Қозылы қойды азықтандыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

I Әдеби
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .

1.1.Қойдың әр түрлі тұқымдарын, әр түрлі жыныстағы және жастағы топтарын
азықтандыру ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2.Саулықтарды ұрықтандыруға дайындау кезінде, желіндеп жүрген және
суалмаған кезеңдерде азықтандыру мөлшері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

II Негізгі бөлім

2.1.Қозылы қойды азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2.Қойды азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.3.Қойларды бордақылау және жайып семірту ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Жануарлардың денсаулығын, өсіп- өну функциялары мен жоғары өнімділігін
қамтамасыз етуші фактор ретінде азықтандырудың маңызы үлкен.Малдың
денсаулығын сақтауы, белгілі бір жұмысты атқаруы өсімдік және жануарлар
тектес азықтардың құрамындағы қоректік заттардың жеткілікті мөлшерде
болуына байланысты.Мал негізгі қоректі өсімдіктен алады.Өсімдіктің
қоректі заттары мал ағзасында (организмінде) қорытылмай, әр түрлі химиялық
өзгерістерден өтіп, қолайлы күйге келіп, ағзаның (организмнің) қажетіне
жұмсалады.Малдан алынатын өнім сапасының ең маңызды факторы–азықтандыру.
Азықтан мал денесіндегі борпылдақты (тканьды), қуатты (энергияны) т.б. зат
алмасуын құрап, реттейтін құрылымдық материалдар алады. Жақсы мал азығының
қоры мал шаруашылығын дамытудың ең басты шарты болып табылады. Мал ағзасы
өзінің тіршілігіне қажетті заттарды өзін қоршаған ортадан алады.Бұл өз
кезегінде рацион құрамында қоректік заттардың шоғырлануын қажет етеді.Мал
шаруашылығын жеделдетіп дамыту үшін барлық мал шаруашылығы өндірісінен
алынатын өнімдердің өндірістік технологиясын жедел түрде дамыту қажет.Малды
азықпен қамтамасыз етудің басты көзі- жем, жемшөп өндірісі.Азық өндірісін
жеделдетіп молайтудың негізгі жолдарына: азықтық дақылдардың өнімділігін
арттыру, азықтарды сақтағанда олардың құрамындағы қоректік заттардың
шығындалмауын, құрамында белоктары көп мал азығының алқабын үлкейту,
жануарлар тектес азықтарды да айтарлықтай көбейту, тиімді еңбек
өнімділігінің технологиясын азықтандыруда қолдану болып
табылады.Азықтандыру туралы ілім- азық нәрлілігінің жүйесін және оның
себептерін анықтайды.Малға тиісті энергияны, қоректі, биологиялық дарығыш
заттарды өңдеп зерттеп, осының негізінде азықтандыруды мөлшерлейді және
азықтандыру шарттарын белгілейді.Асыл тұқымды бұқа азықтандыруы алынатын
негізгі өнімге байланысты ұйымдастырылады.Ал негізгі өнімі- ұрық.Сондықтан
асыл тұқымды бұқа азықтандырудағы басты міндет –олардың ұрықтандыру
қабілетін барынша көтеріп, қажетті ұрық сапасын қамтамасыз ету болып
табылады.Бұқаларға берілетін азықтың энергетикалық қуаттылығы мол,
протеиндік, минералдық және витаминдік сапасы жоғары болуы тиіс. Бұқаның
азыққа мұқтаждығы өнім көлеміне байланысты өзгереді. 1000-кг- дық бұқаға
ұрық алынбаған кезеңде 8,4 азық өлшемі, яғни 102 мДж алмасу энергиясы
жеткілікті болса, ұрық орта жиілікте, яғни аптасына екі рет алынса
энергетикалық мұқтаждығы 9,1 азық өлшемі, яғни 110 мДж алмасу
энергиясына дейін, аптасына төрт рет ұрық алынса 10,8 азық өлшемі, яғни
124 МДж алмасу энергиясына дейін жоғарылайды.

Әдеби шолу

1.1.Қойдың өте көп жерге тарап,кез-келген халықтың өсіретіндігіне
себеп-салдар жоқ емес,соның ең бастысы-қойдын алуан табиғи жағдайларға
төзімділігі, бейімділігі. Соған орай қой қысы қатты,қары қалың солтүстікте
де,желі ызғарлы,жайылымы шөлейт жерлерде де,жазы ыстық,жайылымы құнды
оңтүстіктеде өсіріле береді. Сабденовтың айтуынша қойдын ерекшеліктері
арасындағы ең бір негізгісі-түрлі жайылым отын өте жақсы пайдаланатыңдығын
мүмкіндік жасайды. Егер еліміздің 800-ден астам өсімдік түрлері өсетін
табиғи жайылымдарының жылқылар 90 түрін,ал ірі қара150-дей түрін
пайдаланса,қой соның жартысынан көбін,яғни400-ден астам түрін жейді
екен.Олар шабындық аралығыңдағы,басқа малға ыңғайсыз ой-қырдағы жайсыз
жайылым отын да жақсы пайдалана алады. Соған орай пайдалану коэффициенті де
жоғары. Мысалы,жылқы мен ірі қара жайылып өткен жерлерде қой жаюға болады.
Олар бас сүйегі мен ауыз құрлысының анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты
мұндай өрістен де шөп тауып жейді. Өйткені үшкір тұмсығындағы жұқа да
икемді еріндері майда да аласа шөптің өзін қырқып жеуге мүмкіндік береді.

Н.Омарқожаның деректерінде 1993 ж қойдың ас қорыту
органдары ірі азықтарды жақсы қорытуға бейімделген. Осыңдай ерекшеліктеріне
байланысты қоңдылығын жайылым отымен ғана көтеріп,қыстауға түскенше
организмге (құйрығына,тұқымдық ерекшеліктеріне байланысты басқа да
жерлеріне май байлайды) қор жинап алады. Азық жетіспеген мезгілде осы май
қорын жұмсайды. Республикамыздың қыста қар аз түсетін оңтүстік облыстарыңда
қойды жыл бойы жайып шығуға болады. Жылқы ішегі тұлғасынан 15есе, шошқа
ішегі 12есе,ірі қара ішегі 20-22есе ұзын болса,қой ішегі 30есе ұзын.Ірі
азықтарды жақсы қорытуына осы ерекшілігі де жағдай жасаса керек. Сондықтан
да салмақ қосуына шығынды ірі қара қарағанда 2-2,5есе,жылқыға қарағанда2,5-
3есе аз жұмсайды.

Мәселен, әр 10 саулықтан жылына 12-15,ал қаракөл,романов қойларының
20-25 қозы алынады.Қозылар тез жетіліп 6-7айда жыныстық жағынан,ал 18айда
шаруашылыққа қажеттілігі жағынан жетіледі.Олар негізінен 12-14жыл тіршілік
еткенмен тісі мүжіліп,қартаймай,өнімділігін жоғалта қоймайды.Саулықтар
қозысын 5 ай көтеріп,3-4ай емізеді. Олардың қозыларын 45-60 күннен кейін
бөлуге болады.Бірақ оларды дұрыс азықтандырып,тез өсіп жетілдіру үшін
тәулігіне қосатын салмағын 150-200грамнан төмендетпеген жөн. Елтіріге
сойылатын 1-3тәулікте,ал етке 8-9айда сойса,жүнін 5айда қырқуға келеді.

Мырзабековтың 2005ж еңбегінде қойдан алынатын негізгі өнім-
жүн.Қой жүні организмге қыста суықтан,жазда ыстықтан сақтайды.Оның
өсуі,сапасы организмге тығыз байланысты.Қолайсыз,азық жетіспеген жағдайда
организм алдымен қоректік заттарды тері және жүнге жұмсаудан
үнемдейді.Осыдан барып қой азықтандыруда жіберілген кемшілік ең алдымен жүн
сапалы жүн қырқу үшін қойды жыл бойы нормалап,дұрыс азықтандыру қажет.

Қой еті де өте қоректі де құнарлы өнім.Әсіресе қазақы,етті-майлы
қой тұқымдарының еті өте дәмді.Бірақ қой майында организмге қажетті
холестерин аз.Мәселен оның 100грамында небары 29мг,ал сиырдың осынша
етінде 75мг,шошқа майында 75-125мг болады.Қой қорытқан азықтың 75процентіне
дейінін денедегі бұлшық ет,май,сүйек құрлысына пайдаланады.Бұл олардың
азықты өте жоғары сіңіріп,пайдаланатынын көрсетеді.Әсіресе тіршілігінің
алғашқы жылыңдағы қозылардың тез өсіп жетілуіне бейімділігін өнім өңдіру
үшін жете пайдаланған жөн.Жеті айлық тоқтыдан сақа қойдың жарты етін алуға
болады.Сақа қой салмақты негізінен май байлау жолымен қосады.Оған азық көп
жұмсалады.Мәселен,әр 1килограмына 10-12азық өлшемі шығындалады екен.Өйткені
оның калориялылығы бұлшық еттен әлдеқайда жоғары.Қозылардың 1кг қосымша
салмағына екі есе аз,5-6 азық өлшемі жұмсалады.

1925 ж М.Ф.Иванев Орынбордан Марсельге жіберілген қазақы құйрықты
қой етінің жоғары баға алғандығын айта келіп,бұл қойлардың еті өте дәмді,
асыл құйрық, майы сары маймен тең түседі деп жазған.

1982 ж М.Ермеков пен Т.Көптілеуов жүргізілген ғылыми-зерттеу
жұмысында Еділбай қойының биологиялық ерекшелікін есептей отырып тәжік
қойының таза тұқымды саулықтарымен шағылысында алынған буындар екі жақтың
да пайдалы қасиеттерін өзіне сіңіре білген. Бұл тәжік қойының ақ түсі
еділбай қойының қара түстен басым болуы дәленденді.Сол себептен будандары
ақ түсті болуы туады.

М.Ф.Иванов “жас қойларының еті ерекше дәмді келеді,ал сақа қойларда
өте майлы келеді,өйткені олар құйрығына және ет пен терінің арасына ішіне
майлы болады,көп жинайды”- деген.

М.Ф.Томмэннің деректері бойынша ортадан жоғары қоңдылықтағы құйрықты
құрнан қойларды сойғанда тек қана жұмсақ етінің мөлшері 75,4% ал
саулықта78,0%болған. Қазақстан-қой шаруашылығы өркендеген мемелекет.ТМД
елдеріндегі бүкіл қой санының 28%-ті бізде шоғырланған,қой етінің төрттен
бірі бізде өндіріледі,жүннің бестен бірі,барлық қаракөл елтірісінің үштен
бірі Қазақстанда өндіріледі.Қой басқа малға қарағанда
шөл,шөлейт,құмайт,таулы-тасты жерлердің жайылымдарына жақсы жайылады.Ал
Қазақстанда ондай жайылымдар көп.Бірден-бір арзан және ең бағалы негізгі
азықтың көзі жайылымдарға жасыл шөп болып табылады.Қысқы және жазғы
жайылымдарды тимді пайдалану,қойды қалыпты азықтандыруға мүмкіншілік
туғызады.

Қой жайылымда ұстауға жақсы бейімделген.Мал жеуге пайдаланатын
800 өсімдік түрінен: қой 520-нан аса түрін,мүйізді ірі қара мал-460
түрін,жылқы -406түрін пайдаланады.Жусанның қой -46түрін,жылқы-39түрін,сиыр-
24түрін пайдаланады.181түрі сораңның қой-132түрін,жылқы-48түрін,сиыр-
39түрін жейді. Қойдын ішегінің ұзындығы-денесінің ұзындығы 25-
30есе,мүйізді ірі қара малдікі-20есе,жылқынікі-15есе,шошқа ныкі-12есе
артық.Қой арам шөптің 600 түрін жесе, жылқы 80, сиыр 60 түрін ғана жей
алады. Қойдың жақ сүйегі,ерні жұқа,күрек тістері үшкір болғандықтан,ол неше
түрлі ұсақ шөптерді,жерге түскен дәнді өсімдік жапырақтарын оңай теріп жей
алады.

Қойдың денесінде зат және энергия алмасу басқа малдармен
салыстырғанда жоғары болады. Сондықтан қой 1кг тірідей салмағына қоректік
заттарды мүйізді ірі қара малмен салыстырғанда көбірек шығындайды.

Қойлардың ас қорыту органдары ірі азықтардың құрамындағы
қоректік заттарды толық сіңіріп қорытуға бейімделген. Қой жақсы жейтін
азықтар:жоңышқадан,бедеден дайындалған пішендер,астық тұқымдастарынан,тау
етектерінен,бидайдық,жусан,сораң,ша лғын,әр түрлі шөптерден және сол
шөптерден дайындалған пішендемелер,шырынды азықтардан дайындалған
сүрлем,тамыр жемістер,жемдерден-сұлы дәні,жүгерінің дәні,кебек пен
күнжара,сонымен қатар минералдық,витаминдік қосымшалар қой азықтандыру
ерекшеліктері:оның жасына,жыныстық ерекшклігіне,алынатын
өнімге,физиологиялық әрекеттерге,тұқымына байланысты.

Қойды әр түрлі азықпен азықтандыру қажет.Біріыңғай бір түрлі
азықпен азықтандыру қой денесінің дамуын,қоңдылығын нашарлатады.Қой
денесінің 100кг слмағына 3.7-3.8кг құрғақ затты талап етеді.

Қойлардың биологиялық ерекшеліктері:жұқа,қозғалғыш
ерні,тұмсығының сүйір болуы.Осының арқасында мүйізді ірі қара малға
қарағанда,қой пішенмен жақсы қоректенеді,ернімен өсімдік
сабақтарын,жапырақтарың,гүл шоқтарын,т.б. жей алады,аласа өскен жайылым
шөптері жей алады.

Жартылай шөлейтті аймақтардың жайылымындағы шөптердің 66%-ке
жуығын мүйізді ірі қара малдар нашар жейді немесе тіпті жемейді.Ал қой мен
ешкі осы шөптердің 38%-ке жуығын жейді.Егер жайылымдағы шөптің 12%-ке
мүйізді ірі қара мал жақсы жейтін болса,ал қой мен ешкі 30%-ке жуығын өте
жақсы жейді.Ірі азықтар мен шөптерді жақсы сіңіруге байланысты 1кг үстеме
салмағына қоректік заттарды мүйізді ірі қара малдарға қарағанда аз
пайданылады.Мал құйрықты және құйрықты тұқымды қойлар,құйымшақ
омыртқаларына,оның бойына,әсіресе,құйрығына май жинайтын ерекшелігі
болады.Қойдың кейбір тұқымдары өзгермелі ауа райына,климатқа,құрғақ қырдағы
жайылымдарға (құйрықты қойлар)бейімделгіш келеді.

А.П.Данилюктің зерттеулері бойынша қаракөл елтірі қойы
жайылым кезінде тәуліктің 50,6%-тін жайлауға,41,6% малуға,3,5%-тін суатқа
баруға 1,4-тін су ішуге жұмсайтындығы анықталды.

Қойдың қоректенетін жусан түрлерінің жер шарында 500 түрі,ТМД
бойынша 170түрі,Қазақстанда 81түрі кездеседі.Жусанның құрамында қоректік
зат мол,эфир майы бар,өзі әсіресе қой ешкінің жақсы азығы. Ауыл шаруашылығы
министрлігінің мәліметіне қарағанда,осы азықтардан құралатын қойдың қысқы
25-30 пайыз шамасында қорытылатын протеин жетіспейді.Ғылыми тұрғыдан алып
қарағанда рацинода бір процент протеин жетіспесе,бір өнім өлшеміне
жұмсалатын азық шығыны екі процентке жоғарлайды.Ал мұның өзі мал өнімінің
өзіндік құнын қымбаттатып,мал шаруашылығының экономикасына нұсқан
келтіретіні сөзсіз.Малды дұрыс азықтандыру үшін әр азық өлшемінде орта
есеппен100-110г қорытылатын протеин болуы керек.

1.2.Малды дұрыс азықтандыру үшін әр азық өлшемінде орта есеппен 100-
110 г қорытылатын протеин болуы керек.

Буаздылығының бірінші жартысындағы тірілей салмағы 50-55 кг саулықтың
қоректік заттарға деген қажеттілігін 2,5-3,0 кг сапалы шөп толығымен өтей
алады.

Жаңа туған қозының дені сау,ширақ болуы, жақсы жетілуі,ірілігі,
өміршеңдігі,енесінің сүттілігі бәрінен бұрын буаз саулықтың қозылағанға
дейін қоңды болуына тікелей байланысты.Буаз саулықтарды азықтандыру
жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастырғанда, қоректік заттарды қажеттенуін
басшылыққа алады.

Саулықтарға буаздылығының екінші жартысында бірінші жартысына
қарағанда қоректік заттар анағұрлым көп керек.Бұл төлдің құрсақтағы өсу
заңдылықтарына байланысты.Белгілі ғалым А.И.Лопыриннің деректері бойынша
биязы жүнді қойдың құрсақтағы жалқы төлі 20 күндігінде -0.05г, 30
күндігінде -0.77 г, 40 күндігінде -3.8 г, 50 күндігінде -17г,60 күндігінде
-80г, 90 күндігінде -900г, 120 күндігінде -2900 г және 150 күндігінде 4300
г салмақ тартады.Ғылыми деректерге қарағанда іште жалқы төлі бар саулықтар
қысыр қойға қарағанда буаздылығының соңғы 7 апталығында қоректік заттарды
2 есе артық, ал егіз болса,2.5-3 есе артық қажет етеді.Сонымен қатар
қорытылатын протеин,фосфор мен кальцийге қажеттігі де артады.

Қой буаздығы 150-152 күнге созылады.Саулықтың төл беруі, оны
ұрықтандыру кезеңіндегі қоңдылығына байланысты.Арық саулық қойдың
қоңдылығын қалпына келтіру үшін, ұрықтандыруға әзірлеуде және ұрықтандыру
кезеңінде азықтық өлшемді 0,2-0,3 көбейту ұсынылады. Буаздығының бірінші
кезеңімен салыстырғанда жоғары төл алу, ұрықтандыруға әзірлеу кезеңінде
саулық қойларды, сіңірімді белоктық заттарға,витаминге (әсіресе,каротинге,Е
витаминге)бай шөбі жақсы жайылымға жаю қажет.Қоңдылығы нашар саулық қойға
0,2-0,4 кг жем азық және 1,5-2 кг сүрлем (бір бас саулық қойға)бір күнде
берілуі тиіс.

Алайда,қойдың жақсы ұрықтануы, көбінесе оның қоңы мен денсаулығына
байланысты.Сондықтан күйекке 1,5-2 ай қалғанда ерекше күтімге алу
керек.Яғни отардағы кәрі,ауру саулықтар жарамсыздыққа (бракқа) шығарылады:
әлсіз және арықтары бөлектеліп,олар дәрігердің бақылауы мен ерекше күтіміне
қойылады.

Мынаны ескерген жөн: арық саулық та күйлеп, ұрықтанады.Бірақ бір
айдан кейін ұрықтың тіршілігі тоқталып,оны организм жойып жібереді,не іш
тастайды.Мұндай саулықтар қысыр қалады.Қоңы ортадан төмен саулықтарға
қарағанда,әдетте,қоңды саулықтар қозыны 26-29 процент көп табады.Ең
жауапты жұмыс қошқарды күйекке қабылдау.Биязы жүнді қойлардың бойдақ және
буаздылығының бірінші кезеңінде 1 азықтық өлшемге сіңімді белоктық затты
етті-жүнді тұқымдар 30 г, романов тұқымы 90г мөлшерінде қажеттенеді.

Буаз саулықтар дұрыс азықтандырылмаса: іштегі төл енесінің
организміндегі қоректік заттарды пайдаланады.Осының нәтижесінде енесі
арықтайды, әлсіз қозы табады,әрі енесінің сүті аз болады.Буаз саулықтарға
берілетін азық рационын жасағанда шаруашылықта бар азықтың түрі және сапасы
мен саны,саулықтардың қоңы,жасы,іштілігі (іштегі қозының өсу дәуірі)
ескерілуге тиіс.Егерде саулық қойлар ұрықтандыру уақытында арық болса,онда
олардың көпшілігі қашпай қалады.Демек, қозылардың ірі,ширақ өсуі
саулықтарды күйек алу науқанына дайындағанда, сол кезеңде және буаз
уақытында дұрыс азықтандыру байланысты.

Буаздылығының бірінші жартысында саулықтардың қоректік қажеттілігін
2.5-3.0 кг сапалы шөп толығымен өтей алады.Буаздылығының екінші жартысында
қой қоректік заттарды көбірек қажет етеді.Сондықтан да көлемді ірі азықты
азайтып,орнына жұғымдылығы жоғары азықтарды енгізеді.Әдетте жем азық
рационына осы кезден бастап қосылады.

Саулық буаздылығының бірінші жартысына арналған рациондарда 1,10-1,15
азық өлшемі, 92-107 г протеин, 12-13 г кальций,3.5-4.9г фосфор бар.
Ал,екінші жартысындағы рационда -1,40-1,50 азық өлшемі, 150-165 г протеин,
14-18 г кальций, 4,5-6,5 г фосфор болады.

Қойдың жалпылама қоздауына шамамен 15-20күн қалғанда тәжрибелі
шопандар денесі ауыр,егіз туады-ау деген саулықтарды отардан бөліп
алып,жеке бағып күтеді.Оларға берілетін сүрлем мөлшерін азайтады,
мүмкіндігінше сапасы жақсы бұршақ тұқымдастар шөбін және мал басына
тәулігіне 0,4-0,5 кг жем береді.

Саулық қойлардың буаздығының үшінші кезеңінде энергия алмасуды қажет
етуі 78%-ке дейін өседі.Биязы жүнді тұқымдастар -8,5%-ке, етті- жүнді
тұқымдар -4,5%, роман тұқымдастары -3,5%-ке жуық алмасу энергиясын қажет
етеді.Егер аналықтардың қоңдылығы буаздылығының бірінші кезеңінде нашар
болса 0,2-0,3 азықтық өлшем қосады.Буаздылығының төртінші айлығында азықтық
өлшем 40%-ке, қорытылған-сіңірімді белоктық зат -30-40%-ке арттырылады.

Жүнді,жүнді-етті саулық қойларды және қаракөл қойларды азықтандырудың
мөлшерін мына кестелерден көруге болады:

Көрсеткіштер Бойдақ және алғашқы 12-13Соңғы 7-8 апталық
апталық буаздылығы буаздылығы кезеңінде
кезеңінде
Салмағы,кг Салмағы,кг
40 50
Салмағы,кг Салмағы,кг
50 60 70 50 60 70
Азықтық өлшем 0.95 1.05 1.15 1.25 1.35 1.45
Алмасу энергиясы,мДж 10.5 12.1 13 15.3 16 17.2
Құрғақ зат,кг 1.45 1.6 1.7 1.60 1.7 1.8
Сіңірімді белоктық 85 90 100 120 130 140
зат,г
Ас тұзы,г 10 12 13 11 13 15
Кальций,г 5.3 6.2 7.7 8.4 9.5 10.3
Фосфор,г 3.1 3.6 4.4 3.8 4.5 5.1
Магний,г 0.5 0.6 0.7 0.8 0.9 1.0
Күкірт,г 2.7 3.1 3.5 4.9 5.6 6.3
Каротин,мг 10 12 15 20 22 25
Витамин Д,мың х.ө. 500 600 750 750 900 1000

Саулық қойларға күніне берілетін азықтық мөлшері

Көрсеткіштер Бойдақ және алғашқы 12-13Соңғы 7-8 апталық
апталық буаздылығы буаздылығы кезеңінде
кезеңінде
Салмағы,кг Салмағы,кг
40 50 40 50
1 2 3 4 5
Азықтық өлшем 0.85 0.95 1.2 1.35
Алмасу энергиясы,мДж 11 12 14.7 16.2
Құрғақ зат,кг 1.4 1.6 1.7 1.9
Сіңірімді белоктық 75 85 120 135
зат,г
Кальций,г 5.5 6 7.9 9.2
Фосфор,г 3.6 4.3 5 5.5
Магний,г 0.5 0.6 0.9 1
Күкірт,г 3.3 3.7 4.3 4.8
Темір,мг 48 54 62 70
Мыс,мг 10 12 14 16
Мырыш,мг 34 40 46 52
Кобальт,мг 0.43 0.5 0.58 0.65
Марганец,мг 53 60 69 75
Йод,г 0.43 0.5 0.57 0.64
Каротин,мг 11 14 14 18
Витамин Д,мың х.ө. 480 600 600 750

Негізгі бөлім

2.1.Қой ірі қара секілді көп қарынды, күйіс қайыратын малға жатады. Ас
қорыту органдарының мұндай ерекшеліктері оларға табиғи жайылым отын,көк
және ірі азықтарды мейлінше жете пайдаланып,жақсы қорытулрына мүмкіндік
тудырады.Сондықтан қойды жылқы не ірі қара жайылған жерлерге, астығы
орылған алқаптарға жаюға болады.Негізгі өнімдері-төлі, еті және жүні.Қой
рациондарын ірі қара рациондарына қарағанда қарапайым етіп құруға тура
келеді.Өйткені сауын сиырлары күнделікті күрделі рацион арқылы түрлі
қоректік заттармен жан-жақты қамтамасыз етіліп тұрғанда ғана талапқа сай
сүт өндірсе,өнімі айлап,жылдап азықтандырудан құрастырылатын қой түлігін
құрамы жағынан қарапайым,қымбат азықтарды қажет етпейтін рациондармен
азықтандырған тиімді.Бірақ бұдан оларды жартылай аш қалдыру керек деген ой
тумаса керек.Өйткені азықтандыру кемшіліктері олардың денсаулығына,өнімнің
мөлшеріне,әсіесе оның сапасына зиянды әсер етеді.Мысалы,қой бір-екі күн аш
қалса биологиялық заңдылық бойынша қоректік заттардың жұмсалуы ең алдымен
тіршіліктегі маңызы жағынан екінші орындағы органдар мен тканьдерге күрт
азайтылады.Содан барып қоректік заттар қой организміне азықтармен енуінің
азаюы олардың тері және тері өнімдеріне жұмсалуын баяулатады. Тері
қабаттарында орналасқан жүк талшықтарының түбірлеріне қоректік заттардың
жеткізілуі де төмендейді.Осыдан барып жүн талшығы жіңішкеріп өседі.Кейін
қойды дұрыс азықтандыра бастағанда,жүн талшықтары қайта қалпына
келгенмен,ашыққан күндердегі жіңішкелігі сол күйінде қала береді. Оны
ашығуға байланысты жіңішкелік немесе ашыққандық белгісі деп
атайды.Кейін қой қырқылып,жүні өткізілгенде, жүн талшықтары осы жерінен
үзілгіш келеді де, сапасы төмендетіліп, бағасы арзандатылады.Қойға ірі қара
азықтарының барлық түрін қолдануға болады.Олар көк, ірі, шырынды,құнарлы
азықтардың түр-түрін жей береді.Әйтсе де,олардың биологиялық ерекшеліктерін
мейлінше пайдалана отырып,ең арзан азық түрі- табиғи жайылым отын мейлінше
мол пайдаланған жөн.Сонда ғана қой өнімдерінің өзіндік бағасы төмен болып,
шаруашылық экономикасына пайдасын тигізеді.Жайылымнан әсіресе жусанды жақсы
көрсе, ірі азықтан шалғын және бұршақ тұқымдастардың майда пішенін сүйсініп
жейді.Әр қойға тәулігіне салмағының 1100 бөлігіндей мөлшерде пішен,2
килограмға дейін жаздық сұлы, арпа,тары сабанын береді.Сабанды алдын-ала
әзірлеп, яғни ұсақтап турап,бөктіріп,әктеп,ұнтақтап басқа азықтармен
араластырып берген жақсы.Сондай – ақ қай картоп ,қызылша,сәбіз, азықтық
бақша дақылдарын(асқабақ,әңгелек,қарбыз) беруге болады.Ірі
тамыржемістілерді алдын-ала турайды.Бұл азықтарды сақа қойларға тәулігіне-
сүрлемді 2-4кг, тамыржемістілерді -2-3 кг,картопты -1-2кг,ал тоқтыларға
осының жартысын беруге болады.

Әр қойға шамамен азық мөлшерін мынадай мөлшерде дайындаған жөн:
қошқарларға -4-6 ц пішен, 2,5-3 ц сүрлем,13-15 ц көк азық, 0,6-0,8 ц жем,
саулықтарға тиісінше -3-4,5; 2,5-3; 13-16; 0,3-0,4ц; тоқтыларға 2-3,5; 1,0-
1,3;11-13;0,2-0,3.Қой азықтандыру ерекшеліктеріне келсек ең алдымен саулық
азықтандыруға тоқталу қажет.

Саулық азықтандыру,әрине дұрыс азықтандырудың зор пайдасы бар. Өйткені
тек дұрыс азықтандырылған жағдайда ғана саулықтар жақсы күрейлеп,
ұрықтанып, тез жетілетін ірі қозылар туып,оларды сүтке жарытады.Сонымен
қатар олардың тағы бір өнімі-р-жүні де жақсы жетіліп, мол өнім бере
алады.Мол өнімді саулық өсіру үшін оларды жасына, тірілей
салмағына,физиологиялық жағдайына, күй- қоңына байланысты нормамен
азықтандыру қажет.Жас, тұмса саулықтардың өз организмі әлі де болса өсіп-
жетілгендігін, қосымша салмақ қосатындығын, бұзау саулықтардың буаздық
кезеңдерін, қозы емізетін саулықтардың қозысының санын, арықтаған
саулықтардың қоңын көтеруін ескере отырып оларға қажетті азықтық нормалар
анықталады.Нормалық көрсеткіштерді толық та жан-жақты қамтамасыз ететіндей
етіп шаруашылықта бірнеше азықтан рацион құрастырып береді.Мысалы,қолдағы
жүнді бағыттағы,тірілей салмақтары 50 килограмдай тартатын саулықтарға
ұрықтанғанға дейін және ұрықтандырылғаннан кейінгі буаздығының бірінші
жартысында тәулігіне1кг пішен,1кг сабан,0,5кг бұтақты азық,1кг тамыр-
түйнекжемістілер,1кг асхана қалдықтарын,0,1-0,3кг жем, 12кг ас тұзын беруге
болса,буаздығының екінші жартысында сабанды0,5килограмға азайтып,орнына
жемді0,5килограмға дейін көбейтеді,ал қозы емізетін кезенде
жемді0,7килограмға дейін, пішнеді 1,5 килограмға дейін,тамыр-түйнек-
жемістілерді2,5килограмға дейін,асхана қалдықтарын 1,5 килограмға дейін
көбейтеді.Қозыларын бөлгеннен кейін саулықтарды шебер
азықтандырадырып,ұрықтануға дейінгі 1,5-2 ай ішінде қоңын көтеріп, күйті
жақсы келіп, күйекке тез түсетіндей ету қажет.Жазғы айларда оларды құнарлы
жайылымда еркінше жайып,организм күйіне оңды әсер ететін таза ауа,күн
сәулесі астында ұстаған жөн.Жақсы жайылым болса қора ішіндегі ағаш
науаларға ас тұзын салып қойып,басқа азықтарды шығындамауға да
болады.Күзгі,жайылым тарылып,құнарлылығы төмендеген айларда күйекке түсер
алдындағы ай ішінде тәулігіне әр қойға 200-300 г жем(дәнді азықтар
қалдықтарынан)берген жөн.

Буаздықтарының бірінші жартысында (алғашқы 3айында) саулықтарды сол
рациондармен азықтандыра беруге болады.Ал буаздығының екінші жартысынла
(соңғы 2 айында) іштегі төлдің жедел өсіп-жетілуіне байланысты саулық
организмнің қоректік заттарға деген мұқтаждығы 30-40 процентке өседі,осыған
байланысты рацион құрамындағы құнарлы азықтар мөлшерін де ұлғайтады.Іштегі
төл буаздығының бірінші кезеңінде туылған қозы салмағының 10 процнетіндей
ғағна болса,соңғы екі ай ішінде оның салмағының 34бөлігіндей болады.Бірақ
буаздыңғының қай кезеңі болса да саулықтарды өте сапалы,әрі нормалы түрде
азықтандыру қажет екенін ескеру қажет.Өйткені,алғашқы уақытта салмақ
жағынан көп өспегенімен қозылардың болашақ органдары мен тканьдерінің
негізі қаланып, организмінің сапа жағынан дамуы толастамайды.Бұл кезеңдегі
азықтандыру қателіктері іштегі төлдің ыдырап кету қаупін ұлғайтады,ал тіпті
аман-есен туылған күнде де қозы әлжуаз,тіршілікке деген бейімділігі төмен
болады.

Қоздағаннан кеінгі уақытта қозысын жақсы жарыту үшін саулықтарды
еметін әрбір қозыға сәйкес (жалқы,егіз) оның сүттілігін арттыратын шырынды
азықтар қосылған рациондармен азықтандырады. Азықтандыруды таңертеңгілік
пішен салудан бастайды.Түскілікте шырынды азықтар мен құнарлы жем, ал
кешкісін- пішен мен сабан береді.Жайылым оты жетілген болса- кешқұрым
пішен,жем салмайды.Буаз саулықтарды жерге түскен қырау, шық ерімей өріске
шығармайтынын есте сақтау қажет.

Тірілей салмағы 50 килограмдық жүнді бағыттағы қой тұқымының
саулығына жалқы қозы емізетін болса шамамен тәулігіне 1,5-1,9 азық
өлшемі, ал егіз қозы емізетін болса-1,8-2,3 азық өлшемі қажет.Әр азық
өлшемінде 105-110г қорытылатын протеин болуға тиіс.Рациондарды протеинмен
байыту үшін бұршақ тұқымдастар пішені, шөп ұны,күнжара, шроттар
қолданылады.Жайылым оты жетілсе мейлінше қозыларымен бірге жайған жөн.Көк
шөпте мал өсімін және өнімділігін арттыратын эстрогендік заттар болады.Тек
қана табиғи жайылым оты ғана емес, саулықтарды ерте көктейтін күздік
дақылдар –арпа,бидай,қара бидай және көп жылдық бұршақ тұқымдастар-
жоңышқа,беде,сиыр жоңышқа т.б. көгіне де жаюға болады. Саулықтар
рациондарындағы бұршақ және астық тұқымдастар арақатынасы 4:6 немесе 40%
және 60% аралығында болғаны тиімді.Түрлі себептермен көк азықтар
жеткіліксіз болса, қоздаған қойларға міндетті түрде шырынды азықтар,
сүрлем, пішен берген жөн.Көптеген шаруашылық жағдайларында саулықтарға
сүрлем берілмейді.Ол дұрыс емес. Біртіндеп үйретіп, күнделікті нормамен
берілген сапалы сүрлем саулықтардың сүттілігін, жүндестігін арттырып,
организмдеріне жақсы әсер етеді.Оның тәуліктік мөлшерін тіпті 3-4
килограмға жеткізуге болады.

Әдетте саулықтар ерте көктемде қоздайды да,олардың қозылары жетіле
келе жайылым оты да молаяды.Бірақ қыстыкүні қорада ұсталған малды бірден
көктемгі жайылымға шығаруға болмайды.Өйткені көп камералы қарны бар күйіс
қайыратын малдың үлкен және басқа да алдыңғы қарындарындағы
микроорганизмдер ассоциациясы белгілі азықтар түріне, мөлшеріне, ара-
қатынасына бейімделіп қалыптасады.Осыдан барып күнделікті азықтар түрі күрт
өзгерсе олардың көпшілігі бейімделіп үлгермей, ас қорыту органдарындағы
микроорганизмдер көлемі күрт төмендейді.Ал енді олардың күйіс қайыратын
малды биологиялық өңдеуден өткен қоректік заттармен,ең алдымен протеинмен
қамтамасыз ететіндігін ескерсек, ас қорыту процесіне орасан зор зиян
тиетіндігін түсінеміз.Оның үстіне бірқалыпты арақатынаста ірі және басқа да
азықтарға үйреніп қалған ас қорыту жолдарының жиырылып-созылу қызметі
бұзылып, осының бәрі ас қорыту барысында бұзылуына әкеп соқтырады.Оның
белгісі- малдың іші өтеді.

Жас көк балаусада су мен қант ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қойлар қозысына күніне берілетін азық мөлшері
Буаз саулықты азықтандыру ерекшеліктері
Қойларды азықтандырудағы протеин мөлшері
Буаз саулық қойларды азықтандыру
‹‹Қаракөл шаруашылығындағы өнімдерді өндіру және оның технологиясы››
Саулық қойларға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі жайлы
Қой қораларының зоогигиеналық негізделуі
Қой қорасы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Төлдерді өсіру әдістері жайлы
Қой малын өсірудің гигиенасы
Пәндер