Сыртқы аудитті ұйымдастыру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1. Аудиттің пайда болуы мен дамуы . . . 5
1. 2. Нарықты қатынастағы шет елдердегі аудиттің даму жолы . . . 8
- ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ АУДИТ . . . 12
2. 1. Аудиттің мәні және түрлері . . . 12
2. 2. Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары . . . 17
- СЫРТҚЫ АУДИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТТАМАСЫ . . . 22
3. 1. Сыртқы аудит және оның ерекшелігі . . . 22
3. 2. Сыртқы аудитті ұйымдастыру . . . 24
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29
КІРІСПЕ
Қазіргі нарық жағдайындағы экономикалық бақылаудың перспективті және тиімді түрлерінің бірі тәуелсіз бақылау болып отыр. Тәуелсіз бақылауды өз қызметін тапсырыс иесі-клиент есебінен шартты коммерциялық негізінде іске асыратын аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жүргізеді.
Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан, ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығы мен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды, бизнес-жоспарлар жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процесін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларды іске асыру үшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.
Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше, толықтырады.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да, аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін пайдаланады.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей, ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.
Аудиторлық қызметтің мәні ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында. Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты - аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Бұл курстық жұмыста аудиторлық қызметтің мәні, мақсаты, шет елдерде дамуы, оның түрлері, соның ішінде сыртқы аудит және оның сипаттамасы қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігі аудиторлық қызметтің қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен оны қалпына келтіруінде. Сыртқы аудит бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және табыстылық көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын, шығарылғандығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме береді.
Жұмыстың мақсаты - сыртқы аудитке сипаттама беру. Мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер шешілуі қажет:
-аудиттің мәні мен қалыптасуын қарастыру;
-сыртқы аудиттің мәні мен бағыттылығының негізін ашу;
-ішкі және сыртқы аудитті салыстырып, айырмашылықтарын анықтау.
1 АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Аудиттің пайда болуы мен дамуы
Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді.
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша аудитке мынадай анықтама берді: «Аудит - бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі».
Жалпы ұғымда аудит - кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау. Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:
- Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
- Өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
- Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
- Компаниялардың операциясы көп, әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
- Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;
- Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.
Рухани оқу орындарында озат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деп атаған. Оған оқытушы басқа оқушылардың сабақта өткен материалды қалай меңгергенін, тапсырманы қалай орындағанын, яғни оқу үлгерімдерін тексеріп отыруды сеніп тапсыратын болған. Еуропаның көптеген елдеріндегі мемлекеттік басқару мен шаруашылық саласында лауазымды тұлғалардың ауызша есеп беруін тыңдаушы қызметкерді аудитор деп атаған. Есеп берудің бастапқы ауызша түрі көптеген адамдардың сауатсыз болуына байланысты қолданылған, сөйтсе де орта ғасырдағы адамдар есеп берудің ауызша түрі жазбашадан да жақсы болады деп есептеген. Олардың ойынша, кез-келген құжатты қолдан оңай түзей салуға болады, ал бақылаушы-аудитордың көзіне тура, тік қарап тұрып өтірік айту мүмкін емес немесе өте қиын деп санаған.
Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау біздің дәуірімізге дейінгі IV мыңжылдығынан басталады. Сонымен бірге, Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің жазықтарындағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс, қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс есептерімен айналысты. Бақылаудың әр түрі жүзеге асырылды, оның ішінде аудит те бар. Мұндағы мақсат - қателіктерді азайту және шенеуніктер тарапынан алдау әрекеттеріне жол бермеу. Бірқатар бақылау түрлері сол уақытта Библияда (Інжілде) да суреттеледі. Онда мүлікті екі жақты күзету, адал қызметкерлерді жалдау, міндеттерді бөлісу мәселелері баяндалады.
Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде де болған. Мысалы, ежелгі Мысырда (біздің дәуірімізге дейінгі 3400-2000 жж. ) мүлікті түгендеу кезең сайын, ал шаруашылық операцияларын бақылауды үш адам жүзеге асырған. Оның біреуі не нәрсе берілді, соның санын папирусқа белгілеп отырса, екіншісі нақты босатуларды жүзеге асырған, ал үшіншісі ауытқуды анықтау үшін берілген мүліктердің немесе өнімдердің санын нормамен салыстырып отырған. Ресурстардың қозғалысы мен болған оқиғалар бойынша операциялар қатаң тәртіппен құжатталып отырған, тікелей орындаушылар мен қатысушылардан тәуелсіз жүзеге асырылатын шаруашылық процестерін бақылау осылай пайда болған.
Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде пайда болған. Хаммурапи заңы (біздің дәуірімізге дейінгі 2200-2150 жж. ) көпестерге дербес есеп жүргізуді, ал храмға - мемлекеттік есепшілікті жүргізуді әмір етті, ақшаны қолхатсыз беру жарамсыз деп саналған.
Чжоу династиясы басқарған уақыттағы көне Қытайда (біздің дәуірімізге дейінгі 1122-256 жж. ) есептің мемлекеттік жүйесі, оның ішінде барлық үкімет департаменттерінің мұқият әзірленген бюджеті мен аудиті жүзеге асырылды. Ал, біздің дәуірімізге дейінгі 700 жылы ол жақта негізгі міндеті мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалануға құқығы бар үкімет шенеуніктерінің адалдығына кепілдік беру болып табылатын Бас аудиторлық қызметі болған.
Афинада біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырда Халық жиналысы мемлекеттің кірісі мен шығысын бақылады, ал оның қаржылық жүйесі барлық лауазымды тұлғалардың өкілеттілігі біткенше құжаттарын тексеретін үкімет аудиторларын қамтыды.
Басқа авторлардың айтуынша, аудиттің пайда болуы арнайы ғылыми білімнің саласы ретінде бухгалтерлік есептің қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Бухгалтерлік есеп туралы алғаш рет ғылыми кітап жазған италияндық ұлы математик Лука Пачоли (1445-1517 жж. ) арнайы бюрода тексеріп және тіркеп отыратын көпес кітабының іс жүзіндегі пайдалылығын атап кеткен болатын.
Шаруашылық қызметтің дамуы есептің сапасы мен есеп берудің шындыққа жанасымды болуының жаңа бақылау формасын талап етеді. Англияда аудиторлық алғаш рет 1299 жылы пайда болды, ал 1324 жылдың 24-інші наурызында король Эдуард ІІ, үш мемлекеттік аудиторды тағайындайды. Тағайындау туралы жарлықта аудиторды Оксфорд, Беркенхед, Уэльс провинцияларындағы барлық есепшотты тексеруге, оларды тыңдауға, олардан сұрауға және есепшоттарды жүргізуде барлық кемшіліктерді белгілеп отыруға міндеттейді.
ХІІ ғасырдан бастап Англия мен Шотландия, Италия, Франция және Еуропаның басқа елдерінің Қазынашылық мұрағаттарында аудиторлық қызмет туралы мағлұмат жиі ұшырасады. Мысалы, Ұлыбританияда екі түрлі аудит жүргізілген:
- Аудит қалаларда елдің көзінше, яғни жария түрде - билеп-төстеуші лауазымды тұлғалардың қатысуымен жүзеге асырылған, қазынашы аудиторлық есеп беруді ауызша, яғни елге естірте оқитын болған;
- Ірі поместьенің қаржылық басқарушының төлем шотын «аудиторлық декларацияға» орай «дебет және кредит» бойынша егжей-тегжейін тексеру, яғни оны поместьенің қожайыны мен басқарушылар кеңесінің алдында ауызша есеп берген.
Қалалардың, фабрикалардың өсуімен және сауда-саттықтың кеңеюімен сипатталатын ХVІ-ХVІІ ғасырлар кезеңіндегі экономикалық өзгерістер есеп пен аудиттің жаңа тәсілдемесінің пайда болуына итермеледі, яғни себепші болды. Бұрыштың басына мүлікке деген меншік құқығы мен пайда және залалдың қатаң калькуляциясы қойылатын болды. Аудит тыңдау процесінен жазбаша құжатты және растаушы куәні зерттеуді ретімен талдаушыға айналды. ХVІІ ғасырдың аяғында Шотландияда белгілі бір лауазымды тұлғаға қалалық аудитор ретінде қызмет етуіне тыйым салу туралы алғаш рет заң қабылданды, осылай ету арқылы батыс әлемінде сол уақыттан бері осы заманғы аудитордың тәуелсіздігі деген ұғым енгізілді.
Мұндай аудиторлық озық тәжірибеге қарамастан, тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана кәсіби аудит тұтас іскерлік әлем мен кәсіпкерлік қызметтің маңызды құрамдық бөлігі болды. Бұл темір жолдарын салу мен сақтандыру компанияларының, банктердің, акционерлік қоғамдардың өсуімен байланысты. Ағылшындық темір жол және сақтандыру компаниялары мен басқа да инвесторлар Солтүстік Америкаға аттанғанда, яғни бағыт алғанда олармен бірге аса ірі ағылшын кредиторларының мүддесін қорғау үшін тәуелсіз аудиторлар да барды.
Осыған байланысты солтүстік америкалық аудиттің шығу тегі «ағылшындық» болып табылады және ХХ ғасырға дейін АҚШ-тың тәуелсіз аудиті ағылшындық үлгімен құрылып келді. Ол балансқа қатысты мәліметтерді егжей-тегжейлі зерттеуді ұйғарды. Роберт Х. Монтгомери американдық аудитінің сол кезеңін «есепшоттық аудит» деп атаған, өйткені аудитордың жұмыс уақытының төрттен үш бөлігі есептеу және бухгалтерлік кітапты жасауға кетті. Аудит рәсімі (процедурасы) жылдам ұлғайған америкалық бизнеске бейімделе бастағанда шектен тыс қаражатты талап ететін есептеу мен көшіруді тексеретін британдық стиль біртіндеп американдық «тестілік аудитке» өзгеріп, ауысады. Сонымен қатар, аудиторлар тестілеу әдісінен басқа операцияларды тексеру мақсатында бизнес бойынша серіктестен фирманың қызметі туралы мәлімет жинауды іс жүзіне асыруға кірісті. Инвесторлардың мүдделерін ескеру арқылы олар баланстың белсенділігі мен бәсеңділігін бағалауға, сондай-ақ пайда мен залал туралы есеп берулерде және есепшоттарда көрініс табатын шаруашылық операцияларының нәтижелеріне де көп назар аударатын болды.
ХХ ғасырда бухгалтерлер мен аудиторлардың аса ірі трансұлттық ұйымдардың құрылуына әкеп соқтырған әлемдік экономика мен бизнестің ғаламдану тенденциясы біршама тереңдей түсті. Кәсіби аудиттің дамуы үшін Халықаралық есеп стандарттары бойынша Комитет (IASC - 1973 ж. маусым, Лондонда негізі қаланған, 2001 жылдың 1 сәуірінде IASВ-мен ауыстырылды), Жоғары бақылау органдарының халықаралық ұйымы (ИНТОСАИ - 1953 ж. ), Халықаралық бухгалтерлер федерациясы (IFAC - 1977 ж. 7 қазанда, Мюнхен, Германияда құрылған), БҰҰ-да 1979 жылы құрылған есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша үкіметаралық сарапшылардың жұмысшы тобы (ISAR) сияқты халықаралық және аймақтық ұйымдар қызметінің маңызы айрықша. Осы жаңашылдықтардың барлығы ендігі жерде аудиттің бухгалтерлік жазбалардың кеңселік нақтылығын тексерумен ғана шектелмей, салалары мен ауқымының біртіндеп кең өріс алуын көрсетеді. АҚШ және Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде тәуелсіз аудиттің өзгеше жүйесі қалыптасқан. Оларды жетілдірудің қажеттілігі көптеген кредиторлар, инвесторлар және басқа да мүдделі пайдаланушылар тарапынан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі туралы сенімді қаржылық ақпаратқа сұраныстың өсуінен туындап отыр.
1. 2 Нарықты қатынастағы шет елдердегі аудиттің даму жолы
Аудиттің нарықтық экономикалық елдердегі әр түрлі бизнес-құрылымының қызметін қаржылық бағалаудағы өзіндік ерекшелігі, әрі тәуелсіз жүйесі ретінде оның қалыптасуының маңызды кезеңдері бар. Дамыған елдерде аудиторлық кәсіптің әр түрлі атауы бар. Мысалы, АҚШ-та бухгалтер-аудитор қоғамдық немесе мамандандырылған бухгалтер деп аталады, Францияда - сараптаушы бухгалтер немесе есепшот бойынша комиссар, ал Германияда - шаруашылықты бақылаушы немесе кітапты бақылаушы, Ұлыбритания мен ағылшынсаксондық елдерде - ревизор немесе алқалы бухгалтерлер деп атайды. Кәсіби аудит батыс елдерінде алғаш рет Ұлыбританияда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. 1844 жылдан бастап Англияда акционерлердің алдында есеп берулер мен есепшоттарды тексеру үшін тәуелсіз бухгалтерлерді «жылына әдетте 1 мәрте» шақыратын акционерлік компаниялар басшыларына міндет жүктейтін заң сериялары шықты. Алдыңғы қатарлы елдерде міндетті аудит туралы құқықтық-нормативті актілердің қабылдануына байланысты тәуелсіз қаржылық бақылау саласы айтарлықтай дәрежеде ұлғайып келеді. Мәселен, Англияда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы шықса, Францияда -1867 ж., ал АҚШ-та - 1937 ж. қабылданды. Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымы әлемнің көптеген елдерінде құрылған. Атап айтқанда, Ұлыбританияда, Англия мен Уэльстің Алқалы бухгалтерлер институты құрылды (1980 ж. ), АҚШ-та Маманданған бухгалтерлер институты (1887 ж. ), Германияда - Аудиторлар институты (1932 ж. ) және Аудиторлар палатасы, ал Францияда - Сарапшы бухгалтерлер палатасы (1942 ж. ) мен Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы құрылды. Италияда кәсіби аудиторлық қызметті Әділет министрлігінің бақылауында болатын арнайы атаулы тізілімге енгізілген адам ғана жүзеге асыра алады.
1862 жылы қабылданған британдық компаниялар туралы заң сол кездің өзінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық бақылау бойынша мамандарға ең аз дегенде жылына бір рет компаниялардың есепшоттарын белгілі бір тәртіппен тексеріп тұруын міндеттейді. Әсіресе Шотландияның, Англияның және Уэльстің Алқалы бухгалтерлер институты, сондай-ақ Ұлыбританияның Маманданған және корпоративтік бухгалтерлер ассоциациясы бүкіл әлемге әйгілі болды. Осы Ұлыбританиядағы ассоциацияға тек британ аралдарының тұрғындары ғана мүше болып қоймай, сонымен бірге британдық доминион, колониялар мен мандаттық аумақтардың өкілдері де оған кірді. Одан әрі бұл елдердегі ұлт-азаттық қозғалысының дамуы мен тәуелсіздік алуынан кейін аудиторлық кәсіп өкілдерінің басын қосып біріктірген өздерінің ұлттық ұйымдары құрыла бастады.
Палестинадағы бұрынға британ территориясында 1948 жылы Израиль мемлекеті пайда болғаннан кейін ол жерде сол кездің өзінде әр түрлі британдық кәсіби қоғамдардың мүшелері болып табылатын шамамен 100 бухгалтерлер-аудиторлар болған. Британдық үлгі бойынша және Израиль Әділет министрлігінің басшылығымен бухгалтер-аудитор атағын алуға тілек білдірушілерді емтиханға қабылдау және оларға (емтиханды сәтті тапсырғандарға) осы атақты беру жөнінде арнайы Кеңес құрылған болатын. 1955 жылы Израиль Парламенті атақ берудің шарттарын, кәсіби қызметке байланысты оларға қойылатын талаптарды қарастыратын бухгалтер-аудитор туралы ережені бекітті. Аудитордың британдық тәжірибесінің ықпалымен Британдық ұлттар ынтымақтастығының құрамына кіретін басқа елдер де осы кәсіптің түрі қалыптасуын бастан кешірді.
Германиядағы аудиторлық істің дамуына 1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс түрткі болды. Яғни акционерлік қоғамдар мен басқа формадағы кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы қатаң тексеру тәртібін және тәуелсіз аудиторлар тарапынан есеп берулер мен баланстарды бекітуін талап етті. Қазіргі кезде Германиядағы аудиторлық қызмет 1961 жылдың 24-ші шілдесіндегі Аудиторлардың кәсіби жарғысы туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл елде кәсіби аудиттің екі ұйымы жұмыс істейді: Аудиторлар палатасы және Аудиторлар институты. Біріншісіне мүшелікке кіру әрбір аудиторға немесе аудиторлық фирмаларға міндетті болса, ал екінші ұйымда - әркімнің өз еркі өзінде болады, сөйтсе де онда 90%-дан да жоғары неміс аудиторлары бар. Аудиторлар палатасына мүшелікке кіру өздері аудиторлар болмаса да, барлық аудиторлық ұйым басқармасы мүшелеріне міндетті. Палатаның қызметін федералды Экономика министрлігі бақылайды. Бұл бақылау оның ісін басқаруды қарастырмайды, тек ГФР заңдары мен Палатаның өз жарғысының сақталуын қадағалаумен шектеледі.
Франциядағы аудиторлық қызмет 1969 жылдың 12-ші тамызындағы Декретке және 1994 жылдың 24-ші қаңтарындағы Үкімет қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Аудит саласындағы негізгі жұмысты жалпы мемлекеттік деңгейде кәсіби ұйым - Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы жүргізеді. Аудиторлық қызметті аймақтық деңгейде шамамен 30 аймақтық компаниялар реттейді. Тұтастай алғанда, Францияда аудиторлық қызметті басқарудың жеткілікті дәрежеде қатаң түрде орталықтандырылған жүйесі қалыптасқан.
1982 жылы Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысында үкіметтен аудиторлық әкімшілікті құруды және оның тәуелсіздігіне кепілдік беруді талап ететін Қытайдың жаңа Конституциясы жарияланды. Аудиторлық әкімшілік өзінің қызметін сәтті орындауын қамтамасыз ету үшін Конституцияның 91 бабында былайша шарт қойылған: «Мемлекеттік кеңес Премьерінің нұсқауы бойынша аудиторлық ұйым қандай да бір әкімшілік органы немесе қоғамдық ұйымдар немесе тұлға тарапынан араласпауын шарт етіп қоятын заңға сәйкес аудитті өткізу арқылы кеңес беруге өзінің құқығын тәуелсіз жүзеге асырады». Бас аудитордың объективтілігі мен тәуелсіздігі Конституциямен қорғалады. Осы заңға сәйкес, ол Қытайдың ең таңдаулы басшылық ұйымы болып табылатын Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Мемлекеттік кеңес Премьерінің ұсынысы бойынша Бүкілқытайлық халық өкілдерінің жиналысымен тағайындалуы және қызметтен босатылуы, яғни орнынан түсуі мүмкін. Сондықтан да бұл жағдай Бас аудитордың жұмысына үкіметтің әкімшілік органдарының араласуына тиімді тосқауыл бола алады. Ол өзінің қызметін заңға сәйкес орындап, еркін әрекет етеді. Қытай үкіметі бухгалтерлер арасында СРА-маманданған қоғамдық бухгалтердің көбейгенін мақұлдайды. ҚХР-да СРА-ның шамамен 80 фирмасы әрекет етеді. Осы фирмалардың көбісі шетелдік инвестиция базасына негізделген біріккен кәсіпорындарға қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда АҚШ-та 100 мыңнан көп тәуелсіз маманданған бухгалтерлер ресми тіркелген. Халықаралық ассоциация өз қызметін әлемдегі 189 елде жүзеге асыратын 4, 5 мыңнан артық аудиторлық фирмаларды біріктіріп отыр. Тек Ұлыбританияның өзінде 200-ден көп аса ірі аудиторлық фирмалар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Әлемдегі нарықтық экономиканы барлық елдерде өзінің құқығы мен ұйымдық инфрақұрылымы бар Кәсіби аудиттің қоғамдық институты жұмыс істейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz