Мәслихат депутаттарының өкілеттігін талдау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ3

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ОРГАНДАРЫ4

1. 1. Мемлекеттік орган түсінігі және классификациясы4

1. 2. Жоғары өкілетті орган - Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi7

1. 3. Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттігі11

2. МӘСЛИХАТТАР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ ОРГАНЫ РЕТІНДЕ13

2. 1. Мәлихаттардың функциялары және ел тәуелсіздігін қалыптастырудағы ролі13

2. 2. Мәслихат депутаттарының өкілеттігін талдау18

2. 3 Астана қаласы мәслихатының қызметін талдау21

3. қазақстан республикасындағы өкілетті органдардың қызметін жетілдіру мәселелері24

3. 1. Жергілікті органдардың мәртебесін жетілдірудегі конституциялық өзгерістер24

3. 2. Астана қаласы мәслихатының 2011-2015 жылдарға арналған27

Астана қаласын дамыту бағдарламасы27

ҚОРЫТЫНДЫ32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР34

Астана қаласы мәслихатының 2011-2015 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту бағдарламасына қосымша36

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.

Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы өкілетті органдардың функциялары мен өкілдігі» деп аталады.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы өкілетті органдар және олардың функциялары мен өкілдігі туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.

Курстық жұмыстың өзектілігі.

Қазақстан енді әлемнің бәсекеге қабілетті, дамыған 50 елдің қатарынан көріну мақсатын көздеп отыр. Ата Заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар мемлекетімізді саяси тұрғыдан реформалап, демократияландыру жолындағы жаңа қадам болды. Ол өзгерістердің негізгі бағыты билік органдарының өкілеттігі мен жауапкершілігіне, сондай-ақ Парламент рөлін арттыруға қатысты. Осыған орай, Конституциялық реформа елімізді президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқаруға көшуіне жол ашты. Сонымен қатар, қоғамымыздағы атқарар рөлі жаңаша айқындалған мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтілді.

Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар өзек жарды істерге араласуға мүмкіндік беретін демократиялық бастама бола отырып, мәслихаттар жергілікті міндеттерді шешу үшін құрылған, жергілікті халық сайлаған орган ретінде жергілікті өзін-өзі басқарудың негізіне айналды. Елбасының бастамасымен жүзеге асқан саяси реформаның нәтижесінде мәслихаттардың рөлі, жауапкершілігі елді мекендердегі, өңірлердегі тұрғындардың ең көкейкесті проблемаларын шешуге жетерлік деңгейде күшейе түсті. Мәслихаттардың өкілеттік мерзімінің ұзаруы жергілікті органдардағы биліктің тұрақтылығына септігін тигізетін болады. Биліктің атқарушы және өкілетті тармақтары арасында нақтылы байланыс орнатылып, әкімдердің депутаттармен кездесуі тұрақты жағдайға айналып отыр.

Курстық жұмыстың міндеті - Жоғары өкілетті орган - Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметiн қарастыру, жергілікті өкілетті органдардың функцияларын талдау, конституциялық өзгерістерді негізге ала отырып, курыстық жұмыстың мазмұнын ашу.

Курстық жұмыстың құрлымы. Кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ОРГАНДАРЫ

1. 1. Мемлекеттік орган түсінігі және классификациясы

Мемлекеттік орган дегеніміз - мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне өкілеттілігі бар, мемлекеттік міндетті орындаушы ұйымдар немесе мекемелер. Әрбір мемлекеттік органдарға тән нәрсе:

  • тікелей өзі басқаратын мемлекеттік, қазыналық мүлкінің болуы.
  • бюджеттен қаржыланатын қаржы көзінің, банкті есебі, қаржы құралдардың болуы.
  • қызмет түріне және қызмет тәртібіне қатысты бағынышты ұйымдастырушылық құрылымның болуы.
  • міндетті заң қимылдарын жүргізу үшін лауазымды тұлғаларға және коллегиялық органдарға берілетін билік өкілеттілігінің болуы.

Мемлекет органдар анықталған сапалы белгілерге ие, оларға жататындар:

  • Заңдастырылған тәртіппен мемлекет еркінде органдардың құрылуы.
  • Мемлекет құрылымдағы органдардың ролі мен алатын орны.
  • Мемлекет функциясы және міндеттерінен туындайтын қызметтің формасы ұйымдастырушылық құқықтық және мамандандырылған функцияны жүзеге асыру.
  • Қызметтегі тиісті сферада мемлекеттік басқару өкілеттігін бөліседі.
  • Ұйымдастырушылық құрылымды заңдастырып бекітеді (бөлім, мемлекеттік лауазым, т. с. с. )
  • Кәсіпқойлық негізде мемлекеттік органдардың қызмет бабын жүзеге асыратын ерекше ұйымдастырушылық қабілеттері бар адамдардың болуы (мемлекеттік қызметкер) .
  • Мемлекет атынан және өз атынан сөйлейтін.
  • Азаматтардың заңды қызығушылығы мен құқықтарын қорғауға кепіл болатын.
  • Мемлекет алдындағы жауапкершілігі.

Мемлекеттік органдардың жоғарыда атап көрсетілген белгілерін базалық заңды деп атауға болады.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі.

Мемлекеттік билік органдары үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.

Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

1. Парламент, Президент және Маслихаттар;

2. Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер.

3. Сот немесе құқық қорғау органдары.

Мемлекеттік органдарда қызмет істеу саласына қарай төмендегіше топтастыруға болады:

  • Мемлекеттік қызметті іске асыру түрлеріне қарай мемлекеттік органдарды: өкілдік, атқарушы-басқаратын, сот, прокуратуралық және басқа да қадағалау-бақылау органдары етіп топтастырылады.
  • Билікті бөлу принципіне қарай: заң шығарушы, атқарушы және сот.
  • Қызметтердің құқықтық түрі бойынша: құқықтық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушылық.
  • Иерархиясы бойынша: Республикалық және жергілікті.
  • Өкілеттік мерзіміне қарай: тұрақты және уақытша.
  • Өкілеттік сипатына қарай: жалпылама құзыретті органдар (үкімет) және арнаулы құзыретті органдар (министрліктер) болып топтастырылады.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен байланысты болады. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Парламент қабылдаған заңға Президент қол қояды. Президенттің тыйым салу хақысы (право вето) бар, яғни ол заңды пысықтай түсу үшін Парламентке қайтара алады. Президент өзіне белгілі бір мерзімге арнап заң шығаратын өкілеттілік беру жөнінде Парламентке ұсыныс енгізуге хақылы. Егер Парламент Президенттің өтінішін қанағаттандыратын болса, Президент заң қабылдай алады. Демек белгілі бір мерзім ішінде Президент заң қабылдау мәселелері бойынша Парламентті алмастырады. Сонан соң, егер Парламент Президенттің өте тығыз деп санайтын заңын қабылдай алмайтын болса, онда Президент заң күші бар жарлық қабылдай алады.

Егер Парламент қалыпты жұмыс істей алмайтын болса немесе Үкіметпен, Жоғарғы сотпен ымырасыз алауыздыққа келетін болса, онда Президент Парламентті таратып жібере алады.

Президент Парламенттің келісімімен премьер-министрді және Республиканың Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындайды. Президент Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындайды.

Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

Президент атқарушы билік тармағына: үкіметке, жергілікті атқару органдарына тікелей ықпал етеді. Президент:

  • премьер-министр лауазымына адам ұсынады;
  • үкіметтің құрылымын анықтайды;
  • министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
  • министрліктерді, мемлекеттік комитеттерді құрады және таратады;
  • үкімет мүшелерінің антын қабылдайды;
  • үкіметтің ерекше маңызды мәселелер жөніндегі отырыстарына төрағалық етеді;
  • Мәжіліске заң жобаларын енгізу жөнінде үкіметке тапсырма береді;
  • үкімет шешімдерінің күшін жояды немесе тоқтата тұрады.

Президент жергілікті атқарушы органдардың жұмысына да басшылық етеді. Ол облыстық әкімдерді тағайындайды және босатады, әкімдердің шешімін тоқтата тұрады. Әкімдер Президенттің облыстардағы тікелей өкілі болып табылады, сондықтан өздерінің жұмыстары үшін оның алдында жауапты болады. Президент әкімдермен кеңес өткізеді, олардың жергілікті жердегі жұмысы туралы, заңдарды қалай орындап, өз міндеттерін қалай атқарып жатқандары жайлы есептерін тыңдайды.

Президенттің сот билігіне де қатысы бар: ол Жоғары Сот Кеңесін құрады, оның төрағасын тағайындайды.

Президенттің басқа да өкілеттіктері болады. Солардың бірі - мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) өткізу құқығы. Референдум - халықтың мемлекетті басқару ісіне тікелей қатысуының бір түрі. 1995 жылы Президенттің бастамасымен Президенттің өкілеттігін ұзарту және Конституцияны қабылдау жайлы екі референдум өткізілді. Референдум - халықтың мемлекетті басқаруға тікелей қатысуының бір нысаны.

Өзінің өкілеттігін орындау үшін Президент жарлықтар мен бұйрықтар шығарып отырады. Президент жарлықтарының нормативтік және нормативтік емес түрлері болады. Нормативтік деп аталатын жарлықтарда құқық нормалары, яғни мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін айқындайтын т. б. ережелер болады.

Көріп отырғанымыздай, Президент жауапты жұмыстар атқарады. Ол - мемлекет басшысы, елдің де, халықаралық қатынастарда да халық пен мемлекет атынан сөйлеуге хақылы. Сондықтан Президенттің абыройы мен арнамысы қорғалады. Халықтың қалаулысы ретінде Президент соның мүддесіне қызмет етеді.

1. 2. Жоғары өкілетті орган - Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi

Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Парламенттiң өкiлеттiгi Конституцияда көзделген реттер мен тәртiп бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi:

  • Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды.
  • Республиканың заңдары Республика Президентi қол қойғаннан кейiн күшiне енедi.
  • Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзiледi.
  • Конституциялқ заңдар Конституцияда көзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.
  • Парламент пен оның Палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен ќабылданады.
  • Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті. Республиканың заңдары, Парламент пен оның Палаталарының қаулылары Конституцияға қайшы келмеуге тиiс. Парламент пен оның Палаталарының қаулылары заңдарға қайшы келмеуге тиiс. Республиканың заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеу, ұсыну, талқылау, күшiне енгiзу және жариялау тәртiбi арнаулы заңмен және Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен реттеледi.

Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл.

Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады.

Сенаттың қызметіне мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен ќызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;
2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;
3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру;
4) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;
5) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.

Мәжілістің қызметіне мыналар жатады:

1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;
2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;
3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;
4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арќылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Қазақстан Республикасының азаматтыєында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан, жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары - бюро, жұмыс органдары - тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында неғұрлым маңызды мәселелер қаралады. Мысалы, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Мұндай мәселені тек Президент қана ұсына алады. Конституция тұрақты және байсалды болуға тиіс, сондықтан оған өзгерісті жиі енгізе беруге болмайды. Парламент Палаталарының бірлескен отырыстарында Конституцияға өзгеріс енгізбейтін Конституциялық заңдар қабылданады. Конституциялық заңдардың көмегімен Парламенттің, Президенттің, Үқіметтің, Конституциялық кеңестің, сондай-ақ сот органдарының өкілеттігі анықталады. Конституциялық заңдардың көмегімен Парламент, Президент, жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) сайлаудың, сондай-ақ референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) өткізудің тәртібі белгіленеді.

Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында республикалық бюджет, оның орындалуы туралы үкіметтің есебі қаралып, бекітіледі. Мемлекет пен халық үшін, әрбір адам үшін бюджеттің маңызы зор. Өйткені мемлекеттік мектептерді, институттарды, емдеу мекемелерін ұстауға, оқытушыларға, дәрігерлерге, ғалымдарға, мемлекеттік қызметкерлерге айлық төлеуге, әскерді жарақтандыруға қажетті қаражат бюджеттен бөлінеді. Сондықтан халықтың өкілдері ретінде депутаттар бюджетке кірістің қалай жиналатынын, халықтың ақшасы қандай мақсатқа қалай жұмсалатынын қатаң бақылап отыруға тиіс.

Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отырысында Президентке Парламенттің заң шығарушы өкілеттігін беру туралы мәселе шешіледі. Егер Парламент Президентке заң шығарушы өкілеттікті беру қажет деп шешетін болса, онда Президент заңдарды өзі қабылдауға құқықты болады. Президент заң шығарушы органға айналып кетпеуі үшін, оған заң қабылдау құқығы бір жылға дейінгі мерзіммен беріледі.

Мәжіліс пен Сенат бірлескен отырыста басқа да маңызды мәселелерді шешеді.

Мәжіліс заң жобаларын қарайды. Парламент депуттары мен Үкіметке заң шығарушылық бастама жасау құқығы беріледі. Бұл құқықтың мәнісі - Мәжілістің қарауына заң жобаларын енгізу құқығы тек депутаттар мен үкіметте ғана болады деген сөз. Азаматтарда, мемлекеттік органдарда (үкіметтен басқаларында) заң шығарушылық бастама құқығы болмайды, бірақ олар заң жобаларын жасап, депутаттарға, үкіметке бере алады.

Мәжіліс заң жобасын егжей-тегжейлі қарайды. Жобаның әрбір бабы, әрбір ережесі жеке-жеке талқыланады. Заң жобасы барлық талапқа сай келеді деп әбден көздері жеткенше, ол бірнеше қабат талқылануы мүмкін. Сонан соң заң жобасы депутаттардың дауыс беруіне қойылады. Егер Мәжілістің барлық депутаттарының жартысынан астамы заң жобасы үшін дауыс берсе, ол кабылданды деп саналады. Содан кейін заң жобасы Сенаттың қарауына жіберіледі. Онда да заң жобасы түбегейлі талқыланады да, одан әрі қабылдау керек пе, әлде қайтару керек пе деген мәселе дауысқа қою арқылы шешіледі. Егер Сенат депутаттарының жартысынан көбі заң жобасын жақтап дауыс берсе, заң қабылданды деп есептеледі. Тек осыдан кейін ғана заң жобасы заң деп саналады. Алайда заңға Президент қол қоюы керек. Егер ол заңға қол қойса, онда заң қолданысқа жарайды, яғни, басқаша айтқанда, заңи күшіне енеді. Осы сәттен былай қарай барлық мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар мен шетелдіктер заңның ережелерін орындауға тиіс.

Президент заңға қол қоймауы да мүмкін. Бұл вето қою деп аталады. Онда Президент заңның кемшіліктерін көрсетіп, оны кері қайтарады. Мұндай жағдайда Парламент заңды қайтадан қарап, Президенттің ескертулерін еске алады. Содан кейін заң тағы да Президенттің қол қоюына тапсырылады.

Көріп отырғанымыздай, заңдарды қабылдау тәртібі онай емес. Олай болатын себебі - заң нормативтік акт болып табылады, онда Конституциядан кейінгі жоғары заңи күш болады. Заң Конституцияға қайшы келмеуге тиіс. Сонымен қатар басқа нормативтік актілердің барлығы да заңдарға қайшы келмейтін болуға тиіс. Сондықтан да заңдар қоғамның, әрбір адамның өміріндегі неғұрлым маңызды мәселелер бойынша қабылданады. Конституцияда былай деп жазылған: заңдар азаматтардың құқығы, бостандықтары мен міндеттері, меншік, салық салу, мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызмет істеуі, мемлекеттік және әскери қызмет, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, қорғаныс пен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету т. с. мәселелер бойынша қабылданады.

Парламент жұмысы демократиялық негізде жүргізіледі. Заң жобаларын әзірлеуге мамандар - заңгерлер, экономистер, социологтар, инженерлер, дәрігерлер т. б. қатыстырылады. Мәселелерді алдын ала талқылау үшін Мәжіліс пен Сенат парламенттік тыңдаулар өткізеді, оған ғалымдар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, жұртшылық, радио, теледидар, газет өкілдері шақырылады. Парламенттік тыңдаулардың қорытындысы бойынша депутаттарға ұсыныстар кабылданады.

Мәжіліс пен Сенат өз қызметтерінің мәселелері бойынша үкімет мүшелерінің есептерін тыңдауға құқылы. Егер үкімет мүшесі жұмысты нашар істесе, заңдарды орындамайтын болса, онда Мәжіліс немесе Сенат оған сенімсіздік білдіру туралы шешім қабылдап, оны қызметтен босату немесе тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту жөнінде Президентке ұсыныс жасай алады.

1. 3. Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттігі

Депутат Парламент сессиясында және оның өзі құрамына кіретін органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парламент пен оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға; сессияның күн тәртібі жөнінде ұсыныстар мен ескертпелер енгізуге; Парламенттің сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды тұлғалардың есептерін тыңдау жөнінде ұсыныстар енгізуге; Парламент Палаталары сайлайтын немесе тағайындайтын не Парламент пен оның сенаты тағайындауға келісім беретін лауазымды тұлғалардың кандидатуралары жөнінде өз пікірін айтуға, Парламент Палаталарының бірлескен және бөлек отырыстарында қарау үшін ұсынылатын мәселелер бойынша Палаталар Бюросына ұсыныстар енгізуге; Парламент пен оның Палаталары органдарының отырыстарында қарау үшін мәселелер ұсынуға; депутаттық сұрау салуға; Парламент қабылдайтын зандардың, қаулылардың, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге; азаматтардың қоғамдық мәні бар пікірлерімен Парламент депутаттарын таныстыруға; басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға хақылы.

Депутат Парламенттің және оның өзі құрамына сайланған органдарының жұмысына қатысуға міндетті. Депутат өзінің дауыс беру құқығын тікелей өзі жүзеге асырады. Өзінің дауысын басқа бір депутат арқылы беруге хақысы жоқ. Депутат кез келген мәселелер мен ұсыныстарды Палаталардың қарауына енгізуге, мәселелерді қарауға әзірлеу және солар бойынша шешімдер қабылдау ісіне қатысуға, сондай-ақ қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылау ісіне қатысуға хақылы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні және оны жетілдірудегі құқықтық мәселелер
ҚР жергілікті өкілетті органдардың конституциялық-құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды реттеу Заңы
Жергілікті өкілді және алқалы органдар
Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы маслихат депутаттарының сайлау үрдісі
Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің жергілікті органдары
Қазақстан Республикасындағы президенттік-парламенттік басқару нысанындағы жергілікті өкілді органдар
Сайлау органдары
Жергілікті биліктің қалыптасуымен құрылымы
Парламенттік басқару формасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz