Насекомдардың басты дұшпаны насекомдар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
КІРІСПЕ 1
I. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ 3
II. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ. 7
III. Семей өңірінің географиялық жағдайы. 9
IV.ОМЫРТҚАСЫЗДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУШІЛІКТЕРІ. 12
V Ғылыми – зерттеу бөлімі 21
5.1 Бүркеніш рең. 21
5.2 Жасырушы рең. 22
5.3 Сақтандырушы рең 26
5.4 Қорғаныш рең (мимикрия) 30
ҚОРЫТЫНДЫ 33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34

КІРІСПЕ

Организмдер эволюция барысында өзін қоршаған орта жағдайларына
бейімделеді. Бейімделушілік деп организмдердің нақтылы ортада тіршілік
етіп, ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін жаңа қасиеттердің пайда болуын
айтады. Сондықтан кез-келген бейімделушілік түрі эволюцияның негізгі
нәтижесі болып табылады. Бейімделушіліктің қалыптасуы тұқым қуалайтын
өзгергіштік пен табиғи сұрыптауға тікелей байланысты. Бейімделушіліктің
бәріне бірдей мақсаты - ол жауынан қорғану. Қорғану түрлері өте көп.
Омыртқасыздардың көп түрлілігіне қарамастан, олар туралы мәліметтер әлі де
толық емес. Соның ішінде олардың қоршаған ортаға байланысты бейімделуі,
яғни сыртқы құрылысын, мінез-қүлқын, түсін өзгертуі жайлы сұрақтарға толық
жауап болмағандықтан бұл тақырып мәселесі өзекті болып табылады. Қарастырып
отырған курс жүмысының негізгі мақсаты омыртқасыз жануарлардың қорғаныштық
бейімделушіліктері. Жалпы омыртқасыздардың ішінде бунақденелілер құрылысы,
мінез-қүлқы жағынан жоғары болуына байланысты осыларға көп көңіл бөлеміз.
Мекен ету ортасына байланысты әр түрлі бейімделушілік пайда болды: а)
қорегін орман ағаштарының жапырақ төсеніштері мен қалың қардың үстінен алып
жеу үшін тұмсықтары қысқарған; ә) қалың қарға барып кетпей, үстімен жүру
үшін саусақтарының жиегінде мүйізді қатпарлардың болуы; б) жарден оңай ұшу
үшін қанаттары жалпақ, ұшы доғал болуы сияқты бейімделуді аңғаруға болады.
Сондай ақ насекомдар жыртқыштардан зардап шегіп, тіршілік үшін күресте
көптеген қорғаныш бейімділіктері пайда болды. Насекомдардың басты дұшпаны
насекомдар. Мысалы, инеліктер үнемі ұсақ насекомдарды қуып
жүреді, соның есебінде көптеген масалар жем болады. Тойымсыз дәуіттердің
басқа насекомдарды аңдумен күні өтеді. Қаңқыз қоңызы кішкентай болғанымен
дем алыссыз өсімдік биттерін іздейді. Муравьиный левтың личинкасы құмдарда
воронкалар қазып, сол воронкаға түскен насекомдармен қоректенеді. Аммофил
осасы далада ұшып жүріп жұлдызқұрттарды қорек ретінде пайдаланады.
Ормандағы құмырсқалар илеуіне қарасаң қайнап жатқан тіршілік көзіне таң
қаласың. Бір құмырсқа жұлдызқұрт ұстап алған, тағы біреулері қандала ұстап
алған, екінші біреулері қоңызды ұстап алып бара жатқанын көреміз. Қысқаша
айтқанда насекомдар насекомдарды құртады. Бауырыменжорғалаушылар да
насекомдардың жауы. Мысалы, жыландар көшпелі шегірткелермен көп
қоректенеді. Ғалымдардың айтуы бойынша бір жылан жылына екі жарым мыңдай
көшпелі шегіртке жейді. Бұл өсімдіктер үшін пайдалы, бірақ насекомдарда да
қорғаныш бейімделушіліктері пайда болды. Эволюция барысында насекомдар
кұстардан да қорғанады. Бірақ кейбір құстар кез-келген насекомдармен
қоректенбей, белгілі бір насекомдармен ғана қоректенеді. Мысалы, көкектер
денесін түк басқан жұлдызқұрттармен ғана қоректенеді, ал басқа бір құс түрі
бұл жұлдызқұрттарға тиіспейді. Тоқылдақтар өз қорегін ағаш қабығынын
астынан табады. Олардан басқа ешқандай құстар орман зиянкесі личинкаларын
ала алмайды. Жалпы насекомдармен барлығы болмаса да өте көп тірі
организмдер қоректенеді. Соның ішінде насекомдардың басты дұшпаны - адам.
Адам жер бетін игерді, қалалар салды, табиғатты өзгертті, әр түрлі
машиналар мен өндірістен шығатын насекомдардың көзін құртатын улы химикатты
заттарды шығарды. Адам- табиғат пен онда тіршілік ететін организмдер үшін
басты жау.
Курс жұмысы бірнеше міндеттерден тұрады. Біріншіден бунакденелілердің
жабындық қорғанышын анықтау, сақтандырғыш реңге, сыртқы ортаға байланысты
пішінін өзгертуі, мимикрияға анықтама беру. Бунақденелілер жер бетінде
тіршілік етіп, дамып, көбею үшін күрес жүргізеді. Осылардың жауынан
қорғануының бір түрі сыртқы реңі. Сыртқы қорғайтын жабындық рең
бунақденелілер өмірінде маңызды орынға ие. Басында айтып кеткендей
бунақденелілер класы басқа кластарға қарағанда өкілдер санына бай. Тіршілік
ету ортасына байланысты бунақденелілердің қорғаныш
реңдері бірнеше түрлерге бөлінеді. Оған негізгі бөлімде тоқталамыз.

I. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Осы курс жүмысын жазу барысында көптеген атақты ғалымдардың
еңбектерімен таныстым. Солардың бірі Огден Тэннер, Фабр, Николас Тинберген
т.б. Жан Анри Фабр (1823-1915) алғаш болып жануарлардың мінез-қүлығын
зерттеп ғылымға 40 жыл өмірін арнады. Ол Францияда аралар мен осаларды
зерттеп, жануарлардың мінез-қүлығының өте күрделі екенін дәлелдеді. Сонымен
қатар ағылшын ғалымы, атақты биолог, Нобель сыйлығының лауреаты Николас
Тинберген Поведение животных атты ғылыми кітап жазып шықты. Тағы бір
атақты ғалым, биолог Огден Тэннер Жануарлардың қорғаныштық
бейімделушіліктері атты кітап жазып шығарды. Ғалым ғылым жолының
ауырлығына қарамастан үрей туғызатын Амазонкаға, бір тамшы суы жоқ шөлді
далаларға, жүмбақ сырлары бар мүхиттарға барып ондағы мекендейтін
жануарлардың мінез-қүлығын, тіршілік ортасын зерттеп бағасы жоқ суреттер
түсірді. Атақты орыс ғалымы П.И.Мариковский Қазақстанда мекендейтін
омыртқасыздарды көп зерттеген және де осыған байланысты көптеген ғылыми
кітаптар жазды.Осы әдебиеттерді курстық жүмысты жазуда қолдандым.
Бунақденелілер жер бетінде миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп
келеді. Эволюция барысында бунакденелілердің сыртқы қүрылысымен қоса реңі
де өзгерістерге үшыраған. Бунақденелілер дүниесі сан алуан. Олардың түсі де
сан түрлі қүбылып түрады. Оның бунақденелілер үшін маңызы зор. Ертеден
бастап ғалымдар бунақденелілерді зерттеу барысында олардың қүрылысы мен
сыртқы пішініне, түсіне көп көңіл бөлген. Бунақденелілерге түсінің не үшін
керек екендігі көп ойландырды. Ойланса да оған табиғаттың бергені деген
жауап дайын түрды. Біреулер бунақденелілердің әсем түсіне қызығып қана
қойса, енді біреулер шындыққа көз жеткізіп, зерттеу жүмыстарын жүргізе
бастады. Дарвиннің эволюциялық ашылуынан кейін бүл зерттеулер кеңінен
қарастырылды. Біз үшін бүл таңқаларлық, бірақ адамдар бунақденелілердің
сырт пішінін неге өзгертетіндігін тек XIX ғасырда ғана білген.
Бунақденелілердің түсінін өзгертуі олардың өмір сүру үшін күресінің дәлелі.
Ағылшын ғалымдары Альфред Уоллес пен Генри Бейтс осы сұрақты шешу үшін
өмірінің көптеген жылдарын арнады, көп еңбек етті. Көптеген ізденістер мен
тәжірибелердің нәтижесінде несекомдардың түсіне байланысты туындаган
сұрақтар шешілді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша сыртқы реңді бірнеше топқа
бөлуге болады.. Күнделікті өмірімізде жиі кездесетін насекомдардың бірі-
шегірткені алайық. Сол шегірткенің түрлеріне байланысты сыртқы түсіне көңіл
аударсақ: құмдауыт жердегі шегірткелердің түсі қоңырқай да, көгал жердегі
шегірткелердің түсі жасыл болады. Емен діңінен кешке қарай іңір
көбелектерін кездестіруге болады. Қозғалмай қонақтап отырғанда оны емен
ағашының қабығынан ажырату қиын. Жасыл жұлдызқүрт жапырақ бетінде тіршілік
етеді. Ол да жапырақ бетінде мүлдем байқалмайды. Ғалымдар түстің бүл
өзгеруін- криптемизм деп атаған. Жүлдызқүрт жазык жапырақ бетінде түрса да
өзінің жолақтарының арқасында мүлдем байқалмайды. Одан да жоғарғы
қорғаныштық-насекомдардың бір затқа айналуында. Мысалы, бір жапыраққа,
тасқа, таяққа үқсас болып пішінін өзгертуі. Бүл уақытта насекомға белгілі
бір затқа үқсас болған түсі, сол затқа үқсайтындай етіп өзгертетін формасы
жэне қозғалмай жата алу қабілеті үлкен көмегін тигізеді. Насекомдардың
сыртқы бояуын ғана өзгертіп қоймай, пішінін де тіршілік ететін ортасына
бейімдей алуы мимизия деп аталады. Ол жайлы Англияның белгілі натуралисі
Форбе өз үйінен шығып серуендеп келе жатып, қүс саңғырығына қонып отырған
көгілдір көбелекті байқайды. Мәнін білу үшін ол әлгі көбелек қонған жерге
үңіле қарап, көбелектің қимылсыз отырғандығын көреді. Ол қолындағы
таяқшамен көбелекті қозғап көрмекші болғанда, өлген көбелек қүс
саңғырығының үстінен қүлап түседі де, бір зат тез аулаққа қашып кетеді.
Натуралист бұған қатты таң қалып, әлгі затты қуып жетсе ол қүс саңғырығы
пішіндес өрмекші болып шығады. Пішінінің қүс саңғырығына үқсауы өрмекшінің
қорегін аулауға жэне қатерлі жағдайларда, мысалы, жауынан білінбей қүтылып,
аман қалуына есебін тигізеді. Биология ғылымдарының докторы Валериан
Викторович Лункевичтің Занимательная биология атты кітабында өз басынан
кешірген бір оқиғасын баяндайды. Бірде ғалым Лондонда тұрған шағында
жануарлар бағына барып, ыстық тропикалық насекомдар бөліміне арналған
шынылы павильионға кіреді. Ол жұрт топталып тұрған әйнекті шкафқа тақап,
ішіндегі өсімдікке назар аударады. Адамдар сиреген кезде жақын келіп, оған
жете көз салады. Бірақ назар аударарлықтай ерекшелікті ажырата алмайды. Осы
кезде шкаф жанында тұрған күзетші қолындағы таяқшамен шкаф әйнегін сәл
ысырып, өсімдік жапырақтарын қозғағанда, кейбір жасыл жапырақтардың жан-
жаққа жылжып қозғалатындығын аңғарады. Бұл пішіні де, түсі де өсімдік
жапырағына үқсайтын насекбм- жапырақ түлғалы қоңыз болып шығады. Оның
осындай түстес, пішіндес болуы насеком жейтін құстар мен сүтқоректілерге
байқалмайды, өзінің жауынан қорғануға мүмкіншілік береді. Сол сияқты
дәуіттің де сырт пішіні және түсі өзін жауынан осылайша қорғайды. Дәуіттің
түсі жасыл, сарғыш, қоңыр болуы мүмкін. Олар өсімдік сабағы тәріздес болады
және бір орында тапжылмай отыруы өзін жауынан қорғап қалуға және азығын
ұстауға мүмкіндік жасайды. Басында айтып кеткендей, келесі бір қорғанудың
түрі мимикрия. Насекомдардың сыртқы түсін мекен ететін ортасына байланысты
ауыстыруы немесе бір зиянды, улы насекомға ұқсастығын мимикрия деп атаймыз.
Табиғатта қорғанарлық органы жоқ, зиянсыз насекомдар көп. Олар қашып құтыла
алмайтын әлсіз жәндіктер. Алайда, олар да тіршілік етіп, ұрпақ жалғастыра
алады. Оларға табиғаттың тартқан сыйы- мекен ету ортасына қарай тез түсін
өзгерте алу қасиеті. Сырт пішіні мен түсінде таңқаларлықтай ештеңе жоқ,
жақсы көрінетін насекомдар көп, бірақ оларға не қүстар, не насекомдармен
қоректенетін жануарлар тиіспейді. Бұлардың қасында жеуге келетін насекомдар
жүр, бірақ олар улы насекомдардың түсіне боялған, бұларға да насекоммен
қоректенетін жануарлар тимейді. Бұл барлыгына белгілі, аралар мен соналарға
үқсас шыбындар, экзотикалық көбелектердің түрлері. Олар улы көбелектерге
ұқсайды. Бұл насекомдар өздерінің анық және жақсы сақталатын
түсімен басқаларды тиме маған дегендей ескертеді. Бұл рең ескерту немесе
мимикрия деп аталады. Мысалы, Африканың батыс жағалауында мекен ететін
акрел атты көбелек бар. Бұл көбелек ашық түсті бояумен боялған, алайда бүл
көбелектер өте улы болады. Сондықтан бұларға қүстар жоламайды. Ал осы
көбелектен реңі аумайтын ешқандай уы жоқ көбелектер де кездеседі. Бұл
көбелектер реңінің акрел көбелегіне ұқсауы, олардың жауынан аман қалуына,
оны үркітуге себепкер болады. Атақты биолог Н.Тинберген мұны жалган
сақтандырғыш деп атаған. Бұл насекомға қатер төнген кезде өзін қорғау үшін
айбат шегіп, жауын шошыту үшін реңін өзгертуі немесе денесінде ашық түсті
дақтардың пайда болуы. Уоллес пен Бэйтс өз зерттеулерінде осы жағдайларды
терең қарастырған. Олардың айтуынша, насекомдардың реңі жаудан қорғап қана
коймайды, сонымен қатар бірін-бірі тануға, аналықты аталықтан ажыратуға
мүмкіндік жасайды. Бірақ Уоллес пен Бэйтстің қалаған теориясының қабырғасы
бірақ күнде құлады. Бұл қабырғаны құлатуға австралиялық ғалым, биолог
Ф.Хайкентингер қырық жыл дайындалды. Өзінің мимикрия жүмбақтары және оның
жауабы атты кітабында сол күнге шейін адамзаттың табиғатқа тең субъективті
қатынаста болуы дэл осы жағдайда- насекомдар әлеміне Хайкентингер өз
теориясын дәлелдеп берді. Неге насекомдар құстарды (Уоллес бойынша) өз
иісімен үркітеді. Насекомдар жауынан қорғанған кезде геликонойд деп
аталатын сүйықтық бөледі. Уоллестің айтуынша, оның иісі ванильдің иісіне
үқсайды. Бірақ бүл иіс насекомдармен қоректенетін жануарларға жағымсыз
екендігіне қандай дәлел бар? Насекомдармен қоректенетіндер насекомдарды
иісінен тауып жейтін болса неліктен насекомдар олардан қашып қүтылуға
тырысады? Осындай түрлі сұрақтар үсті-үстіне туып жатты. Насекомдардың
қоршаған ортаға байланысты түсі өзгерген бе? Адамдардың ойынша ол солай,
алайда, мүмкін жануарлар үшін бүл басқалай көрінеді. Сонымен қатар тек
насекомдар ғана емес, қүстардың кей түрлері де ультракүлгін сэулелерді
қабылдайды. Осыған байланысты реңі тіршілік ету ортасына сәйкес
насекомды ультракүлгін сәулесінің жарығында фотосуретке түсіргенде,
насекомдардың қорғаныш реңі өзгеріп, олар анық байқалатындай болған. Мұның
барлығы логикалық жағынан шындық. Бірақ көптеген жоғары дәрежедегі
тәжірибелер басқаша нәтиже береді ме, әлде осы нәтижені көрсете ме? Зерттеу
жұмыстары басқаша нәтиже берді. Құстар адамдарға қарағанда айналадағы
түстерді сол басқаша қабылдайды, дегенмен түсі өзгертілген, яғни қорғаныш
реңі бар насекомды анық көрінетін еш қорғаныш реңі жоқ насекомнан сегіз есе
сирек тапқан. Н.Тинберген аш құстар мен жүлдызқүрттарды пайдалана отырып
көптеген тәжірибелер жүргізген. Ол аш қүстар мен жүлдызқүрттарды бір тордың
ішіне қойған. Қанша іздегенімен құстар жүлдызқүрттарды таба алмаған.
Өйткені жұлдызкүрттар қүрғақ бүталар тәрізді формасын өзгерткен, қүстар
тек қана байқаусыз осы бүталарды басып кеткенде ғана алданғандарын біліп
қүрттарды жейді- деп жазды. Құстар қанатында көз тәріздес суреті бар
көбелектерімен қоректенгенмен көп жагдайда олардан аулақ жүруге тырысады.
Өйткені құстарды көбелектің қанатындағы көздері үркітеді. Осылайша көп
жағдайларда қанатының түсі, ондағы суреті көбелектердің өмірін сақтап
қалған. Ғалымдар көбелектерді ұстап алып олардың қанатына ромб тәріздес,
дөңгелек, үшбұрыш тәріздес суреттерді салып құстарды жібергенде құстар
ешбір кедергісіз оларды жеп қойған, яғни бүл рең көбелекке қорғаныштық
бермейді. Зерттеулер бойынша қүстар өте ашық түстерге боялған насекомдарға
тиіспейді. Егер де қүстардың балапаны байқаусызда осындай насекомдарды
шоқып алса, үзақ уақыт басын шайқап, тұмсығын тазартады. Қарапайым
зерттеулердің көрсетуінше насекомдардың көп мөлшері өзінің өмір сүру
ортасына байланысты түсін өзгертеді. Мысалы, жасыл шөптерде жасыл түсті
насекомдар, топырақты немесе қүмды жерлерде мекен ету ортасына байланысты
түске боялған насекомдар тіршілік етеді. Уақыт өтіп жатса да бүл тақырыпты
қамтитын теориялар көп болды. Сол сияқты 1938 жылы Совет ғалымы
Б.Н.Шванвичтің айтуы бойынша көптеген көбелектердің қанаттарындағы сурет
олардың тіршілік ету ортасының микроландшафтының суретін қайталайды немесе
соған жақын болады.

II. ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ.

Насекомдарды барлық жерде кездестіруге болады. Ауада, құрылықта, суда,
топырақта, ағаштардың діңінде. Оларды ұстау үшін айналага үқыптап көз салу
қажет. Ең бастысы насекомдар күн сәулесі жақсы түсетін жерлерде, хош иісті
гүлдер өсетін және өсімдік жамылгысы бұзылмаған жерлерде көп кездеседі. Су
жағалауларында әр түрлі насекомдар тіршілік етеді, әсіресе, әдемі
қанаттарын қағып инеліктер үшып жүреді, водолюбтар мен жүзгіш қоңыздар,
көбелектер, қоңыздар, шыбындар өте көп. Сонымен қатар бау-бақшада жазды
күні насекомдарды көп ұстауга болады. Насекомдарды іздеу барысында саяхат
әр жерде болса, табыстың түрге бай болатынына көзім жетті. Өйткені әрбір
жердің өзіне тән түрі болады. Насекомдар салқын қанды екенін білеміз, олар
төмеңгі температурада үйықтайды. Сондықтан жүмыстың бәрі жазда, көктемнің
аяғы мен күздің басында жүреді. Ашық әрі ыстық күндерде насекомдарды
суретке түсірген жақсы. Түрлі-түсті таспада насекомдардың түсі қанық
болады. Кейбір жылдам ұшатын насекомдарды суретке түсіру өте қиын. Ол үшін
насекомды сачекпен ұстап, аз уақытқа эфирге салып, одан кейін оны белгілі
бір өсімдікке орналастырып суретке түсіруге болады. Насекомды суретке
түсіру барысында оның фонына назар аудару керек. Өте сирек кездесетін әдемі
насекомды суретке түсіру барысында таспаны аямай бірнеше рет түсіру керек.
Өйткені көптеген суреттердің ішінен тек бір-екеуі ғана жақсы шығады. Жалпы
ғылыми шығармаларға арнап насекомдарды суретке түсіру өте пайдалы. Бірақ
насекомдар өте көп және олардың бәрін таспаға түсіру мүмкін емес. Суреттер
өзінің қүндылығын жоғалтпау үшін, насекомдарды анықтау үшін оларды сақтап
қойған дүрыс. Бірақ жақсы түсірілген фотосуреттерден көптеген насекомдарды
бірден тануға болады. Насекомдарды аулау үшін сачек, пинцет, эфир, мақта,
қорап, насекомдарды қадайтын инелерді пайдаланады. Және насекомдарды ыстық
күндері аулайды, өйткені олар осы күні өте көп, әрі активті болады. Ұстаған
насекомдарды анықтау үшін арнайы ғылыми
кітаптарды пайдаланады. Жоғарыда айтып кеткендей, насекомдарды сачекпен
ұстайды, ол үшін сачектің диаметрі 25-30 см. болған тиімді. Сонымен қатар
міндетті түрде морилка болуы керек. Морилкаға 7-12 см. ұзындықтағы банка
жарайды. Морилканың ішіне резинаны қиып, үстіне бензин, хлороформ, бензол,
эфир құюға болады. Резинаны салған себебім, ол үшатын сүйықтықты өзіне
сіңіріп ақырын буландырады. Насекомдарды жинау барысында кішкентай күрек
болған өте пайдалы, өйткені топырақта да насекомдар көп болады. Олардың
тіршілігіімен танысу үшін міндетті түрде қазуға тура келеді. Көптеген ұсақ,
әрі улы, шағатын насекомдар бар. Оларды қүр қолмен ұстай алмайсың, мұндай
жағдайда пинцет пайдаланған жөн. Насекомдарды қалай зертейді, неден
бастайды, неге көңіл бөлу керек? Міне осы сүрақтар көп ойландырады. Ең
бірінші өзіңнің түратын жеріңнің насекомдарын жинап, коллекция қүрамыз. Ол
үшін насекомдарды көктемнен бастап күз аяқталғанша жинау керек, және күндіз
ғана емес, түнде де лампаның көмегімен жинауға болады. Үсынылып отырған
курс жүмысындағы зерттелген бунакденелілер 2007 жылдың жаз айларында Семей
қаласының қарағайлы орман өңірінен жиналған. ¥сынылып отырған курстық
жүмыстағы зерттеліп отырған насекомдар 2007 жылдың жазының шілде айынан
бастап Семей қаласының қарағайлы орман өңірінен жиналды. Жиналған
насекомдар зерттеу барысында Б.М.Мамаев, Л.Н.Медведев, Ф.Н.Правдиннің
арнайы насекомдарды анықтауға арналған анықтағыш арқылы анықталды.

III. Семей өңірінің географиялық жағдайы.

Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік-
шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. Жер аумағы - 283 300 км2
Халқының саны (2006) - 1 430 000 адам
Өңір климаты ерекше географиялық орналасуымен ерекшеленеді,
құрылықта, мұхиттардан барынша алыс орналасқан. Аумақ арктикалық бассейнге
ашылған, бірақ Азияның ең биік тау шыңдары оны Үнді мұхитының әсерінен
оқшау қалдырған. Климатының шұғыл континентальдылығы жылдық және тәуліктік
температуралардың жоғары амплитудасы салдарынан болып отыр. Қыста -450 –
қа, жазда +450 –қа дейін жетеді. Жалпы Шығыс Қызықстан облысында екі ірі
қаласы бар. Бірі облыс орталығы, ал екіншісі Семей қаласы.
Семей - Шығыс Қазақстан облысындағы ең ірі қала. Ертіс өзенінің қос
қапталында орналасқан. Халқының саны маңайындағы елді-мекендерді қоса
алғанда 385 763 адам (2010 ж.) Облыс орталығы Өскемен қаласынан 240 шақырым
қашықтықта орналасқан. Қаланың әкімшілік аумағына ірілі-ұсақты 14 ауылдық
округ кіреді.
Семей қаласының алғашқы атауы "Доржинкит" болған. Орыс
зерттеушілерінің пікірінше қаланың қазіргі жерінде будда монахтарының
қонысы болған деседі, ал қала солардың бірінің атымен аталып кеткен. Ал
қала бар болғаны жеті үйден тұрған екен. Кейін Ресей империясының тұсында
бұл жерде орыстар бекініс салып, оны "Семь палат" ("Жеті шатыр") деп
атапты. Кеңес дәуірінде бұл қала "Семипалатинск" деген атпен танылды. Ал
2007-жылы маусым айында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев қалаға жасаған ресми сапары барысында шаһар атауын ресми
түрде Семей деп ауыстырды.
Семейдің іргетасы ресми түрде 1728 жылы Ресей патшасының әмірімен
шағын әскери бекініс ретінде қаланған делінеді. Әйтседе, көптеген тарихи
деректерге сүйенген жергілікті өлкетанушылар мен зиялы қауым оның
қалыптасуын одан арыдан ежелгі Қимақ дәуірінен іздейді. Бұл пікірге қала
орнынан табылып жүрген археологиялық жәдігерлер де себеп болуда.
Климаты. Облыс климаты шұғыл континентті. Территориясының
солтүстігінде қоңыржай суық, ал қоңыржай жылы болып келеді.Климаттын
континенттілігі температураның тез өзгеруімен, ауаның құрғақтылығмен, өте
аз жауын-шашын мөлшерімен анықталады.
Облыс территориясы дала мен шөлейт және биік таулы климат зоналарын
қамтитындықтан, бір жылда күннен келетін сәуле 25000 сағат, жиынтық
радиясы 120 ккалсм2 болады.Жылдың орташа температурасы -3,-2,80С дейін
ауытқиды. Талтүстегі күннің көкжиек үстіндегі биіктігі Семейде 22 маусымда
-650, 22 желтоқсанда -160 Ең жылы ай – шілде, ең суық ай – қаңтар. Жаз
ыстық болады. Жылы күндер суық күндермен тез алмасады.
Облыс климатының қалыптасуына негізгі үш ауа массасы әсер етеді. Бұл
арктикалық, полярлық, тропиктік ауа массалары.жыл бойы континенті ауа
массасы асым болады. Сондықтан қыс қатты суық, ал жаз өте ыстық болады.
Жазықтар мен аласа таулы аудандарда жыл боый үнемі жел соғып тұрады
да желдің орташа жылдамдығы 415 мсек. аралығынада өзгереді. Батыстан
соққан жел ұзағырақ, күштірек соғады да, өз бағытын жие өзгертіп отырады.
Желдің тұрақты бағытта болмауы, Зайсан қазаншұңқырының қозғалысын жие
ауыстырады. Орташа жылдамдыгы 3,0-3,5 мсек. болатын желдің жылдамдығы
қысқа қарағанда жазда қаттырақ.

Жыл бойғы жауын – шашын мөлшерінің таралуы
МетеостанциI II III
я
Семей Өскемен Семей Өскемен
Қаңтар -16,4 -47 -49 6 8
Ақпан -15,8 -45 -47 7 8
Наурыз -8,6 -41 -40 24 20
Сәуір -4,6 -24 -30 31 29
Мамыр 14,1 -10 -9 37 36
Маусым 19,8 -1 0 41 38
Шілде 21,9 5 5 42 41
Тамыз 19,3 1 0 42 40
Қыркүйек 13,0 -8 -9 37 37
Қазан 4,4 -18 -33 29 28
Қараша -6,0 -49 -44 17 18
Желтоқсан -13,6 -46 -48 8 14

Агроклимат ресурстары. Адмның шаруашылық әрекетіне климаттың әсері
зор. Ауыл шаруашылығының қамтамасыз ететін климат сипатын агроклиматтық
ресурс деп атаймыз. Түрлі ауыл шаруашылық дақылдарына қажетті вегитациялық
мерзімнің ұзақтығы жылу мен ылғалдықтын жеткіліктігіне байланысты болады.
Ауыл шаруашылық ресурстарын сипаттайтын ең негізгі көрсеткіш өсімдіктердің
жақсы өсуі үшін тәуләк орташа температура +100С жоғары мерзімде болумен
сипатталады.

Көпжылдық температура корсеткіші (ай сайын)
Метеостанция Теңіз деңгейінен Орташа t+100 C Жыл бойғы t+100 C
биіктігі (м. болатын мерзімніңболатын
есебімен) ұзақтығы тепературалар
жиыны
Шемонайха 309 133 2151
Семей 208 149 2654
Шалабай 376 136 2312
Жарма 689 133 2183
Көкпекті 510 147 2544
Аякөз 660 143 2340
Зайсан 625 162 2962

Семей қаласы бойынша аязсыз мерзімнің ұзақтығы мен үсік жүрген уақыты
Үсік түсу мерзімі Аязсыз мерзімнің ұзқтығы
соңғы Алғашқы
Ең Ең Ең Ең орташа Ең аз Ең көп
алғашқы соңғы алғашқы соңғы

13-IV-193930-V-1906ж 6-IX-19479-X-1917ж139күн 102күн 169күн
ж 1-IV-1961ж ж 5-X-1987ж 1938ж 1939ж
1-IX-1975
ж

Ішкі сулары: облыс аумағындағы судың барлық түрлері, өзендер мен
көлдер, барпақттар мен жер асты сулары, және мұздықтар ішкі суларға жатады.
Өзендер: Ертіс , Ұржар, Қатынсу,Аякөз, Еміл. Ал жаз айларында құмға сіңіп
тартылып қалатындар: Ащысу, Шаған, Бұғаз, Бақанас, Қарақол.
Көлдер: Зайсан көлі, Марқакөл, Маралды көл, Язово көлі, Рахманов көлі,
Дұбығалы, Айыр көл,Балықты көл, Ала көл, Сасық көл.
Жер асты сулары: Қабатаралық сулар.

IV.ОМЫРТҚАСЫЗДАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУШІЛІКТЕРІ.

Эволюция барысында өз тіршілігін сақтап қалу үшін жан-жануарларда
қорғаныш бейімделушіліктері пайда болды. Бейімделушіліктің бәріне бірдей
мақсаты бар, ол жауынан қорғану соның ішіне адам да кіреді. Жалпы қорғаныш
бейімделушілікті екіге бөлуге болады. Бірінші реттегі және екінші реттегі
адаптациялар. Бірінші реттегі қорғанышқа мимикрияны, жер астына тығылуды,
еліктеуді жатқызамыз. Осы бейімделушіліктер арқылы агза жиі тіршілігін
сақтап қалады. Жер астына тығылуды ғалымдар "анахоретизм" деп атады.
Мысалы, оған кәдімгі жауын қүртын жатқызуға болады. "Анахоретизмге" сонымен
қатар қоршаган ортаға бейімделушіліктерді жатқызады. Ал екінші реттегі
қорғаныш адаптациясына жақын жануарлар жыртқыштың жақындағанын көрсе
алдынан шығады. Олар жауына секіреді, қорқытады, әр түрлі улы затарын
шашады. Бүндай қылық "екінші маған жолама" дегендей ескерту болып табылады.
Келесі бір түрлер өте ашық түстерге боялады. Бүл да "менен аулақ
жүр"дегендей ескерту белгісі. Тағы бір жануарлар жауынан қорғану үшін
топталып тіршілік етеді, енді біреулеріне қашуға тура келеді. Жер бетінде
әр түрлі тіршілік иелері бар. Әр қайсысы мүмкіндігі келгенше жауынан
қорғанады. Сонымен олар алдайды, қорқытады, төбелеседі, қашады, иісті жэне
улы заттар бөледі.
Бунақденелілердің реңі әр түрлі жэне тіпті түрлі-түсті, бірақ қоршаған
ортаның түсімен белгілі бір арақатынаста болады.Бір жағдайларда (жалпы
қорғаушы рең) реңі субстраттың фонына сәйкес келеді, басқа жағдайда
үқсастығы өте анық және гүлді өрнегі мекен ортасының өрнегіне өте үқсас
болады, дене пішіні қоршаған ортадағы жапырақтарға, бүтақтарға, қүстардың
нәжістеріне жэне тағы басқаларға үқсас келеді.
Көпшілік қарыскөбелектердің жүлдызқүрттары жалғанаяқтарының артқы екі
жүбымен бүтаққа өте жақын бекініп, қатер төнгенде шалқайып кішкене бүйір
бүтақ қүсап қақиып қалады. Тропикалық бунақденелі- цейлон жапырақшасы
таяқшалылар тобына жатады, жасыл реңі жаңа ғана қүлаған
жапыраққа үқсас, жалпақ, жазық қанаттары жапырақ пшпндес, ал
оң және сол қанаттарының арасындағы жазықтық жапырақтың негізгі
жүйкесіне үқсайды.
Қорғаныш реңнің кең таралуы табиғаттағы кездейсоқ қүбылыс емес, бірақ
табиғи сүрыптаудың әсерінен пайда болған пайдалы бейімділік, ол
бунақденелінің қоршаған ортада белгісіз болуына көмектесіп, жауларынан
қорғанып қүтылуға көмектеседі. Қорғаныш реңнің ерекше бір түріне ескерту
реңі жатады. Өте ашық түрлі-түсті реңді жануарлардың жақсы қорғаныш
қүралдары бар: улы шаншары (жабайы ара, оса), улы немесе иісті тері бездері
(қаңқыздар, нарывниктер) болады. Олар маған тиіспе деген ескерту жасайды.
Жақсы қорғанған бунақденелілердің ескерту реңімен кең таралған қүбылыс-
мимикрия. Ол ешқандай жағымсыз қасиеттері жоқ ашық түсі жыртқыштарды
үркітетін ескерту реңі, себебі ашық реңі бар көпшілік бунакденелілердің
қорғаныш бейімділіктері бар мимикрияда нақты үлгіге еліктеу, яғни нағыз
қорғаныш қүралдармен қаруланған бунақденелілерге еліктеуі байқалады.
Мысалы, көбелектер мен шыбындардың шаншары бар жарғаққанаттыларға (жабайы
аралар мен осаларға) үқсауы. Шыбындар дене пішіні мен денесіндегі қара жэне
сары белдеушелерінің алмасып отыруы арқылы үлгіге үқсаса, кейбір
көбелектердің қанаттары түрлі-түсті қабыршақтарын жоғалтып үлгілердегі
сияқты болады. Жоғарыда осы айтылғанның бэрі бейімделушіліктің түрлері.
Олар: бүркеніш рең, жасырушы рең, сақтандырушы рең, қорғаныш рең
(мимикрия).
Бүркеніш рең. Бейімделудің бұл түрі ашық жерлерде тіршілік ететін
ағзалардың жауынан қорғану белгісі. Көптеген көбелектер мен басқа да
бунақденелілерді қанаттарының, денесінің түрлі-түсті болуына сәйкес
өсімдіктер арасынан ажырату қиын. Кейбір қоңыздар, шегіртке және
жұлдызкүрттар жасыл реңді болады. Мүндай бүркеніш реңнің қалыптасуы-
эволюциялық элементарлық жағдайлар әрекетінің нәтижесі деп қарау керек.
Оған мысал ретінде кәдімгі дәуітті алайық. Оның алғашқы ата тегі кепкен
жапыраққа ұқсамаған қорегі де басқа болуы мүмкін. Қандай да бір жағдайдың
әсерінен олардың тіршілік ортасы өзгереді делік. Табиғатта
үнемі болып түратын мутациялық өзгергіштіктің нәтижесінде бір дараның
денесінде қоңыр дақ немесе қанаттарында жапырақ жүйкесіне ұқсас иректелген
сызықтар пайда болды. Бунақденелілермен қоректенетін қүстардың дәуітті
кепкен жапырақ арасынан байқауы қиынға түсті. Олай болса, популяциядағы
көптеген даралардың ішінен тіршілік үшін күреспен табиғи сұрыпталудың
нәтижесінде қүрғақ жапыраққа көбірек ұқсағандары тірі қалады, қалғандарын
жаулары жеп қояды. Бұл пайдалы белгі ұзақ уақыт ұрпақтан-ұрпаққа беріле
отырып ең соңында айналадағы ортаның реңіне толық ұқсаған даралар түзіледі.
Жасырушы рең - жануарлардың дене пішіні мен реңі тұрғысынан айналадағы
заттарға сәйкес келуі. Ағаш діңінде кездесетін қоңыздар, өрмекшілер,
көбелектер қыналарға өте үқсас болғандықтан байқалмайды. Мүр көбелегінің
жүлдызқүрты бүтаққа үқсайды. Калимма туысына жататын көбелектің
қанаттарының пішіні мен жүйкеленуі жапыраққа өте үқсас болады.
Көбінесе улы және шағатын жәндіктерге тән белгі. Сона мен аралар әр түрлі
жолақты ашық реңіне байланысты бірден ерекшеленіп көзге түседі. Бүлардың
қанында улы немесе жағымсыз иісті зат болғандықтан жаулары жемейді. Мысалы,
бұзаубастың үстіңгі қанаты жасырушы реңді, астыңғы қанаттары сақтандырушы
реңді болады. Қауіп төнген кезде астыңғы қанаттарын көтеріп жіберіп, оның
астыңғы ашық түсті сақтандырушы реңі бар қанаттарын жойып, жауын үркітіп
жібереді.
Қорғаныш рең (мимикрия) - қауіпсіз, жәндіктердің пішіні, реңі, мінез-қүлығы
түрғысынан улы, шағатын қауіпті жәндіктерге ұқсастығы. Мысалы, кейбір
шыбындардың (шағатын сона) араларга үқсауы. Бейімділіктің бүл түрі қорғана
алмайтын эр түрге жататын дараларды біркелкі мутациялар олардың тірі
қалуына мүмкіндік беретін белгі деп түсіндіріледі. Табигатта тіршілік
жағдайларына абсолютті бейімделген формалар жоқ. Ағзаның тірі қалуына кез-
келген бейімделу тек арнайы орта жагдайларына ғана жәрдемдесе алады. Бірақ
соның өзінде де ол салыстырмалы сипатта болады. Егер тіршілік жағдайлары
өзгерсе, бейімділік белгілері пайдасыз болып қалады. Қорғаныштық
қасиеті бар омыртқасыздар барлық жерлерде кездеседі, оларды тек бақылау
керек. Жалпы бейімделушілік ағзалардың нақтылы орта жағдайларында тіршілік
етіп ұрпақ қалдыруын қамтамасыз ететін арнайы қасиеттердің пайда болуын
айтады. Бейімделушіліктің қалыптасуы тұқым қуалайтын өзгергіштік пен
сұрыптауға да тікелей байланысты екенін ұмытпау керек.
Неше түрлі жәндіктер гүлдерге, жапырақтарға, бұтақтарға, тікенектерге
үқсағыш келеді. Әрине бүл өзгергіштік жауынан қорғану үшін пайдаланылады.
Өзгергіштіктің шеберлері жауы шабуыл жасағанда жэне өздері қорек ұстау үшін
тастай қатып тұрып қалады. Олардың сәл бір қозғалысы жеңіліске -ұшырайды.
Қулыгын біліп қойған жауы келесі жолдары алданбайтын болады.
Малайзиядағы гүл дәуіті ашық түске боялган. Ол жапырақтардың жанына
алдыңғы аяқтарын бүгіп түрып алады. Осы күйде күстар түгіл адам да оны
кэдімгі ашық реңді гүлден бірден ажырата алмайды.
Тропикалық ормандарда тіршілік ететін жапыраққанатты шегірткелерді
өсімдіктің жасыл жапырағынан айыру өте қиын. Тағы бір ерекшелігі кеудесінің
алдыңғы жағы қоңыр-сары түске боялған жэне жапырақтікіндей ұзын-ұзын
жолақтары болады. Осы жапырақтектес шегіртке жартылай қураған жапырақ
тәрізді.
Ағаштардың қарайған, шіріген діңдерін жазды күндері жақсылап қарасаң
түсі қара-сүр пяденица атты көбелекті көреміз. Жауынан қоргану үшін,
қорегін үстау үшін тіршілік иелері эволюция барысында неше түрлі өзгеріске
үшырап, қоршаған ортаға бейімделіп, улы заттар шығарады, түрін, мінез-
қүлқын өзгертеді, мимикрияға ұшырайды. Мұның бәрі тіршілік үшін, үрпақ
сақтап қалу үшін күрес.
Табиғатта бәрі бір-бірімен тығыз байланыста. Danaus plexippus
тұқымдасына жататын данайд көбелегі Американың батысында кездеседі. Олар
өзінің үлкен көлемімен көзге түседі. Құстар осы көбелекті бір рет жеп
көргеннен кейін екінші рет оларға жоламайды. Себебі, данаиданың
дернәсілі барлық омыртқалыларға улы болып келетін молочайдың түр-
түрімен қоректенеді. Дернәсіл кезінде жиналған токсиндер қуыршақтың ішінде
жақсы сақталып ересек көбелектің денесінде қалып қояды. Осы көбелекті жеген
жыртқыштардың құсатыны айқындалды. Сонымен қатар данаидаға еліктейтін
көбелек бар, ол ленточник деп аталады. Ленточник мимикрияға байланысты
тіршілігін жиі сақтап қалады. Данаиданы жеп көрген жыртқыш ленточникті
данаидамен шатастырып оған тиіспейді. Ал егер жыртқыш данаиданың дәмін
татпаған болса кездескен кез-келген ленточниктің жем болуына тура келеді.
Улы заттардың молочайдың құрамында болуы әр түрлі. Данаидалардың бәрі
бірдей молочайлармен қоректене бермейді. Солтүстіктегі данаидалар уы аз
молочаймен қоректенеді. Ондай көбелектер жеуге жарамды, бірақ сонда да
құстар оларды жемейді. Бұл мимикрияны автомимикрия деп атайды. Кейбір
жерлерде автомимикрияның қатынасы 3:1 көрсетеді. Егер данаидалар улы
өсімдіктермен қоректенулерін қойса, олардың имитаторларына қауіп төнуі
мүмкін деген ой келеді.
Құртшаяндардың улы аппараты жемін өлтіру және жауларынан қоргану үшін
қолданылады. Жүп улы бездері иілген иесі бар томпак тельсонның ішінде
орналасқан. Оның үшында улы бездердің өзектері ашылады. Қүршаян жемін
педипальпасымен үстап алады да қүрсағын арқасының үстінен алға қарай иіп,
инесін шаншиды. Үсақ қүршаяндардың адамға қаупі жоқ, дегенмен эдебиеттерде
үлкен тропикалық қүршаяндардың шағуынан кісі өлімі болғандығы сипатталады.
Күндіз қүршаяндар өсімдіктердің тамырларының астында жэне басқа жасырын
жерлерде тығылып жатады да, түнде бунақденелілерді аулауға шығады.
Қүршяндар тірі туады, аналығы балаларын үстіне салып жүреді. Қүршаяндардың
600 түрі белгілі. Біздің елімізде 15 түрі кездеседі. Орта Азияда жэне семей
өңірінің Делбегетей тауларында түрлі-түсті қүршаян- Виіһиз еиреиз
мекендейді, 6,5 см. Енді осы қүршаян уына тоқтала кетсек. Қүршаян жемін
үстағаннан кейін уы бар инесін тығуға асықпайды. Жемін
25аузына апарып жейді, егер де жемі қыбырлап қашуға тырысса ғана құйрығының
ұшын жеміне апарып, инесін сұғып өлтіреді. Бұл қоректенуге көмектесетін
аппарат. Бұл жерде уы бар инесі екінші рольді ғана атқарады, сөзсіз, бұл
қару болып табылады. Егер де қауіп төне қалса инесін бірден қорғаныс қаруы
ретінде пайдаланады. Атақты ағылшын ғалымы Фабр құршаяндардың уының күшін
білу үшін жақсы бір тэжірибе жасады. Кэдімгі бір үлкен банканы алып оны
жартылай қүмға толтырады жэне оған құршаян мен тарантулды салады. Ғалым
басында тарантулды жеңеді деп ойлады, өйткені ол шапшаңырақ еді. Бірақ
ойдағыдай болған жоқ. Тарантул жауына секіруге дайындалып жатқанда, құршаян
қарсыласын екі қысқышымен ұстап алып жолатар емес. Соңында құйрығын
көтеріп, инесін тарантулдың денесіне сұғып уын жібереді.Тарантул сол сәтте-
ақ өледі. Жеңістен соң құршаян жеңілген қарсыласын жеуге кіріседі. Ал
өрмекшілер туралы не айтуға болады? Тарантулдан үлкен өрмекшітэрізділер
құршаянды көре салысымен қаша жөнеледі. Олар қорғанбайды, жіптерін,
торларын тастамайды. Дәуіттермен, шмельдермен, үлкен шегірткелермен күрессе
де құршаяндардан аулақ жүреді, өйткені оның уы өте күшті. Басында айтып
кеткендей, құршаяндар тастардың арасында өмір сүреді. Ал құршаяндар бар
жерде басқа бунақденелілерді кездестірмейміз. Дегенмен көлеңке сүйгіш
тастардың арасында тіршілік ететін өрмекшітэрізділер де бар. Осы
өрмекшітэрізділер қаншалық уы бар болса да құршаяннан қоргану барысында
олар өледі. Осындай тастарда дэуіттің ұялары жабысып тұрады.Олар да
құршаянмен күреседі. Басында дэуіт кұршаянның құйрығын ұстап тұрады, одан
кейін ол шаршап жібере салған кезде өзі жем болады.
Ағылшын ғалымы Фабр көптеген буынаяқтыларды зертеген, эсіресе
өрмекшітэрізділерді зерттеуде көп еңбек еткен. Бэрімізге белгілі,
өрмекшітэрізділердің қорғаныс қаруы ретінде пайдаланатын уы бар, бірақ уын
олар қалай болса солай тиімсіз пайдалана бермейді. Бұл қажеттілігін ол
жауынан қорғану кезінде жэне жемін аулау үшін ғана қолданады. Енді Фабр
тарантулдардың уын зерттей бастады.
Тарантул мен жаргаққанаттыларға жататын араның бір түрін алып, екеуін
шыны ыдысқа салады. Сол кезде тарантул қарсылығының басын шағып уын
жібереді, ал жарғаққанатты сол жерде мерт болады. Егер де тарантул араның
қүрсағын шақса, жарты сағатқа дейін инесін пайдалануына мүмкіндігі болады.
Егер де ара тарантулды шагатын болса оның өледі дегеніне сену өте қиын,
бірақ ол рас. Кейде тарантул араның қүрсағынан тістегенде ара тарантулдың
аузын шағып алады, бірақ ондай жағдай өте сирек кездеседі. Егер де
жарғаққанаттылар тарантулмен жарты сагатқа жуық күрессе, турақанаттылар бір
күнгі тіршілігі үшін барын сала күреседі екен. Тарантулдың уының күштілігін
мына тэжірибеден байқауға болады. Тарантулды пинцетпен үстап көртышқанның
түмсығына апарады. Сол кезде көртышқанның тарантул тістеген жері қызарады,
біраздан соң ол мүрнын қайта-қайта қасиды. Осы уақыттан бастап оның тамаққа
тэбеті жойылып, тістегеннен соң отыз алты сағат өткен соң көртышқан өледі.
Осы тәжірибелерден кейін қарақүрсақты тарантулдың қорғаныш қаруының адамға
да зияны болуы мүмкін.
Бунақденелілердің мінез-қүлқы өте жақсы дамыған. Мысалы, оған аралар
мен қүмырсқалар жатады. Егер осы тіршілік иелеріне шабуыл жасаса, ұрпағының
қамқорлығы үшін топ болып күреседі. Мысалы, термиттердің әскерлері
жауларына қышқылды заттарын шашады. Осы термиттердің бір түрі кілегейлі зат
бөледі, оның иісі көптеген бунақденелілірге жағымды келеді. Кілегейлі затқа
жабысқан жэндік жауының қақпанына түседі.
Сарықұйрықты қаракүйенің дернәсілі өзінің жауларын түктерінің
шытырлаған даусынан шошытады екен. Ал ересектері жүмыртқаларын салган соң
осы түктерімен үстерін жауып қояды.
Увальна атты үлкен қанатсыз шегіртке өте баяу қозгалады. Мүндай
түрімен ол жауының оп оңай асы болады. Жауын көргенде шегіртке аузымен
қүрсағынан жағымсыз иісті көпіршік бөледі. Көбік негізінен химиялық
заттардан түрады, көбінесе хинин мен фенол. Көптеген бунақденелілер осы
заттарды жауын шошыту үшін пайдаланады.
Чернотелка атты қоңыз қауіпті жағдай туғанда алдыңғы аяқтарына сүйеніп
қүрсағын 45 П қа көтеріп жауына қарай жағымсыз иісті сүйықтық бөледі.
Сүйықтықтың қүрамында негізінен хинин болады. Бірақ чернотелка өзінің
баяулығымен көбінесе бақаға жем болады. Егер осы қоңызды тышқан үстап алса
бірден қүрсағын қысып улы затын сығып қарусыздандырады. Осы химиялық қару
арқылы өз тіршілігін жалғастырады.
Жүз мың түрді біріктіретін қабыршаққанаттылардың ішінде медведицалар
ең көрікті, эрі бірден көзге түсетін көбелектерге жатады. Бүл көбелектер
Солтүстік Америка мен Еуропада кең таралған. Бүл көбелектердің бездері
ерекше улы токсиндерді жэне жағымсыз иісті заттарды бөледі. Сондықтан да
табиғатта көзге түсетін ашық түсті болса да жыртқыштар оны қорек ретінде
пайдаланбайды. Жауы келе жатқанда медведица алдыңғы қанаттарын көтереді.
Сонда өте эдемі қара теңбілдері бар қызыл түске боялған қанаттары көрінеді.
Бүл "маған жолама" деген ескерту белгісі болып табылады.
Көптеген бунақденелілердің ашық түсі жыртқыштардан қорғап қалады. Ал
кейбір теңіз жануарлары түссіз, яғни мөлдір болады. Мысалы, кейбір
моллюскалар, шаяндар жэне басқа да омыртқасыздар өздерінің түыстарынан
ерекшеленеді. Жэне де көптеген бунақценелі жануарлар эволюция барысында
түссізденеді. Мысалы, түссіз цикада-фонарица жапыраққа қонғанда бірден
көзге көрінбейді, тек өзі қонған жапырақты көреміз. Мөлдірлік жауынан
қорғанудың бір түрі.
Кейбір жануарлар түстерін 2-3 секундта да өзгерте алады. Оған кэдімгі
кальмар мысал бола алады. Кальмардың сыртқы терісі үш қабат хромотофордан
түрады, ал эр қабаттың клеткаларының өзіне тэн пигменттері болады, жиі
қызыл, қоңыр, сары түстер. Олар орталық жүйке жүйесіне келген сигнал арқылы
өздерінің түстерін өзгерте алады жэне көп жағдайда қоршаған ортасының
түсіне өздерінің түстері сэйкес келеді екен.
Қосқанаттылардың ішіндегі гүл шыбындары немесе журчалкалар гүлдердің
жанында көп мөлшерде үшып жүріп, гүлдерге қонады.
Көпшілігі пішіні мен реңіне байланысты мимикрияға мысал болады,
біреулеріне ара (ара тәрізді шыбын), екіншілеріне ұсақ осалар немесе жабайы
аралар үлгі болады. Гүлді шыбындардың өкілі сирфидтердің туысының жыртқыш
дернәсілдері өсімдіктердің жапырақтарының арасындағы ауыл шаруашылық
зиянкестерін қүртады. Әдетте гүл шыбындарының басы үлкен, денесі ірі,
жалпақ, жүмыртқа тәрізді болады. ¥шу қабілеті өте жақсы дамыған. Бүл
шыбындардың тағы бір ерекшелігі, бір түрлері мүлдем түксіз болады. Түгі
қалың шыбындар жарғаққанаттыларды еске түсіреді. Мысалы, Volucella, Malota,
Matschumia туыстарының өкілдерінің денесінің түстері көп түрлі, сары түс
кеудеде, қүрсағында, аяқтарында, басында болады. Ріріzеllа, Сheliosia
туысының өкілдерінің металлдық жылтыры бар қоңырқай түске боялган
шмельдерге үқсайтын шыбындар личинкаларын шмельдердің үясына салады. Өсе
келе кәдімгі шмельден ешқандай айырмашылығы жоқ гүл шыбыны сирфид өз
тіршілігін жалғастырады. Бүл шыбындар көктемде жартылай бүталы ағаштардың
маңайында ара-шмельдермен қатар күрделігүлділер мен шатыргүлділерді үшып-
қонып жүреді. Яғни бүларда мимикрияга үшырау жақсы байқалады.
Атақты ағылшын ғалымы Н.Тинберген мимикрияның қаншалықты маңызды
болатындығын зерттеп оған дэлел жасады. Тәжірибеге кәдімгі аш қүрбақаны
алып, бақалар тез қозғалатын жэндіктерді жейтіндіктен оның алдына жіпке
байланған тірі инелікті қояды. Қүрбақа жемін үстап қызғана жейді. Содан
кейін бақаның алдына шмельге қүсайтын ктырь шыбынын жібереді. Бірақ шыбын
шақпайды. Шмельмен кездеспеген бақа шыбынды да жеп қояды. Келесіде бақаға
шмельді жібереді. Шмель қаша алмаса да шағуға мүмкіндігі бар. Бақа жеміне
секіріп қалғанда шмель оның тілін шағып алады. Ауруды сезген бақа шмельді
түкіріп тастайды. Кейін бақаға тағы бір шмельді қоя бергенде, басын төмен
түсіріп орнынан қозгалмайды. Бүл шмельдің шаққанын үмытпағанын білдіреді.
Осыдан кейін бақаға ктырь шыбынын жібереді, сонда бақа жемнен бас
тартады, өйткені шмельді шыбынмен шатастыруда. Бүл жерде шыбынның
қорғаныштық түр-түсі өте жақсы әрекет етеді. Бақаның тамаққа тойып алғаннан
соң жегісі келмейді деген ой туады. Бірақ бүл олай емес, оны дэлелдеуге
болады. Бақаның алдына тірі инелікті жібергенде, ол инелікті басындағыдай
үстап алып жейді. Сонда бақаның элі аш екенін жэне жейтін немесе жемейтін
қоректі айыра алатынына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Синантропты насекомдармен күресу жолдары
Насекомдар
Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама
Буынаяқтылар типі
Бөжектер
Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы
Жануарлардың құрылысы мен тіршілк әрекеттері
Жарғақ қанаттылар отряды - hymenoptera
Буынаяқтылар типі жайлы
Фитоклимат
Пәндер