Спутниктік байланыс желісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.1Спутниктік байланыс
желісі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..7
1.2Қазақстандағы ең кең тараған спутникті байланыс
түрлері ... ... ... ... ... ... ... .11
Thuraya ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
Iridium ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Inmarsat ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
Globalstar ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 Қазақстанның
спутниктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 14
1.3.1Қазақстандағы спутникті байланыс саласындағы
жобалар ... ... ... ... ... ... .16
1.3.2ҚазСат-2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..14
1.4 Жобаның жүзеге асуы үшін қолданылатын
құрылғылар ... ... ... ... ... ... . ... ...18
Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 18
Қазақстандағы антенналар ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қолданылған дереккөздер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 22

Кіріспе
Кіріспе

Қашықтан қолжеткізу – компьютерлік және телекоммуникациялық техниканың
революциялық дамуы арқасында мүмкін болған қазіргі заманғы жарқын
мысалдардың бірі. Бизнесмендер, іскер адамдар саяхатқа шыққанда, іссапарда
жүргенде қашықтан қолжеткізу (қосылу) арқылы ақпаратпен алмасу орталығымен
немесе өздерінің корпоративтік желілерімен байланысқа шыға алады. Қашықтан
қолжеткізу сондықтан да қолайлы, бизнесте таптырмайтын көмекші.
Жерсеріктік байланыс ірі ауқымды телекоммуникациялық желілерді құруға
арналған қажетті артықшылықтарға ие. Біріншіден, оның көмегімен үлкен
аумақты қамтитын және жердегі байланыс арналарының бар-жоқтығына немесе
жағдайына бағынышты емес желілік инфрақұрылымды тез арада қалыптастыруға
болады. Екіншіден, жерсеріктік ретрансляторлардың ресурсына қосылуда
қазіргі заманға технологияларды пайдалану және бір мезгілде
пайдаланушылардың шексіз санына ақпараттарды жеткізу мүмкіндігі бұл желіні
пайдалануға кететін шығындарды едәуір азайтуға болады. Бұл артықшылықтар
тіпті жердегі телекоммуникациялары жақсы дамыған аймақтардың өздерінде
жерсеріктік байланысты өте тартымды және аса тиімді етеді. Бұған қоса
қазіргі кезде аумақтық-бөлу құрылымдары бар көптеген компаниялар байланыс
қызметін төлеуде шығындарды азайтуға мүдделі болғандықтан жалпы
пайдаланудағы желілер қызметінен бас тартып, өздерінің жеке экономикалық
тұрғыдан алғанда тиімді жерсеріктік байланыс желілерін құруға ұмтылады.
Қазіргі заманғы қызмет көрсету нарығы мен жерсеріктік байланыс жүйелері
жоғары да айтылған желілерді құруға арналған технологиялық шешімдердің кең
спектрімен ерекшеленуде және сондықтан да кәсіпорындар үшін жерсеріктік
технологияларды таңдау қиын. Қандай шешім қабылдау дұрыс, корпоративтік
желілердің құрылысын кімге сеніп тапсыруға болады деген сұрақтар туындайды.
Осы топологияны үлкен және түрлі бағыттағы телефондық трафигі бар
корпативтік желілерде, сондай-ақ тораптар арасында кездейсоқ байланыстары
бар және уақытша кідіріске қатаң талап қойылатын деректерді тарату
жүйелерінде қолданылады. Мұндай топологияның артықшылығы ешқандай дау
туғызбайды, бірақ оны қолдану барлық кездерде экономикалық тұрғыдан тиімді
емес.
Бүгінгі күнгі бәселекестік ортада операторлар ең рентабельді, икемді
және сенімді технологияларды пайдалануы тиіс. Қайсыбір технологияны таңдап
алу құрылатын корпоративтік желінің түріне байланысты. Жерсеріктік байланыс
жүйесі қосымшаларының барлық көптүрлілігі олардың шеткері немесе абоненттік
терминалдарының жұмыс режимінде көрініс табатындықтан, біз деректерді
таратуды, телефонияны болмаса басқа да қосымшаларды (мәселен,
бейнеконференц-байланысты) қолдайтын сол терминалдың орта жұмыс
жүктемелерінің деңгейі (күндізгі уақытта және жұмыс күндері) бойынша
корпоративтік желілерді жіктейміз. Асимметриялық трафик кезінде кері арна
бойынша деректерді таратудың орташа жылдамдығы есепке алынады.
Кез-келген жер станциясының құрамына радиожиіліктік және арнажасаушы
құрал-жабдықтар кіреді. Ең алдымен – антенналар мен қабылдап-таратқыштар
таңдап алынған жерсерік типіне сәйкес болуға және арнажасаушы құралдың
жұмысын қамтамасыз етуі тиіс. Әдетте, жер станциясының осы екі компоненті
бір комплекте шығарылады.
Арнажасаушы құралдар жер станциясының және бүкіл желінің жұмыс
принципін анықтайды. Қазіргі кезде жерсеріктік байланыс желілеріне арналған
негізгі төрт технологиялар бар. Олардың барлығының өз артықшылықтары мен
кемшіліктері бар және ешқайсысы да әмбебап емес. Бүгінгі таңда көптеген
желілерде жұмыс тиімділігін арттыру үшін бірнеше технологияларды бір
мезгілде пайдалануды жүзеге асырылуда. Олардың арасындағы негізгі
айырмашылық – жерсеріктік ретранслятор ресурсын пайдалану тәсілі.

1 Спутниктік байланыс желісі

Жердің жасанды серігі (ЖЖС) — Жер төңірегіндегі орбитаға шығарылып, әр
түрлі ғылыми және қолданбалы мәселелерді шешуге арналған ғарыштық аппарат.
Дүние жүзіндегі ең тұңғыш ЖЖСКСРО-да 1957 жылы 4 қазанда ұшырылды. 1958
жылы 1 ақпанда орбитаға тұңғыш америкалық ЖЖС — “Эксплорер-1” шығарылды.
Кейінірек өз ЖЖС-терін басқа елдер: 26.11.1965 — Франция (“А-1” серігі),
11.2.1970 — Жапония (“Осуми”), 24.4. 1970 — Қытай (“4 айна-1”), 28.10.1971
— Ұлыбритания (“Просперо”), 18.7.1980 — Үндістан (“Рохини”) ұшыра бастады.
Канада, Франция, Италия, Ұлыбритания, т.б. елдерде жасалған кейбір серіктер
1962 жылдан бастап америкалық тасығыш ракеталардың көмегімен ұшырылды.
Кеңестік тасығыш ракеталардың көмегімен Үндістан, Франция, Чехословакия,
т.б. елдердің ЖЖС-тері орбитаға шығарылды. ЖЖС-ті тасығыш ракетаның
көмегімен орбитаға шығару үшін оған бірінші ғарыштық жылдамдыққа тең (қ.
[Ғарыштық ЖылдамдықтарҒарыштық жылдамдықтар) немесе одан артық (бірақ 1,4
еседен асып кетпейтін) жылдамдық берілуі тиіс. ЖЖС-тің ұшуының төменгі
биіктігі (орбитаның перигейінде) 140 — 150 км (атмосферада жылдам тежелуден
сақтану үшін), жоғарғы биіктігі (орбитаның апогейінде) бірнеше жүздеген мың
км-ге дейін. ЖЖС-тің жерді бір айналып шығу уақыты оның ұшу орбитасының
орташа биіктігіне байланысты және 1,5 сағаттан бірнеше тәулікке
созылады. Экватор жазықтығына жақын жатқан экваторлық орбитаға шығарылған
ЖЖС экваториалдық ЖЖС, ал Жердің полюстері маңынан өтетін полярлық (немесе
поляр маңындағы) орбитадағы ЖЖС полярлық ЖЖС деп аталады. Жер бетінен 35800
км қашықтықтағы экваториалдық орбитаға шығарылып, Жердің айналу бағытымен
қозғалатын ЖЖС Жер бетінің бір нүктесінің үстінде “қалқып” тұрады
(геостационарлық орбита). Мұндай ЖЖС-тер стационарлық деп аталады. ЖЖС-
тердің ерекше типіне ғарыштық кемелер және герметикалық кабинасында адам
өмір сүретін орбиталық стансалар жатады. Халықаралық келісімге сәйкес, егер
ғарыштық аппарат Жерді кем дегенде бір рет айналып ұшса, ол ЖЖС деп
аталады. Бұл шарт сақталмаған жағдайда ғарыштық аппарат баллистикалық
траектория бойымен өлшеулер жүргізген зондылау ракетасы болып саналады және
ЖЖС ретінде тіркелмейді. Орбитаға шығар кезінде ЖЖС-тен бөлініп қалатын
тасығыш ракетаның соңғы сатылары, бас бөлігіндегі ауа ақтырғыш, т.б.
қосалқы орбиталық нысандар болып есептеледі; бұл нысандар Жер төңірегіндегі
орбитамен қозғалады; олар бірқатар жағдайларда ғыл. мақсат үшін бақыланатын
нысан қызметін атқарғанымен, әдетте, оларды ЖЖС деп атамайды. ЖЖС-тер
көмегі арқылы шешілетін мәселелерге байланысты олар ғыл.-зерт. ЖЖС-тері
және қолданбалы ЖЖС-тер болып бөлінеді. Егер ЖЖС-те радиотаратқыштар,
қандай да бір өлшеуіш аппаратура, жарық сигналдарын беретін импульстық
шамдар, т.б. орнатылса оны активті ЖЖС деп атайды. Аталған жабдықтардың
ешқайсысы жоқ, тек кейбір ғыл. мәселелерді шешу үшін жерден бақыланатындары
(мұндай ЖЖС-тер қатарына диаметрі бірнеше ондаған м-ге жететін ЖЖС-
баллондар жатады) пассивті деп аталады. Ғылыми-зерттеу ЖЖС-тері Жерді,
басқа аспан денелерін, ғарыштық кеңістікті зерттеуге, ғарыштық
кеңістікте биологиялық, т.б. зерттеулер жүргізу үшін қызмет атқарады. ЖЖС-
тің бортында орналастырылған аппаратура, сондай-ақ, ЖЖС-ті жер бетіндегі
станциялардан бақылау астрономиялық, геодезиялық, биологиялық, геофизикалық
және арнайы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Ғыл.-зерт. ЖЖС-теріне
алғашқы кеңестік “Электрон”, “Протон”, “Космос” сериялы ЖЖС-тер, америкалық
“Авангард”, “Эксплорер”, “ОГО”, “ОСО”, “ОАО” (геофизикалық, күндік,
астрономиялық обсерваториялар) сериялы ЖЖС-тер; ағылшын ЖЖС-і — “Ариэль”,
француз ЖЖС-і — “Диадем”, т.б. жатады. Байланыс орнатуға арналған ЖЖС-тер
(кеңестік — “Экран”, америкалық — “Синком”, “Интелсат” ЖЖС-і),
метеорологиялық ЖЖС-тер (кеңестік “Космос”, “Метеф” сериялы ЖЖС-тер,
америкалық “Тирос”, “ЭССА”, “Нимбус”), Жер ресурстарын зерттеуге арналған
ЖЖС-тер (америкалық “Лэндсат және “АЭМ”), навигациялық ЖЖС-тер, (кеңестік
“Космос — 1000”, америкалық “Транзит”), техникалық мақсаттарға арналған ЖЖС-
тер (ғарыштық жағдайдың материалдарға әсерін зерттеуге, борттық жүйелерді
сынауға арналған), әскери ЖЖС-тер, т.б. қолданбалы ЖЖС-тер болып саналады.
Кейбір ЖЖС-терге ғыл. зерттеулерді де және қолданбалы мәселелерді де шешуге
мүмкіндік беретін аппаратура орнатылады. ЖЖС көмегімен шешілетін ғылыми
және қолданбалы мәселелердің әр түрлі болуына байланысты олардың пішіндері,
массалары, құрылымдық сұлбалары, борттық құрал-жабдықтарының құрамы әр
түрлі болып жасалады. Мыс., кішігірім ЖЖС-тің массасы (“ЭРС” сериялы) — бар
жоғы 0,7 кг; кеңестік “Протон — 4” ЖЖС-інің массасы 17 т.

Спутниктік байланыс желісі

Әлемдік байланыс – бір немесе бірнеше әлемдік аппараттарда (ӘА),
немесе бір немесе бірнеше жердің жасанды серіктерінде (ЖЖС), немесе
космостағы басқа обьектілерде қолданылатын радиобайланыс.
Әлемдік жүйе – мақсатты анықтауда әлемдік байланысты қолданатын
әлемдік станция (ӘС) және (немесе) жерлік станцияға біріктірілген кез
келген топ. Спутникті (серікті) жүйе (СЖ) – бір немесе бірнеше ЖЖС
қолданатын әлемдік байланыс. Спутникті желі – тек бір ЖЖС және олармен
бірге әсер ететін жерлік станциялардан (ЖС) тұратын спутниктік жүйе немесе
спутниктік жүйенің бір бөлігі. Жергілікті станция – жерде орналасқан
станция. Спутникті сызық – бір ЖЖС арқылы таратқыш және қабылдағыш ЖС
арасындағы радиосызық. Әлемдік станция (ӘС) – ЖЖС немесе ӘА-да орналасқан
станция. Белсенді спутник – радиобайланыс сигналдарын ретрансляциялау
немесе таратуға арналған тасушы ретранслятор (РТР) ЖЖС. Шағылған спутник –
радиобайланыс сигналдарының шағылуына арналған ЖЖС. Әлемдік байланыс
жүйесінің негізгі элементтері: орбиталардағы ЖЖС; жерлік станциялар;
басқару орталығы (БО).

Сурет 2.1. Спутниктің Жерді айналу периодының орбита биіктігіне
тәуелділігі

Әлемдік байланыстың негізгі сипаттамалары:
- 7 МГц-275 ГГц (45,5 ГГц-ке дейін негізделген) диапазондағы жиілік
сызығында.
- Жерлік станциялар және бір ЖЖС 15000 шм дейін, екі ЖЖС арасындағы немесе
ЖС және ЖЖС – млн. шм арасындағы байланыс қашықтығы.
- Көп станциялы мүмкіндік (КМ) көп санды жерлік станцияның РТР бағандарын
біруақтылы қолданылуын сипаттайды.
Спутникті желі жерлік және спутникті сегменттен тұрады. Жерлік сегмент
жойылған терминалдарды және орталық телепортты құрайды. Тұрғызудың
техникалық мүмкіндігі тек нүкте-нүкте байланысынан тұрмайтындығы спутникті
желінің бірегей ерекшелігі болып табылады. Будандас желілерді (жалпы
қабылдағыш каналмен) пайдалану(эксплуатация) негізгі қызығушылыұты
туғызады. Осындай шешімдер пайдаланылған шығындарды төмендету және
спутникті сегментті эффективті қолдануға көмектеседі. Спутникті станциялар
телефонды аппараттарды (факсимильді) тікелей қосуды, АТБ немесе
интерфейспен қосылуға мүмкіндік береді.

Сурет 2.2. Жер серіктерінің орбиталары: 1- геостационарлы; 2- жоғарғы
эллипті; 3- төмен-жоғарғы

Сурет 2.3. Жер мен спутниктің өзара орналасуы

СБЖ пайдаланылатын СВЧ антенналары – жер үсті стансалары беретін
радиосигналдарды қабылдауға арналған және осы сигналдарды кері
ретрансляцияға арналған жиіліктегі диапазон. Спутниктердің көбі
гигагерцті диапазонды 64 ГГц, кейбіреулері 1412 ГГц пайдаланады
(бірінші сан – Жер – спутник буыны бойынша жұмыс жиілігі,ал екіншісі –
спутник – Жер буыны бойынша жұмыс жиілігі). Спутниктің сигналды
қабылдауы мен беруі - транспондер деп аталатын арнайы құрылғымен
қамтамасыз етіледі. Абоненттер арасындағы өзара әрекеттесу тізбек
бойынша жүзеге асады: абонентті станция (ақпаратты жөнелткіш) –
таратқыш жерүсті радиотелеметриялы станция (РТС) – спутник – қабылдағыш
жерүсті радиотелеметриялы станция – абонентті (ақпаратты алушы).
Жерүстіндегі бір РТС жуық жатқан АЖ тобына қызмет етеді.
Спутник пен жерүстіндегі РТС арасындағы деректерді беруді
басқару үшін мынадай тәсілдер пайдаланылады.
1. Кәдімгі мультиплексирлеу – жиілік бөлігу мен уақытын бөлінулер.
Біріншісінде барлық жиілікті спектр радиоканал подканалға бөлінеді,
олар пайдаланушылар арасында кез – келген графикті беру үшін
үлестіріледі.
Бұл тәсілдің кемшілігі: ішкі каналдар тиімді пайдаланылмайды,
бастапқы каналдар өткізу сызығының едәуір бөлігі бөлу сызығы
ретінде пайдаланылады.

Сурет 2.4. Спутникті байланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы

Екіншісінде барлық уақытты бөлінулер пайдаланушылар арасында
бөлінеді, олар шешуі бойынша ұсынылған уақытша кванттарға (слотқа)
иелік етеді.
2. Сұрау – таңдау әдісі мен құралын пайдаланатын “бастауышқайталама”
кәдімгі тәртібі. Бірінші орган ретінде көбінесе РТС, сиректеу –
спутник шығады. Сұраутаңдау циклі көп уақытты алады, әсіресе
желісте АЖ үлкен саны болғанда. Сондықтан пайдаланушыға сұрау салу
реакция уақыты ол үшін қабылданбайтындай болуы мүмкін.
3. “Бастауышқайталама” типті басқару тәртібі сұраусыз, уақытты
кванттаумен
көптік кіру әдісін жүзеге асырумен (ТДМА). Мұнда слоттар бірінші
РТС белгіленеді, эталон деп аталады. Эталонды станция басқа РТС
сұрау салуды қабылдап бұл сұрауларды кадрды беру үшін нақтылы
слотты станциялары белгілену жолымен қанағаттандырады, ол каналдың
графигі мен қамтылу сипатына байланысты болады. Мұндай әдіс кең
түрде коммерциялық спутниктік желісте пайдаланылады.
4. Басқарудың тең рангілі тәртібі. Пайдаланушылар каналға кіруге тең
құқылы, канал үшін бәсекелестік жүреді. 70 – жылдар басында
Н.Абрамсон тиімді бәсекелесу әдісін ұсынып, ол ALOHA жүйесі деп
аталды.
Бұл жүйенің бірнеше нұсқасы бар: кездейсоқ кіру әдісі
(кездейсоқ ALOHA); тең рангілі басымды слот жүйесі (слотты ALOHA)
және т.б.
Спутниктік байланыс желісінің негізгі артықшылықтары:
- Станциялар арасында байланысты қамтамасыз ету;
- Қашықтығына тәуелсіз ақпаратты беру құны;
- Желісті тұрғызу мүмкіндігі;
Спутниктік байланыс желісінің кемшіліктері:
- Деректер берілісінің құпиялығын қамтамасыз етуге қаражат пен
уақытты жұмсау қажеттілігі;
- Үлкен қашықтықтан радиосигналдарды қабылдауда кідірістің болуы;
- Радиосигналдардың өзара қателесу мүмкіндігі;
- Сигналдардың әртүрлі атмосфералық құбылыс әсеріне ұшырауы;

1.2 Қазақстандағы ең кең тараған спутникті байланыс түрлері

Қазақстанда ұтқыр спутникті байланысты пайдалануға болатынын, әдетте,
біз айдалада, елсіз жерде қалған, шұғыл түрде телефон соғуымыз керек болған
жағдайда ғана есімізге түседі. Үйде жүрген кезде бұл жөнінде мүлдем ойға
алмаймыз. Бұл түсінікті жағдай – спутникті байланыс қай жағынан алып
қарасақ та қымбатқа түседі. Оның тарифін өзімізге үйреншікті, кәдімгі
пайдаланып жүрген ұялы телефонның тарифімен салыстыруға мүлдем болмайды.

Сурет 3.1. Ғарыштық аппараттар түрлері

Бұл жағдай Қазақстанда спутникті байланысты ешкім пайдаланбайды деген
пікірді білдірмейді. Кең-байтақ елсіз жерлердің ұялы байланыспен
қамтылмаған тұстары бар екені белгілі. Айдалада жекелеген турист-
экстремалдарды және пойызды немесе ұшақты қол көрмей өзінің көлігімен
жорыққа шыққан саяхатшыларды кездестіруге болады. Бірақ Қазақстандағы
спутникті ұялы байланыстың басты абоненттері – мұнай-газ, геологиялық-
барлау салаларының өкілдері, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары
мен GSM немесе CDMA-ның таяудағы қамтитын базасы жоқ аймақта қызмет бабы
бойынша жүрген әскери қызметшілер екені даусыз. Кейде бұл қатарға
кинематографистер де қосылады.

Thuraya

Қазақстандағы бүгінгі күні ең кең тараған спутникті байланыс Thuraya
болып табылады. Компанияның өзі Араб Әмірлігінде тіркелген және авторлық
дилерлер арқылы қызметтерін ұсынады (Қазақстанда Орбита плюс ЖШС). Оның
қамту аймағында 120 ел бар (барлық Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс,
Үндістан түбегі). Бүгінгі күні Турайдың бүкіл әлем бойынша 250 мыңнан
астам абоненті бар. Олардың ішінде 5000-нан астам пайдаланушыны
қазақстандықтар құрайды.
Егер Турайдың бағасына күнделікті пайдалану көзқарасы тұрғысынан
қарайтын болсақ, кісіні үркітетіні рас. Тек телефонның өзіне ғана 140 мың
теңге төлеуге тура келеді, оған бастапқы пакет (SIM-карта + шоттағы 1900
теңге) – 22 400 теңгені қосыңыз. Желі ішінде бір минуттық сөйлесу 95 теңге,
қазақстандық нөмірге қоңырау шалу – 167,2 теңге болады. Нөмірге қоңырау
шалу – бағытына тәуелді 121,6-дан 247-ге дейінгі аралықтағы теңгені
құрайды.
Байланыстың бұл түрін қалтасы көтеретін тұрақты пайдаланушылар одан
қол үзбек емес, ірі компаниялар мен мемлекеттік мекемелер үшін оның бағасы
онша қымбатқа түспейді. Елсіз жерлерде анда-санда ғана болатын кәдімгі
пайдаланушыларға келетін болсақ, олардың турайлық телефонды жалға
алуларына болады. Әрине, алдымен сақтандыру жарнасын төлеуге тура келеді.
Егер трубканы ұқыпты ұстаған болса, оны тапсыру кезінде өткізген ақшаны
толық көлемде қайтарып алады.
Мына оқиға әлі ел есінде. Бір топ альпинистер тауға шығу кезінде
олардың бірі құздан құлап екі аяғын мертіктіріп алады. Командада Турай
телефоны болғандықтан, олар базалық лагермен байланыс жасап, орналасқан
жерлерін хабарлайды, жарақаттанған жолдастарын құтқарып қалады.
Одан басқа, Турай терминалы бар болғандықтан қыста қар басқан трассада өз
автомобильдерімен кептеліп қалған адамдардың өмірін құтқарып қалған бірнеше
оқиғалар да белгілі.
Спутникті телефонның түрлерін алуан түрлі етіп шығарғанмен, одан
жағдай өзгермейді. Мысалы, Турай бүгінгі күні өз клиенттеріне бар болғаны
екі трубканы ғана ұсынып отыр. Шынында да, олар барынша қолайлы, қалтаға
салып алып жүруге ыңғайлы. GSM-терминалдарының көптеген үйреншікті
функциялары, атап айтқанда: SMS және MMS жөнелту, java-қосымшаларға қосылу,
әуендерді жазып алу, ішіне орнатылған фотокамера (әзірге, небәрі 1,3
мегапиксель рұқсат етілген), Bluetooth, инфрақызыл порт және компьютерге
USB-қосылғыш, сондай-ақ, ішіне орнатылған GPS-қабылдағыш бар (осының
арқасында кез келген сәтте қай жерде тұрғаныңды анықтауға болады).
Thuraya қазақстандық телекоммуникация рыногында әйтеуір бар дейтін болсақ,
спутникті байланыс жүйесінің мынадай: GlobalStar, Inmarsat немесе Iridium
түрлері жақында ғана ұсынылды. “Иридиумға” қатысты барлық жағдайдың
түсінікті екенін айта кеткен орынды.

Iridium

1998 жылғы қарашаның 1-нен қызмет көрсетуді бастап, Iridium LLC
компаниясы (1991 жылы құрылған және жобаға 7 миллиардқа жуық доллар
инвестиция тартылған) 2000 жылғы наурыздың 17-де абоненттерге қызмет
көрсетуді тоқтатқаны туралы жариялады.

Сурет 3.2. Типтік таратқыш желі

Алайда, осы жылдың өзінде, қарашаның 22-сінде қайта құрылған Iridium
Satellite LLC компаниясы Пентагонмен қызмет көрсету келісімшартына қол
қойды және активтерді аудару мен Boeing компаниясының топтарын басқаруды
берді. 2000 жылғы желтоқсанның 12-сінен бастап, Пентагонның және АҚШ
Үкіметінің абоненттеріне қызмет көрсетуді қайта жандандырды. Жүйені
коммерциялық пайдалану 2001 жылғы наурыздың 28-інде қайта жанданды. Алайда
Қазақстанда “Иридиум” абоненттерін бүгінгі күні іс жүзінде табу мүмкін
емес.
“Иридиум” негізгі төмен орбиталық спутниктердің 66 тобын басқарады,
бұл желінің префиксі +8816 және +8817.
Inmarsat
Inmarsat

Бұл әлемдегі ең көне спутникті байланыс. 1979 жылы негізі қаланған
Inmarsat халықаралық компаниясы бастапқыда мемлекетаралық ұйым ретінде
көрініс тапты. Бүгінгі таңда ол он бір геосинхронды телекоммуникация
спутниктерінің топтарын басқарады. Ұсынылатын қызметтер кәдімгі телефон
байланысын және деректерді беруді, сондай-ақ, апат жағдайларының
сигналдарын беруді өзіне қамтиды.
Қазақстанда оны Inmarsat-ті iSat желісі ұсынады. Оның провайдері
Tarlan Telecom компаниясы болып табылады. iSat-тың қолайлылығы –
абоненттерге бағытына, қашықтығына және басқа да факторларға тәуелсіз,
бүкіл әлем бойынша айтарлықтай арзан, бірыңғай жаһандық кіру байланысын
ұсынуға негізделген. Бұл ретте, iSatPhone спутникті телефоны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саны оқпандарды ЖЖС
Спутник байланыс желісіндегі ақпаратты қорғаудың маңыздылығы
Сантиметрлік радиотолқындардың радиорелелік және спутниктік байланыс желілерінде таралуы
Радиорелелік және спутниктік байланыс жүйелерінің антенналық толқын беру жүйесі
ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУ НЕГІЗДЕРІ туралы
Байланыс желілері мен сымдар
Мәліметтерді тарату арналары
Қазақстан Республикасы саласының осы заманғы жай-күйiн талдау, проблемалар
Спутниктік байланыс технологиялары
Спутниктік байланыс
Пәндер