Африканың өзендері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
  1. Жоспар:

І . Кіріспе.

ІІ. Африканың ішкі суларына сипаттама беру.

ІІ. 1. Африканың жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздері.

ІІ. 2. Африканың өзендері.

ІІ. 3. Африканың көлдері.

ІІ. 4. Африканың жер асты суларына сипаттау.

ІІІ. Қорытынды.

VI. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

І . Кіріспе .

Африка -оңтүстік жарты шардағы материк. Африканың экватор дәл ортасынан кесіп өтеді. Екі тропик шеңберінң аралығында орналасқындықтан, материкке күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік және оңтүстік шеті ғана суьтропиктік белдеуге енеді. бастапқы метидиан Африканың батыс жағынан өтеді. Материктің пішіні оңтүстікке қарай сүйірене түседі. Африканың географиялық орнынн аталған ерекшеліктері оның табиғатың оңтүстік жараты шар мтериктеріне ұқсамайтын өзіндік сипатын қалаыптастырады. Африканың еуропадан онша терең емес әрі енсіз Гибралтара бұғазы мен Жерорта теңізі бөліп тұр. Солтүстік-шығысында оны енсіз Суэц мойнағы Еуразия материгімен жалғастырады.

Африка құрлық ішкі суларының жылдық ағыны мөлшері( 5400 км 3) бойынша Еуразия мен Оңтүстік Америкадағы кейінгі орында тұр. Өзен-көл жүйесі біпркелкі таралмаған. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығысында жағалауында жиі . Шөлді аудандарда әсіресе Сахарадағы климаттың ертеде ылғалды болғандықтан аңғартатын құрғақ өзен арналары ( вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері Нілд (6671 км) дүниежүзінлік су ұзындығы Конго, Замбези, Нигер, Оранж өзендері. Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көптеп кездеседі. Замбези өзенінің бойындағы атақты Виктория сарқарамасы көптеп кездеседі . Құрлық тағы өзендердің гидроэнергия мүмкіндігі өте жоғары. Құрлықтың шөлді және шөлейтті аудандарда жер асты суларының мол қоры табылған. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африкада көлдер негізінен тектоникалық жарықтарда орналасқан. Олардың ірілері Виктория, Танганьика, Ньяса, Чад.

Солтүстік Африка мен Оңтүстік еуропаның оңтүстік Азияның өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің зор ұқсастығы, олардың бір-біріне жақын орналасуына байланысты. Мұндай жақындық Солтүстік Африка халқынаң құрамына, оның мәдениетіне, тіліне әсет еткен. Африканың басқа материктен ұлан байтақ мұхиттар бөліп тұрады.

Африканың жер бедері салыстырмалы түрде біркелкі. Материктің көпшілік бөлігін гондваналық ежелгі плптформа экватордан солтүстік-батысқа қарай орналасқан бөлігі аласа, оңтүстік -шығысы көтеріңкі болып келеді. Сондықтан абсолютік биіктігі 200-ден 100 м-ге жететін жазықтар, қыраттар, үстіртер мен таулы үстіртер басым болады. Африка платформасының түрлі бөліктерінде ұзақ уақыт бойы бірде көтерілу, бірде төмен түсуқозғалыстары болып отырған. Соның нәтижесінде плптформаның негізін құрайтын ежелгі кристалды жыныстар көтеріліп, жақпарлы-қатпарлы қалдық таулар мен Аир, Дарфур тәрізді үстірттер қалыптасты . Олардың кейбіреуі жақпарлы, ірі тік жарлы Сахарадағы Ахагтар және Тибести сияқты таулы қыраттарға айналған. Платформаның майысып, төмен түскен бөліктерін ұзақ уақыт бойы теңіз басып жатқан. Сондықтан мұндай ойыстарда теңіздік және континенттік шөгінділер жиналып, беті тегіс ірі қазаншұңқырларды қалыптастырған. М мтериктің шығысындағы ірі Мадагаскар аралы Африка плптформасының ертеректе ажыраған бөлігі болып табылады. Ойпаттар өте аз, олар материктің жағалық бөліктеріне сәйкес келеді. Кайнозой эрасында Африка-Арабия біртұтас литосфералық тақтасының Еуразия тақтасымен соқтығысуы нәтижесінде Арабия Африкадан бөлініп қазіргі Қызыл теңіздің табаны ашылған. Қызыл ьтеңізден басталған терең тектоникалық жарықтар жүйесі Ұлы Шығыс Африка жарықтары деп аталады.

Материк падйлы қазбаларға өте бай. Пайдалы қазбалар көпшілігінің қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының қатарына жатады. Олардың пайда болуы және орналасуы жер қыртысының құрылысы мен даму тарихына байланысты. Африка -ең ыстық материк, оны дәл ортасы арқылы экватор сызығы кесіп өтетіндіктен, Африка күн сәулесі үлкен бұрыш жасай түседі. Әсіресе екі тропик үстінде орналасқан кез келген нүктеде жаз кезінде Күн сәулесі дәл төбесінен тік түседі. Африка жерінің көп бөлігі экваторлық және тропиктік ауа массалары ықпалына болады, тек материктің қиыр оңтүстік және солтүстік жағалық бөлігінде салқан кезде батыс желдері алып келетін қоңыржай ауа массалары әсер етеді.

Африка құрлығында су көлемі (4600км3) бойынша 3 орында, Евразия мен Оңтүстік Америкадан кейінгі. Африканың су айрықтары алап шығысына орналасқан. Олардың көбі 1\3 -і Атлант мұхитына, 1\4 Үнді мұхитына, ең азы Жерорта теңізіне құяды. Африканың 1\3-ке жуығы тұйық алапқа жатады яғни су құмға барып сіңіп кетеді. Африкада ірі өзендер көп. Өзен торы материк территориясына әркелкі бөлінген. Бұл жер бедері мен климат жағдайларына байлансты. Жер бөлігін құрылысына, оның шығыс бөлігінің көтеріңкі болуына байланысты өзендердің көпшілігі атлант мұхитына құяды. Материк бетінің шамамен 1\3 бөлігінде мұхитқа құятын су ағыны жоқ, сондықтан бөлік ішкі ағын териториясына жатады.

ІІ. 1. Африканың жағалауын шайып жатқан мұхиттар.

Құрлықтың солтүстігінде жерорта теңізі, батысында Атлант мұхиты, шығысында Үнді мұхиты мен Қызыл теңіз сулары шайып жатыр. Солтүстік шығысында жіңішке Сузц мойнағы (112 км) арқылы азиямен жалғасады. Гибралтар бұғазы арқылы Еуропаның Пирений түбегімен бөлінген жағалауы нашар тілімделген көбінесе таулы тік беткейлі болып келеді. Ірі шығыанақтары Гвения, Сидра қолайлы қойнаулар аз. Ең үлкен түбегі Сомали құрлықтың шығысында Мадагаскар, Замбезибар Сокотра, Мафия, Пемба, Комар, Маскарен, және Сейшель аралдары, батысында - мадейра нашар Жасыл мүйіс, Гвения шығанағында Анабал аралдары орналасқан. Материктің батыс жағалауын Атлант мұхитының , ал солтүстік Атлант мұхитына енетін жерін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасында ені 12 км Гибралтар бұғазы жалғасуда . Ал материктің шығысы мен оңтүстік -шығыс жағалауында Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады. Африка жағалаулары онша тілімделмеген, көбінесе таулы, тік беткейлі, ал материк қайраң өтет жіңішке болып келеді. Материк жағалауында қойнаулар аз, ірі шығанақтары - Гвинея мен Сидра, ал шығыста ірі Сомали («Шығыс мүйіс») түбегі орналасқан. Ірі аралдардың көпшілігі Үнді мұхитына орналасқан, оларға Мадагаскар, Занзибар, Сокотра аралдары мен Сейшель, Маскарен араладарының тобы жатады. Африканың батысында Мадейра, канар, Жасыл мүйіс аралдары мен Гвенея шығанағының аралдары орналасқан.

Атлант мұхитының сулары Африканың батыс жағалауын шайып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы арқалы Гвинея жылы ағысы өтеді, оған солтүстіктен Канар суық ағысы жалғасады. Гвинея ағысы оңтүстіктен суық сулар өтеді, әкелетінБенгал суық ағысымен, араласып, тропик маңында күшін жояды.

Жылы және суық ағыстар түйісетін Жасыл мүйіс аралдары мен Ангола жағалауында мұхит суы тіршілікке өте бай. Атлант мұхитының суық және жылы ағыстар материк табиғатына түрліше әсер етеді. Мысалы, суық ағыстар өтетін тропиктік жағалық бөліктерде Оңтүстік Америкадағы Атакама шөлі қалаыптасқан . Ал жылы ағыс өтетін Гвенея шығанағы жағалауы африкадағы ең ылғалды жер болып табылыды.

Үнді мұмұхиты алабына ентін Қызыл теңіз тектоникалық терең жарықта орналасқан. Үнді мұхитының Арабия түбегіндегі мен Африка аралығындағы құрлық аралық теңіз жағалаулары Египет, Араб Республикасы, Судан, Эпиопия Йемен Араб Республикасы шектеледі.

Суэц каналы арқылы солтүстік жағалаулардағы Жерорта теңіздермен Баб-Әл- Мандеб бұғазынан Аден шығанағына және Араб теңіздеріне ұласады. Ұзындығы 1932 км, ені жері 305 км, ауданы 460 мың км су . Көл 251 мың км3, ең терең жері 3039 м, жағасы онша тілімделмеген. Ірі аралдары Бахлак, Фарасан, Суакин . Қызыл теңіз-дүниежүзінде ең жылы (32 0 С ) ең тұзды ( 41, 5 ‰) су айдындарының бірі . Суы негізінен көкшіл-жасыл түсті. Теңіз балдырлары теңіз суларына қызғылт рең бергендіктен “ Қызыл теңіз” деп аталып кеткен. Жануарлар дүниесінде дельфин, алып тасбақа және балықтың 400-ден аставм түрі кездеседі, маржан тастар алынады.

Басты порттары -Суэц (Египет), Порт-Судан ( Судан), Жидда ( сауда Арабия) Массауа ( Эфиопия), Ходейда ( ЙАР) .

Жерорта теңізі -Атлант мұхитының Еуразия мен Африка құрлықтары арасындағы теңіз. Гибралтар бұғазы арқылы Атлант мұхитының Босфор бұғазы арқылы Қара теңізбен Суэц каналы арқылы Қызыл теңізбен жалғасады. Ауданы 2505 мың2, орташа тереңдңгі 1499м. Ең терең жері 5121 м. Жерорта теңізінің Еуразиялық жағалаулары қатты тілімделген. Онда түбектер және аралдар бөлінген шағын Тирен, Алборан, Адрия, Эгей, және Кипр теңіздері орналасқан. Теңіз алабына Қара Азов Мәрмәр теңіздері де кіреді. Теңізге ірі Ніл, По, Рона, Эброл өзендері құяды. Жас альпілік геосинклинальді аймақта орналасуына байланысты, түпкі бедері күрделі.

Теңізде балықтың 550-дей түрі бар.

Ол -Дүниежүзілік мұхиттың ең жылы және тұзды бөлігі, бұған теңіздін екі материкттегі тропиктік шөлдер аралығында орналасуы және теңіз түбінде тұзды көлдердің болуы әсер етеді. Теңіз жағалауында маржандық құрылымдар (жылы, таяз теңіз суларында бекініп тіршілік ететін омыртұасыз жәнжіктер тобы) көп жинақталып, кеме қатынасына кедергі келтіретін маржан рифтері қалыптастырады. Теңіз аты онда тіршілік ететін ұсақ балдырлардың қызыл қоңыр түсіне байланысты қойылған.

Үнді мұхитының Сомали түбегінде жағалауында Мадагаскар араладрының солтүстігінен басталатын Сомали суық ағысы әсер етеді. Бұл жағалау экватор маңындағы орнына қарамастан, Африканың оңтүстік-шығысы Мозамбик және Мадагаскар жылы ағысының ықпалына болғандықтан, шығыс жағалауларда жауын-шашын біршама мол түседі.

ІІ. 2. Африканың өзендері.

Африкада ірі өзендер көп. Өзен торы материк территориясына әркелкі бөлінген. Бұл жер бедері мен климат жағдайларына байлансты. Жер бөлігін құрылысына, оның шығыс бөлігінің көтеріңкі болуына байланысты өзендердің көпшілігі атлант мұхитына құяды. Материк бетінің шамамен 1\3 бөлігінде мұхитқа құятын су ағыны жоқ, сондықтан бөлік ішкі ағын териториясына жатады. Африканың өзендері шоңғалды болып келеді, сондықтан тіпті ірі өзендердің бүкіл ұзына бойында кемелер жүзе алмайды. Олардың су энергиясының орасан зор қоры бар.

Африканың өзендер жүйесінің неғұрым жиі таралған жері экватор маңы мен материктің оңтүстік-шығыс бөлігі. Шөлді аймақтарда өзендер өте аз. Керісіеше, кеуіп қалған арналар уәдтер көп кездеседі. Олар сирек жауатын жаңбырлар кезінде ғана суға толады. Материк бетінің 1\3 бөлігі ішкі ағыстарға, қалғаны мүлдем ағынсыз. Өзендері негізінен жаңбыр суымен қоректенеді. Су режиміне байланысты Африка өзендері 4 типке бөлінеді: экваторлық, судандық, сахаралық, жерорта теңіздік.

Өзен типтері
Негізгі өзендері
Өзен типтері: Экваторлық
Негізгі өзендері: Конго
Өзен типтері: Судандық
Негізгі өзендері: Замбези, Сенегал, Гамбия
Өзен типтері: Сахаралық
Негізгі өзендері: Өзен ағыстары уақытшаөзендер:Ваадилер, уэдтер.
Өзен типтері: Жерорта теңіздік
Негізгі өзендері: Атлас және Кап тауларынан басталатын өзендер

Африканың негізгі ірі өзендері.

Африка
Ұзындығы
Алабының ауданы
Орта су шығыны
Африка: Ніл (Кагерамен бірге)
Ұзындығы: 6 671 км
Алабының ауданы: 2870
Орта су шығыны: 2260
Африка: Конго(Лаулабамен бірге)
Ұзындығы: 4320 км
Алабының ауданы: 3691
Орта су шығыны: 46000
Африка: Нигер
Ұзындығы: 4160 км
Алабының ауданы: 2092
Орта су шығыны: 9300
Африка: Замбези
Ұзындығы: 2660
Алабының ауданы: 1330
Орта су шығыны: 1600

Материкте ең ірі сарқырама -Оңтүстік Африкада орналасқан Тугела, оныңи біктігі 933 м. Материктегі ірі өзен жүйелеріне Ніл, Конга, Нигер, Замбези өзендері жатады.

Ніл- жер шарындағы ең ұзын өзен. Шығыс Африка таулы үстіртінен басталатын Кагера өзені Нілдің бастауы болып табылады. Ұзындығы 6671 км, алабы ауданы 2870 мың км 2 орташа су иағыны Асуыан маңына 2600 м 3 \с (әрі жылдары 500 м 3 \с -тан 15000 м\с -қа дейін) ауытқиды. Ніл өзені Виктори және тағы басқа көлдер арқылы ағып өтеді. Жерорта теңізіне барып құяды. Таулы үстіртен шыққанна кейін өзен аса кең жайпақ қазаңшұңқырларды басып ағады. аңғарларында кристал тау жыныстары ашылған жерлерде шоңғалдар падй болады. Осы аралықта өзенде көптеген шоңғалдар мен сарқырамалар бар. Бірнеше салаларды қосып алып, суы молайған өзен жазыққа шыққан соң Ақ Ніл деп аталады. Хартум қаласы маңында Эфиопия таулы қыратынан ағып шыққан Көк Ніл өзеніімен қосылып, Ніл деп деген жалпы атқа ие болды. Ніл орта ағысы кристалды жыныстар жауып жатқан үстірттер арқылы ағып, шоңғалды болып келеді. Асуан бөгеті салынғанан кейін өзен кеме қатынасына жарамды өзенге айналды. Төменгі ағысында Ніл баяулап, Жерорта теңізіне үлкен атырау жасап құяды. Бұл атырау жылдан -жылға өзен тасып әкелген жыныстар есебінен ұлғаюда. Ұзақ уақыт бойы Ніл өзені Сахара тұрғындары мен еуропалықтар үшін жұмбақ болып келді. Олар Сахара арқылы ағып өтетін Ұлы өзеннің қаншама су буланып, құмға сіңіп кетіп жатса да өзен алабына жаңбыр сирек жауса да, суының сарқыламайтына, керісінше жаздың аяғында аптап ыстықта Нілдің арнасынан асып тасыитындығы таңқалған. Ніл өзені жаңбыр көп жауатын экваторлық белдеуден кесіп өтеді. Оның деңгейін көл сулары да толықтырып отырады. Ніл өзені нің деңгейін сақтауда Эфиоофия таулы қыратының басталатын Көк Ніл жетекші орын алады. Бұл өзеннің жазда материктің шығысынан алып келетін мол суы Нілдің атырауына жаздың аяғы мен күздің басында жетеді. Ніл аңғарын адамзат ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Оның суы ежелден жер суаруға немесе кеме қатынасына халақты сумен қамтамасыз етуге балық аулауға пайдаланып келеді. Ніл аңғарында Египет халқының 97 %тұрады. Бірнеше бөгендер мен СЭС-тер салынған. (ең ірісі-Асуан СЭС-і ) кеме жүзетін су жолының ұзындығы 3000 км-ден асады. Жағалауында Хартун, Асуан, Каир, атырауында Александрия сулары орналасқан.

Конго (Заир) - Орталық Африкада Конга Демократиялық Республикасы, Конго республикасы ангола мемлекетерінің шектесетін жерінін бойлай ағатын өзен. Негігі бөлігі Конга Демократиялық Республика аумағында Африка өзендерінің ішінде ұзындығы жөніне екінші орында алабының ауданы мен суының молдығы жағынан Африкада бірінші, ал дүниежүзінде Амазонадан кейінгі екінші орында. Өзен бастауын Конга Демократиялық Республикасы елінің оңтүстік-шығысынан, Замбия елінің шекарасынан таяу орналасқан үстірттен алады. Өзеннің ұзындығы 4700 км. Су жиналатын алабы ның аумағы 3, 7 млн. км 2 жуық. Өзен сағасындағы жылдық орташа ағын 46 мың км 2 -ге м 3 \с. Кога өзені Солтүстік және Оңтұүстік жарты шарлар да ағадыда экватордан 2 рет кесіп өтеді. Атлант мұхитына құяды. Орталық бөлігінде Конго қазаңмұңқырында аңғарларының ені 20км -ге жетеді. . Төменгі ағысында Оңтүстік Гвения қыратының терең шатқалдармен ағып, көптеген шоңғалдар мен сарқыламалыр ( стэнли, ливингстонт. б. ) түзеді. Олар өзен сағасында жнткенде тарамдалып енді әрі терең эстуарий мен аяқталады. Басты салалары:Муфира, Лувуа, т Лукуга, Арувили, Итим бири, Убанги, сонга, Ломами, Лус, Онга, Руки, Касай, өзен суының деңгейі жоғары бөлігінде ; қараша -желтоқсанда, орта және төменгші ағысында мамыр- маусым және қараша -жалтоқсанда көтеріледі. Конго өзенінің бойында көптеген СЭС-тер салынған. өзен суы балыққа өте бай. Балықтың мыңға жуық түрі бар. Кеме жүзуге жарамды бөлігінің ұзындығы 2 мың км. Жағалаудығы ірі қалалар : Букама, Конгола, нишиду, Киншала.

Нигер - Батыс Африкадағы өзен алабы мен ұзындығы Конго мен Нілден кейінгі үшінші орында. Гвения, Мали, Нигер, Нигерия мемлекеттері арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 4160 км, алабының аумағы 2, 1 млн. км 2 жылдың орташа су ағыны 12000 м 3 \с.

Солтүстік Гвения қыратынан басталып атлант мұхитындағы Гвинея шығанағына атырау жасап құяды. Басты салалры: Бани (оң), сокото, кадуна, -және Бенуэ(сол) жоғары және төменгі ағысы климатты құрғақ аумақта өзенде Камиджи СЭС-і мен бөген салынған. Жеке бөліктерінде кеме жүзеді. Балық ауланады. Сахарамен іргелес өңірде кең көлемді жер суаруға пайдаланады. Нигер бойындағы ірі қалалар Куруса, бамасо, Томбукту, Джибба. Порт. Теңіз порты бар.

Замбези- Оңтүстік Африкадағы өзен. Ұзындығы 2660 км, су жиналатын алабы 1330 мың км 2 . бастауын Кого Замбези үстіртінен 1100 м биіктіктен асады. Үнді мұхитының Мозамбик бұғазына құяды. Бастауынан Виктория сарқырамасына дейін 1200км бойы Боротсе жазығынан бойлай ағады. Луангин саласының құрылысынан төмен қарай икөптеген сарқырамалар шоңғалдар кездеседі. ең ірісі дүниежүзілік аса ірі сарқырама бірі Виктория.

Төменгі ағысында аңғарлары мен арнасы барынша кеңейеді арнаның ені 5-8 км-ге дейін Мозамбик ойпатын юасып ағады да қиылысында аумағы 80 сың км 2 болатын атырау түзеді, негіщзінен жаңбыр суымен молығады. Жазда тасиды қыс айларында су деңгейі күрт төмендейді. Жылдық орташа су ағыны 16000 м 3 \с. Ең ірі салалары Кафуэ мен Луангва. Замбези алабына Ньяска көлі де кіреді.

Өзен су қуаты қорына өте бай бірақ оның шағын ғана бөлігі пайдаланылады. Нариба шатқалында ірі СЭС пен бөгендер салынған. Су мөлшерінің күрт ауытқып тұруы және шоңғалдар кеме қатынасына кедергі келтіреді. Ірі кемелер сағасынан 450 км-ге дейін жүзе алады.

Виктория сарқарамасы -Оңтүстік Африка Замбези өзеніндегі сарқарама. Дүниежүзіндегі ең ірі және биік сарқарамалардың бірі. Ені 1800 м. су 120 м. биіктіктен құлайды. Сарқарамға СЭС салынған. Виктория сарқырамасының аумағанда Фалс ( Зимбабведе) және Моси-оа. Тунья ( Замбия) ұлттық табиғат саябақтары ұйымдастырылған. Туризм жақсы дамыған. Викторияны 1855 жылы ағылшын саяхатшысы Д. Ливингсон ашқан.

Гамбия өзені -Батыс Африкадағы өзен, Гвения Сенегал және Гамбия мемлекеттері жерімен ағады. Ұзындығы 1200 км . Су жиналатын алабы 180 мың км 2. Фута-Джаллан тауларынан басталып, сағасынада ені 20-30 км-ге жететін эстуарий жасап, Атлант мұхитына құяды. Арнасында аралдар мен шоңғалдар көп. Жылдың жаңбырлы мезгілінде (маусым-қазан) су тасқыны болып тұрады. . Көп жылдық орташа су ағыны 2000 м3\с. Теңіз суының толысуы сағасынан 150 км-ге дейін таралады, 350 км-ге дейін жүзеді. Сағасында Банеджун порты (Гамбия) орналасқан.

Шари өзені- Орталық Африкадағы өзен. Орталық Африка республикасы аумағындағы Уан және ФаФа өендері қосылған тұсынан басталады. Ұзындығы 1400-1500 км, су жиналатын алабының ауданы 700 мың км2. жоғары ағысында Бахр-Сара орта ағысында Грибинги өзенмен қосылған жерден кеңейе түседі. Негізгі бөлігі Чад Республикасы аумағымен біршама жері Камерунмен арадағы шекараны бойлай ағады. Өзен Логоне саласымен бір атырау жасап, Чад көліне құяды. Суы негізінен ьжазғы жаңбырлы ьмаусымда орта және төмеңгі ағысында күз айларында тасиды. Орташа су ағыны 1230 м\с. Бахр-Сара өзенімен Батанграфо қаласына (ОАР) дейін және Гринбинги өзенімен Форт-Крампель қаласына дейін кеме жүзеді. Балық ауланады. Шари өзені бойында Нджалена қаласы ( Чад астанасы ) орналасқан.

Сенегал өзені - Батыс Африкадағы Гвения, Мали Сенегал Мавритани жерімен ағып өтетін өзен. Футо-Джамантау масивінен Бафинг өзені болып басталып Бақой саласы қосылған тжерден Сенегал деп аталады. Ұзындығы 1430 км ( Бафингті қосқанда ) Сужиналатын алабының аумағы 441 км2, жоғары ағысы су құламаларын жасай шоңғалды аймақпен, төиенгі ағысы жазықпен ағып өтеді. Атлант мұхитына атырау жасап құяды. Сағасы жағалық құмбел орташа су ағына 1500м\с. Су тасу маусымында ( маусым-мамыр) Каир қаласына дейін ( 888км деңгейі) төмен кезде Подор қаласына дейін ( 283 км) кеме жүзеді суын ауыл шаруашылығына кеңінен павдйланады. Өзен бойында СЭС-тер салынған. Балық ауланады. Жағалауындағы ірі қалалар : Каел, (мали), сағасында Сен- Руи ( Сенегел) теңіз порты бар.

ІІ. 3. Африканың көлдері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АФРИКАНЫҢ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ
Африканың ішкі сулары
Атлант мұхиты бассейнінің өзендері
Сарқырамалар -өзеннің жалғасы ретінде. Африканың ішкі сулары және сарқырамалары
Африканың ішкі сулары туралы
Ніл өзені мен Жерорта теңізі
Оңтүстік Африка тау үстірті
Африканың географиялық орналасуы
Африканың тектоникалық ерекшеліктері
Африка елді мекені
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz