Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1.1 Ақша нарығының жалпы түсінігі, мәні мен мазмұны

1.2 Ақшаның шығу тегі, мәні, қызметтері

1.3 Ақша нарығы туралы түсінік және оның функциясы

1.4 Ақша сұранысы, қасиеттері және ерекшеліктері

2 Ақша ұсынысының үрдісі. Ұлттық банктің ақша айналысын басқаруы

2.1 Қазақстан Республикасындағы ақша нарығының дамуы

2.2 Ұлттық банк және ақша базасы

3 Қазақстан Республикасындағы ақша нарығының құрылымы мен қаржылық
құралдары

3.1 Қазақстан Республикасындағы ақша нарығының жетілдіру жолдары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының ақша нарығының
теңдестігі жағдайы. Тақырыбымның жалпы бастамасы ақша жайлы айтылады. Ақша
дегеніміз-тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның
эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни,
ақша-тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде басқа тауардан бөлініп
шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі-барлық тауарларға ортақ балама
(эквивалент) рөлін атқару. Бұл курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші
бөлімде ақшаға жалпы түсінік берілген. Және де ақша нарығы түсінігінің мәні
ашылады, ақшаның қызметтері, ақша сұранысы, қасиеттері, ақша ұсынысының
үрдісі қарастырылады. Ал екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы ақша
нарығының дамуы туралы баяндалады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының
ақша нарығының теңдестігі жағдайы, Ұлттық банк және ақша базасына түсінік
беріледі. Ал үшінші бөлімге келсек, онда ақша нарығының жетілдіру жолдары
анықталады. Бұл курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы ақша
нарығының дамуын, ерекшелігін, проблемаларын, теориялық және практикалық
мәселелерін, сонымен қатар туындайтын қарым-қатынастарды қарастыру және
зерттеу болып табылады. Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді
орындау шарт:
- ақша нарығы экономиканың дамуындағы алатын рөлін көрсету және оның
мазмұнын ашу;
- ақша нарығын дамытудағы мемлекет тарапынан жүргізілетін несиелік
саясатына жан-жақты тоқталу;
- ақша нарығындағы субъектілердің қызметін несиелеудің тәжірибелік
мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
- ақша нарығын жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.

1 Ақша нарығының жалпы түсінігі, мәні мен мазмұны

1.1 Ақшаның шығу тегі, мәні мен қызметтері

Ақшаның ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар-бұл сату немесе айырбастау
үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің
белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды.
Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды
құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен
белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан
мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай
бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.
Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып,
өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.
Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз
бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары
бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне
ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылады (1 балта=5 құмра, 1 қой=1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар-
барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады.
Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық
формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық
бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір
тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның
жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық
эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар
қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір
халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде
әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің
нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас
құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға
байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда-
жылқы, сиыр, және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда-түйе; тундрада-бұғы
жалпы құндық эквивалент қызметін атқарды. Малды жалпы эквивалент ретінде
пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба
жұмыстарда нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің
көне Троя батырлары туралы поэмасывда өгізді құн өлшемі ретінде
пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалған ақшаларда
өгіз деген атау ойып өрнектеленіп жазылып жүрді. Латынның сөзі пекуния
(ақша) пекус (мал) сөзінен шыққан. Рупа (мал) сөзі үнділердің ақша
бірлігінің атауы рупия негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл
ақшаларға ауысқаннан кейін де мал деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый
1018 ж. былай деген біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун,
старосталардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады. Ол кездегі
қазынашы малшы, қазына, қазына жинау орны-мал ұстайтын орын деп
аталынды.
Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және т.б.).
Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарда, ал аң жүндері Солтүстік Америка
халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар
Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі
Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы
барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежельгі Русь елінде жүн ақша
жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алған орыстардың әскери
кассасында 5450 руб. Күміс пен 7000 руб. Жүн табылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып
табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай
өзгеріске ұшыраған жоқ. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Солтүстік
аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде
бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны-қара түсті (курила), ақ түсті (галиа),
аса қымбат-қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.
Әлемде әр түрлі экзотикалық ақшалар болған. Каролин аралдары тобына
кіретін Ява аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді.
Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске
түсіреді. Мұндай монеталардың диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға
дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы
иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты.
Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда
болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері-зәйтүн майы, күріш, кофе, какао,
құйма түріндегі тұздар, т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі
Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын
түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта
ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі
Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. ХҮІІ ғасыр Солтүстік Америкада
(Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар-біркелкі, төзімді, ұсақталынады,
және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі
нақтылана түсті. Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен
күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға
ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып
тыстаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді.
Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ уақыт
бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма бір уыс шеге деген
мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде
айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде
пайдаланылды.
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет
атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау
құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің
жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни,
бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі-ол жұмыс
уақытын, осы еңбекпен құралған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі
еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен
өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның
орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып
алу қасиетімен ерекшеленеді. Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі
ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау
үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында (алтын, күміс, мыс)
мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдан салмақтық
санын ақша бірлігіне бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға
масштабы олардың салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг
алғашында күмістің фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға
масштабы салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі-мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға
масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды
емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясында
(31,1 г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және
1973 жылдарындағы доллардың девальвациялануына дейін сақталды және
1980 жылдың қаңтарында 850 долларға дейін жетті.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбастамайды және бағалар
алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып
тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын
нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан
алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретінде көрінеді. Несие
ақшалар тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды көрсетеді, өйткені өзінің
құны жоқ.
Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды
өткізудегі делдал болып табылады. Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса
отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып
алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңестігі бойынша сай
келмейді. Сатушы, тауардың сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі
өзара сай келмеушілік жойылды.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
– тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
– оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
– ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар-ақша
белгілері орындайды.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы
негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады.
Қанша дегенмен бір ақша белгілі бір-несие тауар мәмілелеріне қызмет ететін
болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін олардың қажетті
саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бірақ
ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс
емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін
аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі
мүмкін.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысында ғана емес,
сонымен бірге қаржы-несие қатынастарында да қызмет етеді. Барлық ақшалай
төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:
– тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
– еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
– мемелекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
– банктік қарыз, мемелекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық
міндеттеме;
– сақтандыру міндеттемелері;
– әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде. Ақшаның төлем және
айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның
қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымның екі актілері Т-А және А-Т айырылумен
байланысты.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық
байланыстардың интернацианалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы
дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік
ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу
құралы ретінде қызмет етеді. Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар
(алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы
Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.

1.2 Ақша нарығы туралы түсінік және оның функциясы

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың
ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар
мен сатыпалушыларға ақша қаражаттарын бөлу және қайта бөлу механизмін
қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады.
Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Жалпы эквивалент осы аталған ерекшеліктерге ие болғандықтан тауар-
эквиваленттен жеке бөлінеді. Одан әрі дамыту процесінде металдан
тауарлардың жалпыға эквиваленті ретінде ақша бөлініп алынады, өйткені аз
ғана сан үлкен құнды қамтиды.
Осылайша, тарихи ақша тауарлардың жалпы әлемінен бөлініп, ең алдымен
оның өзі бір мезгілде жай және өзіндік ерекшелігі бар тауар-ақша болды.
Одан арғы тарихында ақшаның тауарлық формасы жойылады да жаңа формаға
көшеді. Қазіргі заманғы кезенде борыштық міндеттемелер туралы тиісті жазуы
бар банк ақшалары пайда болды. Оның пайда болуына тауар алмасу процесін
жүзеге асыруға қажетті тауарлық қатынастардың тұрмыс-тіршілікте кеңінен
қолданылуы себеп.
Осы тауар айналымын бұлайша бөлуге ақшалай қатынастардың дамуы,
жинақтау құралы және төлем құралы ретінде ақша функциясыларының пайда болуы
себепкер болды. Ақшалай қатынастардың пайда болуы мен дамуы тікелей баспа-
бас операцияларды жүзеге асырудың мүмкіндіктерін бірден төмендетіп тастады.
Ақшаға деген қажеттілік нақты тауар ретінде болатын еңбектің екі жақтылық
сипатындағы қайшылықты жою үшін туындайды. Ол тек бір ғана жолмен-жалпыға
ортақ эквиваленттегі тауарлардан ақшаны жеке бөліп алумен шешіледі.
Ақша бастапқыда әртүрлі ұлу қабыршағы, мал мүлік және т.б. формаларда
болды. Содан кейін оларды алтын, күміс және бақыр тиындар алмастырды. Ал
тиын формасын несие деп аталатын ақша алмастырды.
Несиелік ақшаның ең алғашқы тарихи түрі вексель. Ол иесіне қарыз
алушылардан белгіленген мерзім ішінде осы аталған ақшалай соманы төлеуін
талап етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде болды. Вексель,
сондай-ақ, басқа тұлғаға да берілуі мүмкін. Ол осылайша белгілі бір ақша
түрінде болады, бірақ мұнымен жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқармайды.
ХІV ғасырдың соңында алтын монометаллизм жағдайында банкир векселі
ретінде болатын несие ақшасының әртүрлілігі ретінде банкнот пайда болды.
Банкнот эмиссиясын алғашқыда кез келген банк жүзеге асыратын, бірақ эмитент
рөлін ақырындап мемлекет өз мойнына алды.
ХVІ-ХVІІ ғасырларда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу қолданысқа ене
бастады. Сонымен бірге, несие ақшасының жаңа формасы-белгілі ақша соммасын
чек иесіне төлегені немесе оның артына аударғаны жайлы банк шоты иесінің
жазбаша бұйрығын білдіретін чек пайда болды.
Бүгінгі таңда тәжірибеде тауарлар алтынмен емес, қағаз-несие ақшасына
теңеседі, ал алтынмен арадағы байланысының үзілуіне олардың қымбат
металдармен еркін айырбасталуының тоқтауы себеп болды. Ендігі жерде несие-
қағаз ақша жалпыға ортақ эквивалент ретінде алға шығып, алтынның рөлін
атқарады. Ақша ретінде құн белгілерін пайдалану оған бірқатар тауарлық
сипаттарды береді: олар сатылады және сатып алынады, тауарларға
айырбасталады.
Ақшаның салыстырмалы жаңа формасы девиздер-халықаралық есеп айырысуда
қолданылатын шетелдік валютадағы төлем құралы болып табылады. Алғашқыда ол
экспорттаушы импорттаушының атына жазып беретін коммерциялық аудармалы
вексельдер (тратта) түрінде болды. Девиздер халықаралық төлем айналымында
банкнот және шетелдік бағалы қағаздар түрінде болады. Олар көрсетілген
елдердің валюталарында халықаралық сауда мен төлем айналымында негізгі
рөлді де атқарады.
Бүгінгі таңда ұлттық, ішкі мемлекеттік айналымдардың және мелекеттік
ағындары ауысуларының арасындағы айырмашылық азайып келеді. Жоғарыда
аталған барлық ақша функциялары елдердің экономикалық ынтымақтастығында
толықтай қолданып жүр. Ақша нарығының негізгі функциясын былайша анықтауға
болады:
-төлем функциясы-опперацияларды жүзеге асыру процесінде оған
қатысушылардың арасындағы әртүрлі есеп айырысуларды жүзеге жүргізуге ықпал
ететін нарық;
- коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету-ақшалай міндеттемемен, яғни
вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді;
- есеп функциясы және т.б.

3. Ақша сұранысы, қасиеттері және ерекшеліктері

Ақша-төлем немесе халықаралық айырбас құралы.
Ақша сұранысын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс
тұрғысынан қарастырамыз. Бұдан мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы
жеке адамдардың иемденетін ақшаларының сатып алу қабілетіне байланысты:
1) Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
2) Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғары-
дағыдай өзгерістер болмайды.
Өзгерістер байқалмаған жағдайда төмендегіше айтамыз. Егер баға
деңгейдегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам
ақша сұранысына ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің
өзгеруіне орай әрекет еткенмен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады
да, ол бәрібір ақша салымынан зиян шегеді.
Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс
сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды
болатынын көреміз.
Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің
бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз
мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.
Ақша сұранысын айқындайтын негізгі үш себеп бар. Табыстағы өзгерістер
мен пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістердің ақша сұранысына әсерін көруге
болады.
Сөйтіп, төмендегі үш теория Кейнстің ақша ұстаудағы үш теориясымен
сабақтас келеді:
- Келісімдер мотиві, мұнда ақша сұранысы әрдайым төлем ретінде
қолданылады;
- Сақтық аргументі: ақша сұранысы күтпеген кездейсоқтыққа тап болады;
- Жалдаптық дәлел: жеке адамдар қолындағы активтер мен ақша құнына
сенімсіздік білдіреді.
Келісімдер мен сақтық дәлел туралы сөз болғанда, біз негізінде М1
жөнінде айтамыз, себебі М2 мен М3 жалдаптық дәлелге жатады.
Ақша сұранысын талқылағанда 2 тұжырымға сүйенеді:
- монетарлық;
- кейнстік.
Классиктер ақша сұранысын мына теңеу арқылы түсіндіреді:

МV=PҮ
(1)

М - айналымдағы ақша көлемі;
V - ақша айналымының жылдамдығы;
P - баға деңгейі;
Ү - өнім шығару көлемі
Сандық теория тұрғысынан ақшаға сұраныс екі мотивке негізделеді. 1 -
мотив бойынша адамдар мен фирмалар ақшаны төлем құралы ретінде қажет етеді.

Мәміле жасау үшін керекті ақша көлемі: тауар жиынының көлемі, баға,
жиынтық табыс, ақша айналымының жылдамдығына тәуелді болады.
Сұраныстық 2-мотиві сақтық мотиві бойынша сұраныс деген атқа ие
болады. Ол адамдарды көзделмеген төлемдерге кез болғанда пайда болады. Бұл
үшін оларды белгілі бір ақша қоры болуы керек. Оның көлемі көзделмеген
шығындар көлеміне байланысты болып, ал оның өзі ұлттық табысқа тура
пропорционал болу керек. Бұл екі сұраныс пайыз мөлшерлемесіне тәуелсіз
болғандықтан, 1-суретте ол тік сызық ретінде көрсетіледі.
Дж. Кейнс ақша сақтаудағы үшінші мотивті-жалдаптық мотивті бөліп
көрсетті. Бұл жағдайда ақша қорының дивидент әкелмеген кезі қарастырылады.
Жалдаптық сұраныс кезінде ақша қаржы активтерін сату және қайта сату
арқылы табыс әкеледі. Келесі формула жоғарыда айтылғандарды суреттейді:

і
і

0 (а) 0
(ә) М

0
М
(б)
Сурет 1 - Ақша сұранысы
а-трансакциялық, ә-жалдаптық, б-жалпы

Классикалық және кейнстік тұжырым ақша сұранысында келесі фактор-
ларды бөліп шығарады:
- табыс көлемі Ү;
- пайыз мөлшерлемесі І.
Классикалық теория ақша сұранысын табыспен, ал кейнстік керісінше
пайыз мөлшерлемесінен байланыстырады.
Инфляция факторын жою үшін ақшаға нақты сұраныс көрсеткішін
пайдаланады (МР), ал сұраныс функциясында атаулы пайыз мөлшерлемесі і
пайдаланылады.
1(б)-суретінде жалпы ақшаға сұраныс қисығы трансакциондық және
жалдаптық сұраныстарды горизонталды қосу арқылы алынған. Ақша сұраныс М і
осін қиып өтпейді, өйткені трансакциялық сұраныс және ақшаға сұраныс мотиві
бойынша пайыз мөлшерлемесінен байланыссыз, ол табыс деңгейімен анықталады.
Ақша сұранысы-нақты балансқа сұраныс, оның саны емес, сатып алу
қабілеті бар, оның негізгі анықтамасы төлем құралы болып табылуы. Инфляция
жағдайында ақша сатып алу қабілетін жоғалтады, ақша құнын инфляция
айқындайды. Инфляция мөлшері жоғары болса, нақты баланс саны төлем болады.
Табысына қарай халық ақшаны аз мөлшерде жұмсаса, жылдамдық арта түседі.
Сонымен қатар, ақша сұранысы теориясына, оның қасиеттері мен
ерекшеліктеріне, икемділігіне тоқталып, келесі бөлімде қазіргі әлемдегі
ақшаның атқаратын қызметтері, жаңалықтары анық көрсетілді.
Ақша сұранысы қызықты мәселе, ол өз зерттелуінің жалғасын табады,
өйткені бұл тақырыптың өзектілігі өте мәнді.

1.4 Ақша ұсынысының үрдісі. Ұлттық банктің ақша айналысын
басқаруы

Басқа да нарық секілді, ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс
болады. Ұсыныс-ақша жиынының айналымы, яғни берілген мезетте мемлекеттегі
төлем құралы айналымының жиынтығы.
Ақша ұсынысы (М) екі қосындыдан тұрады: 1) Банк жүйесінен тыс қолда
бар ақша (С); 2) Экономикалық агенттер қажет кезде мәміле жасау үшін
қолданатын депозиттер (D). (Дәлірек айтқанда бұл М1 агрегаты).

МS=C+D
(2)

Қазіргі замандағы банк жүйесі-жеке резервті жабумен байланысты жүйе.
Банк депозиттерінің бір бөлігін ғана резерв түрінде сақтайды, ал қалған
бөлігін қарыз беру үшін және актив операциялар үшін пайдаланады. Басқа
қаржылық институттармен слыстырғанда, банктің ақша ұсынысын өсіру
мүмкіндігі бар.
Несие мультипликаторы-коммерциялық банктер жүйесі шеңберіндегі төлем
құралдарының эмиссиялық үрдісі.
Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрі жаңа депозит пайда болуының
нәтижесінде туындайды.
Ақша ұсынысының жалпы үлгісі Орталық банк рөлін ескере отырып жасалады
және банк жүйесіндегі депозиттік ақшаның бір бөлігінің қолма-қол ақшаға
ауысуы.
Ұлттық банк-заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық
құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялауымен
шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрінде болады.
Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі-теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды,
олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою және қолма-қол ақшаны
жинақтау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың атаулы
құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноттар мен тиындардың
сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасы Парламентінің
құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін
анықтау құқығы Қазақстан республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерінің
ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздіксіз оралып
отыру жолымен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноттарын өндіру және коммерциялық
банктерге ақша жинақтауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен
байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы
қаражаттарының қалындығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады,
соңымен қатар операциялық кассасындағы қолма-қол ақша қалдығына шек
қойылмайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша нарығы жайлы
Ақша ұсынысының үрдісі
Ақша айналымы және ақша агрегаттарының динамикасы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Ұлттық банк-Қазақстан Республикасының Орталық банкі
АҚШ банк жүйесі
Ақша ұсынысы мен ақша базасының теориялық негіздері
ҚЫТАЙ БАНК ЖҮЙЕСІ
Ақша айналысы
Ұлттық банк және оның банктік жүйедегі мәртебесі
Пәндер