Жал есебінің аудиті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .

I бөлім. Жал есебінің теориялық аспектісі.

1. Жал (((((((есебінің өзіндік
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
2. Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдар
есебі ... ... ... ... ... .
3. Жалға алудың есебі және лизингтік жалға
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Негізгі құралдарды ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі ... ...

II бөлім. Реал Сервис ЖШС кәсіпорынындағы жал есебі.

2.1. Реал Сервис ЖШС кәсіпорының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Реал Сервис ЖШС кәсіпорынында жүргізілетін жалдық есебі ... ...
2.3. Реал Сервис ЖШС кәсіпорнының жал есебінің синтетикалық есебі.
2.4 Реал Сервис ЖШС кәсіпорынынының лизингтік операциялар есебі..

III бөлім. Жал есебінің аудиті

3.1. Негізгі қорды жалға алу мен жөндеудің
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..
3.2 Лизингтік операциялар
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына тоқталсақ,
жалпы, осы ағымдағы жылғы экономикалық даму көрсеткіштері Қазақстанның
ұстанымы тұрақты екенін дәлел бола алады. Биылғы жылдың тоғыз айында
жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі 109,7 пайызды құрады. Еліміздің сыртқы
саясатта ұстанатын бағытына қарай ҚазМұнайГазұлттық компаниясы
көмірсутегін экспорттаудағы көп векторлдық және тұрба құбыры және
пайдаланудағы бойынша тиімділік саясатына арқа сүйеп отыруда. Бүгінгі
таңда Қазақстан мұнайы Каспи тұрба құбыры консорциумның мұнай құбыры және
Атырау – Самара мұнай құбыры бойынша экспортталады. өзіміздің
Республикамыздың банктік жағдайларына қысқаша сипаттама берсек, Ұлттық
Банктің алтын валюта қоры резервінің төмендеуі Ұлттық қордың активтерін
тиісінше өсумен дәйектелді. Олардың өзіндік жиынтық көлемі 37 млрд. АҚШ
долларынан астам қаражатты құрайды (ЖІӨ 42 пайыз). Жалпы, Қазақстанның
банктік секторы өзгеріп отырған жағдайда дер кезінде назар аударылады.
Заем алушыларға талап күшейтілуде, несие портфелін сапасын жақсарту
жөніндегі шаралар қолға алынуда. Ұлттық банк қысқа мерзімді тұрақтандыру
шаралары ретінде банктерге қайта қаржыландыру түрінде төлем қабылетін
ұсынды. Әлдеуметтік - экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және
эконоимкалық даму қарқынын қолдау мақсатында Үкімет бюджеттен қайтарым
негізінде қаражат бөледі. Биылғы жылы – 3млрд. АҚШ долларынанкем емес
қаржы бөлінетін болады.
Бұл қаражат мына мақсаттарға бөлінеді:
Ипотекалық рыноктың тұрақтылығын төмендетуге жол бермеу және
құрылыста үлестері бар азаматтар құқығын қорғау;
Өздері үшін қолайлы жағдай қарастыра отырып, шағын және орта
кәсіпорындардың жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға;
Экономиканы әртараптандыру үшін маңызды мәні бар перспективалы
инвестициялық жобаларды қаржыландыру.
Қазіргі таңда Үкімет экономикадағы, еліміздегі инвестициялық климатты
жақсартуға және мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған жүйелі
реформаларды жалғастырады. Электр энергетикасы, теміржол және автомабиль
көлігі, телекоммуникация мен байланыс инфрақұрылымдарын дамытуға ерекше
көңіл бөлетін болады. Бұл шара экономиканың өнімділігін арттыруға және
итолықтый алғанда оны әртараптандыруға қызмет етеді.
Сонымен қатар биыл тұрақтандыру қорына жиналған астық мөлшері тұтыну
көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсуде. Сондай – ақ Қызылорда облысымен
күрішті тиімді сатып алу жөніндегі келісім – шарт жасалуда.
Келесі бір жазып өтетін жәйт ол осы Бухгалтерлік есептің нарықтық
экономика жағдайындағы басқаруды жетілдірудегі бухгалтерлік есептің рөлі
мен мәні.
Бухгалтерлік есеп – бұл бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып,
күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік – экономикалық
жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады.
Бухгалтерлік есеп өзінің бастауын ХІІ ғасырдан бастап алды және де алғаш
терминін ХV ғасырда Австралияда өмірге келген. Бухгалтерлік есептің
мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық қызметтің іс - әрекеті сипатталып,
оның табысы немесе шығыны есепке алынады, қаржылық жағдайы ашып
көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп субъектілерінің меншігін сақтауды бақылауға
және басқару шешімдерін қабылдау қажетті ақпаратты жинақтайды. Бухгалтерлік
есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел
ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының өткізілген конференциясында Есептей
алмаған, басқара алмайды, - деген сөздің жайдан – жай айтылмағандығын атап
өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын
жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін
қажет.
Елімізде жүргізіліп отырған бухғалтерлік есеп жұмысы толығымен халық
аралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады.
Менің курстық жұмысымның көзделіп отырғани мақсаты, ол өзіміздің
еліміздегі Жалдың қалай және қайтіп жүргізілуін анықтап тану.
Қазіргі таңда жалдың қолданыста пайдалылығы жақсы дәреже
көрсетуде. Себебі, жалға берушілер мен жалға алушылдарлдың арасында
келісім жақсу жүруде. Қазіргі кезде ақша қаражатынан қысымдылық көріп
отырған халық тұрғындарына да жалға беру тиімді жақтарын көрсетуде.
Себебі, бір субъектінің өзінің кәсіпорны немесе сауда орталығындағы
дүкендерінің бір бөлігін жалға беру арқылы пайда, кіріс көруге болады.
Курстық жұмысымның тағы бір көзделіп отырған мақсаттарының бірі:
- Алдағы болашақ кезең жалға тұтынушылық қасиет пен сұраныстың
жоғары болуы;
- Жалға берушілер мен жалға алушылардың арасындағы
келісімшарттың тура және нақты болуы, яғни келісімшарт бойынша
жалдың дұрыс жүргізілуі;
- Жал есебінің Республикамызда кеңінен, толық пайдалану;
Осы мақсаттарға қарай отырып мынадай тұжырымдар жасауға болады: яғни
жалдық есептің қазіргі таңда қолданыста кеңінен жүргізілуі мен өз
республикамызда осы жалдың күнен – күнге арттыру мақсаты.

І. ЖАЛ ЕСЕБІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Жал есебінің өзіндік сипаттамасы

Үй, ғимарат, машина, жабдық және транспорт құралдары түріндегі
дүниннің меншікті иесі болып табылатын субъект жүргізуші оны жалға бере
алады.
Жалдау – жалға берушінің дүниені жалға алушыға уақытша пайдалану үшін
ақы төлеп тұруға беру. Жал тұрін мәміле мәні анықтайды. Жалға беру
негізінде талданатын мүлікті пайдалану құқығына байланысты тәуекел мен
сыйақы қаншалықты дәрежеде жалға алушы немесе жалға берушігекөшетіні
негізінде белгіленеді. Жал пайдалану құқығына байланысты тәуекел мен
сыйақы едәуір дәрежеде жалға алушыға берілсе және төмендегі шарттардың
тым болмағанда бірі орындалса, қаржыландырылған деп саналады:
- жал мерзімі жалданатын мүлікті пайдалы қолдану мерзімінің кемінде
80%-ін құраса, егер ол тек активтің қызмет ету мерзімінің 20%шегінде
басталмаса. Егер жал шарты осы кезең өткен соң жасалса, мұндай жалдау
ағымдағы деп жіктеледі;
- ең аз шамадағы жал төлемінің дисконтталған құны жалға берілген дүние
– мүліктің өткізу бағасының 90% - інен кем болса;
- жалдау мерзімі соңында активтің қалдық құны жал шарты жасалған
сәттегі өткізу бағасының 20%-нен аспаса;
- жалға алынатын активтерге меншіктілік құқығы ауысқанда жалға алушы
жалдау мерзімі басында белгіленген кесімді баға бойынша сатып алу құн
құқығына ие болады.
Осы шарттарға сәйкес келмейтін жалдаудың қай – қайсысы да ағымдағы жал
болып табылады. Негізгі құралдарды ағымдағы жалға алу мерзімі біткен соң
объектінің жалға берушіге міндетті түрде қайтаруды көздейді. Ағымдағы жалға
алуда активті меншіктілікке байланысты тәуекел мен сыйақылар жалға
берушіде қалады.
Жалға алушы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъект ағымдағы
жалға алынған құралдарды 001 Жалға алынған негізгі құралдар
баланстан тыс шотта ескереді. Шығындарды мойындау әрбір есепті кезеңде
жүйелі негізде жасалады. Жалға берушімен есеп айрысу 3390 Басқа да
кредиторлық берешек шотында көрсетіледі.
Қаржылық жалға тапсырылатын дүние – мүлік құны бухгалтерлік есепте
жалға салынған таза күрделі қаржыға тең дебиторлық берешек ретінде
көрсетіледі. Ең аз шамада түсіп жатқан жал төлемдерін жалға беруші жалға
берілген актив құнының қайтарымы мен мен кіріс алу ретінде қарастырады.
Қаржыландыратын жалға дүние - мүлік беруден түсетін табысты тану жүйелі
негізде жасалады. Қаржыландыратын жал кезінде жалға беруші жалға
тапсырылатын объектілер құнын баланс есебінен шығарады және жал процентінің
бөлігінде еөрсетеді.
Жалға алушының бухғалтерлік балансында (қаржыландыратын жал) жалға
алынғандүние – мүлік актив ретінде, ал ең аз шама төленуге тиісті жал
төлемдері – жал басындағы екі бағаның: өткізу бағасы немесе егер ең аз
шамадағы жал төлемінің дисконтталған күні өткізу бағасынан төмен болса,
төмен бағасы бойынша міндеттеме ретінде ескеріледі. Жалға алынған
активтерге тозуды есептеуді жалға алушы жасайды. Амартизация бойынша
шығындар мен сыйақы төлеу жалдың барлық мерзімі бойы әрбір есепті кезеңде
танылады.
Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша
тек мынадай: жағдайларда ғана:
а) қандай да бір ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;
b) жалға берушінің рұқсатымен;
с) егер жалгер сол немесе оған барабар активті сол жалға берушімен
жалдау туралы жаңа шарт жасайтын болса; немесе
d) жалдауды қабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның
бұдан әрі жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін.
Жалды қабылдау күні – бұл мынадай күндерден: жалдау шартын жасасу күні
немесе жалдаудың негізгі талаптарына қатысты тараптардың міндеттемелерді
қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жалдау. Атап айтқанда мына
күнге:
а)жалдау операциялық немесе қаржылық ретінде жіктелген;
b)қаржылық жалдау жағдайында жалдау мерзімінің басында танылуға жататын
сомалар анықталады.
Жалдау мерзімінің басталу күні жалға алынған активтерді пайдалану
мүмкіндігін іске асыру құқығын алған күн болып есептеледі. Бұл – жалдауды
бастапқы тану күні (яғни жалдаумен байланысты туындайтын тиісті
активтердің, міндеттемелердің, табыстың немесе шығыстың танылуы).
Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған,
қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау
мерзімінің басында жалгердің осы құқығын іске асыруға негізді сенімі болса,
жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі
жалдауға құқығы бар кез келген өзге де кезеңдер.
Жалдаудың ең төменгі төлемдері - жалдау мерзімі бойындағы төлемдер,
жалға беруші төлейтін және оған өтелетін шартты түрдегі жалдау ақысын,
қызмет көрсетулері мен салық төлемдері бойынша сомаларды қоспағанда, олар
мына сомалармен бірге жалгерден талап етілуі немесе сұратып алынуы мүмкін:
а) жалгер үшін: жалгер немесе жалгермен байланысты тараптың кепілдік берген
кез келген сомаларымен;
ә) жалға беруші үшін: жалға берушіге кепілдік берген кез келген тарату
құнымен:
б) жалгер;
в) жалгермен байланысты тарап;
г)осындай кепілдік бойынша қаржыға байланысты міндеттерді орындауға
қабілетті, жалгерден тәуелсіз үшінші тараппен.
Алайда, егер жалгердің осы құқықты іске асыру мүмкін болған кездегі
күні, күткендегідей, активті әділ құнынан мейлінше төмен баға бойынша сатып
алу құқығы болса, бұл орайда жалдау мерзімі басталғанда бұл құқықты іске
асыруға, ал ең төменгі жалдау төлемдері мерзім ішіндегі төленуге тиісті ең
төменгі төлемдерден және осы активті сатып алу құқығын іске асыру үшін
қажетті төлемнен тұратынына негізді сенімі болады.

1.2 Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есебі

Ағымдағы деп қаржыландырылатын жалгерліктен басқа,кез – келген
жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікті төлемі бүтін жалгерлік
мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы болып
табылады. Ағымдағы жалгерлікте, актив деген меншік құқымен байланысты
тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің өзінгде қалады.
Сондықтан олардың жалға берген активтері амартизацияланатын мүлік ретінде
қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы табысқа
енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша
иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал, жалға берушінің
бухгалтерлік есебіндегі 2410 Негізгі құралдар , бөлімшесінің тиесілі
субшоттарында, яғни негізгі құралдардың құрамында көрініс табады.
Алынуға жататың жал ақысы келісілген келісім – шартқа сәйкес 1280
Басқа да шоттың дебетінде және 6160, 6010 (жалға субъектінің негізгі
қызметі болса ) шоттарының кредитінде көрініс табады.
Жалға берілген мүліктер жалға берушінің балансында көрніс табатын
болғандықтан, олар бойынша есептелген тозу сомасына 7410 дебеттеліп, 2420
бөлімше шоттары кредиттеледі.
Жал ақысы тиесілі өндіріс шоттарында, яғни келесі шоттардың
дебетінде:
8000 – егер де негізгі құралдар әлеуметтік сферада пайдаланылса;
7110 – егер де негізгі құралдар туралы сатумен байланысты болса;
7210 - егер де негізгі құралдар жалпы шаруашылық қажеттілігі үшін
пайдаланылса , 3390 шоттың, кредитінде көрініс табады.
Жалға алынған негізгі құралдар жалға алушының талаптарына сай келе
бермейді, сондықтан олар ондай негізгі құралдар жөндеу жұмысын жүргізеді,
бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады.
Жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға
алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді.
Егер де жал ақысы келешектегі есеп кезендерінежатқызылатын болса, онда жал
ақысы шоты дебеттеліпжәне тиісті ақша қаражаттарының шоты кредитетеледі.
Олардың есепатік кезеңі жеткен кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына
(9-ші бөлімдегі) немесе 8-ші бөлімдегі шоттарына ауыстырылады.
Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен
ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады.
Қаржыландырылатын жал мүлікке меншіктік құқықпен байланысты, жалға
берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелділіктің де
үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады. Бұл кезде жалға
алушы алынған мүліктерді өз балансында көрсетеді. Ал жалгерлік кезендегі
құқықтың өзі берілуі немесе берілмеуі мүмкін.
Жалға алушының қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс:
қаржыландырылатын жалгерлікке алынған мүліктің жалпы құны; мүлікті жалға
алу бойынша ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелер; қаржыландырылатын
жалгерлік және мерзімі бір жылдан артық біртұтас (кері қайтарымсыз)
ағымдағы жалгерлік кезіндегі ең төмен жалгерлік төлемдер (төлемдердің
жүзеге асырылуы мерзімі мен сомалары қысқаша формада көрсетілуі тиіс)
бойынша міндеттемелер; жалгерлікті немесе мүлікті сатып алу уақытын
ұзартуды таңдау құқығы, келісім – шарттардан туындайтын күтпеген
жалгерлік төлемдер және басқа да күтпеген жағдайлар.
Жалға берушінің қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі
тиіс: қаржыландырылатын жалгерлікке жалпы капитал салымы (ақша қаражатын
жұмсау ) жалға берілген мүліктен түскен пайдаланбаған табыс; активтердің
құны, сондай – ақ осыған байланысты есептің кезең ішіндегі активтердің
түрдері бойынша жинақталып қалған амартизациялық аударымдар.
Жалға берілген мүліктің пайдалану құқының басым бөлігі мынадай
жағдайда берілуі мүмкін:
- жалға алынған мүлікті тұрақталған (тіркелген ) бағасы бойынша
немесе жал соңында анықталған бағасы бойынша жалға алушының
сатып алу құқығы бар болса;
- егерде жалға берілген мүліктің пайдалану қызметінің мерзімі 80%-
ке жетсе;
- егер де негізгі құралдың жал мерзімі біткен кезде бастапқы
құны оның 20%-тін ғана құраса;

бүкіл жал кезеңінде оның дисконтталған құны төленетін жал ақысының
90% құраса;
- жал мерзімі біткен соң жалға алушы жалға берушіден негізгі
құрал объектімін сатып алуға немесе алмауға құқы бар болса.
Қаржыландырылатын жал мерзімінің ішінде жалға берілген мүлік баланста
бір ғана баға бойынша көрініс табады.
Жал төлемі екі төлемнен тұрады: қаржыландырудан (яғни, пайыз бойынша
төленетін шығысынан) және жалгерлік міндеттемесінен, демек объектінің
баланстық құнын азайтатын төлемнен (негізгі міндеттемесін өтекден ).
Жалгерлік төлем: ағымдағы бағасы бойынша немесе дисконтталған құн
бойынша (активті пайдаланғаны үшін төленетін пайызын ескере отырып)
есептелінуі мүмкі.
Дисконтталған құн бойынша есептеген кезде жал ақысының өте аз
(минималды) деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін
пайдаланады, ал егер де оныанықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз
капиталына пайдаланатын осіп (артып ) отыратын пайыздық мөлшерлемесін
қолданады.
Жалға алушының қарыз капаиталына өсіп (артып) отыратын пайыздық
мөлшерлеме – бұл пайыз мөлшерлемесі, оны осы тәріздес жал үшін жалға алушы
төлейді; немесе бұл мөлшерлемені жалға алушы жал басында басылыққа алады.
Жалгерлік мерзімінің барысында келісім – шартқа сәйкес жалға берушіге
минимадды жал ақысын төлейді.
Минималды жал ақысы – бұл төлем түрі, оны жалгерлік мерзімінің
барысында, жалға алушы жүзеге асырады (көрсетілген қызмет құны мен салық
сомасы шегеріледі, негізінде олар жалға берушіге өтелуі керек).

1.3 Жалға алудың есебі және лизингтік алу есебі

Қаржылық лизинг – бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін
жалға алу, оны уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен
мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады.
Лизингтік мәміленің тараптары:
- лизинг беруші (жалға беруші);
- лизинг алушылар (жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен
айтқанда, қаржылық лизинг – бұл инвестициялық қызметтің бір
түрі, онда:
- лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісіш –
шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға
белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта
иелік ету жағдайына және кәсіпкерлі
- үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг
бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі
амартизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80% бөлігіне
сәйкес келуі тиіс;
- лизинг алушы келісім – шартқа сәйкес төленуге жататын
төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне
алады. Келісім шарттың мерзімі өткен соң, лизинг
- бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай
жағдай шартта қарастырылған болса.
Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал -
жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг
бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.
Лизинг лизингтік мәмілег қатысушылардың қарастырған жағдайына
байланысты және олар әрқилы болып бөлінеді:
- қайтарылатын лизинг – лизингтің бір түрі, онда сатушы осы
бұйымды (нәрсені) кері қайтарып ала алатын болса ғана лизинг
алушыға лизинг ретінде сатады;
- банк лизингі – лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші рөлін
банк атқарады;
- толық лизинг – лизингтің бір түрі , онда лизинг беруші ағымдағы
жөндеу және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалық қызмет
көрсету жұмысын атқарады;
- таза лизинг – лизингтің бір түрі онда лизинг алушы ағымдағы
жөндеу және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалық қызмет
көрсету жұмысын атқарады.
Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін.
Ішкі лизинг лизинг берушіде лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан
Республикасының резидетті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен
Қазақстан Республиукасының резиденттері емес тұлғалары жұзеге асырады.
Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі
лизинг келісім – шартымен, сатып алу – сату келісім шартымен және Қазақстан
Республикасының заң актілірімен белгіленеді. Лизинг келісім – шарты
мынадай міндеті мәні жағдайлардан тұруы тйіс, онсыз ол келісілген деп
саналмайды: келісім шарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесінің сатушының аты
– жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг
нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің
мерзімділігі мен мөлшері; лизинг нәрсесінің құны; келісім – шарттың әрекет
ету мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы ;
лизинг нәрсесін суреттеу (сипаттау);лизинг нәрсесін ұстау мен жөндеу
тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинго нәрсесін мемлекеттік
тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісім – шарты
бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг
берушініңжүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын
мүліктер бойынша жасалатын келісім – шарттар міндетті түрде, заң
актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы
иүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге
жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-
сату келісім – шарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының
қойған талабымен келіссі, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің
шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг
алушының да, лизинг берушінің де сатушымен қарым – қатынасы, ынтымақтасқан
кредиторлар ретінде жүреді.
Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісті пайдаланады: не өсіп
(артып ) отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын – ала қарастырылған
пайыздық мөлшерлемесін.
Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар
онда қарастырылған келісім – шарттың жағдайына байланысты көрініс табады.
Негізгі құралдарды ағымдағы жалға алу мерзімі біткен соң объектінің
жалға берушіге міндетті түрде қайтаруды көздейді. Ағымдағы жалға алуда
активті меншіктілікке байланысты тәуекел мен сыйақылар жалға берушіде
қалады.
Жалға алушы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъект ағымдағы
жалға алынған құралдарды 001 Жалға алынған негізгі құралдарын
баланстан тыс шотта ескереді. Шығындарды мойындау әрбір есепті кезеңде
жүйелі негізде жасалады. Жалға берушімен есеп айрысу 3390 Басқа да
кредиторлық берешек шотында көрсетіледі.
Қаржылық жалға тапсырылатын дүние – мүлік құны бухгалтерлік есепте
жалға салынған таза күрделі қаржыға тең дебиторлық берешек ретінде
көрсетіледі. Ең аз шамада түсіп жатқан жал төлемдерін жалға беруші жалға
берілген актив құнының қайтарымы мен мен кіріс алу ретінде қарастырады.

1.4 Негізгі құралдарды ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі

Жалдау - бұл кәсiпорындар мен өзге мүлiктiк кешендер арасындaғы шаpтқа
негiзделген түрде жердi, өзге табиғи ресурстарды және жалгердiң шаруашылық
немесе өзге қызмeтті өз бетiнше жүзеге асыруына қажeттi мүлiктердi
мерзiмдi, қайтарымды түрде пайдалануы. Жалдау нәтижесiнде жалға берушi мен
жалгер арасында жалдау шартына негiзделген қатынастар пайда болады.
Жалға берушi - жалдау шapты мүлiктi жалға беретiн меншiк иесi. Мүлiктi
жалға беруге меншiк иесi өкілeттiк берген органдар мен ұйымдар, сондай-ақ
заңды және жеке тұлғалар жалға берушi бола алады.
Жалгер - бұл жалдау шарты бойышa мүлiктi жалға алатын заңды немесе
жеке тұлға. Занды және жеке тұлғалар, бiрiккен кәсiпорындар, шетелдiк заңды
тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен бiрлестiктер жалгер болуы мyмкiн.
Жалдау шарты - бұл тараптардың еркiндiлiгi мен толық тең құқықтыльғы
негiзiнде жасалатын жалдау шартының талаптарына сай мүлiктi жалға беру
тyралы жалгер мен жалға берушi арасындaғы келiсiм. Мүлiктi жaлға беру
меншiкті беруге әкеліп соқтырмайды.
Халықаралық практикада жалдаудың үш түpi бар:
1.Ұзақ мерзiмдi жал (лизинг) - бұл мүлiктi 3 жылдан артық мерзiмге
жалдау. Ұзақ мерзiмдi лизинг жай және қаржылық (қapжыландырылатын) болып
бөлiнедi.
Жай лизинг - жалдау шартының мерзiмi аяқталған бойда мүлiктiн жaлға
берушiге қайтарылуын көздейдi.
Қаржылық (қаржыландыpылатын)) лизинг - жалды .ұзaқ мерзiмге
несиелендірудiң нысаны.
Жалгер мүлiк құнын жалдық төлем apқылы өтейді. Қаржылық лизингтiң үш
нысаны болады:
а) "стандарт" лизинг - мұндай кезде жабдықты әзiрлеушi оны
қаржыландырушы қоғaмғa бередi. Ол өзiнiң лизингтiк фирмасы арқылы оны
тұтынушығa жалға бередi.
ә) "Лиз-бек" лизингi - мұндайда жабдық иесi оны лизингтiк фирмaға caтaды
және coнымен бiрге одан жaлға алады (жaлға берушiнiң қаржылық жaғдайын
уaқытшa жақсаpтy әдiсi);
б) "Жеткiзушiге" лизингi - мұндай кезде негiзгi құралдарды сатyшы "Лиз-
бек" лизингiндегi сияқты жалгерге айналады, жалданған жабдықты ол емес,
басқа жалгерлер пайдаланады.
Қазақстан Республикасыньң шаруашылық практикасында жай лизинг кенiнен
таралған.
2. Орташа мерзiмдi жал (хайринг) - бұл жалгердiң мүлiкке меншiк
құқығынсыз 1 жылдан 3 жылға дейiнгi мүлiктi жалдауы.
3. Қыcқa мерзiмдi жал (рейтинг, чартер) - мүлiктi жалгердiң кейiнгi
сатып алу құқығынсыз жалдау, жалдау мерзiмi 1 жылғa дейiн созылады.
Рейтинг бойынша жалдау ақысы лизингке қарағaндa төмендеу.
Чартер әдетте рейстi, кезектi бiрнеше рейстi, белгiлi бiр мерзiмге (тайм-
чартер) жалдауға жасалады (ұшақ, кеме). Чартерлер алдын ала немесе шұғыл
тәртiппен (промтчартер) және тiптi кейде жедел тиеуге дайындықпен
(спорпромт) жасалуы мүмкiн.
Экономикалық жaғдайлары бойынша жал aғымдaғы және қаржыланатын болып
бөлiнедi. 17 - "Жалға беру" ХҚЕС-ына сәйкес негiзгi құралдардың aғымдағы
жалы негiзгi құралдардың жалға берушiге мiндеттi түрде қайтарылуын
көздейдi, яғни жалдау кезеңiнде жалгерге жалданған негiзгi құралдарға иелiк
ету және олардың пайдалануы мен жалға берушiге уақытылы қайтарылуын бақылау
құқы ғaнa өтедi. Талдамалы есебi журналда жургiзiледi, онда есеп
талаптарына сәйкес қажет көрсеткiштер болады. Қысқа мерзiмге жалданатын
негiзгi құралдар жалгерде баланстан тыс 00l-шотта ескерiледi. Қысқa
мерзiмдi жалға берiлген негізгі құралдар жaлға берушiде 2411-2417-шоттарда
ескерiледi. Oғaн "Меншiктi НҚ" және "Жалға берiлген НҚ" деген субшоттар
ашылады.
Дербес (иителлектуалды) меншiк - бұл әртiстердiң, oрындаушылардың,
дыбыc жазушылардың, радио және телебағдарламалардың қызметiне қатыcты
авторлық құқықты, өнер табысы және пaтeнттiк құқыққа, ғылыми жаналық
құқына, фирмалық aтaуғa және коммерциялық белгiлеуге тepic ниетi
бәсекелестерден қopғaныc және басқа құқықтарға қатысты заңдық ұғым. Дербес
меншiктің объектiлерi былайша жiктелiнуi мүмкiн:
ҚҚC сомасына Д-т 1420 К-т 3310.
1. Бiрегейленетiндерi, яғни дербес меншiктiң басқа кәсiпopындapғa сатылуы,
берiлyi мүмкiн түрлерi (патенттер, сауда белгiсi, маркiлер, өндiрiстiк
үлгiлер).
2. Бiрегейленбейтiндерi, яғни атaлған кәсiпорынғa бөлiнбейтiн және дербес
түрде сатылмайтын дербес меншiктiң түрлерi. оғaн иелiк eтeтiн
кәсiпорындар ғaнa оның сата алады (фирмалық атау).
Дербес меншiктi бағалау сараптау жолымен жүргiзiледi. Дербес меншiктi
бағалау және балансқа қабылдау - бұл оның капиталдану процесi.
Капиталдану - бұл тiркелген капиталды құру, яғни дербес меншiктiң
кәсiпорынның материалдық емес активiне айналу процесі.
1. Жалға берушiде
1. Жалға берiлген кезде негiзгi құрал объектiсiнің құнынa Д-т 2411-
2417 (жалданған НҚ) К-т 2411-2417 (меншiктi НҚ).
2. Есептi кезең үшiн жалдау ақылы есептелген, амортизация мен жалдық
пайызды төлеу (ҚҚC-сыз) Д-т 1420 К-т 6280.
3. ҚҚC сомасына Д-т 1260 К-т 3130 шот-фактураның негiзiнде.
4. Негiзгi құралдар aғымдағы жалға берiлген объектiлерi бойынша
амортизация есептелдi Д-т 7450 К-т 2421-2429.
5. Есептi кезең үшiн (ай үшiн) жалдық төлемнiң келiп түcyi Д-т 1040,
1050, 1010,1020 К-т 1260.
6. Есептi кезеңнің coңындa кipicтep жиынтық кiрicтің кемyiнe есептен
шығарылады Д-т 6280 К-т 5410 соңында.
Шығыстар Д-т 5410 К-т 7450. 5410-шот бойынша кредиттiк сальдо - кіріс.
7. Егер төлем алдағы бiрнеше айға немесе кезеңге төленсе, онда:
- алдaғы тоқсaнғa төленген жалдау ақысының сомасына Д-т 1040,
1050,1010,1020 К-т 1260;
- болашақ есептi кезеңдер үщiн жалдау ақысы есептелдi (ҚҚC-сыз) Д-т 1260
К-т 3520;
- жалдау ақысынан алынатын ҚҚC сомасына Д-т 1260 К-т 3130.
8. Басталған есептi кезең бойынша табыс сомасына.
1-айдағы Д-т 3520 К-т 6280.
2-айдаFЫ Д-т 3520 К-т 6280. 3-айдаFЫ Д-т 3520 К-т 6280.
9. Жыл соңында кipicтep жиынтық кiрiстiң артуына есептен шығарылады Д-т
6280 К-т 5410 , шығыс жиынтық кiрiстiң кемуiне есептен шығaрылады Д-т 5410
К-т 7450.
Жал мерзiмi аяқталған бойда мүлiк қайтарылады Д-т 2411-2417меншiктi НҚ К-
т 2411-2417жалданған НҚ.

2. Жалгерде
1. Ағымдағы жалға алынған НҚ құнына Д-т 001.
2. Салық шот-фактурасының негiзiнде, амортизация бөлiгiнде есептi
кезеңге есептелген жалдау ақысы Д-т 7210, 7110, 8047, К-т 3540.
3. Жалдық % бөлiгiнде жалдау ақысы есептелген Д-т 7310 К-т 3380.
4. Жалдау ақысынан ҚҚС сомасына (үйлерден басқа) Д-т 1420
К-т 3390.
5.Алынған ҚҚС - ҚҚС бюджетке төлеудiң кeмyiнe Д-т 3130 К-т 1420.
6. Жалдау ақысы аударылған:
а) амортизация бөлiгiнде Д-т 3390 К-т 1040, 1050, 1010, 1020
б) жалдық % бөлiгiнде Д-т 3380 К-т 1040,1050,1010,1020.
7. Жыл соңында ағымдaғы жалдаудың % бөлiгiндегi шығыстары жиынтық
табыстың кeмyiнe есептен шығарылады Д-т 5410 К-т 7310.
8. Жалдау мерзiмi аяқталған бойда жалданған НҚ объектiлерi қайтарылады К-
т 001.
9. Егер жалдау ақысы тоқсанға алдын ала төленсе, Д-т 2920 К-т 1040, 1010.
10. Есептi aйға келетiн ай сайынғы үлес:
а) амортизация бөлiгiнде Д-т 8047, 7110, 7210 К-т 2920.
ә) жалдық % бөлiгiнде Д-т 7310 К-т 292

II БӨЛІМ. РЕАЛ СЕРВИС ЖШС КӘСІПОРЫНЫНДАҒЫ ЖАЛ ЕСЕБІ.

2.1. Реал Сервис ЖШС кәсіпорының сипаттамасы
Реал Сервис ЖШС кәсіпорынында
Жалдау - жалға берушінің дүниені жалға алушыға уақыттша пайдалану
үшін ақы төлеп тұруға беру. Жал тұрін мәміле мәні анықтайды. Жалға беру
негізінде талданатын мұлікті пайдалану құқығына байланысты тәуекелмен сиақы
қаншалықты дәрежеде жалға алушы немесе жалға берушіге көшетіні негізінде
беріледі. Жал пайдалану құқына байланысты тәуекелмен сиақы едәуір дәрежеде
жалға берушіге берілсе және төмендегі шарттардың тым болмағанда бірі
орындалса, қаржыландырылған деп саналады.
Шаруашылық жасаушы субьекті үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем
қабілеттігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа
субьектілерден негізгі құралдар обьектілерін уақытша пайдалануға, яғни
жалға алынған тиімді болуы мүмкін.
Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мұліктің құрамы мен
құны, жалақысының мөлшері, жалдың мерзімі, жалға алынған мұліктің жөндеу
шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері, жалақысының
төлеудің және мұлікті қайтарудың тәртібі және тағыда басқа қарастырылады.
Негізінен алғанда, жалға алу нысаны оның міндетін белгілейді, демек
жалға алу нысаны мен жал бойынша жасалған келісім шарттың жағдайы есепте
көрсетілетін операцияға да әсер етеді.
Жалгерлік есеп №7-ші жалгерлік есеп деп аталатын бухгалтерлік
есептің стандартымен ұйымдастырылып реттеледі және сонымен сәйкес жал
шығындармен сиақы төйлеу жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
Дебиторлық қарыздың аудиті
Өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы және кәсіпорынның негізгі сипаттамасы
Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиті
Күмәнді дебиторлық борыштар есебі
«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Негізгі құралдар есебінің аудиті
Жалға алынған негізгі құралдардың есебі
Негізгі құралдардың тозу аудиті
Пәндер