Облыстың көлік және коммуникациялық байланыстары


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-4.
I-тарау. Алматы облысының экономикалық-географиялық
жағдайы мен көлік және коммуникация жүйесі
1. 1. Алматы облысының географиялық орналасуы және әкімшілік-территориялық бөлінуі . . . 5-7
1. 2. Облыстың көлік және коммуникациялық байланыстары . . . 7-15
II-тарау. Алматы облысының экономикалық-географиялық проблемалары және оны шешудің жолдары
2. 1. Табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына экономикалық-
географиялық тұрғыдан баға беру . . . 16-17
2. 2. Облыс аумағындағы өндіріс орындары мен ауылшаруашылық кәсіпорындарының экономикалық маңызы . . . 18-24
2. 3. Алматы облысының экономикалық проблемаларын шешудегі стратегиялық жоспарлары мен ұсыныстары . . . 24-36
Қорытынды . . . 37
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38
Кіріспе
Қазақстан Республикасының үлкен аумақты, халқы көп, көлемі жағынан Еуропа мемлекеттерімен теңдесе алатын еліміздің экономикалық жағынан орны бар мәдени орталықтарының бірі - Алматы облысы. Алматы облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-территориялық бөлік. Біз облыстың экономикалық-географиялық жағдайын қарастыруда М. Қожахмет «Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы», Н. Н. Карменова «Қазақстаның экономикалық және әлеуметтік географиясы», Е. Р. Ердаулетов. «Экономическая и социальная география Казахстана», Ахметов Е. А., Карменова Н. Н. «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» сияқты тағыда басқа еңбектерді негізге алып тақырып мазмұнын ашуға тырысамыз. Сондай-ақ облыс аумағындағы экономикалық-географиялық проблемаларын шешу жолдары және стратегиялық жоспарлар мен ұсынытар қарастырылады.
Жалпы Алматы облысының өнеркәсіп саясаты айтар болсақ 6 аудан мен 3 қаладан құрылған, оларда тауар өндірушілердің 2/3-сі (үштен екісі) орналасқан. Жалпы өндірілген өнеркәсіп өнімінің 78, 8 пайызы ірі кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Олар мыналар: «Голд Продукт» ЖАҚ-гі, «Алматы қант» ААҚ-ы, «Бент» ААҚ-ы, «Саф» шыны компаниясы, «Компания Фудмастер» ААҚ-ы, «Қазақстан қағазы» ЖАҚ-ы, «Қайнар» ААҚ-ы, «Темірбетон» ЖШС-гі басқалар. Облыста 32, 1 мың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері бар, олардың 31, 7 мың шаруа және фермерлік шарушылықтар. Қалалар саны - 10, олар - Алматы, Есік, Жаркент, Қапшағай, Қарасай, Сарқанд, Талғар, Талдықорған, Текелі, Үшарал, Үштөбе. Климат: жазық бөлікте - шұғыл континентті, таулы сызықта - жұмсағырақ. Облыс орталығы - Талдықорған қаласының тұрғындар саны 129, 6. Алматы облысы елдің көліктік саласында ерекше орын алады. Бұл автомобиль және теміржолдардың осы облыс арқылы өтуімен байланысты, Еуропа мен Азияны байланыстырушы, континент арқылы көлік дәлізінің бөлігі болып саналады. Сонымен қатар осы аймақта басты шекаралық өту пункті орналастырылған, көліктік қатынастарды біздің шығыс және оңтүстік-шығыс көршілермен қамтамасыз етуші. Алматы облысында табиғат ресурстарының барлық түрлері кездеседі. Олардың маңыздылары түсті металдар, яғни қорғасын, мырыш, мыс; сирек - вольфрам, қалайы, молибден, бериллий; бағалы - алтын, күміс болып табылады. Энергетикалық қоңыр көмірдің ірі кен орындары табылды. Кен байлықтарынан облыс жерінде полиметалл (Текелі), вольфрам (Бұғыты), молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бетонит сазы (Ақсу, Алакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипс, тас көмір, қоңыр көмір, (Ойқарағай, Қалжат), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жер асты сулары бар.
Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі таңда жаһандану мен дүниежүзі елдерінің өзара байланысы Қазақстанның әрбір облыстарының экономикасы мен әлеуметтік саласының даму аясында жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Облыстардың жаңа мүмкіндіктерге ұмтылуы мен бәсекелесуі арқасында өнеркәсіпті-көліктік әлеуеттің, инновациялық технологиялармен ақпараттық жүйелердің басым бөлігі дамып отыр. Алматы облысының сондай-ақ Алматы қаласының және басқа да қалалардың көп болып өсуі, олардың халқының санының өсуі бір жағынан өнеркәсіп салаларын дамытуға оңды әсер еткенімен, екінші жағынан ол белгілі бір қиындықты алып келеді. Яғни, қоршаған ортаны қорғаудағы және қала щаруашылығындағы эксплуатациялық шығындар өседі, халыққа қызмет етумен өмір сүру жағдайлары күрделене түседі және қалалар көлемінің өсуі, оның экономикалық тиімділігінің жоғарылауымен тығыз байланысты болады.
Зерттеу пәні:
Алматы облысының экономикалық-географиялық проблемалары және оны шешудің тиімді жолдарын зерттеудің негіздері.
Зерттеу мақсаты:
Алматы облысының тұрақты дамуын, экономикалық-географиялық бағыттарын айқындау, проблемаларын шешу сондай-ақ тұрақты дамуының негізінде теориялық әдістемелік зерттеулер жүргізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
- Алматы облысының экономикалық-географиялық жағдайының негізгі көрсеткіштерін анықтап, оның проблемаларын шешу жолдары анықталады;
- Алматы облысының экономикалық-географиялық жағдайына сипаттама бере отырып, даму болашағын болжау;
Ғылыми жаңалығы:
Әртүрлі әдебиеттерге және қор материалдарына сүйене отырып, Алматы облысының экономикалық-географиялық проблемаларын шешуде жаңа ұсыныстар мен нұсқаулар жасау.
Практикалық маңызы:
Курстық жұмысты орындау барысында алынатын тәжірибелік және теориялық материалдар, Алматы облысының экономикалық-географиялық жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен нақты жобалардың нұсқаларын дайындауда қолданылады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жалпы бітіру жұмысы кіріспеден, әдеби шолудан, негізгі бөлімнен, тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
I-тарау. Алматы облысының экономикалық-географиялық жағдайы мен көлік және коммуникация жүйесі
1. 1. Алматы облысының географиялық орналасуы және әкімшілік-территориялық бөлінуі
Алматы облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-территориялық бөлік (1-сурет) . Облыс орталығы - Талдықорған қаласы. Аумағы - 224, 0 мың шаршы км. Елді мекендер саны - 836. Халқы - 1692951 мың адам.
Ауылдық кенттік және қалалық округтер саны - 274, халқының тығыздығы - 7 адам/шаршы км. Астана қаласына дейінгі қашықтық - 1480 км. Облыс республиканың оңтүстік-шығысында орналасқан, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғыз республикасымен, солтүстік-шығысында және солтүстік-батысында - Балқаш көлімен, батысында - Жамбыл облысымен шектесіп жатыр. Облыста 16 аудан (1-кесте), облыстық бағыныстағы 3 қала бар. Барлық 274 әкімдік, олардың ішінде 16 аудандық, 10 қалалық, 14 кенттік, 234 ауылдық әкімдіктер бар.
Алматы облысының әкімшілік аудандары
1-кесте
Қалалар саны - 10, олар - Алматы, Есік, Жаркент, Қапшағай, Қарасай, Сарқанд, Талғар, Талдықорған, Текелі, Үшарал, Үштөбе.
Алматы облысының жері ежелден Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларының, Ұлы жүз қазақтарының атамекені болды. 19 ғ-дың ортасында Жетісуды патшалық Ресей жаулап алды. 1848 ж. 10 қаңтарда отаршылық-әкімшілік құрылым - Ұлы Орда приставтығы құрылды. Ол 1856 ж. Алатау округі аталды. 1867 ж. Түркістан генерал-губернаторлығы құрылғанда қазіргі Алматы облысының бірталай бөлігі Верный уезі атанып, Жетісу облысының құрамына кірді. Сонымен қатар орталығы Верный (Алматы) бекінісі болып белгіленген жаңа облысқа Жаркент, Қапал, Сергиополь, Тоқмақ, Ыстықкөл уездері енді. 1882-97 жылдары Жетісу обл. Дала генерал-губернаторлығына қарады. 1897 ж. бастап ол Түркістан генерал-губернаторлығының, 1918-24 жылдары Түркістан АКСР-і құрамында болып келді. 1924 ж. Орта Азияда жүргізілген ұлттық-территориялық межелеу нәтижесінде Жетісу обл-ның қазақ аудандары Қазақ АКСР-іне енді. 1929-32 жылдары Алматы округі аталды. 1932 жылдың 10 наурызында Алматы облысы болып қайта құрылған. 1944 ж. 16 наурызда Алматы облысынан Талдықорған облысы бөлініп шықты. Талдықорған облысы 1959-67 жылдары Алматы облысы құрамында болып, 1967 ж. 23 желтоқсанда қайта бөлінді. 1997 ж. 22 сәуірде Талдықорған облысы таратылып, оның аудандары Алматы облысына қосылды.
1-сурет.
Тұрғындарының орташа тығыздығы 1 км 2 -ге 7, 3 адамнан, тау етегінде (теңіз деңгейінен 500-900 м) 1 км 2 -ге 19 адамнан, Балқаш атырабында 1 км 2 -ге 2, 6 адамнан келеді. Олардың 30, 3 пайызы (Алматы қаласын қоспағанда) қалада тұрады. Халқы 100-ден астам ұлттар мен ұлыстардан тұрады. Олар: қазақтар, орыстар, ұйғырлар, немістер, корейлер, әзербайжандар, татарлар, украиндар, түріктер, күрдтер және т. б. ұлттар. Халықтың көпшілік бөлігін қазақтар құрайды. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2 миллионды құрайды делінген. Алматы облысының халқының саны бес айда 8843 адамға көбейіп, 1, 7 млн адам болды. Алматы облысының халқының саны 2010 жылғы 1-ші маусымға 1704, 8 мың адам болып, оның ішінде 407, 4 мың адам (23, 9%) - қалалық, 1297, 4 мың адам ауыл тұрғындары (76, 1%) болды, деп облыстық статистика басқармасынан хабарлама берілген. 2010 жылғы қаңтар-мамырда халықтың табиғи өсімі 8843 адам болып, былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 8, 2%-ға азайды, ал бұл көрсеткіш былтыр осындай аралықта 9630 адам болған. Қаңтар-мамырда облыста 15128 нәресте дүниеге келіп, ол 2009 жылмен салыстырғанда 779 сәбиге, немесе 4, 9%-ға аз болған. Қаңтар-мамыр аралығында әр түрлі аурулардан, бақытсыздық оқиғаларынан, улану мен жарақаттардан 6285 адам қаза болды (2009-шы жылы қаңтар-мамырда 6277 адам болған) . Қаңтар-мамырда облыста 5835 неке қию мен 1693 ажырасу тіркелді. Ал 2009 жылы осындай аралықта тиісінше 5592 неке қию мен 1385 ажырасу тіркелген.
1. 2. Облыстың көлік және коммуникациялық байланыстары
Көлік қатынасы республика аудандары арасындағы өндірістік байланысты, өнім алмасуды және сыртқы сауданы қамтамасыз етеді. Көлік және коммуникация кешенінің негізгі міндеті - жүк және жолаушы тасымалдау жөніндегі халықтың қажетін толық қанағаттандырып, түрлі аудандар арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Жалпы Қазақстанның көлік және коммуникация кешенін су көлктері, теміржол, автомобиль, әуе, құбыр жолдары және телекоммуникация құрайды. Кешеннің құрамына ондаған ірі мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындар кіреді.
Көлік және коммуникация кешені қызмет ететін мемлекеттік кәсіпорындар «Қазақстан теміржолы», «Қазақ-автожол» жабық акционерлік қоғамы, РМК «Казаэроавиация», Астана және Алматы әуежайлары, Ақтау теңіз сауда порты, «Қазпочта» акционерлік қоғамы, «Қазақтелеком» ашық акционерлік қоғамы т. б. Аталған кәсіпорындарда 420 мыңға тарта адам еңбек етеді. Яғни Республикамыздағы әрбір он адамның осы кешенге тікелей немесе жанама қатынасы бар. Қазақстан көлік кешені көрші аудандардан бастап, ауданаралық, республикаішілік және алыс шетелдермен арадағы халықаралық байланыстарды жүзеге асырады. Ол үшін көлік түрлерінің бір-бірімен келісімді түрде жұмыс істеуінің маңызы зор.
Алматы облысы елдің көліктік саласында ерекше орын алады. Бұл автомобиль және теміржолдардың осы облыс арқылы өтуімен байланысты, Еуропа мен Азияны байланыстырушы, континент арқылы көлік дәлізінің бөлігі болып саналады. Сонымен қатар осы аймақта басты шекаралық өту пункті орналастырылған, көліктік қатынастарды біздің шығыс және оңтүстік-шығыс көршілермен қамтамасыз етуші.
Сондай-ақ біз Н. Н. Карменованың «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» еңбегінен облыс аумағындағы транспорт жүйесінің басты бағыттарын негізге аламыз. Яғни Алматы облысының жерінен өтетін темір жолдың ұзындығы - 242 шаршы шақырым.
Теміржол көлігі. Көліктің әр түріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. Темір жолды кез-келген бағытта салуға болады, оған еліміздің жер бедері қолайлы. Теміржол көлігі климат жағдайына қарамай жыл бойы үздіксіз жұмыс істейді. Жүк пен жолаушыны алыс қашықтыққа жеткізеді. Кең байтақ Қазақстан үшін теміржол көліктің басты түрі болып табылады. Теміржол - жүк айналымының 57, 5%-ын, жолаушы жүк тасымалының 56%-ын құрады. Алматы облысы арқылы өтетін Түркісіб, Ақтоғай - Достық, Көксу - Текелі теміржол тармақтары бар.
2-сурет. Алматы теміржол вокзалы
Алматы облысы арқылы Қазақстанның солтүстік-шығысынан оңтүстік-батысына қарай Семей-Алматы-Құлан-Тараз-Шымкент-Арыс теміржолы өтеді, оның Құлан-Семей арасындағы бөлігін Түркістан-Сібір (Түркісіб) теміржолы деп атайды. Бұл темір жол магистралі 1930 жылдары салынып, оның құрылысына алғаш рет қазақ жұмысшылары қатысқан.
«Түркісіб-Транс-Тасымалы» ЖШС Алматы облысы Көксу бекетінде 2008 жылы құрылды. Кәсіпорын қызметінің басты түрі - Үштөбе - Көксу - Қарабұлақ - Талдықорған; Қарабұлақ - Текелі және халықаралық Достық-Алашанькоу телімінде халықшаруашылық жүктерін тасымалдау бойынша қызмет көрсетіледі. «Түркісіб-Транс-Тасымалы» ЖШС-ның негізгі тапсырыс берушісі Қазақстандағы ірі «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ жеке меншік темір жол компаниясы болып табылады. Осы сәтте кәсіпорынның пайдаланылып отырған паркінде қозғалыс құрамының қауіпсіз тасымалдануы талабына орай халықшаруашылық жүктерін қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін 26 магистральдық және маневрлік локомотивтері бар. Серіктестіктің штатында 360 жоғары білікті теміржолшылары жұмыс істейді. 2010 жылы кәсіпорын Жетіген-Қорғас жаңа темір жол желісінің құрылысына арналған локомотив күшіне қызмет көрсету бойынша қосымша жұмыс телімі меңгерілді. Жоба Қазақстан экономикасын дамыту үшін маңызды стратегия ретінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жылдамдатылған индустриальды-инновациялық даму бағдарламасына қосылды. Темір жолдың осы телімі Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын бірнеше есеге ұлғайтуға көмектесіп қана қоймайды, сондай-ақ Европа мен Азия арасында көлік дәлізі болады (өйткені тарихи салынған Жібек жолы бойынша өтеді) . Темір жол желісінің ұзындығы - 293 километр. Онда 14 жаңа жеке пункттер пайда болады. Ауылдар темір жолға қызмет көрсететін қызметкерлер үшін арнайы белгіленген. Мұнда 500 пәтерлік тұрғын үй салынды және әлеуметтік нысандар - балабақша, мектеп, дәрігерлік амбулатория, асхана, монша. «Түркісіб-Транс-Тасымалы» ЖШС халықаралық маңызды Достық-Алашанькоу темір жолына қызмет көрсету бойынша қосымша жұмыс телімін меңгерді. Бүгінгі күні Қазақстан мен Қытай Ресей және басқа елдердің жүк жіберушілерін Достық-Алашанькоу өту жолына тартуға тырысуда. Тасымал көлемі жылына 20-30 пайызға өсіп келеді. Осыған байланысты «Қазақстан темір жолы» халықаралық теміржол телімі арасында Достық-Алашанькоудан өту бойынша алдыңғы қатарда болуы үшін шекаралық бекетте үнемі жұмыстар жүргізіп келеді. «Түркісіб - Транс - Тасымалы» ЖШС-ның өз саласында маңызды даму жоспары бар. Кәсіпорынның орналасқан орны бойынша локомотивтер мен отын қоймаларына техникалық қызмет көрсету орнының құрылысы басталды. Болашақта қосымша магистральдық және маневрлық локомотивтерді сатып алуды жүргізу жоспарланып отыр, бұл кәсіпорынның кірісін барынша көтереді және оның Қазақстан Республикасында халық шаруашылық жүктерін тасудағы үлесін ұлғайтады.
Сондай-ақ, «Түркісіб-Транс-Тасымалы» ЖШС-ның өз қызметкерлерінің тұрғын үйіне қатысты Алматы облысында инновациялық жобасы бар.
1990 жылы Қытаймен екі арадағы теміржолдың қайта салына бастауы Қазақстанның транзитті мемлекет ретіндегі ролін арттыра түсті. 1992 жылдан бастап қазақстан және Қытай арасында тұрақты теміржол қатынасы қалыптасты. Бұл магистральдің іске қосылуына байланысты Қытай арқылы Азия-Тынық мұхит аймағына теміржол арқылы шығуға жол ашылды.
Теджен (Түркіменстан) - Мешхед (Иран) теміржол магистралінің бітпеген бөлігі Пекин - Стамбул іске қосылды. Жапонияның жеңілдетілген заемын пайдалану арқылы Ақтоғай - Достық теміржол байланысы да қызмет көрсете бастады. Бұл Трансазиялық теміржол магистралі деп аталады. Оның саяси және экономикалық маңызы зор.
Автомобиль көлігі. Автомобиль көлігі жүрдек, анағұрлым ыңғайлы, жүкті қайта тиеусіз бірден тұтынушыға жеткізеді. Ол жақын қашықтыққа жүк пен жолаушы тасымалдайды. Басқа көлік түрлері бара алмайтын таулы аудандарда жүк пен жолаушы тасымалдауда жетекші орын алады. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығын байланыстырып, қала мен ауылдық елді мекендердегі жүк тасымалын жүзеге асырады. Қазақстанның автомобиль жолдары республикалық деңгейдегі және жергілікті деңгейдегі жол болып бөлінеді.
Еліміздегі халықаралық бағытта транзиттік автомобиль жолдары жүргізілген. Олар Еуропа мен Ресейді Орталық Азиямен байланыстырады.
Алматы облысы арқылы өтетін автомобиль жолының жалпы ұзындығы 5000 шаршы шақырымға жетеді. Маңызды автомобиль жолдары: Алматы - Нарынқол, Алматы - Семей - Өскемен, Алматы - Ташкент, Алматы - Астана.
Алматы - Астана автомобиль жолы халықаралық стандартқа сай қайта жөнделді. Бұл жол арқылы транзит жүктері Ресейден Қытайға және кері қарай, сонымен қатар Қазақстанды Қырғызстан, Пәкстан арқылы Үндістанмен байланыстырады. Осы оңтүстік бағыттағы жол қатынасы болашақта көптеген елдерді қамтитын ірі магистральға айналмақ.
Жуырда Пәкстан, Қазақстан, Қырғыстан және Қытай арасындағы Қарақорым тас жолы арқылы Алматы -Карачи арасын автомобиль жолымен байланыстыру идеясы ұсынылды. Оны салуға Пәкстан 500 млн. АҚШ долларын бөліп отыр. Сонымен бірге Ұлы Жібек жолын Қайта қалпына келтіріп, жандандыруға қайта көңіл бөлінуде.
3-сурет.
Егер Қазақстан автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы жөнінен ТМД елдерінің арасында үшінші орында тұрса, жолдың жиілігі жөнінен ең соңғы орындардың бірінде. Сондай-ақ Алматы-Бішкек-Тараз-Шымкент-Ташкент (3-сурет) жолы Қазақстандағы ірі республикалық деңгейдегі автомобиль жолдарының бірі болып табылады. Алматыдан Семей мен Өскеменге бағытталған жол Жаркент, Талдықорған және Текеліге қарай тармақталады. Жалғызтөбе теміржол станциясы маңында бұл жол Шығыс шеңбері автомобиль жолымен жалғасады. Сонымен қатар Алматы-Шелек-Нарынқол және т. б. ірілі-ұсақты жолдардың шаруашылық үшін маңызы зор.
4-сурет.
Су көлігі. Біздің елімізде су көлігі Ресей мен Украинадағыдай рөл атқармайды, себебі су қатынасы бар ірі өзендер еліміздің шет аймақтарымен ағып өтеді. Республикамызда пайдалануға болатын су жолының ұзындығы 6 мың шақырым болса, соның 4 шақырымы өзен көлігіне келеді.
Алматы облысыныдағы Балқаш көлі мен Іле өзенінде кеме қатынастары дамыған. Іле өзені Қапшағай су электр станциясы мен су қоймасын салғанша елеулі көліктік маңызы болып, елді мекендерге өнеркәсіп бұйымы мен тамақ өнімдерін жеткізіп отырған.
Әуе көлігі. Жолаушы тасымалында әуе көлігінің алатынорны зор. Әуе көлігінің өзіндік құны қымбат болғаны мен, жолаушы мен жүкті өте алыс қашықтыққа тасымалдауда теңдесі жоқ көлік түрі.
Әуе көлігі жүк және жолаушы тасу мен қатар егіс даласына минералды тыңайтқыш шашу, ормандағы өртті сөндіру, пайдалы қазбалардың жаңа кен орындарының барлау, балықтың мол қорын іздестіру, мұнай бұрғылау қондырғыларын орнату, халыққа жедел дәрігерлік көмек көрсету істерінде қолданылады.
Қазақстанда әуе жолы компанияларының көршілес елдермен және щет елдермен халықаралық маңызы бар байланыс жолдары қалыптасқан. Қазір елімізде 51 әуежай жұмыс істейді, оның 21-і республикалық маңызға ие болып отыр. Астана, Алматы және облыс орталықтарындағы әуежайлар халықаралық ұшақтарға қызмет етеді.
Алматы - әуе қатынастарының ірі торабы (5-сурет) . Ол әуе жолы арқылы Мәскеу, Санк-Петербург, Ташкент қалаларын байланыстырады. Халықаралық әуе жолы арқылы Алматы - Дели, Алматы - Анкара, Алматы - Нюрнберг, Алматы - Стамбул қалаларымен байланыс қалыптасқан.
5-сурет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz