Туризмнің экономикалық мәні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Туризмнің адамзат тарихындағы және әлемдік экономикадағы ролі

1. 1 Туризм тарихы

1. 2 Туризм классификациясы

1. 3 Туризмнің экономикалық мәні

2 Әлемдік жетекші туристік дамыған елдер

2. 1 Туристік дамыған елдердің индустриясы

2. 2 Туристік дамыған елдердің даму ерекшелігі

2. 3 Туристік дамыған елдердің туристік-рекреациялық потенциалы

3 Әлемдік туризм келешегі

3. 1 Қазіргі туризм түрлері

3. 2 Халықаралық туризм дамуындағы әлемнің жетекші елдері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі уақытта туризм алдыңғы қатарлы жеткілікті дамыған дуниежүзілік салалардың бірі болып табылады. Өзінің өсу қарқынына байланысты туризм “XX ғасырдың экономикалық феномені” ретінде қабылданған. ДТҰ-ның мәліметтері бойынша дүние жүзіндегі келуші туристердің саны 1995 жылы 567 млн. адамды құраған, ал 1960 жылмен салыстырғанда 8 есе өскен. 1996 жылы әлемде 70млн. Адам тіркелген, ал 1996 жылы 572, 9 млн. келушілер тіркелген.

Көптеген елдерде туризм ішкі орта өнімді реттеуде, сыртқы сауда балансын қамтамасыз ету мен бос жұмыс орыдарын ұсынуда маңызды орын алады. Ол экономиканың мына салаларына: көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығына үлкен әсер етеді, яғни әлеуметтік экономикалық дамуға катализатор ретінде қызмет атқарады. Өз кезегінде туризмнің дамуына әр түрлі факторлар әсер етеді: демографиялық, табиғи-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, тарихи, саяси-құқықтық. Туризмнің мәні валюталық түсімнің көзі ретінде, халықаралық келісімдердің кеңеюінде әрдайым өсуде.

1995 жылы халықаралық туризмнен түскен табыс бүткіл дүниежүзілік экспорттың және қызмет көрсету экспортының 8% құрады. ДТҰ-ның бағалауынша халықаралық туристердің саны 2010 жылы 1018 млн. адамға жетеді. Туризмнің дамуына ғылыми-техникалық пргресс, өмір сүру сапасының жоғарылауы үшін бос уақыттың көп болуы, экономикалық-саяси жағдай және өзге факторлар әсер етеді. Сонымен бірге өзге елдерде туризмнің дамуына қоршағн ортаның тазалығы өмір сүру сапасының жоғарылауына индикатор ретінде әсер етеді. Туризм экономиканың саласы ретінде қалалардың инфраструктурасын дамытуға, қосымша бос орындардың блуына, қоршаған ортаның қорғалуына, экологиялық жағдайдың жақсаруына әсер етеді. /3, 56-59/

Туризм адамның ежелден бері пайдаланып келе жатқан кәсіпкерлігінің бір түрі. Бірақ туризмнің әлеуметтік-экономикалық сала ретінде мойындалғанына көп болған жоқ. Әр түрлі факторлардың кешені ретінде, туризм дүниежүзілік қоғамның жан-жақты дамуына әсер етеді. 1980 жылы Манильде өткен халықаралық конференцияда туризмнің кең ауқымды мағынасы анықталды, туризм-халықтың өмір сүруінде маңызды орын алатын, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, экономикалық салаларға әсер ететін, сондай-ақ халықаралық қатынастарда маңызды орын алатын кәсіпкерліктің бір түрі ретінде танылды.

Халықаралық туризмнің статистикасы XX ғасырдың алғашқы жртысында қалыптаса бастады. 1929 жылы Австрияны 2 млн. адам, Швейцарияда 1, 5млн, Италияда 1 млн. астам келушілер тіркелген. Келушілер санының артуы Еуропалық елдердің есепке алып отыруына алып келді. Бірақ сол кезеңде саяхатаушылардың статистикасының өзіндік мәні болмады. Туристер өзге саяхатшылардан мүлдем ерекшеленбеді, олар бір категория ретінде көрінді. Халықаралық туризм стсатистикасының алға жылжуының жаңа кезеңі 40-шы, 50-ші жылдардың басы болды. Соғыстан кейін көптеген еуропалық елдердің алдында біраз мәселе тұрды: басқарудағы қабілетсіздік, қаржылық және тауарлық жүйедегі күйзеліс. Бұл мәселелерді шешу, бүгінде ірі кешендік істі қажет етті. Осы шарттарға сай басқарушылар халықаалық туризмге үлкен үміт артты. /5, 97-105/

Халықаралық туристердің статистикасы негізінен екі бөлімнен тұрады:

  1. Туристік ағымдар статистикасы
  2. Туристік табыс пен шығыс статистикасы

Туристік ағымның негізгі көрсеткіштері келушілердің саны мен олардың болуының ұзақтығы. Келушілердің саны дегеніміз - қандай да бір елде белгілі бір уақыт ішінде болған, қоныстанған, тіркеуден өткен туристер саны. Келушілердің статистикасы әлемдегі туристік ағымның санын жазумен шектеледі. Жаппай туристердің алмасуымен туритсік нарықта көзге түсіп жүргені - Еуропа (2000 жылы келушілер саны-402, 8 млн. )

- АҚШ (2000 жылы келушілер -125, 3 млн. )

Еуропа мен Американың солтүстік бөлігі нағыз әсерлі туристік аймақ болып саналады. Барлық келуші туристердің 415 бөлігі осы аймаққа келеді. Келушілердің статистикасы әлемдегі туристік ағымның санын жазумен шектеледі. Олардың мөлшері өсуде. Егер де соғыстан кейінгі 50 жылда әлемдегі халық саны 2 есе өскен болса, туристердің саны 24, 5 есе көтерілді.

1950 жылы - 25, 3 млн. адам

2000 жылы - 692, 9 млн. адам

2001 жылы - 693, 7 млн. адам

2002 жылы - 715 млн. адам

Туристік ағымдар туралы жалпы мөлшерде мәлімет беретін келушілер статистикасынан айырмашылығы - ол туристік саяхаттардың мазмұнын сипаттайды.

Құралған туристік ағымдардың көрсеткіштері шетелдік туристерді статистикалық есепке алып қана қоюға қолданылып қойылмайды, сонымен бірге жергілікті халықтарға да, шетелге кететін немесе өз елінің ішінде саяхаттайтындарға да қолданылады. Солар арқылы келу, шығу және ішкі туризмдердің мәлімет базасын салыстыруға болады.

1 Туризмнің адамзат тарихындағы және әлемдік экономикадағы ролі

1. 1 Туризм тарихы

Туризм қоғамдық, шаруашылық және кеңестік құбылыс ретінде ежелгі заандарға терең кең тамыр жайған мол дәстүрге ие. Туристік әдебиеттерде туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу жайында көптеп айтылады, әсіресе В. Унцикер мен Дж. Мариотти секілді ғалымдардың ортақ еңбегінде.

Бұл еңбекте К. Пшевлавскийдің (1973) бөлген кезеңдері келтірілген, оның келесідей кезеңдері бар:

1. XVIII ғасырдың соңына дейінгі туризм:

a) ежелгі туризм

б) орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірі кезіндегі туризм

в) XVII және XVIII ғасырлардағы туризм

2. XIX және XX ғасырлардағы-II Дүниежүзілік соғысқа дейінгі туризм.

3. Қазіргі заманғы туризм.

Туристік саяхаттар, сауда саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды деп санайды. Біздің заманға дейінгі ĨV мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген, осындай алғашқы көшіп қонушылыққа жататыны-діни негізіндегі саяхаттар. Біздің заманға дейінгі VI ғасырда Египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған.

Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп, жасанды көлдер, шипалы бұлақтарға барумен байланысты болды; кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады. Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді. Туризм ол кезде ешқандай табыс көзін әкелмеді.

Жол тораптарының маңызын тек қана парсылар айтарлықтай ұғынып, өз мемлекеттерінің территориясында қатынасу жолдарының жүйесін құрды. Бұл қатынас жолдары дегеніміз жақсы қалыптағы патшалық жолдары болды. Бұл жолдар Вавилон, Сузы және Экбатан қалаларын мемлекеттің шеткі аймақтарымен байланыстырып тұрды. Әрбір 30 мильден кейін парсы жолдары бойында саяхатшыларға демалыс жағдайларын қамтамасыз ететін тұрақтар орналастырылды. Көрсетілген қызметке төленетін ақы байлар мен кедейлерге бірдей болды.

Алайда, антикалық туризмнің гүлденуі ежелгі Греция және Риммен байланысты болды. Аталмыш мемлекеттерде туризмнің экономикалық жағына көп көңіл бөлінді. Ежелгі Грецияда курортология мен емдік туризм пайда бола бастайды Римдіктер өздерін сауықтыру үшін жылы су көздеріне және курорттарға барып тұруды жақсы көрді. Емдеу құдайы Асклепийдің храмдары көне замандарда құрыла бастайды, классикалық кезеңде (V-VI ғғ. Б. з. д. ) олардың саны 60-тан астам болды. Олар қаладан қашық, қыраттау, жақсы климаты бар жерде салынды. Швейцариядағы курорт Моритц әйгілі ерекшелігімен пайдалнылды.

Біздің заманға дейінгі VIII ғасырда ертедегі гректер саяхаттар жасады. Олар арғы көне олимпиадаларға көрушілер немесе қатынасушылар ретінде қатынасты. Мысалы, Грецяда Олимпиялық ойындарға өнерсүйгіштер мен спорт адамдары көптеп келушілер болды.

Ойын-сауық бизнесі жақсы дамыды. Олимпиадаға қарсы үлкен жәрмеңке ұйымдастырылып, ол үшін арнайы сауда қатрлары орнатылды. Туристер көне храмдарды тамашалап, қалағандар қосымша ақы үшін гидтің аузынан әр түрлі аңыздарды естуге мүмкіншілік алды. Егер туризм индустриясы жайында кең мағынада әңгіме қозғар болсақ, ежелгі Рим дәуіріне жүгінеміз.

Мұнда саяхаттар керемет жол тораптарының болуы арқасында іске асып отырды. Әрине, римдіктер жолдарын әскери қажеттіліктері үшін дамытып отырды. Әскерлер империяның орталық аудандарынан шекараларына санаулы күндер ішінде жетіп отырды. Бұл жолдар тек Римнің дамуына ғана әсер етіп қоймай, бүкіл Еуропалық өркениеттің дамуына әсер етіп, тарихшы Прокопийдің Римнен Капуяға алып баратын бірінші жолды, яғни Аппий жолын Әлем ғажайыптарының бірі деп есептеуіне себеп болды.

Римдік жолдар инженерлік өнердің барлық ережелеріне байланысты салынып отырды. Олардың құрылысы біздің заманның 312 жылы император Константиннің билігі кезінде басталды. Әрбір жол үшін алдын ала жоспар құрып, траншея қазған, ал содан соң оны таспен толтырған. Жолдар бойымен милялық діңгектер орнатылып, қастарына демалыс үшін орындықтар орналастырған. Римдік миляның ұзындығы мың жұп қадамға тең болған, ал осы атаудың мағынасы да осыдан, латынша миля мың деген мағына беріп, 1480м құрайды. Римнен шығатын барлық жолдардың орталығы мен бағдаршысы болып Октавиан Августин белгі кезінде орнатылған алтын милялық тас саналды.

Ежелгі Римде "жол көрсеткіштер" болып, оларда тек қана белгілі бір желі көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жолда кездесетіп көрікті жерлер мен қонақ үйлер белгіленіп, бағалары көрсетілген. Туристік саяхаттардың ерекше формасы емдік жерлерге сапар шегу болды. Алғашында қалада тұратын бай гректер мен римдіктер қала сыртындағы ауылды мекендерге шығып отырса, кейініректе бұл саяхаттардың географиялық шектеулері кеңейе түсті. Минералды бұлақтар мен храмдардың қасында қазіргі санаторийлерге ұқсас обьектілер салына бастады, ал емдік жерлер жоғары комфортты жағдайлары мен ойын-сауықтың көп түрлілігімен әйгілі болды.

Ол кезеңдерде ең әйгілілерден бай Байедегі Кампаниядағы (қазіргі Италия) шомылу орындары болды. Емдік жерлерге саяхатпен қоса, римдіктер таулы, теңіз жағалауындағы жерлерге сапар шегудіде ұнатты. Бұл тұрғыда ең қолайлы орын Неополитандық бұғаздың үстінде орналасқан жерлер болды. Рим империясының құлауы саяхатшылар мен сапар шегушілердің саның қысқартып жіберді. Орта ғасырда саяхат жасау қиын, қиыннан бұрын өмірге қауіпті болды. Орта ғасырларда туристік қозғалыс бәсендей түсті. Ішкі жағдайлары тұрақсыз көптеген жаңа мемлекеттердің құрылуы бұрын-соңды болмаған саяси кедергілерге әкеп соқты.

XVI ғасырдың екінші жартысында танымдық сипаты бар саяхаттар жасала бастады, ал ең таңдаулы ел Италия болды. Мұнда көбіне Испания, Франция және Германиядан шетелдіктер келіп отырды. Еуропадағы ең алғашқы қонақ үйлердің бірі-"IV Генрихтің отелі" Нант қаласында 1788жылы салынды. XVIII ғасырда Шамониде демалушылардың көп бөлігін қалалар мен өнекәсіптік орталықтардың, көбіне Греция және Англияның тұрғындары құрады. /2, 44-50/

XIX ғасырдың жартысына дейін еуропалық туризм тек қана элитарлық келбетке ие болады, ал оған қатысушылар ауқатты жоғарғы сынып өкілдері болып, сол кездегі кейбір авторлар туризмді "аристократтық туризм" деп те атады. Тек XIX ғасырдың екінші жартысында ғана, әсіресе XX ғасырдың 20-жылдарында туристік қозғалыс өзгеріске ұшырап, демократиялана бастады.

Егер қазіргі жағдайындағы туризм XIX ғасырдың пайда болып құрылса, ол XX ғасырдың екінші жартысында ғана шынайы интенсивті дамуға ие болып, техника, технология, қоғамдық қатынастардың шапшаң дамуымен қатар келіп XX ғасырдың феномені атағына ие болды.

Бұрыңғы КСРО-да туризмнің дамуы Ресей мен Бұрыңғы КСРО-дағы туризмнің даму этаптары ұлттық туризмнің пайда болу, қалыптасу, даму және кемелдену процестерінің сатысы. Негізінен 5 этап көрсетілген:

1) ағартушылық (1890жылға дейін) ;

2) кәсіпкерлік (1890-1927жж) ;

3) ұйымдастырушылық орталықтанған(1927-1960ж. соңы) ;

4) әкімшілік-нормативті (1969-1990жж) ;

5) өтпелі (1990ж. бастап) .

1988 жылы КСРО-да туризмді басқару құрылымы өзгереді. Туризм мен экскурсиялар бойынша кеңестердің орнына туристік-экскурсиялық бірлестіктер (ТЭБ) терриоториялық принципке байланысты құрыла бастайды.

Туризм өзінің масштабтарымен, көпшілігімен, халықаралық және әлеуметік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономиалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхатарға көңілді қалай аударту, туризмде қызықты және не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады.

Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі таңда туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр. Туризм - (француз тілінен аударғанда, серуендеу, саяхат мағынасына келеді) - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бр түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда туризм деген өте қысқа түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша “туризм” - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине егер де бұл тұрақтау ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм деген түсінік, олұрақы жерінен тыс жерге 24 сағат немесе дан да көп уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі.

Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шарушылық салаларының бірі блып отыр. Ол әлеуметтік экономикалық даиудың катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына (көлік, байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс және т. б. ) үлкен әсерін тигізеді.

Мамандардың болжауы бойынша, XXI ғасыр туризм ғасыры болмақ. Қазақстанда туризм қарқынының дамуымен жаңаша ойлап, жаңа істер атқаратын мамандарға қажеттілік өсті. Біздің елімізде туризмді дұрыс жоспарлап дамыту үшін туризмнің теориялық негіздерін білу өте керек. Тиянақты білімі бар мамандар туризм әлеінде дұрыс бағыт ұстау мүмкіндігіне ие бола алады.

1. 2 Туризм классификациясы

Қазіргі туризм класификациясы, бәрінен бұрын территориялық туристік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажетті. Бұл классификацияның мәні туризмнің жеке түлерін бөліп көрсету болды. Қазіргі уақықа дейін туризмге нақты классификация жасалынбаған. Оны тәжірибеде туризмнің нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігі түсіндіреді. Туризмді әр түрлі белгілеріне қарай классификациялауға болады: мақсатына қарай, саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай, қозғалу түріне, орналасу жолына, саяхатқа қатысушылардың құрамының сапасына және т. б. Бірақ шешуші рольді атқаратын-саяхаттың мақсаты. Формасы мен кластадан айырмашылығы-туризмнің түрлері өте көп. Олар бірқатар факторларға бағынышты, олардың ішіндегі ең айрықшалары:

  • Бос уақыттың болуы мен ұзақтығы
  • Жасы, жынысы, денсаулығы, рухани дамуының деңгейі, адамның жеке талғамы және материалдық молшылық
  • Табиғи жағдай мен мезгілдің әр түрлілігі
  • Қозғалудың мүмкіндіктерінің болуы және басқалар.

Сапардың мақсатына, шартттарына, бағытына қарай, туризмді кластарға және түрлерге бөлуге болады. (5-ші сурет)

Қоғамдық функциясы мен өндірісті технолгиясына қарай туризмнің үш негізгі түрін бөліп қарауға болады: емдеу, спортық-сауықтыру, танымдық. Демалысты дұрыс ұйымдастыру, оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттық және сауықтыру түрлерінің маңызы зор, онсыз жұмыс істейтін адамдардың қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру де мүмкін емес.

Туристік ағым мен оның бағытына қарай, сондай-ақ құқықтық статусына байланысты туризм екі үлкен классқа бөлінеді: ішкі(ұлттық) және халықаралық(шетелдік) . Ішкі туризм - бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм-бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі сяхаты, туристердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлары. Шетелдік туризм-бұл шнтелдік азаматтардың туристік мақсаттармен басқа елге келуі. Бұлай бөліну халықарлық туризмнің екі басқа түрімен тығыз байланысты-кіру және шығу, бұл туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туризм түрі жағынан әр түрлі белгілеріне қарай классификацияланған. Ұйымдастыру жағына қарай туризм: a) ұйымдастырылған (жоспарлы) б) өз жоспары бойынша (әуесқойлық) в) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді. Қатаң уақыт тәртібі бойынша белгіленетін турфирмалар ұсынатын саяхат - ұйымдастырылған туризм деп аталады. Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы- әуесқой және жабайы туристер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристердің жабайы туристерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристер туристік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристер турфирмасыз, туристік ұйымдарсыз саяхаттайды.

Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе бір жанұяның (бес адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек- талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи болуы мүмкін.

Жылжымалылық белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық-сауықтыру туризмінің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм үнемі қозғалыста болып, өзінің орнын жиі ауыстырып тұрады. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм кұшейетін сияқты. Сапардың ұзақтығына қарай туризм қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Адамдадың үш тәулікке дейін саяхатқа келуін қысқа мерзімді туризм дейді. Қысқа мерзімді сапар-туризмнің бұқаралық түрі болып саналады. Ұзқ мерзімді туризм (үш тәуліктен артық) каникул немесе ұзақ мерзімді демалыспен байланысты. Саясаттың ара қашықтығына қарай туризм жақын және алыс болып бөлінеді. Жақын саяхат өз елімізге, алыс саяхат шетелдерге бару деген сөз. Туристік ағындардың ритмі бойынша туризм жылдық және мезгілдік болып бөлінеді. Жылдық дегеніміз жыл бойы туристік аудандарға саяхатқа, демалуға адамдардың барып тұруын айтады. Мезгілдік- ондай туристік жерге жылдың бір кезеңінде ғана баруы.

Туристік саяхатқа қатысушылардың жасына қарай туризм былай бөлінеді:a) балалар мен жасөспірімдер туризмі; б) жастар туризмі; в) ересектер туризмі. /2, 67-70/

Туристердің сапар желісінде орналасуы бойынша туризмді төмендегідей бөлуге болады: а) қонақ уй типті және б) қонақ уй типті емес.

Туристік саяхаттың көрсетілген мақсатына қарай туризм келесідей бөлінеді: а) рекреациялық, б) экскурсиялық және в) арнайы туризм. Рекреациялық туризмге - емделу және сауықтыру үшін саяхат кіреді. Экскурсиялық туризм-табиғаты менәлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қызықты орындармен танысу мақсатымен саяхат, бұл бөтен аудандарға немесе елдерге саяхат жасау. Арнайы туризм-арнайы бағдарлама және маршрут бойынша саяхат. Көлік қызметінің түріне қарай туризм автомобильмен, автобуспен, темір жолмен, теплоходпен саяхаттау болып бөлінеді. /2, 70-73/

Қазіргі экономикада туризмнің ролі үнемі өсіп және өзгеріп тұрады. Бұрын туризмде алдыңғы рольде болған елдер, қазір екінші және үшінші орындарға кетуде. Олардың орнына жаңа озаттар келуде.

туризм: туризм

Ел ішінде Ұлттық

Ұлттық туризм Ел ішіндегі

туризм

Халықаралық

5-сурет. Туризмнің классификациясы

1. 3 Туризмнің экономикалық мәні

Экономикалық жағынан туризмді былайша қарастырады:

  • Өнімді өндіру, айырбастау және бөлу сферасындағы қоғамдық қатынастарды белгілі бір жинағы ретінде;
  • Белгілі бір өндіріс саласы мен экономикалық іс-әрекеттерді қосып, елдің халық шаруашылық кешенінің бір бөлігі ретінде;
  • Туризмді елдің немесе аймақтың шаруашылық саласы сияқты зерттейтін экономикалық ғылым ретінде;
  • Туристік өнімді өндіретін, оны қолданатын, бөлетін және айырбастауды зерттейтін қоғамдық ғылым ретінде;
  • Туристік экономика жүйесінің барлық деңгейіндегі адамның мінез-құлқын зерттейтін қазіргі экономикалық теория ретінде;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризм пәнінің мақсаты мен міндеті
Туризмология пәнінен дәрістер
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР ҰҒЫМЫ
Туризмнің экономикалық сала ретінде
Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері
Алматы облысының экологиялық туристік бизнесті дамыту перспективалары
Туризм саласындағы мультипликативті әсері
Рекреациялық және іскерлік туризм
Туризмді жеке экономикалық сала ретінде зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz