Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

Негізгі жалпы орта білім беруде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың педагогикалық негіздері

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

I - тарау. Негізгі жалпы орта білім беруде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері . . .

1. 1. Негізгі жалпы орта білім беруде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру әлеуметтік - педагогикалық проблема . . .

II - тарау. Қазақ мектептерінде білім беруде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың әдістемесі . . .

2. 1. Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары . . .

2. 2. Негізгі жалпы орта білім беруде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ғылылми-әдістемелік тұрғыда ұйымдастыру жолдары . . .

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Республиканың қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайында ұлттық мектептердің барлық сатысында білім мен тәрбие мазмұнын қайта құру қажеттілігі арта түсуде. Өйткені қоғамның алға басуы көп ретте бүгінгі ұрпақтың қандай дәрежеде білім алып, тәрбиеленуіне тікелей байланысты.

Қоғамды ізгілендіру, гуманитарландыру, демократиялық ағарту, этномәдени білім беру, гуманитарлық пәндерді жетекші деңгейге көтеру міндеттері Қазақстан Республикасының Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында өте орынды қойылған. Әсіресе отбасындағы, әулеттегі, мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш, негізгі орта, бейінді орта білім беру кезеңдеріндегі оқу-тәрбие процестерін гуманитарландыруға аса мән берілген.

Елбасы Н. А. Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндамасында «Мәдени мұраларымызды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету - «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты болуға тиіс» - деп, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған аса бай мәдени мұрасы мүкіндігінің жоғары екендігіне айрықша назар аударады.

Жас ұрпақты халық педагогикасы дәстүрлерінің негізінде тәрбиелеу, білімді ана тілінде меңгеру, ұлттық дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде пайдалану туралы кезінде көптеген ғалымдар (И. Г. Пестолоцци, Ж. Ж. Руссо, Я. А. Коменский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. Сухомлинский т. б. ) айтып өткен, оның мүмкіндіктерін өз тәжірибелерінде пайдаланған. «Мен халық педагогикасының ұлылығымен кімде-кім бәсекеге түседі деп ойлаймын» - деп К. Д. Ушинский бекер айтпаған. Халық педагогикасына аса зор мән беру қазіргі таңда үздіксіз тәрбие беру майданында күн тәртібінен түскен жоқ, қайта мектеп өмірінде барған сайын көкейкесті проблемаға айналуда.

Соңғы жылдары этнопедагогика материалдарын мектеп практикамында пайдалану (Р. Төлеубекова, Ш. Құлманова, Р. Дүйсенбінова, А. Айтпаева т. б. ), этнопедагогиканың әдіснамалық, теориялық, негіздерін зерделеу (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Ж. Наурызбаев, М. Балтабаев, К. Қожахметова т. б. ) жоғары және арнайы кәсіби оқу орындарында (С. Әбілдина, Ұ. Әбдіғаппарова, А. Мағауова, Г. Бахтияова, Б. Мұқанова, А. Аманжолова т. б. ) пайдалану проблемалары бойынша бірқатар еңбектер жазылған.

Демек, оқушыларды қазақ халық дәстүрлері негізінде тәрбиелеудегі оларды көпсатылы мектеп тәжірибесінде бірізділікті жүйемен пайдалануды ұйымдастыру қажеттілігі мен оны жүзеге асыратындай әдістемелік кешеннің жоқтығы арасында қайшылық анық байқалады. Сондықтан оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыруға қажетті амал-жолдарды іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Қазақ мектептерінің оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу объектісі: негізгі орта білім беру кезеңіңдегі оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: негізгі орта білім берудің оқу-тәрбие процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру процесі.

Зерттеу мақсаты: негізгі орта білім беруде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және жүзеге асырылуды жетілдіру жолдары

Зерттеудің міндеттері:

  1. Қазақ ойшылдары мен ағартушы педагогтарының халық педагогикасы

дәстүрлеріне пікір-көзқарастары және қазақ халық педагогикасы дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктері мен тәрбиелік мүмкіндіктері;

  1. Негізгі орта білім беру процесінде халық педагогикасы дәстүрлерін

пайдалануды ұйымдастыру шарттарын жүзеге асыру.

Зерттеу әдістері: психологиялық педагогикалық еңбектерді талдау, сараптау, мектеп құжаттарын, озық тәжірибелерді талдау, бақылау, сауалнама.

Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I - тарау. Негізгі жалпы орта білім беруде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері

1. 1. Негізгі жалпы орта білім беруде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру әлеуметтік-педагогикалық проблема

Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбие мен мәдениеті талай халықтардың өкілдерін тәнті еткені тарихи жазбалардан белгілі. Ұлы, жиһангез саяхатшылар мен зерттеушілер қазақтың ежелгі тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті мен ауыз әдебиеті туралы, ер адамдар мен әйелдердің моральдық-этикалық ерекшеліктері туралы, олардың тұрмыстағы, кәсіптегі, отбасындағы, ауылдары, әулеттегі, рудағы әлеуметтік орны туралы, ұл мен қыз тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері туралы, ұлттық таным, наным, сенім, ұғым, әдеті мен ғұрпы, ұстамды да қайырымды мінезі мен құлқы, салты мен дәстүрінің біртұтастығы негізінде осынау кең ұлы далада көшпенді өмір сүргеніне қарамастан біртұтас тілде сөйлеуі, қолөнер мен бейнелеу өнеріне, ауыз әдебиеті мен музыка өнерінің жалпы дала мәдениетінің таңғаларлық үлгілері туралы таңдай қаға айтып, баяндайды. Мұның барлығы қазақ халқының қазіргі моральдық-психологиялық, мәдени-әлеуметтік ахуалының түп тамыры екендігін тарих, философия, филология, педагогика, психология, этнопедагогика мен этнопсихология ғылымының зиялылары өз еңбектерінде дәлелдеп, олардың тәрбиелік мүмкіндіктерін жоғары екендігін анықтады. Бұған Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т. б. демократ ағартушылардың қазақ мектептерін құру жөніндегі пікірлері мен қазіргі қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық негіздерін жасаушы ғылымдардың (Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, К. Қожахметова, Қ. Бөлеев, Р. Дүйсенбінова, А. Құсайынов, т. б. ) тұжырымдары негіз болады деп ойлаймыз.

Халықтық педагогиканың дәстүрлерін зерттеудің, оның мүмкіндіктері мен оқу-тәрбие процесінде алатын орнын, пайдалану ерекшеліктерін анықтап, оны ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын белгіленіп, оқу-тәрбие барысын қалыптастырудың мүмкіндігі туып отыр.

Мектептің оқу-тәрбие процесінде халықтық педагогика дәстүрін пайдалануды ұйымдастырудың теориялық негіздері және халықтық педагогиканың зерттелу мәселелеріне, халықтық педагогиканың методологиясы, принциптік аспектілері, тарихнамасы, үлгі дәстүрлері, теория мен практикалық бірлігі, фольклорлық, этикалық, эстетикалық моральдық, тұрмыстық, кәсіптік тақырыптарға жазылған ғыылми-зерттеу жұмыстарына қысқаша тоқталсақ, төмендегілерді айтуға болар еді. «Халықтық педагогика» термині К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде кездесететіндігі туралы Б. Б. Комаровкий өзінің «Русская педагогическая терминология» атты кітабында көрсетеді.

Дегенмен, ол кездегі ғалымдар «халықтық педагогика» атауын өз атымен атамағанымен халықтық педагогиканың барысын пайдаланудың ең шұрайлы да пайдалы жақтарын зерделеп, әдістерін ұсынып отырған. Жасөспірім тәрбиесін ұйымдастырудағы халықтық тәлім-тәрбиенің терең тамырлы мол ықпалына, әсіресе адамгершілікке, патриоттық сезімге, халықшылдыққа, этикалық және моральдық тәрбиеге баса назар аударған.

Бұрынғы кеңестік республикалар көлемінде бірнеше докторлық және көптеген кандидаттық диссертациялар халықтық педагогика мен этнопедагогиканың тақырыптарына арналды. Оның ішінде айрықша орын алатыны Г. Н. Волковтың «Чуваш халықтық педагогикасы» кітабы еді. Ол өз еңбегінде халықтық педагогиканың теориялық және практикалық сүрлеуін жасады. Халықтық педагогика бұқара халықтың ұжымдық тәрбиесінің нәтижесі, рухани жетілу жолдары ретінде қарастырылды. Тәрбие пәніне, педагогикалық негіздеріне, әдстеріне, құралдарына анықтама береді. Ол тұнғыш рет «Этнопедагогика» кітабын жазып, этнопедагогика ғылымын жүйелеп, этнопедагогика терминін дүниеге келтірді. Халықтық педагогиканың тәжірибеге сүйенетінін, ал, этнопедагогика теориялық ой-саласы, ғыылм саласы екенін түсіндірді. Сөйтіп, халықтық педагогика мен этнопедагогиканың ара жігін ашып береді. Осы ізбен соңғы жылдары этнопедагогиканың біртұтас жүйесін жасауға, оның салаларын ашып, дамытуға күш салған ғалымдарды атауға болады; Т. Н. Петрова - тарихи этнопедагогиканы, Ш. М. Х. Арсалиев пен Л. Бугаева - аймақтық этнопедагогиканы, Г. Н. Волков - аналитикалық этнопедагогиканы, К. Ж. Қожахметова - этнопедагогика методологиясын, Н. С. Александрова - мектепке дейінгі этнопедагогиканы, В. М. Григорьев - ойын этнопедагогикасын, Э. И. Сокольникова - отбасы этнопедагогикасын, Л. К. Рахлевская - этнопедагогикалық антропологияны, М. Г. Харитонов - этнопедагогикалық білім беруді, А. А. Григорьева - Шадрина мен Д. Е. Иванова - этноәлеуметтік педагогиканы, А. М. Леонов - субэтикалық педагогиканы т. б. зерттеп, этнопедагогика ғылымының мәні мен мазмұнын, зерттеу пәнінің аумағын кеңіте түсті.

Г. Н. Волковтың айтуынша этнопедагогиканың пәні мен мәнін, мазмұнын өзара тығыз байланыста қарастырған жөн. Оның себебі этнопедагогиканың пәні - халықтық педагогика, халықтық тәрбие, ал, мәні - үш қасиеттен құралады: 1. Ұлттық сақталу педагогикасы. 2. Педагогикалық пансофия немесе тәрбие даналығы. 3. Жалпыға бірдей сүйіспеншілік педагогикасы. Этнопедагогиканың мазмұны - халықтық педагогикалық, этнопедагогикалық білімдердің жиынтығының әлеуметтілігімен өлшенеді. Оған соңғы жылдары жинақталған халықтық педагогикалық, этномәдени, этноәлеуметтік және этнопедагогикалық зерттеулер мен мәліметтер куә.

Этнопедагогиканы - халықтық тәрбие тәжірибелерін, халықтық педагогика дәстүрлерін, ұлттың, халықтың, отбасының тұрмыстық тәрбие ықылымдарын, тәрбие әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым ретінде қарастырады. Ал, кейбір ғалымдар (Т. Н. Петров т. б. ) этнопедагогиканы халықтық тәрбиенің тарихы мен теориясы ретінде сипаттаған. Этнопедагогика - отбасы, ұлт пен халықтың ғасырлар бойы жинақтаған этникалық және этикалық құндылықтарын эмпирикалық тәжірбе арқылы ұлттық мінез-құлықты реттеуге пайдалана отырып, тәрбиелеу себептері мен дәлелдемелерін, этникалық баға беру өлшемдерін зерттейтін ғыылм деп, тұжырымдайды - Г. Н. Волков.

Этнопедагогика өз әдіс-тәсілдері арқылы халықтық педагогика дәстүрлерінің үлгілі білім және тәрбие дәстүрлерін мектептің оқу-тәрбие процесінде пайдалануды жүзеге асырады. Этнопедагогика пәні жылжымалы әрекет етеді, оның атқарар қызметі мен міндеттері заман ағымына, әлеуметтік жағдайға және қоғамдық сананың өзгеруіне сәйкес қалыптасып отырады.

Этнопсихология халықтық педагогика дәстүрлерінің жазылмаған ережелері мен қағидаларына және этнопедагогикалық тәсілдерге сүйене отырып этностың психологиялық ахуалының аса құнды жақтрын саралап, сараптайды да оны халықтық педжагогиканың тәрбиелік ықпалын күшейту шараларына пайдаланады.

Этнопедагогиканың зерттеу қызметінің бір саласы - ұлттық әлеуметтік қарым-қатынас үрдістері мен халықтық-қоғамдық тәрбие ықпалы әлеуметтік тұлғаны дамытудағы және тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін дамыту болып табылады және жасөспірімді оқыту мен тәрбиелеуге қажетті халықтық білім нұсқаларын жинап, жүйеге келтіреді; халық даналығын (Ұлттық философиясын), құнды тәжірибесін, діни нанымдарын, аңыз-ертегілерін, мақал-мәтелдерін, ән-күйлерін, ұлттық ойындарын, қолданбалы қолөнерін, тұрмыстық, кәсіптік жәдігерліктерін т. б. халықтық педагогиканың амал-құралдарын айналдырады.

Этнопедагогика ұлттық философия, ұлттық этика, ұлттық эстетика, ұлттық психология дәстүрлерінде тарихи, әдеби, мәдени құндылықтарды біріктіре отырып, оқу-тәрбие процесіне ендіруге мүмкіндіктер ашады.

Этнопедагогика халықтық педагогикаға лайықты пансофиялық (тәрбиенің даналығы) үндестік құрылымын жасап, оны этнопедагогиканың негізі практикалық қызмет объектісінің бірі болып табылатын отбасы мен мектепке бағыттайды, осылайша этнопедагогика классикалық педагогика ғылымының маңызды саласына және халық педагогикасының методологиясына айнала отырып, халықтық педагогиканың табиғилығы мен өміршендігін, халықтық тәрбиенің әлеуеттілігін нығайта түседі.

Кезінде ұлы педагогтар Я. А. Коменский, И. Г. Пестолоцци, Ж. Ж. Руссо халықтық тәрбие идеяларына аса зор мән бергені белгілі. Адамзат жинақталған педагогикалық тәжірибеге сүйене отырып, оны - Я. А. Коменский «Адамзат баласы бірлесе иеленетін жалпыға бірдей даналық қзына» деп бағалаған еді. Мектепке дейінгі тәрбие мәселелерін ұйымдастыру жөнінде өте құнды пікір айтқан алғашқы педагог Я. А. Коменский болды. Ол бүлдіршін тәрбиесін қоғамдық мекемелерде емес, қайта отбасындағы Ана мектебінде ұйымдастырудың жолдарын, мазмұны мен маңызын көрсетіп берген еді. Өзінің «Ұлы дидактика» деп аталатын кітабының бір саласын «Ана мектебі» деп атап, оны тәрбие системасының алғашқы және маңызды сатысы ретінде қарастырған. Оның пайымдауынша Ана мектебінде алдымен дене шынықтыру, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі басты орын алуы тиіс. Баланың дене және рухани күштері біртіндеп жетілетіндігін, әр баланың жеке басының өзгешеліктеріне мән бере отырып тәрбиелеу, жас ерекшеліктерін ескеру қажет екендігіне назар аударған. Ол әсіресе бүлдіршіннің дене тәрбиесіне көп көңіл аудару қажеттілігін ескерген. Ата - аналардың әсіресе жас аналардың өз нәрсетесінің дұрыс тамақтануы, киіндірілуі, ойыны, қимыл іс-әрекеті т. б. күнделікті тәрбиелік шаралардың нақты талаптарын белгілеп берген. Ананың нәрестесін емізуі, ойнатуы, қимыл іс-әрекет тәрізді мәселелерге жауапкершілікпен қарауға шақырған. Баланың алансыз ойынын құптап, ата-анасының оған кедергі келтірмеуін, қайта оынға араласып, дұрыс бағытқа бағдарлап, әділ бағалауын, қастерлеіун қалаған.

Орыс педагогикасының көсбасшылары К. Д. Ушинский, В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский, А. И. Грецен, Л. Н. Толстой - сол кездегі педагогиканың халықтық принциптеріне айрықша тоқталған еді. В. Г. Белинский - «Жалпы азаматтық, әлемдік құбылыстарды мейлінше көбірек беруге, тек оларды өзіндік және ұлттық, құбылыстар арқылы таныстырып отыруға» шақырды. Ол, оқушыға ұсынылатын оқу құралдары мен әдебиеттердің мазмұнын ұлттық фольклорлық дәстүрлерде беруді ұсынды. Шәкірт бойында азаматтық, ұлттық сана-сезім қалыптастыратын өлеңдер мен ертегілерді, мақалдар мен мәтелдерді, халық әндерін көбірек кіргізу қажет деді.

Халықтық принцип - К. Д. Ушинский теориясының Темір қазығы болды.

«Халықтықсыз - халық, заңды іріп-шіруі ғана қалған жансыз дене» дей келе орыс халқының ғасырлар бойы жинақталған тәлім-тәрбие дәстүрлерін басшылыққа алуды ұсынды. «Біздің тәрбиені ойлап тапқымыз келетіні бос әурешілдік . . . тәрбие орыс халқында, халықтың өзі қанша өмір сүрсе, тәрбие де сонша ғасыр өмір сүрді, онымен бірге өсті, өз тұрпатында бүкіл тарихын, бүкіл жақсы және жаман қасиеттерін бейнелеген» - дей келіп, теорияда да, іс-жүзінде де барлық; халықтарға ортақ тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың өзінің тәрбие тәрбие жүйесі ерекше түзелген. Сондықтан да бір халық екінші халықтың тәрбие жүйесін пайдалана алмайды. Соншама тартымды да үлгілі болғанымен бір халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі екінші халық өмір сүре алмайтына тәрізді жақсы ойластырылып ұйымдастырылған бөтен педагогикалық жйүеде басқа халықтың тәрбиеленуі мүмкін еместігін анық» - деп тұжырымдаған. Қазіргі таңдағы халықтардың тәуелсіздікке колы жетіп, өз ғылымы мен білімін дамытудағы ұмтылыстры тұсында әр халықтың өз этнопедагогикалық жүйесіне жүгінуі басты қағидалардың бірі болып табылады. Қай халық та өз ұлтының этнопсихологиялық және этнопедагогикалық негізінде жетілуі тиіс, ол ұлттық, мектептің жаңа дәстүрлі оқу-тәрбие процесінде жасалуы қажет.

Кешегі совет мектебінің оқу-тәрбие процесін халықтың тәлім-тәрбие үрдісінде ұйымдастыруға күш салып, еңбек еткен ұстаздардың бірі В. А. Сухомлинский болды. Оқу-тәрбие процсінің халықтанушылық принцип арқылы шешуді мақсат етті.

Негізінен туған халықтың тарихын, туған жердің табиғатын ана тілін жете меңгерту, ол үшін бесік ерекшеліктеріне дейінгі халықтық, тәлім-тәрбиенің нысандарын пайдаланудың тиімділігіне баса назар аударды. Сөйтіп жасөспірімнің патриоттық сезімін оятуға талпынды. Бірақ бұратаналыққа ұшыраған халықтардың ұлттық мектептерінде бұл үрдіс жүйеге түсірілмеді. Орыс-қазақ аралас мектептерінің әсіресе қызыл «интернационалдық» ұстыны халықтық педагогика дәстүрлеріне жол бермеді. Коммунистік идеямен «Қаруландырылған» ұлттық мектептер біртіндеп «орыстандырылды». Халықтық принциптің орнына коммунистік-идеялық принцип орнықты. Шовинистік идеядан арыла алмай келе жатқан қазіргі ұлттық мектептердің ахуалын этнопедагогикалық принциптер арқылы қайта қалыптастыру қажет. Халықтық педагогиканың дәстүрлі ықылымдарын кеңінен пайдалануды зерттеудің маңызы зор.

Халықтық педагогиканың ғыылми теориялық зерттеулеріне талдау жасауда қазақ ғалымы, педагогика ғылымының докторы, професор С. А. Ұзақбаеваның еңбегі зор. Ол өзінің «Қазақ халықтық педагогикасындағы эстетикалық тәрьие» және «Тамыры терең тәрбие» - деп аталатын еңбктерінде бұл мәселелерге баса назар аударған. Ол осы кезеңге дейінгі халықтық педагогиканың зерттелу бағыттарына баға бере келіп, оларды жіктеп шыққан.

А. А. Люблянская, В. Акрутецкий, Н. Жандилдин, Т. Тәжібиев, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев т. б. еңбектерінде халықтық педагогиканың этнописхологиялық аспектілері кеңінен талданады. Әсіресе ұлттық мектеп құру мәселесі тұсында оның маңызы орасан зор. Халықтық педагогика жөнінде жазылған басқа да еңбектерді талдай келгенде негізінен олардың басты тақырыптарының тарихи-этнографиялық бағыттары мен халықтық педагогиканың дәстүрлерінің фольклорлық ұстыны басым түрде дәріптеліп, зерттелгені байқалады. Сонымен қатар бұл авторлврдың кейбіреулері әдеби фольклордың (ертегілер мен мақал-мәтелдердің, жырлар мен эпостардың) тәрбиелік идеяларын талдап, адамгершілік пен еңбекке тәрбиелеудің халықтық дәстүрлерін дәріптейді.

Өз еңбегін ұлттық бейнелеу өнері құралдарымен эстетикалық тәрбие берудің мазмұнын және методикасын жасауға арналған педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б. А. Әлмухамбетовтың ғылыми еңбегін біз ұсынғалы отырған көпсатылы қазақ орта мектебінің оқу-тәрбие процесінде кеңінен пайдаланбақпыз.

Домбыра өнерінің әлеуметтік-педагогикалық мәнін ашып, музыкалық эстетикалық тәрбиенің проблемаларына тарихи хронологиялық талдау жасай отырып Т. Қышқашбаев қазақ мектептерінің сынып және мектептен тыс эстетикалық тәрбие берудің басты құралдарының бірі ретінде пайдаланатын - домбыра ойнаудың практикалық әдістемесін, яғни сапаптық, музыканы оқытудың жаңа дидактикалық принципін ұсынған.

Ш. Әлібеков зерттеген - «Қазақ фольклористикасының эстетикасы» тақырыбындағы ғыылми жұмысында қазақ халқының көркем әдебиетіндегі озық үлгілер арқылы Қазақ халқының әсемдік, сұлулық аспектілері жайындағы түсініктері сараланып, мазмұн байлығын суреттеу тәсілінің молдығына, эстетикалық бағалылығына, поэзия, узыка, қол өнері, пластика, сәулет өнеріндегі көркемдік бейнелердің қалыптасу ерекшеліктеріне мазмұнды талдау жасалған. Бұл тақырып Әл-Фарабидың жасөспірімнің сезімталдығын тәрбиелеу жөніндегі хауас іліміне сәйкес келеді.

Қазақ халқының жауынгерлік дәстүрлеріне зерттеу жүргізген С. Т. Иманбаева оның тәрбиелік мазмұнына этнопедагогикалыөқ мән берген. Қазақ халқының ер балаларды тәрбиелеу дәстүрлерііне, оның этикалық, моральдық, патриоттық, психологиялық ерекшеліктеріне ғылыми тұрғыда сараптама жасаған. Эпостағы, бейнелеу өнеріндегі, музыкадағы жауынгерлік дәстүрлерінің әдіс-тәсілдеріне тоқталып, олардың тәрбиелік мәніне көңіл аударған ерлі, батырлық, каһармандық атауларына философиялық, педагогкиалық түсініктер берген. Бұл ғыылми жұмыстың болашақ қазақ мектебіндегі ер балалар тәрбиесіне тигізер ықпалы зор болмақ деп ойлаймыз.

«Ұлттық тұлға» ұғымына анықтама берген және ұлттық тәрбиенің мәні мен мазмұнына сипаттама жасаған, оның функциональдық мүмкіндіктерін айқындаған К. А. Оразбекованың ғылыми еңбегі болашақтағы қазақ мектебінің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру шарттарының бірі екендігіне сенуге болады. Этнопедагогиканың методологиялық негіздерін, теориясы мен практикасын дәлелдеу, этнопедагогиканың тәрбие ролін зерттеу және халықтық педагогика дәстүрлерін қазақ мектептерінің оқу-тәрбие процесіне ендіру, тәрбие мазмұнын халықтық педагогика және этномәдени құндылықтары негізінде ұйымдастыру, педагогтарды этнопедагогикалық даярлықтан өткізу т. б. тақырыптарда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген К. Ж. Қожахметова, Р. Дүйсенбінова, К. Бөлеев, Ж. Наурызбаев, Ш. Беркімбаева, Т. Қоңыратпаева, А. Дайрабаева т. б. ғалымдардың идеяларына толығынан қосыла отырып, бұл деялардың қолға алып отырған зерттеу жұмысымызға ғылыми-практикалық ықпалы болады деп сенеміз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ балаларының тәрбиесін қазақ этнопедагогикасы арқылы дамытудың моделін жасау
Қазақтың салт-дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары (5-9 сынып бойынша)
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Халық педагогикасы дәстүрлері - халық тәрбиесі
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Қазақта Баланы жастан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz