Давид Ливингстонның зерттеулері


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
- Давид Ливингстонның зерттеулері . . . 5
- Генри-Мортон Стенли зерттеулері . . . 9
- Егор Петрович Ковалевский зерттеулері . . . 15
- Василий Васильевич Юнкер зерттеулері . . . 19
- Елисеев Александр Васильевичтің зерттеулері . . . 24
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Африка материгі Европа мен Азия сияқты «ескі дүние» деп аталынғанымен көп ғасырлар бойы европалықтар үшін жұмбақ болып келді. Оған себеп - материктің солтүстігі құмды шөл болғандықтан европалықтардың оны басып өтуіне батылы бармады, ал батыс жағалары болса тік жарлы, кеме тоқтауға қолайсыз болды.
Европалықтарға қарағанда Африканың жағалаулары мен біраз ішкі бөлімі біздің дәуірімізден бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген Египет, Финикия, Греция және Аравия елдеріне белгілі болғанды-ды.
Египеттіктер өздері тұрған жерінен оңтүстікке және оңтүстік-батысқа өтіп, ішкі Африкадан қара құлдар мен көптеген мал айдап келіп жүрді. Солтүстік-шығысында Қызыл теңіз арқылы Сомали түбегіне дейін келіп одан сол кезде қымбат бағаланатын хош иісті смола алып қайтатын болған.
Аравия түбегінің Жерорта теңіздік жағалауында өмір сүрген Финикия мемлекеті мәдениетті Египет пен Вавилонияның арасында орналасқандықтан екеуімен бірдей тығыз байланыста болды.
Осындай Египет пен Вавилония мемлекеттеріне алтын, мыс, қалайы сияқты түсті металдар және тегін жұмыс істеттіретін құлдар керек болды. Ондай товарларды табу үшін финикиялықтар саяхатқа шығып бірте-бірте Жерорта теңізіндегі аралдарды өзіне бағындырды, одан әрі Атлант мұхитына шықты.
Финикиялықтар кейінірек Қызыл теңіз арқылы Үнді мұхитына шығып, одан Атлант мұхитына өтіп, ақыры Жерорта теңізі арқылы Африканы айналып шықты деген де пікір бар.
Ертедегі гректер өз заманыныда Европа мен Азияның біраз жерлеріне саяхат жасағанмен Африкаға өте алған жоқ. Тек біздің дәуіріміздің I ғасырында Диоген Грек Индиядан қайтып келе жатқанында жел оны ығыстырып Экваториялық Африканың жағасына алып барады. Ол еліне қайтып келгеннен кейін материктің ортасында екі үлкен көл, басын қар басқан биік тау бар деген пікір айтты. Көп ғасырларға дейін осы тау Африка карталарының ортасынан орын алып келді, Ніл өзені осы таудан басын алады деген пікір болды.
Біздің дәуіріміздің XII ғасырынан бастап арааптар төңірегін жаулап алып, ислам дінін тарата бастады. Олар Африкаға да өтіп Египетті және Африканың бүкіл Жерорта теңіздік жағасын өзіне қаратты, одан әрі Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитына шықты. Сөйтіп арабтар Европа мен Оңтүстік Азияның арасындағы сауда жолының кілтін өз қолына алды. Ал XIII ғасырдың ішінде Тынық мұхиттағы Комор, Мадагаскар аралдарын ашты, одан материкке өтіп, оның жағаларына сауда орындарын салды.
Европалықтардың африка жағалауына келуі XV - XVI ғасырдағы Ұлы географиялық ашылулармен байланысты еді. XIX ғасырдың ғасырдың ортасында атақты саяхатшы Д. Ливингстон Африкада 30 жылдай уақыт болып оның көптеген жерін зерттеп шықты, өз өмірін Африканың ашылмаған жерін зерттеуге сарып етті.
Сөйтіп XIX ғасырдың аяғына дейін Африка материгінің көпшілік бөлімі зерттеліп болды. Ақыры бұл зерттеулердің нәтижесінде материк европалық мемлекеттердің бөлісіне түсті.
Африка метеригі ерте уақыттардан бастап-ақ өзіне орыс оқымыстыларның да көңілін аударған болатын. Сондықтан орыс оқымыстылары да Африканы зерттеуге аралысып, дүниежүзілік ғалымға өздерінің қоса білді. XIX ғасырдың екінші жартысында орыстың көптеген ғалымдары Африкада болып оның белгісіз жерлерін зерттеп ғылымға зор үлестерін қосты. Солардың ішінде өздерінің ғылыми - зерттеу еңбектерімен ерекше көзге түскендер В. В Юнкер мен А. В Елисеев болды. Ал XX ғасырдың басында Африканы зерттеуге көптеген орыс ғалымдары қатнасып, олар да европалықтар болған жерлермен жүріп, ғылымға керекті ботаникалық, зоологиялық, этнографиялық т. б. бай материалдар әкелді.
Бұл қысқаша шолуда көп уақыттар бойы жұмбақ болып келген ішкі Африканы зерттеуге қатысқан көрнекті саяхатшылардың аттары аталады. Мен солардың ішінен өзінің 30 жыл өмірін сарып еткен, ғылымға зор үлес қосқан Д. Ливингстонның және отарлық мақсатпен жүргізілген Г. Стенлидің саяхаттарына жеке - жеке тоқталамын. Сол сияқты, ауыр жағдайларды бастарынан кешіріп, дүниежүзілік ғылымға өздерін таныта білген А. В Елисеевтің саяхаттарына шолу жасаймын.
1. Д. Ливингстонның зерттеулері
Давид Ливингстонның аты да, өмірі де Африкамен тығыз байланысты.
Ливинстонның балалық шағы ауыр еңбекпен басталды да, өмірінің ақыры Орталық Африканың меңіреу түкпірінде қайғымен аяқталды.
Давид 1813 жылы англиядағы Глазго қаласының маңында шай сатушы ұсақ саудагердің семьясында туды. Ливингстонның семьсы кедей тұрды, сондықтан Давид оқу оқи алмай 10 жасында тоқыма фабрикасында жұмысқа кірді.
Давид жұмыс істегенмен білімсіз болған жоқ. Ол жұмыс істеп жүріп кешкі мектепке қатынасы, өз бетімен көп оқыды, сонымен қатар табиғатқа құмартқандықтан жиі-жиі экскурсияға шығып, коллекциялар жинайтын болды.
Англия фабрикаларында жас өспірімдердің жұмыс істеуі өте ауыр болатын. Жұмыс күні ертеңгі сағат алтыда басталып, кешкі сағат сегізде аяқталды. Сонда тамақтануға бір сағат берілді де, жұмыс он үш сағатқа созылды.
Жас Давид осы он үш сағат бойы үзілген жіптердің ұшын байлап, станоктың артынан зыр жүгіріп жұмыс істеді. Ол оқуға өте құмар болды, сөйтіп, ілгерінді-кейіндіжылжып тұрған станоктың қасында жұмыс істеп тұрып-ақ оқи беретін.
Бұл әдіс келешек саяхатшыны әр құбылысқа ұқыптылықпен қарап, үлкен зер салуға баулыды. Мысалы, Ливингстон жасаған саяхаттары кезінде өзенді кешіп өтіп келе жатып-ақ оның тереңдігі мен енін өлшей қояды. Тауға көтеріліп келе жатқанда, қалың ойда болса да, кенеттен аттаған адымын санап өрдің ұзындығын өлшейді, ұшып келе жатқан бір топ құсты көрсе, оларды тез санап жалпы санын біледі.
Жас кезінен бастап-ақ табиғатқа әуестенген Ливингстон алыс жерлерге саяхат жасауды арман ететін.
Алғашында Қытайға бармақшы болып жүрген кезде Ливингстон Оңтүстік Африкадан келген Роберт моффат деген адаммен танысты. Р. Моффат көп уақыт бойы Африкадағы миссионерлік қызметі туралы, оның тамаша табиғаты мен халқының әдет-ғұрпы туралы айтқан әңгімелері Ливингстонды қызықтырды. Саяхатқа, әртүрлі кездейсоқ уақиғаларға зер салатын Ливингстон көп ойланып тұрмай-ақ Африкаға баруға бел байлады да, солай қарай жүретін бірінші кемемен жолға шықты.
Англиядан Африкаға дейінгі жолда өткізген үш ай уақытта Давид тегін жібермей, кеме үстінде келе жатып асторномиялық аспаптармен, теңіз үстінде болып тұратын құбылыстармен танысты. Ал уақыт өткен соң аспаптарды пайдалана отырып әртүрлі есептеулерді өте дәлме-дәл шығаратын болды. Бұл ғылым және әртүрлі жаттығу оның келешек саяхаттарында үлкен көмек көрсетті.
1841 жылдың мамырында Ливингстон Африканың оңтүстігінде Элизавета портынан кемеден түсіп, Элизавета портынан кемеден түсіп, біраз даярлықтар жасағаннан кейін солтүстіктегі Куруман қаласына қарай бет алды. Бұл жерлер Африканың оңтүстігіндегі Кап облысы еді.
Ливинстон Кап облысынан Моффат айтқан сұлу табиғатты көре алмады. Оның көргені кәдімгі сирек шөпті дала мен тау алқаптарындағы аласа бойлы бұталар болды.
Ливинстон осы он жыл ішінде миссионерлік қызметінен бірге бечуандардың тілін үйренді, тұрмыс-халдары, әдет ғұрыптарымен танысты.
Бечуандар - сом денелі, шашы бұйра қараторы адамдар. Киген киімдері де өте жәй, еркектері тек беліне тері байлап жүреді, әйелдері қысқа алжапқыш немесе өте қысқа киім киеді. Суық уақыттары еркектері де, әйелдері де теріні жамылып жүреді.
Бчуандардың негізгі байлығы - мал. Малды еркектер бағады, солар сауады. Әйелдердің малға жақындауға еркі жоқ. Әйелдер үй шаруашылығы, бау-бақшамен шұғылданады.
Ливингстонның өз басы бечуандар арасында зор даңққа ие болды. Ливингстон миссионерлік қызметпен бірге жергілікті халықтарға хат-сауат үйретті, өзі дәрігер болғандықтан оларды емдеп отырды, бечуандарға әртүрлі кеңес беріп, араласып кетті.
Ливигстон Оңтүстік Африкада өткізген осы 10 жыл ішінде Калахари шөлінің солтүстігінде үлкен көл бар, оның байлығы адам айтқысыз мол деген әңгімелерді сан рет естіген болатын. Енді қайткен күнде сол жерлерге баруға асықты.
1849 жылдың маусымында керуен солтүстікке қарай бет алды. Керуен алғашында құрғақ өзен аңғарын бойлап жүріп отырды. Біраздан соң экспедиция Калахари шөліне ілінді. Сусымалы бос шағылға малдың аяғы, арбаның дөңгелегі батып жүруге бөгет жасады. Адамдар мен көліктер судан тарыға бастады. Қыс айының ортасы болуына қарамастан, күн сәулесінің қыздыруы сондай, шөптердің жапырағы қурап үгіліп түсіп жатты, шөпке тиіп кетсе не ұстаса болғаны үгіліп, шаң болып ұшып кетеді. Осындай құрғақшылыққа қарамастан Калахари жануарларға кедей емес. Шексіз құмның үстінде жүрген үйір-үйір киіктер жиі кездеседі. Олар тұйақтарымен құмды қазып жіберіп, құм астындағы ылғалды өсімдік тамырларымен қоректенеді. Африканың кейбір шөлге бейімделганжануарлары осындай әдіспен қоректеніп, бірнеше ай су бой ішпей жүре береді.
Калахари оңтүстік шығыс пассатының әсері көп тиеді, бірақ шығыстан қоршаған тау жоталары ылғалды ұстап қалып Калахаридің ішкі бөліміне құрғақ, жылыжел ғана өтеді. Оның есесіне жаз айларында Калахари үстінде жергілікті ауа қысымының әсерінен бұлт жоғары көтеріліп нөсер жауып тұрады. Мұндай нөсерлер ұзаққа созылмай тез жауып өтеді, оның тағы бір ерекшелігі әр уақытта бір мезгілде не түстен кейін, не түнде жауады. Ондай нөсер көп жерді қати алмайды. Жауын -шашынның түсу мөлшері біркелкі емес. Орта есеппен жылына 250 мм жауын-шашын түседі десек, кейбір жылдарда артып кетеді, кейбір жылдарда құрғақшылық болады. Жауын-шашын аз блғандықтан бұлтты күндер аз, ал қыс айларында мамырдан қарашаға дейін аспан мүлдем бұлтсыз болады.
Калахари басқа шөлдердегідей өсімдікке кедей емес. Құмның бетін аласа бойлы шөптер мен бұталар басып жатыр. Бұта ағаштары тұтас емес, шоқ-шоқ болып кездеседі.
Осы жоғарыдағы айтылғандардан Африканы зерттеп білуде Ливингстонның сіңірген еңбегінің қаншалықты пайдалы болғанын білеміз. Тек Ливингстонның саяхаты кезінде және одан да кейін де Африканың ішкі бөлімімен толық танысуға мүмкіндік туды.
Сонымен қатар Ливигстонның Африка халықтарының шын досы болды. Ол африкалықтардың мәдениетінің кейін қалғандығын көріп қиналды, оларға көмектесу керек екнін айтты.
Африкалықтардың христиан дінін қабылдамағанмен Ливингстонның медициналық көмек алды, өздеріне ұнаған европалық мәдениетті қабылдады.
Ливингстон жан түршігерлік құл саудасына қарсы күресті. Ол үшін Африкаға Англия товарларын әкеліп, ағылшындарды қоныстандырмақшы болды. Бірақ, империалистер өз дегенін істеп, Африкаға бөліске салды.
Ливингстон өлгеннен кейін оның еңбектері екі кітап болып басылып шықты. Бұл еңбектердің ішінде саяхатшының жүрген жерлерінің жаратылыс жағдайы, халқының тұрмыс халі, әдет ғұрпы суреттелген. Уақиғаның бұдан бір ғасырдай бұрын болғанына қарамастан, Африканың сол кездегі өмірі жөнінде білгісі келгендер бұл еңбектен аз да болса мағлұмат алуға болады.
2. Генри-Мортон Стенли зерттеулері
Генри-Мортон Стенли (бала кезіндегі шын аты Джон) - Африканы зерттеуші саяхатшылардың ішіндегі көрнектілерінің бірі. Стенли өзінің саяхат жөнінен ұстазы Д. Ливингстон көп әрекет жасап, бірақ арманына жете алмай кеткен Африканың жүрегіне баратын су жолы қатынасын ашып, өз атын тарихта қалдырды.
Д. Ливингстон сияқты, Стенлидің де балалық шағы қайғы-қасіретпен басталды, бірақ өмірінің ақыры байлық, молшылықта өтті. Кішкентай Джон бір жасқа толмай өзін тәрбиелеп жүрген үлкен атасынан айырылды.
Ешбір жерден пана таба алмаған Джон Англияның порттарындағы матростармен танысып, ақыры бір кемеге кают-юнга болып орналасты, сөйтіп Солтүстік американың оңтүстігіндегі Жаңа Орлеон портына келді. Осы қалада ол Г. Стенли деген ауқатты адаммен танысып, ақыры соған бала болуға көнеді де, Генри-Мортон стенли деген жаңа атқа ие болады.
Стенли Занзибарға келіп, экспедиция даярлап алды да жоға шықты. Экспедиция Багамойодан шыққанда құрамында 356 адам болды. Саяхатшылар толып жатқан жүктен басқа, бөлшектенген «Алиса» атты қайық алып жүрді.
Экспедиция ешбір қиындықсыз Виктория көліне келді. Стенли қайықпен көлдің оңтүстігінен солтүстігіне дейін барып бірнеше жерде жағаның ендігі мен бойлығын анықтады, көлдің тереңдігін өлшеді, әртүрлі бақылаулар жүргізді.
Виктория көлемі жағынан Африкадағы ең үлкен көл. Оның ауданы 6800 шаршы километр. Бірақ онша терең емес, ең терең жерлері 80 метрден артпайды. Көлдің ортасында бірнеше аралдар бар, жағалары тілімделген, бірақ басқа көлдер сияқты онша биік емес. Көлдің жағасын тропикалық орман қоршап жатыр. Виктория бір кезде ұйқы ауруының орталығы болды. Қазірде дәрігерлік жәрдем көрметілетіндіктен адам шығыны көп азайды.
Көл экватордың үстіндегі жаңбыр көп, тропикалық ауданда орналасқандықтан, оған көптеген ұсақ өзендер келіп құяды, сонымен қатар Ніл өзінің бір саласын осы көлден алады.
Стенли көлді зерттеп болған соң, оның солтүстік-батысында орналасқан Уганда еліне келді. Уганда кәзіргі кезде Англияға қарайды. Оның 5 миллионға жуықхалқы бар. Халқының негізгі шаруашылығы мақта, кофе, темекі, қант құрағы т. б. мұнда мал шаруашылығы жақсы дамыған. Жерінде алтын, қалайы кендері мол.
Стенли Уганданың көсемі жақсы қарсы алып, оған өзінің Европамен байланыс жасауға ынтық екендігін білдірді, егер керек болса христиан дінін қабылдайтынын да айтты. Мұны істеген Стенли миссионерлер жіберіңдер деп Англияға хат жазды. Англия үкіметі бұл хатты алысымен өзінің миссионерлерін жібере бастады, оны естіген Франция католик адамдарын аттандырды. Ал осы кеззде Угандаға арабтар келіпислам дінін уағыздай бастаған болатын, тіпті кейбіреулер мұсылман дініне кітап құран аудара бастаған.
Стенли Угандадан шығып Танганьикаға қарай бет алған жолында Эдуард көлін ашты. Ол Семенки өзені арқылы көлімен жалғасып жатыр екен.
1876 жылдың қазан айында Стенли Луалаба өзеніне келді. Оның ойы осы жерден жоғары көтерілмекші. Бұл жерлерге Ливингстон мен Камерун да келіп, бірақ ілгері өте алмады. Стенли келген соң құл сатушы басшыларға көп ақша төлеп экспедицияны қорғайтын қарулы адамдар жалдап алды да, өзенді өрлеп жүре берді.
Біраз жүрген кейін, бүкіл Конгоның бассейнің қамтып жатқан ит тұмсығы өтпейтін тропикалық орман басталды. Мұнда биіктігі 55 метрге, жуандығы 3 метрге жететін ағаштар өседі. Олардың арасында аласа бойлы бұталар да кездеседі. Ағаштардың бір-брімен жалғастыра қалың шырмауық басқан. Экспедицияның өтуіне бұл жерлер көп кедергі жасап отырды. Аяқ астындағы жапырақтардың, қурап түскен бұталардың көптігінен аяқ алып жүрудің өзі үлкен күш, оның үстіне, дауыл немесе найзағай құлатқан алып ағаштардың шірінді денесі адам өте алмайтын биік қорған жасайды.
Конгоның бассейнін қамтып жатқан тропикалық орман дүние жүзіндегі жаңбыр көп жауатын аудандардыңбірі. Бір жылдың ішінде 9 ай бойы нөсер құйып тұрады. Атлант мұхитынан соғатын оңтүстік-батыс желі өзімен бірге мол ылғал алып келіп, Африканың осы орталық бөліміне қалдырып кетеді. Мұнда ұзақ уақытқа созылатын жаңбыр да жиі-жиі жауып тұрады. Мысалы, керуеннің алды күнге қыздырынып жайма-шуақ келе жатса, арты жаңбырдың астында қалып, суға малшынып азап шегеді
Тропикалық орман ішінде жыртқш аңдар мен сайраған құстар топ-тобымен жүреді, бірақ оларға жақындап бару мүмкін емес. Адам қаншалықты еппен жүрдім дегенмен қалың орман ішінде дыбысын білдіріп алады. Мұндай дыбысты сезген жануарлар тезірек басқа жаққа ығысып, маймылдар болса тығылып қалады. Адам жүре алмайтын қалың орман ішінен зор денелі, ебдейсіз пілдердің қиындықсыз тез өтіп кететіндігі теңқаларлық нәрсе.
Экспедиция Арувими өзені келіп құятын жерге келгенде бір топ қарулы адамдар бұларға шабуыл жасауға ыңғайланды, бірақ Стенлидің адамдары бірнеше мылтық атқаннан кейін олар бет-бетімен қаша жөнелді.
Арувимиден кейін өзен алғашында солтүстік-батысқа, одан соң тіке батысқа бұрылды. Осы аудандардағы жергілікті халықтар өзенді «Конго» деп атайды екен. Енді Стенлиге оның жүзіп келге нөзені Луалаба Конгоның бір бөлімі екендігі анық болды. Жергілікті халықтардың ұстап жүрген португалдық мылтықтарына қарағанда, өзен сағасының жақын екендігі байқалды.
Конго - Африка өзендерінің ішінде суының молдығы жағынан бірінші орын алады (бассейні 369 км), ал ұзындығы жағынан Нілден қысқа. Конгоның басын өзімізге белгілі Ливингстон зерттеп шыққан Бангвеолодан шығатын Луапула деп есептесе оның ұзындығы 4600 км. Ал кей уақыттарда оның басын Луалаба өзенінен бастап есептейді, онда Конгоның ұзындығы орташа есеппен 4000 км. шамасында. Конго алғашында тіке солтүстікке қарай ағып, одан солтүстікке-батысқа, бірте-бірте тікелей батысқа, ақыры келіп оңтүстік-батысқа бұрылады. Конго орта ағысында экваторды екі рет кесіп өтеді.
Конго жауын-шашыны көп экваторлық облыстардан ағып өтетін болғандықтан оның суы да мол және суы көп бірнеше өзендер келіп құяды. Олардың ішіндегі ең ірілері Убанги, Ару ими, Кассаи бағы басқалар.
Стенлидің экспедициясына мұхитқа жақын жердегі, кейін Ливинстон құлама суы деп аталынған, құлама сулар мен шоңғалдардың өтуүлкен күшке түсті. Барлық жүктерімен қайықты қалың орман басқан жағамен сүйреуге тура келді. Жолда биік жоталы таулар да кездесіп отырды. Халықтар өте кедей тұрады, сатып алуға тамақ таба алмайадамдар тарықты. Мүлдем жүруге шама болмаған соң экспедиция тоқтап дем алуға ұйғарды, сөйтіп Стенли мұхит жағасындағы Бома қаласына хат жазылып көмек мұрады. Ол кезде Бомада ағылшындар тұрушы еді, олар көмек жіберіп экспедицияны ажалдан құтқарды.
Сөйтіп Үнді мұхитының жағасынан шыққан экспедиция 1877 жылы 9 тамызда екі жыл 9 айдай уақыт өткен соң Атлант мұхитының жағасына келіп аяқталды. Алғашында шыққан 356 адамнан 109 адам ғана тірі жетті. Бұған қарамастан экспедицияның география ғылымына қосқан үлесінің зор маңызы бар.
Осы саяхатты кезінде Стенли Виктория көлін зерттеп, Эдуард көлін ашты. Ең негізгі мәселе, Ливингстоннның талай әрекет етіп, бірақ шеше алмай кеткен мәселесі, Луалоабаның Конгамен байланысы осы жолы ашылып анықталды.
Тағы бір еске алатын нәрсе, Стенлидің осы саяхаты Европалық елдердің Африканы бөліске салуына негіз болды.
Стенли Европаға келісімен оны Бельгияның королі Леопольд өзіне шақырып алып қайтадан Конгоның сағасына баруды ұсынды. 1876 жылы Лоепольдтың ұсынысы бойынша Бруссель қаласында халықаралық географиялық конференция өткізілген болатын. Конференцияда Африканы әр жақты зерттеу жергілікті халықтарға мәдениет пен білім беру қабылданған. Бұл тек көз алдау еді, королдің негізгі мақсаты Конгоның бассейнін жаулап алу болатын. Ол өз ойын орындау үщін Стенлидің пайдаланғысы келді де Стенли оған қарсы болған жоқ.
Стенли Конгоның сағасына жақсы жабдықталған бірнеше экспедициямен келді де «Конгоның ерікті мемелекеті» деген атпен Бельгияның мекемелерін құра бастады. Жергілікті халықтардың көсемдері бұл мекемелерді танып, оған тиісті көмектерін беріп отыруға міндетті болды. Стенли көсемдерді бұл іске алдап-арбап, өтірік шарттар жасап көндірді.
Стенли «Конгоның ерікті мемлекетінде» 5 жылдай тұрып, бірнеше қалалар, жолдар, көпірлер салдырды. Барлық жұмысқа жергілікті халықтарды пайдаланып, көнбегендерін аяусыз жазалап отырды. Ақыры «Конгоның ерікті мемлекеті» Бельгияның отарына айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz