Аумақтық орталықтардың функциялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1. Халықты әлеуметтік қорғау 5
1.1.Аумақтық орталықтың міндеттері мен функциялары 8
1.2 Әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдаудың тәртібі 9
1.3. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі деңгейлері, нысандары
принциптері 10
2. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру 15
2.1 Аумақтық орталықты басқару 16
2.2 Халыққа аумақтық медициналық көмек көрсету түрлерi 17
2.3 Дәрі-дәрмектік және протездік-ортопедиялық көмек 22
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Осы Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында әлеуметтік
қызмет көрсетудің Үлгілік Ережесі аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету
орталықтарының қызмет тәртібін, қарттар мен мүгедектерді қабылдаудың
шарттарын және оларға әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәртібін айқындайды.
Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы заңды тұлға болып табылады
және оны құрылтайшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес құрады.
Аумақтық орталық өзінің қызметін құрылтай құжаттарына сәйкес
медициналық қызметке берілетін лицензияның негізінде, ал әлеуметтік-
педагогикалық қызмет түрлерін көрсеткен жағдайда - білім беру қызметіне
берілетін лицензияның негізінде жүзеге асырады.
Аумақтық орталықтар өз қызметінде Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы
Үлгілік Ережені басшылыққа алады.
Аумақтық орталық жеке оңалту бағдарламасына немесе медициналық ұйымның
қорытындысына сәйкес бөгде адамдардың күтіміне және әлеуметтік қызмет
көрсетуге мұқтаж қарттар мен бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектердің,
оның ішінде мүгедек балалардың (бұдан әрі - қызмет көрсетілетін адамдар)
медициналық-әлеуметтік және оңалту қызмет түрлерін алу, бос уақыты мен
демалысын өткізу мақсатында күндізгі уақытта болуына арналған.
Мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді талап ететін процесі
белсенді стадиядағы туберкулездің, карантинді инфекциялардың, тері мен шаш
жұқпалы ауруларының, венереологиялық ауруларының, ЖҚТБ, соматикалық ауру
кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді қоспағанда, психикалық
аурулардың, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі
жоқ, сирек ұстамасы бар (айына 2-3 реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі
тырыспалы синдромдардың болуы аумақтық орталықта медициналық қызмет
көрсетуге қарсы айғақтамалар болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты : Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсетудің
практикалық және теориялық тұрғыдан талдау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Аумақтық орталықтың міндеттері мен функцияларына тоқталу.
Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолдарымен таныстыру
Аумақтық медициналық көмек көрсету түрлеріне тоқталу.
 

1. Халықты әлеуметтік қорғау

Қоғамда экономикамен, саясатпен және мәдениетпен қатар кепілдік пен
әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметі бар, оған бүгінгі күндері көп көңіл
бөлінбейді. Сонымен қатар, бұл әлеуметтік институт кепілдік беруде, көмек
көрсетуде және қорғауда адамдардың мұқтажын қанағаттандыру үшін
пайдаланылады.
Әлеуметтік кепілдік, жеңілдік және төлем жүйесі заң нормаларының
жинағын құрайды, олар:
ең төменгі еңбек төлемін және қосымша төлемді;
әлеуметтік төлемді (еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы,
стипендия, қартайған шағы және мүгедектігі бойынша зейнетақы, демалыс
төлемі);
жұмыс істейтін аналарға, жеткіншектерге,
мүгедектерге жеңілдіктерді, сондай-ақ, балаларға жәрдемақысы,
асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақыны, халықтың басқа
категориясына берілетін зейнетақыны;
- еңбекті қорғау және жағдад саласындағы кепілдікті;
- жұмысбастылық саласындағы кепілдік;
- денсаулық сақтау, білім беру мен мәдениеттің тегін және жалпы
қолданылатын қызметінің ең төменгі жиынтығын анықтайды. Әлеуметтік
көмек көрсету - әлеуметтік қорғау институты қызметінің негізін
құрайды.
Әлеуметтік қорғау институты:
- теңдік, жалпылық, қол жетерлік принциптері мен білім беру,
денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтандыру жалпы ұлттық жүйесін
қамтумен негізделген әлеуметтік кепілдікпен;
- халықтың әлеуметтік неғұрлым нашар, ең алдымен, екбекке
жарамсыз жігіне әлеуметтік көмекпен;
- әлеуметтік сақтандырумен: міндетті түрі-жұмыс берушінің
қызметкерлердің жарнасы есебінен елдегі барлық еңбекке жарамды халықты, өз
еркімен-жұмыс беруші мен қызметкер) өз ықыласы тәртібімен" халықтың еңбек
ететін бөлігін қамтамасыз етеді.
Кедейлікті қысқартуда әлеуметтік қорғау саясаты маңызды рөл атқарады.
Күнделікті қиыншылықтарды жеңуге кепілдік беретін жәрдемақылар беру,
қызмет көрсету шаралары іске асырылады. Бұл саясат кедейшілік шегінен төмен
тұратын халық топтарының қаржы ресурстарының уақытша көбеюіне жағдай
жасайды. Әлеуметтік қамсыздандырудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін
ресурстар тек қана мұқтаж адамдарға берілуі қажет. Әлеуметтік қорғау деп
қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты
тіршілік әрекетінің кепілдікті деңгейін қамтамасыз етуге арналған
басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы
жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-
экономика- дамуының ахуалына, жалпы іштегі өнімнің мөлшерлеріне,
қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске
асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады. Әлеуметтік
қорғаудың қаржылық тұлғалауы арнаулы ақша қорларын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты қайта өлгіштік қатынастарда көрініп, білінеді, бұл
қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар беріледі. Кедейленген
топты азайту-шоқтық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының
негізгі міндеті.Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші
факторларымен байланыстылығын атап өту керек.Ондай факторлар: отбасы
мүшелерінің саны, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың ара-қатынасы,
денсаулық айы, географиялық, табиғат жағдайлары және т.б .Мемлекеттің
ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты- осы айырмашылықтарды
азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз
жасау.
Ең төмен әлеуметтік төлемақылар мөлшерін есептеудің негізі орта
есеппен жан басына шаққандағы тұтыну бюджетінің мөлшері болып табылады. Бұл
үшін негізгі тамақ өнімдері, киім-кешек, дәрі-дәрмек от басына қажет
қызметтер жиынтығының ең төмен тұтыну қоржынының құны мен құрамы есептеп
шығарылады.
Мемлекеттің атаулы көмегін алушылар - балалар, балалары бар отбасылар
кедей халықтың ішінде өте көп. Сондықтан анамен баланы қолдау республикада
өзекті мәселеген айналған.
Бүгінгі күнде ана мен баланы әлеуметтік қорғауда төлемдердің үш түрі
қолданылады:
- жүктілік және босану бойынша төленетін жәрдемақы;
- көп балалы аналарға төленетін арнайы мемлекетгік жәрдемақылар;
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек.
Келешекте арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың көлемі ұлғаяды және екі
жәрдемақы енгізіледі: бір жасқа дейін балаға қарауға арналған жәрдемақы;
18 жасқа дейін балаларға берілетін жәрдемақы (отбасының жиынтық
табысын ескере отырып тағайындалады),
Бала мен ананы қорғау жүйесі жақсы жолға қойылғанымен әйелдерге
толыққанды жұмыс істеуге, еңбек процесіне қатысуға, өзіне және балаларына
қалыпты тіршілік қамтамасыз етуге жағдай әлі де жасалмай келеді.
Мұндай шешілмеген мәселелерге әйелдің жүкті болған кезінде бала күтуге
арналған демалысын ұйымдастыруда, жүмыс берушінің жұмыс орнын сақтап қалуда
жауапкершілігін арттыруда көптеген шешілмеген мәселелер бар.
Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау туралы заңдардың сақталуын бақылау
халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық
бөлімшелеріне жүктеледі. Оларға ұйымдарда мүге-дектерді әлеуметтік қорғау
туралы заңдардың сақталуын тексеру: бұзу-шылықтар туралы актілер жасау,
анықталған бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарымдар беру, заңдарда
белгіленген негіздер бойынша айып пұлдар салу құқығы беріледі. Заңдарды
бұзғаны үшін кінәлі басшыларға және заңды тұлғаларға (тиісінше 200 және 400
айлық есептік көрсеткіш) әкімшілік шаралар қолдану көзделген.
Жаңа заң жобасының негізінде мүгедектерді корғаудың әлдеқайда тиімді
жүйесін құруға 2006 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттен 72,5 млрд.теңге
бөлу көзделді.
"Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау ту-ралы"
Заңды қабылдау қазіргі нормативтік құқықтық базаға: "Қазақстан
Республикасындағы мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы
бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақылар туралы", "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік
жәрдемақы туралы", "Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамту
туралы", "Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы" Қазақстан
Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер
мен толықтырулар енгізілді.

1.1.Аумақтық орталықтың міндеттері мен функциялары

Аумақтық орталықтың негізгі міндеттері қызмет көрсетілетін адамдарға
үйдікіне жақындатылған қолайлы тұрмыс жағдайларын жасау, әлеуметтік қызмет
көрсетудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету және
оңалту шараларын жүргізу болып табылады.
Аумақтық орталықтардың функциялары:
1) қызмет көрсетілетін адамдардың дербес құқықтылығын және
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) әлеуметтік қызметтер көрсету;
3) медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалту жөніндегі іс-шаралар
жүргізу;
4) балалардың оқыту бағдарламаларын игеруіне жағдайлар жасау
(әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсету кезінде);
5) қолайлы моральдік-психологиялық климат жасау;
6) қызмет көрсетілетін адамдарды олардың құқықтары, әлеуметтік қызмет
көрсетудің көлемі мен түрлері, Ішкі тәртіп ережесі туралы хабардар ету;
7) қызметкерлер еңбегінің ұйымдастырылуын жетілдіру және олардың
біліктілігін арттыру;
8) әлеуметтік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру;
9) аумақтық орталықтың қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;
10) аумақтық органның Жарғысына сәйкес өзге де функциялар.

1.2 Әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдаудың тәртібі

 
Бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қызмет көрсетілген кезде аумақтық
орталықтарға жіберуді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті
уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және соларға
теңестірілген адамдарға (бұдан әрі - ҰОС мүгедектері, қатысушылары және
соларға теңестірілген адамдар) бірінші кезектегі тәртіппен қызмет
көрсетіледі.
Құрылтайшы бюджеттік емес қаражат есебінен қызмет көрсетілетін
адамдардың қосымша құрамын дербес айқындауы мүмкін.
Әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау мынадай құжаттардың:
1) өтініш
2. уәкілетті органның жолдамасы (бюджет қаражаты есебінен қызмет
көрсету кезінде);
3) жеке басының куәлігі;
4) тұратын жерінен анықтамасы;
5) денсаулық жай-күйі туралы медициналық карта;
6) амбулаторлық картадан үзінді көшірме;
7) зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағы адамдар үшін);
8) ҰОС мүгедегі, қатысушысы және соларға теңестірілген адамдардың
мәртебесін растайтын куәлік (ҰОС мүгедектері, қатысушылары және оларға
теңестірілген адамдар үшін);
мүгедектер үшін қосымша:
9) мүгедектігі туралы анықтаманың үзінді көшірмесі;
10) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме негізінде
жүзеге асырылады.
13. Әлеуметтік қызмет көрсету есебінен шығару:
1) қызмет көрсетілетін адамның жеке өтініші бойынша;
2) басқа жерге қоныс аударған кезде;
3) әлеуметтік қызмет көрсетуге қарсы айғақтамалар болған кезде;
4) қызмет көрсетілетін адам Ішкі тәртіп ережесін тұрақты (үш реттен
артық) бұзған, оның ішінде нашақорлық заттарды пайдаланған, спиртті
ішімдіктер ішкен, тауар-материалдық құндылықтарды және өзге де мүлікті
бүлдірген, заңға қайшы әрекеттер жасаған кезде;
5) қызмет көрсетілетін адам қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.
14. Әлеуметтік қызмет көрсету есебінен шығару кезінде аумақтық
органның әкімшілігі аумақтық орталықтың есептен шығару эпикризін
рәсімдейді.

1.3. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі деңгейлері, нысандары
принциптері

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мына деңгейлері бөлу қабылданған:
● мемлекеттің және муниципалды басқару органдарының тарапынан;
● жұмыс берушілердің, фирмалар әкімшіліктерінің, кәсіпорындардың
тарапынан;
● кәсіподақтар, әр түрлі үкіметтік емес ұйымдар мен еңбек ұжымдарының
тарапынан;
● отбасылық қорғау және өзін-өзі қорғау.

Объект бойынша әлеуметтік қорғаудың мынадай нысандарын бөлуге болады:
● балалар;
● аз қамсыздандырылған (табысы аз) отбасылар мен азаматтар;
● әйелдер мен көп балалы аналар,
● жұмыссыздар;
● зейнеткерлік жастағы адамдар;
● науқастар мен мүгедектер;
● денсаулық сақтау және білім сияқты әлеуметтік салаларға қолдау
көрсету.
Аталған деңгейлер мен нысандар өзара байланысты және өзара сабақтас.
Дүниеге келген сәбилер алғашқы кезде біржола отбасының әлеуметтік
қорғауында болады (егер бала тууға байланысты бір жолғы жәрдемақыны
есептемесе). Қазіргі кезде көптеген отбасылар өз балаларына тіршілік
әрекетінің толыққанды жағдайларын, әсіресе балалардың саны көп болғанда,
қамтамасыз ете алмайды. Осыдан балалар мен көп балалы аналарды мемлекет пен
муниципалды басқару органдарының тарапынан әлеуметтік қорғау қажеттілігі
туындайды.
Былайғы тең жағдайларда әркелкі отбасының (жеке адамның) тіршілік
етуге неғұрлым қаражаттары көп болса, соғұрлым ол әлеуметтік қорғауға аз
мұқтаж болады. Сондықтан тұрақты, біршама жоғары ағымдағы табыстар, сондай-
ақ қор жинаулар (меншік, құнды қағаздар, банктегі жинақ ақшалар түріндегі
және өзге де құндылықтар) халықтың өзін-өзі қорғаудағы ең тиімді құралдар
болып табылады.
Дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, әлеуметтік сақтандыру,
әлеуметтік қорғау мен қамқоршылық өзара іс-қимыл жасаған кезде әлеуметтік
қорғау жүйесінің өз міндеттерін нәтижелі орындауға жалпы қабілетті
екендігін көрсетеді. Әлеуметтік сақтандыру қағидаты жарналардың және
жарналар мен көсетілетін қызметтердің арасындағы өзара тығыз байланыстың
есебінен көрсетілетін әлеуметтік көмекті алдын ала қаржыландыруға
бағдарланады.
Көмек көрсету кезінде жеке жарналар да, сондай-ақ жарым-жартылай
ортақ қайта бөлу жүйесі де роль атқарады. Қамқоршылық жасау кезінде
стандарттық көмек алушының бұрын жасаған жарналарына, көлденең табыстарына
немесе мүліктік жағдайына тәуелсіз көрсетіле береді. Мұндай көмек жалақыдан
немесе отбасылық табыстан айрылған жағдайда, өзге салық төлеушілердің
қаражаттарының есебінен білдіреді.
Бірде-бір тіпті сақтандырудың ең жетілген жүйесі де, әлеуметтік
қауіптің барлық жағдайларын алдын ала ескере алмайды, солардың салдарынан
адам (немесе отбасы) қиын жағдайда ұшырауы мүмкін. Сондықтан әлеуметтік
қорғаудың құрамдас бөлігі ретіндегі әлеуметтік көмек адамдардың жеке
мұқтаждықтарына бағдарланады және ол мүмкін жағдайдан өз қаражаттарымен
шығуға шамалары келмейтіндерге көрсетіледі. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру
көзі бюджет болып табылатындықтан, оны масштабтары (көлемдері) әр
мемлекеттің қаржы жағдайына қарай белгіленеді.
Әлеуметтік қорғаудың ең ортақ (жалпы) қағидаларына жататындар:
● халықтың барлық жіктерінің тіршілік әрекетінің қолайлы жағдайларын
қамтамасыз етуге қоғам мен мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі;
● қажетті жағдайларда медициналық, әлеуметтік және кәсіптік оңалтуды
жүзеге асыру;
● жұмыс істейтін халықты әлеуметтік және кәсіптік қауіптерден
қорғаудың жалпыға бірдей және міндетті сипаты;
● халықтың неғұрлым көп бөлігіне әлеуметтік қорғау жүйесін қолдану
саласын ұлғайту үрдісі.
Ақшалай жәрдемақылар беру үшін себеп- қартаюдың, еңбек қабілетінен
тұрақты айырылудың, қысқа уақыт науқастанудың немесе өндірістік жарақаттың,
сондай-ақ асыраушысынан айырылудың, бала табудың, жұмыссыздықтың
нәтижесінде табыстың азаюы. Әлеуметтік қорғаудың заттай нысандарына
госпитальға жатқызу, медициналық қызметкөрсету, сауықтыру күтімі, тамақ
өнімдерімен, отынмен көмек көрсету жатады.
Әлеуметтік жәрдемақылардың үлкен бөлігі әлеуметтік сақтандыру
жолымен беріледі, ол зейнетақылар мен еңбекке жарамсыздық, науқастық және
жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақылар төлеміне қатысты. Жәрдемақының мөлшері
көбіне бұрынғы табыспен (кіріспен) байланысты. Егер жеке адамның әлеуметтік
сақтандыру қызметтерін пайдалануға құқықтары болмаса, ал оның нақты табысы
(әлеуметтік тексеру жолымен белгіленген) елдегі кепілденген ең аз табыстан
аз болса, онда аз қамсыздандырылу (табысы аз) бойынша жәрдемақылар төлемі
нысанындағы әлеуметтік көмек бағдарламасы күшіне енеді. Бұған үйленуге,
бала тууға, қазаға (өлімге) байланысты арнайы шығындарды өтеуге арналған
әлеуметтік жәрдемақыларды жатқызу қажет.
Көптеген елдерде әлеуметтік сақтандыру ен аз қамсыздандырулу бойынша
жәрдемақылардан басқа үй шаруашылықтарының табысына қатыссыз барлық балалы
отбасыларға балалар үшін жәрдемақы төленеді (кейде осы жәрдемақылардың
орнына ата-аналарға салық төлеу мерзімін ұзару құқы беріледі). Балаларға
арналған жәрдемақылар-демографиялық саясаттың бір бөлігі, сондықтан, қағида
ретінде, олар бала туу көрсеткіштерін ынталандыру мақсатын көздейді. Сондай-
ақ әлеуметтік қорғау жүйесінің элементтері ең аз жалақы мәселелері
жөніндегі заңнама болып табылады.
Индустриялы елдердегі әлеуметтік қорғаудың ұлттық жүйелерінің
құқықтық базасы адам құқығы саласындағы жалпыға танылған халықаралық
нормалар мен стандарттарға ( Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы,
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пакт,
Әйелдерге байланысты кемсітушіліктің барлық түрерін (нысандарын) жою туралы
Конвенция, Балалар құқықтары туралы Конвенция, Мүгедектер үшін тең
мүмкіндіктер қамтамасыз етудің стандартты ережелері және т.б.) сүйенеді.
Шетелдік теория мен практика әлеуметтік игіліктер беруді
оңтайландырудың мынадай негізгі бағыттарын жасады:
● бір-бірін қайталайтын көптеген жәрдемақылардың орнына атаулы
бағыттағы бірыңғай жәрдемақылар енгізу;
● материалдық жағдайларын мұқият тексерумен ұштастыру арқылы қатты
мұқтаждар санаттарының реттемесін қатайту;
● әлеуметтік қорғау жүйесінің жалпыға бірдейлік қағидатынан сайланбалы
қағидатына көшу (ауысу);
● бұрын барлығына мемлекеттік бюджеттің есебінен көрсетіліп келген
қызметтер үшін халықтың ұлғайып келе жатқан ортақ төлемдері кезінде
әлеуметтік жетекші салалардағы (денсаулық сақтау, білім) қоғамдық секторды
сақтау;
● әлеуметтік бағдарламаларды қамтамасыз ет бойынша негізгі қаржы
ауыртпалығын мемлекеттік бюджеттен (орталықтан) жергілікті бюджеттерге
(аумақтар және жергілікті өзін-өзі (өзіндік) басқару органдары) көшіру;
● әлеуметтік салалардағы шаруашылық жүргізу мен коммерциялық емес
ұйымдардың жеке рыноктық нысандарын (түрлерін) дамыту;
● әлеуметтік секторды бағдарламалар бойынша қаржыландыруға ауысу,
әлеуметтік нормативтерді және қаржы-қаражаттардың жұмсалуына мемлекеттік
бақылауды пайдалану, әлеуметтік тапсырыстарды ендіру жолымен бюджеттік
қаражаттарды дербестендіру арқылы қаржыландыру, бәсекені және әлеуметтік
қызмет көрсетулерді тұтынушылық таңдау мүмкіндіктерін ұлғайту;
● әсіресе еңбекті ынталандыратын кәсіпорындарда әлеуметтік қызмет
көрсетулердің бір бөлігін сақтау (әлеуметтік шығындар төмен елдерде,
мәселен, Жапонияда, мұнда фирмалар маңызды әлеуметтік роль атқарады.

 

2. Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру

 
Қызмет көрсетілетін адамдардың орталықта болу жағдайлары санитарлық-
эпидемиологиялық нормаларға, қауіпсіздік талаптарына, оның ішінде өртке
қарсы талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Аумақтық орталықтың ғимараты оған кедергісіз баруды, онда болудың,
ғимараттың ішінде жүріп-тұрудың қолайлылығын, оңалту және ойын-сауық іс-
шараларын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында арнаулы құралдармен
жабдықталады.
Аумақтық орталық ғимаратының ішкі үй-жайлары көлемі, орналасуы және
конфигурациясы жағынан сапалы әлеуметтік қызметтер көрсетуге қажетті
жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс.
Құрылтайшы аумақтық орталықтың қазіргі заманғы техникалық
жарақтандырылуын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қызметтер әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік
стандарттарында көзделгеннен кем емес көлемде және түрлерде көрсетіледі.
Әлеуметтік қызмет түрлерінің тізбесін аумақтық органның директоры
айқындайды және құрылтайшы немесе уәкілетті орган бекітеді.
Әлеуметтік қызметтер көрсету кезінде қызмет көрсетілетін адамның жасы
мен денсаулық жай-күйі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының мазмұны,
жеке басының ерекшеліктері ескеріледі.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтер көрсеткен жағдайларда, балаларды
оқыту жалпы орта білім берудегі мемлекеттік жалпыбілім беретін, жалпыға
бірдей міндетті стандарттар ескеріле отырып жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаланың экономикалық құрылымы
Бюджет және бюджетті жоспарлау
Әлеуметтік қызмет көрсету - әлеуметтік жұмыстың ажырамас бөлігі
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері. Мемлекеттің пайда болуы
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі
Қазақстан Республикасындағы жастарға арналған қызмет көрсету жүйесі
Мүдектерге әлеуметтік қызмет көрсету
Балалардың әлеуметтік кызметтері
КІШІ ҚАЛАЛАРДЫҢ ИНДУСТРИЯ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Экономиканы реттеудің макроэкономикалық және ресурстік мәселелері
Пәндер