Шағын кредиттік ұйымдардың қатынастары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдар және оның негіздері
1.1. Шағын кредиттік ұйымдар және олардың атқаратын
қызметі ... ... ... ... 5
1.2. Шағын кредиттік ұйымдардың негізгі
тиімділіктері ... ... ... ... ... .. ... ... 10
1.3. Шағын кредиттік ұйымдардың
қатынастары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдардың қызметін талдау
2.1. Шағын кредиттік ұйымдардың қызмет
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
2.2. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ...18
2.3. Шағын кредиттік ұйымдардың экономикалық қатынастары және негізгі
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...22
ІІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы шағын кредиттік ұйымдардың дамыту мен
мемлекеттік қолдау
3.1.Шағын кредиттік ұйымдарды дамытудың перспективалары ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 28
Қосымша

Кіріспе

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері жүргізілген реформалар бүгінгі
күні нәтижелерін бере бастады. Республиканың қаржы секторы дамып, халықтың
тұрмыс деңгейі мен экономикалық көрсеткіштер жоғарылап, экономиканың нақты
секторының дамуына жағдайлар жасады.
Қазақстанның нақты секторына кіретін екінші деңгейлі банктердің,
кредиттік серіктестіктердің, микрокредиттік ұйымдардың, басқа да қаржы
институттарының заңдылық негіздері қалыптасты, олардың қызметтерін реттеу
нормалары енгізілді, қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды. Осы
көрсетілген шаралар респубилканың қаржы секторы дамуының жаңа сатыға
көтерілуіне жағдай жасады.
Мемлекет саясатының негізгі бағыты орта және шағын кәсіпкерлікті
дамыту және қолдау болып табылады. Басты назар ақпараттық инновациялық
технологияларды енгізуге, кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдайлар жасайтын заңдық
актілердің қабылдауларына аударылады.
Тақырыптың өзектілігі: Микроқаржыландыру ұйымдары өз қызметтерінен
тұтынушыларына арналған максималды пайда тапқысы келеді және өз шығындарын,
тәуекелдерін төмендету мақсатын алға қояды. Тұтынушылардың сұраныстарына
жауап беру үшін микроқаржыландыру қызметі несиелеу мерзімдері, несе көлемі,
пайыздық ставка, тұтынушының қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуі
қажет. Барлық размер бәріне келеді деген әдістеме болмағандықтан
микроқаржыландыру ұйымдары қаржылық қызметке сұранысты бағалау үшін
формалдық емес сектордың ерекшеліктерімен танысу қажет. Тұтынушының
сұраныстарын толық қанағаттандыру және төмен оперативтік шығындар
микроқаржылық қызметтің тиімділігін бағалаудағы ең жақсы критерий болып
табылады.
Микроқаржылық қызметтің негізгі тұтынушылары, кәсіпкерлік потенциалы
бар (оның ішінде жұмыссыздар да бар), бірақ банк қызметін пайдалануға
мүмкіндігі жоқ тұлғалар. Көптеген кәсіпкерлер бизнесті құру үшін негізгі
кедергі қажетті қаржылық ресурстардың болмауы деп біледі. Микроқаржыландыру
экономикалық дамудың өзінің тиімділігін әлемнің көптеген елдерінде
дәлелдеген құралы болып табылады. Әдетте, микроқаржыландыру мынадай
міндеттерді шешуге бағытталған:
• бастауыш кәсіпкерлерді қаржыландыру;
• қаржыландырудың сыртқы көздеріне үлкен емес бизнес иелері
—кәсіпкерлердің және дәстүрлі банктік кредит беруді пайдалану
мүмкіндігі жоқтардың қол жеткізілімін кеңейту;
• өз бизнесін ашқысы келетін, бірақ ақша қаражатын алудың дәстүрлі
көздеріне қол жетімділігі жоқ халықтың әлеуметтік аз қамтылған
жіктерін қаржыландыру.
Курстық жұмыстың мақсаты: экономикадағы шағын кредиттік ұйымдар
туралы сипаттама берумен оның экономикадағы ерекшеліктерін айқындау болып
табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- берілген тақырыптың жан-жақтылығын ашу;
- экономикадағы шағын кредиттік ұйымдардың сипатын ашу;
- шағын кредиттік ұйымдардың жұмыс процестерін көрсету;
- экономика секторындағы шағын кредиттік ұйымдардың орнын көрсету;
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

І бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдар және оның негіздері
1.1. Шағын кредиттік ұйымдар және олардың атқаратын қызметі

Экономиканың өсуін, оның ішінде нақты сектордың дамуын, кәсіпкерлікті
дамытуды мемлекет өз тарапынан тұрақты қолданса да жұмыссыздық әлі де
өзекті мәселе болып қалып отыр.
Мұндай жағдайда микрокредиттеу халықты қолдаудың итімді тұтқасы болып
табылады. Кәсіпкерлік бастаманы ынталандырудағы, қаржы секторына жеке
меншік капиталды тартуда оның алатын орны ерекше.
Микрокредиттеу ұйымдары жергілікті жерлердегі шағын кәсіпкерлер
субьектісін дамыту мен қолдау институты болып табылады.
Микрокредиттеу ХХ ғасырдың 70-ші жылдары оны өзгелей алуға мүмкіндігі
жоқ адамдарға кредит беру әдісі пайда болды. Микрокредиттеу тар мағынада
қолданылады, бұл ХХ ғасырдың 80-ші жылдарында әлеуметтік бағдарланған
үкіметтік емес ұйымдармен әзірленген әдістемені пайдалана отырып,
бейформалды шағын кәсіпкерлердің және тұрмыс жағдайы төмен халықтың кең
тобына микрокредиттеуді беруді білдіреді.
Микрокредиттеу Орталық азияда тек 90 жылдың басында ғана қалыптаса
бастағандықтан, бұл сектордың дамуы басқа елдермен салыстырғанда артта
қалуда. Бірақ та микрокредиттеудің Орталық Азияда кеш басталуына қарамастан
бұл сектордың әлемде дамуы тез қарқынды болғандықтан, өз дамуын тездетті.
[1]
Дүниежүзілік банктің бағасы бойынша, қазіргі уақытта микрокредиттеу
саласында әлемнің 56 елінде шамамен 16 миллион адамға қызмет көрсететін
7000-нан астам ұйым бар. Қазіргі уақытта микрокредиттеудің әлемдік
индустриясында жағдай өзгеріп жатыр осы секторда әртүрлі әдістемелер
қолданылатын болды, қаржылық қызметтердің диапазоны қаржылық қызметтердің
диапазоны жинақ депозиттерінің, сқатандырудың, ақша аударудың есебінен
кеңейе бастады. Заемдар топтық және жеке негізде ұсынылатын болды, ал
сомалар мен кредиттерді өтеу мерзімдері әрі клиенттердің қажеттіліктеріге
бейімделген болды. Туындап жатқан қажеттілікреге жауап ретінде,
микрокредитік ұйымдар жаңа өнімдерді әзірлеуде.
Қазақстанда қажетті құқықтық реформалардың үлкен бөлігі қарастырылып,
ол Микрокредиттік ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңымен
реттелді. Бұл заңда микрокредиттік ұйымдардың жалпы жағдайлары көрсетілген.
Микрокредиттік ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес микрокредиттік ұйым Заңда белгіленген тәртіппен микрокредитер беру
жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Дүние жүзіндегі барлық дерлік халықтардың қаржы қызметтеріне қол
жеткізу мүмкіндігі жоқ, солардың ішінде табысы төмен халықтың мүмкіндігі
өте төмен. Барлығын қамтитын қаржылық секторды қалыптастыру үшін өмір сүріп
жатқан жеріне, табысына, меншіктегі мүлкіне қарамастан қаржылық қызметтерді
қажет ететін барлық адамдарға тұрақты және экономикалық тиімді негізде
қаржылық қызметтерді алуына жаңадан жағдай жасау қажет. Микроқаржыландыру
барлығын қамтитын қаржылық секторды құрудың нақты әрекеті болып табылады.
Ол кедейлікті азайтып, аз қамтылған адамдарға өздеріне-өздері көмектесу
мүмкіндіктерін беру үшін жасалады. Микроқаржыландыру ұйымдары термині
тұрмыс деңгейі төмен азаматтарға қаржылық қызмет көрсететін әртүрлі
ұйымдарды көрсетеді.
Микроқаржыландырудың негізгі мақсаты кедейлерге көмектесу мен
қаржылық қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін ұлғайту мен қаржылық,
әлеуметтік делдалдықты клиенттерге көрсету арқылы кедейлікті төмендету.
Дегенмен, микроқаржыландыру тек қана қаржылық қызмет емес, ол кедейлік және
әлеуметтік маргинализациямен күресудің елеулі құралы болып табылады.
Жетістіктердің тарихын көрсеткендей, микронесиелеу мен жинақтау қызметі
адамдардың таңдау қабілетін жоғарылату және әлсіздіктерін төмендетудегі
тиімді құрал бола алады. Табысы төмен халық топтары қаржылық қызметтерді
экономикалық мүмкіндіктерін жоғарылату үшін қолдану, тәуекелдерді төмендету
мен табыстарын өз болашақтарына және балаларының болашағыни инвестициялау
арқылы әлеуметтік қорғалмай қалу жағдайын төмендету мүмкіндіктеріне ие
болды. Қазіргі таңдағы көп мөлшердегі экономикалық мүмкіндіктер арқасында
микронесиелеу қарыз алушының денсаулық сақтау, тамақтану, білім алу, тұрғын
үйді ұстауға арналған шығыстарын өсіру арқылы оның өмір сүру деңгейін және
жанұя табыстарын көтере алады. Дағдарыс жағдайды игеру мен және өз бизнесін
қуаттау үшін де несиелерді қолдана алады. [1]
Микроқаржыландырудың тарихына қысқаша шолу жасау, бұл саладағы соңғы
даму процестерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді. 70-ші жылдардың соңы
мен 80-ші жылдардың басында тұрмысы төмен тұрғындарға субсидия негізінде
тікелей несие беріледі. Бұл алғашқы бағдарламалар өзінің табиғатынан
инновациялық болғандығына қарамастан, ұзақтығы және ойластырылуы, қолдану
ауқымдары бойынша шектеулі еді. Аталған бағдарламалар әрі шағын, әрі
сыртқы ортадан оңашаланған және жобаға тым тәуелді болды. Донорлардан
алғашқы капитал алған көптеген микроқаржылық ұйымдар, соңыра банкротқа
ұшырады, ол өз кезегінде ұйымдардың жаңа несие берулеріне мүмкіндік
бермеді. Тұрақсыздығымен қатар, мұндай алғашқы тәжірибемен тұрғындарды
толық қамту жеткіліксіз болды. Әдеттегідей, бұл ұсынылған қызметтен
кедейлердің ішіндегі табысы айтарлықтай төмен емес халық топтары ғана пайда
тапты, қаржыны жергілікті жеке нарықта бұрмалау кең таралды.
Бангладештегі Грамин Банк және Ракьят Индонезия банкі секілді
ұйымдардың жетістігі, тұрмысы төмен тұрғындарға қарағанда қаржылық қызмет
көрсету, кедейшілікті төмендетудің оңтайлы құралы бола алатындығына бірінші
рет дәлел болды. Бұл алғашқы үлгілердің шешуші шарты болып өзіндік
жеткілікті қамтамасыз етуге жағдай жасады. Тәжірибенің сәтті болуына,
біріншіден, құрылтайшылардың халықтық қажеттілігін түсінуі, екіншіден
тұрғындарға тиісті де сапалы қаржылық зызмет көрсетілуі, үшіншіден, олардың
дұрыс әдіс-тәсілдерді ойлап табуы себеп болады. мысалы, топтық несие
берудің әдістемесін жасау микроқаржыландыру тарихындағы үлкен жаңалық болып
есептеледі. Бұл табысты бағдарламалардың тарихы, әдістемесі және
ұйымдастыру құрылымдары қысқа мерзім ішінде зерттеліп, мейлі жаңа қаржылық
ұйымдар болсын, мейлі донор компаниялары болсын, олардың жұмыстарының
негіздерін қалады. Көп ұзамай, бүкіл әлемде неғұрлым жетілдірілген және
жаңа жұмыс әдістері жергілікті жағдайларға икемделген инновациялық
микроқаржылық ұйымдар пайда бола бастады.
Бүгінде микроқаржыландыру индустриясы бүкіл әлемге тартылып, тұрмысы
төмен 80 миллион, аз қамтылған азаматқа қызмет көрсететін 10-нан 15 мыңға
дейінгі ұйымды қамтиды. Кедейлерге көмек көрсету жөніндегі Консультативтік
топтың есебі бойынша, бұл саланың даму көлемі бұдан да жоғары:
альтернативтік қаржылық ұйымдарда 750 миллионға тарта шот (жинақ және
несие) ашылған. Бұл екінші деңгейдегі банктермен қатар, микронесие нарығын
жалпылай алғандағы көрсеткіш болғанымен, ауылшаруашылық банктер, даму
банктері мен пошталық банктер, СGAR анықтамасы бойынша, осындай
микроқаржылық емес ұйымдардың негізгі клиенттері өмір сүру деңгейі төмен
адамдар болып келеді. Дегенмен де, соңғы жиырма жыл ішінде халықтың
микроқаржыландырумен қамтылу елеулі түрде кеңейді, сол сияқты микроқаржылық
ұйымдарының клиенттерінің арасында өмір сүру деңгейі өте төмен азаматтар
саны өсуде. Ауылшаруашылық банктер, даму банктері және пошталық банктер,
СGAR бекітуі бойынша, осындай микроқаржылық емес ұйымдардың негізгі
клиенттері өмір сүру деңгейі төмен адамдар болып келеді. Дегенмен де, соңғы
жиырма жыл ішінде халықытң микроқаржыландырумен қамтуы елеулі түрде
кеңейеді, сол сияқты микроқаржылық ұйымдарының клиенттерінің арасында
тұрмыс деңгейі өте төмен азаматтар саны өсуде.
Микроқаржыландырудың келешектегі шапшаң даму үрдістері байқалады: оның
мүмкіндігі әлі толығымен пайдаланылған жоқ. Ол негізінен, осындай
қызметтерді ұсынудың шектеулілігіне байланысты. Кедейлердің басым бөлігі
қазірдің өзінде ресми емес қарыз берушілерге қымбат және сапасы төмен
қаржылық өнім үшін төлем төлеуде, микроқаржылық ұйымдардың тәжірбесі
көрсеткендей, клиенттер сапасы жоғары әртүрлі қызметтер үшін ақша төлеуге
дайын. Нарық мүмкіндігінің әлі де потенциалы жоғары: есептеулерге сәйкес 1-
2 млрд адам негізгі қаржылық қызметтерге қол жеткізуге мұқтаж болып отыр.
Сонымен қатар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын, сол сияқты
халықтың микроқаржылық қызметтерді қамтуына әсерін тигізбейтін, жетістігі
жоғары әдістемелер жасалынды. Тұрақтылықтың маңыздылығын ескермеуге де
болмайды. СGAR соңғы стратегиялық құжатында айтылғандай. Тұрақтылық
микронесиелеудің салыстырмалы кішігірім донорлық қаржыландыруды тиімді
қолданыла алатындығын білдіреді. Яғни ол жеке капиталдың ауқымды көлемін
тарту, соның арқасында кедейлердің көп бөлігін қамту масштабтарын ұлғайту
арқылы жүргізіледі.
Уақыт ағымдарына байланысты микроқаржыландыру ұғымы және масштабы
өзгерді. Қазіргі кезде бұл термин табысы төмен клиенттерге бағытталған
қаржылық қызметтерге (несиеелу, жинақтау, сақтандыру, ақша аударымдары
қызметтерін қосқанда) қолданылады. Микронесиелеу көп қызметтердің бірі ғана
болып қалады. Жинақтау мен сақтандыру қызметтерінің ролі ерекше маңызды
болды, өйткені бәріне дерлік несие керек емес, көп адамдар үшін ақшаны
жинақтау мен өзін тәуекелден сақтау анағұрлым қажет.
Барлық мүмкіншіліктерге микроқаржыландыру барлық проблемалардың
шешімдері бола алмайды. Микроқаржыландыру ұйымдары экономикалық
мүмкіншіліктерді материалдық негізге аудара алады, бірақ кәсіпкерлікті
дамытуда қолайлы жағдай болмаса бизнесті жүргізе алмайды. Халықтың ең аз
қамтылған топтарына несиені қолдануға және өз бизнестерін құруға басқа да
көмек қажет. Микроқаржыландыру әлеуметтік және экономикалық дамудың бірден
бір тиімді тәсілі болып қалады.
Микроқаржыландыру ваккумда өмір сүрмейді. Қаржылық қызметтерін алу
мүмкіншілігін жақсартатын құрал болып табылады, бірақ та айта кету қажет,
барлығына несие қажет емес. Бірінші тәжірибеден алған сабақтар
микроқаржыландыру ұйымдарының, оның саясатының негізін қалады. Бүгінде
микроқаржыландыру ұйымдарына әртүрлі өзекті мәселелер бойынша қол жеткен
жетістіктермен танысуға мүмкіншілігі бар. Бірақ бәрі бір тәжірибелік
құралдар толығымен қабылданбайды және қолданылмайды. Жоғары тиімділікке қол
жеткізу үшін микроқаржыландыруға интеграцияланған, мақсатты бағыттағы
стратегия мен тек қана қарызгерлер мен қарыз берушілердің ғана емес, барлық
қатысушылардың қызығушылықтары қажет.
Микроқаржыландыру ваккумда өмір сүрмейді. Қаржылық қызметтерін алу
мүмкіншілігін жақсартатын құрал болып табылады, бірақ та айта кету қажет,
барлығына несие қажет емес. Бірінші тәжірибеден алған сабақтар
микроқаржыландыру ұйымдарының, оның саясатының негізін қалады. Бүгінде
микроқаржыландыру ұйымдарына әртүрлі өзекті мәселелер бойынша қол жеткен
жетістіктермен танысуға мүмкіншілігі бар. Бірақ бәрі бір тәжірибелік
құралдар толығымен қабылданбайды және қолданылмайды. Жоғары тиімділікке қол
жеткізу үшін микроқаржыландыруға интеграцияланған, мақсатты бағыттағы
стратегия мен тек қана қарызгерлер мен қарыз берушілердің ғана емес, барлық
қатысушылардың қызығушылықтары қажет.
Атап айтқанда, үш деңгейдің арасныдағы үйлестіруді іске асырған жөн:
микродеңгейде бұл деңгейде мемлекет заңдылық шеңбердің шегін анықтайды,
орталық деңгей-бұл деңгей барлық инфрақұрылымды қамтиды, бұл
микроқаржыландыру ұйымдарының өз қызметтерін ұлғайтуға жағдай жасайтын
қызметтер, микродеңгей немесе қаржылық қызметтерді бөлумен айналысатын
деңгей 1.2. суреттерде көріп отырғанымыздай кедей халық осы модельдің
ортасында орналасқан. Табысы аз азаматтар бенефициар да, клиенттер де бола
алады, сондықтан олардың қажеттіліктерін анықтау барлық қатысушылардың
қызметінде басым бағыт болуы қажет.
Донорлардың бұл модельге қатысу себебі, микроқаржыландырудағы олардың
атқаратын ролін көрсету, бірақ олар бөлініп көрсетілді, өйткені олар тек
қолдаушыларға ғана жатады. Донорлар микроқаржыландыру ұйымдарының мақсатқа
жетуіне септігін тигізетін инвесторлар болуы қажет.

1.2. Шағын кредиттік ұйымдардың негізгі тиімділіктері

Кредиттік қызметтер нарығында микрокредиттік ұйымдардың пайда болуы
банктердің қызметтерімен салыстырғанда бірқатар басымдылықтарға ие, атап
айтқанда:
- жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді тіркеу үшін көзделген
қарапайым процедураларды сақтай отырып, еліміздің барлық дерлік
аймақтарында, соның ішінде ауылдық жерлерде микрокредиттік ұйымдарды
құру мүмкіндігі;
- бұл ұйымдар Ұлттық банк тарапынан лицензиялау мен қадағалауға
жатпайды, себебі олардың қызметі банктік қызметтің шегінен тысқары
жатыр;
- берілетін микрокредиттер бойынша кепілдікті қамтамасыз ету мәселесі
тараптардың өзара шешімі арқылы оңай анықталады. Банктер бойынша бұл
мәселе аясында қадағалау органы тарапынан көптеген талаптар бар
екендігі белгілі;
- микрокредиттер беруді рәсімдеу процедурасы жеңілдетілген, бұл жағдай
микрокредиттік ұйымдардың өзінің клиенттеріне жедел қызмет көрсетуін
және әкімшілік шығыстарын қысқартуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік
береді.
Сарапшылардың ойынша, шағын және орта бизнесі жақсы дамыған әлемнің
көптеген елдерінде осы дамуға микрокредиттік ұйымдардың белсенді қызмет
етуі сүйеніш болды деп есептейді.
Қазақстан Республикасында микрокредиттік ұйымдар құрылуының мақсатына
орай екі түрлі нысанда тіркелуі мүмкін. Айталық, микрокредиттік ұйым пайда
алу мақсатында құрылса- коммерциялық ұйым болғаны. Ал шағын кәсіпкерлік
субьектілерге көмек көрсету және олардың дамуын ынталандыру мақсатында
құрылатын микрокредиттік ұйым коммерциялық емес болып табылады.
Коммерциялық микрокредиттік ұйымдарға толық серіктестік, сенім
серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша
жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін шаруашылық
серіктестіктер жатады. Аталған серіктестіктер арасындағы негізгі
айырмашылықтар қатысушылар статусына және олардың серіктестіктің қарыздары
бойынша жауапкершіліктерінің сипатына байланысты. (қосымша 1)
Микрокредиттік ұйымдардың жарғылық капиталының минималды мөлшері
Заңмен анықталып, 1000 айлық есептік көрсеткішке тең (2008 жылға АЕК= 1168
теңге) болғандығына байланысты серіктестіктердің жарғылық капиталдарының
минималды мөлшеріндегі айырмашылықтар қарастырылмады. [2]
Микроқаржыландыру ұйымдары өз қызметтерінен тұтынушыларына арналған
максималды пайда тапқысы келеді және өз шығындарын, тәуекелдерін төмендету
мақсатын алға қояды. Тұтынушылардың сұраныстарына жауап беру үшін
микроқаржыландыру қызметі несиелеу мерзімдері, несе көлемі, пайыздық
ставка, тұтынушының қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етуі қажет. Барлық
размер бәріне келеді деген әдістеме болмағандықтан микроқаржыландыру
ұйымдары қаржылық қызметке сұранысты бағалау үшін формалдық емес сектордың
ерекшеліктерімен танысу қажет. Тұтынушының сұраныстарын толық
қанағаттандыру және төмен оперативтік шығындар микроқаржылық қызметтің
тиімділігін бағалаудағы ең жақсы критерий болып табылады.
Микроқаржылық қызметтің негізгі тұтынушылары, кәсіпкерлік потенциалы
бар (оның ішінде жұмыссыздар да бар), бірақ банк қызметін пайдалануға
мүмкіндігі жоқ тұлғалар. Көптеген кәсіпкерлер бизнесті құру үшін негізгі
кедергі қажетті қаржылық ресурстардың болмауы деп біледі. Микроқаржылық
қызмет тек қалаларға ғана көрсетілгенімен, саудагерлер мен ауыл шаруашылық
өндірушілер де одан аз пайда көруде. Біршама табысты микроқаржылық
ұйымдардың жұмыс тәжірибесі, әйелдердің ең жақсы потенциалды клиенттердің
бірі болып табылатындығын көрсетеді. Бұдан әрі осы тарауда сөз болатын
микроқаржыландырудың гендерлік аспектісі, өзекті мәселенің бірі.
Аз қамтылған, тұрмысы төмен халық топтарына жоғары сапалы қызмет
көрсету үшін микроқаржылық ұйымдар жұмыс барысында инстуционалды
мүмкіндіктер мен мамандар біліктігілін арттыруға баса назар аударуы тиіс.
Жоғарыда аталған шаралардан бөлек, нарықты жан-жақты бағалап, микроқаржылық
ұйымның негізгі міндеттерін нақты түрде анықтау қажет. Мұндай сараптауды
елдегі экономикалық және саяси жағдайға баға беруден, мемлекеттің
әлеуметтік саясатын талдаудан айтқанда, микроқаржыландыру туралы заң мен
саясаты, сонымен қатар елдің экономикалық даму деңгейін анықтаудан бастау
керек. Жаңа кәсіпорындарды ашу үшін, бірқатар негізгі талаптарды орындау
негізгі шарт болып табылады: экономикалық тұрақтылық деңгейі рыноктың болуы
экономикалық тұрақсыздықты бақылау деңгейі және микроқаржыландыру қызметі
үшін ең маңыздысы дамуға қажетті потенциал. Ең соңында, талдау барысында
қаржылық қызмет көрсететін ұйымдарды және оның клиенттерінің кедейшілік
деңгейі мен тереңдігі, халықтың шоғырлану деңгейі, білім деңгейі және
мәдени негіздері секілді сипатын анықтау керек. Клиенттердің мақсатын
анықтау кезінде, тағы да әйелдердің потенциалды роліне және қала мен
ауылдағы тұрмыстары төмен халықтың арасындағы айырмашылыққа назар аудару
қажет.

1.3. Шағын кредиттік ұйымдардың қатынастары

Микроқаржыландыру қызметінің негізгі түрі бола отырыпы,
микронесиелеу, жұмыс істеп тұрғандармен қатар, жаңа кәсіпорындарды да
қаржыландыруға бағытталған. Микронесиелік қызмет, өз бизнесін дамыту үшін
дәстүрлі банктік несие алуға мүмкіндіктері жоқ, шағын кәсіпорындардың
иелерінің қарыз қаражаттарына қолжеткізуне бағытталған. Бұған қоса,
микронесие өз ісін ашқысы келетін, бірақ банк несиесін алуға мүмкіндігі
жоқ, экономикалық жағынан тығырыққа тірелген кәспкрелерге беріле алады.
Осылайша, микронесиелеу, тұрмысы төмен тұлғалардың бұдан кейін пайда табу
мақсатында бизнесін құруы немесе дамытуы үшін беріледі.
Микронесиелердің негізгі сипаттарында бірнаша айырмашылықтар бар.
Микронесиенің мөлшеріне қатысты жалпыға ортақ стандарттың жоқтығына
қарамастан, микроқаржылық ұйымдар тәжірибесі көрсеткеніндей, аз мөлшердегі
қаражаттың өзі аз қамтылған адамдарға үлкен көмек болады. несие көлемі
біршама дамыған елдерде 5-тен 500 АҚШ доллары, ал орташа табысты елдерде 10
мың АҚШ доллары, ал орташа табысты елдерде 10 мың АҚШ долларына дейін жетуі
мүмкін. Микробанк қызметі бюллетенінде келтірілген есептеу бойынша,
несиенің орташа көлемі 532 АҚШ долларын құрайды. Сөйте тұра апта сайын
немесе тіпті күн сайын өтеу мүмкіндіктері қарастырылады. Коммерциялық
банктер секілді, көптеген микроқаржылық ұйымдар жауапты несиеалушыларға
түрлі, біршама тиімді тәртіп ұсынады. Мысалы, өтеу мерзімдерін ұзартады
немесе несиеге қомақты қаржы береді. Микронесиелеу шығындарын жабу үшін,
осылайша микронесие қызметінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету,
пайыздық үстеме, әдетте коммерциялық несиелер бойынша жоғары пайыздық
үстеме, бірақ солай бола тұра, өсім алушыларға төменгі талап қойылады.
Соңғы 20 жылда микронесиелеудің тұрақталған әдістемесінің тез дамуы
байқалуда. Бұл микронесиелеу ұйымдарына инновациялық және мейлінше
жетілдірілген жаңа қызмет түрлерін ойлап табуға практикалық құралдар
ұсынуда. Мұндай әдістемелердің ішінде біршама белгілі және тиімдісі топтық
несиелеу. Бұл несие беру нысанында 3-10 адам ынтымақтастық топқа бірігеді.
Топтың әрбір мүшесі өзінің несиелік міндетін орындайды, сонымен қатар
топтың өзге мүшелері үшін, заңдық кепілдіктен, болашақта несие алу
мүмкіндіктерін жоғалтуға дейін түрленіп отыратын қандай да бір
жауапкершілікті бөліседі. Қарызгер топқа деген сенім, топтық несиелеудің
шешуші факторы болып табылады және әдеттегі банкті кепілдікпен қамтамасыз
ету процесінің орнын алмастырады, сондай-ақ топ мүшелерінің одан да ірі,
жеке несие алуға өтініштерін қабылдамас үшін микроқаржылық ұйымдарға ол
адамдардың қаншалықты сенімді екендіктерін тексеруге мүмкіндік туындайды.
Төмендегі талаптар орындалған жағдайда, тұрмысы төмен тұрғындарға
несиелік қызмет көрсету біршама тиімді әрі жеңіл болады.
• Несиелік қаражатты пайдалану неғұрлым икемді болуы тиіс. Тұрмыс
жағдайы төмен азаматтар несиелік қаражатты түрлі қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін, мысалы, жеке ісін ашу үшін, балаларының оқу
ақысын төлеу, жалдау ақысын өтеу үшін алады. Нәтижесінде, қаражатты
жұмсау икемділігі, осындай тұтынушылар үшін қойылатын ең маңызды
талап болады. Ақшаның мақсатты түрде жұмсалуына минималды бақылау
қажет, сонымен қатар несие алушы мен оның несиені өтеу
мүмкіндіктерін жақсы білуі де қажет. Бұл кезеңде адам коммерциялық
жобадан да маңызды болады. несиенің белгілі бір талаптарымен
шектеулі, несие беруші және алушы тарапынан да қосымша шығынды
қажет етеді. Ал қажетсіз талаптар көрсетілетін қызметті шектейтін
кедергі ретінде қарастырылады.
• Несиенің операциялық шығындары мүмкіндігінше төмен болуы қажет.
Кедей тұрғындарға экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану
үшін, қарапайым процедуралар мен ақшалай қаражатқа тез арада қол
жеткізу маңыздырақ. Қажетсіз шектеулер, әкімшілік талаптар және
несиені рәсімдеу процедурасының ұзақтығы операциялық шығындарды
ұлғайтады. Операциялық шығын мәселесі тұрмысы төмен адамдардың
қажеттіліктерін түсінуде және олардың микронесиелеуден көретін
пайдасын қамтамасыз етуде аса маңызды болып табылады. Сондықтан да,
микроқаржылық ұйымдар үшінде, тұтынушылар үшін де ауыртпалық
әкелетін операциялық шығындарды барынша төмендету қажет. Несие беру
қызметінің негізгі сипаты несиеге тез қол жеткізу мен қиындықсыз
әкімшілік талаптың болуы.
• Топтық кепілді сияқты кепілмен қамтамасыз ету, несиені өтеуді
қамтамасыз етудің балама талабы ретінде қабылдануы тиіс. Тұрмысы
төмен халықта, әдетте банк саласынад кепілдікпен қамтамасыз етудің
стандарттық тәжірибесі аясында талап етілетін меншік болмайды.
Микроқаржылық ұйымдар, кепіл алу үшін қолданылатын балама әдістерге
жүгінуі тиіс. Жоғарыда келтірілген топтық несие беру мысалы,
несиенің өтелмей қалуын болдырмайтын және өз уақытындағы төлемді
қамтамасыз ету үшін қолданылуы мүмкін, кепілмен қамтамасыз етудің
түрлі балама жолдарының бірі болып табылады:
- қауымдастықтағы қарым-қатынас;
- әлеуметтік санкциялар;
- топтық немесе бірлескен жауапкершілік;
- репутация;
- рәсімделген немесе жеке меншік;
- микроқаржыландыру қызметін алудағы мүмкіншілік қызығушылық;
• Несие тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкес келуі тиіс. Микроқаржылық
ұйымдар, экономикалық орта мен жергілікті сұранысқа сәйкес келетін
орта қызмет етуі тиіс.
• Несие тек тұрақты және өмір сүру мүмкіндігі бар ұйымдарға берілуі
тиіс. Тек тұрақты және жұмыс істеу мүмкіндігі бар ұйымдар ғана
микроқаржылық қызмет көрсету келешегіне кепіл бола алады.
Тұрақтылыққа жету мақсатында микроқаржылық ұйымдар, тек донор
компаниялардың ғана көмегіне тәуелді болмауы тиіс, олар өз
тұтынушыларына нарықтық бағаларды қолдануы тиіс. Бұл микроқаржылық
ұйымдарға бәсекелестік жағдайында қызмет көрсетуге мүмкіндік
береді.
Табысты микронесиелер мына нәрселердің көмегімен қарызгерлердің
экономикалық қауіпсіздіктерін жақсартуға мүмкіндік береді:
• қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік перспективада несие алушының
қарызгердің өтімділігін көтеру;
• несие алушының қарызгердің экономикалық қуатын көтеру;

ІІ бөлім Экономикадағы шағын кредиттік ұйымдардың қызметін талдау
2.1. Шағын кредиттік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие жүйесіндегі проблемалар, жаһандық дағдарыс жағдайында Қазақстан Республикасының несие жүйесінің даму бағыттары
Сақтандыру нарығын дамыту
Қазақстан Республикасының Банктік емес ұйымдары және олардың несие беру қызметі
Халықаралық қаржылық жүйенің қалыптасуы
Қазақстанда мемлекеттік кредиттеудің қалыптасуының теориялық негіздері
Кредиттік операциялардың жалпы түсінігі
Халықаралық қаржылық-несиелік қаржы институттарының даму жағдайы
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ. ҚАРЖЫ СЕКТОРЫН ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi туралы
Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі: жағдайы, проблемалары мен даму перспективалары
Пәндер