Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе.
І. Бөлім. Қазақстан Республикасының Банк жүйесі.
1.1. Қазақстан Республикасының Банк жүйесінің қалыптасуы.
1.2. Ұлттық Банк- Қазақстанның Орталық Банкі.
1.3. Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылуы.

ІІ. Бөлім. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі.
2.1. Аймақтық экономиканың дамуындағы және бөлек әлеуметтік
мәселелерді шешудегі Ұлттық банк филиалының маңызы.
2.2. Банк жүйесіндегі Шетел банктердің рөлі: Шетел елдердің
тәжірибесі.
2.3. Бүгінгі таңдағы Банктік қызметті реттеуге арналған заңдардың
дамуының кейбір мәселелері.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Қосымша материалдар.

Кіріспе
Аталмыш курстық жұмыста банк жүйесі туралы мағлұматтар қарастырылады.
Онда Банк жүйесінің қалыптасу тарихы мен дамуы теориялық мәселелері,
бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдардың дамуының
кейбір мәселелері, Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық Банк
қызметтің басқа қызметтері дамуының болашағы, экономикалық өз жағдайындағы
әрекеттері, нарықтық экономикадағы банктердің рөлі, Банк жүйесінің екінші
деңгейінің құрылуы мен операциялардың жаңа жағдайда өзгеруі және тағы да
басқалар қамтылады.
Курстық жұмыстағы бұл мәселелердің барлығы бүгінгі таңдағы ел
экономикасын әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде қалыптастыруда
бетбұрыс жасаған қоғам өмірі мен экономика саласында өтіп жатқан жаңа саяси
экономикалық қарым-қатынастар жағдайындағы өзгерістер тұрғысынан жан-жақты
қарастырылады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының меншіктің көп түрлі
формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің қалыптасуы, жоғары
дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік құрылымдардың әкімшіл-
әміршілдік басқару жүйесінен пайда табуға, коммерцияның жетістіктерге қол
жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық меншікке негізделген бірқатар
маңызды өзгерістерді жүзеге асыруда.
Қазақстанның Банк жүйесі банк қызметінің негізгі халықаралық
стандарттарына жауап береді, елде дамыған инфрақұрылымды қаржы нарықтары
қызмет етеді. Бұл жағдайда отандық және шетелдік банктік тәжірибені
салыстырудың өзіндік мәні зор. Қазақстан Республикада экономикалық
реформаларды іске асыру үшін нарықтық экономикасы дамыған елдерде банк
ісінің даму тәжірибелерін қолдану қажет. Экономикалық жағдайлардың өзара
салыстыруға келмейтіндігі себебі банктік технологиялар және олардың
әдістерін көз жұма отырып, қаз қалпында көшіріп алу мүмкін емес. Сондықтан
аталған курстық жұмыстағы барлық материалдардың студенттерге экономикалық
категориялардың нақты өмірімізбен шаруашылық тәжірибемізге қолдануға
қаншалықты сәйкес келетінін өз бетінше теориялық тұрғыдан ой елегінен
өткізіп барып талдап, түсіндіруге мүмкіншілік тудырады.
КСРО құлағаннан кейін біздің мемлекеттердің алдында көп қиыншылықтар
болды. Жаңа банк жүйесін құру және сол сияқты мәселелер туды. Біздің
мемлекетіміз жаңа болғандықтан, серпімді дамуында болғандықтан біздің
экономикалық жүйені құру үшін алдында өте көп қиыншылықтар болды. Басқа
дамыған елдерге қарағанда біздің банк жүйесі төмен жағдайда болды. Қазіргі
уақытта осы мәселе өте актуалды деп санаймын. Біз қиыншылықтардан өтсек те,
мемлекетіміз алдында тағы да көптеген қиыншылықтардан өту керек. Сонымен
Қазақстан Республикасының банк жүйесі осы күнге дейін баяу дамыған, өйткені
біздің мемлекетіміз дамушы елдердің қатарына кіреді.
Банк секторының ішіндегі барлық қатынастар жүйесі Орталық банк
тарапынан басқару және клиенттерімен арасындағы қатынас орнату
қағидаларының сипаты жайлы сөз қозғалады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты студенттерге бүгінгі таңдағы ел
экономикасын әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде қалыптастыруда
бетбұрыс жасаған жаңа саяси экономиканың қарым-қатынастар жағдайындағы
өзгерістер туралы жан жақты білім беру, Қазақстан республикасындағы банк
жүйесіндегі және әлемдік банктерді жаңа өзгерістерімен таныстыру.

І Бөлім. 1.1. Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы.
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың
маңызды құрамдық бөлігі болып табылады.
Ол несие және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды
қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет,
әдеттегінше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесінде бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез
келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі
тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым,
банктердің бірлестігі және тағы да басқа.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық
тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе- елдің несие жүйесіне
кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де
банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз
байланыстырып қарау қажет.
Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік салықтық
және басқа да жүйелерімен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді
басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешіліктер мен белгілеріне ие. басқа
жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай:
1. Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы
шебін Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара
әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен олардың өзара
әрекетімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие. Онда елдің
Орталық банкі белгіленген қосымша міндеттерді, ережені
орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті.
Оны біртұтас ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер
ретінде көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген бөліктерінің қажет болған
жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын білдіреді.
Мысалы, Жинақ ақша банкісінің депозиттік операцияларын коммерциялық банктер
орындай алады, ал ауылдық жерлерде бұл істі пошталық жинақ ақша жүйесіне
сеніп тапсыруға болады. Қандай да бір банк банкротқа ұшыраса да, банк
жүйесі сақталып қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму,
қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтерден, жаңа
байланыстармен толығуы мүмкін. Жаңа несие түрлері мен қаржы
институттары пайда болады.
5. Банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе ретінде де алға шығарады.
Олардың тек өздеріне ғана тән, осы жүйеге ғана арналған өз
тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары болады.
Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды, өйткені ол
сыртқы ортамен, басқа жүйелерімен өзара әрекеттеседі.
6. Банк жүйесі өзін-өзі реттейтін, өзін-өзі ұйымдастыратын
жүйенің сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету
саясатын экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай
өзгертіп отырады. Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше
саясат ұстанады, экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа
саясатты жүргізеді.
7. Банк жүйесі- басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдармен әрекет
етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті
органдарға бағынады.
Осы аталған белгілердің барлығы Қазақстанның банк жүйесіне тән.
Қазақстан Республикасының Банктер мен банк қызметті туралы заңында
былайша жазылған:
1. Қазақстан Республикасы екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
2. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк
жүйесінің жоғары бірінші деңгейін білдіреді.
3. Қазақстан Республикасы Заң актілерімен анықталған айрықша
құқықтық мәртебесі бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық
басқа жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
4. Шетелдік қатысушылар банкісі- екінші деңгейлі банк, меншігінде
және басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) Қазақстан
Республикасының бейрезиденттері; ә) заңды тұлғалар- Қазақстанның
резиденттері, Қазақстан Республикасының бейрезидентерінің
меншігінде және басқаруында 50% дан астам акциясына ие;
Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің
(сенімді тұлғалардың ) қаражытына.
5. Мемлекетаралық банк -халықаралық келісімшарттарының негізінде
құрылған әрі әрекет ететін банк.
Банк орталықтарылынған бөлу жүйесі бұрынғы КСРОда және социалистік
жүйедегі елдерде жұмыс істеді. КСРОда ол КСРО Мемлекеттік банкпен бір
деңгейде болды, ал банктік емес мекемелер болған емес. Ол елдің бірден-бір
эмиссиялық және несие институты болды. Онда барлық несие ресурстары
орталықтандырылып, бөлінеді.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық
қатынастарының және тағы да басқа даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі
қандай шамада реттелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты
бөліп көрсетіледі:
• Мамандарылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес
мекемелер операцияларының арасына қатаң шекара қойылады,
соңғысы үшін заңға тыйымдар мен шектеулер енгізеді;
• Барлық несие институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Елдің әлеуметтік- экономикалық өркендеуін жеделдету және ақша –несие
қатынастарының маңызын арттыру мақсатында Кеңес Одағы Компартиясы Орталық
Комитетінің Пленумы 1988 жылы 1 қаңтарынан бастап банк жүйесін қайта құру
туралы Қаулы қабылдады. Оған дейін бұрынғы КСРО-да және Шығыс Еуропа
социалистік елдерінде банк жүйесінің құрылымы негізінен бірдей болды. Олар:
елдің эммисиялық, несие беру, есеп айырысу және кассалық орталығы-
Мемлекеттік банк, күрделі құрылысқа қызмет ететін мемлекеттік банк және
сыртқы сауда-саттыққа қызмет көрсететін Мемлекеттік банк.
Сан жағынан шамалы несие мекемелерінде банк ісін шоғырландыру және
несие беруді, есеп жүргізуді, мемлекеттік валюталық монополияны жоспарлы
ұйымдастыру негізінде банктерді басқаруды орталықтандыру сияқты ерекше
нышандар сол кездегі барлық социалистік елдердің банк жүйесіне тән еді.
Дамыған мемлекеттердің банк жүйесінің әр буыны атқаратын көптеген банктік
қызметтерді бұл елдерде тек Мемлекеттік банк атқарады. Шын мәнінде
Мемлекеттік банк жан-жақты қызмет көрсететін әмбебап несие институты
ретінде болды.
Шаруашылық механизімінің жалпы бағыты- банктердің құрылымы мен ондағы
қызметкерлер санын анықтайтын басты фактор. Бір банктік жүйе- басқаруды
қатал орталықтандыру мен шоғырландырудан шыққан нәтиже. Ал монополизімді
бұзу концепциясы, экономиканы басқаруды жергілікті жерлерге беру бірнеше
дербес банктердің құрылуына себеп болады. Бастапқыда осы жолды бұрынғы
социалистік елдер- Венгрия, Қытай, Югославия- таңдап алды. Әлемдік
тәжірибеде орталық банкпен қатар көптеген жеке және мемлекеттік емес несие
институттарының ( коммерциялық, кооперативтік, арнаулы және басқа) қызмет
істеу үлгісі кең тараған.
Сөйтіп 1988 жылы қаңтарынан бастап КСРО-да банк жүйесін түбегейлі
өзгеретін реформа жүргізіле бастады. Оның алғашқы кезеңінде елдегі
Мемлекеттік банк пен Құрылыс банкінің негізінде мемлекеттік банкпен қатар 5
салалық мемлекеттік маманданған банктер құрыла бастады. Олар:
• КСРО Мемлекеттік банкі, оның міндеті- банктердің банкісі ретінде
елдің ақша айналымын ұйымдастыру. Ол бұрынғыдай мекемелер мен
ұйымдардың кассалық және несие-есеп қатынастарын жүргізбейді, оның
клиенті- мамандалған мемлекеттік банктер;
• КСРО Өнеркәсіп- құрылыс банкі, Оның міндеті- өндіріс, құрылыс,
транспорт, байланыс салаларындағы негізгі жұмыстарды несиелеу,
күрделі шығындарды қаржыландыру мен несиелеу және олардың есеп
айырысу жұмыстарын жүргізу;
• КСРО Аграрлы-өнеркәсіп банкі, Оның міндеті-аграрлы-өнеркәсіп
кешендерінің мекемелері мен ұйымдарына қызмет көрсету;
• КСРО Тұрғын үй және әлеуметтік банкі-ол тұрғын үй шаруашылығы мен
әлеуметтік салалар мекемелеріне қызмет көрсету үшін құрылды;
• КСРО Жинақ банкі- ол бұрынғы жинақ кассаларын біріктіру арқылы
құрылған, оның негізгі міндетті- халыққа қызмет көрсету;
• КСРО Сыртқы экономикалық банкі- ол бұрынғы Сыртқы сауда банкінің
негізінде қайта құрылған банк. Оның міндеті- экспорт-импорт
операцияларын ұйымдастыру және ол бойынша есеп жүргізу, сыртқы
экономикалық байланыстағы шаруашылық орындарын несиелеу, жинақ-
валюталық жоспардың орындалуын бақылау, елдің валюта ресурстарын
тиімді пайдалану, халықаралық валюта және несие нарығында операция
жүргізу жұмыстарын қамтамасыз ету.
Бұл маманданған салалық банктердің құрылымы әкімшілік-территориялық
принциппен ұйымдастырылған. Олардың әрқайсысының (КСРО Сыртқы экономикалық
банкісінен басқа) республикалық банкі (Алматыда, 5 банк) және облыс
орталықтарында сол банктердің облыстық басқармасы( Қазақстанның 19
облысында әр банктің өз басқармалары) құрылды. Аудан орталықтарында және
қалаларда олардың банктердің бөлімшелері құрылып, мамандаған банк өз
клиенттерімен қатар сол аудандағы немесе қаладағы басқа салалық банктердің
клиенттеріне де қызмет көрсетті. Сонда банктердің мамандануы тек облыстық
басқарма деңгейінде жүріп, несие-банк жүйесінің төменгі сатысын өзгерткен
жоқ. Бұл әрине банк реформасындағы негізгі минус еді.
Жаңадан құрылған банк жүйесі бұрынғыдан да көлемді, әрі ыңғайсыз, көп
сатылы, көп шығынды, үлкен бюрократ аппараты бар жүйе болды. Осы
айтылғандар төменгі, яғни аудандық, қалалық банк мекемелерінің несие және
есеп жұмыстарының бұрынғыдан бірнеше есе көбеюіне әкеп соқтырды. Банк
жүйесінің төменгі буынындағы бөлімшелері жоғары деңгейдегі әрбір
маманданған салалық банктерге өздері қызмет көрсететін клиенттері бойынша
несие ресурстарын жоспарлап және оның пайдалануы туралы есеп беріп отырды.
Оны мына бір мысал дәлелдейді, 1987 жылы Мемлекеттік банк бойынша негізгі
экономикалық жоспар 82 баптан құрылса, ал 1988 жылы, яғни реформадан
кейінгі бір жылда Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғын үй және әлеуметтік банкі,
Мемлекеттік банк бойынша дәл көрсеткіш 112 баптан құрылды. Ал осы
көрсеткіштердің бәрін банк бөлімшелері қызметкерлері орындап, ол жөнінде үш
салалық банктердің жоғары сатыларына есеп беріп отырды.
Банк жүйесін қайта құрудан кейін маманданған банктер арасында әр
түрлі қайшылықтар туындады. Сонымен қатар жаңа банк жүйесі клиенттер мен
банктер арасындағы қарым- қатынастарға да кері әсерін тигізді. Мысалы,
реформаға дейін банк бөлімшесінде клиенттерінің бәріне бірдей қызмет
көрсетілсе, ал реформадан кейін қызмет көрсететін банктің мамандануына
қарай клиент біздікі немесе басқанікі болып бөлінді. Әрине бұндай
қолайсыз жағдайлар несие-есеп механизімінің қоғамдық өндірістің тиімділігін
төмендетуіне себеп болды. Бірдеңгейлік жүйеде банктердің көп болуы, олардың
қызметтерінің араласуы банк жүйесін қайта ұйымдастырудың себептерін одан
әрі шиеліністірді.
Банктік өзгерістердің ең елеулі кемшіліктері- банк ісінің мазмұнын,
әдістері мен тәсілдерін түбегейлі өзгертпей-ақ негізінен банк
шығармашылығымен айналысу болды деп мәлімдеді кейбір сарапшылар. Сондай-
ақ олардың ойынша банктер өз қызметін нашарлатып алды, банк жүйесін қайта
құру жаңа экономикалық үлгі құруға ешқандай әсер етпеді.
Банк реформасының бірінші кезеңіндегі сәтсіздіктің ең негізгі себебі-
оның жоғарыдан берілген нұсқау әдісімен жүргізілуі және оған айтарлықтай
дайындықтың болмауы, қажетті алғы шаралардың жүргізілмегендігі. Экономиканы
басқаруды негізінен қайта құру тек 1987 жылы басталған болатын. Елде банк
реформасының басталу кезінде жалпы экономикалық реформадағы банктің рөлін
түсіну қалыптаспаған еді. Экономикалық даму мәселелері мемлекет пен
эконмика субъектілерінің қаржылық жағдайын нашарлатты. Мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы, несиені бюджет қажетіне қолдану, тауар айналымы мен
халыққа көрсетілетін
Қаржымен несиелейтін төрт Одақтық маманданған банктер- Өнеркәсіп
банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Орталық коммуналдық банк, Сауда банк-кірді.
Сонымен бірге орталық банк жүйесіне шетел банктерімен кең корреспонденттік
қатынастарды ұйымдастыратын Сыртқы сауда банкі және халықтың бос қаржысын
тарту, төлемдерін жүргізу мен мемлекеттің зайымдарын орналастыру арқылы
халыққа қызмет көрсететін бірыңғай жалпы мемлекеттік несие мекемесі, яғни
жинақ кассалары қарады.
1959 жылы ұзақ мерзімді несие беретін банк жүйесі қайта қаралды. Ауыл
шаруашылық банкі мен Орталық коммуналдық банк таратылып, олардың қызметтері
Мембанкке берілді. Өнекәсіп банкі мен Сауда банкісінің негізінде күрделі
қаржы беретін Одақтық банк- Құрылыс банкі құрылды. Ол халық шаруашылығының
әр түрлі салаларының ұйымдары мен кәсіпорындарын қаржыландырумен және ұзақ
мерзімді несиелеумен шұғылданды. Осы өзгерістерден кейін 1960 жылдан 1988
жылға дейін КСРО банк жүйесінің құрамы келесідей болды: Мемлекеттік банк,
Мемлекеттік Құрылыс банкі, Сыртқы сауда банкі және Мембанк құрамына кіретін
жинақ кассалары жүйесі.
[ 1, б 251.]

1.2. Ұлттық Банк- Қазақстанның Орталық банкі.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген
үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы,
сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие
банктердің банкі, соңғы сатыдағы несие берушірөлін атқарады, ақша-
несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу
емес, ақша несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару
болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең
өкілеттк беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандырусаясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын
жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның
динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің
өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады,
яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне
байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын
және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы
реттейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі
және республикадағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық
кеңесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай
клинттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке
өзгертілді және банктердің банкі болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке
шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің
мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде
жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіге
және оның мекемелерінде шоғырланады.
Ұлттық банк-ақша резервтерінен , алтын валюта резервтерінен , басқа да
материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің
құралу көздеріне –банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен
табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
• Оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен
болатын унитарлық банк;
• Акцияларының бөлігі мемлекетте тиесілі акционерлік қоғам;
• Бірлестік типтес ұйым
• Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
Негізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет-жарғылық
қордың жалғыз иесі. Негізгі қор-ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және
басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты-банкіге тиесілі ақша
қаражаттардан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар тұрады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға:
активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың
құндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған
бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері
барлық салықтар мен төлемдерден босатылыады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті- Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай
қосымша міндеттер жүктеледі:
• Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатты жасау және жүзеге асыру;
• Ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
көмектесу;
• Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді
жасау және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді
жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие
берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
• Елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
• өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
• халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік
инструкциялық нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізу және
банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
• банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерін формаларын
талдау;
• банк ісін бақылау және қадағалау;
• елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
• ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
• валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау,
біркелкі валюталық саясатын жүргізу және тағы да басқа.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
• меншіктің қаражаттары;
• басқа банктерден тартылған және келісімшарт негізінде Ұлттық
банкіге орналастырылған ақшалай қаражаттар;
• мемлекеттік арнайы қорлардан және бюджеттің уақытша бос
қаражаттарынан.
Ұлттық банкінің басқару құрлымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да
мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде
анықталады.
Ұлттық банкі өзінің қызметтерін орындауы үшін басқарма, директорат,
бас аумақтық және облыстық басқармалармен қатар, басқа да жергілікті
құрылымдық бөлімшелері бар.
Ұлттық банкінің ең жоғары басқару органы Ұлттық банк төрағасымен
басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның
құрамына-Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, Парламент пен
Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министірлер Кабинетінің екі өкілі
кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай
сұрақтарды шешеді:
• мемлекеттік ақша-несиелік саясатын жасайды;
• Ұлттық банк шығарған, банктер ісіне қатысты номативтік актілерді
бекітеді;
• Парламент бекіткен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың
номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
• Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен
операциялар бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
• Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағамын анықтау тәртібін
белгілейді;
• Сыртқы резервтерге сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін
бекітеді;
• Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жиынтық балансты
қарастырады;
• Ұлттық банк туралы ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және
Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды;
• Банктер және олардың филиалдарды үшін экономикалық нормативтерін
бекітеді.
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзегі асырады.
Басқарма мәжілісті қажет кездерде немесе айына бір рет өткізіледі.
Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының немесе басқарманың үш
мүшесінің талабымен өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Республика Президентінің ұсынуымен алты
жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік
органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен
қатынастарда жұмыс істейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін
басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол
басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер
бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін
орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы-Директорлар кеңесі, ол Ұлттық
банк төрағасымен басқарылады.
Директорат құрамына- төраға, оның орыбасарлары және департамент
директорлары кіреді.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық
басқармалары, Алматы бас филиалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың
құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді. [ 2, б 319.]

1.3. Банк жүйесін екінші деңгейінің құрылуы.
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы
желтоқсанда ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылданған Банктер және банк қызметі
туралы заңынын бастау алады. Заңға сәйкес Республикада екі деңгейлі банк
жүйесі құрылды. Жоғары (бірінші) деңгейдегі банк –ҚазКСР-ның Мемлекеттік
банкі және төменгі екінші деңгейдегі банк-коммерциялық банктер жүйесі.
Банк-өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын
тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.
Қазақстан Кеңес Социалистік Республиканың териториясында жинақталған несие
ресурстары осы заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады.
Мемлекеттік банк Республикалық меншігі және оның Орталық Банкі болып
саналады. Қазақстан териториясында біртектес ақшаны пайдалану және
біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері одақтық шартта көрсетілген. Оны
айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эммисиялауға ақша-несие
қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге,
республика териториясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы
бар.
Мемлекеттік банк осы заң бойынша қызмет атқарып, Қаз КСР-ның жоғар
кеңесін есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар.
Мемлекеттік банктерінің басқару органы-оның басқармасы. Басқарманың
төрағасын Республиканың Жоғары Кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің
құрлымы мен міндеттері оның жарғысында белгіленді.
Кәсіпорындардың, ұйымның, кооперативтер мен азаматтың несие-есеп
жұмыстарын жүргізу үшін Республика территориясында коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелері ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында
осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкінің нұсқаулары мен ережелерін
басшылыққа алады. Клиенттермен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық
банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік , ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық Банктің кәсіпорындар мониторингі жүйесінің ұйымдық құрылымын құру
Акционерлік капитал және оны басқарудың құқықтық негізі
Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері
Екінші деңгейдегі банктердің депозиттік саясаты және олардың несиелік қызметінде алатын рөлі
Банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі
Банктің ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланудың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық сипаттамасы
Қазақстан Республикасының депозиттер нарығы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің құқықтық жағдайы
Коммерциялық банктің меншікті капиталын басқару
Электрондық есеп айырысу мәні мен механизмі
Пәндер