Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ БӘСЕКЕЛІК ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗДЕРІ . . . 4
1. 1. Тауардың бәсекеге қабілеттігі туралы түсінік . . . 4
1. 2. Тауардың бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар . . . 6
1. 3. Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау . . . 7
II. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ТАЛДАУ . . . 14
2. 1. Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені және ондағы сүт кластерінің дамуы . . . 14
2. 2. Шығыс Қазақстан облысы бойынша сүт өнімдері нарығының сипаттамасы және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін талдау . . . 17
III. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ТАУАРДЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ . . . 27
3. 1. Бәсекеге қабілетті тауар шығарудың тиімді тетігі ретінде маркетингтік жүйесін жетілдіру . . . 27
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32
Кіріспе
Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін индустрияландыру мақсатында мемлекеттің іс-қимылы екі негізгі міндетті шешуге бағытталған. Оның біріншісі - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, екіншісі - экспортқа бағдарланған өндірісті дамыту және экспортты әртараптандыру .
Отандық ғалымдардың пікірінше, тауардың бәсекеге қабілеттігі бұл - тауардың бәсекелес өндірушілердің ұқсас тауарлармен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағасымен, тартымдылығымен және оны қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшеленеді.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Ауылды көтерудің негізгі факторларының бірі агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты және динамикалық түрде дамуы» деп ерекше көңіл бөлінген болатын.
2009 жылы Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға әр түрлі көздерден 11461, 3 млн теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 8779, 96 млн теңге, облыстықтан - 485 млн теңге және басқа көздерден 2196, 3 млн теңге тартылды. Сондықтан да тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын құру, жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауыл шаруашылық техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, сүт өңдеу, астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды жалғастыруға шешім қабылданды.
Қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, сүт саласы және басқа аралас салаларда да бірқатар мәселелер бар:
- сүтті малдың басым бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануына байланысты келіп түсетін шикізаттың (сүттің) жеткіліксіз және сапасының төмен болуы;
- АӨК қайта өңдеу кәсіпорындарын несиелеу көлемінің қысқаруы мен еркін және өтемді кепілдік мүлкінің болуына байланысты айналым қаражатының жеткіліксіз деңгейде болуы;
- арзан импорт көлемінің ұлғаюы және оның нәтижесінде ішкі нарықтың тауарларға (сары май, ірімшік) толуы;
- дайындау жүйесінің дамымауы, шикізатты, сондай-ақ, дайын өнімді дайындау және тасымалдау кезіндегі жоғары көлемдегі шығындар;
- буып-түю матералдарының басым бөлігінің импортталуы және оларды өндіретін өз өндірісінің болмауы өнімнің өздік құнына әсер етеді.
Бұдан басқа көптеген сүтті қайта өңдейтін кәсіпорындарындағы қажеттілікке сәйкес материалды-техникалық база, өндірістік инфрақұрылым, шикізатты және дайын өнімді сақтау бойынша қуаттылық көрсеткіштері айтарлықтай артта қалуда.
Экономиканың дамуы барысында әрдайым жоғары сұранысқа ие, мемлекеттің экономикалық тұрғыда, экспорт және импорт алмасу үрдісінің дамуына негізгі әсер етуші фактордың бірі мал шаруашылығы, соның ішінде сүт және сүт өнімдері болып табылды.
Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясында мал шаруашылығы өнімдерінің пайдалылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттерінің алға қойылуы оны тәжірибе жүзінде шешудің маңыздылығына орай курсовойлық зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі анықталады. [1]
Сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың отандық өндірушілер кешенін дамытуда және ішкі рынок тұтынушыларының барлық топтарын жоғары сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етуде, сыртқы экономикалық байланысты кеңейтуде тәжірибелік мәні зор. Осы мәселені шешу ел экономикасын дамыту, халықтың денсаулығын жақсарту, олардың өмір сүру деңгейін арттыру, ғылым мен техникалық прогресс жетістіктерін ендіру, ұлттық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті кәсіпорын мен аймақтарды жетілдіруге байланысты кешенді сипат алады.
Курстық жұмысының мақсаты - сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттіліктерін жоғарылату бойынша ғылыми-әдістемелік тұжырымдалған, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- экономикалық категория ретіндегі бәсекеге қабілеттіліктің мәні мен маңызын, оны қамтамасыз етудің теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету; Шығыс Қазақстан облысындағы сүт өндірісінің қазіргі жағдайын талдап, даму беталысын айқындау; сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды талдап, бағалау жүргізу; тұтынушылардың сүт және сүт өнімдерге талғам-талаптарын, қалауын анықтау үшін маркетингтік зерттеу әдістемесін дайындап жүргізу; Шығыс Қазақстан обылысы бойынша сүт және сүт өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату бойынша өңдеуші және өндіруші кәсіпорындарға нақты ұсыныстар дайындау.
Зерттеу объектісі. Шығыс Қазақстан облысындағы мал шаруашылығы мен сүт және сүт өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар.
Зерттеу пәні - Шығыс Қазақстан обылысы сүт және сүт өнімдерін өндіруші кәсіпорындардағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастар жиынтығы.
Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, бәсекеге қабілеттілік мәселесіне қатысты заңдық актілер, нормативтік-құқықтық құжаттар қарастырылды.
Зерттеу жұмысында ҚР статистика Агенттігінің, Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаментінің ресми мәліметтері, сүт және сүт өнімдерін өңдейтін және мал шаруашылығы кәсіпорындарының есептік мәліметтері, біз жүргізген маркетингтік зерттеу нәтижелері ақпараттық база болып табылады.
Курстық жұмыста талдау, салыстыру, топтастыру, эксперттік, пікір сұрау, статистикалық әдістер қолданылды.
I. Экономикалық өсудің факторы ретінде бәсекелік теорияның негіздері
1. 1. Тауардың бәсекеге қабілеттігі туралы түсінік
Бәсекелестiкке қабiлеттiк - бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория: тауардың (қызметтің) бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында тығыз іштей және сырттай тәуелділік бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті тауар шығаруына байланысты. Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің астарында оның ішкі және сыртқы нарықта табысын анықтайтын тауардың түтынушылык, багалық, сапалық сипаты жатыр. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тек соған ұқсас тауарлармен салыстыруда ғана анықталады.
Тауарлық бәсекеге қабілеттілік әртүрлі факторларға байланысты анықталады. Олардың арасында өнімдердің бағасы мен сапасына әсер ететін өндіріс шығындары, еңбектің өнімділігі мен қарқындылығы аса маңызды болып табылады. Жаһанданушы әлемде әлемдік бәсекеге қабілеттілікте алдыңғы орынға өнімнің баға факторы емес, тауар сапасы, жаңалығы, ғылымилығы, зияткерлігі шығып отыр. Сондықтан да әлемнің көптеген елдері әз тауарларының бәсекеге қабілеттігін инновациялар, жоғары технологиялық өнімдердің есебінен арттырып отыр. Ондай өнімдерді ғылыми-техникалық әлеуетті дамытпай шығару мүмкін емес. Оны бағалау үшін инновацияға кеткен шығынның көрсеткіші қолданылады. Бұл көрсеткіш елдің инновациялық қызметке қабілеттілігін, ғылыми техникалық қамтуға шыққан шығынмен қоса дизайнға, маркетингке жұмсалған қаржы, ғылыми саладағылардың саны, елдің ішінде және шетелдерде алынған патенттер саны, зияткерлік құқықтың қорғалу дәрежесі, білім саласының қаншалықты дамығандығын есепке алады. [2]
Соңғы 20 жыл бойында ұлт экономикасының бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы экономикалық даму теориясында айтарлықтай маңызға ие. Ол ел өзінің экономикалық болашағын қалай қалыптастырып жатқандығын көрсетеді, ал оны бағалау маңызды экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, маңызы бар саяси үдерістердің салдары және қоғамдық басқару, білім деңгейі, ғылыми база, ақпараттық құрылымның жоғарғы деңгейде дамуы, инновацияға мәдениет пен құндылықтар жүйесінің қолайлығы сияқты экономикалық емес көрсеткіштермен де жүзеге асырылады.
Елдің бәсекеге қабілеттілік индикаторы бірінші кезекте, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасының көтерілуі, тұрақтылық, мемлекеттің айқын болашағы, елде заңдардың сақталу деңгейі және тағы басқалар болып табылады. Яғни, тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстарды пайдалану тиімділігі және халықтың өмір сүру деңгейі де жоғары.
Өз уақытысында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі едәуір көлемде өндірістің негізгі үш факторы - табиғи ресурстар, еңбек ресурстары және капиталға байланысты болды. Өндіріс пен техникалық прогрестің дамуымен байланысты бәсекеге қабілеттілікті бірінші кезекте, жоғарғы деңгейдегі елдің инфрақұрылымы, оның ғылыми әлеуеті, халықтың білім деңгейі сияқты факторлар анықтай бастады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өндіріс факторларының болуы маңызды, бірақ табысты бәсеке жағдайында жеткіліксіз. Сонымен қатар, өнімге деген белгілі бір сұраныс және қызмет көрсету салаларында ішкі бәсекелестік, фирманың стратегиясы мен құрылымы және ішкі салалық бәсеке қажет. [2]
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі - бұл өнімнің бәсекелес-өніммен ұқсас қасиеттерінің өндіруші және тұтынушы (сатушы және сатып алушы) үшін екі жақты тиімді өндіру (сатудан түскен пайда), сатып алу-сату (нарықтағы баға) және тұтыну (пайдалану шығындары) көрсеткіштерімен ерекшеленетін техникалық (техникалық деңгейі), функционалдық (пайдалану деңгейі) және экономикалық (сатып алу және пайдалану бағасы) қасиеттерінің жиынтығы.
Отандық және шетелдік арнайы әдебиеттерді талдай келе, қазіргі уақытта өнімнің бәсекеге қабілетілігі мағынасын толық ашып көрсететін бірыңғай тұрақты анықтама қалыптаспағанын көруге болады. Бұл мәселеге байланысты бірнеше көзқарас бар. Кейбір өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін оның нақты нарықта, нақты уақыт мерзімінде сәтті сату мүмкіндігімен анықтайды.
«Басқару проблемалары жөніндегі Еуропалық форум» бәсекеге қабілеттілікке мынандай анықтама береді: «бәсекеге қабілеттілік дегеніміз - бұл фирмалардың өздері өндірген тауарлардың олардың бәсекелестерінің тауарларымен салыстырғанда бағасы және бағадан тыс сипаттамалары бойынша тұтынушылар үшін тартымдырақ болатын тауарлар әзірлеу мен өткізудің нақты және әлеуетті мүмкіндігі».
М. Портер бәсекеге қабілеттікті үш стратегия арқылы көрсетеді. Олар:
1. Шығындылықты төмендету;
2. Бөлшектеу;
3. Жинақтау;
Тауардың бәсекеге қабілеттігі бірнеше маңызды қасиеттерге ие. Олар:
1. Бәсеке қабілеттік салыстырмалы шама, яғни ұқсас тауарлармен салыстыру немесе теңестіру арқылы анықталады;
2. Ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді. Тауардың өмірлік және де басқада жағдайларға белгілі бір деңгейде тәуелділік қалыптасады;
3. Әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір тауардың бәсеке қабілеттігіне өзінше әсер етеді. Сондықтан да ол құбылмалы немесе ауыспалы сипатқа ие болады;
4. Бәсекеге қабілеттілік нақты тауардың белгілі бір түріне нарықта ғылыми-техникалық прогресстің даму деңгейіне байланысты болады. [3]
1. 2. Тауардың бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар
Тауардың бәсекеге қабілеттігіне әсер ететін факторлар обьективті, субьективті, эндрогенді және экзогенді болып бөлінеді.
Обьективті факторлар - өндірушіге тікелей (сапа деңгейі немесе жарнама) сатылған тауарға қызмет көрсету жанама түрде байланысты болады.
Субьективті факторлар - өндірушілерге байланысыз, яғни психологиялық және жеке тұлғалық факторлар жатады. Мысалы: тұтынушылардың ұстанымы, салты тағы да сол сияқтылар.
Экзогенді факторлар - әлемдік фактордың мемлекеттік тауарлар нарығынның қажетіліктерін және тауарға деген сұранысты анықтайды.
Эндрогенді факторлар - өндіріс кәсіпорының мүмкіндіктерін сипаттайды және тауардың техникалық-экономикалық деңгейіне ықпал етеді.
Рессейлік ғалым А. Трибулин бәсекеге қабілетті факторларды сыртқы, экономикалық және сапалық деп бөледі.
Сыртқы факторларға экономикалық нарықтың даму тенденциялары, ғылыми-техникалық прогресстің тұтыну құрылымындағы өзгерістер, нарық құрылымы, бәсекелестер құрамы, кәсіпорының имиджі мен танымалдылығы, өндіруші мемлекеттің беделі және де тағы да басқалары жатады.
Сапалық факторларға қазіргі қолданыстағы стандарттар, нормалар аңықтайтын тауардың сапа көрсеткіштері, тауардың қауіпсіздігі, ұзақ мерзімді сақталуы тағы да сол сияқтылары жатады. Бұл жерде тауар сапасын басқару жүйесіннің дамуын былайша түсіндіреді.
Соңғы кездерге дейін кәсіпорындарда cапа проблемасын шешу кезінде нарықтылық қажеттілік есепке алынбай тауар сапасы техникалық деңгейге бағытталды. Сапаны басқару мәселелерімен техникалық бақылау және сапаны талдау бөлімдері айналысты. Олардың функцияларына бұйымдар параметрлерін (белгілер) тексеру, өндірістік процестердің әрбір операцияларында қолданылатын шикізаттар, материалдар, жабдықтардың дәлдік жұмыстары , тауарда табылған кемістіктер, оларды талдау және се-бептерін белгілеу кіреді.
Тауардың сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар, олар:
- тауардың сапалығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизімін қосу;
- тұтынушыга және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;
- тауардың өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту;
Сапаны басқару жүйесін енгізу кәсіпорында мынандай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:
- жоғары сапалы тауардың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- тауар көлемін ұлғайту және оны сататын нарықты (рынокты) табу;
- жоғары бағада сататын тауарды көбейту мүмкіндіген қарастыру;
- тауардың бәсекеге жарамдылығы және қаржы жағдайының тұрақтылығы жөніндегі проблемаларды шешу.
Сонымен, тауардың сапасын басқару әрбір кәсіпорындарда жүйелі түрде іске асқан жөн.
Экономикалық факторларға тауардың бағасын қалыптастыратын экономикалық көрсеткіштерді жатқызамыз.
Әлемдік тәжірибеде тауардың бәсекеге қабілеттігі келесі факторлармен анықталады:
- тауар сапасының нарықтық және нақты тұтынушының талабына сай болуыменен;
- сатып алуға жеткізуге кеткен шығындармен;
- тұтынушыға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен:
- кәсіпорының беделімен, сенімді әріптес бола алатын дәлелімен;
Тауар мен кәсіпорының бәсекеге қабілеттігі ұқсас болғанымен, мағыналары жағыннан ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері келесілер:
1. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір қысқа уақыт аралығында анықталса кәсіпорынның қабілеттілігі салыстырмалы түрде ұзақ болады.
2. Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тұтынушының әсеріне тікелей байланысты, ал бәсекенің тиімділігі кәсіпорының иесінің өзі анықтап қажет болған жағдайда өндірістік өткізу қызметіне стратегияларды енгізе алады.
3. Кәсіпорын бірнеше тауар шығару өндіріске байланыссыз, өндірістің басқа түрлерімен айналасуы мүмкін (қаржылық, делдалдық және т. б. ) . Кәсіпорының бәсекеге қабілеттілігі барлық тауардың қабілетілігіне және қызмет түріне байланысты.
4. Тауардың бәсекелік қабілеттігін кәсіпорының бәсекеге қабілетілігі анықтайды. Тауардың бәсекеге қабілеттігін баға төмендету арқылы қамтамасыз етуі мүмкін, алайда осы тауарды өндіруге кеткен шығын толық жабылмай табыс таппау мүмкін. Мұндай жағдайда қаржылық бәсекелік қабілетті төмендейді. [4]
1. 3. Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің нәтижесі тауардағы қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы мен жағдайы туралы ақпаратты жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта тауарға талаптар түрінде мәлімдеме жасайтын белгілі бір параметрлер жиынтығымен сипатталады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын жобалау оның нақты және уақытылы бағалауына тікелей байланысты. Тауардың бәсекеге түсу қабілеттілігі талданатын тауардың параметрлерін салыстыру базасының параметрлерімен салыстыру арқылы бағаланады. Салыстыру базасының орнына әдетте нарықтағы ұқсас тауар немесе тұтынушының қажеттілігі алынады. Ал ұқсас тауар ретінде сатылу көлемі максималды және болашағы жарқын тауар алынады. Егер тауардың параметрлерінің физикалық өлшемі боласа, онда оған балмен бағалау әдістері қолданылады.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың негізгі критерийлері:
- тауардың жаңалық дәрежесі;
- өндірілу сапасы;
- тауар туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;
- өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;
- тауардың нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;
- қаржылық жағдайы.
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен салыстырмалы пайда бағалық көрсеткіштері бойынша қарастыруға болады. Егер тауардың бәсекеге қабілеттілігін баға бойынша бағалайтын болсақ, тауардың бағасы, сапасы мен дизайны ұқсас тауардан кем түспесе, онда тауар бәсекеге қабілетті болып саналады. Ал егер тауардың бәсекеге қабілеттілігін салыстырмалы құн бойынша бағалайтын болсақ, онда салыстырылатын мемлекеттерде өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны бір валютада есептелінеді. Бәсекеге қабілеттілікті пайдалылық бойынша бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы жоғары болған сайын оның тауарінің бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болады.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері келесідей:
Біз бәсекеге қабілеттілікті талданатын тауар мен салыстыру базасының техникалық, экономикалық және басқа параметрлер бойынша салыстыру арқылы бағаланатынын айтқанбыз.
Бағалау екі әдіспен жүргізіледі:
- дифференциалданған;
- комплексті.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын тауар мен салыстыру базасының параметрлерін қолданып салыстыруына негізделген.
а) Егер бағалау базасы ретінде қажеттілік алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:
Qi = Pi / Pio * 100% (i = 1, 2, 3…, n) (1)
Мұндағы, Qi - i-параметрі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;
Pi - талданатын тауар үшін і-параметрдің мөлшері;
Pio - қажеттілік толығымен і-параметрдің мөлшері;
n - бағалау параметрлерінің саны,
Нормативті параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1 немесе 0 мәнін қабылдауы мүмкін. Егер талданатын тауар міндетті норма мен стандартқа сай келсе, онда көрсеткіш 1-ге тең; егер сай келмесе, көрсеткіш 0-ге тең болады.
Техникалық және экономикалық параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1-ден үлкен немесе 1-ге тең болуы мүмкін.
б) Егер бағалау базасы ретінде үлгі алынатын болса, онда бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:
Qi = Pi / Pio * 100% (i = 1, 2, 3, …, n) (2)
Qi = Pio / Po * 100% (3)
Мұндағы, Qi - і-нші техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;
Pi - талданатын тауар үшін і-параметрдің мөлшері;
Pio - үлгі ретінде алынған тауар үшін і-параметрдің мөлшері;
n - бағалау параметрлердің саны.
Бағалау нәтижелерін талдау:
Бұл 2 формуладан жеке көрсеткіштің өсіміне бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы сәйкес келетін формула алынады. (Мысалы, тауарділікті бағалау үшін ─ формула (1), ал отынның шекті шығынын бағалау үшін ─ формула (2) .
Егер тауардың техникалық параметрлерінің физикалық өлшемі болмаса (мысалы, ыңғайлылық, сыртқы келбет, модаға сәйкес келуі, т. б. ), онда балмен бағалау экспертті әдістер қолданылады.
Дифференциалдық әдіс талданатын тауардың бәсекеге қабілеттілігін немесе ұқсас тауармен салыстырғандағы кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Ол тауардың өмірлік циклдің барлық этаптарында, әсіресе оны болжамдық үлгімен салыстырғанда қолданылады. Бірақ та ол тауардың әрбір салмақтылық параметрлерін таңдаған кездегі тұтынушының қажеттілігіне әсерін ескермейді.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың комплексті әдісі. Бұл әдіс комплексті (топтық, жалпы және интегралды) көрсеткіштерді пайдалануына және талданатын тауар мен үлгінің шекті тиімді әсерлерді салыстыруына негізделген.
Нормативті параметрлер бойынша топтық көрсеткіш келесі формула арқылы есептелінеді:
Iнп = Qhi n i=1 (4)
Мұндағы, Iнп - нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;
Qhi - і-нші нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке көрсеткіші;
n - бағалауға қатысатын нормативті параметрлердің саны.
Нәтижелерді талдау:
Егер де жеке көрсеткіштердің бірі 0-ге тең болса (яғни, тауар қандай да болмасын параметрлер бойынша керекті нормаларға сәйкес келмейді), онда топтық көрсеткіш те 0-ге тең болады. Бұл берілген тауар қарастырылып жатқан нарықта бәсекеге қабілетсіз екенін білдіреді.
Техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы есептелінеді:
Iтп = Qi * Ai n i=1 (5)
Мұндағы, Iтп - техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің топтық көрсеткіші;
Ai - қажеттілікті сипаттайтын n техникалық параметрлер ішінен і-нші параметрдің салмағы;
n - бағалауға қатысатын нормативті параметрлердің саны.
Нәтижелерді талдау:
а) Ітп топтық көрсеткіші берілген тауардың техникалық параметрлер бойынша қажеттілікке сәйкес келетін дәрежені көрсетеді. Ол неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым тұтынушының қажеттілігі толығырақ қанағаттандырылады.
б) Әрбір техникалық параметрдің салмақтығын анықтау үшін үлгі, семинар, тұтынушының сұранысы, нарықтық зерттеулерге негізделген эксперттік бағалау негіз болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz