Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары
Ж О С П А Р
І. Кiрiспе
ІІ. Негiзгi бөлiм
1. Оқушылардың білім нәтижесін бақылау түрлері
2. Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары
3. Рейтингтік бағалау жүйесі – іс-тәжірибеде
4. Тест - оқушылардың білімін бақылаудың
кең тараған формасы.
5. Оқушылардың ағылшын тілінен тілдік материалдарды
меңгергендігін бағалау жолдары және оған қойылатын
талаптар.
ІІІ. Тәжірибелік бөлім
3.1. Ағылшын тілі сабағындағы бағалау нормасы.
ІҮ. Қорытынды
Ү.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
❖ Қазіргі кезеңде бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында бастауыш сынып
оқушыларының білімін бақылап, бағалауда дәстүрлі бағалау жүйесі ғана
жалаң қолданысқа ие болып отыр. Ал әлемдік білім беру кеңістігіне ену
кезеңінде тұрған мемлекетіміз үшін, білім беру саласының алдын үлкен
жауапкершілік мен бағалау жүйесін толығымен жаңалату мәселесі өзекті
мәселелердің бірі болып отыр.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
❖ Оқушылардың білім нәтижесін бақылау түрлерін анықтау;
❖ Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формаларын оқу процесінде кеңінен
қолдану;
❖ Рейтингтік бағалау жүйесін іс-тәжірибеге енгізу;
Зерттеу жұмысының міндеттері:
❖ Оқушының білім нәтижесін бағалауда, олардың кемшілігін жеке-дара
қарастырып, сеніммен сөйлесуді үрдіске айналдыру;
❖ Оқушы еңбегінің көрсеткішін анықтауда олардың өз күшіне сеніммен
қарауына байланысты тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау;
❖ Оқушылардың білім сапасын бағалаудың жаңаша формаларын қолданысқа
енгізу, оның тиімділігін анықтау;
Зерттеу жұмысының ғылымилығы:
❖ Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан
❖ Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді
❖ дамыту тұжырымдамасы.
❖ Қазақстан Республикасының 12 жылдық оқыту мерзіміндегі жалпы
❖ білім беру тұжырымдамасы
Зерттеу жұмысының нысаны:
❖ бастауыш буын
Зерттеу жұмысының пәні:
❖ Шет тілі сабағында оқушылардың білім нәтижесін бақылау, бағалау
түрлері
Зерттеу жұмысынан күтілетін нәтиже:
❖ Белсенділік пен дербестік
❖ Теория мен практиканы байланыстыру
❖ Өз беттерінше әрекет жасайды
❖ Дәйектілік пен дәлділік
❖ Нақты ақпаратты жүйелейді
❖ Шығармашылық қабілеттерін шыңдап, өмірмен байланысын күшейтеді
❖ Үйреншікті ақпаратқа жаңа көзқараспен қарап, әр түрлі шешімдерді
қабылдайды
Алты жастағы балаларды жүйелі түрде оқуға тарту бүгінгі күннің
талабы. Шет ел мектептерінде мұндай тәжірибе көптен бері жүргізіліп келеді.
Біздің республикада бастауыш білімнің мазмұнын және құрылымын жетілдіруде
ғылыми эксперименттер жүргізілуде. Эксперименттің ойдағыдай жүруі ғылыми
ерекшелігінде емес, қоғамның бұл іске бейімделуінде екенін көрсету. Алты
жастағы балаларды оқытуды сенімсіздікпен қарап отырғандар да бар, бірақ,
алты жастағыларды мектеп өміріне тарту – ол уақыт талабы.
Қазіргі кезеңде бастауыш сынып мұғалімдерінің алдында алты жастағы
тәрбиелеу мен оқыту жауапкершілігі ғана қойылып отырған жоқ, жеке тұлғасы
қандай болатынына дұрыс бағыт бере отырып, қандай да болмасын олардың
бастамаларын мадақтап, әрбір баламен жеке жұмыс істеуді талап етеді.
Алты мен жеті жас аралығында баланың көңілі көтеріңкі, еліктегіш,
қоршаған дүниені тануға, үлкендер мен құрдастарының әрекетіне
сезімталдықпен қарайды.
Мектепке бару – баланың өміріндегі ең маңызды кезең. Аланың қоғамдағы
орны өзгереді мектепке дейінгі ойын баласының және қоғамдағы аздаған
міндеттеріне ол жаңа өмірге қадам басады. Жаңа өмірге қадам басу, ол
қоғамдағы орнын анықтап, сонымен қатар психологиялық жағынан баланың
өміріне өзгерістер енеді.
Алғашқы күндері балалар жаңа өмірге қадам басқанына қуанады. Оқығысы
келеді және оқушы ретінде, білімін бағалауды күтеді. Бірақ оларды
асықтырмау керек. Індетті түрде баланың бағаны асыға күтуін тежеу қажет.
Бала өзін басқа балалар арасында ерекшеленіп көрінуді қалайды. Ол
бұрын мұны ойын арқылы көрсе, енді ол оқу барысында байқатады. Бірінші
сынып мұғалімінің басты міндеті әрбір баланы оқуға және өзін - өзі оқытуға
үйрету. Бала білімін бағасыз бақылау қажет.
Баға бала үшін – құрдастары арасында оның орнын, беделін көрсететін
немесе нашарлардың қатарына жатқызатын белгі. Бала психологиясында
мұғалімнің бағасы – оның жеке тұлғасының танымдық қызметінің жетістіктеріне
(жетіспеушілігіне) қойылған баға болып көрінеді. Әрине, бұған үлкендердің
де ықпалы әсер етеді. Ата – аналарының, таныстарының (кейде таныс емес
адамдардың) әрине баладан бірінші сұрайтыны мектепте қалай оқып жүргендігі.
Олар мұғалімнің ең жоғары қойылған бағасына ғана қанағаттанатындығын
білдіреді. Басқа бағаға көңілі толмайтындығын, содан барып баланың
психологиялық жан дүниесін күйрейді.
Бағалауға байланысты, барлық психологиялық жүктемені көтеруге, алты
жасар оқушының саналы төзімділігі әлі жетілмеген. Сондықтан алты жасар
балалар оқитын сыныпта олардың білімін ынталандыру тәсілі ретінде баға
қоймайды. Кіші жастағы оқушылардың жетістіктеріне немқұрайлы қойған белгі
қажет емес, мұғалім оларға қалай білімге ұмтылуға, не істеу керектігін
шыдамдылықпен, ілтипаттылықпен түсіндіруі маңыздырақ. Сондықтан алты
жастағы балалардың білімін бағалау жүйесінен бас тарту қажет, өйткені бала
мұғалімнің қойған бағасын дұрыс түсінбейді.
Мұғалімнің қойған бағасын түсіну үшін оқушының өзіндік бағалау
деңгейі жоғары болуы керек, бұл бірден тез бола қоймайды. Мұғалім мен оқушы
арасындағы баға арқылы жүрген диалогы – екі саңыраудың сөйлеген сөзіне
ұқсайды - деп көрсетті Д.Б.Эльконин. [15;21]
Оқушыны бағасыз қалай оқыту керек? Алдымен баға және бағалау
сөздерінің лексикалық мағынасын ашып алайық. Бағалау – оқушының оқу
еңбегінің қорытындысын бір этолонға сәйкестеп, білім сапасын әрі қарай
жетілдіру жолдарын анықтайтын процесс. Баға – бағалау процесі
қорытындысының формалды көрсеткіші.
Баға – баланың толық дамуын көрсете алмайды және де даму принциптері
негізінде құралатын сабақ барысында да кіре алмайды. Сабақта баға
қойылмайды бірақ ол мектеп бағдарламасын меңгеру қорытындысының көрсеткіш
құралы ретінде қызмет атқарады.
Тапсырманы орындауда баға қойылмауы, оқушының жақсы баға алуға
ұмтылысы немесе жаман бағадан аулақ болуына мүмкіндік туғызады. Бұл
сабақтағы эмоционалдық жағдайда жақсартады.
Алты жастағы баланың ең басты ерекшелігі – адамдарға, оқиғаларға,
деректерге, қоршаған өмірге деген қызығушылығы. Олар оқуға талпынады,
күйзеліс, жаңашырлық білдіре алады. Ең басты этикалық тәртіп ережелерін
оқу, ойын, тұрмыс әрекеттерінде орындайды. Олар әртүрлі іс - әрекеттергі
қызығушылықпен қатысып, оларға үлкендердің нақты және қысқа нұсқаулары
қажет. Мұғалім әрбіреуінің жетістіген айтып, міндетті түрде сынып алдында
баға беруі тиіс. Оқудағы жауапкерсіздігі, тәртіп бұзушылығы міндетті түрде
жұрт алдында қаралғаны қажет емес. Психологтардың пікірінше, сынып
алдында жариялаудан көрі, оқушының кемшіліктерін жекелей қарап, сеніммен
сөйлесу үлкен әсер етеді. Мұғалім балаға сенім білдіріп олардың өз күшіне
сенуіне демеу беруі психологиялық тұрғыдан дұрыс. Бала өз жұмысының сапасын
және қорытындысын бағалап, оны салыстырып, өздігінен қатесін түзеуі қиынға
соғады. Мұғалімнің шыдамдылықпен және сенімділікпен сөйлесуі, баланың дұрыс
бағалауымен жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасайды.
Негізгі бөлім
2.1. Оқушылардың білім нәтижесін тексеру түрлері
Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі мектеп қабырғасынан білім нәрімен
сусындаған оқушы жастар. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім берудің
тиімді жолдарын іздестіру, сол алған білімдерінің деңгейлерін анықтау,
яғни, бақылау және тиісті дәрежеде әділ бағалау оқыту процесіндегі өзекті
мәселелер болып отыр. Оқушылардың сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз
оқуына жауапкершілікпен қарауы бойынша жинаған теориялық білімін болашақта
пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізіліуіне көп байланысты.
Сонымен қатар оқушылардың да, студенттердің де осы білімі мен
біліктілігінің деңгейін анықтаудың тағы да бір жолы – білімді тексерумен
бағалау тәсілдерінің моделін құрып алу қажеттілігі. Ондай моделді құру үшін
студенттерге берілуге тиісті білімнің мөлшерін,мәні мен мазмұнын айқындап,
олардың берілген білімді қабылдау, игеру мүмкіндіктерін саралайтын әдіс-
оқытушының білімділігі мен біліктілігі, іскерлігінің айнасы. Жалпы білім
беру, орта мектептегі барлық пәндер бойынша оқушылардың білім дәрежесін дәл
анықтау, оның тексеру әдісін де дидактикалық белгілеріне қарай білімді
тексеру:
• күнделікті;
• алдын-ала қорытындылау деп бөлінеді.
Әдістеме бойынша:
• ауызша;
• жазбаша;
• эксперименттік;
деп бөлуге болады.
Алдын-ала тексерудің мақсаты:
Материалды игеру қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай
тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылар біліміндегі олқылықтарды дер
кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады.
Күнделікті тексердің мақсаты:
Мұғалім күнделікті жұмыс барысында пән бойынша әрбір оқушының білім,
білік, дағдысын жете тексереді. Мұндай тексерудің нәтижесінде оқушылардың
жалпы үлгірімін қадағалауға мүмкіндік туады. Оқушылардың білімін күнделікті
тексеріп отырмаған мұғалімнің сабақ ұйымдастыруы жалпы жұмысты бағдарлауы
да қиындай түседі.
Мерзімді тексеру:
Бұл оқушылар білімін күнделікті тексеру нәтижесі тексеріліп
жүргізіледі. Ол тақырыпты, тарауды өткен соң, не тоқсан соңында жарты
жылдықтан кейін белгілі бір мерзім ішінде ұйымдастырылады. Соңғы уақыттарды
бағалауға байланысты бес балдық кемшіліктер, яғнги бағалаудағы
ескерілмейтін жайттар жайындағы журнал, газет беттерінде түрлі пікір,
мәселелер айтылы, жазылып, талас туғызады.
2.2. Оқушылар білімін бағалаудың жаңаша формалары
Оқушы білімін әділ бағалау - өмір талабы. Баға төмен болып, әділ
болмай, көңілден шықпай жатса, оның кері әсер ететіні ұстаздарға белгілі.
Осы бағытта бағалау жүйесі өзгертіледі деген ұстаздарға тақырыппен
Шымкенттік ұстаз, оқу ісінің озаты Сейілбек Әжібековтің аталмыш мақаласы
жарық көрді. Айтылатын мәселе осы күнгі бес балмен бағалау уақыты өтіп, әрі
қолдана беруге ретсіз жүйе екеніне тоқталып, оқушы жауабы 4-тен 5-ке жетпей
нақтыланбай тұратын сәттердің болатынынын, бірақ 4,5 бағасының жоқтығына
байланысты 4-ке, 5-ке қол салатынымыз рас. Сол сияқты 2,3 бағалары да әрі
тарт, бері тарт күйге келетіні бағалауда 8 балдық баға дұрыс ұсынады.
8-дік – үздік баға;
7-лік баға - өте жақсы;
6-лық баға – жақсы;
5-тік – жақсылау;
4-тік орташалау;
2-лік – нашар;
1-лік - өте нашар;
5-тік бағаның жақсылау деп аталатын себебі жақсыға жетпей тұр. Жалпы
тыныс тіршілігінің ұлттық негізге сай болуы керек-ау. Олай болса, жақсылау,
орташалау сөздерін қолдану ерсі болмас.
8-дік баға ілуде бір өте-мөте зерек, дарынды оқушыға ғана қойылып,
ол мына міндетті орындаса;
1. Үй тапсырмасына толық жауап берсе;
2. Бұрынғы өтілген материалдар көмегімен толық жауап берсе;
3. Сол өтілген тақырыпты оқулықтардан тыс қосымша материалдарын оқып,
мысалдар келтіріп, қанағаттандыра жауап берсе;
4. Шығармашылықпен жұмыс жасаса 8-дік баға қойылса;
7-лік баға, бірінші, екінші міндеттермен қоса, үшінші немесе
төртінші міндеттердің бірін орындаса, 6-лық баға бірінші, екінші
міндеттерді толық орындағанда. Одан төменгі бағаны мұғалім өзі әрі қарай
жалғастыра береді. Осылайша әділ қойылған баға оқушы психологиясына ықпал
етер еді.
Бұл мақала ой тамыздық, мұнын әрі қарай талдау оқырман ұстаздар
үлесінде деді ол өз мақаласында.
2.3. Рейтингтік бағалау жүйесі – іс-тәжірибеде
Жаңаша оқыту – еліміздің барлық мектептеріндегі ұстаздарды толғандырып
отырған басты мәселе. Сондықтан оқытудың жаңа технологиясының тиімді
әдістерін бұл күнде әрбір педагог-ғалымнан бастап, қарапайым ұстазға дейін
іздестіруде.
Профессор Ж.Қараевтың рейтингтік бағалау жүйесін Өскемен қаласындағы
№44 мектеп ұжымы оқу үрдісіне енгізіп, тың талпыныстар жасап келеді.
Нәтижесі жаман емес. Рейтинг - ағылшынша бағалау деген ұғымды білдіреді.
Біздің таңдап алған рейтінгілік бағалаудың басты мақсаты:
- оқушыларға қалыптасқан бес балдық баға емес, он балдық баға
қою. Жасыратыны жоқ, біздің іс-тәжірибемізде бұл бағалау
жүйесін барлық пәндерге қолдану күрделі әрі қиын болып шықты.
Бағалаудың өлшемдеріне мыналар енгізіледі:
1. Оқушылардың білім сапасы (білім стандарты);
2. Сабаққа оқушының белсенділігі, ынтасы, тәртібі;
3. Өз бетінше жұмыс істеуге қабілеттілігі, ізденгіштігі,
шығармашалықпен жұмыс істеуі;
4. Ғылыми конференцияларда баяндама жасауы;
5. Оқулық, дәптерді дұрыс ұстауы;
Оқушының тоқсандық бағасын әділ бағалаудың бір жолы тақырыптық
тапсырмалардың ортақ бағасын шығару. Мысалы, өтілген 4 тақырып бойынша
оқушы әртақырыптан алған балдарын қосып, 7-ге бөлесіз. Шыққан баға оқушының
тоқсандық бағасы болады. Айталық, бірінші тақырыптан 8,7 бал, 2-ші
тақырыпта 9,0 бал, 3-ші тақырыптан 7,7 (т.с) сияқты, ал 7-ші тақырыптан 8,5
бал алса, оқушының осы тарауды меңгеру деңгейінің бағасы 8,1, яғни жақсы
(төрт) деген сөз. Баланың білімін бағалау қорытындысы әр аптаның, әр айдың
жұма күні үлгірім тақтасына түсіріліп отырады. Әр сыныпта жүзеге асырылады.
Қазіргі жаңашыл педагогтардың алға қойған топтық және жекеше жұмыс
әдісі біздің тәжірибемізде күнделікті орын алып отыр. Белгілі ғалым
В.П.Беспальконың айтуынша, бұл әдістің мақсаты оқушыға сенім білдіруді,
оның жауапкершілігін артуын іске асырады. Ең негізгісі өзімен өзін
салыстырады.
Оқушыларға сабақтан тыс кезде өздіктерінен тапсырмаларды орындауға
жағдай жасау арқылы дамыту ұстамы іске асады, демек, өткен тақырып бойынша
жоғары балдық мүмкіндік туады.
Бағалаудың рейтингтік жүйесін қолдана отырыпы, әр оқушының білім
деңгейініңі графигін шығару арқылы оқушы дамуының мониторингін аламыз.
Мониторинг арқылы оқушы білімінің кемшілігін дәл тауып, қосымша жұмыстар
арқылы түзету (коррекция) жасап, баланы бақылау жұмысына алдын-ала
дайындаймыз. Бұл бағытта бақылау жұмыстары үрлі деңгейдегі нұсқауларға
дайындалады.
Бағалаудың он балдық салыстырмалық жүйесін өз іс-тәжірибелеріне
енгізген №44 мектеп ұжымы бір жылдың ішінде оңды нәтижелерге жетіпті:
1. Өз білімінің жан-жақты бақылауға алынып, нақты бағаланатынын
сезінген әрбір оқушының оқуға деген қызығуы оянады.
2. Қалып қойған сабағын бәрібір тапсыратынын білгендіктен,
оқушылар себепсіз сабақтан қалмайтын болады.
3. Жоғары деңгейге жету мақсатында әр оқушы белсенділік танытып,
шығармашылық жұмыстарға өз беттерімен ұмтылатын дәрежеге
жетті.
Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне саналы түрде әсер
етуге мүмкіндік тудырады. Әрбір шәкірттің өзін-өзі өзгелермен салыстыра
бағалауынан алға қарай ұмтылуына жол ашады. Оқушылардың барлық іс-әрекетін
рейтинг бойынша өзара 4 топқа бөліп қарауға болады.
1. Білім сапасын арнайы бақылау;
2. сабақ үстінде көрсететін білім, оқушының жазбаша, ауызша жауабы,
зертханалық жұмысты орындауы, орынды орындауға ынта-ықыласы.
3. Үйде өз бетінше орындалатын тапсырмалардың нәтижесі.
4. Білімді игерудің жоғары деңгейлеріне сай келетін оқушының ерекше
қабілетінің көрсеткіші.
Мемлекеттік білім стандартына сай келетін репродуктивті деңгейді оқушы
пәнге берілген максимал балдың жартысынана аздап асады. (50-60). Қазіргі
мықты оқушылардың білімінің сапасына сай келетін 75 балға тең. Ал одан
жоғары эврикалық және шығармашылық деңгейлерге жету үшін кітаптағы дайын
білім аздық етеді. Оған оқушы өз бетінше қосымша білім алса ғана, қолы
жетеді. Қаламызда қазақ-түрік лицейлерінде де бағалау әдістері кеңінен
қолданылып жүр. Ол әсіресе 100 бал жүйесімен бағаланады.
Дәстүрлі мектептердегі бағалауға қарағандағы бұл жүйенің ерекшелігі
бір пән 3 сабақтан тұрады яғни үш 45 минуттан тұрады. Дегенмен бір ғана пән
оқушыны жалықтырмайтындай әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылады. Мысалы, ағылшын
тілі сабағы. Бірінші сабағында әңгіме бағдарлама материалына байланысты
оқылады. Екінші сабақта оықлған әңгіме сұрақ-жауап арқылы сұрап, оқушыларға
баяндатады, сөздік жұмысы жүргізіледі. Сөзді тез тауып, аудармасын айтады.
Үшінші сабақта ойын арқылы жүргізіледі. Алған білімді қолданады. Міне
осылайшы оқу процесі ұйымдастырылып, пәндер бойынша 100 проценттік балл
жүйесі қолданылады. Мұнда біздің балдық жүйемізге келтіргенде:
75-100 балл – 5;
50-74 балл – 4;
25-49 балл – 3;
0-24 балл – 2;
Оқушы еңбегін бағалаудың рейтингтік жүйесі жайында ұғым.
Еліміздегі жаңа мазмұнды мектептердің іс-тәжірибесі білім жүйесіне
жаңаша оқыту технологиясының енгізіле бастауы, оқушының іс-әрекетін жан-
жақты бағалудың жаңа жүйесін енгізуді қажет етіп отыр. Ол рейтинтгтік жүйе.
Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму деңгейімен білім қабілетін
ертерек бақылауға мүмкіндік жасалады. Рейтингтік жүйенің артықшылықтары:
Оқушы қызметтерінде:
1. оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне
ықпал етеді;
2. пәндерді оқытуды ізгілендіруге жәрдемдеседі;
3. оқу жұмысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы қалыптасады.
4. Рейтингілік бақылау қызметі диагностикалық тәрбиелеуші,
дамытушы, бақылаушы және басқарушы рольде атқара алады.
5. Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық іс-әрекетіне тікелей
саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл-ойы
әрекетінің сипаттамаларын (тапсырманы) орындау теңдігі, түсіну
тереңдігі әрекетінің сипаттамаларын тапсырманы орындау т.б
көрсететін жүйелі байланыстың сапасы артады;
6. жұмыс нәтижесі мен мінез-құлқын дұрыс бақылап-бағалау дағдысын
қалыптастырады;
7. ырықты зейінін тәрбиелеп жетілдіруге ықпал етеді;
Мұғалім қызметтерінде:
1. Оқушының орындауындағы кемшіліктерді анықтап, түзетудің әдістері
мен тәсілдерін алдын-ала белгілі бір жүйеге келтіру мүмкіндгі бар.
2. Бақылау үлгілерін бағалаудың қылыпты критерийлерін жасау;
3. Оқу қызметін тиімді ұйымдастыру мен оған түзету жасау тәсілдерін
меңгеру;
4. Оқушының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz