Проблемалық оқыту туралы ұғым
МАЗМҰНЫ
I.
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Проблемалық оқыту туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.2. Дидактикадағы проблемалық оқытудың зерттелу деңгейі ... ... ... ... 11
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының құзіреттілігін қалыптастырудағы
проблемалық оқыту технологиясының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... .16
ІІІ.ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
№38 орта мектепте тәжірибе жинақтау барысында жүргізілген 3-сынып қазақ
тілі пәнінен Сөз таптарытақырыбындағы сабақ жоспарының үлгісі ... ..25
ІV.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..31
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Зерттеудің көкейтестілігі.
Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде ғылыми таным
әдіснамасы өте зор маңызға ие. Оқытудың мәңгілік сауалы: Нені оқыту
керек?, Қалай өткізу керек? күн өткен сайын күрделеніп келеді. Білім
ауқымы адам айтқысыз кеңейді, технология дамып, ақпаратты таңдай білу
мәселесі алдыңғы қатарға шықты.
Бұл оқыту үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен формаларына өзгеріс
енгізу қажеттілігін тудырды. Білім берудің мазмұнын модернизациялау
оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді
жалпы дамуына жағдай тудырды. Оқытудың жаңа технологиялары өмірге келді.
Соның бірі-проблемалық оқыту. Бастауыш сынып оқушыларын проблемалық оқыту
технологиясы арқылы оқытып болашақты жаңаша ойлайтын, дүниеге көзқарасы
терең, мәдениеті мен санасы дамыған ұрпақты қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының құзіреттілігін қалыптастырудағы проблемалық
оқыту технологиясының ерекшеліктерін нақтылау
Зерттеудің міндеті:
Бастауыш сынып оқушыларының құзіреттілігін қалыптастырудағы
проблемалық оқыту технологиясының ерекшеліктерін анықтау, білімді ғылыми
негізде меңгерту, ғылыми зерттеушілікке бағыттау; оқушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
жетілдіруге бағыттау.
Зерттеу нысаны:
Проблемалық оқыту технологиясының бастауыш сыныптарда оқыту қолдану
ерекшеліктері
Зерттеудің пәні:
Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі
І. КІРІСПЕ
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне енуге талпынысы, білім беру
парадигмасының өзгеріп, жаңа ұлттық модельдің қалыптасуы болашақтың жаңаша
ойлайтын, дүниеге көзқарас мәдениеті мен санасы дамыған ұрпақты
қалыптастыруды талап етіп отыр.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты –
еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға
дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген.
Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған
құзыреттілік, құзырет терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты
бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады.
Елімізде бастауыш білім берудің әдіснамалық, технологиялық,
дидактикалық және әдістемелік аспектілерін (Қ.Аймағамбетова,
С.Р.Рахметова, Ш.Х.Құрманалина, Т.Қ.Оспанов, Ж.Т.Қайыңбаев, Г.И.Уәйісова,
Ә.С.Әмірова, С.Н.Жиенбаева, Қ.Меңдаяқова және т.б.), бастауыш сынып
мұғалімдерін дайындаудың тарихы мен дамуын (Р.К.Бекмағамбетова,
Қ.Т.Ыбыраимжанов, Б.М.Қосанов, Ш.Майғаранова және т.б.), бастауыштағы білім
интеграциясы, бастауыш сынып оқушыларының оқу әрекеттері, дүниеге
көзқарасы, тәрбиесі тұрғысынан (Ә.М.Мұханбетжанова, Р.К.Төлеубекова,
А.Х.Аренова және т.б.) зерттеген еңбектер бастауышта оқытуды жетілдіруге,
мұғалімдерді даярлаудың сапасын арттыруға қосылған мол үлес болды.
Құзыреттілік теориясы Г.В.Вайлер, Ю.В.Койнов, Я.И.Лефстед, Н.В.Матяш,
В.В. Сериков, Дж.Равен, Р.Уайт, В.Чинапах және т.б. еңбектерінде
негізделген. Білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келуді жүзеге
асырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру туралы мәселелер М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер,
В.В.Давыдов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
3
Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді
дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық және
рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына
талаптың жоғарылауына, өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандардың
қажет етілуіне байланысты жоғары мектеп алдына білім сапасын арттыру және
әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар дайындау міндеттері қойыла
отырып, Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде кәсіби
міндеттерін дербес әрі шығармашалық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің
тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге
қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды
қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі
құрылатын болады делінген.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне
қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым:
құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі,
С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, қандай
да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік, ал екіншісі, қандай да бір
істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет
етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері.
Құзыреттілік термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус
иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі,
білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен
сәйкестілігі арқылы сипатталады.
Методикалық терминдер сөздігінде Құзыреттілік (латынның competentis-
бейім сөзінен)–қандай да бір оқу пәнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім,
білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу
қабілеттілігі, – делінген.
4
Орыс тілінің сөздігінде құзыреттілік термині әлдекімнің жақсы
хабардар болуы мәселесі төңірегінде берілген.
Латынның compete деген термині білу, жасай алу, дегеніне жету
деген мағыналарды береді. Бұл жалпы алғанда құзыреттіліктің мәнін
анықтайды. Кәсіби құзыреттілік категориясын айқындау үшін оларды әр түрге
айналдыру, нақтылау және жалпы логикалық ұғымға біріктіруді жүзеге асыру
керек.
Құзыреттілік терминін ХХ ғасырдың ортасында Н.Хомский енгізген
болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет
қабілеттіктер ұғымын берген.
Кейбір авторлардың еңбектерінде кәсіби құзыреттілік ұғымы кәсіби
қызметке даярлық (В.А.Сластенин, Н.Н.Лобанова, А.И.Панарин және т.б.) және
педагогикалық кәсібилік (А.И.Пискунов, В.В.Косарев және т.б.) ұғымымен
теңестіріледі.
Кәсіби құзыреттілікті зерттеуде Н.В.Кузьмина арнайы-педагогикалық,
ғылыми-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік, әдістемелік
құзыреттілік, дифференциалды-психологиялық және аутопсихологиялық
құзыреттілік сияқты түрлеріне, А.А.Реан, Е.С.Алешина-дифференциалдық-
психологиялық құзыреттілікке, М.В.Прохорова-басқарушылық құзыреттілікке,
Т.Б.Руденко дидактикалық-әдістемелік құзыреттілікке назар аударса,
Ю.В.Варданян, В.И.Журавлев, Т.В.Новикова, Н.Ф.Талызина-мұғалімнің кәсіби
құзыреттілігін кәсібиліктің бір баспалдағы, А.А.Вербицкий, А.К.Маркова -
мұғалімнің педагогикалық қызметін жүзеге асыру үшін қажетті білім, білік,
дағды және қабілеттіліктің, психологиялық сапалардың жүйесі,
Е.М.Павлютенков - білім және мұғалімнің тұлғалық қасиеттерінің негізінде
педагогикалық қызметті орындау формасы ретінде қарастырған.
Кәсіби құзыреттіліктің түрлі бағыттары ғалымдар еңбектерінде жан-жақты
5
қарастырылған. Педагогикалық бағыттылықты қалыптастыру негізі – А.А.Орлов,
И.Я.Фастовец, С.Т.Каргин; маңызды кәсіби сапаларды дамыту – Е.П.Белозерцов,
И.А.Колесникова, А.Е.Кондратенков, Н.В.Кузьмина, И.Я.Лернер, Н.Д.Левитов,
М.Н.Скаткин, В.А.Сластенин, Ш.Т.Таубаева; педагогтың кәсіби қызметінің
психологиялық негізі – Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев т.б.
еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған. Сонымен қатар жекелеген пәндер
бойынша біліктіліктерді қалыптастыруға қазақстандық ғалымдар
А.Е.Әбілқасымованың, Б.Баймұхановтың, М.Ә.Құдайқұловтың, Ж.А.Қараевтың,
А.Нұғысованың, Б.Д.Сыдықовтың, С.Е.Шәкілікованың және т.б. еңбектерінде
ерекше көңіл бөлінген.
В.А.Сластенин, И.Ф.Исаев, Л.И.Мищенко және т.б. педагогтік
мамандықтардың ерекшелігіне орай педагогтің кәсіби құзыреттілігі ұғымын
оның педагогикалық қызметті жүзеге асыруға теориялық және практикалық
жағынан дайындығы мен кәсіби шеберлігінің бірлігі ретінде түсіндіреді. Бұл
жағдайда кәсіби құзыреттіліктің құрылымы неғұрлым жалпыдан жекеге
бағытталған педагогтік біліктілік арқылы анықталады. Мұғалімнің
педагогикалық ойлай білудегі жалпылама біліктілігі кезінде байқалатын
теориялық дайындығының мазмұны мұғалім бойындағы аналитикалық, болжамдық,
жобалау және рефлексивтік біліктіліктердің болуынан байқалады. Практикалық
дайындығының мазмұны педагогтің әртүрлі біліктіліктерінің қалыптасуымен
айқындалады. Оларға: құрастыра білу, ақпараттық, дамытушылық және
бағдарлық қабілеттерді біріктіретін ұйымдастырушылық қабілеті;
перцептивтік, педагогикалық қарым-қатынас және педагогикалық техника (жеке
оқушының және оқушылар ұжымының белсенділігін көтере білу); қолданбалы
біліктілігі (ән айта білу, сурет сала білу, музыкалық аспапта ойнай білу,
үйірме жетекшісі, нұсқаушы т.б.) жатады.
Қазіргі кезде кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық және
практикалық аспектілері көптеген ғалымдардың зерттеу нысаны болып келеді.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Проблемалық оқыту туралы ұғым

Бұл оқыту үдерісін ұйымдастырудың әдістері мен формаларына өзгеріс енгізу
қажеттілігін тудырды. Білім берудің мазмұнын модернизациялау оқытудың
ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы
дамуына жағдай тудырды. Оқытудың жаңа технологиялары өмірге келді. Соның
бірі-проблемалық оқыту. Проблемалық оқытудың шығу тарихы 1960 жылдардың бас
кезінен-ақ мектептердің оқытуды активтендіру идеясы кең өріс алып,
оқытудың жаңа, проблемалық типі туа бастағанымен, түсіндірмелі-
иллюсрациялық оқыту практикада 70 жылдарға дейін орын алып келді.
60 жылдары Липецк, Ростов, Новосиберск обылыстарының, Татар АССР-ның озат
мұғалімдерінің тәжірибесі неғұрлым әйгілі болды. Бұл тәжірибеге ізденістің
жалпы белгілері, жалпы бағыты тән еді:
- Оқытудың өмірмен байланысын күшейту, өмірлік фактілерді жаңа
білімдердің қосымша көзі ретінде пайдалану;
- Сабақтың дәстүрлі құрылымын өзгерту және оны шаблондық қолданудан
бас тарту
- Оқушылардың сабақта өз бетімен орындайтын жұмыстарын олардың санын
көбейтіп, репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарға бөлу
мағынасындағы рөлін арттыру;
- Өз бетімен шешуге арналған танымдық міндеттерді мұғалімнің оқу
7
- материалын баяндырумен ұштастыруға қолдану;
- Оқытуды даралауды күшейту, дефференцияланған тапсырмаларды дайындау
т.б.;
- Оқушылырдың өз бетімен зерттеу элементтерін, олардың жаңа ұғым,
ереже, заңдарды іздестіру мен ашуын күшейту. Озат мұғалімдердің
жұмыс жүйесін теориялық ой елегінен өткізу оқу үдерісіндегі
оқушылардың танымдық әрекетінің жалпы заңдылығын – негізінен
проблемалық сұрақтар , проблемалық танымдық міндеттер мен
зерттеушілік сипаттағы оқу міндеттерін қоюдан туатын, оқушының
интеллектуалдық күшінің зорлануын ашуға көмектесті. Бұл зорлану жаңа
фактіні немесе ұғымды түсіндірудегі және ой елегінен өткізудегі
қиыншылыққа тап болудан туады және проблемалық ситуациялық деген
үлкен ынтасының, эмоциялық әзірлігінің және ерікті күш жігерінің
болуымен сипатталады. Жаңа педагогикалық фактілерді теориялық ой
елегінен өткізу барысында проблемалық оқытудың негізгі идеясы
анықталды.
- Проблемалап оқыту дегеніміз- мұғалімнің басшылығымен келелі
жағдайлар туғызу және оны оқушылардың шешу жолындағы өзіндік
қызметінің нәтиежесінде шығармашылығын, кәсіптік білімін, дағдысын,
іскерлігін, ойлау қабілетін жетілдіруді туғызу.
(Г.К. Селевко).
Тұжырымдамалық ережелері (Д.Дьюи)
• Бала берілген тапсырмаларды тек тыңдап, не болмаса сезім
мүшелерімен қабылдап қана қоймай білімді меңгеру нәтиежесінде ол
белсенді адам болады.
• Оқудағы жетістіктердің шарттары:
- оқу материалының проблемасы;
8
- оқушының белсенділігі;
- бала оқуының өмірмен, оймен, еңбекпен байланысы.
Прблемалық оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Проблемалап оқытудың қазіргі ілімінде екі проблемалық жағдайлары бар:
психологиялық және педагогикалық.
Біріншісі оқушылардың қызметіне байланысты, екіншісі- оқыту барысын
ұйымдастыру.
Педагогикалық проблемалық-жағдай белсенділік қимылымен мұғалімнің
сұрақтары және де басқа таным ортасымен үйлесімді.
Оқыту барысындағы кезеңдерде проблемалық жағдайлар құрылуы мүмкін:
түсіндіруде, бекітуде, бақылауда.
Мұғалімнің проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушыларды оны шешуге
бағыттап шешімін табуды ұйымдастырады. Сонымен оқушыда жаңа білім пайда
болады, жаңа әрекет тәсілдерін меңгереді.
Проблемалық оқытуды басқарудың қиындығы мынада: проблемалық жағдай- жеке
жұмыс, сондықтан мұғалімнен бөліктеп және жекелеп ыңғайлауды пайдалану
талап етіледі.
Проблемалық жағдайларды туғызу әдістемелік тәсілдері:
-мұғалім оқушыларды қарсы әрекетке жақындатады және оны шешу жолдарын
табуды ұсынады;
-қарсы әрекетті іскерлік қызметіне қарай итереді;
-бір сұрақтың өзін бірнеше түрлермен береді;
-құбылыстарды жан-жақты жолдармен көрсетеді;
-әр жағдайларда салыстыруға, жинақтауға, қорытындылауға, деректерді
салыстыруға талаптандырады;
-нақты сұрақтар қояды (жинауға, дәлелдеуге, нақтылауға);
-ілім және тәжірибелік проблемалы тапсырмаларды анықтайды
9
(мыс: зерттеулер);
-проблемалы тапсырмалар береді (мыс,: жеткілікті, не болмаса жеткіліксіз
мәліметтер, нақтылы емес сұрақтар, қарсы әрекеттік мәліметтер, қатесі бар,
қысқа шешімді тапсырмалар т.б.)
Проблемалық технологияны іске асыру үшін:
-ең маңызды тапсырмаларды таңдау;
-оқу барысында проблемалық оқытудың ерекшеліктерін анықтау;
-проблемалық оқытудың қолайлы жүйесін құру, оқулықтар және әдістемелік
құралдар мен нұсқаулар шығару;
-мұғалімнің шеберлігі және жеке көзқарасы керек.
Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген тоериялық білімдерін блок-блокпен
жинақтап отыруға ынталанады.
Проблемалық оқыту жүйесінің атқарар міндеті- білімді ғылыми негізде
меңгерту. Сөйтіп, іс-әрекетте ғылыми зерттеушілікке бағыттайды.
Нәтиежесінде оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, қажетін
дидактика әлемінен өздігінен іздейтін әрекетке бағдарлайды.
Проблемалық оқыту технологиясы оқушылардың білім қорын молайтуға, оқыту
үдерісінде әрбір оқушының белсенділігін арттыруға, жалпы оқу үдерісін әр
түрлі үлгіде ұйымдастыруға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
жетілдіруге бағытталған оқыту технологияларының бірі деуге негіз бар.
10
2.2 Дидактикадағы проблемалық оқытудың зерттелу деңгейі
Дидактика термині грек тілінен енген, аудармасы үйретуші дегенді
білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635)
шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский
дидактиканы баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері деп
түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы
тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде
таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай
бірде өзгерместен келе жатыр. Олар: нені үйрету жəне қалай үйрету
проблемасын шешу; қазіргі заман педагогикасы бұларға қоса –қашан, қай
жерде, кімді жəне не үшін оқыту қажет деген мəселелерді қарқынды зерттеуде.
Дидактиканың негізгі категорияларын танытушы келесі ұғымдар белгіленген:
оқыту, оқып-үйрену, оқу, білімдену, білім, ептілік, дағды, сонымен бірге
оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастырылуы, түрлері, формалары, əдістері, құрал-
жабдықтары, нəтижесі (өнімі). Дидактикалық жүйе жəне оқу технологиясы да
осы категориялық ұғымдар тұрғысынан танылуы тиіс. Осыдан қысқа да ауқымды
анықтама келіп шығады: дидактика- бұл оқу жəне білімдену, олардың
мақсаттары, мазмұны, əдістері, құрал-жабдықтары, ұйымдастырылуы мен
нəтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактика өз пəні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді,
оқу процесінің барысы мен нəтижесіне негіз болар тəуелділіктерді талдайды,
жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші
əдістер, ұйымдастыру формалары мен құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының
арқасында ол екі басты функцияны атқарады: 1) теориялық (диагностика жəне
болжастыру); 2) практикалық (қалыпты іс-əрекет, құралдар дайындау).
Дұрыс ұйымдастырылған оқу əрқашан дамыту қызметін атқаратыны сөзсіз,
дегенмен оның нəтижелі іске асуы арнайы бағыт-бағдардың болуына
11
тəуелді. Педагогика теориясы мен тəжірибесінде дамыту мақсатына орай ерекше
оқу технологиялары нақтыланған:
- ақыл-ой əрекеттерін кезеңмен дамыту бағыты (И.Я.Талызина);
- теориялық материалдар көлемін арттыра беру (Л.В.Занков);
- жоғары қарқын жəне қиыншылық деңгейінде оқыту (Л.В.Занков);
- оқушылардың өз оқу əрекеттерін сезінуін қамтамасыз ету (Л.В.Занков);
- проблемді оқыту (А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов);
- оқудың дамытушы əдістер жүйесін қолдану (И.Я. Лернер, М.Н.Скаткин);
- оқудағы мазмұндық қорытындылау тұжырымы (В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин);
- оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінің белсенділігін көтеру əдістерін
қолдану (Г.И.Щукин);
- төңіректері қоғам, адам, өнермен қатынастардан болатын толғаныс, көңіл-
күй, сезімталдық дамыту жолдары пайдалану арқылы оқу тиімділігін арттыру
бағыты (Д.Кабалевский, И.Волков).
Бүгінгі таңда оқудың дамытушылық қызметін жүзеге келтіретін талай
технологияларын мұғалімдер табысты қолданып жүр .
Оқу мəнін түсіндірудің бірнеше əдіснама-дидактикалық жолдары бар.
Олардың ішінде аса кең танымал болғандары: Дж.Дьюидің оқушы белсенділігіне
негізделген оқу бағыты;
Оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты XIX ғасырда жасаған американ
философы, психологы жəне педагогы Джон Дьюи дидактикасы қоғам мен мектептің
прогрессив дамуына қайшы келген гербартшылардың əміршіл-əкімшіл
педагогикасына қарсы тұру мақсатында дүниеге келді.
Дж.Дьюи өз зерттеуінде оқушылардың белсенділігі дамуына басты назар
аударып, оқушылардың қызығуларына, олардың өмірлік қажеттеріне байланысты
болған оқудың (құрғақ сөзді, кітаби, тек жаттауға негізделген
12
оқудан гөрі) анағұрлым жоғары нəтижелер беретініне көз жеткізді. Дьюидің
оқу теориясына енгізген негізгі үлесі – толық ойлау əрекеттері (акті)
жөніндегі жаңалық пікірі. Осыған байланысты адам өз өміріне аса күрделі де
кедергі болған қиыншылықтарды кездестірген кезде ғана ойлау əрекетіне
кіріседі. Əрбір толық ойлау акті келесі кезеңдерден құралады:
- қиыншылықты түйсіну (сезу);
- оны нақ байқап(көріп), мəнін анықтау;
- одан құтылудың жолдарын іздестіру (болжам белгілеу);
- болжастырылған шешімнен қорытындыға келу (гепотезаны логикалық
тексеріске салу);
- болжамды қабылдау немесе одан бас тартуға мүмкіндік беретін келесі
бақылаулар мен эксперименттерге өту.
Шешімдерін ойластырып, жеңу қажет қиыншылықтар кейін проблема
атауын алды. Дьюидің пікірінше, дұрыс құрылған оқу əр уақытта проблемді
болуы тиіс. Оқушыларға берілетін тапсырмалар олардың қызығуларына, өмір
талаптарына сəйкес болуы шарт
Мұғалім оқушылардың қызығу қабілеттерінің дамуына мұқият ден қоя отырып,
олардың алдына түсінімі жəне шешілуі жағынан қиналтпайтын проблемалар қойып
баруы қажет. Оқушылар, өз кезегінде, осы проблемаларды шешуден өздеріне
жаңалық əрі пайдалы болған білімдерді игеретініне сенімді болуы тиіс.
Сабақтар толық ойлау актілері негізінде құрылып, одан оқушылардың келесі
ептіліктерді игеруі күтіледі:
- нақты қиыншылықты сезу;
- оны (проблеманы) анықтау;
- кезіккен қиыншылықты жеңудің болжамын (гипотезасын) түзу;
- толық проблеманы немесе оның бір бөлігін шешудің жолын табу;
- болжамды бақылау немесе эксперименттер жəрдемімен тексеру;
13
Дəстүрлі жүйемен салыстырғанда, Дьюи өте батыл жаңалықтар, күтілмеген
шешімдер ұсынды. Кітаби оқу орнына негізінде оқушылардың өзіндік таным
əрекеттері болған белсенді оқу мектеп тəжірибесіне енді. Əміршіл мұғалім
орнын оқушылар белсенділігін не мазмұн, не оқу əдістеріне матамайтын, ал
қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін, қажет болса, жəрдем беретін жебеуші –
мұғалім иеледі. Жалпыға бірдей мызғымас оқу бағдарламалары мұғалім
тарапынан тек жалпылай мазмұны ғана анықталған бағыттау бағдарламаларымен
ауыстырылды. Ауызша жəне жазбаша сөздің орнына оқушылардың өзіндік дербес
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруға бағышталған теориялық жəне практикалық
дəрістер келді. Кейінгі кезеңдерде жүргізілген зерттеулер ежелгіден,
дəстүрлі жəне жаңашыл дидактикалық жүйелерден ең құнды болған тараптарын
сақтап қалып, күнделікті маңызды болған мəселелерді шешудің жаңа жолдарын
табуға бағытталды. Бұл ізденулерден кейін орын иеленген оқу жолдары бүгінгі
заман дидактикасының жаңа жүйесін құрады.
Бұрынғы дидактикалық жүйелердің ұнамды сапалары жаңа дидактикаға өтіп,
толыға түсті. Бүгінде жіктемелі (дифференцированные) оқу жоспарлары,
бағдарламалары, курстері бүкіл əлемге тараған. Сонымен бірге, оқу
пəндерінің бірігу (интеграция) процестері де өріс алып, олар оқушылардың
əрқилы қажеттері мен қызығуларына икемдестірілуде.
Сонымен, ежелгі заманнан бері балаларды оқыту мен білімдендірудің
жетілген жолдары іздестірілуде. Мұғалімдер көптеген бағыттарды өз
тəжірибесінде тексеріп, сынап көруде. Ғылым топтаған білімдердің аса
құндылары, озық тəжірибе, дидактикалық жүйелерге енуде. Мектептің қазіргі
заман білімдену жүйесіне И.Гербарт жəне Д.Дьюи жүйелері көп ықпал жасады.
Бірақ қазіргі заман дидактикасы оқудағы бір тараптылық принциптен бас
тартып, бала жөніндегі ғылыми білімдердің бар комплексін пайдалану
теориясына ден қойды.
14
Проблемалық оқыту технологиясының негізін салушылар мен зерттеушілер:
Американдық: Дж.Дьюи мен оның шәкірті В.Клипатрик, орыс ғалымы
М. Махмутов
Негізгі идеясы: Проблема қойып, оны шешу арқылы оқып үйрену.
Проблемалы оқыту технологиясының негізгі мақсаты - оқушыны өз бетімен
ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.
Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін
арттыру және оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәнге
жеткізу. Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана
қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді
15

проблемалық оқыту технологиясының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту
тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше
дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру - деп нақты көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан
Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:
Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Оқытудың, әр оқушының білімі мен
қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет деп
көрсетілген. Оған сапалы білім, оқушының өміріндегі оқуға және өз білімін
көтеруге дайындығы негізгі алғышарт болып табылады. Қазіргі кездегі білім
беру сапасы оқушының әртүрлі әрекет саласында өз бетінше шешім қабылдауға
мүмкіндікті қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі
білім нәтижелерімен түсіндіріледі. Сондықтан, бүгінгі таңда ұстаздардың
алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін
білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін
жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжы-
мындағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Бастауыш сынып оқушылараның құзыреттілігін дамыту үшін білім беру мазмұнын
жетілдіре отырып жаңа инновациялық әдіс – тәсілдердің ең тиімдісін
пайдалану жоғары нәтиже береді.
16
Оқушы құзыреттілігін дамытуда (американ ғалымдары негізін салған Дж.
Дьюи мен оның шәкірті В.Клипатрик, орыс ғалымы М. Махмутов) проблемалық
оқыту технологиясының маңызы зор . Проблеманы шешудегі басты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz