Қазақстан Республикасының банктерінің операциялары
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 3-4
Негізгі бөлім
I. Банктердің экономикадағы маңызы, қызмет ету аясы және қызметінің
ұйымдастырылуы ... ... .5
1. Банктің мәні және қызмет ету аясы ... ... ... ... ... ... ..5-7
2. Банктердің түрлері мен негізгі қызметтері ... ... ... ..8-10
II. Банктік операциялар және оларды тексеру ... ...11
2.1. Қазақстан Республикасының банктерінің
операциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11-24
2.2. Аудит туралы түсінік, банк операциясының аудиті...25-30
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31-32
IV. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ...33-3 4
Кіріспе
Несие жүйесінің негізгі буыны ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы
жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер
мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі
шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша
бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады.
Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б.
көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді. Банк деген ұғым не, ол қалай
пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. Банктің мәнін ашпас бұрын,
алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары
жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп жаңсак әрі үстірт ойлап калуы
мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы
түсініктері де әр қилы. Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым,
үшінші біреулер оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы
біреулері оған делдалдық ұйым ретінде қарайды жэне т.б. Банктің мұндай
анықтамаларын оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден,
тіпті заң, ереже, нұсқау секілді рес-ми құжаттардан да кездестіруге болады.
Алайда, банктің мэнін терен, зерделеген И.О. Лаврушин банк мәнін
зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
- банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;
- оның мэнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі
ретінде карастыру;
- банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан
айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет етеді;
- банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді кажет етеді.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке катынасы бойынша
қызметін карастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы
бойынша бірқатар өз қызметін орын-дауы мүмкін, бірақ бұган қарап оны банк
деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет
түрлерінің бэрі бірдей кажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мэнін
талдағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бүл
мағынада оның мәні дерексіз үғымға айналып шыға келеді, ол нақты банк
қызметінің бүкіл сипаттамасып біртұтас ретінде қарастыруы мүмкіи. Оның
мәнін тұтас экономикаға бай-ланыстырып, макродеңгейде қарастырғанда ғана
мақсатқа лайыкты болады. Бұл жагдайда банк нақты қызмет жиынтығы болатым
мекемені емес, керісінше, белгілі бір қызметсы бар институтты білдіреді.
Банктің мәні банктердіц тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан бірыңгай болады
әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де, эмиссиялык
банкке де және т.б. барлық банктерге бірдей тэн болып табылады. Бұл аталған
банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да жэне т.б. бір-бірінен өзгеше
болады, бірак бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және
олардың барлыгына бірдей тән. Бүл ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің
әр түрлілігін көрсетеді.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс
саласындағы өнімдерден көп езгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана
тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді.
Қолма-кол ақшаны шығару - бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банк деген ұғымы италиян сөзі bank ─ орындық, айырбас орындығы ─
айырбас орны дегенді білдіреді.

ұйымдастырылуы
1. Банктің мәні және қызмет ету аясы
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс,
тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі-беріден соң несие қандай да
бір соманы білдіріп коймайды, ол ссудалык пайыз түрінде пайда әкелетін
капитал ретінде аныкталады. Банктің уакытша пайдаланылмайтын, шоғырланған
бос (еркін) ресурстары ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланылады.Банк
өперкәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік ерекшелігімен
айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қараганда кәсіпорынға ұқсайды, өйткені
оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алга щығады.
Несие ісі - банк негізі, бұл оның негізгі ісі болып табылады. Әрі беріден
соң, ол шаруашылык жүргізуші субъектілердің және жеке түлғалардың төлем
айпалымыи қолма-қол ақша формасыида және қолма-қол ақшасыз формада
реттейтін аса ірі несие институты болып табылады.
Банктің мәні оның кұрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік ерекшелігі
бар кәсіпорын (институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік беретін құрылғыны
оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк құрылғысы төрт
міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде болмайды әрі
дамымайды:
- банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталыман босаған өзіндік
ерекшелігі бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында артықшылыққа ие
капитал ретінде болады эрі ұдайы қозғапыста болады;
- өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорыпдар меи институттардың кызметіпен
айрықшаланатын банк қызметі;
- банк ісі мен баикті басқару саласыпда өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен
айналысатын адамдардың айрықша тобы;
- банк техиикасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникация құралын,
құрылғыларын, ішкі жэне сырткы ақпаратын, өндірістік материалдардың белгілі
бір түрлерін қамтитыи өндірістік блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігін,оның негіздеріне және банк құрылымына
жүргізілген талдаудыц негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы жеке қолма-
қол ақша формасындағы және қолма-қол акшасыз формадағы төлем айналымын
реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде
анықтауға болады.
Банк оның (банк) жүйесінің мегізгі элементі болып табылады. Бүл оның
мынадай болуы керектігін ұйғарады:
- оған біртұтастық органикалық белігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша
әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешелікке ие болуы керек;
- бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмыс істеуі
қажет;
- өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне (банктік
емес институттармен) өзара әрекеттесуге икемді болуы керек.
Банк теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы
мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік
тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің кызмет ету аясы - бұл
басқа экономикалык институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән
кызметі.
О.И. Лаврушин банктің 3 кызмет ету аясын былайша анықтап берді. Оның
біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын кызметі. Уақытша сақтауға
құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі банк операцияларының бірі
болып табылады. Мәселенің мәні мынада. Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты
жинау процесі тек банктерге ғана тән емес. Алайда уақытша бос ақшаны
шоғырландырудағы банктің бірқатар ерекшеліктері болады:
- шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз қажеттілігіне
емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;
- шоғырландырылатын жэне қайта бөліыетін қаражаттың меншік иесі -
бастапқы несие беруші (банк клиенті);
- қаражатты шоғырландыру тек арнайы ұлғайтумеы (лицензия) жүзеге
асырылады әрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.
Екінші қызмет - ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие беруші мен
қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал
болып табылады. Банк несие беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен
сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде
контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат
айналымы, капитал жүзеге асырыла-ды. Ақшалай қаражат айналымы экономиканы
жэне халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы реттеледі.
Үшінші кызмет - делдалдык қызмет. Бұл арада банктің дел-далдық қызметін тек
төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек.Оған тереңірек үңілуі қажет.
Банктер аркылы ақшалай қаражат пен капитал бір субъектіден екіншісіне,
экономиканың бір сала-сынан екіншісіне құйылады (ағылады). Банк шоты
бойынша жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз
етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, баска
салалар мен аймақтарға кайта бөледі. Қайта бөлінетін банк ресурстары жұмыс
істеу саласы бойынша да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша да бір-бірімен
сәйкес келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк
капиталдың мөлшерім, мерзімін және бағытын шаруашылықтың қажеттіліктеріне
қарай түрлендіру (өзгерту) мүмкіндігіне ие. Сонымен, делдалдық қызмет - бұл
тәуекелдікті (қатерді) азайтатын әрі ұдайы өндіріс субъектілерінің
арасындагы қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін кызмет.
Қазақстандағы банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың
жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық
реформалар мен ұзаққа созылатын мемлекеттік бағдарламалар ауқымында жүзеге
асырылуда. Сонымен қатар банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған
заңдардың тек осы саланы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қаржы,
валюта, ақша-несие, жалпы экономиканың кез-келген саласына қатысты
болатындығын естен шығармаған дұрыс.
2. Банктердің түрлері мен негізгі қызметтері
Банк бүгінгі күнде өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында
бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістер құруға, сондай-ақ
Қазақстанда өнеркәсіптік, энергетикалық, көліктік және телекоммуникациялық
инфрақұрылым объектілерін құруға және жаңғыртуға бағытталған жобаларды ұзақ
мерзімді қаржыландыру бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады. Банк,
инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға ұзақ мерзімді (5
жылдан артық мерзімге) кредиттеу қызметтерін көрсету, жобаларға агенттік
қызмет көрсету және банктік кепілдіктер берумен қатар клиенттерге:
-жобаларды тиімді құрылымдау есебінен тартылған капиталдың құнын төмендету;
-олардың қаржылану көздерін саралау;
-бірлесе қаржыландырып отырған тараптар арасында жоба бойынша тәуекелдерді
бөлу;
-жобаларды қаржыландыру үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік беретін бірқатар
қосымша қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ клиентке капиталдың сыртқы және
ішкі нарыққа шығатын кезінде инвестициялық банкинг қызметін көрсетеді.
Әлемдік жетекші даму банктерінің тәжірибесіне сүйене отырып, Банк,
жобалық облигациялар шығару, мезаниндік қаржыландыру және т.б. сияқты
қаржыландырудың инновациялық тетіктерін енгізу есебінен пайдаланылатын
қаржылық құралдар қатарын кеңейту мақсатында үздіксіз жұмыс істейді.
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға
болады:
• Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз
капиталына айналдыру;
• Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен
операция жүргізу;
• Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің
төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы
клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік
туғызады;
• Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша
бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік
чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
• Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға)
құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі
мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша
белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол
─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы
жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық,
инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер
клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап
үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша
қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге
қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге
несиелейді.
Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып,
ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа
бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы
желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған Банктер және банк
қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі
банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚазКСР-ның
Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық
банктер жүйесі.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор.
Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын
қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық
шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
• Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;
• Несие беру;
• Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
• Төлем құралдарын шығару,
• Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
• Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын
жүргізу);
• Клиенттерге кеңес беру.
II. Банктік операциялар және оларды тексеру
2.1. Қазақстан Республикасының банктерінің операциялары
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып
есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы Жарлығы. Қазақстан
Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып
қалыптасты. Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер
заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан
коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты пайда-
табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа заңды және жеке тұлғалардың
уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан өз қаражатына,
қайырымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де
клиенттердің тапсыруы мен есеп айрысу, тағы басқа да операцияларды
жүргізуге құқық берілген.
Сөйтіп, басқа елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір
жағынан шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос
қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші
жағынан жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субьектілер мен
жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға берді. Сонымен қатар,
банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілен қаржы үшін
тиісті өсім (процент) алады. Обьективтік процесс ретінде, банктердің мұндай
операцияларының эконмикалық негізі болып, қарызға беретін құнды
қалыптастыруға және пайда табуға әсер ететін ақшалай қаржылардың қозғалысы
болып табылады.
Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның
сыртында, өздерінің бөлімшелерінің еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл
банктердің қызметтері Қазақстан Республикасының конституциясымен, басқа да
заңдармен және олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің
құзіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық
актілермен реттелінеді.
Әдетте, банк операциясын жүргізгенде, ақшалай қаражаттың қозғалысы туады.
Мысалы, несие операциясының нәтижесінде, несиегердің несиеге алған сомасы
оның есеп шотына түседі. Бұл жағдайда несие алумен қатар есеп айрысу
операциясы да жүргізіледі-сатып алушы, несиенің жәрдемімен өзінің тауар
жөнелтушісі мен жөнелтілген тауар үшін (болмаса орындалған жұмыс пен
көрсетілген қызмет үшін) есеп айырысады. Ақшалай қаражат бір субьектілерден
екінші субьектіге ауысады. Кассада қолма-қол ақшамен операция жүргізгенде
нақты ақша, банкінің кассасынан шаруашылық жүргізуші субьектінің кассасына
ауысады және керісінше, шаруашылықтың кассасынан банктің кассасына түседі.
Ақша аудару операциясында да ақшалай қаражаттың қозғалысы туып, ол
аударушыдан аларманға ауысады т.б.
Мұндай ақшалай қаражаттың қозғалысы, мысалы сейфтік операцияларды
жүргізгенде, болмаса, банктің аппаратының күшімен банкноттарды, монеттерді
кассаға жинағанда, оларды тасымалдағанда, немесе айырбастағанда тумайды.
Бұндай жағдайларда ақшалай қаражаттың көлемі азаймайды да, көбеймейді де,
түпкілікті де немесе уақытша да оларға меншіктік өзгермейді. Осының
негізінде банктің операциялары, олардың қызметтерінен өзгеше деп түсіну
керек және оларды бөлек қарау (зерттеу) керек. Бірақ қазіргі жағдайда
банктердің өз жұмыстарын коммерциялық жолға көшіргенде, барлық операциялары
да қызметтері де төлемді болғандықтан бұл екі ұғымды бір бірінен ажырату
оңай емес. Дегенмен де, теориялық еңбектерде бұларды бөліп қарау керек.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік
қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен
операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды
аударуға байланысты қызметтерді көрсету.
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай құражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
1) Банктің пассивтік операциялары
Пассивтік операциялар негізіндебанктің ресурстары жинақталады.
Сондықтан да пассивтік операцияладың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі
жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан,
оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: пассивтік
операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға
арналған банктің өз ресурсын құру операциялары, - делінеді.
Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек, пассивтік шоттағы немесе активті-
пассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту
формасын білдіретің операциларды сипаттайды.
Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі
пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды. Пассивтік
операциялардың көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып
алады.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тарту
мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде
банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады.
Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған
ресурстар құралады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттарығ.
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай
келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі
мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға
қарағанда өзіндік ерекшкліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның
барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтіледі. Шын мәнісінде,
меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мқлшерде
шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап
тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті
құражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға,
жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің
қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен меншікті
қаражаты – бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып
табылады.
Банктің меншікті қаражаттары-банктің экономикалық дербестігін және
қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген
пайда жиынтығы.
Банктің меншікті қаражатына жататындар:
- банктің жарғылық капиталы;
- банктің резервтік капиталы;
- қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
- сақтандыру резервтері;
- бөлінбеген пайдасы.
Банктің жарғылық капиталы – банктің заңды тұлға третінде міндетті түрде
құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық
капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциалық
нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның
құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.
Бағалы қағаз шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын
банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны
ұстаушылар – акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда
құрыла алады:
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
- акционерлік банк;
- шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын
жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Резевтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық қормен теңескен жағдайда
жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құрылуының
негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда
резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша
дивидендтер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған
аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу
нәтижесінде құрылады.
Бөлінбеген пайда – акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және
резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде,
несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін
қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке
тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер
халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар
халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі
олардың басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе
үшін дәстүрлі емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тәсілдерінің
болуы, тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Әлемдік банктің тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
I топ – депозиттер;
II топ – депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігіндепозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің банктегі бір шотқа салған және өздері
пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің қарыз түрінде
немесе меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Депозиттік емес банктің ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер
айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтерінедеген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдар;
- бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр
түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімдіоігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялар -дың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Мерзімдік салым депозиті – белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз
төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл
ретінде оған тқленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп
айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы біркеңінен таралған салымның түрі – жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағындық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкінемес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz