МҰНАЙ ӨНДІРУДІҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ . . . 3

1 МҰНАЙ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  1. Мұнай өндірудің технологиялық ерекшеліктері . . . 5
  2. Мұнайдың физика-техникалык қасиеттері . . . 8

2 МҰНАЙ ӨНДІРУДІҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 «Актау Транзит» ЖШС-гінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы . . . 11

2. 2 «Актау Транзит» ЖШС-гінде өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру әдістемесі . . . 13

2. 3 Мұнай мен газ өндіруші кәсіпорынның негізгі өндіріс цехтарында шығындар есебін ұйымдастыру . . . 18

3 МҰНАЙДЫ ПАЙДАЛАНУШЫ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ АУДИТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

3. 1Мұнай өндірісіндегі аудиторлық тексеруді жоспарлау . . . 23

3. 2 3. 2 «Актау Транзит» ЖШС-гінде жүргізілген аудиттің қорытындысы . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32

КІРІСПЕ

Нарықтық экономиканың тұрақтану мен даму сатысында мұнай саласының маңыздылығы, соның ішінде оны өндіру ролінің үлесі жылдан-жылға жоғарылап келеді. Мұнай секторының тиімді желілерін құру арқылы қайта өңдеу, өнеркәсіп, ауылшаруашылық және сауданың дамуын жылдамдатуға болады. Соның нәтижесінде ол тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жақсаруына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізеді.

Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын бухгалтерлік есеп саласы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.

Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесі халықаралық және ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізілуде. Сондықтан да, бухгалтерлер шетел инвестициялары тартылған компанияларда қаржылық есеп беруді халықаралық стандарттардың негіздеріне сәйкес жүргізеді.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикасы көбінесе мұнай саласынан кіріс алады және осыған байланысты көмірсутегтерді өндіру мен экспорттаудың маңыздылығы арта түседі.

Мұнай өндіру жұмыстарына жұмсалатын өндірістік шығындар есебін дұрыс ұйымдастыруға әсер етуші факторлардың бірі ретінде шығындардың экономикалық негізделген топтамасы саналады. Өйткені, ол тек қана шығындарды жоспарлау мен оның есебіне әсер етпейді, сонымен бірге шығындардың түрлері арасындағы қатынастарды дәлірек талдауға, сараптауға және өнімнің өзіндік құнын анықтауға мүмкіндік береді.

Өндірістік есеп өндіріс процесінде екі жақты қаралатын мәліметтерді қалыптастырады. Бір жағынан, өндіріс - материалдық және еңбек ресурстарын тұтыну процесі деп саналады, екінші жағынан бұл өнімді өндіру процесі. Осы екі жақтың теңдігі өндіріс процесін қалыптастырады. Бұл екі жақ бухгалтерлік есепте нақты талданған: шығындардың өндірістік есебі тұтыну процесін, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өнімді өндіру процесі ретінде қарастырады.

Қаржылық шаруашылық қызметінің қорытынды нәтижесіне елеулі әсер ететін, шығыстардың маңызды бөлігі ретінде, өткізілген өнімнің өзіндік құны туралы ақпараттарды қалыптастыру, дайын өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен өндірістік шығындарды есепке алудан басталады, себебі өткізілетін (сатылатын) өнімнің өзіндік құны өндіріспен байланысты тікелей шығындарды ғана қосып алады.

Мұнай өндірумен айналысатын компанияларда бухгалтерлік есеп заңы мен стандарттарына сай жүргізілуді игеру бұл саладағы басты мәселе болып отыр. Есеп жүргізу тәжірибесінде, мұнай операциясына кеткен шығындар есебін ұйымдастыру мәселелерінің ортақ шешімін таппауы оларды жетілдіруді қажет етеді. Ал осы жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда қажетті алғы шарттар жасау үшін мұнай өндірудегі бухгалтерлік есеп пен калькуляция жасауды ұйымдастыруда өнім өндірісінің есебін жүргізу өзекті болып отыр.

Мұнай өндірудің есебін ұйымдастыруды толыққанды игеру үшін келесідей міндеттер қойылады:

- мұнай өндірісінің технологиясы мен ерекшеліктерін ашып көрсету;

- мұнайды өндіру шығындарының есебін ұйымдастыру;

- мұнай өнімдерін өндіру циклының есебін жүргізуді оқып зерттеу.

Ғылыми жаңалығы ретінде мұнай өндіру жұмыстарына жұмсалатын өндірістік шығындар есебін дұрыс ұйымдастыруға әсер етуші факторлардың бірі ретінде шығындардың экономикалық негізделген топтамасы саналады.

зерттеу объектісі - «Актау Транзит» ЖШС-гі саналады. Бұл жұмыста «Актау Транзит» ЖШС-нің материалдары қолданылды.

1 МҰНАЙ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Мұнайды өндірудің технологиялық ерекшеліктері

Мұнай - сұйық каустобиолиттер қатарына жататын табиғи ішкі зат. Мұнай ашық сары, жасыл және қоңыр қошқыл, кейде қара түсті болып келетін, өзіне тән иісі бар, ультракүлгін сәуле арығын шығаратын сұйықтық. Оның түсі құрамындағы элементтерге байланысты. Кей жағдайларда түсі ақшыл мұнай да кездеседі, мысалы, Азербайжан мемлекеттеріндегі Сурахана кен орнынан ақтүсті мұнай өндіріліп келеді. Генетикалық тұрғыдан алғанда мұнай шөгінді тау жыныстары орталығында пайда болған, басқаша айтқанда мұнай тектерінің өзгерістерге ұшырауынан пайда болған органикалық заттардың қалдығынан өз алдына көшу (миграция) арқылы шоғырланып жиылған табиғи концентрат болып саналады.

Игеру объектісі - жер қойнауынан кен көлеміндегі белгілі топ ұңғылармен, өндірістік көмірсутектер қоры бар, геологиялық құрылымды (қабат, массив, жиынтық қабаттар) бөліп қарастыру. Егер, кен шегіндегі барлық қабаттарды объектіге біріктірсе; объект және мұнай кен орны деген түсініктеме бір мағыналы болады.

Объектілерді айырып қарастырғанда келесі мәліметтерді ескеру керек:

1. Жыныс - коллекторлардың геологиялық, физикалық қасиеттері. Қабаттардың қасиеттерінің орташа параметрлері бірдей және төселген көлемі, бір жерде орналасқан бір игеру объектісіне кірістіруге болады. Өнімділігі мен қабат қысымының өзгеруі, қабатты игеру әдісі, мұнай қорының игеру-өндіру жылдамдығы және ұңғылар өнімдерінің сулануы объект қабатшаларында әртүрлі болады. Бұның бәрі объект бойынша жалпы мұнай бергіштікті азайтады.

2. Мұнай, су және газдардың физикалық, химиялық қасиеттері. Мұнайлар қасиеттері бірдей емес қабаттарды бір объектіге біріктіру орынды болмайды, өйткені өнім алу үшін өндіру технологиясында, ұңғы орналастыру сызба нұсқасы және олардың сандары әртүрлі болу керек. Мұнайдың компоненттік құрамдары, жеке қабаттарды игергенде бөлек объект деп өзін жеке қарастыруға себеп болуы мүмкін. .

3. Көмірсутектердің фазалық жағдайлары және қабаттар режимі (тәртібі) . Геология-физикалық қасиеттері ұқсас екі қабатты алсақ, оның біреуінің көлемі үлкен, газ бұркімбесі болса, екіншісінде серпімді суарынды режим болады. Мұндай жағдайда, оларды, бір объектісіне біріктіру нәтижелі емес, өйткені оларды игеруде ұңғыны орналастыру схемасы және мұнай мен газ өндіру технологиясы әртүрлі болуы қажет.

4. Ұңғылардың техникасы мен технологиясы. Бірнеше қабатты бір игеру объектісіне біріктіру, ұңғыдағы сұйықтарды жоғары көтеруіне қолданатын қазіргі ұңғы, құралдары және пайдалану технологиясы қамтамасыз ете алмайды (тіпті пайдалануға болмайды) .

Мұнай кен орнын игеруді реттеу - өнімді қабаттан пайдалану ұңғы түбіне қарай, сұйықтардың қозғалыс үрдісін басқару. Оның мақсаты, әрбір қабаттан және кен орны бойынша, игерудің әрбір сатысында, барынша көп мұнай өндіруіне жету болады.

Мұнай өндірудегі барлық технологиялық операциялар, шынында жұмыс істеу қабілеттері мұнай өндіруді көбейтуге және игеруді реттеу мақсаттарын шешуге бағытталған.

Мұнай кен орнындағы игеру үрдісінде болып жатқан түрлі геология-физикалық жағдайлар мұнай алудың әртүрлі технологиясын және игерудің әртүрлі жүйелерін қолдануын талаптайды.

Мұнайдың меншікті алынатын қоры немесе А. П. Крылов мөлшері

Nc - объект бойынша мұнай алынатын қорының, ұңғылардың жалпы санына қатынасы.

Параметр ϖ - айдалатын ұңғылар санының, өндіру ұңғылар санына қатынасы, басқаша айтқанда ϖ = nн/nd. Бұл мөлшер, су ендіру жүйесінің қарқындылығын сипаттайды.

Параметр ωс - резервтік (сақталатын) ұңғылар саны мен негізгі қор ұңғылар санына қатынасы, басқаша айтқанда ϖс = nс/nн.

Осы көрсетілген параметрден, басқа көрсеткіш қатарлары, мысалы мұнай нұсқасының бірінші қатардағы пайдалану ұңғыларына дейінгі ара қашықтық қатарлар аралығын шоғыр кеңдігін және тағы басқаларын пайдаланады.

Мұнайды төменнен жоғарыға қарай сумен ығыстыру, керісінше бағытқа қарағанда, тиімді екені белгілі. Сондықтан су айдайтын ұңғылардың ішінде қабаттың жабындысың ең төменгі тереңдіктен ашқан ұңғыларды пайдаланады.

Сурет 1 - Қабаттың схемалық қиылысы

Көпшілік кендерде таңдап су айдайтын жүйенің енгізу тәжірибесі оның артықшылығы мен кемшіліктерін көрсетті. Мұндай жүйе өте әртектілі қабаттарды игеруде маңызды.

Мұнай ұңғысының фонтандау шарты:

(2)

Қысым балансының теңдеуі мына түрге келеді:

(3)

мұндағы: pсм - СКҚ тізбегінің бойындағы қоспаның орташа тығыздығы.

Сурет 3 - Терең сорапты қондырғының схемасы

Егер сұйықтың құрамында газ мөлшері көп болса (сорапқа негізінен газ енеді), онда сораптың сұйыққа толу коэффициентінің аз мөлшері әсерінен сораптың бергіш коэффициенті-βн төмен болады. α-ны (сораптың бергіш коэффициенті) ұлғайту үшін, сорапты динамикалық деңгейдің астына құрамында еркін газ мөлшері аз аймаққа батыра отырып оның қабылдау аузындағы қысымды көбейтеді немесе сораптың қабылдау аузында газ айырғыштары орнатылады, ол өз кезегінде сұйықтан газды айыра отырып және оны құбыр аралық (сақиналы) кеңістікке бағыттайды.

Мұнай өндіру технологиясында сораптың бергіштігі бірнеше жүзден 5-6 м3/тәу дейінгі кең аралықта өзгеріп отырады. Плунжердің диаметрі 28-ден 120 мм дейін, ал жылтыратылған штоктың жүріс ұзындығы 0, 3-тен 6 м дейін, жүріс саны минутына 1-ден 15-ке дейін өзгереді.

Плунжердің жүріс ұзындығын арттыра отырып сораптың сұйыққа толу коэффициентін βн өсіруге болады. Бұл коэффициентке жылтыратылған шток пен плунжердің үріс ұзындықтарының сәйкессіздігі елеулі түрде әсер етеді. Бұл сораптың жұмыс үрдісі кезіндегі штангі мен құбырдың деформациясына (созылу мен қысқару) байланысты.

  1. Мұнайдың физика-техникалык қасиеттері

Мұнайдың тұтқырлығы температураға тәуелді болады. Есептеу жағдайларда лабораториялық зерттеулердің нәтежесінде алынған тұтқырлық температура қисығын пайдалану қажет. Тұтқырлы-температура графигі болмаса, онда тұткырлыкты керекті температурада мына эмпирикалык өрнектер арқылы анықтауға болады:

(1. 2)

ν

B

T

Сурет 1. Мұнай тұтқырлығының ν температураға Т тәуелділігі

Рейнольдс - Филонов

ν ₌ ν e , (1. 3)

Фогель-Фульчер-Тамман

ν ₌ ν 1 exp ( 1, 4)

Фролов

, (1, 5)

мұнда ν- Т температурада берілген кинематикалык тұтқырлық коэффиценті;

v- температурасында берілген кинематикалық тұтқырлық коэффиценті;

Equation. 3

Егер екі берілген температура нүктелерінде тұтқырлығы анықталған болса мәндерін келтірілген өрнектер арқылы анықтауға болады. Бұл жерде Вальтер (ASTM) ең, нақты өpнeгі болып табылады, бірақта ол өте күрделі келеді. Сондықтан барлық аналитикалық шешімдерді қабылдауға 1, 2 -ші формулаларды қолданады. Сырткы ауа температурасында кейбір мұнайлардың тұтқырлығы өте жоғары болады, сондыктан өндірісте қолдану үшін оны қыздыру керек. Кыздыру процесске байланысты жылу есептеулерін өткізу үшін λ жылуөткізгіштікпен меншікті жылу сыйымдылық коэффиценттерін білу қажет.

-жылуөткізгіштік коэффицентін (вт/(мК) ) мына өрнекпен анықтайды:

Equation. 3 (1. 6)

мұндағы

-293К температурасындағы мұнай тығыздығы;

Т-мұнай температурасы бұл аналитикалык өрнек 10% дәлдікпен 273-475 К температура аралығында әділетті болады. Мұнайдың меншікті жылу сыйымдылығын барлык процесстерді айдау мен сақтау кездерінде тұрақты қысымда алынады. Ол мына аралықта 1, 16 : 2, 5 өзгереді. Сондықтан оны есептеулер жүргізгенде 2кДж/(кг К) тең деп аламыз. Нақты есептеулер жүргізгенде Крег формуласын қолдануға болады:

(1-7)

Мұнаймен жұмыс істегенде қиындататын спецификалық қасиеттер бар. Ең басты қасиеттерге өртке қауіптілік, электірлену, булану касиеттері және қоршаған ортаға зияндылығымен.

Өртке қауіптілігі. Мұнай жанар заттарға жатады, ауаның қалыпты құрамында өзінен-өзі жануы мүмкін. Өрт көзі оңай жанатын сұйықтарға тез әсер етеді. Оның көрсеткіштері будың тез және өзінен өзі жану болып табылады. Мұнай, бензин, керосин, мұнай газдарының құбыр арқылы тасымалдағанда және сақтағанда, темір жол цистернасына, резервуарға, танкерлерге құйғанда статикалық электрөлшену кездеседі. Мұнай өнімдері жақсы ди-электрик болганмен, олар электр зарядтарын кеп уакытта сақтап калады.

Мұнай егер оңашаланған металл құбыр немесе құйылатын ыдыс үлкен потенциал алса жерлестіру заттары арасында ұшқын разряды болса, онда жану мүмкін.

Құбыр мен объектінің түрлерінің статикалық электрленуді жинамау үшін оларды жақсылап жерлестіру керек.

Булануы: Ашық ортада жеіл мұнайды қалыпты жағдайда газтеріздес түрге айналып қоршаған ортаға тарайды. Мұндай жағдайда мұнайдың сапасы төмендейді жалпы көлемі азаяды. Мұнай өнімдерінің булануы құрамындағы қаныққан будың қысымына байланысты. Қаныққан будың қысымы үлкен болса, онда мұнай өнімінің булануының, ықтималдығы көп. Қаныққан будың қысымы мұнай өнімінің үстінгі қабатындағы температураға тәуелді болады.

Температураның өсуіне байланысты қаныққан будың қысымы өседі.

Қаныққан будың қысымын экспериментальді түрде анықтайтын аспаптардың түрі көп.

Мұнай қысымын анықтағанда бастапқы қайнау температурасы немесе бершген температурадағы графигі немесе жартылай эмпирикалык формуласындағы тәуелділігі арқылы анықтауға болады.

2 МҰНАЙ ӨНДІРУДІҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

2. 1 «Актау Транзит» ЖШС-гінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің сипаттамасы

«Актау Транзит» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 28 желтоқсанда 2001 жылы Алматы қаласының Юстиция басқармасымен тіркеліп құрылды (мемлекеттік тіркеу жөніндегі куәлігі № 1106-1943-ТОО) .

Серістестіктің негізгі қызметі көмірсутекті шығару болып келеді, сонымен қатар мұнай операцияларымен айналысады:

- мұнай қорларын геологиялық барлау

- жаңа мұнай кен орындарын іздестіру мен барлау жұмыстарын жүргізу;

- мұнайды игеру, өндіру және тасымалдау;

- мұнайдан алынатын өнімдерді сату;

- жаңа кен орындарда бұрғылау және техникалық қызмет көрсету, өндірістік қызмет;

- өндірістік қызмет;

- мұнай, газ, су және барлау шыңырауларын бұрғылау;

- шыңырауларды ағымдағы (жер асты) жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- шыңырауларға өте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- шегендеу жұмыстары;

- мұнара құрастыру жұмыстары;

- су құбырларын дәнекерлеу жұмыстары;

- қуат беру жүйелерін құрастыру;

- тоғандардағы мұнайды залалсыздандырып қайта өңдеу;

- қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық талаптарды ескере отырып, мұнай мен газ кенорындарын зерттеп пайдалану;

  • Қазақстан Республикасы шегінде және одан тыс жерде инвестициялық қызмет;
  • Дилерлік және дистрибьютерлік қызмет.

Серіктестіктің заңды мекен жайы: ҚР, Алматы қаласы, ҚызЖібек көшесі 145.

1975 жылы 19 мамырда мұнай және газ мамандары 356-386 метр тереңдіктен таза мұнайдың бірінші құйылуы болды. Сонымен қатар № 122 скавжина пайда болды, скважинаны бұрғылаған мұнайшылар (бұрғылау мастері С. К. Таянов), геологтар (А. Н. Нурманов, Б. Абишев) және «» компаниясының мұнайшы мамандары (Х. Ж. Узбекгалиев, В. П. Токарев) .

Осы пайда болған № 122 скважинамен қатар Бұзашы кен орыны пайда болды.

Түбекте жаңа Бұзашы кен орыны пайда болуымен ғана емес ауданның георгафиялық картасында жаңа мұнай өндіру кен орны пайда болды, сонымен қатар Қазақстан республикада Солтүстік Бұзашы кен орының өнеркәсібін игеруін бастады.

1999 жылдың сонынан бастап Солтүстік Бұзашы кен орынында өндірілген мұнайды сатып бастады.

Өндірілген мұнайды "КазТрансОйл" компаниясы құбырлары арқылы дүниежүзілік нарыққа шығарылады. Мұнайдың экспорттық тасымалдаудың негізгі бағыттары (өндірілген мұнайдың 85 пайызы Батуми (Грузия), Новороссийск (Ресей), Одесса (Украина), Нека (Иран) теңіз порттары болып табылады.

Сонымен қатар өндірілген мұнайдың (15%- 20%) Қазақстаның ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін Атырау қаласындағы мұнай өңдеу зауытына жіберіледі.

Қазіргі кезде серіктестікте 700 маман қызмет көрсетеді, олардан ішінде 98% қазақстандық қызметшілер құрайды. Компания өз қызметкерлеріне арналған лайықты жұмыс шарттары және пәтерлермен қамтамасыз етті.

«Актау Транзит» ЖШС компаниясының негізгі қызметінің бірі еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өндірісте қауіпсіздік ережелерін сақтау болып келеді Бүгінде компания түбектің табиғатын қорғауға, сақтауға үлес бөледі және Бұзашы кен орында мекендеуге шарттар жасайды.

Кесте 1 - «Актау Транзит» ЖШС-нің техника-экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіш
2009ж
2008ж
: 1
Көрсеткіш: Жылдық өндірілген мұнай көлемі, мың тонна
2009ж: 1 800
2008ж: 1 942
: 2
Көрсеткіш: Орташа тәуліктік табыс
2009ж: 4620
2008ж: 6350
: 3
Көрсеткіш: Орташа жұмысшылар саны
2009ж: 720
2008ж: 688
: 4
Көрсеткіш: Еңбек ақы
2009ж: 1, 007, 176
2008ж: 766, 911
: 5
Көрсеткіш: Орташа еңбек ақы
2009ж: 40583
2008ж: 32679
: 6
Көрсеткіш: Таза табыс
2009ж: 9, 184, 929
2008ж: 3, 942, 826
: 7
Көрсеткіш: Жеке капитал
2009ж: 14, 179, 111
2008ж: 9, 785, 432
: 8
Көрсеткіш: Негізгі қордың тозуы
2009ж: 216971
2008ж: 103, 774
: 9
Көрсеткіш: Операциялық қызметтен түсетін пайда
2009ж: 17, 190, 2455
2008ж: 7, 498, 652
: 10
Көрсеткіш: Тауарлы-материалдық қоры
2009ж: 2, 603, 897
2008ж: 2, 150, 578
: 11
Көрсеткіш: Кәсіпорын активтері
2009ж: 42, 544, 828
2008ж: 31, 339, 916
: Е с к е р т у - Қаржылық есептілік нысандары негізінде автор құрастырған

1-кестеде берілгендей, «Актау Транзит» ЖШС-гінде жылдық өндірілген мұнай көлемі 2009 жылы өткен 2008 жылмен салыстырғанда (1 800 - 1 942 ) 142 мың тоннаға кем өндірген. Орташа тәуліктік табыс есепті 2009 жылы 4 620 теңгені құраған, бұл көрсеткіш те өткен 2008 жылмен салыстырғанда (4 620 - 6350) - 1 730 теңгеге кеміген, бұл мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен байланыстырады.

Орташа жұмысшылар саны есепті 2009 жылы өткен 2008 жылға қарағанда 32 адамға кеміген (720- 688) . Бұл кризистің әсерінен болған деуге болады.

Еңбекақы қоры 2009 ж. 1 007 176 теңге болған, ал өткен 2008 жылы 766 911 теңгені құраған. Талдау жасай келе, еңбекақы қоры 2009 ж. 240 265 теңгеге көбейген. Ал, орташа еңбекақы 2009 жылы 40 583 теңгені құраған. Бұл көрсеткіш те 2009 жылы өткен жылға қарағанда біршама (40583 - 32 679), яғни 7 904 теңгеге көбейген.

«Актау Транзит» ЖШС-нің таза табысы есепті 2009 жылы 9 184 929 теңгені құраған, ал ол өткен 2008 жылы 3 942 826 теңге болған.

Кәсіпорын активтері де есепті 2009 жылы 42 544 828 теңгені құраған, бұл да өткен жылмен салыстырғанда + 11 204 912 теңгеге ұлғайған. Серіктестіктің активтер құнының көбеюі өз шаруашылық-өндірістік қызметін дұрыс ұйымдастыра алғандығын көрсетеді.

Серіктестік шот жоспарын бухгалтерлік есептерінің бас жұмыс шот жоспарымен өңдейді және бекітеді. Бухгалтерлік есеп мамандары субшотттарды шаруашылық операцияларға сәйкес аналитикалық есеп кодтарын ашады. Барлық өзгертілген субшоттармен және аналитикалық есеп кодтарын қажетті түрде шығарылғанын бас бухгалтермен, бухгалтерлік бөлімнің менеджерімен және компанияның бас менеджерінің орынбасарымен жазбаша түрде бекітілуі тиіс.

2. 2 «Актау Транзит» ЖШС-гінде өндірістік шығындардың есебін ұйымдастыру әдістемесі

Қазіргі уақытта өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнын төмендету мақсатында бухгалтерлік есеп пен бақылауды сапалы, әрі жедел түрде ұйымдастыруға көп көңіл бөлінуде, бұл ұйым басқармасының мұқтаждығынан туындаған қажеттілік. Осы мәселе өзіндік құнға оның экономикалық мәні мен жаратылысы тұрғысынан қарастыруды талап етеді. Сол себепті «өзіндік құн» ұғымының мәнін кеңірек ашу өте маңызды.

Үлкен экономикалық сөздікте өзіндік құн - бұл өнімді өндіруге және өткізуге жұмсалған ағымдағы шығындардың ақшалай жиынтығы, құнның бір бөлігі деп түсіндіріледі.

Өңімнің өзіндік құнына шығындарды апарудың шынайылығы өндірістік есепті ұйымдастыруда маңызды орын алады. Өзіндік құн - бұл экономикалық категория. Өнімнің өзіндік құнын төмендету цехтың, жалпы компанияның табысының өсуіне ықпал етеді. Өзіндік құн баға саясатын қалыптастырады. Өзіндік құн шет мемлекеттерде өндірістік ұжымның өнім өндіру барысындағы тиімділігін анықтау үшін пайдаланылады.

Шетелдік экономист К. Друри «Өнімнің өзіндік құнына сату үшін алынған немесе өз өндірісінде өндірілген өнімге қатысты шығындар енгізіледі. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда бұл шығындарға дайын өнімнің немесе аяқталмаған өндірістің өткізілгенге дейінгі есептелген өнім бірлігінің өзіндік құны жатқызылады, яғни табыс алу үшін жұмсалынған қаражаттар», - деп түсіндіреді.

Жоғарыдағы пікірлерді қорыта келе, мұнай өнімінің өзіндік құны өндіріс процесінде нақты пайдаланылған табиғи ресурстардың, шикізаттар мен материалдардың, отын, энергия және негізгі құралдардың, еңбек ресурстарының, сондай-ақ өнімді өндірумен байланысты өзге де ресурстардың құнын сипаттайтын экономикалық ұғым.

«Актау Транзит» ЖШС компаниясында, яғни, осы мекеменің есеп саясатына сәйкес өндірілген және өткізілген өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар пайда болу орындарына және түрлеріне байланысты топтастырылады. Өткізілген мұнай өнімдері бойынша шығындар қатыстылық принципіне сәйкес өткізуден түскен табыс қай мерзімде мойындалса сол шығындар өзіндік құнға сол мерзімде апарылады.

Өнімнің өзіндік құнына келесілер кіреді:

1) Тікелей шығындар. Тікелей шығындарға көмірсутек өнімдерін өндірумен тікелей байланысты шығындар және де өнеркәсіптік дайындау шығындары да жатады (материалдық шығындар, негізгі өндірістегі жұмысшылардың еңбек ақы шығындары, өндіру жабдықтарының жөндеу шығындары, мердігерлердің қызмет көрсетулері т. с. с. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығындар обьектісін дұрыс белгілеу
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі және оны талдау
Жерқойнауын пайдаланушы ұйымдардағы буxгалтерлік есеп пен салық салудың ерекшеліктері ( КОР Мұнай компаниясы АҚ мысалында)
Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Өнімнің өзіндік құнының теориялық аспектілері
Кәсіпорынның тауарлы-стратегиясын құру есебі
Бағалау және калькуляциялау шаруашылық процесінің есебі
Көмекші өндіріс шығындарының есебі
Шығындарды талдамалық топтарда талдау
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz