Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығарудың аудиті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
cМазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І БӨЛІМ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
1.1 Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығарудың
аудиті ... ... ... ...5
1.2 Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу және жөндеу есебіне
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

ІІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ АУДИТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМСЫ
2.1 Негізгі құралдар аудитінің мәні және ақпарат
көздері ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Негізгі құралдардың аудитінің нормативтік құқықтық
реттеуі ... ... ... ... 18

ІІІ БӨЛІМ АУДИТОРЛЫ ҚОРЫТЫНДЫ
3.1 Негізгі құралдардың қозғалысының
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Қолданылған әдебиетттір тізімі

Кіріспе
Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана
жұреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай
фабрикаттар) және еңбек құралдары ( машина, станок) болып бөленеді. Бұл
арада еңбек құралдарыының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс
процесінде ақаратын роліне қарап анықталады.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ
уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы
түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа,
көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде
біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді
айтады. "Негізгі құралдарға" — қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер
мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және
олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы - шаруашылық қызметке
экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын
аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып
табылуында.
Негізгі құралдар субъектінің материалды-техникалық жарақтану базасын
құраудың негізін қалыптастырып, қызметтегі жетекші бағыттарды іске асыруда
маңызды рөл атқарады. Негізгі құралдарды сақтау, есепке алу және пайдалану
ерекшеліктерін оның аудитінің мақсаты туындайды. Яғни аудитінің мақсаты-
негізгі құралдың сақталу орындары бойынша ішкі және сырытқы қозғлыстрының
құнына, пайдалы қызмет ету мерзіміне негізілген өзгерістерінің дер кезінде
бухгалтерлік есепте дұрыс көрсетілгендігін және оларды қорытынды есепті
мәліметтерімен сәйкестігін тексеру болып табылады. Аудиттер алдына қойған
мақсатына жету үшін тексеруді талап ететін басты міндеттерді анықтап алуға
тиіс.

І НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

1.1. Негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығарудың аудиті

Негізгі құралдардың түсуі мынадай құжаттармен рәсімделеді. Негізгі
құралдарды қабылдау – тапсыру (орнын ауыстыру) актісі негізгі құралдар
құрамына жекелеген объектілерді енгізу үшін; қолданылып жүрген заңға сәйкес
олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайлардан басқасы,
оларды пайдалануға беріліуін рәсімдеу үшін; негізгі құрал – жабдықтардың
бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін;
негізгі құралдарды қоймадан (қордан) пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін,
сондай – ақ басқа да субъектілерге берілген кезінде (жарғылып капиталға
қосқан үлестерді, сатуды, сыйларды) оларды негізгі құралдардың құрамынан
шығару үшін қолданылады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің
өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір
данадан акт жасайды. Рәсімделенгеннен кейін осы объектіге қатысты
техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас
бухгалтер қол қойып, субъект жетекшісі немесе оған өкілетті адамдар
бекітеді.
Алыс – беріс (орын ауыстыру) актісінде, міндетті реквизиттермен қоса,
коммисия қызмет ету мерзімін және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету
мерзімін шаруашылық жүргізуші субъекті дербес анықтай алады, яғни ол
негізгі құралдың техникалық жағдайына, нормасынан және басқа да
көрсеткіштерінен шығады. Ал болжамдық жою құны негізінен шаруашылық
жүргізуші субъектінің есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны
қабылдау коммисиясы көп жағдайда көзбен (визуально) анықтайды, не болмаса
бастапқы құнының 0,01 – ден 2,0% - ке дейінгі сомасы алынады.
Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін
актіні екі дана етіп тапсырушы цех (бөлім) қызметкері толтырады. Алушының
және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға
тапсырылады, ал екіншісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдары ақысыз беру (сыйлау) кезінде акт (тапсырушы және
қабылдаушы субъектілер үшін) екі дана етіп жасалынады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы
жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады (онда бірінші дана
негізі құралдардың нақты бары, қозғалысы туралы есеп беруге, екіншісі –
есеп – айырысу төлем құжаттарына тіркеледі). Үшінші дана негізгі құралдары
қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға
арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір
типті заттарымен, құрал – сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік
карточкада жүргізіледі.
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға
бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін
беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы
жазбасы жасалады.
Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі.
Барлық негізгі құралдар үшін Мүліктік карточкасының нысаны төменде
келтірілген.
Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың акитілері,
техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады.
Карточкада объектілрдің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің
қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы
мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру)
кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгілі соғуға, сондай – ақ
негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыру кезінде Негізгі
құралдарды қабылдау – тапсыру (орнын ауыстыру) актісі, ескіру және тозу
салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға Негізгі құралдар
объектілерін есептен шығару актісі негіз бола алады. Құрылысы салынып
біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілер туралы
жазбаларды карточкаға жазу үшін Жөнделген, қайта құрылған және жаналаған
объектілерді қабылдау актілері негізінде жазылады.
Объектінің қысқаша жеке сипаттамасы бөлімінде негізгі объектінің
тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай – ақ объектінің
техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін
неғұрлым маңызы екі – үш сапалық көрсеткіштермен шектеліп, оған қатысты
маңызы қосымша құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады.
Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр
объектіге жеке бермей – ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің
тобына тұтасай береді. Егер де объектінің сандық та және сапалық та
көрсеткіштері айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін,
ал ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.
Бухгалтериядағы толтырылған Мүліктік карточкалардың негізінде негізгі
құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге
тіркейді, ол (тізімдеме) негізгі құралдардың жіктемесі бойынша бір данада
жасалады.
Негізгі құрал – жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық
(сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде;
кәсіпорында немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта
жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп
тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен аппараттардың нәтижесінде, пайдаланудың
қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда;
шаруашылықаралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде
(сатқанда), өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады. Объектілер немесе
ішінара (объектіні қайта жабдықтау және жаңалау кезінде) жойылады.
Субъектінің балансынан жою тәртібіне сәйкес, пайдалану мерзімі біткен,
табиғи зіл – залалының және апараттардың нәтижесінде өзінің өндірістік
мәнін жойған, қайта қалыпқа келтіру экономикалық жағынан тиімсіз немесе
мүмкін болмаған жағдайда және оларды іске асыруға немесе басқа шаруашылық
жүргізуші субъектіге беруге болмайтын тозығы жеткен ғимараттар, құрылыстар,
құрал – жабдықтар, сондай – ақ басқа да тозығы жеткен мүліктер шығарылып
тасталынады.

1.3. Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу және жөндеу есебінің
аудиті

Негізгі құралдар өндіріс процесіне катысуымен, жылдар мерзімінің
әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп
тозады. Тозудың екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман
талабына сай келмеуі).
Негізгі қорлардың табиғи тозуы олардың өндіріс процесіне катысу
нәтижесінен және негізгі құралдардың пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі
сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар
нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны)
пайда болады.
Негізгі кұралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық прогреске,
өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді.
Техниканика мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі
кұралдардың ұқсас өнімдерінің арзандауына ықпал етеді. Осыған орай,
пайдаланылудағы негізгі кұралдар өздерінің құнының бөлігін жоғалтып,
құнсызданғандай болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың
барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді турлерін, малдардың жаңа
немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің түрлері мен
сортарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі
құрадарды бұдаң әрі қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады.
Негізгі кұралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар
арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар (ескі
машиналарды жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық
процесті жетілдіру — жаңа технология колданған кезде пайдаланудағы
машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімнің номенклатурасын
өзгерткенде және жаңартқанда (ескі машиналар мен құрал-жабдықтар жарамсыз
болып танылады); жұмысшы күшінің еңбекке камтылуындағы, жүмысшылар
біліктілігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерістер
өңдірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының азайтылуын
талап етуі мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің жекелеген
түрлерін шығаруға қажетті шикізат кұрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің
өндіретін салаларында өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мумкін.
Моральдық тозудың әсері нәтижесінде табиғи тозу мерзімі келгенге дейін
негізгі құрал-жабдықтар объектілері жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді)
түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-
жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді.
Мұражай және көркемтуынды құндылықтары, кітапхана кітаптары,
фильмқорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен
ғимараттар және баска барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды.
Амортизация (латынның "өтеу" деген сөзінен) — тозудың құндық көрінісін
бідіреді. №6-шы "Негізгі құралдардың есебі" бухгалтерлік есеп стандартына
(БЕС) сәйкес, амортизация — активтің кызмет еткен мерзім бойына
амортизацияланған құнды тарату процесі. Амортизацияланған құн бастапқы құны
мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік
кезеңнің шығысы ретінде танылады.
Жаңадан пайдалануға берілген негізгі кұралдар бойынша амортизация
есептеу келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен басталады, ал
шығып кеткен негізгі кұрадар бойынша — шыққан айдан кейінгі айдың бірінші
күнінен бастап тоқтатылады. Толығымен амортизацияланған негізгі құралдар
бойынша амортизацияны есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің)
құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады.
Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта
жарақтандыру барысында, консервацияға ауыстырылған кезінде амортизация
есептелінбейді. Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация
есептеуді жалға беру шартының немесе шарт талаптарына сай жалға беруші
немесе жалға алушы жасайды. Одан басқа, мына төмендегі негізгі құралдар
бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана
қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш архитектурасы мен өнері, ортақ
пайдаланатын автомобиль жолдары.

ІІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР АУДИТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1.Негізгі құралдардың аудитінің мәні және ақпарат көздері

Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес
қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру
мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді
Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу
құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру бухгалтерлік
есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін
бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы - шаруашылық қызметке
экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын
аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып
табылуында.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты — аудиторға қаржылық қорытынды
есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі
аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде
қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына
қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын
мақсатты түсінуіміз керек.
Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру
мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық
салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген
кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін
аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын
дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен
ведомстволар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.

Сурет 1. Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорында
басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген
заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тін белгілі
басымдылықтар болады.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол
аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату
жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма
қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық
ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз
адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мұқият және анық
жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы
есептемені құруға мәжбүр етеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі
қызіметті орындайды:
1. Қаржылық есеп берудің толықтығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арналған
дәлелдемелерді жинау және бағалау.
2. Қаржылық есеп беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған
стандарттарына сәйкес тексеру.
Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің
қаржышаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің
жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай
туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып
табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық
қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу
үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік
қатынастар қажет болады.
Қазіргі кезге дейін сыртқы аудит мәселелері арастырылды. Сон-дықтан
бұл тарауда ішкі аудитты ұйымдастыру мәселелерін қысқаша баяндайық. Себебі
бұл сүрақ "Аудиттың басқа түрлері" тарауында толығырақ қарастырылады. Ішкі
аудит басқару есебінің бөлінбес және маңызды элементі болып табылады. Ішкі
аудитке деген қажеттілік жоғары басшылық барлық басқару құрылымдары
қызметін күнделікті бақыламауына байланысты ірі кәсіпорындарда пайда
болады. Ішкі аудит осы қызмет туралы ақпарат беріп, менеджерлер есебінің
нақтылығын дәлелдейді. Ең алдымен ішкі аудит ресурстарды жоғалтуға жол
бермеуге және кәсіпорын ішіндегі қажетті өзгерістерді іске асы-ру үшін
қажет.
Сыртқы аудитті ұйымға тапсырыс беру (шарт жасасу) негізінде сыртқы
тәуелсіз аудиторлар, аудиторлық фирмалар жұзеге асырады. Сыртқы аудиттың
тағы ерекшелігі аудиторлардың тексерілетін кәсіпорынға мүддесі жоқтығында
және құрылтайшы, меншік иесі, акционер, басшы және басқа лауазымды адамдар
болмауында, үйым басшылығы мен туыстық қатынаста (ата-анасы, жұбайы, аға-
інісі, апалы-сіңлілі, ұл-қыздары) тұрмайтындығында және қызметтік қатынаста
байланысы жоқтығында болып табылады. Сыртқы аудитты жүргізу нәтижелері
тексерілетін ұйымдардағы есеп, ішкі аудит жағдайы және қаржылық есеп
берудің дұрыстығы туралы қорытынды жасау және ұсыну арқылы рәсімделеді.
Заң талаптарына қатысты аудит міндетті және бастамашылық (ерікті)
болып бөлінеді. ҚР "Аудиторлық қызмет туралы" заңының "Аудит және оның
түрлері" деген 4-бабында "Аудит түрлері міндетті аудит және бастамашылық
аудит болып табылады" деп көрсетілген.
Міндетті аудит - тізімі заңмен белгіленген кәсіпорындардың қар-жылық
қорытынды есебіне жыл сайын аудиторлық тексеру жүргізу.
Бастамашылық аудит оны жүргізу шартында көрсетілген аудиттің нақты
міндеттері, мерзімдері мен төлемдері ескеріле отырып, көсіпорынның өзінің
шешімімімен жүргізіледі.
Сыртқы және ішкі аудиттің ортақтығы — белгіленген стандарттар
шеңберінде қызмет етеді, тексеру нәтижелері бойынша есептерді құрастырады
және т.б. сонымен қатар ерекшеліктері де бар:
- түрлі міндеттерді орындау;
- сәйкес көрсеткіштер үшін есептерді құру;
- көрсетілген қызмет көрсетулер көлеміндегі айырмашылық;
- күнделікті шаруашылық- қаржылық операцияларға мүдделік дәрежесі;
- есеп беруді құру нысандарындағы айырмашылық.
Негізгі құралдардың сақтау, есепке алу және пайдалану есебінің
аудитінің басты міндеті:
- негізі құралдардың нақты қолда барлығына және сақталуына
бақылаудың қамтамасыз етілгендігін:
- еңбек құралдарының негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғандығын,
олардың жіктелуі, меншікті қатынасы және өндіріс үрдісін қатысу сипаты
бойынша топталандығын;
- есепте негізгі құралдрдың дұрыс болғандығын;
- есепте негізгі құралдардың кіріс және шығыс опрацияларның дұрыс
көрсетліп құжатталғандығын;
- есепте негізгі құралдарға тозудың және жөндеудің дұрыс есптеліп
құжатталғандығын:
- негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланғанын;
- бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте нақты қолда бар негізі
құралдардың және олардың қозғалысы туралы мәліметтердің дұрыс
көрсетілгендігін тексеру болып табылады.
Аудитордың міндеті қолда бар негзгі құралдардың сақталуын бақылаудың
қалай ұйымдастырылғандығын тексеру меншектелмейді. Оларды сақтауды
қамтамасыз етуі байланысты атқарылған іс- шарларды да тексеруге міндетті.
Ол үшін шаруашылықтың басшыларының бұйрығымен негізгі құралдардың
сақталуына жауап беретін материалды жауапкершілікті тұлғаның
тағайындалғандығын; тағайындалған тұлғалармен олардың толық материалды
жауапкершілігі туралы жазбаша шарт жаалғандығын; негізгі құралдардың
ақталуына тексеру жүргізетін тұрақты жұмыс ітейтін түгендеу комисиясының
тағайындалғандығын; жылдық қорытынды қаржылық есеп жасаудың алдында
түгендеу жүргізілгендігін; түгендеудің нәтижесінде дұрыс құжатталғандығын
және оны қарау мерзімінің сақталғандығын негізгі құралдардың кем шығу
жоғалған, бүлінген фактілер орын алған жғдайда кінәлі тұлғаларына қандай
әкімшілік шаралары қолданылғандығын анықтауға міндетті. (кесте 8)
Кесте 8
Негізгі құралдардың аудит бағдарламасы

№ Аудитордың іс-әрекетті Ақпараттар көзі
1 Баланс көрсеткіштерінің бас кітап Баланс, бас кітап
деректерімен сәйкестігін тексеру
2 Негізгі құралдардың синтезі және Бас кітап, №2400 және №10 журнал
аналитикалық есептердің жүргізудінордерлер, негізгі құралдардың
дұрыстығын тексеру тозуы және қайта бағалау сомалары
есептеу жөніндегі жасалған
кестелер, бастапқы құжаттар
3 Негізгі құралдардың сақталу және Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу
пайдалану орындарындағы барын жәнекоммисиясын және материалға
сақталуын бақылауды қамтамасыз материалды жауапты тулғаны
етуді тексеру тағайындау жөніндегі және
басшысының бұйрығы. Материалды
жауапты тулғамен жасаған шарт,
түгендеу тізімдері және салыстыру
ведомстары түгендеу актілері,
қабылдап тапсыру актілері негізгі
құралдардың есебінің түгендеу
карточкалары. Негізгі құралдардың
түгендеу тізімі, тұрған орны
пайдалану бойынша карточкалары
т.б.
4 Негізгі құралдардың қозғалысы Қабылдау, тапсыру актісі (НҚ - 1)
бойынша бастапқы құжаттардың жөнделген, реконструкцияланған
рәсімдеудің дұрыстығын тексеру. және жетілдірілген объектілер
қабылдау тапсыру актісі (НҚ - 2),
негізгі құралдардың тізімнен
шығару актісі (НҚ - 3),
автокөлік құралдардың шығару
актісі. ( НҚ- 4) негізгі
құралдардың есебінің түгендеу
карточкасы. Негізгі құралдардың
есебі бойынша түгендеу
карточкаларының тізімге алу
(НҚ-10), негізгі құралдардың
қозғалысы есебінің карточкасы
(НҚ-2400) жалдаған ұзақ мерзімге
негізгі құралдардың есебінің
карточкасы (НҚ 2400-а) негізгі
құралдардың түгендеу тізімі,
тұрған орны, пайдалануы бойынша
(НҚ -2420)

5 Негізгі құралдарды жіктеуді жүзегеТехникалық құжаттамалар,
асырудың дұрыстығын тексеру ерекшеліктер, жинақтаушы
ведомость т.б.

6 Негізгі құралдардың бағалаудың Келісім бағалаудың хаттамасы,
және қайта бағалаудың дұрыстығын сатып алу, сату шарттары, жалдау,
тексеру негізгі құралдарды қайта
бағалауды жасау кестелері, НҚ-1,
НҚ-2, НҚ-6 т.б.
7 Негізгі құралдарды кіріске Техникалық құжаттамалар НҚ-1,
енгізулуінің дұрыстығын тексеру. НҚ-2, НҚ-6 т.б. №2400 журнал
ордерлер, бас кітап
8 Негізгі құралдардың тозу есебін Есеп саясаты жөніндегі бұйрық,
есептеудің және көрсетудің негізгі құралдардың тозуын
дұрыстығын тексеру есептеу жөніндегі жасалған
кестелер нормативтік құжаттар №10
журнал ордерлер, бас кітап.

9 Негізгі құралдарды жөңдеу Есеп саясаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі құралдар есебінің аудиті
Өткізу циклы аудиты жайлы жалпы ережелер
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне талдау
Қаржылық есеп, талдау және аудит
Негізгі құралдардың жөндеу шығындары есебінің аудиті
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
Негізгі құралдар қозғалысының аудиті
Аудит
Сатып алу процессіндегі ішкі аудиттің әдістемесі
Ұзақ мерзімді активтер
Пәндер