. [2,461]
1. Мағынасы болу үшін кіріспеге мемлекеттік органға ұсынылған нақты
өкілеттікті енгізу қажет. Ондай əсіресе азаматтарға қатысты өкілеттіктер
белгілі ақпаратты сұрастыру өкілеттігін, айыппұлды қолдану бойынша
өкілеттіктерді, жеке иеліктерге кіру мен тінту бойынша өкілеттіктерді,
төмен тұрған органдар немесе осындай органдардың қызметкерлерінің
тағайындауы бойынша нұсқауларын ұсыну өкілеттіктерін енгізуі мүмкін.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң мəтiнi əдеби тіл нормалары мен заң
терминологиясы сақтала отырып жазылады. Көнерген жəне көп мағыналы сөздер
мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi
қысқартуға жол берiлмейдi. Баптың (тармақтың) мəтiнi басқа баптарда
(тармақтарда) қайталап жазылмайды.
3. Нормативтiк құқықтық актiлерде басқа актiлердiң баптарына сiлтеме
жасау жəне актiлерде басқа актiлердiң баптарын келтiру, қажет болған
жағдайда нормативтiк құқықтық актiде өзге актiлердiң баптарына
(тармақтарына) сiлтемелер жасауға жол берiледi, сондай-ақ жоғары
тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық айғақ табылады. Осыған
қатысты жай практикада тек қана осындай шешімдерді (рұқсаттарды,
санкциялары, босатылуы, тіркеу) жазуда емес, сондай-ақ жалпы түрде мұндай
шешімдер релевантты болып табылады.
Мұның мақсаты мемлекеттік қызметте іс-əрекеттің еркіндігін шектеу
жолымен біртіндеп қамтамасыз етуден тұрады.
Мемлекеттік органның сатылы лауазымына сілтеме əкімшілік тəртіпте
шағым жасауға немесе басқа рəсімдерге ұрындыруы мүмкін шешімдерді
қабылдаудың мүмкіндігі туралы ұсыныс беру маңызды болып табылады.
Заң техникасының нұсқаулығының тілге жəне пайдаланатын сөздерге қатысты
талаптар ұсынылған.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзiлетiн нормативтiк
құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргiзiлуi міндетті.
Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке,
қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіретін заң актілері мен өзге де
нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама
жүргізілуге тиіс.
Сараптама:
жобаның сапасын, негiздiлiгiн, уақтылылығын, дұрыстығын жобада Қазақстан
Республикасының Конституциясында баянды етiлген адам жəне азамат
құқықтарының сақталуын бағалау;
нормативтiк құқықтық актiнiң ықтимал тиiмдiлiгiн айқындау.
Демек, құжаттың жобасын жасау процесінің бөлігі ретінде емес қарайды,
оның кейінгі бағалауы ретінде қарастырады. Белгілі елдердеде осы сияқты,
бірақ кейбір жағдайларда бірнеше ғылыми сараптама өткізуді қажет деп
есептеледі. Сондықтан ғылыми сараптама заңжобасында əзірлеуге қатысқандар
емес басқалармен өткізіледі. Қазақстандық тəртіптерде сондай-ақ ғылыми
сараптама өткізетін тəуелсіз жəне білікті адамдарға қатысты талаптар
ұсынылған. Бұдан басқа, сондай-ақ сарапшылармен жасасқан шарттарға, соның
ішінде олардың құқықтары мен міндеттеріне белгілі талаптар бар.
Тұжырымдама ғылыми сараптаманы өткізу қажет болған əрбір нақты
жағдайда əзірлеушілердің өздері беглілейді. Алайда заңдардан
айырмашылығы бар басқа актілерге ғана таратылады. Заңдар үшін ғылыми
сараптама міндетті рəсім болып табылады. Көзделмеген əсер етудің
потенциалы болғанда болмашы интервенциялар болған жағдайларда
шектеулі болады, көпшілік елдердің практикасы ұсынылып отырған
мəтіннің əсер ету бағасы мүлдем өткізілмейді немесе егер мұндай
бағалауды өткізу міндетті болған жағдайда жеңілдетілген бағалау
өткізіледі.

“Нормативтік құқықтық актілер туралы” Заңы 1-бабының 11-тармағында
құқықтық органның мынадай түсіндірмесі беріледі:
“Уəкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы
Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мəртебесiн
айқындайтын заңдарда белгiленген өз құзыретiне сəйкес нормативтiк құқықтық
актiлер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары
мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан
Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы
Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы
органдар, жергiлiктi өкiлдi жəне атқарушы органдар Қазақстан
Республикасының ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар)”.
Құқық шығармашылықтың нормасы дегеніміз – бір қатынасты ретеп,
басқаратын ереже. Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық
қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің,
жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-
қатынасын реттеп, басқарып отырады. [3, 307-309]
Құқықтық шығармашылық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза,
санкция.
Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін
көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы
тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш
түрі болады:
Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын
көрсетілмейді.
Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық
кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі. [4, 69]
Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы,
Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін
жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның
жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.
Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын
жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет
қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның
түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.
Әдетте бұл нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс,
мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы
нормалар.
2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек,
отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық -
процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші
нормалар, қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы,
ерік беруші нормалар.
5. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының
қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық,
қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер
бағытындағы нормалар және т.б.

1.3 Құқық шығармашылықтың түрлері

Жұмыс ағымында нормотивтік құқықтық актілердің (соның ішінде заң
шығаратын және заңға тәуелді актілердің) сараптамасын жүргізді; азаматтар
мен құқықтық тұлғалардың арыздарын қарастырумен; азаматтық, еңбек, пәтер
үй, бюджет, әкімшілік заңдарын түсіндірумен, сонымен қатар халықаралық
құқық және мемлекеттік сатып алу аясындағы сұрақтармен айналысты. Қазақстан
Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
және депутаттық сұраныстардың тапсырысын орындаудағы заңдық нәтижелерді
дайындауға қатысты; азаматтық – құқықтық, шаруашылық келісімшарттардың
Заңдық сараптамасын жүргізді; талдау жұмыстарын жүргізіп (қолданыстағы
заңның талдауы), баяндамалар мен есептердің жобаларын дайындады.
Үкiметтiң заң шығару қызметi Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының
жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.  Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының
ағымдағы және перспективалы жоспарларын қалыптастыру Президенттiң
тапсырмалары, Yкiметтiң Бағдарламасы, мемлекеттiк бағдарламалар мен Үкiмет
бекiтетiн бағдарламалар, мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi
iс-шаралар жоспарлары, сондай-ақ Премьер-Министрдiң шешiмдерi ескерiле
отырып жүзеге асырылады. [5, 98-99]
Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы Жоспарға қандай да бiр заң
жобасын енгiзу үшiн мiндеттi шарт болып табылады. Жоспарды Президентпен
келiсу "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң заң жобалары жұмыстарының
жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне Yкiмет енгiзетiн заң жобаларын
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігімен келiсу ережелерiн бекiту
туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 17 мамырдағы N
873 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.
Жоспарда көзделген заң жобаларын ұсыну мерзiмiн ауыстыру туралы, сондай-
ақ заң жобаларын ағымдағы жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған қосымша
заң жобаларын енгiзу туралы мәселелер Yкiметтiң тиiстi қаулыларын қабылдау
жолымен шешiледi. Мұндай қаулылардың жобалары әзiрлеушi мемлекеттiк
органның өтiнiшi бойынша Ведомствоаралық комиссияның отырысында алдын ала
қаралады. Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы болған кезде әзiрлеушi
тиiстi жобаны осы Регламентте белгiленген тәртiппен Кеңсеге енгiзедi, бұл
ретте жобаға түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде осы мәселе бойынша
Ведомствоаралық комиссияның негiздемесi мен шешiмi көрсетiледi.
      Мемлекеттiк және өзге де бағдарламалар, тұжырымдамалар, Үкiметтiң iс-
шаралары жобаларының нормалары (ережелерi) заң жобалауды қамтамасыз ету
бөлiгінде Ведомствоаралық комиссиямен келiсiледi.
Мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды
заңнамалық реттеудiң жаңа тетiктерiн енгiзу перспективалы Жоспарға
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзумен бiрге жүргiзiлуге тиiс.
     Заң жобалау жұмыстарының қабылданған жоспарларына енгiзiлетiн
өзгерiстер және (немесе) толықтырулар Мемлекет басшысымен не оның
тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен
мiндеттi түрде келiсiлуге жатады. [6, 28]
Перспективалы және ағымдағы жоспарлардың орындалуын жалпы бақылауды
Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Әдiлет министрлiгi ай сайын Үкiметтiң
заң жобалау қызметiнiң барысын қорытады және есептiден кейiнгi айдың 1-
күнiне ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есептi, оның iшiнде
жоспарланған заң жобаларының мемлекеттiк органдар мен Парламентте өтуi
туралы ақпаратты ұсынады.  Жоспарланған заң жобаларын әзiрлеу мерзiмi
бұзылған кезде Кеңсе Әдiлет министрлiгi ақпаратының негiзiнде Премьер-
Министрге заң жобаларын әзiрлеу мерзiмiнiң бұзылуына кiнәлi лауазымды
тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар енгiзе алады.
Халықаралық шарттарды ратификациялау мен олардың күшiн жою туралы және
оларға қосылу туралы заң жобаларынан басқа, жоспардан тыс заң жобалары
Ведомствоаралық комиссиямен алдын ала келiсiлуге жатады, оның оң
қорытындысы заң жобаларын белгiленген тәртiппен Үкiметке енгiзу үшiн негiз
болады. Заң жобаларын әзiрлеудiң және ұсынудың сапасы, уақтылығы үшiн
Жоспарда көрсетiлген лауазымды тұлғалар дербес жауапкершiлiкте болады.
Жоспардың негiзiнде заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттiк органдар
белгiленген мерзiмде заң жобаларын Кеңсеге осы заң жобаларын Парламенттiң
Мәжiлiсiне енгiзу туралы Үкiмет қаулыларының жобаларымен бiрге енгiзедi.
Көрсетiлген жобаларды дайындау, ресiмдеу, келiсу, оларға дауыс беру және
енгiзу, сондай-ақ олар бойынша келiспеушiлiктердi қарау тәртiбi
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында,
Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Регламентiнде және осы
Регламентте көзделген ерекшелiктермен бiрге Үкiмет қаулыларының жобаларын
енгiзу үшiн белгiленген тәртiпке ұқсас. [7, 45-49]

2 Құқық шығармашылық және заңдық техника

2.1 Құқық шығармашылық процесстерде талқыланатын

мәселелер

Заң жобасын әзiрлеушi жобаға тиiстi ғылыми сараптама жүргiзудi
қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды ұсынымдық сипатқа ие
болады (барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi
мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда). Әзiрлеушi
көрсетiлген қорытындыларды мiндеттi түрде заң жобасына басқа материалдармен
бiрге мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Кеңсеге енгiзедi. Ғылыми
сараптаманың терiс қорытындысы кезiнде (мемлекеттiк экологиялық
сараптаманы, оның нәтижелерi бойынша заң жобасында мiндеттi түрде жойылуға
тиiс ескертулердi қоспағанда) заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттiк орган
сараптамалық қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-
ақ қайтадан немесе қосымша сараптама жүргiзу туралы өз бетiмен шешiм
қабылдайды. Заң жобасы бойынша сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар
қабылданбаған жағдайда, әзiрлеушi заң жобасына iлеспе хатта қабылдамау
себептерiнiң дәлелдi негiздемесiн келтiруге тиiс.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын заңдардың жобалары
ұсынымдық сипатта болатын сараптамалық қорытындылар алу үшiн жеке
кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң тiркелген бiрлестiктерiне жiберiледi және заң
жобалары қабылданғанға дейiн оларға мiндеттi қосымшалар болып табылады.
Жобаны әзiрлеушi сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда заң
жобасына түсiндiрме жазбада сараптамалық қорытындымен келiспеу себептерiне
дәлелдi негiз келтiруге тиiс.
Мыналар Президент Әкiмшiлiгiмен мiндеттi түрде алдын ала келiсiлуге
тиiс:
      1) Парламентте қаралуы Президент атынан шұғыл немесе басымдықты деп
жариялау жоспарланатын заң жобалары. Президенттiң заң жобаларын шұғыл
немесе басымдықты деп, оның iшiнде Үкiметтiң бастамасы бойынша жариялауы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 29 сәуiрдегi N
1074 Жарлығымен бекiтiлген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу,
сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесiне сәйкес жүзеге
асырылады;     
2) Президенттiң тапсырмасы бойынша Үкiмет әзiрлеген және Парламент
Мәжiлiсiне енгiзуге жататын заң жобалары;
3) конституциялық заңдардың, кодекстердiң жобалары, сондай-ақ
қолданыстағы конституциялық заңдар мен кодекстердi өзгертуге және
толықтыруға бағытталған заң жобалары;     
4) жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды,
елдiң саяси және сайлау жүйелерiн жетiлдiруге бағытталған заң жобалары;
     5) қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы құқықтық қатынастарды
регламенттейтiн заң жобалары.  Президент Әкiмшiлiгiнiң онымен келiсiлетiн
заң жобалары бойынша ескертулері толық ескерілмейтін жағдайда, Кеңсе бұл
туралы Президент Әкiмшiлiгін хабардар етедi.
Шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттiк
органдар осы Регламентке сәйкес келiсiлген заң жобаларын Кеңсеге Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 29 сәуiрдегi N 1074 Жарлығымен
бекiтiлген Заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң
жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау ережесiнiң 1-тармағына сәйкес
Үкiметке немесе тиiстi мемлекеттiк органға хабарлама келiп түскеннен кейiн
10 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгiзуге тиiс. Бұл ретте шұғыл деп
жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттiк органдармен келiсу мерзiмi
олар келiп түскен күнiнен бастап 3 күнтiзбелiк күннен аспауға тиiс.  
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен келiсiлгеннен кейiн
Үкiмет шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобасын 7 күнтiзбелiк күн
мерзiмнен кешiктiрмей Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзедi.     
Президент шұғыл деп жариялаған заң жобасы Президенттiң арнайы жолдауы
Парламентте жария етiлгеннен немесе осы жолдау Парламентке арналғаннан
кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына
енгiзiледi.
Заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттiк органдар оларды Үкiметке енгiзу
кезiнде нақты заң жобасын басымдықты деп қарауды айқындау немесе оны
қарауды шұғыл деп жариялау туралы бiр уақытта ұсыныс енгiзуге құқылы. Бұл
ретте заң жобасына түсiндiрме жазба, оның iшiнде оны басымдықты деп
айқындау немесе шұғыл деп жариялау қажеттiлiгiнiң негiздемесiн қамтуға
тиiс.
Үкiмет өзi әзiрлейтiн заң жобаларына қатысты Президентке нақты заң
жобасын басымдықты деп қарауды айқындау немесе оны қарауды шұғыл деп
жариялау туралы ұсыныс енгiзедi. Бұл ретте Үкiметтiң ұсынысына тиiстi заң
жобасы және заң жобасын Парламенттiң басымдықты деп қарауды айқындауы
немесе оны қарауды шұғыл деп жариялауы қажеттiлiгiнiң негiздемесiн қамтитын
және заң жобасының нақты мақсаттарын ашатын түсiндiрме жазба мен ол шешетiн
мiндеттер қоса берiлуге тиiс.
Үкiметтiң бастамашылығы бойынша Парламент Мәжiлiсiнiң қарауына
енгiзiлетiн заң жобаларының түпнұсқаларына мiндеттi түрде: заң жобасын
әзiрлеушi мемлекеттiк органның және Әдiлет министрлiгiнiң басшылары, Кеңсе
Басшысы және Премьер-Министр (оның мiндетiн атқарушы тұлға) бұрыштама
соғуға тиiс. Үкiмет бланкiсiне шығарылған заң жобасына түсiндiрме жазбаға
Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және Премьер-Министр (оның мiндетiн атқарушы
тұлға) қол қояды. Заң жобаларының түпнұсқаларымен бiрге Парламент
Мәжілісіне олардың магниттi жеткiзгiштердегi көшiрмелерi енгiзiледi.
Үкiметтiң бастамашылығы бойынша Парламентке енгiзiлген заң жобалары
Парламент Мәжiлiсiнiң қаулылары бойынша ғана Кеңсеге қайтарылуы мүмкiн.
Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, оның iшiнде мемлекеттiк
кiрiстердi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығыстарды арттыруды көздейтiн заң
жобалары бойынша Үкiмет Парламентке мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде
қорытынды ұсынады.    Парламент депутаттары бастамашылық жасаған, Үкiметке
келiп түскен заңнамалық кесiмдердiң жобалары Ведомствоаралық комиссияның
отырысында қаралуға тиiс. Ведомствоаралық комиссия заң жобасы Кеңседе
тiркелген күнiнен бастап 15 күн мерзiмде не Премьер-Министрдiң немесе оның
орынбасарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрғылықты халықтың мемлекеттің құқық шығармашылығына қатысуы қай кезеңнің болмасын негізгі мәселесі
ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Құқық шығармашылық қызметінің теориялық негіздері
Аграрлық құқықтық қатынастар
Құқықтық шығармашылықтың түрлері
Құқық шығармашылығының негізгі қағидалары
Азаматтық құқықтар объектілері
Құқық шығармашылығының түсінігі
Құқық нормаларының құрылымдық мен элементтерінің сипаттамасы
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ СӨЗ БОСТАНДЫҒЫ
Пәндер