Атқарушы биліктің орталық органдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
1 Мемлекеттегі атқарушы билік органдарының негізгі құқықтық 3-4
мәртебесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5-11
1.1 ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық
мәртебесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1.2 ҚР мемлекеттік билік органдарының 15
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Атқарушы билік 19
органдары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
... ... 19
2.1 Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесі ...
2.2 Атқарушы биліктің орталық 20
органдары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 23
3 Басқаруды жүзеге асырушы мемлекеттік атқарушы органдары қолданатын
құқықтық тәсілдері,
актілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
3.1 Басқарудың әкімшілік-құқықтық тәсілдері және нысандары ... ... ...
3.2 Басқарудың құқықтық
актілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.3 Басқарудың құқықтық актілерінің түрлері, қабылдау, ұсыну, талқылау
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе

Мемлекеттік билік органдарының тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу
жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық
теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.
Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында
мемлекеттік билік органдары қалыптасты.
Атқарушы билік органдары — қоғам мен мемлекеттің әкімшілік-саяси,
әлеуметтік-мәдени, шаруашылық және қызметтің салааралық аяларындағы
міндеттерді шешу мақсатында атқарушы және әкімдік қызметті жүзеге асыратын
біртұтас құрылымдық жағынан қалыптасқан дербес әлеуметтік құрылым.
Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі — атқарушы билік органдары
қызметінің жүйелі түрде заңға тәуелділігімен сипатталады, яғни атқарушы
билік органдары басқару қызметін заң негізінде және заңды орындау
мақсатында жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының өз құзыреті шегінде
құқықтың актілер шығаруға (мысалы, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және
басқалары) қақы бар және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.
Атқарушы билік органдарының қолында мемлекеттік - биліктік
өкілеттіктердің болуы оларды қолында мұндай өкілеттігі жоқ ұйымдардан
ерекшелеп тұрады (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелерінен,
түрлі мемлекеттік емес құрылымдардан).
Бұл жөніндегі еңбектерден Ғ.Сапарғалиевтың Қазақстан Республикасының
конституциялық құқығын, А.М.Барнашевтың Теория разделения властей.
Становление, развитие, применение деп аталатын әдебиетін, А.А.Гарановтың
Парламент и законодательная власть Казахстана монографиясын, тағы басқа бір
қатар еңбектерді атап кетуге болады.
Өскен, өркендеген елдерде мемлекеттік билік органдары сияқты даңғыл
жүйелердің түсінігін, түрлерін, қызметтерін оларды, қайта құру жобаларын
жілікше шағып, егжейлі-тегжейлі талдаумен тынбай, мемлекеттік билік
органдарының жасаған әр қадамын, қызметтерінің әр сәтін үлкен әнгіменің
арқауы етіп жатады. Осындай мінез бізге де ауадай қажет. Жас алаш газетінің
2003 жылы 16 мамырдағы 57 номерінде Ақ жол партиясының саяси реформалар
бағдарламасы шықты. Ал осы бағдарлама біздегі мемлекеттік билік
органдарының қалыптасып, нығайюына үлкен ықпал етер еді. Біздің
тарапымыздан бір ұсыныс – Қазақстан Республикасындағы барлық саяси
партиялар саяси реформалар бағдарламасын әзірлеп – халыққа, ел басына
ұсынса. Ал осындай істердің нәтижесінде бағдарламада көзделген жүйелі
амалдар қорытындыланып, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік
органдары жаман жақтары болса, солардан арылып жақсы істерге бет бұрар еді,
сонымен қатар мемлекеттік билік органдарының құрылымына өзгерістер,
жаңалықтар енеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекеттегі атқарушы билік органдары
түсінігін ашып, түрлерін айқындап, жан-жақты тану.
Міндеттері:
- ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық
мәртебесін қарастыру;
- Әкімшілік құқықтың субьектілерін көрсету;
- Атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық мәртебесін зерттеу;
- Атқарушы биліктің орталық органдарын қарастыру;
- Басқаруды жүзеге асырушы мемлекеттік билік (атқарушы) органдары
қолданатын құқықтық тәсілдері, актілерін зерттеу.
