ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5б

I-тарау.ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ... ... .8б

1.1.Отбасында балаларды тәрбиелеудің психологиялық негіздері ... ... ...8б

1.2.Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11б

II-тарау.БАЛАЛАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ТЕХНОЛОГИЯСЫ..16 б

2.1.Девиантты мінез-құлықты балалармен әлеуметтік жұмыс
технологиясы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .16б.

2.2.Көше балаларымен әлеуметтік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .20б.
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 23б

Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...25б

Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, демократиялық жолға түскеннен
кейін еліміздегі саяси - әлеуметтік және мәдени құндылықтармен қатар
рухани, танымдық өзгерістер кең өріс алуда. Мемлекетіміздің дамуының және
оның аяғына тік тұрып, сыртқы және ішкі саяси бағытымыздың айқындалуы
жастар мен балаларымызға әсер етпей қоймайды.

бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам; 

БҰҰ БАЛА Құқықтары туралы Конвенсиясында әрбір баланың өмір сүруге деген
ажырамас құқығы бар деп көрсетіліп кеткен.

Қазақстан Республикасындағы Баланың Құқықтары туралы Заңында
балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және
шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән
құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен
азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру
принциптерiнiң басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының
Конституциясында кепiлдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске
асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдiдеп қарастырады.

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге
алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке
құқықтар мен мiндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен
дамытуға жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы; 

Отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау,
отбасындағы қарым-қатынас мәселерін талдау көптеген зерттеулерде орын
алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде
толық жасалмаған. Г.М.Свердлов және В.Л.Ресенцев (1958) отбасының маңызды
қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек
көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз
еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі
сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.

А.Г.Харчевтің ұсынған анықтамасы бойынша - отбасы - бұл жұбайлар
арасындағы ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі,
оның мүшелері бір-бірімен некелік және туыстық қатынаспен байланысады,
ортақ тұрмыс пен өзара адамгершіліктің жауапкершілікпен, қоғамның
қажеттіліктеріне шартталынған әлеуметтік тәуелділікпен сипатталады.
Отбасы денелік өмір мен әлеуметтік ағза өмірінің арасында байланыстырушы
звено - деп берген А.Б.Харчевтың отбасы ұғымына анықтамасы жалпылама түрде
болып табылады.

Бала психологиясы саласында дүние жүзіне әйгілі Дж. Уотсон, В. Штерн, К.
Бюлер, Ст. Холл, К. Левин, А. Валлон, З. Фрейд, Ж. Пиаже, Э. Эриксон, Д.М.
Узнадзе, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, т.б. психологтар еңбек еткен.
Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С.
Балаубаев, Е. Суфиев, Ш. Әлжанов, А. Темірбеков, М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев,
т.б.

Балалардағы негізгі әлеуметтік мәселелердің туындауы: біріншіден,
психофизиологиялық, интелектуалды және әлеуметтік статусына, екіншіден,өмір
сүріп жатқан қоғамға байланысты болып келеді.

Біріншілік себеп: биологиялық, психофизиологиялық факторларға байланысты
туындап отырады. Бұл екі факторды реттеп отыру ата-ана міндеті болып
табылады.(тамақтау,күтіп бағу,қорғау).

Балалар тап болатын көпшілік әлеуметтік мәселелерді келесідей топқа бөліп
қарауға болады:

-Балалардағы даму сатысындағы өзгерістер (Өтпелі шақтағы тоқырау, бастауыш
мектептен орта мектепке өту,үлкендер тарапынан сенімсіздік);

-Отбасындағы тәрбиелеу стиліне (баламен қатал қарым қатынас, отбасындағы
түсініспеушілік,ата-анасының бірінің немесе екеуінің де болмауы,
экономикалық қиындықтар);

-Балалармен жұмыс жасаушы әлеуметтік институттар мен мекемелер( мектеп
мұғалімдерімен ұрсысу, балалар арасындағы қылмыс);

-Қоғамның әлеуметтік экономикалық және әлеуметтік құқықтық дамуы (балалар
мекемелерінің қысқартылуы, қашқын балалар, заңсыз қарулануға қатысты
балалар, балалар өмірі мен денсаулығына қауіп);

Әрине балалардың барлық мәселелерін шешу ешқандай қоғамда болған да
емес,болмайды да. Сонымен бірге балаларды әлеуметтік қорғау мен қолдау
әлеуметтік орындар мен мекемелер міндеті. Осы жұмыс түрі білім,денсаулық
сақтау,ішкі істер мекемелері,мәдиенет мекемелері,мемлекеттік және
ұйымдастырушылық мекемелерімен бірлескен түрде жұмыс атқарады.

Зерттеу жұмысының объектісі: әр түрлі жастағы балалар

Зерттеу жұмысының пәні: бала ұғымының мәні, балалармен әлеуметтік,
психологиялық-педагогикалық жұмыс әдістері.

Курстық жұмыстың мақсаты: балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу
технологияларын анықтау,қолдауды қажет ететін балаларға көмек көрсету.

Курстық жұмыстың осы мақсатына сәйкес келесі зерттеу міндеттері анықталды:

- балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу технологиялары жөніндегі ғылыми
әдебиеттерді талдау;
- отбасында балаларды тәрбиелеу жұмысын жүргізудің әлеуметтік-психологиялық
әдістерін және механизмдерін зерттеу;

-Балаларға қатысты заңдармен танысу;

-Балалармен әлеуметтік жұмыскер жүргізетін әдістермен танысып,талдау
жұмысын жүргізу;

-Әр түрлі топтағы балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
технологияларымен танысу;

I-тарау.ОТБАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

1.1.Отбасында балаларды тәрбиелеудің психологиялық негіздері.

  Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы ортада баланың өмірдің
мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы
алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас
орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің кім және қандай екенін,
басқалардың кім және қандай екенін тәжірбиеде сынап байқап көреді.    
Баларлар отбасында әртүрлі жағдаяттар мен төтенше ахуалдарда өзін ұстаудың
нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы
психологиясын зерттеушілер А.Г.Харчев, А.Н.Антонов, З.И.Файнбург,
Д.Горборинко оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі,
олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы
балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзіндері (критерий)
қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін
жазаланатынын, әділдік пен адалдық үғымдарын меңгереді деген тұжырымдар
жасады.

  Қазақстан Республикасының Конститутциясында балаларына қамқорлық жасау
және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы деп, отбасының
міндеті нақты көрсетілген.

Қазақстан-2030 бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада
көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және
орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп,
қатарға қосу міндеті жүктелген.

 Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала
саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар,
әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің
арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.   Қазіргі
аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін
пассивті тәрбиешілермен өткізеді.  Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып
отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге
ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі;
теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың
ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.

 Қазіргі кезде отбасы проблемаларының арасында ата-ана мен бала арасындағы
қатынаста түсінбеушілік жиі орын алып, бір-біріне кешіріммен қарау процесі
кешеуілдеп, психологиялық қызмет көрсету жағынан мәселе туындауда.
Сондықтан отбасынды орын алған қиындықтарды шешуге көмек көрсету жолдарын
жан-жақты зерттеу қажет болып отыр.

Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты
дамыту. Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай
жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік
және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке
адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі –
биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы
жеке тұлғаның даму мәселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар:
биологиялық, әлеуметтік және биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге
келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды.
Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа
жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір
бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп
отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру үрдісі, оның дамуының
жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық,
жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке
адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның тірі организм екенін ұмытпау
керек. Әлеуметтік және биологиялық қатынастар жеке адамның қалыптасып
дамуына әртүрлі әсер етеді.
Баланың қабілетін дамытуда оның өзінің белсенділігі маңызды және қажетті
жағдай болып табылады. Бұл белсенділік баланың кез-келген әрекетінде:
ойында, оқуда, еңбекте көрінеді. Әрине бұл жағдай ересектердің бағыт-бағдар
беруі арқылы жүзеге асады. Баланың қабілеті оның өз қолдауы табылған іс-
әрекетінде қалыптасады және дамиды. Бала тек белсенді іс-әрекетте ғана жан-
жақты дамиды да, жеке тұлға ретінде қалыптасудың реті туады.
Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи
нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор. И.П.
Подласый: “Тәрбие – қоғамға жеткілікті қалыптасып дамыған жеке адамды бере
алатын негізгі күш” – деп баса айтады. Олай болса қоғамға қажет жеке адамды
қалыптастырып, дамыту үшін тәрбие ісін дұрыс, мақсатты, ұйымдастыру керек
деп ойлаймыз.
Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, (өзіне
бағдарланған) өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз
дамуындағы қызметін орындай алғаны.
Балалар қабілеттілігі – тарих азығы. Көптеген іс-әрекеттің нәтижесінде
адамдардың қабілеті қалыптасып, дамиды. Жай ғана психикалық процесстерден
күрделі процесстерге дейін адамның іс-әрекет процессінде дамиды. Өмірлік
практика әртүрлі заттарды қажет еткендіктен – қабылдау қабілеті дамиды;
табиғатқа әсер етуі арқасында, оның өзгеруі нәтижесінде – ойлау қабілеті
дамиды; өткен ұрпақтың тәжірбиесі жетіспегендіктен, жаңа орта жағдайына
байланысты – елестету қабілеті дамиды.
Жас ұрпақ тәрбиесі- адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де,
болашағыда тәрбиелі  ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып
қалыптасуы қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін ауқымы кең, жауапкершілігі
мол жұмыс. Ұлы атамыз : Адам ат- анадан туғанда есті болмайды: естіп,
көріп,ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы – жаманды таниды- дағы сондайдан
білгені, көргені көп адам білімді болады- десе, француз педагогы  Жан Жак
Руссо : Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстіне шимайды қалай
салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай
тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді- деген екен. Әрбір тұлғаның тәрбиесі
отбасынан басталады. Отбасы тәрбиесі өте күрделі жүйе.  Адам ұрпағымен мың
жасайды- десе, мәңгі жасағысы келетін халық атадан балаға ауысатын қара
шаңырағын көзінің қарашығындай сақтап, болашағының үздіксіз өркендеуін
үнемі қалт жібермей отырған.

Қазіргі қоғам жан-жақты, білімді де білікті, мәдени ой-өрісі өсіп жетілген,
ұлттық салт- санасы бойына сіңіріп өске жаңа адамды тәрбиелеуді бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына кірудің маңызды алғы шарттарының бірі ретінде
қарастыруда. Бұл өз кезегінде отбасы мен бала тәрбиесімен айналысатын
қызметкерлерге орасан зор жауапкершілік  жүктеп отыр

1.2.БАЛАЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ.
ХХ ғасырды балалар ғасыры деп атаймыз. Оған түрлі жоспардағы халықаралық
зерттеулер болғандықтан, Балалық шақ феноменінің құндылығын тануға
мүмкіндік туғызды. Халықаралық қауымдастықта балаларға деген қатынас бірте-
бірте жаңа сапаны иемденді. Қандай болмасын мемлекет кәмелетке толмаған
балаларға өмір сүру үшін жағдайлар жасап, оларды қамқорлыққа алып және жан-
жақты қорғау қажет. Бірақ ол үміттерді ақтаған жоқ. Оның барлығы елде болып
жатқан әлеуметтік және экономикалық өзгеру кезеңінде бастан кешірген
әлеуметтік құбылыстардың яғни, балалардың қаңғыбастығы, панасыздық және
қайыр сұраудың әсерінен болды. Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның
трансформациясы халықтың ең аз қорғалмаған бөлігіне - балалар әлеміне
ерекше ауыртпалығын тигізді. Өкінішке орай жұмыссыздық сияқты әлеуметтік-
экономикалық жағдайдың сақталған тұрақсыздандыру тенденциясы, балалардың
жағдайларын күшейтіп отыр. Аталған жағдайлардың барлығы балаларды
әлеуметтік қорғау институтының маңызды екенін көрсетіп отыр.

Қазіргі заманғы Қазақстандағы балалар мәселесін шешу қоғамдағы
гуманизация процестерімен үздіксіз байланысты. Қоғамның ізгілігі оның
маңызды ізгілікті институтын яғни, балаларды әлеуметтік қорғау
институтының бар болуын талап етеді. Қазіргі заманғы әлемде балаларды
әлеуметтік қорғау, сол сияқты Қазақстанда да, мемлекеттің әлеуметтік
саясатының негізін көрсететін ең маңызды, негізгі қоғам дамуының мәдени,
әлеуметтік, экономикалық факторлардың бірі болып отыр. Әлеуметтік қорғауды
алу құқығы бала құқығы статусының ең маңызды элементі болып табылады. Оның
барлығы халықаралық құқықтық стандарттарда және көптеген дамушы елдердің
конституцияларында бекітілген. Мысалы: БҰҰ бала құқықтары Конвенциясының
Преамбуласында (1989 ж.).

Заңдық және ғылыми әдебиеттерде балаларды қорғау түсінігінің түрлі
көзқарастары бар, оны оған туыс категориялармен теңдестіреді: баланы
құқықтық қорғау, бала құқықтарын сақтау, балаларды әлеуметтік қорғау.

Қорғап қалу түсінігінің жалпы қолданылатын мағынасы: қорғау,
сақтау, орына отыру, жәбір көрсетпеу деген мағынаны білдіреді. Құқық
теориясында қорғау бұл – жеке тұлғаның өмір сүріне қажетті жағдайлар
жасауға бағытталған, ұйымдастырушылық, саяси, экономикалық құқықтарын
жүзеге асырудың қалыпты барысын қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығы деп
түсіндіріледі. Балаларды әлеуметтік қорғаудың мәні баланың қызығушылықтарын
және қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, оған қолдау мен көмек
көрсетуді, ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-
псилолого-педагогикалық құралдар, формалар мен әдістердің көмегімен жүзеге
асыру дегенді білдіреді. Бұл ұстанымда балаларды әлеуметтік қорғау ұғымы
баланы құқықтық қорғау, бала құқықтарын сақтау ұғымдарынан әлдеқайда
кең, өйткені бала құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін
ұйымдастырушылық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, психолого-
педагогикалық кепілдіктердің барлық жиынтығын қамтиды. Басқаша айтқанда,
балаларды әлеуметтік қорғау жүйе ретінде түсіндіріледі.

Жүйе (грек. тілінен systema- бүтін, бөліктерден құралған; бірігу) –
белгілі бір тұтастықты, бірігуді құрайтын, бір-бірімен байланыста болатын,
көптеген элементтерді айтамыз. [2. 1102 б.]. Әрбір жүйенің келесідей
негізгі белгілері бар:

- оның қызмет ету құралдарын, формаларын, міндеттерін және мазмұнын
анықтайтын, жалпы мақсаттық бағыттылығы;
- өзара байланысқан және өзара әрекеттесетін элементтердің белгілі бір,
құрылымның бар болуы;
- оның элементтерінің функционалды құзіреттілігінің белгілі бір
сатылылығы (үйлестірушілік, бақылаушы, ұйымдастырушылық).
Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесі түрлі деңгейлі, баланың тұлғалық
әлеуметтену процесінің барлық институттарында өтеді және сол процестің
көбінесе тиімділігін анықтайды.

Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінің қалыптасуын О.В. Степанов келесі
сәттерін бақылап шықты:

- балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы қоғамның барлық
институттарының дамуымен үздіксіз байланысында болады;
- ұлттың өмір сүруін, адамзаттық потенциалдың жаңадан өндіруді
қамтамасыз ету, қоғамдағы әлеуметтік институттардың дамуы қоғамның
қажеттіліктерін анықтайды;
- балаларды әлеуметтік қорғаудың құрылымы, әдістері, формаларының
қалыптасуы қоғам дамуының социомәдени ерекшеліктерімен, дамудың
әлеуметтік-экономикалық деңгейімен айқындалады.
Балаларды әлеуметтік қорғауды жүйе ретінде қарастыру кезінде жалпы
мағынада, келесі құрамдас жиынтықтардан шығады:

- заңмен қамтамасыз ету және құқықтық –нормативтік өрісінің ұйымдастыру
дәрежесі;
- басқару тетіктері, мекемелер мен органдардың құзіретті өзараәрекеттесу
тәртібі, ведомствоаралық өзара байланыс, мекемелердің іс-әрекеттерінің
ұйымдастырылған формалары;
- атқару тәртібі;
- қаржылы-экономикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- ғылыми-әдістемелік және кадрлық қамтамасыз ету;
- ағарту.
Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесі дегенде балалардың қызығушылықтары мен
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, баланың үйлесімді дамуы мен
өмірлік қамсыздандыруды қолдау, өмірдің кепілдендірілген жағдайлары бойынша
ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-психоло-
педагогикалық шараларды қоғам және оның ресми құрылымдарымен жүзеге
асыратын жүйе деп түсіну қажет. Бірақ балаларды әлеуметтік қорғау және
балалардың әлеуметтік қорғалуы ұғымдарын ажырата білу керек. Балалардың
әлеуметтік қорғалуы балаларды әлеуметтік қорғау бойынша шаралардың
тиімділігіннің көрсеткіші ретінде қарастырылады (балалардың физикалық,
материалдық және рухани саулылығы). Балалардың әлеуметтік қорғалуының
негізгі көрсеткіштері объективті (сол қоғамда бекітілген тағамдық,
тұрмыстық, құқықтық қорғалу және т.б. нормаларға балалардың әлеуметтік-
экономикалық, материалдық-тұрмыстық өмірлік жағдайларына сәйкес болуы) және
субъективті (балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы шаралардың балаларды
қанағаттаныдыру дәрежесін сипаттайтын индикаторлар) болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасында балалардың жағдайларын жақсарту бойынша
мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары келесідей:

- балаларды құқықтық қорғауды нығайту;
- балаларды өмірлік қамтамасыз етудің табиғи ортасы ретіндегі отбасын
қолдау;
- ана мен бала денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;
- балалардың тамақтануын жақсарту;
- балаларды тәрбиелеу, білім алу және дамуын қамтамасыз ету;
- ерекше қиын жағдайға түскен балаларға қолдау көрсету.
Балаларды әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі құрылымдық компоненттеріне
оны жүзеге асырудың әдістері мен формалары жатады. Балаларды әлеуметтік
қорғаудың әдістері мен формаларына толық сипаттама берген В.А. Варывдинов
және И.П. Клемантович болды. Олардың позицияларына сәйкес балаларды
әлеуметтік қорғаудың формаларына келесілер жатады:

Құзіретті органдардың шешімдері мен үкімдері. Балаларды әлеуметтік қорғау
саласындағы органдарға балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы заңдар,
заңдар мен Жарлықтарға қол қоятын Президент, балаларды әлеуметтік қорғау
мәселесі бойынша үкімдерді шығаратын Үкімет; балаларды әлеуметтік қорғау
саласында проблемалық және даулық жағдайларды қарастыратын соттар;
балаларды әлеуметтік қорғаудың нақты аспектілерін қарастыратын
министрліктер; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; балаларды әлеуметтік
қорғау мәселесі бойнша құқықтық актілерді құрастыратын кәсіпорындар мен
мекемелердің жетекшілері.

Бағдарламалар. Бұл форма балаларды әлеуметтік қорғаумен айналысатын
мемлекеттік билік органдарына тән.

Балаларды әлеуметтік қорғау бойынша шаралар жоспарлары. Оған балалардың
жағдайларын жақсартуға бағытталған жоспарлар жатады.

Балаларды әлеуметтік қорғау үшін материалдық базаны құрастыру мен дамуы.
Ол үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ресурстарды мобилизациялау,
қаражатты шығындалуды бақылау жасау қажет. Балаларды әлеуметтік қорғау
жүйесінің қажетті элементтеріне материалдық база жатады және ол келесі
құрамдастардан тұрады:

- қаржылық база (бюджеттік қаражаттар, бюджеттен тыс қаражаттар,
демеушәлердің бөлетін қаражаттар, және т.б. қайнар көздер мысалы,
шіркеу, азаматтардың еркін жарналары);
- көпсандық ғимараттар, құрал-саймандар. Бұл мектептер, мектептен тыс
және мектепке дейінгі кешендер, бала бақшалар, санаториилер, демалыс
орындары, лагерьлер және т.б. объектілер;
- балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақылар жүйесі: әйелдерге
төленетін бір жолғы жәрдемақылар, жүктілігі мен тууына байланысты
жәрдемақылар, баланың бір жасқа толғанға дейін төленетін жәрдемақылар
және т.б.
Балаларды әлеуметтік қорғау әдістеріне: балаларды әлеуметтік қорғауда
қажетінше белсенді қатысуға балаларды әлеуметтік қорғаудың әрекет ететін
және потенциалды субъектілерін сендіру; балаларды қорғау бойынша шараларды
өткізу барысында елге танымал және әйгілі мемлекеттік, қоғамдық, діни
қайраткерлерді, ғылым және мәдениет, еңбек және соғыс ардагерлерінің аты
танымал қайраткерлерді, Олимпиада ойындарының, халықаралық конкурстардың
жеңімпаздарының беделдерін қолдану; балаларды әлеуметтік қорғау бойынша
шараларды мадақтау және стимулдау; мәжбірлеу әдісі; балаларды әлеуметтік
қорғау жүйесінің дамуындағы болжау және анализ әдісі жатады.

Қазіргі таңда балаларды әлеуметтік қорғау саласындағы объектілері мен
субъектілері мәселесіне қатысты бір көзқарас жоқ. Сондықтан балаларды
әлеуметтік қорғау саласы бойынша (В.А. Варывдинов және И.П. Клемантович)
және әлеуметтік жұмыс (П.Д. Павленок, Е.И. Холостова) мамандарының өңдеген
жұмыстарын ескере отырып, бір жеке объектілер мен субъектілердің түсінігін
қарастырамыз. Объект бұл – пәндік-практикалық және танымдық іс-әрекетінде
субъектіге қарама-қайшы келетін ұғым ретінде баяндалады. Субъект бұл –
объектіге бағытталған, белсенділіктің қайнар көзі, пәндік-практикалық және
танымдық іс-әрекеттің (индивид, әлеуметтік топ) тасушысы.

Балаларды әлеуметтік қорғаудың объектісі кең мағынада алғанда бұл
барлық балалар, яғни 1959 ж. бала құқықтары Декларациясына сәйкес арнайы
қолдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Толық емес отбасында балаларға тәрбие беру мәселелерінің зерттелу жайы
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тарбиелеу ерекшеліктері
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу
Жетім балалар
Отбасылық тәрбиенің балаға әсері
ПАТРОНАТ ОТБАСЫЛАРЫНА ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ТӘЖІРИБЕСІ
Отбасындағы баланың қарым - қатынас мәселесі
Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасымен жүргізілетін педагогикалық жұмыстары
Отбасы тәрбиесінің бағыттары және мектеппен бірлігі
Пәндер