Шет тілі лексикасының ерекшеліктерін ашып көрсету



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
КІРІСПЕ 2

1. ТІЛДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР 6

1.1. Тілдің лексика жүйесі мен құрамы 6

1.2. Лексиканың салалары мен түрлері 10

2. ШЕТ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ЛЕКСИКАҒА ҮЙРЕТУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ТӘСІЛДЕР 13

2.1. Лексиканы оқытудың ерекшеліктері 13

2.2. Лексиканы оқытудың негізгі жолдары мен әдістері 18

2.3. Шет тілін оқытуда сөздік қорды арттырудың жолдары 25

3. ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫ 29

ҚОРЫТЫНДЫ 37

ТІРКЕМЕ 1 39

ТІРКЕМЕ 2 39

ТІРКЕМЕ 3 40

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41

КІРІСПЕ

Тіл, тілдің қазіргі сөз байлығы – ұрпақтан-ұрпаққа өтіп, бірден-бірге
ауысып, бүгінгі дәуірге дейін келіп жеткен мол қазына, асыл мұра.
Әр халық лексикасы – сол халықтың басынан кешкен ұзақ сонар
тарихының, саяси-әлеуметтік өмірінің тұрмыс-салты, күнкөріс тіршілігінің
тілінде қалдырған ізі. Тілдегі сөздер – халықтың барлық білген білімі мен
білігі, ойы мен идеясы, дүниетанымының көрінісі.
Тіл, тілдің лексикасы[1] үнемі даму процесінде болады; көне
заманнан бермен қарай қолданылып келе жатқан байырғы сөздер бұрынғы
үйреншікті мағыналарына қосымша, үстеме мағыналар қосып алып, қолданылу
өрісін кеңейте түседі; жаңа міндет атқарып, жаңа мағына білдіріп, әдеби тіл
сөздігіне қайтадан еніп, актив лексикада қолданылып жүрген көне сөздер,
қарапайым сөздер, жергілікті сөздер, кәсіби, кітаби сөздер де аз емес, орыс
тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енген интернационалдық сөздер
мен терминдер, соның ішінде тілінің сөздік құрамын мейлінше толықтырып,
байыта түсуде.
Тілдің лексикасы тілдегі сөздердің қолданылу аясы, шеңберіне
қарай да топтастырылады. Өйткені, тілдің лексикасы – тілдің сөздік
құрамының белгілі бір стилистикалық қабаттарының да, белгілі бір әдеби
бағытқа тән сөздердің де жиынтығы. Қысқасы, тілдің лексикасы стиль
ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Сондықтан да, әр стильдің өз қызметіне қарай белгілі бір актив қоры,
яғни өзіне тән дерлік – сол стильде ғана көбірек қолданылатын сөздері мен
сөз тіркестері болады. Сөздің ондай топтарының әрқайсысының өзіндік
стилистикалық бояуы, мағынасы болады.
Сол сияқты шет тілінің лексикалық стиліне тән лексиканың арғы негізі
– ауызекі сөйлеу тілі лексикасы. Шет тілінің ауызекі сөйлеу лексикасында
күнделікті қарым-қатынаста қолданылатын кәдімігі үйреншікті, жұрттың бәрі
де айта беретін сөздер жатады.
Сондықтан да, шет тіліне үйретуде үйренушілерге лексикалық дағдыны
меңгерту маңызды.
Сонымен қатар, шет тілінің ауызекі сөйлеу лексикасы – тіл-тілдің
ежелгі сөздік қоры, әдеби тілдің бастауы, қайнар көзі мен сарқырамас
бұлағы.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының шет елдермен экономикалық,
саяси, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары даму үстінде. Сондықтан,
елімізге шет тілдерін жетік меңгерген мамандар аса қажет.
Жалпы шет тілдерін меңгеру арқылы кез-келген адам басқа елдің
тарихын, тілін, мәдениетін, бүгінгі күнгі өмірін таниды. Қазіргі заман
азаматы өзін мәдениетті, білімді деп санау үшін бір немесе бірнеше шет
тілдерін білуі керек. Ал, осы шет тілдерін толық түрде игеру үшін, шет
тілін оқытуды кіші сыныптардан бастауымыз керек.
Шет тілі арқылы оқушы әлемді таниды, тілін оқытып жатқан елмен жан-
жақты танысады. Оқушы шет тіліне қатынас құралы ретінде меңгеру үшін
мұғалім тиімді, оқушыны қызықтыратын әдіс-тәсілдерді қолдануы керек.
Курс жұмысының өзектілігі: қазақ тіліндегі сияқты шет тілінде де
сөз – лингвистикалық[2], ұғым - лексикалық категория болып табылады.
Тілдегі сөздер мен олардың атаулары жалпы болмаса, адамзат бір-біріне әрі
ұқсас, әрі мыңдаған түрлі өзіндік ерекшелігі бар адам, тау, ағаш, өзен,
жеміс сияқты ұғымдарға жеке-жеке ат-атау іздеген болар еді, ондайда тілде
мыңдаған-миллиондаған сөз пайда болар еді, соншама көп сөзді сол тіл халқы
өкілдерінің жадында сақтауда қиын болар еді.
Олай болса, адамдар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алмаған, бір-
бірімен пікір алысып, түсінісе алмаған болар еді, тілі қоғам мүшелерінің
мүддесін атқарудан қалар еді. Сондықтан шет тіліндегі сөздердің лексикалық
құрамының мәнін түсініп, оны дұрыс қолдану өзекті.
Курс жұмысының теориялық мәні: тіл лексикасы үнемі даму, баю үстінде
болады. Шет тілінің де лексикасы өз дамуының заңдылықтары мен ішкі
мүмкіндіктері арқылы лексикасын сан жағынан да, сапа жағынан да
қорландырып, жаңа сөздермен толықтырып отырады.
Лексиканы оқыту мен оны үйрету туралы айтқанда, ең алдымен лексиканы
түсіндіру және оны оқушылардың игеруі туралы айту керек. Әр сыныпта бұл
сұрақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан әр кезеңде сөзді үйрету
әдістемесі әртүрлі болады.
Курс жұмысының мақсаты: лексика ұғымына жалпы сипаттама бере отырып,
шет тілінің лексикасы туралы, оның ерекшеліктері туралы анықтама бере
отырып, шет тілі сабақтарында оқушыларға лексиканы үйретуде қолданылатын
тиімді тәсілдерді айқындау.
Курс жұмысының міндеттері:
1. Лексика ұғымына ғылыми-теориялық тұрғыдан толық қанды сипаттама
беру.
2. Лексиканың салалары мен қорлану жүйесі туралы сипаттау.
3. Шет тілі лексикасының ерекшеліктерін ашып көрсету.
4. Шет тілін үйретуде лексиканы оқытудың тиімді жолдарын сипаттау.
5. Шет тілі пәніне деген оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Курстық жұмыстың пәні: шет тілі үрдісі.
Курстық жұмыстың нысаны: шет тілі пәнінде оқушылардың сөздік қорларын,
тіл байлықтарын дамыту жолдары, әдіс-тәсілдері.
Курстық жұмыстың болжамы: шет тілі пәнінің негізгі мақсаттарының бірі
оқушылардың ауызша сөйлеу дағдылары қалыптастырып, сөздік қорларын
молайту.Сондықтан оқушылардың шет тілінде жүйелі сөйлеу дағдыларын
қалыптастыру үшін лексиканы меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін анықтап, іс
жүзінде, жүйелі түрде іске асыру ерекшеліктерінің мәнін, үйрету мен
тәрбиелеудің тиімді жолдарын және оқушы бойында шет тілінде дұрыс сөйлеудің
қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Курс жұмысының әдістері:
1. Педагогикалық және шет тілін оқыту бойынша әдебиеттерді талдау.
2. Журналдардағы және мерзімді басылымдардағы шет тілі пәні
мұғалімдерінің іс-тәжірибелерімен танысу, зерттеу, байқау.
3. Оқытудың әртүрлі әдістерді қолдану.

1. ТІЛДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕР

1.1. Тілдің лексика жүйесі мен құрамы

Лексика тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады.
Басқа тілдер секілді, ағылшын тіл ғылымында да лексика деген термин
өте кең ұғымды қатиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын
сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу
лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика,
ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы,
терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.[5;5]
Сонымен, лексикология дегеніміз — тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда,
тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу,
даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың
негізгі салалары — морфология мен синтаксисте қарастырып зерттейді. Бірақ,
лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан
қарастырады. [2;9-10]
Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің
мағыналық жағы семасиологияда[3] қаралады.
Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі — лексикалық тұлға
ретінде қарастырады.
Сөз дегеніміз — басқаға тәуелсіз, жеке қолдануға болатын, жеке тұрып-
ақ белгілі бір мағынаны я ұғымды білдіретін тілдің бір бүтін мағыналы
бөлшегі. Сөздердің атқаратын ең негізгі функциясы — атауыштық қызметі. Сөз
арқылы адам белгілі бір затты, құбылысты, оқиғаны немесе солардың сындық,
сандық сипатын, іс-әрекетін атайды. Бірақ атауыш сөздер өздері атау болған
заттың, құбылыстың ішкі сырын, мәнін ашып бере алмайды, ол екеуінің
арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды [2; 15].
Тіл – адамдардың бір-бірімен пікір алысатын, қарым-қатынас жасайтын
құралы болғандықтан, тілдің қоғамдық, тәрбиелік қызметі де ерекше [2; 17].
Сондай-ақ, тіл ұлт мәдениетінің басты көрсеткіштерінің бірі екені белгілі.
Әрбір халықтың тілінде оның ұттық дәстүрінің, сана сезімінің, ойлау
тәсілінің, мінез-құлқының белгілері көрініс табады.
Ал, қай тілде болсын, сол тілдің мәдениетін игеру – баланың сәби
шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың
тілін дамыту жұмысы отбасынан, бала-бақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі
тиіс.
Тілі мен әдебиеті, өнері мен мәдениеті өркендеген елдің қашанда
рухы жоғары болатыны белгілі. Тілі жойылған ел бірте-бірте тарих
саханасынан ысырылып қалатыныда өмірдің өзі дәлелдеп келеді.[4]
Тіл ерекшеліктері түрлі-түрлі тұрғыдан, әсіресе тілдің түрлі
бірліктері тұрғысынан зерттелініп, тексеріледі. Тілдегі түрлі бірліктер
ұғымына кіретіндер: тілдің дыбыстық және мағыналық жақтары, сөздер мен
морфемалар[5], сөз тіркестері мен сөйлемдер. Бұлар – тілдің жалпы жүйесінің
негізгі элементтері, бөлшектері. Былайша айтқанда, бұлар – тіл жүйесінің
жүйелері деп аталады [2; 31].
Тіл деңгейі бір-бірімен тығыз байланыста болатыны мәлім.
Мәселен, әрбір морфема фонемадан[6] құралады. Олай болса, фонема мен
морфема – тіл деңгейінің екі жағы: бірі – тілдің фонемалық жағы. Бұл –
тілдің ең кіші деңгейі. Екіншісі – тілдің морфемалық жағы. Бұл – тілдің
жоғары деңгейі.
Морфемалардан лексема құралады. Ал, лексемалар тіркесі
синтаксистік конструкцияларды құрайды. Бұдан келіп тіл деңгейінің тағы да 2
түрі: лексика және сөз тіркесі, яғни синтаксис атты түрлері келіп шығады.
Қысқасы, кез-келген мәтін фонемаға, морфемаға, лексемаға, синтаксистік
конструкцияларға жіктеледі. Бұлардың ішіндегі ең қысқа бірліктің бірі –
сөз; ал сөз мағынасын ажырататын бірлік – фонемалар.
Пікірімізді тағы бір нақтыласақ, бұдан тілдің фонемалық деңгейі,
тілдің сөз деңгейі деген ұғымдар, сондай-ақ, фонологиялық – лексика –
морфология – синтаксис деңгейі дегендер келіп шығады. Бұлар, тұтасынан
алғанда, тіл құрамы мен жүйесін құрайды.
Тілдің лексикасы – белгілі бір жүйелер жиынтығы дедік. Тілдің
фонетикалық және грамматикалық жүйелері мен құрамына қарағанда, тілдің
лексикалық құрамы әлдеқайда күрделі де, көлемді, өзгеріске бейімделген
келеді, үнемі дерлік даму, жетілу, баю, толығу процесінде болады.[21]
Тіл-тілдің лексикалық ерекшеліктерін жан-жақты және өзара
байланысты түрде қарастырылады. Мәселен, тіл білімінің үлкен саласы
лексикологияның негізгі объектісі – сөз десек, тілдегі сөз тағдыры мен қыр-
сырының өзін алуан түрлі жағынан: сөз мағынасы, сөз мағынасының ақиқат
шындыққа қатысы, сөз жасау амал-тәсілдері, сөздің басқа бір топтарымен
байланысы т.б. жатады.
Тілдің осындай сан алуан қыр-сыры мол сөз байлығы лингвистиканың
үлкен саласы лексикологияда қарастырылып, зерттеледі. Лексикология – тілдің
лексикасы туралы ілім. Тілдің лексикасы дегеніміз – бір тілдің барлық
сөздерінің жиынтығы, яғни тілдің сөздік құрамы болып табылады.
Мұнымен қатар лингвистикада лексика термині тағы да бірнеше
мағынада қолданылады:
Лексика – тілдегі сөздердің жасалуы мен шығу тегі, негізіне
қарай топтасқан сөздердің барлық жиынтығы.
Лексика – тілдегі сөздердің қолданылу аясы мен шеңберіне қарай
топтасқан сөздер жиынтығы. [7]
Лексика – тілдің сөздік құрамының белгілі бір стилистикалық
қабаттарында қолданылатын сөздер тобы. [8]
Лексика – белгілі бір әдеби бағытқа тән сөздер жиынтығы; нақты
бір жазушының немесе көркем шығарманың сөздік құрамы [16; 7].
Сонымен, лексика дегеніміз – белгілі бір тілдегі сөздердің жалпы
жиынтығы деп аталады[17; 34]. Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, түр-
түсі, саны мен сапасы сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.

1.2. Лексиканың салалары мен түрлері

Қолданылу аясы мен шеңберіне қарай лексика мынандай бірнеше
салаларға бөлінеді:
1) ауызекі сөйлеу тілі лексикасы;
2) тұрмыстық лексика – күнделікті жиі қолданылатын аса қажетті, сондай-
ақ халықтың тұрмыс-жағдайы, салт-сана, әдет-ғұрпына, өмір
тіршілігіне қатысты сөздер.
3) Кәсіби-жазбаша лексика – ғылыми әдебиетте, публицистикада, ресми іс-
қағаздарында сөйлеудің кітаби стиліне байланысты.
4) Ғылыми лексика – белгілі бір ғылым саласында қолданылатын тілдердегі
сөздердің лексикасын айтамыз.
5) Қоғамдық-публистикалық лексика – қоғамның өндірістік күштерінің алға
жылжу сатысына байланысты қоғамда қолданылатын тілдің лексикасын
айтады.
6) Өндірістік-техникалық лексика – өндірістік – техникада және
күнделікті тұрмыста жұмыс барысында қолданылатын сөздердің
лексикалық қорын айтады.
7) Ресми-іс қағаздары лексикасы – ғылыми-әдебиетте, публицистикада,
ресми-іс қағаздарында сөйлеу тілі стилдерінің қолданылуы.
8) Аймақтық лексика – сол аймақтың тіліне ғана тән сөздердің лексикасы
болып табылады.
9) Әлеуметтік лексика;
10) және т.б. деп те көптеген түрлерге бөлінеді.
Белгілі бір стильдік қабаттары мен қолданылу ерекшеліктеріне
қарай тіл-тілдің лексикасы былайша топқа бөлінеді:
1) Бейтарап – белгілі бір сөйлеу тіліне телінбеген сөздер тобы.
2) Жалпылама – бұны кейде қарапайым лексика да деп атай береді. Ол
ауызша сөйлеу тілінде де, жазбаша сөйлеу тілінде де бірдей
қолданыла береді.
3) Қарапайым – фамильярлық лексикамен де қоян-қолтық болады.
4) Эмоционалды – тілдің эмоционалды бояулары мен құралдарын пайдалана
отырып жасалған лексика.
5) Экзотикалық – бір тілге кейбір басқа тілден енгенкірме сөздер,
белгілі бір халықтың өзіне ғана тән ерекшеліктерін білдіретін
сөздер жатады.
6) Фамильярлық - Фамильярлық лексика – көбінесе ауызекі сөйлеу тіліне
тән, кейде интимдік, икейде шолжаң, тым еркін, бөспе мағыналы
лексика.
7) Интернационалдық.
8) Көтереңкі.
9) Вульгарлық.
10) Актив.
11) Пассив деп те бөлінеді.[22; 10-11]
Тілдегі сөздер жалпы бола отырып, өмірдегі, айналадағы сан алуан
құбылысты белгілейді, солардың атауы ретінде қызмет етеді: затты, сапаны,
белгіні, іс-әрекетті т.б. білдіреді. Осындай ірі-ірі белгілеріне қарай
тілдегі сөздерді әдетте, ірі-ірі үш топқа бөледі:
1) атауыш сөздер; 2) көмекші сөздер; 3) аралық сөздер.
Атауыш сөздерге – зат есім, сын есім, сан есім, етістік, үстеу
сияқты топтарға қатыстылар жатқызылады да, бұлар әрі дербес, әрі толық
мағыналы сөздер деп аталады.
Екінші тобы – тілде жеке тұрғанда дербес мағынасы жоқ, атауыш
сөздердің жетегінде жүріп, грамматикалық мағына білдіретін көмекші сөздер.
Бұлар – сөз бен сөзді, сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып,
дәнекерлеушілер: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер, көмекші сөздер,
көмекші етістіктер, предлогтар.
Үшінші тобы – аралық немесе орынбасар сөздер. Бұл топқа әдетте,
есімдіктер, сан есімдер, одағайлар жатады. Бұлар – заттың, я құбылыстың
тікелей атауы емес, атаулардың орынбасарлары ғана.

2. ШЕТ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ЛЕКСИКАҒА ҮЙРЕТУДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ТӘСІЛДЕР

2.1. Лексиканы оқытудың ерекшеліктері

Лексика – тілдегі сөздердің жасалуы мен шығу тегі, негізіне
қарай топтасқан сөздердің барлық жиынтығы.
Лексика – сөздер және олардың тілдегі сөздердің қолданылу аясы мен
шеңберіне қарай топтасқан сөздер жиынтығы.
Сонымен, лексика дегеніміз – белгілі бір тілдегі сөздердің жалпы
жиынтығы деп аталады. Сөздер заттар мен құбылыстардың аты, түр-түсі, саны
мен сапасы сияқты алуан түрлі мағыналарды білдіреді.
Лексиканы оқыту мен оны үйрету туралы айтқанда, ең алдымен лексиканы
түсіндіру және оны оқушылардың игеруі туралы айту керек.
Әрбір сыныпта бұл сұрақтардың өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан
әрбір кезеңде оқушыларға сөзді үйрету әдістемесі әртүрлі болады.

Оқушылардың лексикадан білімін игеру негізінде жазбаша
сауаттылықты қалыптастыру жаттығулар арқылы қалыптасады. Олар шығармашылық
жаттығулар мен көшіріп жазу жаттығулары.
Лексикалық жаттығулар сонымен бірге сөздік жұмыстарын жүргізуді
қамтып, оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында көзделеді.
Кез-келген тіл ауызша сөйлеуден басталады. Барлық тілдердің негізі –
дыбыс. Сөздер сол дыбыстардан құралады. Сөзді түсіну үшін әуелі оны тыңдау
керек. Сөзді дұрыс айта білу оқушының осы сөзді дұрыс тыңдай білуімен тығыз
байланысты.
Ағылшын тілінің сөзін үйретудің негізгі түрі – оны туған тілге
аудару, оның аудармасын білу [19].
Аударманы қолданудың басты жетістігі – сөздің туған тілден аудармасын
жылдам тауып, оның мағынасын есте сақтауға мүмкіндік беруі, ал кемшілігі
кейде сөздің туған тілде баламасының болмауы. Бұл тілдерді білу деңгейінің
алуандылығына да байланысты. Кей жағдайда сөздің мағынасын тіке аудармай,
сөйлемнің негізгі деңгейінде аударамыз. [18]
Тілді аударып пайдалану оқытудың барлық кезеңінде жүргізіліп отырады.
Сөз дыбыстан құралады, әріппен жазылады, оны оқу ережесі болады, сондықтан
мұғалім сөздің айтылуын [9], оқытылуын[10], жазылуын[11], тани білуіне[12]
үйрету керек.
Мысалы:
A book {buk} – книга, кітап (көрсету).
This is a book. Give me a book. Take the book.
Сөздерді үйретудің басқа бір түрі – көрнекілікті пайдалану арқылы
түсіндіру.
Көрнекіліктердің басты маңызы – бұл оқушылардың ағылшын тіліне деген
мотивациясын арттыратын техникалық және техникалық емес құралдар деп
танылады. Сонымен қатар, көрнекіліктер ағылшын тілін оқытуда мұғалімге баға
жетпес көмек көрсетеді.
Мектепте жүргізілетін ағылшын тілі атмосферасы болғандықтан, тек
көрнекіліктер арқылы ғана объективті әлем модельдендіріледі.
Көрнекіліктердің көмегімен мұғалім оқу процесінің мақсаттарына жету үшін
объективті шындықты модельдейді.
Барлық көрнекіліктер сыртқы[13] және ішкі[14] болып 2-ге бөлінеді.
Заттық немесе суретті көрнекіліктердің сөздің мағынасын берудегі
қызметі өте төмен. Мысалы: сыныптағы, үйдегі заттардың атауын білу көп
көмектеседі, керісінше, заттардың суретін салу оның мағынасын беруге
көмектесе алмайды, кейде оқушылар заттарды суретіне қарап тани алмайды.
Сондықтан затты көрсеткеннен кейін оның аудармасын беру керек.
Тілдік көрнекіліктер шет тілін оқытуда кеңінен қолданылуы керек.
Тілдік көрнекіліктерге мыналар жатады:
1. Сөздің мағынасын сөйлем аясында түсіндіру.
2. Сөздің мағынасын антонимдер, синонимдер арқылы түсіндіру.
3. Сөздің мағынасын сөз жасау белгілері бойынша түсіндіру to build-
builder-building.
4. Сөздің мағынасын оның шет тілінде берілген анықтамасы бойынша
түсіндіру: a book – is a collection of sheets of paper bound
together.
Енді осы тілдік көрнекіліктерді басты негізгі мықты және әлсіз
жақтарын
қарастырайық.
Контекст-мағына – бұл көрнекіліктің пайдасы сөздің сөйлемде
қолданылған мағынасы ой туғызды, есте ұзақ сақталады, бірақ сөйлемдегі
оның мағынасы негізгі мағына болуымен қатар қосымша мағынасы болуы да
мүмкін, осы жағдайда оны қолдану тиімді емес [12].
Сондықтан, сөйлемдегідей мағынасын іздеп табу керек, бұл оңай шаруа
емес, оған қосымша түсініктеме берілуі керек.
Мысалы:
T. It was hot. We had nothing to drink. We were thirsty.
Do people need water or bread when then are thirsty?
P1. They need water.
T. What do people need when they are thirsty.
P2. They need water (or smth to drink).
Шет тілінде лексиканы үйретуде лексикалық қиындықтар – ағылшын тілінің
аналитикалық құрылысы мен инфинитив, көсемше құрылымдарының өте көп
қолданылуына байланысты.
Мысалы:
The horse is slipping. The horse is sleeping.
They worked till night. They walked till night.
Міне, осындай сөйлемдерді түсіну өте қиын, оқушылар сөздерді де
шатастырады.
Мысалы:
East – west take – put ask – answer
Әсіресе, логтан кейін қолданылатын етістіктер.
Put on: put off – put down.
Take off: see off – going for etc.
Лексиканы меңгертудегі сыныптар бойынша нормалар:
4 – сынып:
✓ 300 жаңа сөз меңгеру;
✓ Зат есімнің жұрнақтары -er, -or, -tion, -ing;
✓ Сын есімнің жұрнағы – у.
6 – сынып:
✓ 400 жаңа сөз;
✓ Зат есімнің жұрнақтары -ment, -ism, -ist;
✓ Сын есімнің жұрнақтары - is, -al, -ical;
✓ Қосымша меігерілетін жұрнақтар: -mis, -dis.
7 – сынып:
✓ 400 жаңа сөз;
✓ Зат есімнің жұрнақтары -ance, -ence, -ant, -ent, -hood;
✓ Етістіктің жұрнақтары -ize, -en, -ate, -y.
8 – сынып:
✓ 300 жаңа сөз;
✓ сын есімнің жұрнақтары -iue, -ous;
✓ Етістіктің жұрнағы – en;
✓ сөз алдына қойылатын жұрнақ - anti.
9 – сынып:
✓ 300 жаңа сөз меңгерту;
✓ тұрақты сөз тіркестері.
10 – сынып:
✓ 250 жаңа сөз;
✓ Тұрақты сөз тіркестері.
11 – сынып:
✓ 150 сөз.
Барлығы 3000 сөз меңгеріледі, тұрақты сөз тіркестері.

2.2. Лексиканы оқытудың негізгі жолдары мен әдістері

Тілді үйретудің мақсаттарының бірі – оқушыны сөзді және таныс емес
дыбыстарды тыңдай білуге үйрету.
Сөзді тыңдау дегеніміз – оның акустикалық формасын білу [13].
Сондықтан, жаңа сөздермен таныстырғанда сөзді айтуға үйрету оқушының тыңдау
және сөйлеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастыруда үлкен орын алады.
Сөзді айтуға тек қана тыңдау мен сөйлеуді үйрету ғана емес, сонымен
қатар ол сөздерді жазып, сөздің дыбыстарының графикалық белгіленуін үйрету
де жатады.
Сөзді дұрыс айтпау, оны түсінбеуге әкеп соғады. Егер сөзді айтушы
сөздің бір дыбысын өзгертіп айтса, сөздің мағынасы да өзгереді.
Кіріспе курсы кезінде қалыптасқан тыңдау, айту дағдылары оқушының
болашақ айту біліктілігін анықтайды. Сондықтан мұғалім осы кезеңде әр
оқушының жеке қиындықтарын анықтап, дыбыстарды айтуда қателіктерін түзетуі
қажет болады.
Айту дағдысын дамыту жаттығулары 2 топқа бөлінеді:
1. Таныстыру жаттығулары егер сөздің мағынасы түсінікті болса, ол
сөздердің ішінен сын есімдерді табуға тапсырма беріледі.
Етістіктердің қайсысы еңбекті, қайсысы демалысты білдіретінін
анықтауға немесе They left for Kiev yesterday сөйлеміндегі
екпінді сөздерді табуға тапсырма беріледі. Егер олар екпінді
сөздерді дұрыс атаса, жаттығулардың табысты болғаны.
2. Үйрету жаттығулары – ағылшын тілі дыбыстарын, тіркестерін,
сөйлемдерін жеңіл айтып сөйлеп, оқи алатындай деңгейге жету үшін
қолданылатын атйту дағдыларын дамыту жаттығулары. [21]
Дауыстап оқу кезінде тіс аралық дыбыстардың айтылуынан көп қате
кетеді, сондықтан мәтінді оқып болғаннан кейін, мұғалім осы дыбыстарды жеке
және хормен қайталайды. Ол сөздер мыналар:
This, that, with, without, other, another, thing, thinr, thought.
Ең бірінші лексикалық дағдыларды қалыптастыруға арналған сабақтар
жөнінде айтатын болсақ, әрбір оқушы ағылшын тілі сабағы курсы аяқталған
кезде 3000 сөз білуі тиісті.
Егер, оқушы ағылшын тіліндегі бір сөзді кездестіріп оны таныса, бірақ
мағынасын есіне түсіре алмаса немесе кейіннен есіне түсірсе, бұл оқушыны
сол сөзді біледі деп есептейміз бе?
Әрине, біледі, бірақ оқу үшін мұндай білім жеткіліксіз.
Себебі, мәтінді оқып жатқан кезде, сөздің мағынасын түсініп оқып, әрі
қарай жалғастыруы тиіс, сол сияқты сөйлеу кезінде де әрбір сөздің мағынасын
есіне тез түсіріп, басқа сөзбен байлаынстыруы тиіс.
Сондықтан, әрбір шет тілі сөзін игеру керек, яғни лексикалық дағдыны
қалыптастыру керек.
Сөйлеу әрекетінің кез-келген түрі үшін керек болатын сөз игеруді
ұмытпаған дұрыс.
Сөз игеруге үйретудің негізгі 3 сатысы бар:
1. Бірінші сатыда мұғалім келесі күні берілетін мәтінде
кездесетін жаңа сөздермен таныстырады.
2. Бұл сатыда берілген жаңа сөздерді бұрыннан таныс басқа
сөздермен байланыстыра білуі тиіс.
3. Ең соңғы сатыда оқушы жаңа сөздерді толық игеріп, өз ойын
айтқанда пайдалануы керек.
Оқу процесі оңайдан қиынға қарай оқытуға бағыттылады, әр сабақтың
алдында Сұрақ-жауап немесе Талқылау, Ой алмасу сияқты тапсырмаларды
беріліп, содан соң оқушыларға таныс сөздердің негізінде жаңа тілдік
материалдар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Шет тілі пәнінің әрбір сабақтарында оқытылатын лексикалық
материалдар – бұл оқушыларға сөздерді үйрету.
Шет тілін оқытуда лексиканы меңгерудің рөлі ерекше. Лексиканы сөзді
білу үшін емес, оны қолдана алу тұрғысында, тыңдап түсінуге, өз ойын ауызша
немесе жазбаша түрде басқа адамдарға жеткізе алу мақсатында меңгеру керек.
Сөздер оқытылатын тақырыптарға байланысты іріктеліп беріледі. Сөздер
мына белгілері бойынша іріктеледі:
1) тілде жиі қолданылатын сөздер;
2) оңай құрылатын сөз тіркестері;
3) тақырып, мәтінде кездесетін сөздер;
4) сөз жасау жолдарын түсіндіру үшін қолданылатын сөздер.
Мектеп бітірушілердің сөздік қоры өте аз болады. Сондықтан да олар
тыңдап түсінуде, сөйлеуде, оқуда және жазуда көптеген қиындықтарға жиі
кездесіп отырады.
Мұғалім жаңа сөздерді үйретуде 2 нәрсені есте сақтауы керек:
1) оқушы сөзді тыңдап түсініп және оқығанды аудара білуі керек;
2) сөйлеуде дұрыс мағынасын орынды қолдана білуі керек.
Оқушылар лексикалық және грамматикалық тақырыптарға байланысты әр
түрлі қиындықта берілген жаттығулар мен тапсырмаларды орындайды. Сөйлеу мен
оқуға басты назар аударылған. Оқушылар сөйлеу мен оқушы үйреннен кейін ғана
жазу жұмыстарын үйренді.
Оқушылардың жаңа сөздермен өзіндік танысуы, бұл жұмыс түріне 6
сыныптан бастап тартылады. Сөздің мағынасын оқушылар сөздіктен өздіктерінен
тауып алып, сөйлемдегі мағынасында қолданады. Оқу процесінде жаңа сөздермен
танысу жұмыстарының негізгі түріне айналады.
Жаңа сөздерді игеру сөзбен бірінші танысудан басталады. Бұл сөзді
мұғалім айтады, әрі қарай ол сөзді игерудің нақтылы жүйесін жасайды. Оқу
кезеңінде сол сөздің айтылу дағдысын, оны оқуда, жазуда, сөйлеуде
қолданылуын қалыптастырады.
Әрі қарай сол сөздермен лексикалық жаттығулар орындалады.
Егер, оқушы ағылшын тіліндегі бір сөзді кездестіріп оны таныса, бірақ
мағынасын есіне түсіре алмаса немесе кейіннен есіне түсірсе, бұл оқушыны
сол сөзді біледі деп есептейміз бе?
Әрине, біледі, бірақ оқу үшін мұндай білім жеткіліксіз.
Себебі, мәтінді оқып жатқан кезде, сөздің мағынасын түсініп оқып, әрі
қарай жалғастыруы тиіс, сол сияқты сөйлеу кезінде де әрбір сөздің
мағынасын есіне тез түсіріп, басқа сөзбен байланыстыруы тиіс.
Сондықтан, әрбір шет тілі сөзін игеру керек, яғни лексикалық дағдыны
қалыптастыру керек.
Жаңа сөздер, жаңа лексиканы үйреткеннен кейін, олар бір-бірімен
грамматика арқылы байланысуы керек, яғни грамматикалық дағдыларсыз ағылшын
тілін үйрету де, үйрену де мүмкін емес.
Сөздердің мағынасын үйретудегі синонимдер мен антонимдердің маңызы өте
шектеулі. Себебі, синонимдердің мағынасы негізгі мағынаға өте жақын келеді.
Сондықтан да омонимдерді пайдалану онша табысқа жете бермейді.
Сөйлемдегі сөздердің қолданылу мағынасы да әртүрлі жағдайларда
әртүрлі. Антонимдерді қолдану да осындай дәрежеде.
Мысалы:
greet – big – large
nice – beautiful
low – not high
town – city
long – short
Сөз жасау: сөз жасау жолдарын талдау сөз мағынасын түсінудің жақсы
құралы, бұл тек сөздің түбірі оқушыға таныс болғанда ғана табысты болады.
Егер түбір сөз түсініксіз болса, жасалған жаңа сөздерді тигеру де қиын
болады.
Мысалы:
T: You know the words: worker, teacher, now guess the meaning of
the word writer. Write – write. Children, name your favorite write.
P1: Tolstoy.
P2:Chekhov.
P3: Gorky.
T1: That’s right. Is Sholokhov a write?
P4: Yes, he is.
T: Is Repin a write?
P5: No, he is not.
T: Is Katayev a write or a teacher?
P6: He is a write.
Сөздің мағынасын ағылшын тілінде бейнелеу (суреттеу). Сөздің мағынасын
алудың бұл түрі белгілі бір жағдайларда қолданылады. Оның мағынасын алуға
және өткен жаңа сөздерді де қолдануға, қайталауға қолданса да өте тиімді
болады.
Мысалы:
T: A new word is blind. A blind person is one who cannot see. Can a
blind person see?
P1: No, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі лексикасының сөздік қорының сипаттамасы
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
Қазақ тілінің дәстүрлі мәдениет лексикасы
Газет тілінің лексикалық ерекшелігі
Кез келген өркениетті мемлекеттегі аса маңызды қоғамдық саланың бірі – медицина саласы
ХІХ ғ.екінші жартысынан 1930 жылға дейінгі аралықта орын алған өзгерістер және терминология мәселесі
Қазақ терминологиясының қалыптасу тарихы
Қазақ терминологиясы қалыптасуының кезеңдік сипаты
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Қазақ тіліндегі балағат лексикасы
Пәндер