Кәсіпорын экономикасындағы рентабельділік


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Кәсіпорын экономикасындағы пайда және рентабельділік жұмыс істеу мақсаттары . . . 4-6Кәсіпорын экономикасындағы пайда түсінігі, оның түрлері . . . 7-10Кәсіпорын экономикасындағы рентабельділік . . . 11-13Кәсіпорынның табысын есептеу әдістері . . . 14-20

Қорытынды . . . 21-22

Пайдаланған әдебиеттер . . . 23

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы пайда (табыс) және рентабельділік. Бұл өте өзекті тақырып, өйткені қазіргі нарықтық және бәсекелес экономикада кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақты сақтау мүмкіндігі, кәсіпорынның тауар (өнім) өндіру көлемін жоғарлату өте қиын. Жалры кәсіпорын - бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттындыру мен пайда табу мақсатымен өнім өндіруге, жұмыстарды аткаруға, қызметтер көрсету үшін кәсіпкерлер құрған дербес әрекет етуші субъект. Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңи тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ал кәсіпорынның қаржылық жағдайы өнім өткізуден келіп түскен табыс пен кәсіпорынның рентабельділігіне тікелей байланысты. Бұл жұмыстамен кәсіпорын табыстарының түрлері брутто-пайда, нетто-пайда және таза табыс, және де кәсіпорын рентабельділігінің түрлер: шығындар, күрделі қаржы, активтер жеке капитал және өндірілген өнім рентабельділіктері де қарастырылады.

.


1. Кәсіпорын экономикасындағы пайда мен рентабельділік түсініктері.

1. 1. Кәсіпорын және оның жұмыс істеу мақсаты

Экономикалық дамуының барлық сатыларында кәсіпорын негізгі буын болып табылады. Осы кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмысшы мен өндіріс құралдарының арасында байланыс орнайды. Өнеркәсіптік кәсіпорын деп өндірістік-техникалық бірлестікпен, ұйымдастырушылық-әкімшілік және шаруашылық дербестігі бар өндірістік бірлік танылады. Кәсіпорын өзі өзінің әрекетін жүзеге асырады, өндірілген өніммен, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін өзінің иелігінде қалған пайдасын иеленеді. Нарықтық экономика жағдайындағы қатынастарда негізгі буын болып кәсіпкер табылады.

Кәсіпорын - бұл кәсіпкерлік кызметті жүзеге асыру үшін пайдаланатын құқық объектісі түріндегі мүліктік кешен. Мүліктік кешен ретінде қәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған міліктік барлық түрлері, соның ішінде үйлер, ғимараттан, жабдықтар, құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер теліміне құқық, оның қызметін дараландыратын белгілерге құқыктар (фирмалық атау, тауар белгілері), және басқа құқықтар енеді.

Кәсіпорын - бұл қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттындыру мен пайда табу мақсатымен өнім өндіруге, жұмыстарды аткаруға, қызметтер көрсету үшін кәсіпкерлер құрған дербес әрекет етуші субъект. Кәсіпорын - қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңи тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім (тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көздеген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетгі төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеденеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңи тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорының жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңи тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңи тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады.

Бұл анықтамадан көрініп тұрғандай, кәсіпорын әрекетінің мақсаты - қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен пайда табу.

Кәсіпорынның негізгі мақсаты - пайда табу, бірақ барлық жолдармен емес. Қазіргі нарық жағдайы осы екі мақсаттың дұрыс әрекеттесуін талап етеді. Әрине, бизнес - бұл кәсіпкерлердің экономикалық әрекеті, олардың өнері мен одан да көп табыс табудың икемділігі, рентабельділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Сонымен бірге, ашық экономика жағдайындағы бизнес дамуы тұтынушылар нарығының тауарлар мен қызметтерге толуы қамтамасыз етеді, экономиканың құрылымдык бетбұрысын іске қосады ғылыми-техникалық жетістіктердің енгізіуін ынталандырады, бүкіл әлемдік өндіріс тиімділігінің жоғарлауына әсерін тигізеді. Ал мұның барлығы қоғамдық қажеттіліктердің қанағаттандырылуын құрайды.

Қазіргі кәсіпорын - күрделі ұйымдық құрылым. Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастырудың үш негізгі бағыт мәні күшейеді:

  • өндірістік ғылыми ұйымдастырылуы;
  • еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы;
  • басқарудың ғылыми ұйымдастырылуы;

Өндірісті ғылыми ұйымдастырудың мақсаты - бұл кәсіпорында оптималды технико - технологиялық жүйені құру. Бұл сенімді және тиімді әрекет етуші өндірістік құрал-жабдық пен технология, жұмысшылардың реттелген технико-ұйымдастырушылық өзара байланысы.

Еңбекті ғылыми ұйымдастырудың (ЕҒҰ) мақсаты - коллектив ішінде дұрыс қатынастардың құрылуы. ЕҒҰ жоғары өнімді, тиімді еңбек жағдайларын тудыратын шаралар жүйесін қамтиды. Бірақ ЕҒҰ мүмкіншіліктері кәсіпорынның технико-технологиялық жағдайына, қаржылық және экономикалық активтеріне тәуелді.

Басқаруды ғылыми ұйымдастыру - бұл кәсіпорынның материалды және адамдық ішкі жүйелеріне мақсатты әсерді қамтамасыз ететін, гуманитарлық, экономикалық және техникалық жүйе. Ол ең жақсы моральды-технологиялық және экономикалық тиімділікке жету үшін олардың өзара қатынасына әсерін тигізеді.

Кез келген кәсіпкерлік акция - бұл адамдар арасындағы өзара байланысты ұйымдыстыру. Және де ол қаншалықты берік орнатылса және ептеп қолданса, соншалықты экономикалық пайда табудың, көтерген шығындарды пайдалы өтеудің сенімі артық.

1. 2. Кәсіпорын экономикасындағы пайда түсінігі, оның түрлері

Жоғарыда айтылғандай, кәсіпкерлік әрекет - бұл азаматтардың және олардың одақтарының пайда табуға бағытталған ынталы әрі дербес әрекеті. Сонымен пайда табу - бұл кәсіпорынның тікелей мақсаты. Бірақ кәсіпорын пайдасын тек қана сол жағдайда алады, егер ол өткізілетін тауар не қызметті сатса, яғни қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырса. Осы екі мақсаттың тәуелділігі - қажеттіліктерді қанағаттандыру мен пайда табу - келесі: қажеттіліктерді зерттемей және сол қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарды өндіріп бастамайынша, пайда табу мүмкін емес. Қажеттіліктерді қанағаттандыратын, сонымен бірге тұтынушылардың төлеу қабілеттілігіне сай болатын бағамен сатылатын тауар өндіру қажет екенін қәсіпорын есте сақтауы қажет. Ал тиімді баға кәсіпорынның қолданған ресурстарға кеткен шығындар мөлшері түскен түсімнен кем болғанда ғана болады. Бұл мағынада пайда - кәсәпорынның тікелей қызмет ету мақсаты мен бір уақытта оның әрекетінің нәтижесі. Енді кәсіпорын пайдасы мен табысын сипаттайтын бірнеше анықтмаларды беріп кетейік.

Сонымен пайда - бұл жиынтық табыстың шығыннан асып түсуі, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің белгілі бір кезеңіндегі жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіші.

Пайдалылық - құндылық бағалау көрсеткіштерінің біріндегі пайданың үлгісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш.

Ал операциялардың пайдалылығы деп компанияның өндірістік өткізу қызметін талдаудың негізгі стратегиялық мақсаты мен басты өлшемі болып табылады.

Табыс дегеніміз кайсыбір қызметтің нәтижесінде алынатын ақшалай немесе өзге де құндылықтар; өткізілген өнім мен қызмет көрсетулердің құны және жұмсалған шығын арасындағы айырма ретінде алынатын өндірістік шаруашылық қызмет нәтижесі; иеленушілер төлейтін, бағалы қағаздардың ағымдағы бағасының пайыз түрінде көрсетілген дивиденттер не пайыздар.

Табыстылық - алынатын табыстың базалық көрсеткішке қатынасын сипаттайтын салыстырмалы шама.

Кәсіпкерлік табыс - жұмыс істеп жүрген кәсіпкердің несиеге алынған капиталына пайыз төленгеннен кейін оның қарамағанда қалған табыс бөлігі кредиттің және меншіктің акционерлік нысанының дамуына байланысты нессие капиталын пайдалану нәтижесінде алынған пайданы несие пайызы мен кәсіпкерлік пайызға бөлуге жалпыға бірдей сипат алады. Ал өзіндік табыс - бұл жеке адамның салықтарды төленгенге дейінгі табысы.

Сонымен бірге, салықсыз кірістер деген ұғым кездеседі.

Жалпы формула ретінде пайданы келесі түрде көрсетуге болады:

П = T - (Ш + С + Апұл), (1. 1)

Мұндағы П - кәсіпорын пайдасы, тг/жыл;

Т - өндірілген өнімді өткізуден кеткен шығындар тг/жыл;

С - кәсіпорынмен төленетін салық көлемі, тг/жыл;

Апұл - айыппұлдар, тг/жыл;

Ал өткізуден түскен түсім не тауарлық түсім - бір нәрсені сатудан алынған ақша - келесі формуламен анықталады:

Төтк = Көтк * Б, (1. 2)

Мұндағы Төтк - кәсіпорынның өткізуден түскен түсімі, тг;

Көтк - өткізілген өнім көлемі натуралды мәнінде;

Б - 1 өнім бағасы, тг;

Сәйкесінше, өндіруден түскен түсім не жалпы түсім мына формуламен анықталады:

Төнд = Көнд * Б, (1. 3)

Сонымен бірге кәсіпорын пайдасынның келесі түрлері бар:

  • Негізгі іс - әрекеттен түскен табыс:

НӘТТ = Көнд * Б, (1. 4)

  • Басқа да іс - әрекеттен түскен табыс:

БӘТТ = Ттыс опер + Тө. к + Тө. ж; (1. 5)

Мұндағы тыс өткізу операцияларынан түскен табыс -

Ттыс опер = қарыз, несие % + жылжымайтын/жылжитын мүліктен жалгерлік ақы + ВҚО, БҚ-дан дивиденттер + айыппұл, пеня

  • Жалпы жылдық жиынтық табыс- бұл заңды және жеке тұлғанаң күнтізбелік жыл бойына түрлі көздерден алған табыстарының сомасы.

ЖЖЖТ = НӘТТ+БӘТТ (1. 6)

  • Салық салынатын табыс:

ССТ = БТ = ЖЖЖТтаз - Шөнд (1. 7)

Мұндағы БТ - брутто табыс, тг/жыл;

ЖЖЖТтаз = ЖЖЖТққс-з - Ʃроялти - жылдық банк %

ЖЖЖТққс-з = (НӘТТ+БӘТТ) /ҚҚС өтеу коэф (1, 17647)

Ʃроялти = НӘТТ * роялти ставкасы (1-6%)

Шөнд - жылдық өндірістік шығындар, тг/жыл;

  • Салық салынғаннан кейін қалған табыс(бөлінбеген табыс) - корпорациялық табыс салығын шегергеннен кейінгі кәсіпорын табысының оның шығысынан асып түсетін сомасы:

ССҚТ = ССТ/КС өтеу коэф (1, 42857) (1. 8)

  • Таза табыс:

ТТ = ССҚТ - ƩБҚ, ВҚО салығы - ЖПС (1. 9)

Мұндағы ЖПС - өткен жылдағы жоғары пайдаға салық

БҚ = бағалы қағаздар;

ВҚО - валюта - қаржылық операциялар;

  • Күтіліп отырған ақша қаражаттырының таза ағыны:

ҚОАҚТА = ТТ - БИ + А + қараз, несие % + өткен жыл залалдары; (1. 10)

  • Брутто-табыс: БТ= Төтк - Шөнд (1. 11)
  • Брутто-пайда: 1. БП = БТ/Көнд (1. 12. 1)

2. БП = Бққс-з - ӨҚ (1. 12. 2)

3. БП = ӨҚ * Пайда мөлшері (1. 12. 3)

  • Нетто-пайда:

1. НП = (Төтк - ƩҚҚС - ӨҚ - ƩҚС) /Көнд (1. 13. 1)

2. НП = БП/КС өтеу коэф (1. 13. 2)

3. НП = (Бққс - ӨҚ - ƩҚС (1. 13. 3)

Осы формулаларды кәсіпорынның қаржылық шаруашылық әрекетін реттеудегі технико - экономикалық көрсеткіштерді есептеу жолдарында қолданады. Яғни кәсіпорын өзінің қызметінің нәтижесінде тапқан таза табысын анықтайды.

1. 3 Кәсіпорын экономикасындағы рентабельдік

Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі оның қажетті мөлшерде табыс табуына тікелей байланысты. Бұл кабілеттілік кәсіпорынның төлеу қабілеттілігіне әсерін тигізеді.

Кәсіпорынның кызметінің тиімділігін бағалау үшін пайда мен ол құрылған өндірістік қорларды сәйкестендіру қажет. Таза табыс (пайда) - бұл абсолютті экономикалық көрсеткіш. Ол барлық кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық қызметінің нәтижесінде алынатын кірістері мен шығыстарының (шығынның ) арасындағы айырмашылықпен анықталады.

Рентабельділік (немістің - rentable - табыстылық деп аталатын сөзінен шыққан ) - салыстырмалы көрсеткіш. Ол ұйымның белгілі бір уақыт аралығындағы (есепті кезеңдегі) атқарған жұмысын табысы жағынан сипаттайды.

Рентабельділік - бұл кәсіпорында өндіріс тиімділігінің негізінде құндық сапалық көрсеткіштерінің бірі; ол жұмсалған шығынның қайтарымы деңгейін және кұрал-жабдықтардың өндіріс барысында пайдалануы, өнімнің өткізілу деңгейін сипаттайды.

Рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорын кызметінің тиімділін, әр бағыттағы кызметтердің табыстылығын (өндірістік, кәсіпкерлік, т. б. ), шығыдардың өтелуін сипаттайды. Ол пайдаға қарағанда кәсіпорынның шаруашылығының нәтижелерін толығырақ сипаттайды, себебі оның мөлшері тиімділік пен ағымдығы не қолданылған ресурстар арқылы көрсетіледі. Ал оларды кәсіпорын кызметінің тиімділігін бағалауда қолданылады.

Рентабельділіктің бірнеше көрсеткіштері болады:

  1. Кәсіпорын шығындарының рентабельділігі;
  2. Капитал табыстылығын сипаттайтын көрсеткіш;
  3. Активтер рентабельділігі;
  4. Айналым активтерінің рентабельділігі;
  5. Күрделі қаржылардың рентабельділігі;
  6. Жеке капиталының рентабельділігі;
  7. Өткізілген өнім рентабельділігі.

Барлық осы көрсеткіштер бухгалтерлік баланс, өнім өткізуден түскен табыс пен таза табыс көрсеткіштері арқылы сипатталады.

Кәсіпорын шығындарының рентабельділігі келесі формуламен анықталады:

R ш = ТТ (2. 1)

Шөтк

Мұндағы ТТ - таза табыс;

Шөтк - өнімді өндіруге, өткізуге кеткен шығындар;

Ол өнімді өндіруге және өткізуге кеткен әрбір тенгеге шаққандағы пайданы көрсетеді.

Активтер рентабельділігі келесі формуламен анықталады:

R актив = Таза табыс (2. 2)

Активтердің орташа шамасы * 100%

Бұл көрсеткіш активтерге жұмсалған әрбір теңгеге шаққандағы пайданы көрсетеді.

Айналым активтерінің рентабельділігі:

R а. а. = Таза табыс (2. 3)

Айналым активтерінің орташа мәні * 100%

Күрделі қаржылардың рентабельділігі;

R ққ = Салық салынатын табыс (2. 4)

Баланс валютасы-ағымдағы міндеттемелер * 100%

Күрделі қаржылардың рентабельділік көрсеткіші инвестициялары басқарудың шеберлігін бағалаудың әдісі ретінде қарастырылады. Акционерлер кәсіпорын инвестицияларынан пайда табу үшін өз капиталдарын сол кәсіпорынға салады.

Жеке капиталының рентабельділігі.

R жқ = Таза табыс (2. 5)

Жеке капитал * 100%

Өткізілген өнім рентабельділігі

R өө = Таза табыс (2. 6)

Өнімді өркізуден түскен табыс * 100%

Ал бұл көрсеткіш өткізілген өнімнің әрбір теңгесіне шаққандағы пайдасын көрсетеді. Бұл көрсеткіш өнімнің бәсекеге қабілеттілігін көрсетуі мүмкін, себебі рентабельділіктің төмендеуі сол өнімге сұраныстың да төмендеуін көрсетеді.

Активтер, олардың айналмалылығы мен өткізілген өнім рентабельділігінің арасындағы байланысты көрсетуге болады:

Активтер Активтер Өткізілген өнім (2. 7)

Рентабельділігі = айналмалылығы * рентабельділігі

Шынында да,

Таза табыс Тауарлық түсім Таза табыс (2. 8)

Активтердің = Активтердің * тауарлық түсім

орта шамасы орта шамасы

Басқаша айтқанда, активтерге жүмсалған әрбір теңгесінен алынған кәсіпорын пайдасы қаражаттардың айналымының жылдамдығы мен тауарлық түсім мен активтердің орташа шамасындағы таза табыстың үлесіне байланысты. Кәсіпорындағы капитал қаншалықты жылдам айналса, жоспарланған сату көлеміне оның соншалықты аз мөлшері керек етіледі. Және керісінше, капитал айналымының баяулануы сол өнім көлемін өндіру мен өткізу үшін қосымша қаражат жұмсалуын қажет етеді.

Капитал айналымының баяулануы объективті себептермен (инфляция, шаруашылық байланыстардың үзілуі, т. б. ), сондай-ақ субъективті себептермен (тауарлы-материалдық құндылықтарды және сатып алушылармен санасудың жағдайларын дұрыс жүргізбеу, және де оларды ұқыпты тіркемеу)

1. 4 Кәсіпорынның табысын есептеу әдістері .

Кәсіпорындарда пайданы табу үшін өткізілген, шығарылған өнімнің бағасын табу есептеу кезеңде әр -түрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін, 7-БЕС қарастырылған төрт әдістің бірін қолданамыз: арнайы (тұтастай) идентификациялау әдісі; орташа өлшемді әдіс қорларды бастапқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (« ФИФО») ; қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі («ЛИФО») .

Мысал. ТМҚ өзіндік құнын бағалаудың әдістерін қарастырып көрейік. «Шығыс » ААқ- ның 2002 жылдың 1-ші қаңтарына қалған материалдар саны:

  • цемент- 200 тонна 60 000 теңге сомасына;
  • бензин А-95- 100 литр 4500 теңге сомасына.
Күні: Күні
Цемент: Цемент
Бензин А-95: Бензин А-95
Күні: Кіріс
Цемент: Шығыс
Бензин А-95: Кіріс
шығыс
Күні: Саны, тонна
Цемент: 1 литрдің бағасы, теңге
Бензин А-95: Сомасы, тенге
Саны, тонна
Саны, тонна
1 литрдің бағасы, теңге
Сомасы, тенге
Саны, тонна
Күні: Ай басында-ғы қалдығы
Цемент: 20
Бензин А-95: 3000
6
100
45
4500
Күні:

кіріс

шығыс

Цемент:
Бензин А-95:
Күні:

02. 01. 02

05. 01. 02

11. 01. 02

20. 01. 02

25. 01. 02

27. 01. 01

28. 01. 02

29. 01. 02

Цемент:

10

2

17

19

Бензин А-95:

3100

3200

3400

31000

6400

57800

64600

15

10

12

300

500

200

46

45

47

13800

22500

9400

50

150

300

100

100

100

Күні: Жиыны
Цемент:
Бензин А-95:
Күні:

Кіріс

Шығыс

Цемент: 48
Бензин А-95: -
159800
37
1000
-
45700
800
Күні:

Барлығы:

Қалдық пен кіріс

Цемент: 68
Бензин А-95: -
219800
*
1100
-
50200
*
Күні: Ай соңындағы қалдығы
Цемент: 31
Бензин А-95:
*
300
*

Есептен щығарылған (жұмсалған) материалдардың құны және ай соңына қалған материалдардың қалдығы әр түрлі әдіс бойынша жеке анықталады.

Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының құнын анықтау үшін есептеу жолымен шығарылатын формуланы пайдалану мүмкін.

Есептік кезеңнің соңында есептік кезеңнің кіріс шығыс

Қалған материалдардың = басына қалған + болған - болған

Қалдықтарының құны қалдықтардың құны материалдар материалдар

Орташа өлшенген құндық әдіс. Бұл әдіс кезінде материалдық қорлардың құны -ай басындағы қалдық құнына ай бойында келіп түскен қалдықтарын қосып есептелінген орташа бағасы түсіндіріледі.

Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынандай:

м. қ + ∑ алын

Орташа құны =

К м. қ + К алын

Мұндағы:

м. қ - есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;

К м. қ - есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық саны;

алын - алынған материалдардың құны;

К алын - алынған материалдардың саны.

Біздің мысалда цементтің орташа өлшемдік ( немесе өлшенген) құны мынаны құрады:

6+31000+6400+57800+64600 219800

= ≈ 3232, 35 тенге

20+10+2+17+19 68

Орташа өлшем құнын, жұмсалған материалдардың санына көбейтсек [ 3232, 5 х (15+10+12) =119596, 95 тенге ] онда біз жұмсалған материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын орташа өлшем құнына көбейтіп- қалдық құнын аламыз.

Цементтің ай соңына қалған қалдық құны- 100203, 05 теңге құраған (31 тонна х 3232, 35 теңге немесе 6+159800- 119596, 95 ) .

Тап осындай жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз

4500+13800+22500+9400 50200

= ≈ 45, 63 теңге

100+300+500+200 1100

Жұмсалған бензиннің құны 45, 63 теңге(50+150+300+100+100+100) =36504 теңге.

Қалдық құны 300х 45, 63 теңге немесе 4500+45700-36504 = 13696 теңге

Цемент

Бастапқы қалдық: 20 тонна х 3000 бағасы = 6 теңге

Кіріс шығыс

10т. х 3400теңге 31000 теңге 15 т. х 3000 теңге = 45000 теңге.

10 т. х 5 т. (20-15) х 3000 теңге = 15000 теңге.

5т. х 3100 = 15500 теңге

Жиыны - 30500 теңге

17 т. х 3400 теңге= 57800 теңге 12 т-5 т. (10-5) х 3100 =15500 теңге

19 т. х 3400 теңге= 64600 теңге 2 т. х 3200 =6400 теңге

5 т. х 3400 = 17000 теңге

Жиыны - 38900 теңге

Кіріс жиынтығы 159800 теңге Шығыстың жиынтығы 114400 теңге

«ФИФО» әдісі- босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі., яғни бірінші келген- бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алынғанның құнына негізделеді. Біздің мәліметтің негізінде «ФИФО» әдісі бойынша соңғы қалдықтың және жұисалған материалдық құны мынаны құрайды:

Ай соңында қалған қалдығы: 31 тонна (17-5+19) х 3400 ( 1 тоннаның бағасы ) = 105400 теңге.

Бензин

Бұл жерде де цементтің есебіне ұқсас етіп шығарылды.

Соңына қалдығы 300литр ( 200х47 және 100 х 45) ;

200 х 47 = 9400 теңге;

100 х 45 = 4500 теңге;

Жиыны 13900 теңге

Шығыстың құны: 4500+45700-13900 = 36300теңге немесе

50 литр х 45 теңге 2250 теңге;

150 литр х (50литр х 45 теңге, 100 литр х 46 теңге) 6850 теңге;

300 литр х (200 литр х 46 теңге, 100 литр х 45 теңге) 13700 теңге;

100 литр х 45 теңге 4500 теңге;

100 литр х 45 теңге 4500 теңге;

100 литр х 45 теңге 4500 теңге;

Шығыс жиынтығы 36300 теңге

«ЛИФО» әдісі - материалдардың соңғы сатып алғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай (кезең ) соңындағы қорлардың өзіндік құны бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс. Біздің мысалымызда «ЛИФО» әдісінің көрсеткіштері мынадай болады:

Цемент

Бастапқы қалдығы: 20 тонна х 3000 бағасы 6 теңге

Кіріс Шығыс

10 т. х 3100 теңге = 31000 теңге 15 т. х 3400теңге = 51000 теңге

2 т. х 3200 теңге =6400 теңге

10 т. х 3400 теңге = 34000 теңге

12 тонна = 40600 теңге

(11 т. х 3400 тенге =37400 тенге

1 т. х 3200 теңге = 3200 теңге)

17 т. х 3400 теңге = 57800теңге

19 т. х 3400 теңге= 64600 теңге

Кіріс жиынтығы -159800 теңге Шығыс жиынтығы -125600 теңге

Соңғы қалдығы :

31 тоннаның құны 94200 теңге (20 т. х 3000 теңге )

(10 т. х 3100 теңге)

( 1 т. х 3200 теңге)

Бензин

Бастапқы қалдығы : 100 х 45 45000

Кіріс Шығыс

300х 45 теңге= 13800 теңге 50х 47 теңге= 2350 теңге

150 х 47 теңге = 7050 теңге

500 х 45 теңге = 22500 теңге

300 х 45 теңге = 13500 теңге

100 х 45 теңге = 4500 теңге

100 х 45 = 4500 теңге

100 х 45 = 4500 теңге

200 х 47 теңге = 94500

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару әдістерін талдау әдістемесі
Банк клиенттерінің несиеқабілетігін бағалайтын қаржылық коэффициенттер
Бизнес-жоспардың мақсаты және міндеттері
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындардың экономикадағы ролі, даму теңденциясы мен қызмет тиімділігі және жетілдіру жөнінде ұсыныстар
Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі
ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Компанияның капиталын қалыптастырудың негізгі қағидалары
Қазақстан Республикасында шағын жəне орта бизнестің дамуы
Экономикалық қызметті талдау әдістемесі
Алматы қаласының ақ «АБДИ компаниясының» кеңсе тауарлар әлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz