Жаңа техниканы енгізу тиімділігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Өндіріске жаңа техниканы енгізу тиімділігін арттырудың экономикалық маңызы . . . 5

1. 1 Жаңа техниканы енгізу тиімділігі . . . 5

1. 2 Жаңа техниканы енгізудегі жүйелер құрылымы . . . 8

1. 3. Жаңа техниканы кәсіпорында қалыптастыруды ұйымдастыру . . . 14

2 “АҚСАЙ НАН” НТК ЖШС-нің экономикалық белсенділігін және техникаларын пайдалану жағдайын талдау . . . 16

2. 1. “Ақсай нан” НТК ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау . . . 16

2. 2«Ақсай нан » НТК ЖШС - нің инновациялық белсенділігін талдау . . . 23

3 “АҚСАЙ НАН” НТК ЖШС-нің Өндіріске жаңа техниканы енгізу тиімділігін арттыру жолдары . . . 30

Қорытынды . . . 32

Пайдаланылған әдебиеттер тізімІ . . . 34

Кіріспе

Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.

Экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін әр инновация мынадай инновациялық циклдың кезеңдерінен өтеді, атап айтқанда инновациялық шешім қабылдау, жаңа енгізулердің жұмысын түсіне білу, инновациялардың диффузиясы, осы диффузиялардың әсерінен келген әлеуметтік-эконмикалық жүйедегі өзгерістер, жаңа енгізулермен айырбас. Топты болжауларда өндіруші инфраструктуралардың ғылыми-техникалық дамуының басты мәселесі көптеген енгізіліп отырған жаңалықтарды ретке келтіру. Бұларды бірнеше кезеңде жүзеге асыру нәтижесінде көруге болады, басымдықтың ішкі орналасуы, жаңалықтарға әсер етушіфакторларға талдау, жаңа енгізулерді сату мүмкіншілігі.

Бастапқы жаңалықтардың көпшілігін қалыптастыру осы жүйеде іске асыра алатын барлық мүмкін инновацияларды көрсетуде тұрады. Әрине, болжау кезеңінде іске асырмақшы болған шығушы көпшілік өзіне мүмкіншілігінше көптеген жаңалықтарды сіңіре білу керек. Мұндай инновацияларды көрсету әбір саланы талдау нәтижесінде іске аса алады, бұлар өндіруші инфрақұрылым топтамасын құрайды, ал соңғы жаңалықтардың көпшілігі тәжірибе көрсеткендей тек сарапшының көмегімен ғана жүзеге аса алады.

Сондықтан жаңа үрдісті қалыптастыру үшін, ескіні қысқартқанмен де жақсы жақтарын сақтап жаңалықтарды енгізгеннен жоғарғы тиімділікке жету жолын таңдай білу керек. Тиімді жаңалықтарды қалыптастыру кезінде мемлекеттік деңгейде және тиімді енгізулердің нақты жергілікті бағалары қолданылады. Бұл экономикалық дамуды қамтамасыз ету жолдарының бірі ретінде қарастырылады. Көптеген енгізуші жаңалықтар көбінде тиімділікті азайта отырып, басым түрде тиімділігі мол жаңалықтар енгізеді. .

Курстық жұмыс тақырыбының зерттеудегі маңыздылығы. Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инновация өте маңызды рөл атқарады десек те болады, яғни казіргі уақыттағы экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі қаржысының инновациялық тұрпаты экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл өнімді кәсіпорын шеңберінде ұтымдылықты қамтамасыз етуге ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі. Қазақстанда дәл қазір бұған қолымыз жетпей отыр, өйткені нарық жағдайында қайшылықтар мәселесі шешімдер кезегін күтуде. Бір жағынан еркін кәсіпкерлік ортаны құру жене тұтынушылардың сұранысын ақтау өз бетінше әрекеттер жасауға әкеліп тірейді, яғни технологиялық жаңалықтарды енізіп, іске қосу керек. Екінші жағынан терең экономикалық дағдарыс, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, ҒЗТКЖ-ге жұмсалатын қаржының азаюын атап өтуге болады.

