Олжас Сүлейменов өмірі мен шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
I. Олжас Сүлейменов өмірі мен
шығармашылығы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..3
1.1.Ақын мен
өлең ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..4-9
1.2.Адамға табын, Жер, енді
шығармасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .9-11
1.3АзиЯшығармасы ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..11-13
II.Ақын туралы
пікірлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 13-15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
17

Олжас Омарұлы Сүлейменов — ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық
жазушысы. ҚазМУ-ды, Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтын
бітірген. 1962 — 84 ж. "Казахстанская правда" газетінде, "Простор"
журналында бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясыңда сценарийлік-
редакциялық алқаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы баскармасының
хатшысы, ҚР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы
қызметтерін атқарған. 1972 жылдан Азия мен Африка елдері жазушыларымен
байланыс жөніндегі комитеттің, 1989 — 95 ж. Халықаралық "Невада — Семей"
қозғалысының төрағасы болды. 1995 жылдан Қазақстанның Венгриядағы, кейін
Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі. Олжас Сүлейменов 1936 жылы Алматы
қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Алдымен әл-Фараби
атындағы Қазақтың ұлттық университетін, сонан соң Мәскеудегі М. Горький
атындағы Әдебиет институтын бітірген. Орыс тілінде жазады.
Тұңғыш өлеңдер жинағы Арғымақтар 1961 жылы жарық көреді. Осы жылы шыққан
Адамға табын, жер, енді поэмасы О. Сүлейменов есімін әлемге паш етті.
Нұрлы түндер (1962), Шапағатты шақ (1964), Мешін жылы (1967), Қыш
кітап (1969), т.б. өлеңдер жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы
шығармалары қазақ тіліне аударылып, Атамекен деген атпен басылып шықты
(1986).
Ақынның балалық шағы қаһарлы соғыс кезіне тап келген. Бүкіл ел басына
түскен қиыншылық, ауыр жылдар оны ерте есейтеді. Атам қырық төртінші жылы
көкірек ауруынан қайтыс болды. Жастығының астынан қиын-қыстау қаралы
күндері жесін деп маған сақтаған бір үзім қара нанды тауып алдық, — деп
ақын өзінің балалық шағын еске алады.
Оның жастайынан кітаппен достасуы, көп уақытын кітапханада өткізуі
зерттеушілік қабілетін шыңдай түседі.
1961 жыл жас талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды.
Арғымақтар және Адамға табын, жер, енді атты жинақтары жарық көріп,
бүкіл жұртты елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса да, Олжас туындылары
өткір тартысқа құрылып отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні,
белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім
астасуы, ойнаңылыққа ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі.
Сонымен қатар, Олжас — ақын, ойшыл, ғалым, саясаткер. Осы қасиеттердің бәрі
де тек бір ғана бірегей тұлғаның эпостастары. Олжас саяси, әлеуметтік және
мәдени ортада белгілі бір позицияға ие ақынның тек о баста өзіне арнап
берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып қана әрекет етуі қажет екендігін
жақсы түсінді. Ол қаруы — сөз. Ол әдебиетке ерекше дауыспен енді. Оның
шығармалары әу бастан-ақ ұлттық өдеби құбылыстарға толы болды, сонымен
қатар сөз қадірін түсінер жұрттың көңілінен шықты және бүгінге дейін сол
деңгейін жоғалтқан жоқ. Олжас Сүлейменов поэзиясы таусылмас күш-қуатпен
сарқырай ағар серпінді ырғаққа негізделген. Ол әрбір өзіндік ерекшелігі бар
ақындар және дара тұлғалар тәрізді алдын ала даярланған идеологиялық
тапсырыстар шеңберін бұзып шыға алды. Оның поэзиясы сөз қадірін білетіндер
мен сөз зергерлеріне, сонымен қатар қарапайым оқырмандарға да орыс тілі
арқылы қазақ халқының болмысын ашып көрсетуге мүмкіндік туғызды.
Лирикалары. О. Сүлейменов қазақ өлеңіне өзіндік өткір тартыс, сезім
күрделілігін әкелумен бірге, оның уақытқа және кеңістікке тән аясын
кеңейтудің үлгісін көрсете білді. Ол лаулаған алауды, ұшқынды сүйеді.
Туындыларының өне бойында — далада да, тауда да, ежелгі керуен сүрлеуінде
де — лаулаған алау. Оны:
Қария тарих — қаптаған жалын
Лап етіп жанған түздерде,
Алауға атам қақтаған жанын,
Аңызы қалған біздерге, — деген өлең жолдарынан анық байқауға болады.
О. Сүлейменов өлеңдерінен (Семсер аударған Қ. Мырза Әли) ақындық арыны,
екпіні анық көрініп, оқырманға ой тастар шабытты жолдар арқылы өріле
суреттеледі.
... Жаным, жігер,
Жарқылдаған от болсын!
Сілтегенде,
қайзаламай
Қақ бөлсін...
немесе:
... Ұшқын шоққа толып кетсін құшағың
Ол — құрыштың,
Ол — алмастың нышаны, — деген жолдардың өзі оқырманды жігерлендіре түседі,
қуатты күш береді. Олжас — қазақ ақындарының ішінде саяхатқа ең көп
шыққандардың бірі. Ол Азияда, Таяу Шығыстағы араб елдерінде, Еуропада,
Америкада, т.б. елдерде болды. Кешіп келем, кезіп келем, кезіп келем, шым-
шытырық жолдарыңмен, — деп үн қатады ол Жерге.
Ақын Америкадағы Небраска штатында
Жайылма жазирасы — тікен шеңгел.
Аптап күн төмпе томар бүккен белдер — десе,
Бербери аспанының аясында:
Виллиондар мыңғырған,
Шытырман шымылдықтай жағасында
Мұхит ышқына шыңғырған, — деп Африканың шетсіз-шексіз кеңістігін көрсе,
Эгей теңізінде:
Гекзаметр өлеңдей алыс ұзақ
Жол-шумақтар барады шыған ұзап, — деп жырлай келе:
Түйелер елсіз-күнсіз шөл өлкеде
Маң-маң басып жоқ болады көлеңкеде, — деп Сахарадағы көргендерін
түйіндейді. Олжас поэзиясының басты қаһарманы Жер шежіресіне үңіледі:
Қазып қалшы күрегіңмен жер бетін,
Табасың сен көшпелі елдер бабасын.
Қарғап өткен қаніпезер жеңдетін,
Бабалардың нәлет сөзін табасың,
Тек қарғыс па? Үміт отын табасын, — деп сұрақ қоя отырьш, жауап қайтарып,
ол болашаққа аттанады:
Жылдар өтер табысар адам баласы,
Қыл өтпестей тату болып арасы... — деп, көрегендік танытьш, азамат ұрпағын
бірлікке, татулыққа шақырып, философиялық ой толғанысын білдіреді.
Қазақстанды суреттегенде Олжас Сүлейменов халықтың өзіне ғана тән
қасиеттерін шебер суреттеп, даралай көрсетеді. Ақсақ құлан атты өлеңінде
жүген-құрық тимеген асау тағылар жүйткиді, бірақ негізгі тұлға — адам.
Құланды да қан майданға ерттейді, — дейді ақын.
Ұлы Абайдың қасиетті қабіріне ат басын тірегенде:
Шыңғыс тауы бөктерінде моласы,
Сарғалдақпен шегеленген төбесі
Тәуап еткен талай адам баласы.
Болған кезде жоқшылықтан өлесі
Жыр запыранын жұтады екен жұрт содан,
Шөп те сол шақ тұрады екен қалтырап,
Адамдай-ақ улы шарап ұрттаған
Дала мең-зең, сары гүлін шаншып ап, — деген өлең жолдарынан ұлылыққа деген
сезім шынайылығын тануға болады.
Ақынның лирикалық қаһармандарының бәрі асқақ жанды өр тұлғалар. Олардың қай-
қайсысы болмасын өмірге құштар жандар.
Ақын өлеңдерінде шынайылық, дөп басып суреттеулер басым келеді. Қазақ
халқының ұлттық ойындарын көрсетіп, жанды бейнелі суреттерді дамыта отырып,
бір сәт көрініс арқылы ақын халық өмірін, оның мінез-құлқын соншалықты
шеберлікпен дәл бейнелейді. Мысалы:
Қуып жет мені, жігітім,
Егер де болса үмітің,
Атыңды аяп келесің
Шын сүйсең, маған жетесің,
Бір сені ғана сүйемін,
Сен үшін ғана күйемін.
Қуып жет те, сүйіп өт,
Өзіңе ғана тиемін.
Қыз ұяты қиын-ақ,
Келесің содан құйындап.
Жел ғана жетіп жебеді,
Аймалап мені өбеді.
Қалдың-ау тағы, жігітім,
Үмітің қайда, үмітің?
Еш адам жоқ айнала,
Күледі маған ай ғана
Қарысып қолым сал болды,
Ат сауыры қом болады,
Жетер еді-ау, жігітім,
Жетпесін деген жан болды.
Жігітке нағыз ер жүрек
Жігітке нағыз көрікті,
Жетпесін қуып мені деп,
Ат емес, есек беріпті...
Ақын сезім түйсігінің шыңдығымен, ішкі жалынымен, әсершіл сезімді
бейнелеудегі сыршылдығымен, тіл байлығымен ерекшеленді. Бірде қызды қуьш
жетсем деген жігіт арманын, енді бірде атын төпелеп ұрып, не істерге
білмей дел-сал болған шарасыз жігітті көз алдымызға келтіреміз. Қарапайым
өлеңнің әр жолы оқырманын үлкен әсерге бөлейді, күлдіре отырьш ойлантады,
сол сәттегі жағдайға еріксіз көнген жігіттің мүшкіл халі кімді де болса
әттең-ай дегізері хақ.
Олжас Сүлейменовтің туындыларынан Қазтуған мен Шалкиіздің жыраулық
екпіні, Асан қайғы мен Қаз дауысты Қазыбектің шешендік сарыны, Махамбеттің
темірдей тегеуріні мен Абайдың данышпандығының лебі еседі.
Ол өзінің асқақ даусымен: Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық,
Даланың жоғын жоқтайтын жігіттер керек біздерге деп үн қатады. Міне,
сондықтан да ақынның лирикалық қаһармандарының әрқайсысы бір әлем, оның,
сырын ашып, тереңіне үңілу керек, сонда ғана ұғьш түсінесің.
Олжас Сүлейменовтің өлеңдері орысша жазылғанымен, қазақтың ұлттық шығармасы
болып табылады. Ақын өзінің туған халқының эстетикалық дәстүрлерін үлгі
тұта отырьш, әлем поэзиясының образдарынан алған тағылым, оның ойы мен
сезіміндегі ұлттык рухты, ұлттык характерді дамытып байытады.
Қатаң да бопсың, қасарсаң
Қас дұшпанды
Бір-ақ сілтеп
Қақ бөліпсің қылышпен,
Қанды ұрыстан
Құйттай ғана босансаң
Жыр арнапсың
Жүректерге сүйіскен.
Саған берген
Алыптығын алыпсын.
О, Махамбет,
Қайсар ұлы
Көшпелі бұл халықтың,
Қаһарлансаң
Ханның басын алыпсың, — деген өлең жолдарынан-ақ ақынның Махамбет
поэзиясының рухын жанындай жақсы көретіні, оның ұшқыр ойлары мен уытты
тілін ерекше бағалайтыны байқалады. Оның әр өлеңі, әр шумағы лирикалық
герой туып-өскен даламен, өз халқымен, оның өмір-тіршілігімен тығыз
байланыста алынған. Ол халқының тарихы мен шежіресін, аңызы мен-ақындык
үнін, дәстүрін — қазақтың ұлттық мақтанышы болып табылатын қасиеттерінің
бәрін шын беріле жақсы көреді, оны асқақтата жырлауға тырысады. Өзінің
тұңғыш кітабын Арғымақтар деп атауы тегін емес. Алысты жақын қылатын
ұшқыр сәйгүлік — Олжас шығармашылығында өлеңнен-өлеңге, кітаптан-кітапқа
көшіп отыратын дәстүрлі поэтикалық тұлғаға айналады.
Олжастың арғымағы — ұшқырлықтын, алапат күштің, албырт жігердің символы. Ол
таусылмас, сарқылмас тіршіліктің өзіндей мәңгілік қозғалысты танытқан,
шапшаңдыққа ұмтылған тынымсыз уақыттың өз бейнесі тәрізді көрінеді. Ақынның
арғымақ мінген азаматы қай кезде болмасын асыл арман мен абзал күреске
құлшынады.
Өлеңнің көркемдік ажары, сезім қуаты, қазақ даласының құдіреті ерекше асқақ
суреттелген. Мұнда ішкі әуен, құрыш тұяқ дүбірімен тұтастықта көрініп,
оқырман жүрегінің дүрсілімен сабақтасады.
Дала қандай!
Даладағы ат қандай!
Нөсер шөпке белшесінен батқандай.
Құйғытсам бір,
Дала, қала
Болады-ау
көз алдымда аунап бара жатқандай!
От тілгендей
Асау қанға,
Етіңе,
Арғымағым.
Шығып желдің өтіне,
Шабуылдап
Құрыш-болат тұяқпен
Пергілеші
Тақтақ жолдың бетіне, — деген шумақтардан ақын талантының қуаты анық
байқалады. Оқырман да бей-жай қалмайды, ерекше бір күшке ие болып, намысын
қайрай түсіп, өзін ат үстінде құйғытып шауьш келе жатқандай сезінеді.
Мысалы:
Қыпшақтардың, ойхой, құба жондары-ай,
Жер тарпыған пырағын айт, пырағын!
Шар айнадай сауырына қомдап ай,
Арғымақ жүр
Көк шалғынды — көк кілемге
Сүртіп болат тұяғын.
Берші менің тақымыма біреуін
Жеті қиян жер түбіне асайын,
Арғымактай аласұрған жүрегім
Тыпыршиды —
Оны қалай басамын... — деген өлең жолдарының өзінен-ақ оқырман ақынның
күрескерлігін, ереуілдеген сезімін ұққандай болады. Жырды оқығанда
құлағымызға арғымақ аттың дүрсілі келеді, мұның өзі ақын жырының өресін
таныта түсіп, биіктігін сездіреді.
1969 жылы жарық көрген ақынның Қыш кітабы атты поэмасы ата-
бабаларымыздың артына қалдырған адамгершілік мұрасы жайында жазылған ең
күрделі, құнды еңбектерінің бірі. Кітап бірнеше тілдерге аударылды.
Ақын, аудармашы профессор Леон Робель Қыш кітабының әдеби құнын айрықша
көрсетті. Олжас Сүлейменов, сөз жоқ, біздің кезіміздегі орыс тілінде
жазатын тамаша ақындардың бірі. Қыш кітабы тарихи терең тамырлы ғажап
ақындық қиялмен шұғылалы сәулеге суарылған үлкен дастан дей аламыз. Бұл
кітаптың ерекшелігі — мысқыл-әжуа мен баяндаушылық күшінің, эротизм мен
өктемдіктің, нәзіктік пен әзіл-оспақтың бір-бірімен қайнап пісуінде. Бұл —
нағыз эпикалық шығарма. Біздің бөлшек-бөлшек әлеміміз талайдан бері мұндай
зор дауысты естіген жоқ еді, біз Сүлейменовті сондықтан да Гильгамеш, Гюго,
Хлебников секілді ұлылардың табиғи, танымал мұрагері деп білеміз, — деп
өте жоғары бағалайды.
Ақын тарихтың көшкен жұрт, көшкен із емес екенін жақсы түсіне біліп:
Келешек — өткен тарихты қорыту, — дейді. Өзінің Қьпп кітабы, тарихи
тақырыптағы жырларын-да, Аз и Я сияқты сан алуан ой-пікір туғызған
еңбектерінде ақын Көне Русь пен Даланың қарым-қатынасы, екі мәдениеттің
қанаттас өрбіген тұстары жайындағы ой-толғанысы арқылы өзінің екі тілді де
терең меңгерген байыпты ғалым екенін танытты. Олжас поэзиясының қуатты қос
қанаты бар. Оның бір қанаты — әлем мәдениеті мен әдебиетіне суарылған,
екінші қанаты Шығыстың және қазақтың төл поэзиясынан нәр алған. Шығыс
поэзиясындағы сырлы саз, қазақ фольклорындағы эпикалық кең құлаш, Махамбет
өлеңдеріндегі отты леп, Абай поэзиясындағы терең ойдың барлығы Олжас
поэзиясына тән дүниелер.
Түңғыш өлендер жинағы "Арғымақтар" 1961 ж. жарық көрді. Олжас С. шығарманың
алғашқы кезеңі (1961 — 65) жалынды рухқа толы болды, ол тұстағы шығармалар
мазмұнынан қоғамдық дағдарыс пен руханият мәселесін, жаман мен жақсының
тайталасын, қоршаған орта мен адам табиғатының сырын ашуға, үлт тарихының
тереңнен тартқан тамырын тануға деген ұмтылысты байқауға болады. Оның
алғашқы поэтик. туындылары қоғамда үлкен резонанс туындатты. "Адамға табын,
Жер, енді" поэмасы (1961, Қазақстан Ленин Комсомолы сыйл., 1964) ғарышкер
Ю.Гагариннің ғарышқа ұшу өтіне арналған, онда аспан кеңістігін бағындырған
адамзат санасының салтанат кұруы марапатталған. 60-жылдардың орта тұсынан
бастап Олжас Сүлейменов шығармаларында жаңа түр ізденістері, эпикалық
суреттеулер, шығармаларының сан түрлі жанрды қамтуы, сөз бен оның
дыбысталуына ерекше мән беру, сөз өнері мәселелерінің түптамырын көне
дәуірдегі тарихи кезеңдерден іздеу мәселелері орын алды. Осы тұста акынның
"Қыш кітап" (1969), "Кактус", "Өлмейтін құмырсқа" поэмалары дүниеге келді.
70-жылдардың ортасынан ақын шығармаларындағы басты тұжырым, негізгі
бағыттар дами түсті, оның поэзиясы бейнелілігімен, философиялық
тереңдігімен, астарлы ирониясымен ерекшеленді. Бұл кезеңнің басты шығармасы
— "Көгершін кітап" еңбегінде алдыңғы туындыларында бой көрсеткен ұлттық
сана жайындағы талдаулар жарасымды жалғасын тауып, әлемдік мәдениетпен
үйлесімде синтездедді. Архив дереккөздеріне сүйене отырып, бірнеше тіл
сөздерінің этимологиялық құрылымына жасалған талдаулар "Аз и Я" (1975),
"Язык письма" (2000) атты филол. зерттеу еңбектерде көрініс тапқан. Оның
тілі "екі бірдей жалпыұлттық дүниетаным мен екі түрлі кұрылымдық тілдік
жүйенің әрекеттесуі" негізінде көрініс тапқан дейді. Екінші бір
зерттеушілер оны монолинг санап, орыс жазушысы деп те атайды (М.Д. Жүсіпов,
А.Ж. Сәрсембаева). Сүлейменовтің поэтика тіліне паронимикалық аттракция
құбылысы, афоризмдер, бейнелілік, халықтық поэтикалық тілдің этимологиясын
тануға деген ұмтылыс тән. Оның "Шапағатты шақ" (1964, Лениндік сыйл. 1967),
"Талма түсте тағы бір қайталап" (1973), "Әр күн — арайлы таң" (1973, казақ
тілінде 1986), "Кемер" (1976, 1979) атты кітаптары жарық көрді. Олжас С.
қазақтың кино өнерін дамытуға да үлкен үлес қосты, оның сценарийі бойынша
"Бабалар жері", "Көгілдір маршрут" (1967), "Қыс — қысылшаң мезгіл" (1972),
"Мүхтар Әуезов туралы сөз" (1979), "Соңғы өткел" (1982), "Үндістан сазы"
(1984), "Жастық шақ заставасы" (1984) кинофильмдері түсірідді. О.С.
шығармалары шетел тілдеріне аударылған. "Жалынның шалқуы" өлендер жинағы
француз тілінде (1981) жарық көрген. ҚР Мемлекеттік сыйл-н (1967, 1972)
алған. "Қүрмет белгісі" (1981), Еңбек Қызыл Ту (1984), "Октябрь
революциясы", 1-дәрежелі "Барыс" (2001), "Отан" ордендерімен, бірнеше
медаль-дармен марапатталған. 
1961 жылы сәуірдің 12-сінде – СССР-дің айбынын асырған Юрий Гагаринге
социалистік елдер батыр атағын бірінен кейін бірі жарыса тапсырып, тіпті
Айдың арғы бетіндегі кратерге дейін есімін беріп жатқанда – Олжас
Сүлейменовтің арнау өлеңі арнайы қағазға басылып, Алматының төбесінен
ұшақпен шашылды.
Адамға табын, Жер, енді поэмасын ақын адамзат тарихындағы тұңғыш
космонавт Юрий Гагариннің ерлігіне арнайды. Поэма — жиырмасыншы ғасырдағы
ең бір маңызды оқиғаны арқау еткен, саяси-әлеуметтік тақырыпты игерудің
тамаша көрінісі.
Бұл дастан адамзат мақтанышын биікке көтеріп, сыршылдығымен, шынайы
сезім шыншылдығымен, оқырман жүрегіне жол тапты.
Олжас жырлары — уақыт, кеңістік жағынан тар шеңберде қалмайды. Ол
Қазақстан тығыздығын, Қазақстан адамдарын бүкіл әлеммен, әлемдік тыныспен
ұштастыра толғайды.
Олжас поэзиясының басты қаһарманы — жасампаздық. Ол үшін тарих — жасарып
жаңғырудың, жасампаздықтың, ынтымақтасудың шежіресі. Мысалы:
... Батқанмен күн, атқанмен таң
Батыс та жоқ, шығыс жоқ.
Жер деген сөз тұрса, жаһан
Өтеді ылғи туыс боп, — деген жолдарда ақын концепциясы уақыт рухын аша
түседі, суреттілік, дүниетаным беріктігін танимыз. Бұл поэма ақынның өткен
мен бүгіннің, ескі мен жаңаның әлеуметтік мән жайын, философиялық астарын
терең сезініп суреттеуімен биіктей түседі.
Ақын толғанысы оқырманды ой қазынасының байлығы, молдығымен, эмоцияға
толы терең сыршылдығымен баурап, ерекше әсерге бөлейді. Бұл поэма сан рет
қайталанып басылып, бірнеше тілдерге аударылып, авторын әлемге танытты,
қазак елінің абырой-мерейін биікке көтерді. Ақынның ұшқыр қиялы, көреген
ойшылдығы, мол білімділігі, ең бастысы, патриоттық отты сезімі танылды.
Адам баласы ғарышқа көтерілген кезде сонымен қатар көтерілген Олжастың
көркемдік әлемі өз биігінде жарқырап, жыр жанашырларын шақыра берері
сөзсіз.
Адам баласының ғарышқа тұңғыш ұшуын жырлаған Олжас Сүлейменов небәрі бір
айдың ішінде совет еліндегі ең танымал ақындардың біріне айналды. Совет
өкіметі бір жыл бұрын бұзақылығы үшін Мәскеудегі оқуынан шығарылған жас
ақынды басты бақталастары АҚШ пен Батыс Еуропаға арнайы жөнелтті.
Сұлулық маған ұнайды,
Сан ғасыр соны аңсадым,
Мақтап та, қарғап құдайды,
Жаза да тарттым, шаршадым.
Жасадым өзім өзенді,
Теңізге дауыл әкелдім.
Адамға табын, Жер, енді,
Құдайың әрі әкеңмін! – деп келетін Адамға табын, Жер, енді! атты
поэмасын Олжас Сүлейменов АҚШ-тағы Колумбия университетінде, Парижде,
Сорбоннада студенттер алдында оқыды. Совет өкіметі өз идеологиясына сай
келген жыр иесіне 1964 жылы Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын табыс етті.
Кейін ақынның өзі Сол күні адамдардың бәрі – орыс, америкалық, қытай,
француз, поляк, қазақ емес – Жер планетасының тұрғындары екенін, адамдардың
бәрі Жер аталатын ортақ кемеде жүзіп келе жатқанын сезінді.
Менің поэмамның басты айтары да осы деп еске алды. Құдайың әрі әкеңмін
деген өлең жолдары сол кездегі үстем атеистік риториканың бір үзігі ретінде
ешкімнің діни наным-сенімін қорлай қоймағаны анық..
Қазақ әдебиетінің сыншысы Жекен Жұмаханов Автор дастанында
Ю.Гагариннің портретін нақтылап жатпайды, оны совет адамы, Ұлы Отан, ұлы
партия, совет жері деп аталатын алып дененің бір бөлшегі, кішкене де,
керекті тетігі деп біледі. Партия советтік Отан жұмсаса әрбір совет
адамының Гагариннің ерлігіндей ерлік ете алатынын жинақты, жалпылы образға
айналдыра, тамаша топшылайды деп жазды.
1962 жылға дейін-ақ одақтық баспасөз беттерінде таныла бастаған Олжас
Сүлейменовтің ақындық өнеріне жазушы, сыншы Асқар Сүлейменов сол жылы былай
деп баға берді: Сүлейменов өлеңді орыс тілінде жазады. Соның өзінде оның
өлеңдері бүкіл табиғатымен қазақ топырағында туғаны айқын көрініп тұрады...
Тамыр тәнімен далаға, селеу сыбырына, мамыр бұлтты аспанды өпкен Алатау
шыңына, Құрманғазы күйлерінің, Махамбет жолдарының патетикалық ырғағына
сіңісіп жатқан парасатты, дарынды ақын жанын көргендейміз....  “Адамға
табын, Жер, енді!”. Мифтік түйсік пен поэтикалық түйсіну пернелері күй
сазындай үйлескен тұс. Бір сәт қана. Бір сәттің шындығы. Ақиқаттың қас-
қағымы! Символдық ұғыммен, азаматтық пафоспен оны өзгеге ұқсамайтын
өзгешелікпен айтқан кім еді? Олжас Сүлейменов.
Иә, “Адамға табын, Жер, енді!” – ақынның қаламгерлік символы.
“Адамға табын, Жер, енді!” – ақынның космодромы Байқоңыр.
“Адамға табын, Жер, енді!” – жырдың жаңа бір дәуірінің таңы, жаңа
поэтикалық кезеңнің белгісі.
Осылайша ғарыш ақынның төл тақырыбына айналды. Кейін журналистикада жүрсін,
кино саласында істесін, мемлекеттік, қоғамдық қызмет атқарсын, әр жылдың 12
сәуірінде ақынның да ғарышпен іштей бір жақындығы сезілді де тұрды. Бірде
ол ғарышкерден ойша “интервью” алды.
Байқоңыр... 12 көкек 1981 жыл. Мерекелік сұхбат... Ақын мен “ғарышкер
әңгімесі”. “Өміріңіздегі ең есте қаларлық, ең бір қымбатты, әсерлі сәтті
айтып беріңізші!” – дейді ақын. – “Ең бір әсерлі дейсіз бе? Ең бір әсерлі...
Иә, бірде ғарыш кемесін ұшыруға дайындалып болғанбыз. Сақадай-сай әзірлік.
Санаулы секундтардан кейін ұшуға бұйрық берілмек. Сонсоң кемеміз шексіз де
шетсіз ғарышқа қарай самғай жөнелмек. Кенет... Ұшу алаңының шетіне ақ бота
шыға келгені. Моп-момақан, кіп-кішкентай ақ бота. Шақырайған күнге бір
қарап қойып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ақиық ақыны - Олжас Сүлейменовтың өмірі және қоғамдық - саяси қызметі
Олжас Сүлейменовтың өмірі
ОЛЖАС СҮЛЕЙМЕНОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Маргиналдық әдебиеттің аударылу ерекшелігі
Олжас Сүлейменов
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
Олжас Сүлейменов өмірбаяны
Өлең сөздің патшасы
ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Пәндер