Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ
І ТАРАУ. Бұлтартпау шараларының жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері ... ... ... ... ... ...
1.2 Бұлттартпау шараларының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ ТАРАУ. Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу ... ... ... ...
2.1 Қамауға алудың түсінігі, қамауға алу кезіндегі кепілдіктер
2.2 Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу кезінде тергеушінің өкілеттілігі, қамауға алудың процессуалдық тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді. Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қажеттігін туындатады.
Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу шарасына жүгінуге әкеледі.
Мемлекеттегі күштеу шарасы –заңда көзделген жағдайда еріксіз түрде қолданылатын адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық қағидасынан ауытқу.
Бұлтартпау шарасы–бұл мемлекет тарапынан еріксіз түрде тұлғалардың теріс әрекеті үшін қолданылатын шара .Бұлтартпау шарасы –айыпкерге –(сезіктіге) қатысты анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта обьективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде бұлтартпау шараларын бірін қолданады.Бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу-қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады және басқа бұлтартпау шарасы әлсіз болған кезде қолданылыды.
Қылмыстық процесс ғылымы саласында «бұлтартпау шарасы» институты диплом жұмысы ретінде алынуы , тек теориялық жағынан ғана емес,практикалық тұрғыдан өзектілігі басым.
1 Нормативтік құжаттар :
1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы . Алматы 1995ж, толықтырырулар мен өзгерістер 1998ж, Алматы «Жеті Жарғы»
1.2 Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. 1997ж. 16 шілде, өзгерістер мен толықтырулар 2003ж.
1.3 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі Алматы 2001ж,толықтырулар мен өзгерістер 2002ж Алматы «Жеті Жарғы»
1.4 Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсіндерме 2003ж,Алматы «Жеті Жарғы»
1.5 «ҚР прокуротура туралы» заңы 1995ж. 21 желтоқсан
1.6 «Жедел іздестіру туралы» заңы 1994ж. 25 қыркүйек
1.7 «Ішкі істер органдары туралы» заң 2002ж. 9 тамыз
1.8 Комментарий к Уголовно-Процессуальному Кодексу РСФСР Москва 1999г
2 Арнайы әдебиеттер:
2.2 Алексеев С.С Проблемы теорий права Свердловск 1981г
2.3 Акинча Н.А Мера пресечения к несовершеннолетнему обвиняемому 1989г Саратов
2.4 Ахпанов И.С Возбуждение уголовного преследования и приминение мер принуждение 1999г Алматы
2.5 Астаншенков В.И Меры пресечения 1989г Москва
2.6 Белкин Р.А Собирание,исследование и оценка докозательств. 1989г Москва
2.7 Бородин С.В Обосновонность процессуальных актов следствия 1979г Волгоград
2.8 Гуткин И.И Некоторые вопросы теорий и практики приминение мер пресечение в Советском Уголовном процессе 1971г Москва
2.9 Гуляев А.П , Коморов В .В, Малиновкин С.М Комментарий к положению о порядке кратковременного задержания лиц подозреваемых в совершений преступлений 1982г Москва
2.10 Денежкин Б.А Гарантия неприкосновенности личности и избрание мер пресечение в отношений подозреваемого 1986г Москва

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. Бұлтартпау шараларының жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Бұлттартпау шараларының түсінігі, негіздері ... ... ... ... ... ...
1.2 Бұлттартпау шараларының түрлері ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
ІІ ТАРАУ. Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу ... ... ... ...

2.1 Қамауға алудың түсінігі, қамауға алу кезіндегі кепілдіктер
2.2 Бұлтартпау шарасының түрі қамауға алу кезінде тергеушінің өкілеттілігі,
қамауға алудың процессуалдық
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

КІРІСПЕ

Қоғамда құқұқ бұзушылықтың болуы мемлекеттік құқұқ қорғау органдар мен
өкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың қылмысты тез және толық ашуға, оларды
жасаған адамдарды әшкерелеуде белгілі бір әрекеттерді жасауды талап етеді.
Бұл әрекеттер құқұқ қорғау органдары тарапынан мемлекеттік мәжбүрлеу
шараларын қажеттігін туындатады. 
Қылмыс жасаған тұлғаға қатысты қылмыстың жолын кесуде қандай да бір күштеу
шарасына жүгінуге әкеледі.
Мемлекеттегі күштеу шарасы –заңда көзделген жағдайда еріксіз түрде
қолданылатын адам мен азаматтардың жеке басына қол сұқпаушылық қағидасынан
ауытқу.
Бұлтартпау шарасы–бұл мемлекет тарапынан еріксіз түрде тұлғалардың теріс
әрекеті үшін қолданылатын шара .Бұлтартпау шарасы –айыпкерге –(сезіктіге)
қатысты анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі
сотта обьективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық
әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған
кезде қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде бұлтартпау
шараларын бірін қолданады.Бұлтартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу-
қылмыстық элементпен күресудегі қару болып табылады және басқа бұлтартпау
шарасы әлсіз болған кезде қолданылыды.
Қылмыстық процесс ғылымы саласында бұлтартпау шарасы институты диплом
жұмысы ретінде алынуы , тек теориялық жағынан ғана емес,практикалық
тұрғыдан өзектілігі басым. 

І ТАРАУ. БҰЛТАРТПАУ ШАРАЛАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, негіздері

Бұлтартпау шарасы – айыпкерге (сезіктіге) қатысты анықтаудан, алдын ала
терегеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге
және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды
жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай – ақ
үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган
өз өкілеттігі шегінде ол адамға осы ҚР ҚІЖК 140 бабы бұлтартпас
шарараларының бірін қолданады. Бұлтартпау шарасын қолдану – азаматтың жеке
бас бостандығын шектеумен байланысты болып келеді бұл жерде айтылып
кететіні – жеке басқа қол тиіспеушілік, тұрғын жердің таңдауы.
Бұлтартпау шарасы тек заңда негізделіп көрсетілген қатаң түрде заңда
тағайындалу тікелей көрсетілген ретте және арнайы құқықтық процедурада
тағайындалады.
Бұлтартпау шарасының өзіндік спецификалық жеке мақсаттары бар:
1. Айыпкердің анықталуын, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады.
2. Істі объективті зерттеуге, талдауға бөгет жасайды
3. Қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады
4. Үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін 
Бірінші мақсатқа жетуде – тергеу әрекетін жүргізуде айыпкердің қатысуы, сот
талқылауына қатысуы жасалған қылмыстық зардабынан келтірілген залалдың
орнын толтыруын қамтамасыз ету. Осымен қатар 
тергеу әрекетінде, сот талқылауында айыпкердің қатысуы өзінің әрекеті үшін 
қандай да бір көрсетінді беруге міндетті еместігі қарастырылуы керек.
Екінші мақсатта, айыпкерлердің куәгерлермен, жәбірленушімен, сарапшымен
өзге де айыпкерлермен ымыраласуға, заттық дәлеледемелерді және құжаттарды
жойып жібермеу үшін бұл мақсат, айыпкер жоғарыда көрсетілген әрекеттер үшін
белгілі бір жауапкершілікті жүктемейді.
Үшінші мақсат, созылмалы (жалғаспалы) қылмыстарды айыпкердің басқа да
қылмыс жасалуын болдырмау үшін, алдында көрсетіліп кеткен екі мақсат
бұлтарпау шарасын қолдануға байланысты емес, айыпкер тарапынан білгілі бір
теріс әрекеттің болдырмауын алдын алады, ескертеді.
Сондықтан бұлтарпау шарасы атауы сол институттың толық түрде мәнін
ашпайды. Бұлтартпау шарасы айыпкермен тыйым салынған рұқсат етілмеген
әрекеттермен шұғылданудың жолын кеседі, сонымен қатар білгілі бір
әрекеттерді қамтамасыз етеді. Кейбір авторлар осындай негіздерді алға ала
отырып, қамтамасыз ету шарасы деп те атаған.
Төртінші мақсат, бірінші мақсатқа сәйкес келетін жақтары бар. Айыпкердің
тергеу мен соттан жасыруын ескерте отырып, болашақта үкімнің орындалуын
қамтамасыз етеміз. Бірақ, кейбіреулер бұл мақсатты әр-қалай түсінеді.
Олардың көзқарасы бойынша: бұндай мақсатта тек сот ғана айыптау үкімін
немесе аппеляциялық инстанцияда өзгеріссіз қалдыру кезінде ғана
қолданылады. Сонымен қатар сот өзімен шығарылған үкім немесе үкімнің
өзгеріссіз қалдырыуын жүзеге асыруын қамтамасыз етуде қажет деп есептейді.
Бірақ бұл мақсат бірініші көрсетілген мақсат, яғни сотталушының жасырылмауы
кезінде ғана орындалады. Орындалуы, атқарылуынан жасырынбауын алдын алу.
Көрсетілген мақсатта бұлтартпау шарасын таңдап алуда дәлелді мән-жайлар,
негіз бола алады. Айыпкердің анықтаудан, тергеуден, соттан және үкімнің
орындалуынан, жасырынады, ақиқатқа жетуге кедергі жасайды, қылмыстық
әрекетін жалғастырады деген дәлелдемелер дәлелдер болған ретте ғана
бұлтартпау шарасы қолданылады. Бұлтартпау шарасының таңдап алуда жоғарыда
көрсетілген айыпкердің әрекетінде белгілер болған ретте болжамды дәлелдеу
қажет.Бұндай жағдайда дәлелдеу болжамдық кезге сүйенеді, яғни болашақта
болуы мүмкін деген
1. Айыпкер өзін қалай көрсетеді, 
2. сот өндірісінің мақсатқа жетуіне кедергі 
келтіре ме? – бұл дәлелдеменің ерекшелігі осында болады.
Тағы бір ерекшелігі – шығарған тұжырымның болашақта болуы мүмкін, болжамды
болуы. Үшінші ерекшелігі – дәлелдеменің пәні жеке дара, автономды болуы,
яғни сол қылмыстық істегі дәлелдемелердің жалпы пәнінен бөлек болуы. Аталып
кеткен ерекшеліктерден басқа салыстырмалы ерекше жағдайлар, егер айыпкер
өзін жағымсыз жағынан теріс қылық көрсетсе, бұнда қажетілігін дәлелдеу
керек. Бұл жағдайда дәлелдеу ретроспекті жағынан, мән – жайды, дәлелдеп
бекіту қажет. Бұл ретте соттан жасырынбауы емес, үкімнің атқарылуын орындау
органдарына қатысты. Сонымен, мынадай ұсынысты жасауға болады: бірінші және
төртінші мақсаттарды біріңғай етіп, бір мақсатта шығаруға болады: айыпкерді
анықтаудан алдын ала тергеуден, соттан және үкімнің тәжірибе жүзінде
айыпкердің тергеуден, соттан жасырынады, ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді,
қылымыстық іс-әрекетті жалғастырады дегенді дәлелдеу мүмкіндігі өте қиын.
Айыпкердің әрекетін дәледеу көбінесе презумпцияға, яғни жорамалға
жүгінеді.1 Бұлтарпау шарасын қолдану негізі қылмыстық істегі
дәлелдемелермен біргеТек осындай шарттар, жағдайында ғана істі тексеруде
прокурор және сот бұлтарпау шарасын таңдап алудың негізділігін және
заңдылығын қадағалай алады. көрсетілуі қажет. Айыпкердің жасырыну мүмкін
екендігі, ақиқатқа жетуге кедергі 
келтіреді дегендігі, немесе қылмыстық әрекетті жалғастырады деген
тұжырымдарға дәлелдеме болса, бұлтарпау шарасын қолданудың негізді
негіздері болып табылады (основаниями оснований)2. Бұған жедел түрде
алынған деректер кірнейді, бұндай деректер қылмыстық іске қатысы жоқ және
сот бағалай, тексере алмайды. Әрине, жедел іздестіру кезінде өте құнды
мәліметтер алынады. Бұлтарпау шарасын қолдануға қатысты негіздерді. 
Мысалға: айыпкер жасырынуға әрекет жасауда, куәлермен, жәбірленушілер-мен
ымыраласуда және сотты алуға деген мәліметтер алынған жағдайда. Жедел
іздестіру қызметкері бұндай мәліметті тергеушіге хабарлайды. Тергеуші жедел
түрде алынған мәліметтерді мәліметтер бар тұлғалардан жауап алу әдісіне
және өзге де процессуалдық әрекеттер жүргізіп, тек осыдан кейін бұлтарпау
шарасын қолдануға шешім шығарады1.
Жедел іздестіру қызметі мен алынған мәліметтер жария ету мәліметтің қайнар
көзіне көптеген жағдайларда рұқсат етілмейді. Бұндай жағдайда 
тергеуші бұлтартпау шарасын іске қатысты дәлелдемелер негізінде, бірақ
сонымен қатар жедел іздестіру қызметімен алынған мәліметтерді бағалау
арқылы таңдап алады. Соңғысы тергеушінің дәлелді шешімін шығаруда ерекше
орын алады. Осымен қатар бұлтарпу шарасын таңдап алуда қажетті шарттар:
айып тағудағы айыптың ауырлығы, сезіктінің жеке басы, немен шұғылданады,
жасы, денсаулық жағдайы, отбасылық жағдайы. Бұл осы мән – жайлар жанама
дәлелдеме де айыпкердің жасырынуға, ақиқатқа жетуге кедергі жасайды, немесе
қылмыстық әрекетті жалғастырады деген дәлел болады. 2
Екі немесе одан да көп мән жайлар бір бағытта әрекет етсе, сол таңдап
алынған бұлтартпау шарасын жасалған тұжырымның дәлелдеме ретінде
бағалануына қажеті болады. Қарсы бағыттағы мән жайлардың болмауы, бұндай
тұжырым жасауға кедергі болады. Әрбір мән -жайлардың бағасы бір жағдайда:
басты орында айыптың ауырлығын алса, келесі бір жағдайда айыпкер жасы, оның
денсаулығын алады.
Сонымен, бұлтартпау шарасын таңдап алуда негіздері бекіту екі топты
дәлелдемелер қатыстырылады:
1. Осындай тікелей негізді куәландыратын
2. Жанама мән – жайлардың бар жоқтығын куәландыратын айып
Тағылған айыптың ауырлығы мән – жай ретінде заңда нақты атап көрсеткен,
яғни, заң айыпкерді қамауға алуда тек екі жылдан асқан бас бостандығынан
айыру жазасын қылмыстың ауырлығына қарай қолданады. Сонымен қатар айып
тақпай тұрып та бұл түрін таңдап алуға рұқсат береді. 
Жеке басын анықтау айыпкердің бұлтартпау шарасын қолданғанда жанұядағы
жағдайы, еңбеккее де қатынасы, шыншылдығы, қарастырылады. Шұғылдану түрі –
айыпкердің бұлтартпу шарасын қолдануда нақты бір түрде: айыпкер жұмыс істей
ме? Немен шұғылданады, ұжымдағы қарым – қатынасын қарастыру: Айыпкердің
жасы – бұл оның интеллектуалды және өнегелі дамудың, белгілі бір ортаға
қалыптасуы бұл да бұлтарпау шарасын таңдауға әсер етеді. Тәртіп бойынша,
өте қарт адамды қамауға алудың қажеті жоқ, ол адам тергеу мен соттан
жасырыну жағдайы жоқ. Кәмілетке толмағандарды қамауға алу ерекше бір
жағдайда ғана, өйткені, сыртқы ортадан бөлу яғни изоляциялау қалыптасып
бітпеген психикасына кері әсер етеді, рухын, ішкі жан дүниесіне, өтірік
көрсетінді беруге әкеп соғады. Айыпкердің денсаулық жағдайы кейбір
жағдайларда толық түрде қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдап алуда қажеті
жоқ, бұған айыпкердің өміріне қауіп төндіретін ауру, шұғыл түрдегі
операция, науқастығы. 
Басқа бір жағдайда бұлтартпау шарасын таңдауда науқастың ауырлығы және
мерзімнің ұзақтығы. Бұл мән жайды анықтау үшін кейбір реттерде сот
медициналық сараптама тағайындалады. Ауыр науқас адамды қамауға алу арқылы
тергеушіге керек көрсетінділерді алу, сотта бағалауда көрсетінді тұлғаның
науқас кезінде алынды ма? соны қарастырады. Семьялық жағдайда бұлтарпау
шарасын таңдауда айыпкердің отбасында жайлы екендігі, қолында кәмілетке
толмаған балалары болуы, қарт әке – шешенің болуы. Бұл негіз соттан,
тергеуден жасырынады дегенге, ақиқатқа жетуге кедергі болады деген жорамал
болуына қарсы мән жайлар болады. Өзге де мән жайлар ретінде, аяғының
ауырлығы, әскери қызметке шақыртылуы, лауазымды орын, соттылығы,
отан алдындағы қызметі үшін марапатталуы. 
Біздің заңнамамыз айыпкерге қатысты. ҚІЖК 139 б қоспағандағы бұлтартпау
шарасын қолдану үшін белгілі бір күдік күшін талап етпейді, кейбір автордың
пікірінше, бұған қажеттілігі жоқ, яғни айыпкер ретінде тануға деректі
дәлелдеме болса жетеді дейді. Бірақ айыпкер ретінде танымаған адамға да,
сезіктіге де бұлтартпау шарасын қолдануға мүмкіндік бар. Егер тарихқа
сүйенетін болса, кеңес дәуірінде әсіресе, әсіре сілтеушіл Сталин заманында
күдік болған жағдайда, ештеңеге қарамай басты дерек (факт) сол адаммен
нақты қылмыс жасалғанын дәлелдемей – ақ күдікке сүйеніп бұлтартпау
шарасының ерекше түрін – қамауға алуда қолданған. Күдік бұл тек адамды
айыпкер ретінде танимыз ба, танымаймыз ба? мәлімет үшін ғана, тұлғаны
қамауға алуға жеткіліксіз болып табылады. Тергеуші бұндай жағдайда
бұлтартпау шарасының жеңіл түрі – ешқайда кетпеу туралы қолхат алса
жеткілікті.
Айыпкерге қорғану құқығын қамтамасыз ете отырып тергеуші қамауға алу
бұлтартпау шарасының негізді екендігін және сотта қысқартуға немесе
сотталушы ақталған жағдайдағы мәселені бірінші қарастыруы қажет. Әлсіз
күдік қамауға алу заңсыз болады, тергеуші алдын ала тұлғаның қашып
кететіндігін (жасырынатындығын) білсе де, қолданбауы керек сонымен қатар
күдік күші арқылы айып тағылмаған адамды да қамауға алуға құқық бар. Осымен
қатар айыпкердің өзіне қатысты қандай дәйектер бар, олардың күші қанша бұл
туралы айыпкер біле ме? Соны алға алу керек. Егер айыпкер білсе тергеуден
жасырынады. Ақиқатқа жетуге кедергі келтіреді. Бұлтартпау шарасын таңдаудың
негіздері мен мән -жайлары айыпкердің субъективті құқы ретінде қарастыруға
болады1. Осыған қарсы анықтау, тергеу, сот, прокуротура органдарының
міндеті бұлтартпау шарасының түрін таңдағанда, оны өзгерткенде, күшін
жойғанда (яғни, алып тастағанда) шешімдері дәлелді болуы керек. Бұған
субъективті құқыққа айыптан қорғану құқығы келмейді. Бұл жағдайда айыпкер
айыптан қорғанбайды, ол негісіз бостандығын шектеуден және жеке басқа қол
сұқпаушылықтан қорғанады. Бұлтартпау шарасын қолдану үшін анықтаушы,
тергеуші, прокурор, соттың деректі негізделген процесуалды құжатты болады.
Бұл ресми шешімі қаулы, ұйғарымы бұлтарпау шарасының қолдануы мен
атқарылуына заңды негіз болады1. Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы
дәлелді және шараны қолдану үшін негізділігінің бар екендігіне заң қатаң
талап қояды. Дәлелді деген сөз – негізділік осындай шараны қолдануға нақты
тұжырым, дәлел бар екендігі. Дәлелді қаулыда ішінде: қандай нақты қылмыс
жасалды, ҚРҚК қай бабы бойынша сараланды, жазылуы керек. Тәжірибеде
мынандай да жағдай болады, тергеуші айыпкердің әрекетін алдын ала жоғары
түрде саралайды, яғни ҚРҚК жазасы жоғары бабымен саралайды бұл арқылы
айыпкерге қатысты қамауға алу таңдайды. Бұл тәжірибе заңсыз деп танылады.
Сонымен дәлелді қаулыға бұлтартпау шарасын қолдануға негіздер: 
Бұлтартпау шарасын қолдану заңда көздеген негіздер болғанда ғана. Жалпы
негіздер бұлтартпау шарасын таңдауда барлығын бірдей әрекет етпейді. 
Мысалы: ешқайда кетпеу туралы кемесе кепіл.
Дәлелдіге қаулыда бұлтартпау шарасын таңдауда айыпкердің кінәлі екендігін,
қарастыру қажет пе? Көптеген пікірлер айтылуда2. Кінәлі екендігін танытатын
дәлелдеме айыпкер ретінде танудағы қаулыда қарастыру керек. Бұған бөлек
қаулы шығарылады. Бұл жағдайда айыпкер өзінің не үшін айыпталу және
бұлтарпау шарасын қолданудағы негіздерді біледі. Егер барлық дәлелдеме
жиналса оны қолданудың еш қателігі жоқ, бұл жағдайда айыпкер неге осындай
бұлтартпау шарасы таңдалғандығын білуі керек. Заңға сәйкес бұлтартпау
шарасын қолданған кезде тұлғаның науқастығы, аяғы ауырлығы, туралы мән
жайларды анықтайтын дәлелдемелер болған ретте айыпкерге бұлтартпау шарасы
таңдауда ерекше түрін таңдамауын қамтамасыз етеді. Қаулының көшірмесін
тергеуші айыпкердің қолына береді. Бұл бұлтартпау шарасын таңдауға шағым
жасауға мүмкіндік береді. 
Айыпкерден оның кінәлігін дәлелдейтін дәлелдемені жасырудың қажеті жоқ,
егер айып тағу кезінде адвокат – қорғаушы қатыса. Оның қатысуы барлық іс
материалдарымен танысады, өзінің қорғаушысына іс материалы туралы 
хабарлама береді. Заң ерекше жағдайларда бұлтарпау шарасының түрін таңдауда
2 жылға дейінгі қамауға алғанда қаулыда бұл жағдайда ерекше жағдай ретінде
негіздеп көрсетуі керек. Қазіргі кезде бұлтарпау шарасының түрлері
кәмілетке толмағанды, қарауына беру сияқты бұлтарпау шарасын көптеген
пікірлер бойынша ол – айыпкерге қатысты тәрбиелеу шараларының бірі ретінде
қарастырады. Жеке ретерде тергеуші кәмлетке толмағанды тергеу изоляторынан
басталады және ол түрме әкімшілігімен жалғасын табады деген пікірлер
айтылады. Бұл айыпкердің кінәсін мойындап шын өкінуге өзінің істеген
қылмысын еңбегімен кінәсін жуу. Бұндай көзқарастар көптеген даулы және қате
қозғалыстарды туындатады. Үкім шыққанға дейін және ол орындалғанға дейін
айыпталушы кінәсіз деп танылады (кінәсіздік презумпциясы). Тұлғаны ресми
кінәсі анықталғанға дейін қалай кінәлі деп 
тауып, оған тәрбиелеу шарасын жүргізеді. Мынандай да жағдай болады, яғни
кінәсіз айыпталушыларда өкінеді. Тәрбиелеу шаралары, егер айыпкер өзінің
кінәсін мойындаса мақсатына жетуі болады. Тергеу изоляторы әкімшілігі
қамауға алынғанрдарды өздерінің кінәсін мойындауға, қылмысқа қатысқандарды
әшкерлеуге мойындатуға ешқандай құқықтары жоқ. Бұл тергеу изоляторының
қызметіне енбейді. Бұл жағдайда кінәсін мойындап келуі ерікті түрде
қамаудағыларда ашылмаған қылмыстарды мойнына алу өзге де қатысушыларды
қылмысына әшкерлеу үшін қамаудағы айыпталу-шыларды күштеуге құқықтары жоқ.
Сонымен, тергеуші айыпкерлерді қайта тәрбиелеуді қайта тәрбиелеуге құқығы
жоқ немесе бұндайды тергеу изолято-рының әкімшілігі өкілеттігіне беруге
құқығы жоқ. Бірақ бұл айыпкерге қатысты тәрбиелеу шарасын қолданбайды
дегенді білдірмейді. Егер айыпта-лушы тұжырымға ешқандай негіз болмаса,
прокурор, тергеуші жәбірленуші-нің сөзімен оған қатысты қамауға алынса бұл
заңға қайшы әрекет ретінде, тек айыпкерге қатысты негіз болған кезде ҚРҚІЖК
150 б. Қарастырылған негіздер болмаса айыпталушыны сотқа дейін қамауға
алмауға, егер ол ауыр науқас, кәрі болса, егер ол жасырынуға тырысады деген
тұжырым болмаса және ақиқатқа жетуге, жаңа қылмыс жасайды деген мәліметтер
болмаса, қамауға алуға қажеттілік төмендейді. Сонымен қатар сот үкіміне
дейін адамды қылмыскер ретінде тануға болмайды. Жәбірленушінің сөзімен және
бұқаралық ақпарат құралдарының алдында жақсы көріну үшін айыпкерді қамауға
алу – бұл заңға сәйкес қоғамда болып жатқан мәселелерді шешпейді, тергеу,
соттан жасырыну, ақиқатқа жетуге кедергі жасау, жаңа қылымыс жасау – заң
бұдан артық бұлтартпау шарасын таңдау үшін мақсат қоймайды. Бұлтартпау
шарасын таңдауға толық негіздер болған кезде тергеуші, сот, анықтама
органдары бұлтартпау шарасын таңдауға құқылы ғана емес, міндетті болып
табылады1. Бұлтартпау шарасын таңдауда негіздердің болуы тек мынандай
төменгідей құқықтық шарттар болған кезде орындалады. Біріншіден –
бұлтартпау шарасы тек қозғалған қылмыстың іс бойынша ғана таңдалады. Бұл
жеке тұлғаға қол сұқпаушылықтың басты кепілі, тұлғаның негісіз мәжбүрлеу
шараларын қолданудан қорғайды. Тек қамауға алу ғана емес, өзге де
бұлтартпау шараларын таңдауға – қолданбайды, егер оған айыпталушы,
сезіктіге қатысты қылымыстық іс қозғалмаса. Осыдан барып бұлтарпау шарасын
таңдауға құқығы жоқ тұлғалардың, қылмыстық істі қорғауға, тергеуге және
қылымыстық ісіті шешуге құқығы жоқ тұлғалар.
Екіншіден, бұлтарпау шарасын таңдауға, айыпкерге қатысты қылмыстың
жауапкершілік санкциясы қатал, жоғары болмау керек. Егер айыпкерге қатысты
қылмыстық кодекстің бабында көрсетілген санкцияда екі жылдан аспаса ол
адамға қатысты бұлтартпау шарасының түрі – қамауға алуды қолдана алмайды.
Заң, бірақ ерекше жағдайларда мысалы тұрақты жері, жеке бас анықталмаған
жағдайда ерекшелік жасайды. 
Үшіншіден: қандай да болмасын бұлтартпау шарасының түрін таңдағандар ол тек
айыпталушыға қатысты қолданылады. Бұл тәртіпке ерекше жағдай – 10 күнге
дейінгі прокурордың келісімімен сезіктіге қатысты бұлтартпау түрін таңдау.
Қазіргі кезде көптеген авторлар заңға мынандай толықтырма жасау керектігін
бұлтартпау шарасы тек айып тағылып және айыпкерден жауап алғаннан кейін
ғана таңдалуы керек деген көзқарастар айтуда. Бұндай тұжырым, бұлтартпау
шарасын таңдауға шешімде қате бұлтартпау шарасын таңдаудан қорғайды. Бұл
көрсетілген тәртіптен тек мынандай жағдайда ғана ерекшелік жасау керек:
Егер айыпкер тергеуден, жасырынса, оған қатысты іздеу жарияланса. Бұндай
жағдайда бұлтартпау шарасын таңдау айыпкер ретінде тануға және одан жауап
алғанға дейін қолданылады.
Төртіншіден: бұлтартпау шарасы тек қылмыстық жауапкершіліктің субъектісіне
жеткен тұлғаға ғана қолданылады. 16 жас ерекше реттерде 14 жас.1 Бұлтартпау
шарасының ерекше түрлерін таңдау кәмелетке толмаған-дарға қатысты,
әйелдерге және қарт адамдарға қатысты қамауға алу бөлімінде қарастырылады.
Есі дұрыс еместерге қатысты бұлтартпау 
шарасының түрі қамауға алу. Тергеу изоляторының ішінде құрылған арнайы
емхана палатасында орналастырылады. Бұндай адамдарға қатысты бұлтарпау
шарасы соттың мәжбүрлі медициналық шараны ұйымдастыру туралы шешімі
шыққанға дейін.2 Осындай бұлтартпау шарасын қолдануға негіз медициналық
құжат, науқастығын куәландандыратын сарапшы – психиатор-дың қорытындысы.
Есі дұрыс еместердің қоғамға қауіпті әрекет жасауы, қоғамға қауіп төдіруі
мүмкін болғандықтан тек 1 ғана бұлтартпау шарасы қамауға алу (ауруханалық
ретте) қолданылады 

1.2 Бұлтартпау шараларының тарихы және түрлері

Бірінші рет Кеңес заңнамасында бұлтартпау шараларының түрі және жүйесі
Әскери тергеушілердің ережесі 1919 жылы №1595. Реввоенсоветтің бұйрығымен
анықталып, бекітілген. Бұндай бұлтартпау шаралары төменгідей болған: 1)
Тергеушіге жазбаша түрде келіп тұруына жазбаша мендеттеме және тұрғын жері
мен қызмет орнынан ешқайда кетпеуі
2) Жеке қолға беру
3) Кепіл болу
4) Жақын жердегі басқармаға беру қадағалау үшін 
5) Қамау
Қандай бұлтартпау шарасын қолданғандығы туралы тергеуші басшылыққа айтып
отыру қажет болған. Бірақ, бұл ережеде қандай жағдайда жеке қолға беру және
қызметтік орнынан ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы дұрыс
түсіндірмеген және кейінгі біздің заңнамамыз дамыған сәттерде заңда бұндай
бұлтартпау шаралары көрініс таппаған. Жеке бұл дұрыс, өйткені, қызмет орны
және тұрғылықты жер тәртіп бойынша бір жерде орналасқан. Егер де айыпкер
өзінің кәсіпорынның, ұйымның жұмыс уақытты кезінде ешқайда шықпауы керек
делінсе бұл өте қатал және түсініксіз жағдай болушы еді. Айыпкер өзінің
жұмыс орнынан бәрібір өзінің үйіне қайтқанда ауысады. Сонымен қатар
бұлтартпау шарасының түрі ретіндегі қамау – бұл тергеу изоляторындағы
қамауға алу ма немесе үйде қамау ма? Қылмыстық іс жүргізу Кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар жүргізе келіп 1922 жылы: бұлтартпау шарасының 5
түрін көрсеткен олар:
1) Ешқайда кетпеу туралы
2) Кепіл болу жеке басына және мүлкіне
3) Кепіл
4) Үйде қамауда ұстау
5) Қамауға алу
Сонымен, тергеуге келуге жазбаша міндеттеме бұлтартпау шарасының түрінен
алынып тасталды. Тұрғылықты жерінен кетпеу, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен
ауыстырылды. Қолға беру бұл заңда кепіл болу соның өзінің – жеке басына
және мүлкіне деп түсіндірілді. Жеке кепіл (2 адамнан кем болмау керек)
тергеу мен соттан жасырынуға тырысқан кезде жеке кепіл болған адамның сот
бұйрығымен ақшалай алым алынған. Мүліктік кепілдікте бір кепілдеуші болуға
– бұл мүліктік, материалы бар тұлға және ұйымдар бола алады. Бұдан
шығаратын тұжырым, екі кепілдіктің – материалдық түрде екенін көреміз.
Алғаш рет кеңестік заңда үйде қамауда ұстау айыпкердің бас бостандығын
шектеу қоғамнан үйде ұстау арқылы бөлектеу бұл күзет қою арқылы немесе
онсыз жүргізілді. 1924 жылы анықтама органы қылмысқа қатысы бар сезіктіге
анықтама органның лауазымды адамы жауап алғаннан кейін қандайда бір
бұлтартпау шарасын қолдануға құқылы. Бірақ бұл ҚК көзделген баптың
санкциясы 1 жылдан кем емес бас бостандығынан айыру жазасы кезінде
таңдалады1. Тергеушіге анықтама органына таңдап алынған бұлтартпау шарасын
жоюға немесе басқа түріне өзгертуге құқық берілген. 1924 жылғы қылмыстың
заң бұлтартпау шарасындағы қамауға алу, тұтқындау бұл терминнің орнына
бостандықты шектеу – бас бостандығынан айыру дегенмен өзгертілді. Бас
бостандығын айыру бұлтартпау шарасы ретінде; егер айыпкер қоғамға қауіпті
деп танылса және айыпкерді бостандығынан айыру айыпкерді қоғамға қауіпті
деп өндірісті қозғаған жағдайда.2
Бас бостандығынан айыру кәсіби және еңбектік ұйымдардың жеке кепілдік
болуына айырбасталды, яғни ауыстырылды.
Бас бостандығынан айыру ақшалай және мүліктік кепілмен ауысты-рылған жоқ.
Анықтама органына барлық бұлтартпау шарасының түрін таңдап алуға құқық
берілген. Бас бостандығынан айырумен қатысты бұлтартпау шарасын таңдау үшін
жақын жердегі тергеушінің, халық соты мен прокурордың келісімін қажет
еткен. Анықтама органы қамауға алған адамдары туралы 24 сағаттың ішінде
сотты немесе тергеу органдары тергеушіні немесе прокурорды хабарлама жасауы
керек. 48 сағаттың ішінде 
хабарлама алған орган не келісімін немесе келісім бермегендігі жөнінде
хабарлама жібереді. Бұлтартпау шарасына жүйесі 1958 жылға дейін ешқандай
өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеген. 1958 жылғы қылмыстық заң мынандай
бұлтарпау шараларын қарастырған:
1. ешқайда кетпеу туралы қолхат
2. жеке кепілдік немесе қоғамдық ұйымдардың кепілдігі, және қамауға алу
өзге де бұлтарпау шаралары. 
1959 – 1961 жылдары бұлтарпау шарасы тағы да толықтырылды, кепіл, бақылау,
командования – мезгілсіз қызметтегі әскери қызметкерлер үшін, қызметке
толмағандарды әке – шешесі, қамқоршы, қорғаушының кәмлетке толмағандарды
жабық балалар ұйымдардың әкімшілігіне беру. Бұрыңғы ҚІЖК үйде қамауда
ұстау бұлтарпау шарасы алынып тасталды. Қамау, алдын ала қамауға алу
және бостандығынан айыру термині тұтқындау терминімен ауыстырылды. 1977
жылы Конститутцияда қайтадан бұрынғы термині қамауға алумен ауыстырылды.
Бұлтартпау шараларын таңдап алуды 2 үлкен топқа бөліп тастады:
1. Азаматтардың жеке бостандығын шектеу, сонымен қоса жүріп тұру
бостандығын шектеу (қамауға алу, ешқайда кетпеу туралы қолхат,
командованияның әскери бақылауына беру, кәмлетке толмағанды әке – шешенің,
қамқоршы, қорғаушының қарауына беру).
2. Тек психологиялық әрекет ету, шектеу: а) мүліктік (кепіл, жеке кепіл
болу) б) мүліктік емес (қоғамдық кепілдік, кәмлетке толмағанды қарауға
беру).
Бірінші топтағылар жеке бас бостандық толық түрде шектеледі. Екінші
топтағыларда айыпкерді әлеуметтік құндылықтардан айырмайды және құқтары мен
бостандықтарынан шектелмейді. Бұл жерде тек психологиялық қорқыныш, айыпкер
үшін қандай да болсын залал әкеледі делінеді. Қорқыныш бұл айыпкер үшін
нақты құндылықтан айырылып қалам ба делінеді. Мүліктік бұлтарпау шарасының
түрін таңдауда айыпкер үшін материалдық стимул. Ол өзінің бағалы затымен,
ақшасының кетуін қажет етпейді ол үшін кепіл төлеген адамдардың құндылығы
үшін өкінеді. 
Айыпкерде психологиялық күйзеліс бұлтарпау шарасы таңдалған түрін бұзған
кезде оған ауыр шара таңдалатыны ескертіледі.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі 1997 жылғы 13
желтоқсанындағы №206 18 тарауы Бұлтарпау шаралары 139 – 155 баптар арасы
қарастырылған. Қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде
сезіктіге немесе айыпкерге осы кодекстің 140 бабында көзделген бұлтартпау
шараларының бірін қолданады.
140 бапта бұлтартпау шараларының жүйесі көрсетілген1.
1) Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қол қойдыру
2) Жеке кепілдік беру.
3) Әскери қызметшіні әскери бөлім командованиясының бақылауына беру.
4) Кәмелетке толмағанды қарауға беру.
5) Кепіл болу.
6) Үйде қамауда ұстау.
7) Қамау. 
Бұлтартпау шараларын оның қайсысы қолданудың қажеттігі туралы мәселені шешу
кезінде Кодекстің 139 бабында аталған мән жайлармен қатар, 
тағылған айыптың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, жас мөлшері, денсаулық
жағдайы, отбасы жағдайы немен шұғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, тұрақты
тұратын жерінің бар-жоқтығы және басқа мән-жайлар ескертілуге тиісті.
Сезіктіге қатысты бұлтартпау шараларын қолдану ерекше жағдайларда ҚІЖК 139
б көзделген негіздер болған кезде және 141 бабында көзделген мән-жайлар
ескертіліп отырып қолданылуы мүмкін. Бұл реттегі айыптау сезіктіге
бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап 10 (он) тәуліктен
кешіктірілмей, ал енді сезікті адам ұсталып, содан кейін қамауға 
алынса – ұсталған кезден бастап осындай мерзім ішінде тағылуға тиіс. Егер
бұл мерзімде айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады.
Егер осы баптың бірінші бөлігінде аталған мерзім аяқталмағанға дейінгі
жиырма төрт сағатта қамауда ұстау орнының бастығына оған қатысты бұлтартпау
шарасы ретінде қамауға алу қолданылған сезіктіге айып тағу туралы хабар
келіп түспесе, қамауға ұстау орнының бастығы ол туралы қылмыстық істі
жүргізуші органға немесе адамға, сондай-ақ прокурорға хабарлауға міндетті.
Егер осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған кезде
бұлтартпау шарасын тоқтату немесе сезіктіге айып тағу туралы хабар келіп
түспесе, қамауға ұстау орнының бастығы ол туралы қылмыстық істі жүргізуші
органға немесе адамға, сондай- ақ прокурорға хабарлауға міндетті. Егер осы
баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім аяқталған кезде бұлтартпау
шарасын тоқтату немесе сезіктіге айып тағу туралы тиісті шешім келіп
түспесе, қамауға ұстау орны әкімшілігінің басшысы көшірмесін жиырма төрт
сағат ішінде қылмыстық істі жүргізуші органға немесе адамға және прокурорға
жолдайтын өзіннің қаулысымен оны босатады. 
Қамауда ұстау орны әкімшілігінің басшысы осы баптың екінші бөлігінің
талаптарын орындамаған жағдайда заңмен белгіленгендей жауапты болады. 
Бұлтартпау шараларын қолдану тәртібі.
Айыпталушыға бір мегілде екі және одан да көп бұлтартпау шараларын
қолдануға болмайды. 
Қылмыстық процесті жүргізуші орган бұлтартпау шараларын қолдану туралы
адамға ол сезікті болған немесе айыпталатын қылмыс пен осы бұлтартпау
шарасын қолдану үшін негіздің көрсетілуін қамтитын қаулы шығарады. Қаулының
көшірмесін соған қатысты шығарылған адамға тапсырады және онымен бір
мезгілде оған КІЖК көзделген бұлтартпау шарасы туралы шешімге шағымданудың
тәртібін түсіндіреді. 
Сезікті, айыпталушы оны болдырмау үшін осы кодекстің 144, 145, 146, 147,
148, 149 баптарында көзделген шаралар қолданылған әрекеттерді жасаған
жағдайда оған неғұрлым қатаң бүлтартпау шарасы қолданылады, ол туралы
айыпталушыға, сезіктіге тиісті қаулының көшірмесін тапсыру кезінде
жариялануы тиіс. 
Бұлтартпау шараларының жүйесі: қылмыстық іс жүргізу кодексі бұлтартпау
шарасының әрбір түрлерін, иерархия, яғни ауылрық сатысына қарай бөлген. 
Бүлтартпау шарасын тандап алуда сараптама жасауға болады, яғни оны қалай
бағалаймыз? 
Ең ауыр бүлтартпау шарасы әрине бізге белгілі қамауда үстау, өйткені бұл-
адамның бас бостандығын айрумен байланысты, бұл біршама құқықтық шектеулер
режимі тәртібіне бағынады. 
Енді сол бұлтартпау шараларының жүйесіне келейік. 
Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат, бұл КІЖК 144 бабында
көзделген ретте. Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру
қылмыстық процессті жүргізуші органның сезіктіден, айыпталушыдан
анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша
тұратын жерінен кетпеуге, сотта істі тергеуге және қарауға кедергі
келтірмеуге, белгіленген мерзімде қылмыстық процессті жүргізуші органның
шақыруы бойынша жазбаша міндеттемесін алуынан тұрады. Бұл нақты түрде
сезікті, айыпталушының аты, жөні, тұрақты тұратын жері көрсетіліп, қандай
бап бойынша жауапқа тартылғандығы, тергеу, сот органдарының шақыруы бойынша
дәл уақытында келуге міндеттеме береді және де егер осы берілген қолхатты
бұзса, КІЖК бабында көзделген қатаң бултартпау шараларын қолдануға
болатындығы түсін-діріледі. Сот, тергеу органдарының тәжирибесінде ешқайда
кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасының түрі бұлтартпау шарасының ең бір
эффективті түрі екндігін көрсетеді. 
Бұлтартпау шарасының екінші бір түрі ретінде жеке кепілдік 145 бап. 
1. Сенімге ие болған адамдардың олар сезіктінің немесе айыпталушының өзін
дұрыс ұстауына және олардың қылмыстық процесті жүргізуші органға шақыруы
бойынша келетіндігіне кепілдік беретіні туралы. 
Кепілдік берушілердің саны екіден кем болмауы керек.
2. Бұлтарпау шарасы ретіндегі жеке кепілдікті таңдауға тек кепілдік
берушілердің жазбаша өтініші мен оған қатысты кепілдік берілетін адамның
келісімі бойынша ғана жол беріледі. 1
3. Кепілдік беруші оған қатысты өзі кепілдік беретін адамның айыбының мәні,
кепілдік берушінің оған сезікті, айыпталушы бұлтартпау үшін осы шара
қолданылған әрекетті жасаған жағдайда ақшадай айып салынатындығынан тұратын
жауаптылығы түсіндірілгендігін растайтын жеке кепілдігі туралы қолхат
береді. 
4. Кепілдік беруші қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез – келген сәтінде
кепілдік беруден бас тартуға құқылы.
5. Сезікті, айыпталушы оны болдырмау үшін жеке кепілдік қолданылған
әрекеттерді жасаған жағдайды, әрбір кепілдік беруге сот ҚІЖК 160 бабында
көздеген тәртіппен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде ақшалай
айып салуы мүмкін.
Жеке кепілдік төменде қол қоюшылар деп өздерінің фамилиясы, аты – жөні,
тұрақты тұратын орнын толық түрде, кім болып қызмет ететіндігін, жеке басын
күмәндандыратын құжат нөмірін толық түрде жазады. Қай баб бойынша
айыпталушыға айып мөлшерін және кімге жеке кепілдік беретіндігін,
айыпкердің қайда тұратындығын, егер тұратын орнын ауыстыратын болса, ол
туралы тез арада хабарлайтындығына жеке кепілдік береді және ҚІЖК бойынша
жауапкершілікте болатындығына кепілдік береді . 
Әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілерді байқауы
146 бап.
1. Әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілер немесе оқу жиынына
шақырылған әскери міндеттемелер болып табылатын сезіктілерді,
айыптаушыларды байқауы ҚР қарулы Күштері мен ішкі әскерлерінің жарғыларында
көзделген және ол адамдардың тиісті мінез-құлқы мен олардың қылмыстық
процессті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуге тиісті
шараларының қолданылуынан тұрады.
2. Әскери бөлімінің командованиесіне ол бойынша аталған бұлтартпау шарасы
таңдалған істің мәні туралы хабарланады. Әскери бөлімінің командованиесі:
байқау орнатылған туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жазбаша
хабарлайды
3. Сезікті, айыпталушы оны болдырмау үшін аталған бұлтартпау шарасы
таңдалған әрекетті жасаған жағдайда әскери бөлімнің командованиесі ол
туралы осы бұлтартпау шарасын таңдаған органға жедел хабарлауға міндетті.
4. Өздеріне жүктелген байқау жөніндегі міндетті орындамағанына кінәлі
адамдар заңдарда көзделген тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
Кәмілетке толмағанды қарауына беру. 147 бап.
1. Кәмілетке толмағанды ата-анасының, қамқоршысының, қорған-шысының немесе
басқа да сенімге ие адамдардың, сондай-ақ, ол тұрып жатқан арнаулы балалар
мекемесі әкімшілігінің қарауына беру аталған адамдардың біреуінің кәмілетке
толмаған тиісті мінез-құлықы мен олардың қылмыстық процессті жүргізуші
органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуін өзіне қабылдайтың жазбаша
міндеттеме қабылдауынан тұрады.
2. Кәмелетке толмағанды ата-анасының және басқа да адамдардың қарауына беру
тек олардың жазбаша өтініші бойынша ғана мүмкін болады.
3. Қарауына қабылдау туралы қолқат алынып қойылған кезде ата-аналарға,
қамқоршыға, қорғаншыларға, арнаулы балалар мекемелер әкімшілігі өкілдеріне
кәмілетке толмаған сезік келтірмеген немесе ол айыпталған қылмыстық сипаты
туралы және қарауына алу жөніндегі өздеріне қабылдаған міндеттерін бұзған
жағдайдағы олардың жауаптылығы туралы хабардар етіледі.
4. Қарауына кәмілетке толмаған берілген адамдарға олар қабылдаған 
міндеттемелерін орындамаған жағдайда осы 145 бабының бесінші бөлігіндегі
және 160 бапта көзделмеген жазалау шаралары қолданылуы мүмкін.
Бұл аталған әскери бөлімдер командованиесінің әскери қызметшілерін
байқауы мен кәмелетке толмағанды қарауына беру арнайы бұлтартпау
шаралары ретінде қарастырады. Жеке кепілдік кәмілетке толмағанды қарауға
беру айыпкердің жалпы құқықтың мәртебесін шектемейді. Жеке ретте жеке
басына қол сұқпаушылық құқығына тиіспейді. Бұндай бұлтартпау шарасының
түрін таңдағанда ешқандай құқықтық шектеу, жеке кепілдік берген адамдар
бақылау мен қарауды жүзеге асырғанда айыпкер тарапына белгілі бір, қандай
да бір тәртіп, шартын бекітпейді. Осыған байланысты әртүрлі авторлардың
көзқарастары бар. З.Д. Еникеев көзқарасы бойынша кәмілетке толмаған
айыпкерге өз қарауында көшеде кешкі, түнгі уақытта жүрмеуге, спирттік
ішімдікті пайдаланбауға, танымайтын адамдармен кездеспеуге, үйден шығуына
байланысты шектеулер бұл талаптар құқықтық түрде емес өнегелікпен
мінезделеді. Айыпкердің бұндай талапты орындамауы, өзге бір бұлтартпау
шарасының қатаң түріне ауыстыруға себеп болмайды дейді – Н.А.Акинчаның
пікірі бойынша, кепілдік берген, немесе үйден шықпауын, спирттік ішімдік
пайдаланбауын қадағалау керек. Жеке ата – ана емес, тергеушінің өзі
кәмелетке толмаған айыпкерды түнгі уақытта кепілдік беруші айыпталушыға
қандай да болмасын теріс әрекет жасамауын сұрайды, бұл құқықтық міндеттеме
емес. Бірақ, жеке кепілдік берушінің айтқанын, сұрауын орындамауы, жеке
кепілдік беруші адамның тергеушіден бұндай бұлттартпау шарасын жоюды және
басқа түрін таңдау үшін өтініш жасай алады. 
Кепіл. 148 бап 
Кепіл сезіктінің, айыптаушының өзі не басқа жеке немесе заңды тұлға соттың
депозиетіне сезікті, айыпталушы анықтау, тергеу органдарына немесе сотқа
олардың шақыруы бойынша келуі жөніндегі міндеттемелерін орындауын
қамтамасыз етуге енгізетін ақшадан тұрады.1 Кепіл ретінде прокурордың
немесе соттың рұқсатымен басқа да бағалы заттар мен жылжымайтын мүлік 
қабылдануы мүмкін.
Кепілдің бағалылығын дәлелдеу кепіл берушіге жүктеледі. Кепілдің сомасын
айыптаудың ауырлығын, сезіктінің, айыпталушының жеке басын, кепіл берушінің
мүліктік жағдайын ескере отырып, осы бұлтартпау шарасын таңдаған адам
белгілейді. Аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамдарға қатысты кепіл
қабылданбайды. Бұл жердегі аса ауыр қылмыс дегеніміз ҚРҚ Кодексінің 10
бабындағы қылмыс санаттары.
1. Жасағаны үшін ҚК он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан
айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет
аса ауыр қылмыс деп танылады. 
2. Кепіл прокурорының санкциясымен не соттың шешімі бойынша ғана 
қабылданады.
3. Кепілдің мөлшері: шағын ауырлықтағы қылмыс жасағанда айыпталу кезінде –
айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінен: орта ауырлықтағы,
абайсызда жасалған қылмысқа айыпталуы кезінде – айлық есептік көрсеткіштің
үш жүз еселенген мөлшерінен: орташа аурлықтағы қасақана қылмыс жасағанына
айыпталу кезінде – айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен:
ауыр қылмыс жасағандығына айыпталу кезінде – айлық есептік көрсеткіштің мың
еселенген мөлшерінен кем болмайды. Кепіл берушіге, егер оның өзі сезікті
немесе айыпталушы болмаса, оған қатысты осы бұлтартпау шарасы қолданылатын
адамның айыбының мәні түсіндіріледі. Кепілдің қабылданғандығы туралы
сезіктіге, айыпталушыға осы баптың бірінші бөлігінде көзделген міндеттері
түсірілмегендігі, ал кепіл берушіге сезікті, айыпталушы шақыру бойынша
келуден жалтаруы жағдайында кепіл мемлекеттің кірісіне айналатындығы туралы
ескертілгіндігін атап өтілген хаттама жасалады. Хаттамаға бұл бұлтартпау
шарасы таңдап алынған лауазымды адам, сезікті, сондай – ақ басқа адам болса
кепіл беруші қол қояды. Соттың депозитына кепіл енгізгендігі туралы хаттама
мен құжат істің материалдарына қосылады, ал кепіл берушіге хаттаманың
көшірмесі тапсырылады. 
5. Сезікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы
бойынша келмеген жағдайда бұлтартпау шарасы неғұрлым қатаңырақ етіп
өзгертіледі. 
6. Осы баптың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлтартпау шаралары
Бұлтартпау шараларының түсiнiгi және жалпы сипаттамасы
Сезіктіні ұстаудың жалпы сипаттамасы және маңызы
Қылмыстық іс жүргізулік мәжбірлеу және бұлттартпау шаралары
Бұлттартпау шарасының бір түрі ретінде қамауға алу
Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен шарттары
Қылмыстық процесте кепіл бұлтартпау шарасын қолданудың теориялық және практикалық мәселелері
Бұлтартпау шараларының қылмыстық іс жүргізудегі маңызы
Қылмыстық процестегі ұстаудың жалпы сипаттамасы
Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары
Пәндер