Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын табыс



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

1. ТАБЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1 Ұйым табыстары және оған
анықтама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Табыстар есебінің шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...9

2. ТАБЫСТЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінен түскен
табыстардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...12
2.2 Жалпы активтердің табыстылық деңгейінің
есебі ... ... ... ... ... ...15
2.3 Ұйымдағы табыстар және оларды есептеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... 17

3. ТАБЫСТАР ЕСЕБІНІҢ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША
ШАРАЛАРЫ
3.1Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын қолданудың кейбір
мәселелері.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..26
ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... 2 8

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы қаржылық есеп жүйесін
реформалаумен сипатталады. Елдегі нарықтық қатынастар дамуының стратегиялық
бағыты есеп пен есептік ақпараттық сапасына айрықша талаптар қоюда.
Сондықтан қаржылық есептің теориялық негіздерін жас мамандардың жақсы
меңгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда
маңызы зор болмақ. Қазіргі көптеген пәндердің арасында қаржылық есептің
алатын орны ерекше барлық экономикалық ғылымдар ішінде қаржылық есеп өз
алдына дараланып тұратын бөлек ғылыми сала. Бұл ғылымды жан – жақты
зерттейтін, экономикалық жағынан талдайтын , өз алдына ғылыми даму жолдарын
анықтайтын әдістермен бірге бұл ғылымды оқытатын пән бар. Осы орайда
қоғамдық өндіріс процесстерін қаржылық есепке алынатын біртұтас тұлға деп
қарауға болады. өйткені қаржылық есеп қоғамдық өндірістің дамуы жолында
қажет. Қаржылық есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің
дамуын экономикалық тұрғыдан зерттеуге бірден – бір негіз болып табылады.
Сондықтан да қаржылық есептің негізгі міндеті – халық шаруашылығының барлық
салаларында нақты тұжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын
жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың
объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды
пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе қаржылық
есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Нарық қатынас жағдайында ұйымның қаржылық және бухгалтерлік жұмысы
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік
стандарттары мен қаржылық қызметі есебінің жоспарына сай бекітілген
принциптері мен ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс
министірліктерінің осы есептер жөніндегі нұсқаулары мен ережелері негізінде
ұйымдастырылады.
Қаржылық есеп және есеп беру мәліметтері ұйымның және олардың
құрылымдық бөлімшелерінің қаржылық қызметін жедел басқару үшін,
экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Нарықтық экономиканы басқару мен құруға, әртүрлі деңгейдегі басқару
шешімдерін әзірлеуге, негіздеуге және қабылдауға ұйымның нарықтағы тәртібін
анықтауға және бәсекелес кәсіпорындардың жағдайын анықтауға сонымен қатар
қажетті ұйымның қаржы және қызметі туралы сапалы әрі уақтылы ақпарат
қалыптастыру қаржылық есептің негізгі мақсаты болып табылады.
Қаржылық есеп беру бұл ұйымның кәсіптік есеп кезеңіндегі қаржы –
ұйымның сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер
жүйесі. Ұйымның қаржы жағдайы - ол ресурстардың қолда барын орналастырылуын
және пайдаланылуын сонымен қатар ұйымның қаржы тұрақтылығын, баланстың
өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесі мен сипатталады.
Нарық жағдайында табыстың ролі айтарлықтай артты. Табыстар деп –
белгілі бір қызмет көрсетулерден, өнімдерді өткізуден соның нәтижесінде
активтер көлемінің көбеюін айтады. Нарықтық экономика көшу мен байланысты
ұйымның негізгі қозғаушы күші болып табыс табылады. Табыс ол өзара
байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім өндіру
керек? Сұрақтарына жауап береді. Табыс табу кез келген ұйымның қызмет
етуінің мақсаты болып қалыптасты, сондықтан да нарықтық экономика кезінде
ұйымның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының қайнар көзі болып
табылады.

1 ТАБЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ.
1.1 Ұйым табыстары және оған анықтама

Кез – келген ұйымның нарықтық экономика жағдайындағы қызмет етуінің
экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады.
Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не
болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады.
Ұйымның табыстары – деп Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің №5
Табыс - деп аталатын стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің
көбеюін (ақша қаражаттарының, басқа да мүліктердің келіп түсуін, кіріске
алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың
кобеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа) яғни пайда табуды
айтады. Мұндай табыстарға:
дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар
әртүрлі қызмет көрсетуден алынатын табыстар
дивиденттер және пайыз түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатады.
Табыстар ұйымның қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай
түрлерге бөлінеді:
негізгі қызметтен алынған табыстар
негізгі емес қызметтен алынған табыстар
Ұйымның негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен
алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Бұл табыс
түрлері сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған не алынуға тиісті
өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны ұйымның активті сатып алушының
немесе пайдаланушының арасындағы келісім – шарт бойынша анықталады.
Ұйымның табыстары келесідей шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:
табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда
ұйымның экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болғавн жағдайда
ұйым сатып алушыға меншік құқығын берген жағдайда
келісім бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс
бағаланған жағдайда.
Қаржылық есеп беру кезінде ұйымдар түсініктеме жазбахатында: табысты тану
үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер көрсету
жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін анықтау тәсілін, есепті кезең
үшін табылған табыстардың әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде:
- тауарлар өткізу
қызметтер көрсету
пайыздар және дивиденттер нәтижесінде туындайтын табыстарды, олармен қатар
тауарлар мен қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын табыстардың әрбір
маңызды түріне енгізілген табыстарды ашып көрсетуі тиіс.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда табыстардың есебі субьектілердің бухгалтерлік
есебі мен қаржы ұйымы қызметі есептерінің бас шоттар жоспарындағы №7
Табыс деп аталатын бөлімінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары
тауарларды және басқадай активтерді сатудан, қызмет көрсетуден тағы да
басқа опреациялардан алынған табыстарды, сонымен қатар сатылған тауарларды
қайтару және тауарларға берілген сату жеңілдіктері мен баға жеңділіктері
туралы ақпараттарды жинақтап қорытындылауға арналаған.
Ықшамдалған түрде табыс туралы түсінік 1995 жылғы 26 желтоқсандағы
Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар Қазақстан Республикасының
Президентінің жарлығында анықталаған. Жарлықтың 13- бабындадағы Табыстар -
бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы.
Белгілі бір шығындарды шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес.
Өз кезегінде, табыс алмай ұйымның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік
мәселелерді шешу мүмкін емес.
Табыс өз қызметтерін тиімді орындай алуы үшін келесідей негізгі шарттар
қажет болады:
Жуықтаудың белгілі бір дәрежесіне, өнім бағасы еңбектің қоғамдық қажетті
шығындарын көрсетуі тиіс және ол сонымен қатар еңбек өнімділігінің үздіксіз
өсуі мен өзіндік құннның төмендеуін ескеруі қажет.
Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықтау жүйесі ғылыми
негізделеген болуы қажет
Табысты бөлу жүйесі белесенді рол атқаруы керек және өндірістің дамуы мен
оның тиімділігін арттыруда ынталандырушы фактор болуы тиіс
Табысты тиімді пайдалану тек қалған барлық қаржы жүйесінде (амортизациялық
аударымдар, салық салу, акциздер, жал төлемі, дивиденттер, арнайы қорлар,
салымдар, несие түрлері, валюта және бағалы қағаздар айналымы және тағы да
басқалары) ғана мүмкін
Кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштерінің өсіне ұйымның өзі де, мемлекет
те мүдделі. Сондықтан да әр кісіпорында табыстылықтың абсолютті және
салыстырмалы көрсеткіштеріне жүйелі түрде талдау жасау қажет.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне мыналар жатады:
Табыстылықтың нақты көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
Таза табыстың қалыптасуының жоспарының орындалуын бағалау;
Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
Табысты болу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
Табысты пайдалану жөнінде ұсыныстар жасау;
Табыстылықтың әр түрлі коэффиценттерін және олардың деңгейіне әсер етуші
факторларды зерттеу;
1.2 Табыстар есебінің шетелдік тәжірибесі.
Шетелдік арнаулы әдебиеттерде табыстар ұғымы келесідей түрде
анықталады:
Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не
болмаса пасситвердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.
Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің
абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді, жұмыс, қызметті өткізуден
алынатын табыс, жалпы табыс, негізгі қызметтен алынатын табыс, салық
салынғаннан кейінгі дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, салық
салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс, төтенше жағдайлардан
алынған табыс, ұйым қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза
табыс.
Табыс жинақталаған түрде ұйымның қызметін жүргізудің нәтижесін, затқа
айналағн еңбектің өнімділігін көрсетеді. Шетелдік экономистер экономикалық
тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызады, енді біреулері оны ұйым
жұмысының тиімділігіне жатқызады.
Табыс есебі ұйымның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да
кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Табыс
кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағлаудағы негізгі
көрсеткіштері болып табылады. Табыс іскерлік белсенділігі мен қаржылық
тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың
қайтарымдылық деңгейі мен осы ұйымның активтеріне салынған салымдардың
табыстылығы анықталады. Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролі ол
атқаратынқызметтерімен анықталады.
Шетелдік елдерде табыс негізгі екі қызмет атқарады:
мемлекеттік бюджет табысның көзі
ұйым мен бірлестіктерінің өндірістік және әлеуметтік даму көзі
Нарықтық экономикаға өту кезінде табыстардың есебін ұйымдастырудың
прогрессивті әдістерін енгізуді талап етеді. Осы мақсатта Қазақстан
Республикасының бухгалтерлік есеп теориясының және тәжірибесі үшін нарықтық
экономикасы дамыған елдердегі табыстарды есепке алудың әртүрлі жүйелерін
қолданады. АҚШ мемлекеттерінде1953 жылы, сол кездегі бухгалтерлердің Ұлттық
қауымдастығы әдістердің түрлерін жариялаған болатын. Ұлыбританияда бұл
әдіс маржиналь - кост, ал Францияда – Маржиналдық бухгалтерия деп
аталған әдістер жиынтығы болды.
Қызметтердің және олардың өзара шарттылығындағы бірлігі, табысы
ұйымның және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі
ретінде көрсетеді. Бұл табыс есебін құру және бөлу мәселелерінің
маңыздылығы көрінеді, оның шешілуі ұйымның тиімділігін алынған және оның
иелігіндегі қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

2. ТАБЫСТАРДЫҢ ЕСЕБІ.
2.1. Ұйымның негізгі қызметінен түскен табыстың есебі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары –
деп субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінінен басқа жұмыстарды,
қызметтерді, орындау барысында тапқан табыстарын айтады. Негізгі
қызметтерден түскен табыстардың есебі типтік шоттар жоспарының 6000
Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс бөлімшесінде
қарастырылады. Оларға келесілер жатады:
6010 – Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын табыс
6020 – Сатылған өнімді қайтару.
6030 – Бағадан және сатудан жеңілдіктер.
6010 – шот, Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын табыс.
Бұл шотта өнімді сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетілген
қызметтерден түсетін табыстар көрсетіледі. Шотта өнім, жұмыстар және
қызмет жасайтын материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындар пайдаланады.
Есепті кезең бойы 6010 –шоттың кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және
қызметтерді өткізуден түскен табыс сомалары жинақталады. Дайын өнімді,
жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомаыс есепті кезең
аяғында 5610 қорытынды пайда (қорытынды залал) шотына көшіріліп
жазылады. Бұл жағдайда 6010 – шоты дебеттеледі де, 5610 кредиттеледі.
Сатылған өнімді қайтару және бағадан, сатудан жеңілдіктер туралы
ақпараттарды жинақтау үшін 6000 бөлімшесінің келесідей шоттары арналған.
6020 - Сатылған өнімді қайтару;
6030 – бағадан және сатудан жеңілдіктер туралы ақпараттарды жинақтауға
арналған.
Сату жеңілдіктеріне келесідей түрлерін жатқызуға болады:
1. нақты төлем үшін шегерім шоты, нақты ақша төлейтін сатып алушыларға
жұмсалады.
1. Сконто шегерімдері бағалық шегерімдер шарттары немесе жабдықтаушы
шартында көрсетілетін мерзімнен бұрын төлеген сатып алушыларға
жасалады.
1. Дилерлік шегерімдер тауарларды өткізуді ұйымдастыратын агенттіктерге
және делдалдарға жасалады.
1. Жабық шегерулер тұйық экономикалық бірлестіктерге айналыста болатын
өнімнің сатылған көлемінен сатылған тауарды жасайды.
Қызмет барысындағы шегерулер өндіруші тауарларды сату, тасымалдау,
сақтау, күзету есебіне алу қызметтеріне жасайды. Сатып алушыларға жасалған
сату шегерімдерінің барлық түрі шартты және басқа да құжаттарда айтылып
есеп айрысу төлем құжаттарында көрсетілуі қажет. 6030 – бағадан және
сатудан жеңілдіктер шоты бойынша жыл басынан айналымдар жинақталған
тізімдемеде немесе арнайы есептеуіш машиналарда шегерімдердің түрлеріне
қарай талдау есебі жүргізіледі. Жыл аяғында бұл шот жабылуы қажет. Сонымен
қатар бұл шот баға шегерімдерінің есебін жүргізуге арналған. Жеңілдіктер
тауар бағасының жалпы немесе ұйғарымды бағасына қарағанда төментетілуі
болып табылады. Жеңілдіктер пайыз түрінде немесе бір салада болады.
Шегерімдердің келесі түрлері қолданылады:
14. алынатын тауар санына байланысты баға жеңілдігі;
14. тауарды бір жылға ұйғарымды көлеміне қарағанда көбірек сатып алушылар
үшін жасалады;
14. уақытпен байланысты жасалатын жеңілдіктер; негізгі маусымдық сипаты
көпшілік сұранысы бар өнім сауда саласында қолданатын баға
жеңілдіктері;
14. сандық жеңілдіктер бұл кезде тапсырыс көлеміне және саласына
байланысты жеңілдік беру;
14. арнайы жеңілдік бұл белгілі бір жабдықтаушы мен байланысы бар және
басқа да ерекше қатынастағы сатып алушығы жасалатын баға жеңілдігі;
Осы жасалған жеңілдіктердің барлығы сатып алушыға жазатын шот
фактурасында көрсетілуі қажет және оның негізінде нақты экономикалық
есептедің есебі жасалады.
Табыстылықтың негізгі қызметтен алынған табысы ол қаржылық нәтижені
білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырмашылық
ретінде анықталады.
Негізгі қызметтерді көрсетуден түскен табыстарды табудың төрт әдісі
бар:
1. нақты орындау;
1. пропорционалды орындау;
1. аяқталған орындау;
1. инкассация;
Негізгі емес қызметтерден табыс есебі ол бағамдық айырмашылық салалары,
материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды алынған субсидиялар
және де басқа да табыстардан құралады. Олар 6100 қаржыландырудан алынатын
кірістер бөлімшесінде қарастырылады.
6110 - сыйақылар бойынша кірістер
6120 – дивиденттер бойынша кірістер
6130 – қаржылық жалдаудан алынатын кірістер
6150 – қаржылық құралдардың әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер
6160 – қаржыландырудан түскен басқада кірістер
Сонымен қатар 6200 – басқа да кірістер шоттардың бөлімшесі де
қарастырылады:
6210 – активтердің шығуынан алынатын кірістер
6220 – өтеусіз алынған активтерден алынатын кірістер
6230 – мемлекеттік субсидиялардан алынатын кірістер
6240 – құнсызданудан залалды қалпына келтіруден алынатын кірістер
6250 – бағамдық айырмадан түсетін кірістер
6270 – биологиялық активтердің әділ құнын өзгертуден түсетін кірістер
6280 – өзге де кірістер және бұл бөлімше шоттарына қосымша 6300
тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер жүргізіледі.
6310 – тоқтатылатын қызметке байланысты кірістер бұл шоттар бойынша әр
түрлі қызмет түрлері қарастырылады.

2.2 Жалпы активтердің табыстылық деңгейінің есебі
Жалпы активтердің тиімділік деңгейі анықтау үшін авансталған каптиал,
жиынтық капитал қарастырылады. Жалпы активтердің тиімділік деңгейі – ол
таза табыстың барлық активтерге қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш
арқылы активтердің табыстылық деңгейі ұйымның және кәсіпорынның қаншалықты
өз қызметін тиімді және табысты жүргізетіндігін көрсетеді.
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіштер
кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын
қанша табыс алатынын көрсетеді ағымдағы активтер – ол таза табыстың
ағымдағы активтердің табыстылығына қатынасмен анықталады.
Ұйымның немесе акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші үшін
салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік
капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, ұйымның табысының
оның меншікті капиталына пайызының қатынасы ретінде есептелінеді. Бұл
көрсеткіш - меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе
мөлшерлемесі деп аталады және меншікті капиталдың табыстылығы таза табыстың
меншікті каптиалға қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш экономикалық және
қаржылық талдау кезінде маңызды көрсеткіш болып табылады.
Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш
кеңінен қолданылады, ол ұзақ мерзімді активтерге салған теңгеден кәсіпорын
немесе ұйым қанша табыс алатындығын көрсетеді. Ұзақ мерзімді кактивтердің
коэффициенті таза табыстың ұзақ мерзімді кативтердің табыстылығына
қатынасымен анықталады.
Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі ол таза табыстың
өндірістік қорларға қатынасымен анықталады. Сату көлемінің табыстылығының
деңгейі – ол жалпы табысты өнімді өткізуден алынған табысқа қатынасымен
анықталады.

2.3 Ұйымдағы табыстар және оларды есептеу тәртібі.
Ұйымның нарықтық экономика жағдайындағы қызмет етуінің экономикалық
пайдалығының табыс табуымен анықталады. Ұйымның табыстылығы абсолюттік және
салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылық тың абсолютті
көрсеткіші - бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы болып табылады.
Ұйым табыстылығын бағалау кезінде оларды абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштеріне байланысты ажыратады.
Абсолюттік көрсеткіштердің келесі түрлері бойынша оларды бағалау
есебі:
өнімді өткізуден түсетін түсім - ол қосылған құн салығын, акционерлерді
және басқа да міндетті төлемдер мен салықтарды және де қайтарылған
тауарлардың құнын, сауда шегермелерін есептегендегі өнімді өткізуден түскен
барлық табыс самасына тең балады.
Жалпы табыс – ол өнімді өткізуден түскен түсім мен негізгі қызмет
нәтижесіндегі өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы
айырмаға тең болады.
Негізгі қызметтен түскен табыс – ол жалпы табыс пен кезең шығындары
арасындағы айырмаға тең болады.
Салық салынғанға дейінгі қалыпты қызметтен түскен табыс – ол негізгі және
негізгі емес қызметтен түскен табыстар сомасына тең болады.
Негізгі емес қызметтен түскен табыс – негізгі емес қызметтен алынатын
табыстар слмасынан құралады.
Салық салынғаннан кейінгі табыс – ол салық салынғанға дейінгі қалыпты
қызметтен түскен табыстан табыс салығын шегеру арқылы есептелінеді.
Күтпеген оқиғалардан түскен табыс – ол қалыпты қызметтен өзгеше оқиғалар
немесе операциялар нәтижесінде түскен табыс және бұл табыстар көп қайталан
бермейді.
Таза табыс – ол қорытынды табыстарды қорытынды шығындармен салыстыру арқылы
анықталады, яғни қалдық нәтижені көрсетеді.
Салыстырмалы көрсеткіштердің келесі түрлері бойынша оларды бағалау
есебі:
Ұйымның активтерінің табыстылығы – ол таза табыс пен ұйым активінің
арсындағы қатынасымен анықталады.
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы – ол таза табыстың ұзақ мерзімді
активтер қатынасымен анықталады.
Ағымдық активтер табыстылығы – ол таза табыстың ағымдық активтерге
қатынасымен анықталады.
Өндірістік қорлардың табыстылығы – ол таза табыс негізгі өндірістік
қорлардың орташа жылдық құнына айналымдық өндірістік қорлардың орташа
құнына қосу арқылы анықталады.
Негізгі қызметтің табыстылығы – ол негізгі қызметтен алынған табысты
өткізілген өнімнің толық өзіндік құнына қатынасымен анықталады.
Табыстылық көрсеткіштерін талдау міндеттеріне келесілер жатады:
Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерінің жоспарының орындалуын бағалау;
Таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерін зерттеу;
Табысқа әсер ететін факторлардың әсерін анықтау және сандық өлшеу;
Табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
Табыстың өсу резервтерін анықтау;
Кәсіпорынның даму перспективасын ескере отырып, табысты тиімді пайдалану
жөнінде ұсыныстар жасау;
Табыстылықтың (рентабельділіктің) әр түрлі коэффициенттерін және олардың
деңгейлеріне әсер етуші факторларды зерттеу;
Нарықтық экономика жағдайында ұйымның негізі және мақсаты табыс алу
болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы – ұйымның нәтижесі туралы
есепте қосымша күн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті
төлемдер, сондай – ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және
баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.
Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын кірістері
Корпорация табыстарының жіктелуі
Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті
Табыстар мен шығыстардың ұғымдары және есептілігінің ұйымдастырылуы
Кәсіпорынның өндірістік шығындары
Табыстар мен шығындар есебі
Табыстар мен шығындардың есебі
Қысқа мерзімді активтер
Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі
Дебет шот 7110 Кредит шот
Пәндер