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен
қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мемлекеттегі атқарушы билік органдарының негізгі құқықтық
мәртебесі
1.1 ҚР жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық
мәртебесі
 
Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары
лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының
бағыттарын айқындап береді.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі
мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады.
Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін
және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз
ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң
шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы
принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті
деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару
өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң
қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ
атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана
қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және
тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары
тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің
қызметін бақылау құқығы берілмеген.  Президентті жабық дауыс беру жолымен
жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы
сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі
мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма
шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда
Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.
ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның
мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі
және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып
табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды.
Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық
атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа
заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін
қамтамасыз етуі тиіс.
ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің
мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және
Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР-ның Президенті туралы
Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер
берілген:
1. Мемлекеттік  билік органдарының құру жұмыстарына байланысты
Президент өкілеттіктерге ие.
2.Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер
берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы
биліктің Актілерін тоқтата алады.
3. Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада
да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды,
келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент
сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді.
4. Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру,
ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы
шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.
ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын,
өкілетті органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент
өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі
шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы конституциясы, 3 бабы).
Парламентке заң шығарушылық қызметінің берілуі – бұл оған заң шығарушылық
қызметі билігінің берілуін білдіреді.
Ел конституцияның 53-ші және 61-ші баптарында көрсетілген жағдайларға
сәйкес, Ел Президентінен басқа бірден-бір мемлекеттік органның заң қабылдау
құқығы жоқ. Демек заң шығару тек Парламентке ғана беріледі. Заң шығарушы
орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар
бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.
Бақылаудың бұл түрін біз негізінен республика бюджетін бекітуінен және
оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең
көрінеді. Аталған бақылау қызметтері Еліміздің Конституциясында бекітілген.
ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, Еліміздің Парламентін
тұрақты түрде жұмыс істейтін Сенат және Мәжіліс отырысында сайланатын, әр
облыстан 2-деутат, республикалық дәрежедегі қалалар, ҚР астанасынан
сайланатын депутаттар құрайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының
жартысы қайта сайланады. Парламенттің өкілеттік мерзіміне орай ҚР
Президенті тарапынан 7 депутат тағайындалады. 30 жасқа толған, ҚР
азаматтығын алғанына 5 жыл толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы 5 жылдан
кем емес, ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрған азамат ҚР Сенат депутаты болып
сайлана алады.
Мәжіліс депутатының саны 77. Олар жалпыға бірдей, тей және тілекей
сайлау құқықтары негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бір мандатты,
территориялық сайлау округтерінен сайланады. Жасы 25 толған, ҚР азаматы
Мәжіліс Депутаты бола алады. Қазақстан халқына ант береді.
Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін
органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс
құқығын пайдаланады. Депутат Парлламенттің және оның Палаталарының
үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы;
сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент
сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың сауал салуға,
Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына
түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен
депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.
ҚР-сы Үкіметі – атқарушы биліктің жоғарғы органы. Ол сонымен бірге
еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, бақылайтын, жалпы
құзыреттерге ие коллегиалды орган болып есептеледі.
Үкімет мүшелері болып, ҚР-сы Президенті, Премьер-Министр, Министрлер,
ҚР-ның Мемлекеттік комитеттерінің төрағалары есептеледі. Үкімет құрылымы
және құрамы туралы Президентке Премьер-Министр ұсыныс жасайды. Үкімет
мүшелері Қазақстан Халқына және Президентіне ант береді. ҚР-сы Үкіметі жаңа
сайланған Президент өз қызметіне кіріскен кезде және Президент ҚР-сы
Үкіметінің отставкаға кетуін жариялаған кезде өз өкілеттілігін тоқтатады.
ҚР-сы Конституциясының 44 бабына сәйкес, Республика Президенті Парламенттің
келісімімен ел Премьер-Министрін тағайындайды. Республика Президенті
Премьер-Министрді Тағайындау мәселесінде Парламент екі ретте бас тартатын
болса, ол Парламентті таратуға құқылы. Өз қызметіне тағайындалғаннан
кейінгі бір ай мерзім ішінде Премьер-Министр Парламентке Үкімет
бағдарламасы Туралы және бұрынғы үкімет бағдарламасы негізінде жұмыс
істейтіндігі туралы өз жұмыс жоспарын ұсынады.
ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуі дегеніміз – бұл оның мынадай
себептерге байланысты өз өкілеттілігін тоқтатуын білдіреді: Үкіметтің өз
бастамасы бойынша, Президенттің бастамасы бойынша, бұл негізінен
сенімсіздік вотумы жарияланып, Парламентпен келіспеушілікке алып келетін
саяси дағдарыс ахуалы қалыптасқан жағдайда. ҚР-сы Конституциясында
Үкіметтің мына негізгі өкілеттіктері аталады:       Елдің бюджетін
қалыптастыру және ол депутаттар қабылдағаннан кейінгі оның іске асырылуын
қамтамасыз ету істері және Парламентке бюджеттің орындалуы туралы нақты
есеп беруі.
ҚР-да біртұтас қаржы, несие және ақша саясатын жүргізу. Мемлекет
меншігін басқаруды іске асыру. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету
шараларын іске асыру. Мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, экология,
әлеуметтік-салаларда біртұтас мемлекеттік саясаттың болуын және іске асуын
қамтамасыз ету. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының
сақталуының қамтамасыз етілуін іске асыру шаралары. Қоғамдық тәртіпті
сақтау, меншікті қорғау және қылмысқа қарсы күресу. Үкіметтің аталмыш
өкілеттіліктері Ел конституциясының 66 бабында толық әрі нақты көрсетілген.
Сонымен бірге Үкімет құқықтық заңшығарушылық бастамаға иежәне ол Мәжіліске
заңдар жобасын ұсына алады әрі заңдардың орындалуын іске асыра алады.
Өз өкілеттілігі шегінде Үкімет кадрлар мәселесін және лауазымды
тұлғаларды тағайындау мәселелерін шеше алады. Өз өкілеттілігі деңгейіне
орай Үкімет сондай-ақ, нормативтік актілер шығара алады. Ал Премьер-Министр
өз кезегінде өкім шығара алады. Үкіметтің коллегиялық жұмыс түрі ретінде
айына бір реттен өткізіліп отыратын отырысын айтамыз.   
ҚР-ның Конституциялық Кеңесі – конституцияның аса жоғарғы заңдық және
тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган болып табылады. Онда заматтардың
еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен
биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде
қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.
Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын органның құқықтық
мәртебесі, құрылуы және қызмет атқару құзыреттері, шешім қабылдауы
конституцияда бекітіліп әр елдің ішкі заңымен көрсетілген.
Алғаш рет Қазақстанда Конституциялық қадағалау институты арнайы орган
түрінде 1989 жылы – Конституциялық қадағалау Комитеті түрінде құрылған
болатын. 1991 жылдың 16 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар ҚР-ның
тәуелсіздігі туралы заңында Конституцияны соттық қорғаудың ең жоғарғы
органы болып, Конституциялық сот болып табылады деп атап көрсетілген. Осы
нормаға сәйкес 1992 жылдың 2 шілдесінде Жоғарғы Кеңеспен Конституциялық сот
құрылып, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тоғыз мүшесі 1995
жылға дейін қызмет атқарды.
1995 жылы жаңа конституция қабылданып – ҚР-сын Конституциялық Кеңестің
негізгі ережелері мен құқықтық статусы анықталып – бұл орган ендігі жерде
ҚР-ның барлық жерінде Конституциялық жоғарғы заңдық күші бар екенін және
оның орындалуына қызмет атқарады.
Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызмет атқаруы ҚР-ның
Президентінің Жарлығына, Констьитуциялық заң күші бар ҚР-ның
Конституциялық Кеңесі туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен
реттеледі.
Конституциялық Кеңес өз қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік
органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан тәуелсіз ешқандай
саяси және басқа себептер көзделмей, тек қана ҚР-ның Конституциясына ғана
бағынады. Конституциялық Кеңес 7 мүшеден тұрады, оның ішінде төраға және де
ҚР-ның экс-Президенттері өмір-бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болады.
Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент тағайындайды, ал екі мүшесін
Мәжіліс пен Сенат төрағалары 6 жыл мерзімге тағайындайды. Кеңес мүшелерінің
жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып отырады.
Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың өтінішіне орай Конституциялық Кеңес
шешім шығарады.
Сот билігі – бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып
табылады. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын сот жүйесі бұл –
азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарап, шешуге құзыретті орган
болып табылады.
Сот жүйесі өзіне тән арнайы белгілері болып азаматтық, қылмыстық және
тағы басқа да істерді шешуге процессуалдық заңдарға сүйене отырып, мемлекет
атынан шешім шығарады.
ҚР-да биліктің бір тармағы ретінде сот әділдігін жүзеге асыратын – сот
билігі органы болып табылады.
ҚР-ның Сот жүйесі, ҚР-ның Конституциясына, ҚР-ның Президентінің "Сот
және судьялардың мәртебесі туралы” 1995 жылғы 20-желтоқсанындағы Жарлығына
негізделген.
ҚР-ның Соты болып: ҚР-ның Жоғарғы соты және жергілікті соттары
табылады. Жергілікті соттарға облыстық және оларға теңестірілген соттар
(Алматы қалалық соты, ҚР-ның әскери соты) аудандық, қалалық соттар жатады.
Ешқандай да лауазымды тұлға, орган сот қызметін, функциясын жүзеге асыра
алмайды, оны тек қана сот жүзеге асырады.
ҚР-да соттардың қызметі келесі негізгі қағидаларға сүйене отырып
құрылған: заңдылық, судьялардың тәуелсіздігі, барлық адам заң мен сот
алдында теңдігі, тараптардың сот процессінде теңдігі, істерді жария түрде
қарау.
1. Аудандық (қалалық) Соттың судьясы болып, ҚР-ның азаматы, мінсіз
бедел, әғ жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, заң саласында 2 жыл жұмыс
стажы бар, біліктілік емтиханын тапсырып, әділет Министрлігінен рұқсат
алған адам бола алады.
2. Жоғарғы тұрған сотқа судья болу үшін ҚР-ның азаматы, мінсіз бедел,
әғ жасқа толған, жоғарғы заң білімі бар, заң саласында 5 жылдан кем емес,
сот органында 2 жыл және әділет басқармасында, прокуратурада, тергеу және
анықтау бөлімінде, біліктілік емтиханын тапсырған Жоғарғы Сот Кеңесінің
рұқсатын алған адам бола алады.
3. Әскери соттың судьясы болу үшін заңгер болумен қатар әскери
қызметкер болуы керек.
Соттар тұрақты судьялардан, парламент Сенатымен тағайындалған (жоғарғы
Соттың судьялары) және ҚР-ның Президентімен тағайындалатын (жергілікті
сотттың судьяларын) олардың қызмет атқару мерзімі кей жағдайларда заңмен
ғана тоқтатылады. "ҚР-ның Соттар және судьялардың мәртебесі туралы” жарлық
46,47 баптар.
Судьялардың құқықтық жағдайы:
ҚР-да Сот билігін жүзеге асыратын судьялар болып табылады. Барлық
судьялардың құқықтық статусы тең болады, олар тек қана қызметіне байланысты
ажыратылады.Сот әділдігін жүзеге асыру барысында соттар тек қана ҚР-ның
Конституциясына бағынып тәуелсіз болады.
Судьялардың тәуелсіздігі қамтамасыз етіледі:
- сот әділдігін жүзеге асыру процедурасында;
- сотты сыйламау жауапкершілікке әкеп соғады;
- көрсетілген тәртіпте ғана олардың қызметін шектеуге, тоқтатуға болады;
- судьялар мемлекет тарапынан, статусына байланысты әлеуметтік және
материалдық жағынан қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік басқару шаралары жергілікті өкілетті органдар –
маслихаттар және атқарушы органдар тарапынан іске асырылады. Аталған
органдар өздеріне бекітілген территориядағы барлық істерге жауапкершілікті.
Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың құқықтық мәртебелері,
құзыреттері, қызметтерін жүргізу тәртіптері ҚР-ның Констиуциясының 86,87,88-
ші баптарында нақты көрсетілген. Аталған баптарға сәйкес облыс, аудан, қала
(қала ішіндегі аудандар және аудандық маңыздағы қалалардан
басқасы). Мәслихат депутаттары тұрғындар тарапынан жалпыға бірдей, тең әрі
тікелей сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы 4-жыл мерзімге
сайланады.
Мәслихат депутаты болып, 20 жасқа толған, ҚР-ның азаматы сайлана
алады. Ол тек бір ғана Мәслихатқа депутат бола алады.
Мәслихаттың негізгі өкілеттіліктеріне:
1. Мәслихат жұмысшы орындарын құру, мәслихат қызметін қамтамасыз ету,
депутаттар қызметтерін қамтамасыз ету;
2. Жергілікті бюджет, территорияның экономикалық және әлеуметтік дамуы
бағдарламасын бекіту және осылардың орындалуы туралы есептер тыңдау;
3. Олардың құзыретіне жататын жергілікті әкімшілік-территориялық
құрылымдардың мәселесін шешу;
4. Заң бойынша Мәслихат құзыретіне жатқызылған немесе атқарушы билікке
жатқызылған мәселелердің орындалуы туралы жергілікті атқарушы органдардың
басшыларының есебінен тыңдау кіреді.
Заң бойынша жергілікті атқарушы органдар ҚР-ның біртұтас атқарушы
органдары жүйесіне кіреді. Ол өз территориясында мемлекет мүддесін қорғай
отырып, жалпы мемлекеттік саясатты іске асырады. Жергілікті атқарушы
органды әкім басқарады. Ол әкімшілік-территориялық бірлікті басқара отырып,
жергілікті жердегі Президент пен ҚР Үкіметінің өкілі болып табылады. Облыс
әкімдері және республикалық дәрежедегі қалалар әкімдері Президент тарапынан
тағайындалады. Президент өз кезінде оларды тағайындайды және қызметінен
босата алады.
Мәслихат депутаттары үштен екі бөлігі  әкімге сенімсіздік көрсетіп
дауыс берсе, Мәслихат Президент алдына әкімді қызметінен босату туралы
мәселе қоя алады.
Облыс және республикалық дәрежедегі қалалардың әкімдері, республиканың
жаңа сайланған Президенті қызметіне кіріскен кезде, әкімдер заң жүзінде өз
қызметтері мен өкілеттіктерін тоқтатады.
Жергілікті өкілетті органдар өкілеттіктеріне мыналар жатады:
1. Жергілікті әкімшілік-территориялық бірліктің әлеуметтік
экономикалық дамуы жоспарын және бюджетті жасау және оны іске асыру;
2. Коммуналдық меншікті басқару;
3.  Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарын ұйымдастыру, және
жергілікті атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау немесе
босату;
4. Республика Заңдары негізінде жергілікті деңгейде мемлекеттік
мүдделерді көздей отырып өкілеттіліктер жүргізу.
ҚР-ның Конституциясының 89-бабына сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару
органдары, тұрғындар тарапынан сайланады және олар тұратын территориядағы
барлық мәселелерді шешеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтері
мен құрылымдары тұрғындар тарапынан белгіленеді және ережеде көрсетіліп
тиісті заңда бекітіледі. Конституция жергілікті өзін-өзі басқару
органдарының өз беттерінше жұмыс істеуіне кепілдік береді. Өз кезегінде
жергілікті мемлекеттік басқару органдары, өзін-өзі басқару органдарына
қызметтері бойынша және қаржылай көмек көрсете алады.

1.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының
жүйесі

Өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі
түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан
Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін
құрайды.
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары
лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік
бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық
тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы
жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап).
Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған
мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл
үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет.
Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен
артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тідді
еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан
сол елдің азаматы болуға тиіс.
Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де
ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға
құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде
саяси партиядағы қызметін тоқтата түрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.
Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасының заң
шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен
тұрады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс
жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру
арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы —
Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады
(51-бап).
Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы
болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын,
қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті
құрады.
Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен
белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен
құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары
Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және
төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап).
Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек
Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі
сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң
бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп
бермейді. Судьяның қызметі депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе
өзге шығармашылык кызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты
атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының
немесе байқаушы кенесінің құрамына кірумен сыйыспайды.
Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы
Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нак Президент билік
тармақтарынын әркайсысының кызметіне белсене араласады.
Президент деген ұғым конституциялық құқылык мағынада мемлекет басшысы
дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін елемдік тәжірибеде тағайындалған
(АҚШ, Франция).
Президент кызметі түнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы
Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы
Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш
Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы
туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халкының жалпыға
бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес
жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика
Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды.
1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады
және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн
оның Қазақстан Республикасы Президентінін қызметінде болу мерзімін
есептеудің басы болып табылады Соңьшан, 1998 жылғы 7 қазандағы
Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға
дейін ұзартылды.
Демек, Президент мемлекеттік биліктің шыңы. Қазақстан Республикасынын
Президентін биліктің төртінші тармағы ретівде қарауымыздың мәні мынадд. Шын
мөнінде Президент барлык билік тармақтарынан окдіау тұр. Себебі
конституциялық тұжырымдарға сәйкес ол — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық катынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ен жоғарғы
лауазымды тұлға. Атқарушы билікті тікелей жүзеге асырмаса да ол еліміздің
билік құрамындағы ең ірі тұлға. Олай дейтініміз атқарушы билікті жүзеге
асырушы Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында
жауапты және ол өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы
шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін кызметтен босатуға хақылы.
Сонымен бірге Конституциянын 40-бабының 3-тармағына сәйкес Республика
Президенті мешіекетгік биліктің барлық тармағьшың келісіп жұмыс істеуін
және екімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, ол—халық пен мемлекеттің билік бірлігінің, Конституцияның
мызғымастығының адам және азамат кұкықтары мен бостандықтарынын нышаны әрі
кепілі (40-баптың 2-тармағы). Бұл жорамалымыздың дұрыстығына Президенттің
атқарушы өкілеттілігі айғақ.
Президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабында
көрсетілген міңдеттерді орындауы үшін қажетті кең өкілеттіктер берілген.
Президент атқарушы билік саласында:
Парламенттің келісімімен Республика Премьер-министрін қызметке
тағайындайды; оны кызметінен босатады; Премьер-министрдің ұсынуьшен
Республика Үкіметінін кұрьтлымын белгілейді; оның мүшелеріы кызметке
тағайындайды және қызметтен босатады; Республиканың Үкімет құрамына
кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады, кайта құрады;
Үкімет мүшелерінін антын қабылдайды; Үкіметтің аса маңызды мәселелер
бойьшша отьфыстарында төрағалық етеді; Үкіметке Зан жобасын Парламент
Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметінің және облысташ,
республикалык маңызы бар қалалары мен астанасы әкімдерінің актілерінің
күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; Республика Премьер-
министрінің ұсынуымен Республиканың мемлекеттік бюджеті есебінен ұсталатын
барлык органдардың кызметкерлеріне арналған қаржыландыру мен еңбекақы
төлеудін бірьщғай жүйесін бекітеді; Республика Президенті өз бастамасы
бойынша Үкіметтің өкілеттігін токтатуға шешім қабылдауға және оның кез
келген мүшесін қызметтен босатуға қақылы. Президент өкілеттіктерінін келесі
топтамасын оған Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген заң
шығару өкілдіктерін құрамды. Ол екі жолмен жүзеге асырылады:
1) Заң шыгару. Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-
тармағына сәйкес Парламент Президентке оның бастамасы бойынша, әр Палата
депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын
мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы.
2. Заң күші бар Жарлықтар шығару. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасы
Конституциясы 61-бабының 2-тармағымен белгіленген. Заң шығару құкуғының
берілуі Қазақстан Республикасы Президентінің норма белгілеушілік кызметінін
басты нысандары емес.
Сонымен қоса Президент Конституция мен зандар негізінде және оларды
орындау үшін Республиканъщ бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен
өкімдер шығарады.
Қазақстан Республикасы Президентінің кандидаттығына мынадай катаң
талаптар койылады: Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан
Республика азаматы, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі
Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұратын, әлде бір діннің қызметкері
емес, заңмен белгіленген ретте өтелмеген соттылығы жоқ және сайлау құқығы:
мемлекеттік органға және жергілікті өзін-өзі басқару органына сайлауға және
сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азамат
қана сайлана алады. Бір адам қатарынан екі реттен артық Президент болып
сайлана алмайды.
Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес
жалпыға бірдей, тен және төте сайлау кұқығы негізінде Республиканың
кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге
сайлайды Бұл сияқты мөліметтерді Қазакстан Республикасы Президентінің 1995
жылғы 28 қыркүйектегі конституциялык заң күші бар Қазакстан
Республикасындағы Сайлау туралы Жарлығынан, 1998 жылғы 7 қазандағы
Конституцияға өзгерістер мен толыктырулар енгізу туралы Заңынан алуға
болады. Демек, Президентті сайлау жалпы сайлау сияқты Республиканың Орталык
сайлау комиссиясының басшылығымен жүргізіліп, өткізіледі. Дауыс беруге
қатысқан сайлаушылардың елу процентінен астамының дауысын алған кандидат
сайланды деп есеіггелінеді. Егер кандидаттардың бірде бірі керсетілген
дауыс санын ала алмаса, кдйтадан дауысқа салынады, оған кеп дауыс алған екі
кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көбісінің дауысын
алған кандидат сайланды деп есептеледі (Конституцияның 41-бабының 5-
тармағы).
Президентке ешкімнін, тиісуіне болмайды, яғни оны қандай да бір
жауапкершілік түріне тартуға, ұстауға, қамауға, тінтуге және т.с.с.
болмайды.
Республиканың Президенті өзінің міндеттерін аткару кезіндегі қылмыстық
іс-әрекеті үшін тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап
береді. Айып тағу және оны тексеру туралы шешім Мәжіліс депутатгарының
кемінде үштен бірінін бастамасы бойынша депутаттардың жалпы санынын
көпшілігімен қабылдануы мүмкін. Тағылған айыпты тексеруді Сенат
ұйымдастырады. Бүл мәселе бойынша түіжілікті шешім айып тағудың негізділігі
туралы Жоғарғы Сот қорытындысы және белгіленген конституциялық рәміздердің
сакталғаны туралы Конституциялық Кеңестін қорытындысы болған жағдавда әр
Палата депутаттары жалпы санының кемінде терттен үшінін көшпілік дауысымен
Парламент Палаталарының бірлескен отырысында кабылданады. Республика
Президентіне мемлекетке опасыздык жасады деп тағылған айьштың қабылданбауы
оның кай кезеңінде де осы мәселенің қаралуына себепші болған. Мәжіліс
депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына әкеліп соғады.
Президент науқастығына байланысты өз міндеттерін жүзеге асыруға
кабілетсіздігі дендеген жағдайда қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы
мүмкін. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және
медицинаның тиісті салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады.
Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарының бірлескен
отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық
рәсімдердің сакталғаны туралы Конституциялық Кеңес корытындысы негізінде әр
Палата депутаттары жалпы санының кемінде төртген үшінін көпшілігімен
кабылданады. Парламент — Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін
жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты
негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалык, маңызы бар каладан және Қазақстан
Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстьщ, республикалық
маңызы бар қаланың және Республика астанасьшың барлық өкілді органдары
депутаттарының бірлескен отырыстарьшда сайланатын депутаттардан құралады.
Сенаттьщ жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзімше Республиканың Президенті
тағайындайды. Сенат депутатгары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын
дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл
азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл
жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не
Республика астанасынын, аумағында кемінде ұш жыл тұрақты тұрған азаматы
алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады.
Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Президентінің
ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫ
Атқарушы биліктің құрылымы
Заң шығарушы билік органдары
Жергілікті атқарушы билік органдары
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Орталық атқарушы органдар
Атқарушы билік органдары
АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі
ҚР – сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі
Пәндер