Биыл сәнде баулы аяқ киімдер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Мода тенденциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Стиль мнездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..8
1.3 Модель эскизі.
Сыртқы түріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .10
1.4 Материалдарды таңдау (негізгі, астарлық, аралық
және әрлеу материалдар, фурнитура, желімдік
материалдар) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...13
2.1 Бастапқы мәлімет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Сән журналдарымен жұмыс
істеу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.3 Пішім бөлшектерінің
спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.4 Материалдардың жұмсалуын нормалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
3 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.1 Құрал - жабдықпен өңдеу режимін
таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3.2 Бұйым дайындаудың технологиялық бірізділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3.3 Бұйым дайындаудың
технологиялық карталары ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
4.1 Бұйымның өзіндік құнын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
4.2 Экономикалық
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
КІРІСПЕ
Киім - адамзат қоғамының әрбір тарихи даму кезеніңде тігін бұйымдарды
өзгеріске ұшырап отырады. Ол қоғамдық құрылыстың, техника мен экономика
дамуының, сондай – ақ ұлттық мәдениеттің өзіндік ерекшілігін, халық
тұрмысының , көркемдік талап – талғамы мен салт – дәстүрінің талаптарын
бейнелейді. Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға
сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен тығыз
байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді,
яғни сән де үнемі жаңарып отырады. Адам болмаса киім өзінің мағынасын
жоғалтады, оған тән қызметтер жойылады. Сондықтан, киім формасының даму
заңдылықтары ылғи да, моданың сұрасына және дәуірдің көркемдік талаптарына
тәуелді емес, адам тұлғасының тектоникасына тәуелді болып есептелінеді.
Киімді әркім өз бетінше тандайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен
сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киімге деген талғампаздық
адамның өзіне сын көзбен қарай алатының белгісі болып табылады. Киімнің
жоғары сапасы бәрінен бұрын қолданылатын материалдардың сапасына, оның
дұрыс таңдалуына, модельдің көркемдік бейнесін және конструкциясын дайындау
технологиясын жетілдіруіне байланысты болады.
Әлемдік тоқыма және химия өнеркәсібінің дамуы және киім дайындауға
арналған жабдықтардың жаңа түрлерінің шығарылуы заманға сай киім
ассортиментін киімге арналған жаңа материалдарының ассортиментін жетілдіру
мүмкіншіліктерін елеулі кеңейтті. Нарық еңбекке қабілетті әр адамнан терең
тәжірибелік және теориялық білімді іске шығармашылықпен қарауды талап
етеді. Киімді құрастырмас бұрын, сәнді үлгі жинағынан, яғни Burda сән
журналынан үлгідегі киім модельдерімен таныстық. Курстық
жұмыстың мақсаты: сән ағымына сай денебітімге қонымды сән үлгісін таңдау
және сол бұйымды тігу мен өңдеу ерекшеліктерін ескерту. Осы мақсаттарды
орындау барысында адам тұлғасының ерекшеліктерін және кемшіліктерін
айқындайтын, тұлғаға сәнді сипаттама беретін модель ойлап табылады.
Осы мақсаттарды орындау барысында мынандай міндеттер орындалады:
- осы мерзімге сай мода тенденцияларын зерттеу;
- сән журналынан алынған дайындалатын тігін бұйымның сән үлгісін
таңдау және сән үлгіні дайындауға қажетті материалдарды таңдау ;
- бұйымды дайындаудың техникалық бірізділігі мен нұсқау картасын
құрастыру;
- бұйымның өзіндік құнын анықтау.
Өзіне дұрыс таңдалған үлгі табиғи эстетикалық қасиеттерін жоғалтпай,
сәндікті болады, киімді өте әдемі, көрнекті қылдырады.
Осы курстық жұмыстың шығармашылық объектісі – адам тұлғасы, модельді
проекциялау барлық жағдайларда оның жеке ерекшеліктерін ескеру және
пропорционалды денебітімге келтіру.
1 ЖОБАЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Мода тенденциялары
Мода (сән) ұғымы - латын сөзі modus - өлшем, әдіс, іс- әрекет, ереже
деген мағынаны береді. Біз үшін ол мөлшер, уақыт бойынша өзгеріп тұратын
талғам (талғам - адамдардың әр киімді қандай жағдайда, сырт келбетіне қарай
таңдап киіне білу). Мода құбылысының шын мәнін түсіну үшін, оның пайда
болуы мен қызметінің терең механизмін ашу үшін қоғамда моданы зерттекге
әлеуметтік жағдай жасалынады. XIX- XX ғасыр аяғында мода зерттеушілері оның
шығуы мен дамуының әлеуметтік себептерін, мода қолданысының экономикалық
және мәдени салдарын талдай келіп, оны әлеуметтік феномен ретінде
қарастырды. Модана әр түрлі көзқарас тұрғысынан, атап айтқанда әлеуметтік
психология, психологиялық талдау, нарық капитализмінің экономикасы және
мәдениеттану тұрғысынан зерттеді. Қай тұрғыдан алып қарастырса мода қоғам
дамуын анықтайтын қозғалыс ретінде адамзат өмірінде маңызды рөл атқарушы
компоненттердің бірі.
Мода ұғымының бірнеше анықтамасы:
Мода - белгілі бір қоғамдық ортада қандайда бір көзқарастың, тұрмыстың
сырт пішінге қысқа мерзімді үстемдігі.
Мода - бұл айрықша әдіс, бейне, әлеуметтік ақпаратты өңдеудің
өлшемі.
Мода - адам тіршілігінің өнередгі, тілдегі, киімдгі мезгілдік
өзгерістері. Ол көп жағдайларда өздерінің айқын ашық үстемділігіне
қарамастан ұзақ уақыт сақталмайды, өйткені адам баласы әр уақытта
жаңалыққа, түрленуге ұмтылады. Моданың өзгеріп отыруы, өмірдің тынысы
тәрізді, ырғаққа бағынышты.
Қазіргі кездегі моданың өмірдік айналымы өте қысқа. Үстем стильдің
аясында жаңа сән үлгілері еніп, көркемдік ерекшеліктерін шыңдайды. Бірақ
мода өзінің негізгі бағытын өзгерпейді. Модаға үйрену мерзімі екі маусымға
дейін созылады, содан күнделікті тұрмысқа еніп, келесі сән үлгілері, оны
ығыстырып ескішіл сәнге айналдырғанша өмір сүреді.
Сонымен, мода келесі элементтерден тұрады:
- Қимыл - қозғалыс пен мінез- құқлыққа үлгі немесе тәсіл болған сәндік
стандарттар;
- эстетика, идея, сөз, олардың қасиеті сияқты материалдық және
материалдық емес сән объектілері;
- сәндік стандарт немесе объектінің сәндік мағынасын жоғалтса модадан
шығып қалатын - мода маңызы немесе моданың тұтастығы;
- сәндік стандартқа, объекті мен құндылыққа бағытталған мінез- құлық-
сәнқойлардың мінез- құлқы.
Қазіргі мода үлгілерінің бірқатар қызмет атқарады:
- инновациялық - көптеген мәдени модельдердің ішінен белгілі бір уақыт
талабына ерекшеленген, өмір салтына лайық, жаңа міңез- құлыққа
сәйкесжаңа сәннің енуі;
- регулятивтік - сән үлгісі бұрынғы кезең мен жақын кезеңнің арасынан
бөліп, регулятивтік - таяу болашақтағы сән үлгісін дайындайды;
- психологиялық - мода адам қиялы мен өзіндік ойының, жаңашылдыққа
ұмтылуының психологиялық қажетін өтейді. Мода жұтшылыққа эмоциялық күш
береді, дайын сән үлгілерін жеке адам арқылы ұсына отырып,
псиологиялық әрекет жасайды;
- әлеуметтік - мода белгілі бір әлеуметтік ортада әлеуметтік норма мен
құндылықты, әлеуметтік және мәдени мұраларды қабылдай білуге үйретеді.
Мода әлеуметтік теңсіздікті әрі көрсетеді, әрі теңестере отырып,
қоғамдық шиленісті реттейді;
- мәртебелік - мода стандартына және жоғарғы әлеуметтік топтарға-
бекзаттарға еліктей отырып өз бойындағы кемсіну сезімдерін жеңе білуі;
- коммуникативтік - моданың қарым- қатынастық қызметінің көпшілік
бұқаралық қарым- қатынасқа жол ашуы;
- экономикалық - тұтыну саласында мода адамның мінез- құлқына әср
етсе, белгілі бір тұтынушылық құрылымның қалыптасуына ықпал жасайды;
- эстетикалық - көпшіліктің эстетикалық талғамын, қатеттілігін
қанағаттандыру, моданың нәтижесінде эстетикалық бағаға ие болуы.
Мода - әлеуметтік құбылыс. Адамға бірінші қажетті заты – киім. Онымен
өндіруші өнеркәсіптің әр түрлі салалары айналысады. Ал сатумен сауда
жүйелері шұғылданады. Мода – экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына
және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де
түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сән әр түрлі стильдермен, пішімдерімен,
үлгілермен, сондай- ақ әр түрлі көлеммен және түстердің алуан реңдерімен
ерекшеленеді.
Қазіргі кезде әр адам әдемі, сәнді және талғамды киінуге ұмтылады.
Мода адам өмірінің арылмас бөлігі. Мода өміріміздің арылмас бөлігі
болғандықтан, оның келесі көріністері бар:
1) Әлеуметтік. Мода - қоғамдық өмірдің бір бөлігі. Онда өмірде болып
жатқан әр түрлі процестер көрініс табады.
2) Таптық. Костюм қоғамдағы таптық бөлінулерге байланысты.
3) Экономикалық. Мода үлгісін өндірумен өнеркәсіптің әр түрлі салалары
айналысса, оны сатумен аумақты дүкендер жүйесі айналысуда.
4) Этикалық. Адамның киімге көзқарасы оның жасына, тәрбиесіне, мінезіне,
ұстанымдарына юайланысты болады.
5) Эстетикалық. Костюм - жеке мемлекеттің, тарихи кезеңнің және жалпы
адамзаттың көркемдік мәдениетінің бір бөлігі.
6) Психологиялық. Костюм - адамның ішкі дүниесінің бір бөлігі, оның
көрінісі. Әр адам моданы өзінің жасына, тәрбиесіне, ұстанымдарына,
мәдениетіне, мінез- құлқына байланысты қабылдайды.
Қазіргі кезде мода интернационалды құбылыс болып келді. Әр халық
модаға өздерінің ұлттық ерекшеліктерін енгізді. Мода адам үшін қызмет
ететіндігіне байланысты оны адам өзіне бағындыру қажет. Тек қана әр адамның
жеке даралығын ескере отырып модаға еліктеугке болады. Атақты итальяндық
дизайнер Дж. Версаче былай деген: Өзімнің киімдерімде мен қиялды, бақытты,
мәдениетті жобалаймын. Өзімнің киімдерімде мен өмірді жақсартамын. Мода
- адамның әлеуметтік статусын көрсетеді деген қалыптасқан ұғымның орнына
модаға салмақты емес, ойыншыл қарау идеясы келді.
Көктем 2010 - 2011 маусымында киетін көйлектердің үлгісі бұрынғы, 50-
шы жылдардағы сәнге сәйкес келеді. Сән негізі күңгірт көк түсті фактуралы
мата және тегіс маталарға тоқылған. Көктем 2010 - 2011 маусымының
ерекшелігі - түстік гамма. Түстік гаммаларға:
- ашық қызыл - пурпур, күңгірт;
- ақшыл түстер, көк түс палитрасы;
- сәйкес түстер - көк және жасыл;
- ақ- қара түстер жатады.
Әсіресе, қара түсті көйлектер дүкен сөрелерінде кеңінен орын ала
бастайды. Ұзындығы тізеден сәл жоғары жеңі мен етегі көмкерілгендерін,
жағалы, әрі кең етектілерін де таңдауға болады. Сондай-ақ, мерекелік
кештерге, қонаққа барғанда атластан немесе шифоннан тігілген көйлектерді
киген жөн. Мұндай көйлектердің түсі қызыл, қара және көк болуы керек.
Бұларға сәйкес былғары белбеулер таққан жөн. Бір ерекшелік - белбеулі
пальто. Жылдың жылы күндерінен суық кездері көп болады. Сондықтан да ұзақ
киілетін киімнің жарасымды, әрі сәнді болғанын қалаймыз. Қазір қыз-
келіншектер күз, көктем, қыс айларында да пальто кигенді ұнатады. Пальто
жылы, әрі дене мүсінің кейбір кемшіліктерін жасырып тұрады. Биыл пальтоның
небір түрі сәнге шығып жатыр: қос ілгекті, қысқа, ұзын, ілгексіз тек
белбеумен байланатын, денемен бітісіп жатқан, етегі трапеция пішінді.
Сондай-ақ, ұзын жеңді және ұзын қолғаппен киетін қысқа жеңдісін де көруге
болады. Қос ілгекті, әскери шинельдерге ұқсас, үлкен жағалы пальтолар
көбіне торкөзді маталардан тігіледі. Ұзындығы тізеден сәл жоғары болатын
пальтоларды биік тақалы, ұзын қонышты етіктермен үйлестіріп киген жөн.
2010 - 2011 ж.ж. күз-қыс айларында ұзын пальтолар қайтадан
сәнге шығады. Бұл бір жағынан ыңғайлы болғанымен, екінші жағынан сәнді
бұйымдардың бірі. Қыста және күзде киетін пальтолардың жаға, жеңдеріне
түрлі аңдардың терісі жапсырылса, онда ол ерекше сәнге айналады.
Аяқ киім түрі алмаспайды. Былтырғы аяқ киімдер үлгісі көп өзгеріске
ұшыраған жоқ. Биік өкшелі туфлилер мен етіктерді киіну өте сәнді болып
көрінеді. Аяқ киімнің түрі сан алуан: аң терісінен, тоқымадан, былғарыдан,
жорғалаушылардың терісінен тігілгендері бар. Биыл сәнде баулы аяқ киімдер.
Күз және қыс айларында тақасы төрт бұрышты, биік емес аяқ киімдер өте
ыңғайлы. Сондай- ақ, ұзын әрі, жиырылған қонышты етіктер де сәнде. Түрлі
тақалы бәтеңкелер сәнге айналған. Баулы аяқ киімдер аяққа ерекше сән
береді, жүріп-тұруға да қолайлы. Ал, кеңседе жұмыс істейтіндерге
классикалық үлгідегі аяқ киімдерді киген дұрыс. Бірақ, аяқ киімді
таңдағанда өте абай болуы керек. Оның сапасы мен пішініне көңіл бөлген жөн.
Бір кигенде шап-шағын болып көрінгенімен, кейбір былғары етіктер аяқты
қажап жүргізбей қояды. Қандай киім сәнде болмасын, әркім өз дене бітіміне
қарай таңдап, жарастырып киіну қажет.
Басым бұйым - былғары сөмке. Сәнді киімге сәнді сөмке сәйкес болған
жөн. 2010 - 2011ж.ж - ғы сән үлгілерінде былғарыдан тігілген сөмкелер
басым. Әсіресе, классикалық үлгідегі портфель тәрізді сөмкелер және
салтанатты кештерде кішкене, түрлі тастармен әшекейленген түрлері сәнді.
Ал, түстері күзгі жапырақ секілді қызылғылт, сары болуы керек. Классикалық
үлгідегі сөмкелердің түсі қара, қоңыр және тұтқасы қысқа келеді. Сондай-
ақ, түйеқұстың, қолтырауынның, жыланның терілерінен жасалған сөмкелерді кез
келген киіммен, кез келген жылдың мезгілінде ұстауға болады.
Модадағы тенденцияны, яғни белгілі бір сән үлгілеріне деген
қызығушылық пайда болып, өсіп, содан кейін төмендейтін вектор немесе бағыт
ретінде қарастыруға болады. Әр маусымда дизайнерлер ұсынатын және сән
журналдарды, теледидар мен интернет жарнамалайтын жаңа бейнелердің
көптігіне қарамастан маңызды тенденцияларды айқындауға болады. Осы
тенденциялардың бірі - модада демократизацияның жалғасуы, яғни барлығына
бірдей мода бейнелерінен босануы, әртүрлі бағыттағы киімдер арасында
шекараны бұзуы, жақсы талғам заңдарын сақтауды қажет еместігі және
әртүрлі киімдердің, түстердің және материалдардың бір - бірімен
үйлесімділігтерін бұзуы. Тағы бір тенденция - заттық ортаның
индивидуализациясы, әр адамның өз- өзін көрсетуіне жағдайлар жасау.
Көптеген сән үйлері, сән журналдарының зерттеулеріне қарағанда
қазіргі уақытта негізгі 10 супер мода тенденциялары байқалуда. Олар:
1. Кокон. Сипаттмасы: Қоршаған ортадан қорғалу, бөліну. Түстері
сабырлы трикотаждан тігілген көпқабатты, көлемді, ыңғайлы киімдер,
аморфты формалар.
2. Химера - Style. Сипаттамасы: Толық айтылмағандық пен құпия, готика
мен мистика. Виртуалды шыңдықтан пайда болған жаңа парадоксалды
бейнелер мен пішімдер.
3. Жаңа бейне. Сипаттамасы: Ұлтшылдықтың, антиглобалдықтың өрістеуі,
жаңа типті лидерді қажетсіну. Бейненің қайталанбастығын халықтық
костюмнің бөлшектері көрсетеді. Ерлер модасында офистік униформаның
спорттық стильмен үйлестіруі.
4. Ежелгі кодтар. Сипаттамасы: Дінге, ежелгі мәдениеттерге үндеу,
дәстүрлі діндерден бас тарту. Киімде кестелеу, шілтрлі өңдеу,
трикотаж, қолмен тоқу кең қолданылады. Магиялық түсті палитра.
5. Табиғилық. Сипаттамасы: Денсаулық – бұл ең бастысы. Табиғи
талшықтар, түстер өзекті, материалдары жұмсақ болып келеді. Су
тақырыбы- аса маңызды.
6. Ретро. Қазіргі уақытпен салыстырғанда жарқын болып көрінетін, өткен
уақытты аңсау. Ретро - бейнелерді, формаларды, суреттр мотивтерін
қазіргі стильге келістіру.
7. Романтизм. Сипаттамасы: Қатыгез ақиқатқа қарсы тұру үшін ыңғайлы
дүниені іздеу. Пастельді және карамельді түстердің палитрасы,
романтикалық стиль. Инфантильділік. Жастағы әйелдерге арналған
ханшайым бейнесі.
8. Қаттылық. Минималдылық. Футуризм мен милитари.
9. Антистильділік. Сәйкессіздіктің виртуозды имитациясы.
Үйлесімсіздікті үйлестіру. Жаңа пропорциялар. Киімдерде логотиптер,
әріптер, сөздер.
10. Ер- әйел. Әйелдердің эмансипациясы және ерлердің феминизациясы.
Бүгінгі таңда әйелдер сәні 3 негізгі тенденциясынан байқалады:
гламурлы- инфантильді, сәнді іскерлік және гренжево- альтернативті.
Гламурлы - инфантильді (леди бэби) - қазіргі моданың бастысы -
барлық жастағы әйелдердің өз қыздарынан жас болып көрінуге ұмтылуы.
Сәнді іскерлік (леди босс) - нәзіктік, сәнділік және қымбат маталар.
Идеалды пропорциялар, мінсіз пішім, еркін қонымдылығы көрсетілген.
Гранжево - альтернативті (леди бомж) - сопақ формалар, кокон
эффектісі, әр стильдегі киімдердің және құрылымының комбинациясы.
Осы курстық жұмыста қарастырылатын әйелдерге арналған кештік көйлек
қазіргі кездегі әйелдер модасындағы Леди Босс тенденциясына бағытталған .
Себебі, кештік көйлек нәзіктілік пен сәнділікті бейнелейтін және қымбат
матадан орындалған бұйым.
1.2 Стиль мінездемесі
Стиль (ағылш. style) cөзінің астарында көркем идеялық мағынаға
негізделген шығармашылық тәсілдер, айқындалған көркемдеу құралдары, тарихи
негізделген жалпы белгілері, тұрақты бейне жүйелері деген мағына жатыр. Осы
ортақ белгілер сәулет өнерінде, әдебиетте, сурет, кескіндеме өнерінде,
көрініс табады. Стиль белгілі мазмұны бар объектілердің формалы -
эстетикалық белгілерін көрсетеді.
Стиль жүйесінің тұрақтылығы:
- Формалы;
- Көркем- бейнелі;
- Әлеуметтік- психологиялық сипаттары бар.
Формалы - талапқа сәйкес силуэтті сызықтар, конструктивтік және
композициялық құрылым, орындау техникасы, декорациялық және түстік өрнектеу
шешімі жатады.
Көркем - бейнелі сипатта - адам пропорциясы, этникалық менталитетке
негізделген сұлулық типі мен идеалы жөніндегі түсінік.
Әлеуметтік - психологиялық аспект адамның мінез- құлқының, жас
ерекшелігінің киім үйлесімділігіне сай келуін қарастырады. Стиль заманға
сәйкес сұлулық идеалының көрінісі.
Қазіргі заманғы сәндегі стиль ерікті түрде туды. Ол саяси оқиғалармен,
әлеуметтік мәселелермен байланысты туған стильдер. Жаңа материалдардың және
оларды өңдеудің түрлері жана стильдердің пайда болуына әсерін тигізеді.
XX ғасырда сән мен киімге әсер еткен ағым - эклектизм болды.
Эклектиканың басты белгісі - стильдер қосындысы, мысалы, романтикалық пен
спорттық стильдің үйлесімді байланысы.
Стиль - ойлау жолдары мен эмоциялық ерекшеліктердің нақты іске асуы,
құрылымдық байланыс типі мен формаға келтірудің негізгі принциптерімен
анықталады және бүкіл мәдениетке ортақ, белгілі тарихи кезеңдегі пәндік
ортаның біртұтастығының негізі болып табылады.
XX ғасырда киім үлгісінде классикалық, романтикалық, спорттық және
фольклорлық стильдер қалыптасты. Жаңа стильдің пайда болуы мен қарқынды
дамуы ескі стильдің сапалығымен байланысты.
Классикалық стиль сырбаз - кербізділігімен, композициялық
сызықтарының қарапайымдылығымен, ықшам пішімдерімен, қарапайым шешімімен
сипатталады. Бұл киім үлгісінде барлығы да қолданылуына сәйкес рационалды
түрде құрылады. Классикалық стильдің киім пропорциясы адамның дене
бітімінің табиғи пропорциясына сәйкес келеді. Киім пішінінің негізгі
сызықтары дене бітімінің табиғи бөлінетін жерінен өтеді, яғни жең не қолтық
ойындысы қолдың иықпен бірге бөлінген жерінен өтеді, мойын ойындысы сызығы
- мойынның денемен қосылған жерінен өтеді, мықын сызығы мықынмен сәйкес
келеді. Бұл стильдегі киім матасының сапасымен және тігілу сапасымен
қызықтырады. Классикалық стиль қарапайым әрі ашық емес түсті тегіс
маталарды (креп, жұқа габардин, фланель, мақта, зығыр мата) қажет етеді.
Классикалық стильде ешқандай артық нәрсе, функционалды емес бөлшектер
болмайды.
Классикалық стиль модадан тыс нәрсе сияқты: әшекейлер өте шектеулі
мөлшерде қолданылады, модаға табынушылар талғаммен киініп, әрі әрқашан
сыпайы да қарапайым киініп өз бағытынан таймайды.
Классикалық стильдегі киім ұстамдылықты сипаттайды және іскер,
салтанатты жағдайда киім үлгісі ретінде пайдаланылады.
Іскерлі стильдің сипаттамасы:
- ыңғайлы, қозғалысты шектемейді;
- матасы жоғары сапалы, ұсақ суретімен немесе сызықтармен;
- түстері ұстамды, байсалды;
- акссесуарлар, әшекейлер мен макияж ұстамды.
Спорттық стиль кәсіпқой және әуесқой спорт киімі негізінде, туристер
экипировкасы, арнаулы киім, бір үлгідегі киім негізінде жинақталады. Бұл
стиль еркін де кең көлемді, дене бітімнің қалыбын қынамалы пішінмен
сипаттайды. Жең пішімі әр түрлі: қондырма, реглан, кимано.
Спорттық стильдің әр түріне жататындар: сафари , джинсы немесе деним
стилі, теңізші, әскери т.б.
Панк, рокер, металлист т.б. сән экстремистерінің костюмі - осы
спорттық стильдің туындылары.
Спорттық стильдің сипаттамасы:
- қымбат емес маталар, әмбебаптық;
- қолайлы, ашық түстер;
- әр түрлі қалталар, сыдырмалар, ілгекті түймелер, жабысқыштар ;
- плакат графикасының элементтері, шрифті компазиция.

стилі, теңізші, әскери т.б. Спорттық стилдің симбиозы және гламур стилі
спорт- шик деген атауды тудырды, мысалы, қамқа матадан істелген спорттық
куртка бұлғын үлбірімен толықтырылған.
Фольклорлық стиль XX ғасырдың басында дәстүрлі ұлттық киімге
қызығушылық болған кезде пайда болды. Бұл стиль қазіргі киім әлеміндегі әр
түрлі халықтардың киімі рухында жасалған және әр халықтың негізгі
белгілерінің өзара араласыуыннан пайда болған: қарапайымдылық пен
рационалдық пішім, ыңғайлылығы әрі пішімнің функционалдығы, декорациялы
әшекейлеу тәсілдері, көп қабаттылығы т.б. Бұл стильдің нұсқасы - этникалық
стиль - Шығыс Африка мен Латин Америка елдерінің ұлттық киімдерінің
элементтері алынған, деревня стилі немесе кантри лук стилі - Еуропа
елдерінің ұлттық киімінің элементтері негізінде пайда болған.
Фольклорлық стиль сипаттамасы:
- қайта жаңғырту құбылысы;
- қарапайымдылық пен рационалдық
- декорациялық тәсілдер;
- ұлттық киім нақыштағы үлгілер.
Романтикалық стильдегі киім тарихи костюмге жақын, өткен жүзжылдықтың
барлық арсеналын өзіне қабылдаған стиль болып табылады. Оларға алдыңғы жағы
бүрмелеу, желбіршек, қос етек, желбіреуіш, шілтер, күлте т.б. жатады.
Романтикалық стиль күрделі конструкцияны, мата фактурасын, таңдаулы
түстерді болжайды. Осы декорациялық элементтер арқасында романтикалық стиль
әйелге нәзіктілік сипат береді. Конструктивтік сызықтары айқындалмайды,
бөлшектері декорациялы, бейнелі үндестікте берілген.
Романтикалық стильге әуелі көйлек пен жейделер, сосыне пальтолар, плащ
жатады. Сызық пішімінде дене бітімінің контурына, мықын және кеуде
сызықтарына кқөңілт аудару қажет. Романтика - бұл ең алдамен мықынды
айқындау. Бұл - нәзік мойын ойындысы бар, белден, жамбастан жиырылған
қатпарлы немесе бүрмелі, етегі кеңейтілген көйлектер.
Романтикалық стильде, дәстүр бойынша аслтанатты кешкі сәнді киім
үлгісі жатады. Романтикалық стиль кейде фантази стиль деп аталады.
Романтикалық стильдің негізгі тармағы – вамп - әйел, гламур, эротикалық
стиль.
Романтикалық стильдің сипаттамасы:
- бүкпелер, шілтерлер, банттар, желбіршектердің болуы;
- маталары жұмсақ және жеңіл;
- ұшқыр қиял елестер, ізденістер тобы;
- тарихи стиль, ұлттық костюмнің элементтерін қамтиды.
Осы курстық жұмыс негізінде тігілген кештік көйлек романтикалық
стильге жатады. Бұл көйлек күрделі конструкциялы болғанымен әдемі, мата
фактурасын, таңдаулы түсті сипаттайды. Күлтелеулердің қолданылуы бұйымның
ұшқыр қиял елестерімен ізденістерді тудырады.
1.3 Модель эскизі. Сыртқы түріне сипаттама
Әйелдерге арналған кештік көйлек. Ол романтикалық стильдегі, шифон
матасынан тігілген. Көйлектің түрпішіні – кіші көлемді. Бұл көйлекті
салтанатты кештерде және мерекелік күндерде киюге болады. Тік силуэтті тар
қонымды және қынамалы жеңсіз кезекей көйлек. Алдыңғы бойда V – тәрізді
жиырылған кеуде бөлігі орналасқан. Бұйымның екі бүйір және артқы
тігістеріндегі орналасқан күлтелеулер адам тұлғасын толығымен қынайды.
Омырау астыңдағы кеуде иініштеріндегі жасалған қатпарлар сымбатты дене
пішімінің кеуде бөлігі мен иықтың сұлулығын ерекшелейді. Артқы бөлшектің
ортаңғы сызығында, мойын ойындысынан 30 см - ге төмен орналасқан жасырынды
сыдырма бұйымның еркін киінуін туындайды. Сыдырма бойымен орналасқан
күлтелеулер мықын орамынның көркін ерекшелейді. Астарлық трикотаж матасы
тік силуэтті және үстіңгі мата силуэтін қайталайды, бірақ күлтелеусіз
безендірілген. Көйлекте орындалған барлық тігістер астар мата мен негізгі
мата арасында орналасқан. Бұйымның күңгірт көк түсі кештік көйлектің
романтикалық әсерін тудырады.
Бұйым ұзындығы шамамен 87 см. Өлшемі 168- 36. Осы бұйымның келесі
өлшемдері берілген: 168- 34, 168- 36, 168- 38, 168- 40, 168- 42.
Курстық жұмыста орындалған қайталанбас және таптырмас сән үлгісі
кештің сәнің ашады.
Сурет 1. Модель эскизі
1.4 Материалдарды таңдау (негізгі, астарлық, аралық және әрлеу
материалдар, фурнитура, желімдік материалдар)
Қазіргі уақыттағы қолданыстағы маталардың түрлері кең көлемді, әрі
сан алуан түрлі болып келеді. Сондықтан материалдарды дұрыс таңдап алу
үшін, олардың негізгі ұйымдастыру принципін, яғни фактура не түс
контрастылығы, жарықтық қатынасы, комбинациясын, қасиеті мен міндеттерін
саналы түрде білу қажет.
Мата ең алдымен негізгі міндеттерге жауапты болу керек:
• экологиялық жағымдылық;
• эстетикалық әдемілік;
• эргономиялық ыңғайлылық;
• утилитарлы - тәжірибелік сипатта болуы қажет.
Берілген міндеттерге сүйіне отырып, курстық жұмыс негізінде таңдалынып
алынған негізгі мата - шифон (франц chiffon - құрақ), жұқа жібек тәрізді
жеңіл мата. Негізі мен арқауында жібек көп пайдаланып, кездемелік
айқаспасымен тоқылған. Өзінің құрылысы мен өңделу жағынан берік және терісі
біркелкі мата. 1м2 матаның массасы 25 - 35, ені - 90 - 95 және 105 см.
Астар мата – трикотаж матасы. Құрысы жағынан жеңіл және созылмалы
мата. Трикотаж матасы эргономиялық ыңғайлығымен ерекшеленеді. Астар ретінде
қолданылуы матаның жоғарғы сапасын және экологиялық жағымдылық қасиетін
айқындайды. Трикотаж матасы жұмсақ болғандықтан, курстық жұмыста таңдалынып
алынған бұйымның формасын ұстауы үшін қолданылды. Астар мата ауа өткізгіш
және суға, химиялық әсерге төзімді.
Жасырынды сыдырма – көйлектің тар болып қалмауы үшін қолданады.
Бұйымның киініп шешуіне оңтайлы және түймелеудің орнына ыңғайлы болып
келеді. Өңдеу технологиясы қолайлы және көп уақытты қажет етпейді. Бұйымның
орындалу барысында Ideal жібі қолданылды. Жіптің беріктігі жоғары, сапасы
жақсы, ЫЖӨ тұрақты.
2. КОНСТРУКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Бастапқы мәліметтер
Бұйымды тігер алдында, ең алдымен сантиметлік таспамен адамның
тұлғасын өлшеу қажет. Бұл жұмыс кезінде адам екі аяғына салмағын тең
түсіріп, өкшелерін алшақ салып, қолын төмен түсіріп, денесін босаң, табиғи
қалпында ұстап, тыныш тұруы керек. Өлшемді міндетті түрде іш киім үстінен
түсіру керек. Есептеу үшін әуелі денедегі басты нүктелерді бел сызығын
белгілеп алу қажет. Ол үшін сантиметрлік таспаны пайдаланамыз. Өлшегенде
сантиметрлік таспаны кермей және босаңсытпай, ұштарын алдыңғы жақта
түйістіреді. Өлшеу кезінде бұйымның мойын түбіндегі иық тігісі нүктелерінің
орналасуы және қолдың денеге біріккен жеріне орналасқан иық нүктесін дұрыс
табу қажет, өйткені көптеген өлшемдер нақты осы нүктелерден басталады және
аяқталады. Олардың орны тұрақты болуы тиіс, әйтпесе өлшем бірліктерінің
үйлесім дәрежесі қате болып шығады. Burda журналындағы берілген
ережелерге сүйене отырып келесі өлшемдер алынады.
Кесте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz