Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...3 - 5
I-тарау. Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы.
1.
Геологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..6-7
2.
Геоморфологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 7-8
3.
Климаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...8-9
4. Жер үстi және жер асты
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .10-11
5.
Топырақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...12-13
6. Қазақстан
өсiмдiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..13-14
II –тарау. Қазақстанның экономикалық аудандары бойынша қазба
байлықтарының таралуы мен өндiру жерлері.

1. Солтүстiк
Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 15-18
2. Орталық
Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .18-22
3. Оңтүстiк Қазақстан
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2-24
4. Шығыс
Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..24-28
5. Батыс
Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...28-30
III –тарау. Пайдалы қазбаларды өңдіру кезіндегі қоршаған ортаның
ластануы.

1. Жердiң
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 31-32
2. Жалпы ландшафттың ластануы және өзгеруi ... ... ... ... ... ... .32-
35

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...36-38
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
9-40

Кiрiспе.
Тақырыптың өзектiлiгi: Қазақстанның рудалы қазба байлықтарының
орналасуы, яғни Орталық, Солтүстiк, Шығыс Қазақстанның аймақтарына
жекелеме тоқталып, олардың импорттағы, экспорттағы рольдерiн танып бiлу
өзектi мәселенiң бiрi болып табылады.
Курс жұмысының мақсаты: Қазақстанның рудалы қазба байлықтары туралы
толық мәлiмет беру. Қазақстанның территориясында кездесетiн байлықтармен
салыстыра отырып, ерекшелiктерiн аша бiлу, зерттеу және оларды салыстыру.
Курс жұмысының мiндетi: Қазақстанның рудалы қазба байлықтарын анықтап
талдау жасауда алдыма қойған мәселелер:
- Қазақстан Республикасының табиғи жағдайлары.
- Рудалық қазба байлықтарының орналасуы және оның өндеу жерлерi.
- Рудалық қазба байлықтарды өндiруде экологияға тигiзетiн зардаптары
жайлы.
Теориялық және тәжірибелік маңызы: Жұмыстын тақырыбына сәйкес
Қазақстаның рудалы қазба байлықтарының табылуы, орналысуы, олардың ел
экономикасында алатын орны туралы деректер келтірілген. Жұмыстың
–географиялық тұрғыдан алғанда маңыздылығы өте зор болып табылады. Өйткені,
қай елдің экономикасында болмасын қаза байлықтың алар орыны ерекше.
Тақырыптың зертттелуі: Қазақстан териториясындағы алғаш пайдалы
қазбалар туралы дерек көздері XVI ғасырдың II жартысында жазылған “Книге
Большего Чертежа” атты еңбекте берілген. Пайдалы қазбалардың ежелгі
өндірілулері жайлы дерек көздері-1701 жылы орыстың ұлы зерттеушісі
құрастырған “Чертежная книга Сибирии” атты атластық еңбегіненкөре аламыз.
XVIII ғасырдың I жартысында I Петрдің жарлығы бойынша ел
территориясына алғаш мақсат қойылған географиялық зерттеулер басталды.
XIX ғасырдың ең алғаш Қазақстанның географиялық ерекшеліктері жайлы
А.А. Левшиннің”История киргиз-каисацких степей” атты еңбекте келтірілген.
1903 жылы П.П. Семенов-Тян-Шанскийдің көп томдық еңбегі “ Россия.
Полное географическое описание”,онда Қазақстан “қазба байлыққа бай” өлке
ретінде қарастырылған.
Геологиялық құрылымының өсуі республикада 20-40 жылдарда Қазақстанда
геолог-ғалымдардың көбеюіне әкелді. Олардың қатарына Қ.И. Сатпаев, Р.А.
Борукаев, Е.Д. Шельгин, Ж.А. Айталиев, Г.Ц. Медоев, Г.И. Водорезов, И.И.
Бок, А.К. Каюпов, Г.Л. Кушев, В.Ф. Беспалов, Г.Н. Щерба және т. б.
1941 жылы Н.Г. Кассинің басқаруымен шыққан “Геология СССР. Восточный
Казакстан” атты еңбегін атап өтуге болады. Онда Қазақстанның сол кездегі
геологиялық көрсеткіштері берілген.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан-минералды ресурстардың басты кен
орны болып табылды. Жезқазған-мыстың басты өндіруші орталығы болды. Орталық
Қазақстан кен орындары елді басты стратегмялық шикізат-молибден, Кенді
Алтай полиметалл (қалайы мен қорғасын) қамтамасыз етті. [31]
1946 жылы Қ.И. Сатпаевтің басқаруымен құрылған Ғылым Академиясының
да орны ерекше Қ.И. Сатпаевтің – Қазақстанның пайдалы қазбалары жайлы жан-
жақты зерттеген, академик-ғалым.
Қ.Сәтпаевтың есімімен еліміздің көптеген ірі тау-кен металлургиялық
кәсіпорындары мен жеке түсті және қара металлургия өндірістері тығыз
байланысты. Қазақстандағы мыс, темір, көмірдің барланған кен орындарының
негізінде Сәтпаевтің тікелей қатысуымен түсті және қара металлургияның алғы
шебіндегі Жезқазған және Балқаш мыс-металлургия, Қарағандының қара
металлургия зауыттарының құрылыс орындары белгіленді. Қ. Сәтпаев Қостанай
облысында орналасқан Соколов-Сарыбай темір рудалары кен орындарын анықтауға
көп күш жұмсады. 1957 жылы ол арнайы комиссиямен осы кен орнының мәселерін
зерттеу бойынша Қостанайға барады.1960 жылы даму болашағын қарастыру жайлы
кеңес өткізеді.
Халқымыздың тұнғыш академигі Қ. Сатпаевтың Қазақстанның
экономикасының аяғынан тік тұрып дамуына қосқан үлесі шексіз [16].
Құрылымы: “Қазақстанның пайдалы қазбалары” атты курс жұмысым
негiзiнен екі тараудан тұрады.
Курс жұмысымның бiрiншi тарауы: “Қазақстанның физикалық географиялық
жағдайы” сипатталады.
Екiншi тарау: “ Рудалы қазба байлықтың орналасуы және оны өндiру
жерлерiне сипаттама беру”.

Қазақстанның физикалық географиялық жағдайы.
1.1. Геологиясы.
Геологиялық даму барысында Қазақстан жерiн әлденеше рет су басып,
кейiнен теңiз табаны құрлыққа айналған.Осылайша теңіз және құрлық
кезендерінің алмасуы геологиялық дамудың өткен тарихындағы табиғат
жағдайларының өзгеріп отыруының негізгі себебі болған.
Полеозойға дейiнгi жыныстар ең ежелгi кезендерде қалыптасты. Ол
күштi үгiлу нәтижесiнде таулы аудандардың орталық қырқаларында жер бетiне
шығып жатады. Кристалды тақтастар мен гнейстердiң жер бетiне шығып жатқан
жерлерi солтүстiк Тянь - Шань жоталарында, Мұғалжарларда және Сарыарқадағы
Ұлытауда және Көкшетауда байқалады.
Полеозой жыныстары көптеген таулы аудандарда кездеседi. Мұғалжарлар,
Сарыарқа, Солтүстiк Тянь- Шань, Жоңғар Алатауы , Тарбағатай және Алтай
таулары осы жыныстардан тұрады. Оған: әктас, құмтас, қызғылтқұмтас, сазды
жақтатас жатады. Мысалы, қорғасын, темiр, марганец, қалайы, вольфрам, алтын
және т. б.
Кең орындарының пайда болуы полеозойлық жыныстарға байланысты. Мезазой
жыныстары бiршама сирек кездеседi. Бұлар Маңғыстаудағы Қаратау жотасында,
Жем үстiртiнде, Iле және Торғай ойыстарында көп тараған.
Мезазой эрасында тектоникалық қозғалыстар шамалы болған. Бұл кезде
бірде-бір тау жүйелері түзілмеген.
Кайназой эрасының басында мезазойдың аяғындағы геологиялық жағдай сол
қалпында сақталған. Кайназойдың басында Қазақстан территориясы біржолата
құрлыққа айналған.
Кайназой шөгiндiлерi Қазақстанның барлық жерлерiнде кездеседi. Олар
шөгiндiлер қызыл түстi, тығыз құмды саздар, малтатас, құмды қабатты сары
саздауыттар.
Антропогендiк шөгiндiлер Қазақстанның барлық аймақтарында ұшырасады.
Олар әртүрлi жолмен пайда болған. Каспий маңы ойпатында, Қарақұм және
Торғай үстiртiнде теңiздiк шөгiндiлер тараған. Мұздық шөгiндiлер Алтай,
Жоңғар Алатауы және Тянь - Шань тау жүйелерiнiң аңғарларында кездеседі.Осы
тау жүйелеріндегі жоғары көтерілген тегістелген жерлер және жоталар бойымен
созылған ойыстар тік көтерлулер мен түсулерге байланысты түзілген [31].

1.2. Геоморфология.
Республика территориясының 10% - i биiк таулы өңiрлер үлесiне тиедi,
қалған бөлiгi – ойпат, жазық, үстiрт, қырат және т. б. Оңтүстiк- Батыс,
Солтүстiк және Орта аймақтарға негiзiнген теңiз деңгейiнен 200-300 метр
ғана биiк келген жазық рельефке тән. Оңтүстiк – Шығысы биiктiгi 5000 – 6000
метрлiк таулы өңiр болып келген. Оның аумағының 13 бөлiгiн ұлан – байтақ
ойпаттар (Солтүстiк Қазақстан жазығының оңтүстiк бөлiгi) (Каспий маңы
ойпаты, Тұран ойпаты ) алып жатыр.
Республика жер бедерiнiң ең төмен нүктесi. Елiмiздiң батысындағы
Маңғыстау түбегi ауқымындағы Қарақия ойысына (теңiз деңгейiнен 132 метр
төмен), ал ең биiк нүктесi елiмiздiң оңтүстiк шығысындағы Орталық Тянь –
Шань тауларына тиесiлi Хантәңiрi шыңына (6995 метр) сәйкес келедi. Олай
болса , ең биiк және ең төменгi нүктелерiнiң айырмашылығы 7127 метр .
Республиканың Алтай тау жүйесi созылған. Жүйенiң орташа биiктiгi 2500-
3500 метр, биiк жерi Мұзтау 4506 метр . Алтайдың жалғасы Қалба жотасы.
Алтайдан Зайсан ойысымен бөлiнген Тарбағатай (2992 метр) тауының Қазақстан
жерiне тек батыс бөлiгi кiредi. Тарбағатайдың шығыстағы жалғасы Сауыр
жотасы (3816 метр). Тарбағатай жотасы Алакөл ойысы арқылы Қазақстанның
оңтүстiк – шығысында iрi тау жүйелерiнiң бiрi – Жоңғар Алатауына ұласады.
Қазақстан жер бедерiнiң басты ерекшелiктерi:
1. Жер бетiндегi жазықтар мен аласа таулар Қазақстаның
батысында, солтүстiгiнде және орталығында орналасқан.
2. Биiк таулы аймақтар, республиканың шығыс бөлiгiн алып жатқан
шағын аумақты қамтиды.
3. Елiмiздiң бүкiл жер бетi оңтүстiктен солтүстiкке және
шығыстанбатысқа қарай бiрте-бiрте еңiс тартады.
4. Биiк таулар мен аласа таулар тау аралық аңғарлармен алмасып
отырады.
Жер бедерiнiң мұндай ерекшелiктерi климат пен табиғат кешендерiнiң әр
жерде әртүрлi болып қалыптасуына үлкен әсерiн тигiзедi. Қазақстаның жазық,
аласа таулы бөлiгiнде табиғат зоналары еңдiк бағытта орналасқан, ал биiк
таулы өңiрлерде мұндай зоналылық биiктiк деңгейлерiне сәйкес таралатының
байқауға болады.
Жер бедерi ерекшелiктерiнiң адамдардың шаруашылық әрекеттерiндегi
маңызы зор. Жазықтар тау аралық аңғарлар егiн шаруашылығымен айналасуға
қолайлы келедi.
Көк шалғын жамылған тау беткейлерi тамаша жайылым ретiнде пайдаланады
[4].

1.3. Қазақстан климаты.
Қазақстанға қатаң континентті климат пен аса құрғақшылық тән.
Климаттың континенттiгi оның өзiндiк ерекшелiктерiнен көрiнедi.
Республиканың Еуразия материгінің түкпірінде, Атлант және Тынық мұхиттардан
өте қашықта орналасуы, оның климатының континентті болуына үлкен әсер
етеді. Оларға: қыс пен жаз температураларының үлкен айырмашылық жасауы,
ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерiнде атмосфералық жауын-шашынның
әркелкi түсуi. Қыстың солтүстiкте ұзақ әрi аязды, оңтүстiкте қысқа әрi
жұмсақ болуы жатады. Қазақстан өзi орналасқан географиялық ендiгi бойынша
климаты ылғалды субтропиктiк Жерорта теңiзi елдерiне және қоңыржай
континенттi орталық Еуропаға сәйкес келедi. Бiрақ елiмiз орасан зор
Еуразия құрлығының ортасында орналасқандықтан климатының шұғыл
континенттiгiмен ерекше. Өйткенi дүниежүзiлiк мұхиттардан мыңдаған
киллометр қашық жатқандықтан олардың жұмсартарлық әсерi өте аз. Қазақстан
қоңыржай климаттық белдеудiң оңтүстiгiнде жатыр, сондықтан жылдың төрт
мезгiлi айқын бiлiнедi. Қыста Сiбiрдiң қатты суығы келедi. Жазда Орта Азия
жылы, тiптi ыстық ауасының әсерi жақсы байқалады. Жыл мезгiлдерiнiң
арасындағы температуралық айырмашылықтар климаттың континенттiгiн
арттырады.

Республика территориясына негізінен ауа массасының үш типі әсерін
тигізеді: арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары. Қазақстан
қоңыржай белдеудің оңтүстік бөлігінде орналасқан.

Қазақстан мұхиттардан өте қашықта жатыр. Тынық мұхит пен Үнді мұхиты
үстінде қалыптасатын ауа массалары Қазақстанға жетпейді. Қазақстанның
климатына Атлант пен Солтүстік Мұзды мұхиттар және оның теңіздері ғана әсер
етеді. Жолында тау кедергілері болмағандықтан, ауа массалары солтүстіктен
оңтүстікке қарай да, батыстан шығысқа қарай да еркін ығысып ауыса алады.
Атлант мұхиты теңіздік қоңыржай ауа массасы өте ұзақ жолдан өтіп, көп
ылғалынан айырылып, Қазақстанға ылғалы едәуір азайған күйде жетеді. Солай
бола тұрса да батыстан келетін ауа тасқыны республикаға түсетін жауын-
шашынның көбін әкеледі және қыста температураны жоғарлатып, жазда
төмендетеді. Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын Арктикалық
континентті ауаның температурасы қыста да, жазда да төмен, сондықтан ылғалы
аз. Бұл ауа солтүстіктен, көбінесе қыста енген кезде Қазақстан
территориясына антициклонды ауа рай орнайды. Континентті арктикалық ауа
республиканың оңтүстігіне аралық маусымдарда жиі өтеді, онымен көктемгі
және күзгі үсіктер байланысты. Континентті тропиктік ауа Оңтүстік Қазақстан
мен Орта Азия үстінде жазда қалыптасады. Бұл ауаның температурасы жоғары
және өте құрғақ болады [9].
1.4. Жер үстi және жер асты сулары.
Қазақстанның жер бедерiнiң әр түрлi болуына байланысты iшкi суда
әркелкi келедi. Республика аумағында iшкi суларды бiрнеше түрге бөлемiз.
Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар.
Қазақстан өзендерi. Қазақстан аумағында iрiлi – ұсақты 85 мың өзен
бар. Олардың iшiнде 7 өзеннiң (Ертiс, Тобыл, Есiл, Жайық, Жем, Сырдария,
Iле, Шу) ұзындығы 1000 километрден асады. Каспи теңiз алабы Батыс
Қазақстан өзендерiн қамтиды. Оларға: Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен өзен,
Кiшi өзен және т.б. жатады. Солтүстiк Мұзды мұхит алабы өзендерiнiңи су
ағыны тұрақты келедi. Бұл алқапқа жататын өзен Ертiс (Есiл және Тобыл
салаларымен) Арал теңiз алабына Оңтүстiк және Орталық Қазақстанның
оңтүстiк бөлiгiнiң өзендерi жатад. Басты өзендерi Сырдария, Торғай,
Ырғыз, Талас өзендерi. Бұлардың iшiнде Сырдариядан басқасы Арал теңiзiне
жетпей құмға сiнiп кетедi.
Балқаш, Алакөл көлдер жүйесiне Қазақстанның оңтүстiк шығысындағы
өзендер кiредi. Олар: Қаратал, Лепсi, Ақсу, Iле, Тентек, Сарқан, Басқан
және т.б. Қазақстанның кең байтақ аумағында iрiлi-ұсақты 48 мыңнан астам
көлдер, 3 мыңға жуық бөгендер бар. Олардың iшiнде Каспий теңiзi, Арал
теңiзi және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты iрi көлдерден басқа, көбi (94
пайыз) көлемi бiр шаршы киллометрден кем шағын көлдер. Көлдердiң барлығы
дерлiк тұйық көлдер . Олардың деңгейi ауық-ауық өзгерiп отырады.Көбiнiң суы
тұзды, сондықтан тұнба тұзды болады. Олардан тұз өндiрiледi. Қазақстанда
ауданы 100 шаршы киллометрден астам 21 көл бар. Олар республикадағы
көлдердiң бүкiл ауданының 60 пайызы алып жатыр. Жалғыз ғана ағынды көл –
Зайсан көлi Қазақстанның шығыс бөлiгiнде қазаншұңқырда орналасқан [19].
Қазақстанда қазiр 3000-дай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан
ауданы 10 мың километр квадрат .Оларда 90километр куб тұщы су жиналған.
Олар Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Молодежное,
Шерубай-Нұра, Кеңгiр, Өскемен және т. б. Осы аймақтың 20 бөгенiнiң су
айдыны 8,7 мың км. Кв құрайды, ал су көлемi 86 км. куб артық.
Жер асты сулары-қатты сұйық және газ күйiнде жердiң литосфералықт
қабатында, тау жыныстарының арасындағы қуыстарда, кеуктерде, жарықтарда
болатын су. Жер асты сулары сол жердiң орографиясына, климатына тау
жыныстарының сипатына қарай әртүрлi болады.
Жарықшақтық типтi жер асты суы Тянъ-Шанъ, Алтай, Жоңғар Алатауы және
Сарыарқаның аласа тауларында тараған. Жарықшақтың қат-қабаты типтi жер асты
сулары Маңғыстау, Мұғалжар, Сарыарқа тауларындағы полеозой және мезозой
жыныстарының қат-қабаттарында қалыптасады. Жер асты суының бұл типтi таулы
өңiрiнiң 860 мың км. кв ауданында таралған.
Қат-қабатты жер асты сулар типi шөгiндi жыныстардың арасында кенiнен
таралған. Олар осьтардан Iле, Торғай, Зайсан және т.б тереңдiгi 100 метрден
астам қабаттар арасында молынан iркiлген. Тереңдiк жағдайына қарай жер асты
сулары грунт (еспе) суы және артезиан сулары деп бөлiнедi. Грунт суы жер
бетiне таяу орналасқан.
Республикада артезиан алаптары табылды. Бұл су өткiзбейтiн қабаттар
арасындағы кездесетiн қысымы күштi жер асты суы. Артезиан сулары
плотформалар мен ойпаттарда, тау аралық ойыстарда кездеседi. Қазақстанда
тұщы артезиан сулары 52-2700 метр, ал тұзды және ащы су оданда тереңде
жатыр. Республика өнiрiнде өте тереңнен атқылап, жер бетiне шығып жатқан
емдiк қасиетi мол минералды су бұлақтары кездеседi [21].
1.5. Топырақ.
Топырақ–табиғат компонентерiнiң бiрi. Жердiң геологиялық тарихында
алдымен пайда болған топырақ. Полеографиялық зерттеулердiң деректерi
бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын Кембрий дәуiрiнде
пайда болыпты. Топырақты зерттейтiн-топырақтану ғылымы 80 жылдары орыс
ғалымы-В.В. Докучаев. Топырақтың табиғи және тарихы дене екенiң анықтады.
Қазақстанның топырағы-үш топырақ зонасына бөлiнедi: қара топырақты
зона (52(с.е солтүстiгiнде); қара қоңыр топырақты зона (52-48 с.е
аралығында); қоңыр,сұр топырақты зона (52-48 с.е аралығында).
Қазақстанның жазық жерінің негізгі бөлігін қызыл қоңыр және қоңыр
топырақ құрайды. Бұл топырақтар республика территориясының шамамен 60%-ын
түзеді. Олар құрғақ, бетегелі-сәулелі және жусанды-сәулелі далалар зонасына
жатады. Қазақстанның солтүстігінде қара және қоңыр топырақтар таралған.
Қара топырақты зона Республиканың солтүстiгiнде тараған. Бұл зона
Солтүстiк Қазақстан облысын түгелiмен, Қостанай облысының көп жерiн,
Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстiк бөлiктерiн
қамтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар (9,5%-ын ) алып жатыр.
Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстiгiнде орналасқан. Бұл
Орталық Қазақстанның көп жерiн, Каспий маңы ойпатының солтүстiгiн, Шығыс
Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл–республиканың оңтүстiк дала
және шөлейттi алқаптарын 90,6 млн. гектар немесе республика жерiнiң 34 %
-ын алып жатқан зона.
Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстiгiнде шөлдi аймақ топырақтары алып
жатыр. Мұнда негiзiнен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келедi.
Топырақтың бұл типi 120 млн. гектар жердi, республика жерiнiң 44% -ын алып
жатыр. Бұл өңiрде суармалы егiс қана тиiмдi [5].
Қазақстан жазықтарының барлық зоналарында сор жерлер кездеседі. Сордың
түзілуі ертедегі және қазіргі тұз жиналуға байланысты. Қайталама сорлар
еспе суының деңгейін көтеруге әкелетін суаруды дұрыс жүргізбеуден пайда
болады. Осының нәтижесінде топырақтың беткі қабатында тұз жиналады.
Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда таулы
топырақтардың ерекше түрлері бар [14].
1.6 Қазақстан өсiмдiктерi.
Қазiргi Қазақстанның өсiмдiк жамылғысы 6 мыңдай өсiмдiк түрлерiнен.
Басқа көршi елдермен (Ресей, Орта Азия, Кавказ) салыстырғанда бұл оңша көп
емес. Оған Қазақстан жерiнде шөлдi, шөлейт аймақтардың көптiгi, топырақ пен
климат әсер етедi. Екiншiден қазақстанның едәуiр бөлiгi геологиялық тарихы
жағынан жас. Каспий маңы ойпаты мен Тұран ойпаты теңiз астынан неоген
дәуiрiнде ғана босаған. Өсiмдiгi жағынан бай өлке Қазақстанның таулы
аймақтары болып саналады. Әсiресе, Батыс Тянъ-Шанъда, Орта Азия мен Жерорта
теңiзiнiң бай флорасы сақталған. Онда палеоген дәуiрен қалған грек жаңғағы,
бадам, Түркiстан үйеңкiсi, алмұрт және т.б. түрлерi кездеседi. Сырдария –
Қаратау флорасы бұдан да бай. Онда мыңнан асатын өсiмдiк түрi, оның 150
түрi тек осы ауданға тән, басқа жерде ұшыраспайтын өсiмдiктер. Тянъ-Шанның,
Алтайдың, Жоңғар Алатауының тау беткейлерiнде қылқан жапырақты ормандар
таралған. Оларда шырша, май қарағай, бал қарағай, самырсын түрлерi өседi.
Алтайдың таулы даласында итмұрын, долана, бөрiжидек бұталары мол. Шөлдi
аймақтарда (Сарыесiк, Атырау, Мойынқұм, Бетпақдала т.б.) сексеуiл, өзендер
бойында жыңғыл, жиде, тораңғы тоғайлары кездеседi. Қазақстанда өсiмдiк
дүниесiнiң 303 түрi Қызыл кiтапқа енген және оның сақталуына мемлекеттiк
қорықтар қамқорлық жасайды.
Қазақстандағы орман 11,4 млн. гектар жерiн алып жатыр. Қазақстандағы
өсiмдiктер түрлерi қылқан жапырақты ормандар, секеуiлдер, бұталы тоғайлар,
дала өсiмдiктерi, субтропиктiк өсiмдiктер, шалғындар, шөлдiң бiр жылдық
өсiмдiктерi, шөлдiң бұталы өсiмдiктерi болып бөлiнедi [8].

II –тарау. Қазақстанның экономикалық аудандары бойынша қазба байлықтарының
таралуы мен өндiрілү жерлері.

2.1. Солтүстік Қазақстан.
Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14
сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып түсті металлургияны құрайды.
Қазақстанда алынатын металдардың 90% үлес салмағын темір
қорытпалары, яғни қара металдар құрайды. Түсті металдардың өзіндік ерекше
қасиеттері бар. Олар өнеркәсіпте, басқа салаларда кеңінен қолданылады және
дүниежүзілік саудадағы үлес салмағы мол. Сондықтан, қара металлургия
сияқты, түсті металлургияның да еліміздің экономикасы үшін маңызы зор.
Барланған кен қорларының 90 %-ға жуығы Қостанай темір кені
бассейінінде шоғырланған, оған әсіресе Қашар, Соколов- Сарыбай,Қоржынкөл
магнетит кен орындары бай. Сондай-ақ Аят, Лисаков т.б.-қоңыр темір тұңбалы
кен орындары танымал.
Қазақстанда ванадий кенінің қоры орналасқан. Ванадий кенінің
орындары Орталық және Оңтүстік Қазақстанда кездеседі. Сонымен қатар
Ваннадий Лисаков және Аят кен орындарының қоңыр темірлерінің құрамында бар.

Қостанай облысының жер қойнауынан (Торғай кен орындарынан) алюминий
кендері-боксит анықталған. ТМД елдерінің ішінде алюминий кенінің 30 %-ы
Қазақстанның үлесіне тиеді.
Солтүстiк Қазақстан – регионың құрамына Ақмола облысы, Солтүстiк
Қазақстан, Қостанай, Солтүстiк Шығыс Қазақстан облыстары енедi. Солтүстiк
Қазақстан аймағы пайдалы қазбалар мен энергетика ресурстарына бай.
Солтүстікте ең қуатты Екібастұз көмір кені және дүние жүзіндегі ең қуатты
көмір кескіндісі “Богатырь” орналасқан.
Солтүстік Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігінде агроөнеркәсіппен
машина жасау дамыса, батысы мен шығысында металлургия мен ауыл шаруашылығы
дамыған. Солтүстік Қазақстан негiзінен темір, тас көмір өндіруге, электро
энергиясы, ферроқортпа, алюминий өндірісіне, мұнай өндеуге манданған.
Солтүстiк Қазақстанның металлургия өнеркәсiбiнiң бiрi, Соколов-Сарыбай тау-
кен байыту комбинаты, оның үлесiне республикада өндiрiлетiн темiр рудасының
61% келедi. Шығарылатын темiр руданың 65% экспортқа кетедi, негiзiнен
Ресейге. Мамандардың пiкiрi бойынша 10,5 млн. тонна руда шығарылатын 6,1
млн.тонна концентрат өндiрiлетiн Лисаковск ТБК-нiң өнiмдiлiгi Лисаковск кен
орнының рудасының құрамында темiрдiң азаюна Карметкомбинаты қайта құруға
байланысты төмендеуi мүмкiн. Солтүстiк Қазақстанда темiр рудасы Қашар,
Қоржынкөл, Давыдов кен орындарында шығады. Темір кені Қостанай алабымен,
Лисаков кенінде (республикадағы темір кенінің 83%-ы өндіріліп біраз бөлігі
экспортқа шығарылады) шоғырланған. Біздің еліміздегі темір кенінің қоры
(әлемде 8-орында) – сегізжүз жылға жетеді. Темір кені шиказатының 90%-ы
Костанай мен Атасу алаптарында орналасқан. Кеннің бралығына жуығын 3 кен
байыту комбинаттары (КБК) өнімдері: ТМД-дағы ең ірі Соколов-Сарыбай (Рудный
қаласы), Лисаков және Қаражал комбинаттары [28].
Қазақстанның темір кенінде 35-тен 53%-ға дейін металл бар. Оның
концентраттағы мөлшері Қаражал КБК-да 56%-дан Соколов-Сарыбай КБК-да 66%-ға
дейін жетеді. Соколов-Сарыбай және Қашар кенорындарындағы темір кенінің
құрамында көптеген қоспалар – мыс, мырыш, қорғасын, кадмий, никель,
кобальт, ванадий, күкірт, фосфор бар. Соколов-Сарыбай КБК тек бір ғана
металл-темір алады. Барлық қалған пайдалы заттар қалдыққа кетеді. Ондай
қалдықтар қазір 300 млн тоннадай жиналды, жыл сайын оған 15 млн тонна
бағалы концентрат алуға болады. Ондай концентраттардағы мыстың мөлшері
арнаулы мыс КБК-дан аз болмауы мүмкін.
Қостанай облысында үш үлкен кен орны: Торғай , Жоғарғы Тобыл және
Обаған. Торғай ауданыңдағы (Арқалық, Жоғарғы және Төменгi Ашут
бөлiмшелерiнде) түсті металургія салаларынан боксит өндiрiстiк қоры
жағынан Ресейдегi (Свердловск және Бурят АССР) кейiнгi үшiншi орында.
Торғай бокситi жоғары сапалы және ашық әдiспен өндiрiледi..
Халықаралық валюта металы – алтынның маңызы зор.Алтын кен орындары
Солтүстік, Орталық Қазақстан аудандарында орналасқан. Ауданда Қазақстандағы
ірі алтын кенорындарына Васильков, Жолымбет, Бестөбе, Ақбейіт (Акмола
облысы ), Майқаиын (Павлодар облысы) жатады. Боксит – Амангелді мен Қызыл
октябрь кенорындарында, мыс Бозшакөлде, Солтүстік Қазақстан облысында
Обухов титан кенорны зерттелініп игеруге дайындауда [25].

2.2. Орталық Қазақстан.
Бұл республиканың ең iрi индустриялды-аграрлық аймақ. Өз құрамына
Қарағанды облысын қамтиды. Өлкенiң өнеркәсiбiнiң дамуына iзi әсерiн
тигiзетiн көмiр өнеркәсiбi. Қазiр 1995 Қарағанды бассейiнiнде республиканың
тас көмiрiнiң 25%-ы шығарылады, ал кокс шығаратын көмiрдiң 100%-ы
өндiрiледi. Орталық Қазақстан металлургия кәсiпорнына айтарлықтай көлемде
шикiзат беретiн Көктөбе, Торғай және Атасу кен орындарындағы темiр
рудасының маңызы зор. Қарағанды облысында болат балқытатын өндіріске қажет
ізбест тас шығаратын Оңтүстік-Топар руда басқармасы акционерлік қоғам
жұмыс істейді.
Орталық Қазақстанның шаруашылықтарының бiр саласы ол түстi
металлургия, оның iшiнде мыс өнеркәсiбi. Орталық Қазақстан республикада мыс
рудасын шығарудың, мыс концентратын өндiрудiң көбiн берсе, ал тазаланған
мыстың 100%-ын қорытады. Балқаш маңы мен Жезқазған кен

орындарында мыстың қоры шоғырланған, марганецтің 100%-ы Атасу және Жезді
кенорындарында. Сол сияқты Жезқазған мыс қоры жағынан жер шарында алдынғы
қатарда. Жезқазған аумағындағы мыстың құрамында қорғасын мен цинк бар. Сол
аймақта басқа Жыланды кен орны бар, онда

никель мен кобальт бар. Коунрад кен орны Жезқазған кен орнынан кiшi
болғанымен, ол Балқаш комбинатының шикiзат базасы, мұнда мыстан басқа
құрамында алтын, күмiс, молибден, мышъяк, қалайы бар.
Солтүстiкке және батысқа қарай Балтан Атасу аймағында полиметал кен
орны бар. Атасу рудалы аудан - Қазақстанның Орталық аймағында, Қарағанды
облысының территориясында орналасқан. Темір-марганец, барий-полиметалл
рудаларының 60 түрі орын тепкен. Ең ірілері-Қаражал, Қтай, Жәйрем, Ұшқатын,
Жомарт, Қамыс, Керегетас, Бестөбе, Қылыш, Аққұдық. Бұлар Жайылым
синклиналында орналасқан. . [27]
Ауданда ірі тау-кен металлургия кешені қалыптасқан, оның құрамына
тау-кен өндірісі салалары мен қара және түсті металлургия кәсіпорындары
жатады. Қара металлургия өнеркәсібінің дамуы Теміртау қаласындағы толық
циклді комбинатқа байланысты, комбинатта шойынның 100%-ың, болаттың 92%-ың
шығарады. ТМД көлеміндегі металлургия кәсіпорындарының арасында қуаттылығы
жөнінен 7-ші орында. Біздің еліміздегі толық циклді өндірістік жалғыз
кәсіпорын –Теміртау қаласындағы “Миттал Стил Теміртау” АҚ болат құю
комбинаты (бұрынғы Қарағанды металлургия комбинаты) ол шойын мен прокаттың
100%-ын, болаттың 95%-ын өндіреді. Қазіргі уақытта кешені қалыптасқан, оның
құрамына тау-кен өндірісі салалары мен қара және түсті металлургия “Миттал
Стил Теміртау” АҚ-ның болат құю комбинатының құрамында химия өндірісі,
көлемі 2700-ден 3200 м³-ге дейін 4 домна пештері, үш 280- тонналық
конверторлар, прокат өндірісі бар.
Орталық Қазақстанда темiрмен марганец қоры 450 және 65 млн өндiрiс
категориясы бойынша 720 және 110 млн.тонна қор балансы бойынша. Атасу
тобындағы (Қаражал, Қтай) кен орында темiр-марганец шығады. Қарағандыдан
300 шақырым қашықтықта орналасқан Кентөбетоғай топтасқан магниттi темiр кен
орны, оның қоры 30 млн.тоннадан астам.
Қарағандының солтүстiк шығысында Семiзбұғы поселкасында корундтың алып
кен орны табылды. Балқаш көлiнiң жағалауында ұсақ көлшiктерде ас тұзы мен
сульфат натрий-мирабелит және тенардит шоғырланған. Қызылрай сiлемiнде
Торқау және Жамши жоталарынан алунит, барит, алюмофосфат кен орны ашылды.
Осы табылған рудалыорталық Қазақстан регионы үшiн пайдалы.
Біздің елімізде ауыр түсті металдарды 2 сала – мыс және қорғасын-мырыш
(полиметалл) өндірісі салалары шығарады. Концентраттағы металдың аз мөлшері
(20-30%) мен энергияны аз қажет етуіне байланысты, мыс өндірісінің
зауыттары шикізатқа таяу салынады. ”Қызыл металдың” қоры Қазақстанның
барлық аудандарында бар, бірақ ең үлкендері Орталық пен Шығыста. Бұл
жерлерде ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Қазақстан аумағын физикалық-географиялық және геоэкологиялық тұрғыдан аудандастыруының ерекшеліктері
Оңтүстік Қазақыстаның физикалық географиясы пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Шығыс Қазақстан облысының топонимдер қалыптасуындағы рөлі
Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның географиялық және геологиялық зерттелуі
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Қаратау жотасының географиялық кешендерінің динамикасы мен дамуы
Географиялық карта
Алматы қорығының болашағы
Пәндер