ҚР Президентінің халыққа 01. 03. 2006 жылғы жолдауында былай делінген: «Біз ндустриалды-инновация стратегиясын жүзеге асыруды бастадық, бұл экономиканың әртараптануы, яғни болашаққа арналған бағдарлама»\1\.

Біз бәсекеге қабілетті және осы бәсекелестікті әлдеқайда жоғарылытатын экономикалық потенциалға ие басымдықты саланы таңдадық, мұнымен біз Қазақстандық кластерлікті дамыту жүйесінің бастамасын құраймыз деп білеміз.

Ал, ҚР Президентінің халыққа 18. 02. 2005 жылғы жолдауында былай делінген: « кем дегенде 5-7 кластерлікті нарық сегменттерінде, атап айтқанда, туризм, мұнайгаз саласында машиналар құрастыру, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, транспортты-жеткізушілік қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сиқты нарықтарында құрып оны дамыту жоспарын жасауымыз керек»\2\. Мінекей, осы атап өткендер еліміздің экономикасын шикізаттық емес саласында ұзақ уақыт мамандануын анықтайды.

Біз жаңа технология мен жаңа экономика әлеміне жетелейтін ұлттың инновациялық жүйені экономикалық даму мақсатында қолдануды бастадық.

Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз- бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке секторлар бір-бірімен екі жақты сенімділік пен табысқа негізделген жақсы қатынаста болу керек/2/

Курстық жұмыстың теориялық негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен бағдарламалары, отандық және шетелдік ғалым- экономистерінің еңбектері, бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметтері алынды.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

i Өдіріске жаңа техниканы енгізу тиімділігін арттырудың экономикалық маңызы

  1. Жаңа техниканы енгізу тиімділігі

Экономикалық табыс қоғамның сұранысын қанағаттандырумен және осы негізде нарықтың ұлғаюымен байланысты. Бұл жаңа өндірістік машиналарды енгізу көлемінің қанағаттандыруына әкеледі/3/.

ҒТП-ң ресурстық әсері халық шаруашылығындағы тапшы өнімдердің орнын басады және бұрын қолданбаған өнімді ұсынады. Оның көрсеткіштері жұмысшылар еркіндігі, шикізаттарды және тапшы материалдарды үнемдеу, әрі халық шаруашылық айналымына жаңа ресурстар енгізу. Мұның бәрі ҒТП-ң экологиялық тиімділігімен тығыз байланысты- қоршаған ортаның өзгеруі.

ҒТП-ң әлеуметтік әсері- ол жұмыс күшінің жеке шығармашылығын қолдануына және адамның жан-жақты дамуына әлдеқайда ыңғайлы шарт жасалуымен ерекшеленеді. Бұл еңбекті қорғау, өте ауыр жұмыстарды қысқартуда, жұмысшылардың мәдени дәрежесін көтеруде т. б. көрінеді. Бұл атап өтілген түрлердің қанша тұратынын санау мүмкін емес. Бұған қоса жеке алғанда қоғамдық еңбек үнемін құрылымдық, ресурстық, экологиялық және әлеуметтік тиімділікті санауға болады.

Экономикалық мүдделер тұрғысынан тиімділік- қоғамның рухани-материалды сұраныстарын барлық әрекеттер жүйесінде қанағаттандыру халықшаруашылық және әлеуметтік-экономикалық әсер болып бөлінеді. Халықшаруашылық әсер- жиынтық шығындардың төмендігі жене барлық салалардың толыққанды қоғам қажеттілігін қанағаттандыру. Бұл жаңа техника және технологияны пайдаланатын кәсіпорындардың тиімділігінен алатын әсерлер жиынтығы/2/.

Кезеңдердің циклдары бойынша жаңалықтардың халық шаруашылығында қабылдануын және таратылуын айыра білеміз және күтіп отырған нәтиженің алынуын қалаймыз.

Шаруашылық есептің әсері- халықшаруашылық әсер ету нысаны, әртүрлі шаруашылық әрекеттердің нәтижелерінен көрініс табады.

ҒТП-ң экономикалық әсері барлық ғылыми-өндірістік циклының нәтижесінің бағасын анықтайды. ҒТП-ға жұмсалған қаржы-әр уақыт аралығында жұмсалған шығындар және жаңалықтарды енгізумен

бай ланысты капитал салымдарын айтамыз.

Бұл шығындарға жататындар:

  1. ҒЗЖ және ТКЖ, эксперименттік, технологиялық, жобалық жұмыстар;
  2. Өндірісті меңгере білу және тәжірибе үлгілерін ары қарай дамыту.
  3. құрал-жабдықтарды алу, жеткізу, монтаждау;
  4. ғимараттарды салу құны;
  5. айналым құралдарының толығуы;

6. ресурстық-экологиялық залалдардың алдын алу;

7. теріс әлеуметтік салдарды болдырмау;

  1. кадрлардың толығуына байланысты әлеуметтік инфраструктура құру /3/.

Жаңа техникаға жұмсалатын ағымдағы шығындар калькуляциялық шығын баптары болып табылады.

Әлем экономикасы көрсеткендей жаңа техникаға мыналарды жатқызуымызға болады:

  1. машинаның көп функционалдығы, оның «икемділігі» және өнімнің әр түрін шығара білуге қабілеттілілігі;
  2. бірлік қуаттылықтың еселеп өсуі;
  3. машинаны бақылау және қиын операцияларды орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін тоқ жүйесі.
  4. Еңбек құралына әсер ететін биохимиялық, дыбыс, сәуле процесстерін қолдану;
  5. өте жоғары түрдегі үнемдеуді қолдану.

Осы аталып өткен барлық белгілер машинаның өнімді тездетуіне септігін тигізеді.

Кәсіпорынның инновациялық әрекеті ғылыми-техниканы қолдану жүйесі, мақсат жаңа немесе жақсырақ өнім алу, өндірудің жаңа түрін қолдану, яғни қоғамның сұранысын қанағаттандыру.

Таңдау мүмкіншілігі және технико-технологиялық жаңару ортаға, жаңалықтардың түріне, оның нағыз түбіріне сай келушілігіне, кәсіпорынның ғылыми-техникалық жағдайына, нарықтың шарттарына сәйкес болуына тәуелді болады /4/.

Технологиялық инновцияның екі түрі болады: өнімдік және үрдістік. Жаңа өнімнің енуі радикалды өнімдік инновация ретінде анықталады. Мұндай жаңа енгізулер міндетті түрде жаңа техникаға негізделген. Өнімнің қазіргі заманға сай болуы, яғни оның сапасы мен түрінің өзгеруі.

Үрдістік инновация - бұл жаңа технологияны меңгеру және барлық өзгерулерді қабылдай алу.

Жаңалықтардың кезеңдері бойынша инновациялар бұрын ешқашанда не біздің жерімізде не шет елде болмаған принципиалды жаңа және құрама жаңа енгізулер болып бөлінеді. Өнімнің, технологияның принципиалды жаңа түрі ең басты үлгі болып табылады, осының негізінде ғана басқа имитацияларды көшірмені алуға болады.

Инновация-имитацияның ішінен нарыққа жаңа өнім енгізу, техника мен технологияны жаңа салаларға қолдану түрінде көрінеді айыра алады. Сонымен қатар жаңа енгізулер толықтырушы, алмастырушы, ығыстырушы болып табылады /3/.

Инновацияның өмірлік циклі жаңалықтарды құрауда байланысты процесстер енгізеді. Инновацияның өмірлік циклі идеясының туу кезеңімен оны толығымен алып тастау кезеңімен анықталады.

Инновация өзінің өмірлік циклында мынадай бірнеше кезеңнен өтеді:

  • қажетті көлемді жасау үшін, ғылыми-зерттеушілік және тәжірибе-құрастырушылық жұмыс жасалу керек.
  • өсу ( өндірісті меңгерумен қатар, өнімді нарыққа шығару) ;
  • даму (сатудың көлемін ұлғайту) ;
  • нарықты толықтыру (өнімнің ең жоғарғы дәрежеде өндіру және сату) ;
  • құлдырау (өнімнің нарықтан шығуы) .

Бірінші кезең-жаңалықтың енуі-әлдеқайда еңбек көп жұмсалатын және күрделі болып табылады. Дәл осы кезде өндіру үрдісін меңгеру үшін жұмсалатын шығын өте жоғары және жаңа өнімнің тәжірибедегі үлгілерін тобын жіберу қажет. Бірінші кезеңде технология дами түседі. Осы кезеңде өнімнің өзіндік құны жоғары деңгейде көрінеді және өндіріс қуаттылығы толық пайдаланылмайды.

Екінші кезең- өндірістің өнімді меңгеру кезеңі-өнімді баяу уақытта шығарумен мінезделеді.

Үшінші кезең - көтерілу кезеңі-өндірістің тез арада көтерілуімен ерекшеленеді, сонымен қатар өндіріс қуаттылығының өсуі және өндірісті ұйыдастыру бір бағытқа келтіріледі.

Төртіні кезең- тұрақталу кезеңі -өнімнің бір қалыпты жоғарғы көлемде шығарылуымен және өндірістік қуаттылығын барынша жоғары деңгейде пайдаланумен сипатталады\5\.

Бесінші кезең - құлдыраушы кезең-өндірістік қуаттылықтың құлдырауы және тауарлы қорлар көлемінің тез азаюымен байланысты.

Жаңа техника мен технологияның өнімдік құрамы өндірістің даму параметрімен тығыз байланысты. Мысалы, жаңа техникамен технологияның өмірлік циклының бірінші кезеңінде өндіру еңбегі өте төмен, өнімнің өзіндік құны баяу төмендейді, кәсіпорынның экономикалық нәтижәсі төмен немесе теріс болады. Өнімді ұдайы шығару кезінде өзіндік құн төмендейді, бірінші кезеңдердегі шығындар өтеле бастайды. Техника мен технологияны жиі ауыстыра беру үлкен қиындықтарға әкеледі. Жаңа техника мен технологияға өтіп оны меңгеру кезінде кәсіпорынның тиімділіктері төмендейді. Инновацияның өмірлік циклының концепциясы жоғары көлемде өнім шығаруға, оны өткізде өте маңызды рөл атқарады.

Жаңа техника мен технологияның өмірлік циклының ұзақтығына талау келесі ретпен келеді:

  1. Техниканың тұрақтылығын анықтау үшін оның өмірлік циклының жалпы ұзақтылығын, барлық тарихын, биологиялық процессін, кезеңдерін анықтап алу керек;
  2. Болашақ жаңа енгізулердің негізгі болжау ұзақтылығы болған соң өмірлік циклдерді және кезеңдердің ұзақтылығын анықтап алу керек;
  3. Жаңа техника мен технологияның өмірлік циклының кезең ұзақтылығы жөндеу базасының стратегиясын жасау керек.
  4. Келесі цикл уақытында болашақ мысалдардың ұзақтылығын болжайды;
  5. Факторлардың түбегейлі сұраптамасы, бұл өткен цикл ұзақтылығына әсерін тигізеді;
  6. Шығушы дәнекерлерді қалыптастыру әдістерін жинау және эконометрикалық есеп қолдану /6/.

Өмірлік циклдың ұзақтылық әдісі өндірістің техника-экономикасының көрсеткіштерінің талдауына жауап ретінде қарастырылады.

Біріншіден, бұл өндірістің ең жоғарғы дәрежеге дейінгі дамуын анықтауға мүмкіндік береді, яғни шығын түрі, өнімнің өзіндік құны, еңбектің жұмсалуы. Екіншіден, технико-экономикалық көрсеткіштер мен сатылу көлемін тұрақтандырып алу керек, өйткені ол кейде келіспей қалады. Үшіншіден, міндетті түрде техника-экономикалық көрсеткіштердің көлемінің өзгеруін талдап алу керек, ол үшін мынадай сұрақтарға жауап табу керек: пропорция бар ма, инерция ше, кеш қалудың тиімділігі бола ма т. б. Мысалға келтірілген әдістерден кейін, өмірлік цикл ұзақтылығы техника-экономикалық көрсеткіштермен сатылу көлеміне байланысты және бұл қазіргі кездегі жаңа техникамен технология сұраптамасы өте үлкен рөл атқарады.

Жаңалықтарды енгізіп меңгерудегі инновациялық әрекеттерге мынаны кіргізеді:

  • Ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыс жүргізу жаңалықтар идеясын тұрақтандыру үшін, лабороториялық зерттеу жүргізу үшін, жаңа өнімнің лабороториялық мысалын жасау, жаңа техниканың түрлерін және жаңа конструкция жасау;
  • Өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін, керекті шикізат пен материалдарды таңдау;
  • Жаңа өнім дайындау үшін технологиялық процессті реттеу;
  • Жаңа техниканың мысалдарын сіңіріп, сынақтан өткізіп, жаңа өнім шығаруға дайындау керек;
  • Жаңалықтарды сату жолында ұйымдастыру басқару шешімдерін қабылдау керек;
  • Инновацияға керек мәліметтермен қамтамасыз ету;
  • ҒЗКТЖ өткізу үшін дайындық, оқу, квалификациялау, персоналда таңдау, тиісті әдістер қолдану;
  • Лиценцияға керек құжаттар иелену, жұмыстар жасау, ноу-хау иелену;
  • Инновациялық алға жылжу үшін, маркетингалық ұйымдастырушылық зерттеулер жүргізу /7/. Жаңа техниканы енгізудегі жүйелер құрылымы.

Капитал енгізу инвестициясы-бұл жаңа құрылысқа салған қаржы, кеңейту, реконструкция, жұмысы жүріп тұрған өндірісті қолдау, сонымен қатар өнім шығаруға қосатын салым айналымды жоғарылату.

Капитал енгізу -капитал салу инвестицияның құрамдас бөлігі. Негізгі қорды құрайды және ұдайы өндіріс шығындарын көрсетеді. Кәсіпорынның жұмысын атқару үшін қаржы дегенің басты шарт. Оны орнымен қолдана білсең фирма өзінің табысын аз уақыттың ішінде арттыра алады, алайда уақыт тым созылып кетсе пайда жоғалып фирма нарықта бәсекеге түсе алмай қалуы ықтимал. Капитал енгізу құрамына: құрылыс жұмыстарына жұмсалған шығындар; негізгі құралдарды сатып алғанға жұмсалған шығын; ҒЗКТЖ-ға жұмсалған шығындар, жобалау-іздеу жұмыстарының шығындары т. б кіреді /8/.

Капиталды қолданудағы басты маңызды жолдары:

  • Жаңа құрылыстар салу;
  • Кәсіпорынды кеңейте түсу;
  • Реконструкция
  • Істеп тұрған кәсіпорынның техникасын жаңарту.

Инвестицияның іске асуы үшін қандай фирмаға капитал енгізу алға қойған мақсатқа байланысты. Алайда көбінесе капиталды жұмыс жасап тұрған кәсіпорынға салған тиімдірек, өйткені жаңа кәсіпорын сатып алғаннан гөрі мұнда электр жүйесі, т. б керекті заттар кіргізілген дайын күйде болады бұл біраз үнемдеуге көмек береді /5/.

Капитал енгізудің міндеттілігі өндіріс процессін көп жылға анықтайды. Мысалға, жүз жылдық химиялық салалар олар күрделі өндірістік процесс, сондықтан оның негізгі өнімдері тек басқа зауыт салудың арқасында іске асады. Әрине мұндай тәуекелшілікті көп қолдана бермейді.

Өдіріске салынған капиталдан басқа фирма адам капиталын қаржыландыру керек. Адамның капиталын қаржыландыру- бұл квалификацияны көтеру үшін немесе еңбек өнімділігін жоғарлату әрекеті. Бұл шығындарды инвестиция ретінде қарауға болады, немесе бұл келешекте орны қайта тола алатын әр уақытты шығын.

Инновациялық әрекет пен ағымдағы өндірістің айырмашылығы, кәсіпорынның ағымдағы жағдайы соның ішінде техника мен технология бұрынғы тәжірибе негізінде жасалады. Мұндай сұраптаманы жасау үшін шаруашылық әрекет пен ұстану арасына коррляция жасау керек. Шаруашылық әрекет тиімділігінің экономикалық талдауы, техника-ұйымдастырушылық дәрежесінің, өнімдерді пайдалану, өзіндік бағаның және өнімнің көлемінталдап отыру үйреншікті іс болып табылады.

Капитал енгізумен айналысатын кәсіпорын, альтернативті қаржыландыруға ие, олар бір-бірін алмастыра алады. Ең маңызды инвестиция және оның классификациясы 2 суретте көрсетілген

Сурет 1 - Капитал енгізу көздерін қалыптастыру

Кәсіпорында инвестицияның ең басты бөлігі капитал енгізу болып саналады. Оның құрамына жаңа техниканы енгізуде жұмсалған шығындар, құрылыс жұмыстарына кеткен шығындар жатады.

Қазіргі уақытта капитал енгізудің негізгі дерегі кәсіпорынның меншікті қаржысы мен ұзақ уақытты несие болып табылады. Бұл кәсіпорынның капиталды тиімді түрде пайдалануына және объектілерді дәл уақытында пайдалануға септігін тигізеді /8/.

Капитал енгізудің тиімділігі экономикалық тиімділіктің баға беруі негізінде жүзеге асады. Капитал енгізудің экономикалық тиімділігі қаржы салымынан табыспен анықталады.

Абсалютты және салыстырмалы тиімділік есептеледі.

Абсалютті тиімділікті әр салынған обьект бойынша анықтайды:

Эф=С1-С2/K (1)

Эф- капитал енгізудің экономикалық тиімділігі

К-капитал салымдары

С1- жаңа техниканы енгізу алдындағы мен енгізуден кейінгі өнімнің толық өзіндік құны.

Сонымен қатар капитал салудың қайтарымдық уақыты экономикалық тиімділікке кері көрсеткіш ретінде анықталады:

Ток = К/C1-C2 (2)

Ток- дегеніміз капитал салымдарының қайту мерзімі

К- капитал салымдары

С1- жаңа техниканы енгізгеннен кейінгі және енгізуге дейінгі өнімнің толық өзіндік құны.

Маңызды шешімді қабылдау үшін экономикалық тиімділіктің салыстырмалы түрі қолданылады. Оның көрсеткіші ретінде ең төменгі өндідіс шығындары пайдаланады, ол жұмсалып жатқан жылдық шығын (жылдық өзіндік құн) және капитал енгізулер.

Зmin=C+Еn*К (3)

Еn-дегеніміз тиімділіктің нормативті коэффициенті

К-капитал салымдары

С-өнімнің өзіндік құны

Жаңа техниканы енгізу кезінде жылдық экономикалық әсері анықталады:

Эг=З1-З2 (4)

Э1-жылдық экономикалық әсер

З1- жаңа техника енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі барлық өнімге жұмсалған шығындардың ең төменгі деңгейі.

Жаңа техниканың қор қайтарымдылығына әсерін біліп танып алу өте маңызды. Бұл әсер төменгідегі формуладан көрінеді:

^Фо=^ВПнт/Фсг (5)

^Ф0- жаңа техниканы енгізу нәтижесіндегі қор қайтарымдылықтың өзгеруі

^ВПнт - жаңа техниканы енгізгеннен кейінгі шығарылатын өнімнің көлемінің өзгеруі Фсг - негізгі өндірістік қорлардың жылдық орта бағасы

Шығарылатын өнімнің жаңа техника енгізу әсерінен өзгеруі келесі формуламен көрсетіледі:

^ ВПнт=^ВПв+^ВП3+^ВПс (6)

^ВПв-жаңа құралды меңгеру кезінде өнім көлемнің өзгеруі

^ВП3- құралды модернизациялау себебінен шығарылатын өнім көлемінің өзгеруі

^ВПс- еңбекті ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты шығарылатын өнім көлемінің өзгеруі

Жаңа техниканың енгізілуі қор қайтарымдылыққа қаншалықты әсер беретінін міндетті түрде жақсылап танып білу керек, өйкені ол тек өнімнің өсуіне ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның негізгі өндірістік-өнеркәсіптік қорларына әсерін тигізеді. Жаңа техника бұрынғыдан қарағанда айтарлықтай қымбаттау сондықтан шығарылған өнім осының бәрін ақтауы тиіс.

Ұсынылған көрсеткіштер капиталды жаңа техникаға салудың қай жағынан тиімді екенін көрсетті, бұл дұрыс шешім қабылдауға септігін тигізеді.

Жаңа техника мен техологияның енгізуін дәстүрлі басқару процедурасынан алып қарағанда реттеудің экономикалық тиімділігі төрт кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең- бұл инновациялық іс-шаралар өткізуге жұмсалатын қажетті шығындарды анықтайды; екінші- қаржыландыруға мүмкін болатын көздерін анықтау; үшінші-жаңа техника мен технологияны енгзудің экономикалық әсерін бағалау; төртінші- экономикалық көрсеткіштерді салыстырғандағы жаңалықтың экономикалық тиімділігі /10/.

Экономикалық тиімділік бір жылда алынған экономикалық әсерлер мен шығынды салыстыру арқылы сипатталады. Жаңа техника мен технологияның түрлерін салыстырғанда жалпы және аралық капитал енгізулер, өнімнің өзіндік құны қаралады. Алайда жаңалықтар енгізгенде төменгі шығындар тек техникалық дәрежеге сәйкес келмеумен қатар өнімнің сапасын да көрсете алмайды, мұны жай техниика мен экономикалық тұрғыдан қарап айырмашылықты тануға болады. Мұндай жағдайда тиімділіктің түрлерін үнемдеумен және шығындармен салыстырып карап жалпы санын шығарып алу керек.

Техника мен технология таңдау базасын әсіресе кесе айту керек. Базаны таңдау, салыстыру үшін және таңдауды бір қалыпқа келтіру үшін қажет. Өнімнің технологиялық дәрежесін бағалау үшін технология түрлерін мыналарға бөлеміз:

  • Ескірген
  • Базалық
  • Жетілдірілген, модернизацияланған
  • Жаңа

Техника мен технологияның базалық вариантын таңдау кезінде барлық шешімдерді қарастыру керек. Сосын ең басты шешімнің өзі әр топқа бөлініп қарастырылады. Кейде бір базалық модель алу үшін, кішігірім технологиялық шешімдерді де қабылдай білу керек /11/.

Салыстыру базасын таңдау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа техниканы енгізудің экономикалық тиімділігі
Инновациялық прогресстің Қазақстан Республикасында дамуы
Дәрілер технологиясының міндеттері
Оқытудың ақпараттық - коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары
Контур ішінен сулаңдыру түрлері
Ғылыми техникалық прогрестің тиімділігі
Инновациялық жобаларды жасақтау
Инженер - техникалық интеллигенцияның өнертапқыштық
Оқытудың техникалық құралдарының оқу процесіндегі орны мен рөлі
Инновация теориясы туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz