Құрылыс шығындарының есебі


Жоспар
Кіріспе
1. Құрылыс шығындарының есебі
1. 1 ЖШС-тің техникалық экономикалық жағдайы және оның негізгі көрсеткіштерін талдау
1. 2 Шығындардың құрылымы мен жіктелуі
1. 3 Құрылыс-монтаждау шығындарының есебі мен талдауын халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай жетілдіру
ІІ. Құрылыстағы шығындар және құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құнын калькуляциялаудың аудиті
2. 1 Құрылыстағы өндірістік шығындарды есептеуге аудиторлық тексеру жүргізу
2. 2 Серіктестіктегі бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасында құрылыс саласы жеке меншікті нысанында құрылған және нарықтық қатынастар жүйесінде дамыған болып саналатын экономикалық аспектілердің маңыздыларының бірі.
Республика экономикасының даму кезеңіндегі Елбасының алға қойған талаптарына және де мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, бүгінгі күні құрылыс өндірісінің ауқымы кеңіп, көлемі күннен-күнге жоғарлауда. Осы құбылысқа байланысты халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру заман талабына сай орындалуы керек. Талапты орындау мақсатында нақты жүргізілген есеп қана нысанның әр бір шаршы көлемін дұрыс бағалай алады.
Құрылыс өндірісі технологиясының шаруашылық субъектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыру әсер ететін өзіне тән ерекшеліктері бар. Құрылыс өндірісі жермен тікелей байланысты. Құрылыс барысында өндірілетін өнім сол орында қалады, жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа объектіге ауысып отырады. Жұмыс күші мен құрылыс техникасын басқа жерге ауыстыру қосымша шығындары талап етеді. Кейбір шығындар (құрылыс машиналары мен механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын ала жиналып, одан кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.
Сондықтан қазіргі таңда құрылыс шаруашылығының тұрақты дамуына және тиімді пайдалануына, саладағы өндіріс шығындарының есебінің дұрыс ұйымдастырылуы маңызды әсер етеді. Яғни дұрыс ұйымастырылған бухгалтерлік есеп - қорлар және ақша қаражаттардың үнемді пайдалануы, жөндеу жұмыстарының өзіндік құндарын төмендетуге, өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер тудырады.
Бүгінгі күні қалыптасқан экономикалық жағдайлар құрылыстың жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығындарды төмендету мақсатында толық ақпарат қажет. Жөндеу жұмыстарына жұмсалған нақты шығындар тек есеп мерзімінің аяғында жинақталғандықтан, құрылыс монтаж жұмыстарының өзіндік құндарын төменету жолдарын анықтау, шығындарды жедел бақылау, ұйымдастыру мүмкінігі болмай отыр. Есебін тиімдіу ұйымастыру үшін басқару жүйесін жақсарту, жеделдігі мен талдамалығын жоғарлату қажет.
Осы аталған міндеттемелерді жүзеге асыру үшін құрылыс саласындағы технологиялық ерекшеліктеріне қарай өндірістік шығынардың қалыптасуын анықтай отырып, құрылыс монтаж жұмыстарының өзіндік құндарын құрайтын тікелей және үстеме шығындар есебін жүргізу, оларды төмендету жолдарын іздестіру және жұмсалған шығындарға жүргізілген талдау және жеел бақылау механизмдерін жетілдіру қажет.
Курстық жұмыстың өзектілігі - құрылыс өндірісінің ерекшеліктерін зерттеп, құрылыс ұйымдарында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаумен байланысты шығындар есебінің қазіргі кезеңдегі жағдай және оны даму ерекшеліктері жолдарын анықтау.
1. Құрылыс шығындарының есебі
- ЖШС-тің техникалық экономикалық жағдайы және оның негізгі көрсеткіштерін талдау
«Қазқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылады.
Қоғамның толық атауы мемлекеттік тілде: «Қазқүрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Қазқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2 маусым 2000 жылы Алматы қаласының Қазақстан Республикасының Әділт министрлігіне қарасты юстиция басқармасында (мемлекеттік тіркеу туралы күәлігі №3279601-1910-ТОО) тіркелуі бойынша құрылды.
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты заңды тұлғалар мен халыққа құрылыс жөндеу қызметтер мен жұмыстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кіріс табу болып табылады. Аталған мақсаттарына жету үшін Серіктестік әкімшілік жайлар мен жалпы пайдаланылатын жайларды жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстары, фасадтар салу, инжиниринг, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен тыйым салынбаған кез келген түрлерін атқару. Лицензия алынуы керек қызмет түрін атқару үшін Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте лицензия алу міндетті.
Серіктестіктің орналасқан жері: 4880099, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Ақсай 1- 20 үй. Серіктестіктің қызмет атқару мерзіміоның Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органында мемлекеттік тіркеуден өткен кезінен бастап есептеледі және уақыт бойынша шектелмеген. Серіктестіктің қатысушылары: 1) Қалибеков Арслан Калибекұлы - Қазақстан Республикасының азаматы, 23. 07. 1976 жылы Талдықорған обл. туылған, жеке күәлік №58007, Қазақстан Республикасының ІІМ 21. 11. 1995 ж. берілген, СТН 600718624714, «Қазқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестікгінің негізгі тұтынушылары деңгейі орташадан жоғары жеке тұлғалар болып табылады.
Серіктестіктің алдына қойған негізіг міндеті: максималды табыс алу, ол үшін кәсіпорын өзінің қызмет көрсету және құрылыс монтаждау жұмыстарын ұлғайтады және қызмет көрсету сервисін жетілдіреді, содан оның қаржылық жағдайы бір қалыпты тұр.
Серіктестіктің заңды мәртебесі:
- Серіктестік Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің органдарымен мемлекеттік кезінен бастап заңды тұлғаның құқықтарын иеленеді. Серіктестік өз қызметін Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының 22. 04. 1998 ж. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңына және серіктестіктің жарғысына сәйкес атқарады.
- Серіктестік жұмыскерлерінің жылдыққ орташа саны 250 адаманан көп болатын немесе бір жылғы активтерінің жалпы құны айлық есеп көрсеткішінің үш жиырма бес мың есесінен артық болатын ірі бизнестің субъектісі бболып табылады.
- Серіктестік өз жарғысымен және қатысушылардың жалпы жиналысының шешімдерінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шегінде құқықтарға ие, қызметін атқару үшін қажетті рәміздері (банктік шоттары, соның ішінде валюталық шоттары, мөрі, мөртаңбалары, бланктері, таура белгілері, т. б. ) бар.
- Серіктестік коммерциялық ұйым болып табылады, қызметінің мақсаттырна жету үшін өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге, міндеттерді қабылдауға, соттарда арыз беруші ретінде әрекет етуге құқылы.
- Серіктестік Қазақстан республикасынң аумағында және одан тыс жерелерде филиалдар мен өкілдіктерді құруға, басқа заңды тұлғалармен бірлестіктерге (одақтарға) кіруге, сондай-ақ басқа заңды тұлғалардың қатысушысы болуға құқылы.
- Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі Қазақстан Рсепубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеп алынуы мүмкін барлық мүлкімен жауап береді. Мемлекет пен оның органдары Серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, Серіктестік те Мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестік өз қатысушыларының оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздерінің енгізген салымдарының құны шегінде Серіктестіктің қызметіне байланысты шығындар тәукелін көтереді. Жарғылық капиталрға салымын толық енгізбеген серіктестіктің қатысушылары әр бір қатысушының енгізілмеген салым бөлігінің құны шегінде оның міндеттемелері бойынша ортақ жауапкертшілік көтереді.
Серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері:
Серіктестік қатысушылары міндетті:
- Серіктестіктің жарғысымен, құрылтай шартымен және Қазақстан Рсепубликасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Серіктестіктің істерін басқаруға қатысуға,
- Серіктестіктің басқарушы органдарын сайлауға, тағайындауға, кері шақырып алуға және с айлануға;
- Серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға, бухгалтерлік және басқа құжатнамамаен танысуға;
- қатысушыларының Жалпы жиналысының құзыретіне сәйкес оған жарғымен және Қазақстан Рсепубликасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте Серіктестіктің қызмет мәселелері жөнінде ұсыныстар жасауға;
- Қазақстан Рсепубликасыныңу заңнамасына және қатысушыларының Жалпы жиналысының шешіміне сәйкес Серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне сәйкес Серіктестіктің қызметінен кіріс алуға;
- Серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзіне тиесілі үлесті (үлесінің бір бөлігін) сатуға немесе басқаша шеттетуге (соның ішінде кепілге алуға) ;
- Серіктестік тараған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктің құнын немесе Серіктестіктің барлық қатысушыларының келісімі бойынша осы мүліктің бірбөліні заттай алуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте үлесін шеттету арқылы Серіктестікке қатысуын тоқтатуға.
Серіктестік қатысушылары міндетті:
- Серіктестіктің құрылтай шартымен және жарғымен қарастырылған тәртіпте, мөлшерлерде және мерзімдерде Серіктесстіктің жарғылық капиталына салымдар енгізуге;
- Серіктестіктің құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;
- құрылтайшартының талаптары мен Серіктестіктің жоғарғы басқару органдарының шешімдерін орындауға;
- Серіктестіктің жарғысымен және құрылтай шартымен белгіленген тәртіпте Серіктестіктің қызметне қатысуға, оның ішінде Серіктестіктің коммерциялық жобаларын жүзеге асыру шегінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауға;
- Серіктестік коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді таратпауға;
- Серіктестікке шығын әкелуі ықтимал қызметтен бас тартуға.
Серіктестіктің қатысушылары Қазақстан Рсепубликасынң заңнамасымен, құрылтай құжаттырмен және қатысушылардың Жалпы жиналысының шешімдерімен қарастырылған басқа да құқықтарға ие болып, міндеттерді көтеруі мүмкін.
Серіктестіктің мүлкі:
Серіктестіктің мүлкі құрылтайшылардың (қатысушылардың) енгізген алғашқы салымдарының, қосымша жарналардың, Серіктестіктің кәсіпкерлік және шаруашылық қызметтен алынған кірістердің есебінен, сондай- ақ Қазақстан республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздерден құралады. Серіктестік негізгі қорлардан, айналымдағы қаражаттардан, басқа да құндылықтардын құралған мүлкіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте иелік ету, пайдалану және өкімдік ету құқығын жүзеге асырады. Серіктесітктің мүлкі оның жеке басында есепке алынады.
Жарғылық капиталы:
Серіктестіктің қызметін қамтамассыз ету үшін қатысушылардың ақшалай салымдарының есебінен Серіктестіктің жарғылық капиталы құралады. Жарғылық капиталдың алғашқы мөлшерін қатысушылар 1205000 (бір миллион екі мың бес жүз) теңге мөлшерінде құрайды. Серіктестіктің мемлекеттік тіркелуі кезінде жарғылық капитал толығымен құралады. Серіктестіктің жарғылық капиталы барлық қатысушылардың қосымша пропорционал салымдар енгізу арқылы, Серіктестіктің жеке меншік қаражаттарының есебінен, барлық қалған қатысушылардың келісімі болған жағдайда бір немесе бірнеше қатысушының қосымша салым енгізу арқылы, Серіктестіктің құрамын жаңа қатысушыларды қабылдау арқылы ұлғайтылады. Серіктестіктің жарғылық капиталы Серіктестік қатысушыларының салымдарының мөлшерін пропорционал азайту арқылы немесе жекелеген қатысушылардың үлестерін толығымен немесе ьір бөлігін өтеу арқылы азайтылады. Қатысушылардың Жалпы жинадлысы жарғылық капиталды азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі ай ішінде Серіктестік жарғылық капиталының азайғандығы туралы хабарламаны барлық несие берушілеріне жіберуге немесе серіктестіктер туралы мәліметтер жарияланатын ресми басылымда сәйкес хабарландыру беруге міндетті. Серіктестіктің жарғылық капиталы мемлекеттік тіркелген кездегі заңнамамен белгіленген ең аз мөлшерден төмен азайтуға жол берілмейді. Серіктетстік қатысушыларының жарғылық капиталдағы үлестері және Серіктестіктің мүлік құнындағы сәйкес үлестері (мүліктегі үлесі) Серіктестіктің жарғылық капиталындағы салымдарына пропорционал болады және бүтіннің бір бөлігі немесе пайыз түрінде беріледі. Серіктестік қатысушысы Серіктестіктің мүлкіндегі үлесін немесе оның бір бөлігін Серіктестіктің басқа қатысушыларына немесе үшінші тұлғаларға сатуға немес басқа жолмен беруге құқылы. Серіктестіктің қатысушысы өз үлесін Серіктестіктің бас қатысушылардың алдындағы міндеттемесінің қамтамасыз етілуі ретінде кепілге салу құқылы. Осындай мәмілелерді жасау үшін Серіктестіктің немесе басқа қатысушылардың келісімі талап етілмейді. Серіктестіктің қатысушылары үшінші тұлғалар алдындағы қоладныстағы заңнамамен қарастырылған тәртіпте қатысушының үлесін немесе оның бір бөлігін артықшылықпен сатып алу құқығын пайдаланады. Серіктестіктің қатысушысының үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемесінің қаматамасыз етілуі ретінде үлесін (оның бір бөлігін) үшінші тұлғаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шеттетуіне немесе үлесті (үлестің бір бөлігін) кепілге салуына жол беріледі. Кез келген негіз бойынша үлеске деген құқықты жоғалту қатысушысының Серіктестіктен шығуына алып келеді. Қолданыстағы занамамен белгіленген тәртіпте үлесті иелену иеленушінің Серіктестік қатысушыларының құрамына кіруін білдіреді.
«Қазқұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестікгінің бухгалтериясы бухгалтерлік есебінің келесі бөлімшелерінен құралады: негізгі құралдар және
тауарлық материалдық құндылықтардың есебі; еңбекақы бойынша қызметкрелермен есеп айырысу есебі; ақша қаражатының есебі (кассалық опрециялар есебі және есеп айырысу шотындағы ақша және валюталық шотындағы ақша операцияларының есебі) ; әлеуметтік сферасы бойынша операциялар есебі, дайын өнімнің есебі, сатыпалушылар мен тапсырысшылармен есеп айырысудың есебі.
Бұл шаруашылық субъект жайлы толығырақ ақпарат алу үшін оның нақты қызметін мінездейтін қаржылық-шаруашылық қызметімен және динамикадағы негізгі көрсеткіштерімен танысу керек (Кесте 1) . Келтірілген технико-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып, еңбек өнімділігінің 15% түсуіне қарамастан, кәсіпорын табысты екенін көруге болады.
Кесте 1. «Қазқұрылыс» ЖШС-тың 2006-2007 жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің экономикалық көрсеткіштері
Қордың қайтарылуы
(. 1жол/3жол), тенге.
Балансты экономикалық оқу барысында келесі қорытынды жасалды:
- Баланстағы Активтің барлық бөлімшелерінің жалпы жиыны Пассивтің барлық бөлімшелерінің жалпы жиынына тең: А (І+ІІ) = П(І+ІІ+ІІІ)
Біздің баланс бойынша теңдігіміз мынаны құрайды:
Жыл басына 2702+187=3992+58
Жыл аяғына 4079+339=6789+68
- Активтің бірінші бөлімінің жиынын, әдеттегідей, пассивтің бірінші бөлімінен кем болады: АI < ПI
Анализденген кәсіпорында бұл теңсіздік келесідей талданады:
Жыл басына 2702 < 3992
Жыл аяғына 4079 < 6789
- Ағымдағы активтің жалпы суммасы ағымдағы және ұзақмерзімді міндеттемелердің қосындысынан көп болады: АІІ < П(ІІ+ІІІ)
Біздің мысалымыз бойынша бұл теңсіздік келесідей түрге ие болады:
Жыл басына 187 > 58
Жыл аяғына 339 > 68
- Актив = Өзіндік капитал + Ұзақ мерзімді міндеттемелер + Ағымдағы міндеттемелер
Жыл басына 4572 = 3992 + 0 + 58
Жыл аяғына 7469 = 6789 + 0 + 68
Есеп беретін жылдың ішінде баланс валютасы 31 тг. Ұлғайды. Бұл кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігінің өсуін және жағымды бағаны аларлықтай еңбек еткенін көрсетеді. Сонымен бірге жасалған жұмыстан кірістің ұлғайуы көрінеді (1, 1%), бұл кәсіпорында қаражатты дұрыс пайдалануының көрсеткіші болып табылады. Бірақ бұл қаражаттардың көзі ағымдағы міндеттемелер болып табылатындығын ұмытпауымыз керек.
Жоғарыда көрсетілген есеп айырысудан көргеніміздей осы шаруашылық субъект аса жедел міндеттемелерді жабудан қаржылық қиыншылық көріп отырған жоқ.
Кесте 2. «Төлемқабілеттілігінің коэффициентінің есебі»
Өсу қарқыны
(+ -)
Кестеден көріп отырғанымыздай кәсіпорынның анализі 31. 12. 2005 жылына жасалып отыр және ол қаржылық қиыншылықтарды сезіп отырған жоқ. Бұл күні жұмыс күні аяқталғанша өзінің жедел міндеттемелердің 100% жабуға болатынын көріп отырмыз.
1. 2 Шығындардың құрылымы мен жіктелуі
Шығындарды жіктелу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі (негізгі және қосымша) ; өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама) ; өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты) .
Шешілетін мендеттеріне қарай шығыстарды жіктеуге болады: өнімнің өзіндік құны мен алынған пайдыны есептеу - келген және шыққан, өндірістік және кезеіңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығынарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу - реттелетін және реттелмейтін.
Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Жасалған жұмыстың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамның пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтының бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады.
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу. Барлық кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің өндіріс тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің жалпы жүйесінде басты орын құрамы оны қалыптастыратын шығынармен белгіленетін өзіндік құнға беріледі. Өндіріс шығындары - қызметті көрсету мен өнімді өткізуге жұмсалған қоғамдық еңбек шығындары. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.
Шығынар - басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындары топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданылған жөн.
2«Қорлар» атты Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында шығындар былайша жіктеледі:
- Пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің өзіндік құнын белгілеу үшін қажет.
- Шығынды көтерушілер, яғни қызмет түрі бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау
- Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша:
- Экономикалық элементтер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 7 БЕС сәйкес бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:материалдық шығындар; еңбекті өтеуге жұмсалған шығындар; ақша аударулар; құралдардың тозуы; басқадай шығындар.
- Калькуляция баптар бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 7 БЕС бойынша бұларға:материалдареңбекті өтеуақша аударулар (аударымдар) қосымша шығындар
Көрсетілген топтарды салыстыру 6 кестеде көрсетілген.
Кесте 3. Элементтер мен калькуляция баптары бойынша шығындардды топтастыру, мың теңге
- Материалдық шығындар
- Еңбекті өтеуге шығатын шығындар
- Аударымдар
- Құралдардың тозуы
- Басқадай- шығындар
- Өндірістік емес шоттарға (-) (қайтарымды қалдықтар құны, ақаулар, кінәлілерден шығынның орнын толтыру және т. б)
Экономикалық элементтер (117000теңге) және калькуляция баптары (114000теңге) бойынша шығындар өндірістік емес шоттарға есеп өзгерту бөлігіне түзету элементтері бойынша жиынттыққа кірмей тұрып сандық жағынан бірдей болмайды. Шығындардағы айырмашылықтар сондай ақ ұқсас атаулардың элементтері мен калькуляция баптары бойынша да болады.
Мысалы, экономикалық элементтер бойынша «Еңбекті өтеу шығындары» 17000 теңге болып, ал «Еңбекті өтеу» калькуляциясының бабы бойынша 1 теңге болып көрсетілген. Айырма жабдықты күтумен шұғылданатын жұмысшылардың еңбегін өтеу шығындарында, яғни қосымша шығындарда ескерілген.
Алайда экономикалық элементтер мен шығын баптары бойынша шығын есебіндегі топтасулар өзара байланысты екендігін байқаған жөн, өйткені олар субъектінің бірдей шығындарын құрамы (элементтер) және мақсатты белгілеуі (калькуляция баптары) бойынша сипаттайды.
Бұл есепте тұтастай шаруашылық жүргізуші субъект бойынша ақпаратты элементтік тұрғыда қалыптастыру және оны шығындардың пайда болу орны мен қызмет көрсету түрлері, калькуляция баптары бойынша мұқият қарастыруға, өзіндік құнды анық есептен шығаруға, кәсіпорын шығындарын бақылауды жақсартуға мүмкіндік береді. Экономикалық элементтер бойынша топтастыру олардың құрылымын оқып үйрену, өндірістік шығындардың сметасы қолданылады. Екі топтасу да бірін-бірі толықтырады және өнім өндірісіне жұмсалған шығынды есептеуге, өзіндік құнды есептеу мен талдауға мүмкіндік береді.
Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін
Кесте 4. Өндірістегі шығындарды жіктеу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz