Мектептегі қабілетті оқушы балалар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
                                                           
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
 
Тақырыбы:
Балалық кезеңдегі қабілет нышандарының байқалуы және оны жетілдіру
жолдары
                                                         
 

 
 
 
Жоспар
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі:
1.1.Қабілеттілікті дамыту, дарынды балалармен жұмыс жасау жолдарын
жетілдіру
Негізгі бөлім
2.1.Қабілеттілік туралы теориялар, қазіргі уақыттағы зерттеулер
2.2. Нышан белгілерінің  мен түрлерінің психологиялық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .
2.3 . Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау маңызы мен
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...                 
а) озық тәжірибеде бала қабілетін дамыту мәселесінің көріністері
ә)педагогикалық практикада бала қабілетін дамыту бағытындағы жұмыстарым...
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар
 
 
 
 
 
 
 
 

 
Әрбір бала бір жұлдыз-
                                            Жарқырауына көмектес!
 
Кіріспе
       Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық,
нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан
кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа
жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған.
Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі
басты фактор адамдардың өздері, олардың еріктері, күш- қуаты, табандылығы
және білімдері болып табылады.
       Курстық жұмысымыздың  өзектілігі: Қабілет – бір іс-әрекет
орындаудағы тұлғаның жеке дара қасиеті. Сонымен бірге іс-әрекетті берілген
уақыт ішінде жүзеге асыру мүмкіндік беретін сапалар, мүмкіндік, білік,
тәжірибе, шеберлік, талант т.б.
       Қабілеттілік (способность)- тұлғаның өнімді, табысты іс- әрекетті
орындаудың шарты болатын индивидумдық – психологиялық ерекшеліктер.
Бір немесе бірнеше іс - әрекеттің түрін ойдағыдай орындаудың шарты болып
табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетін қабілеттіліктер деп
атаймыз.
       Қабілеттіліктер әруақытта да белгілі бір іс - әрекетті орындау
тұрғысынан қарастырылады. Кез – келген қабілеттілік белгілі – бір істі
орындауға бағытталады: оқу пәндеріне, еңбектің түрлеріне қабілеттік
аңғартады. Мысалы, музыканттың қабілеттілігі тек жақсы музыкалық есту
қабілетімен шектеліп қоймайды. Бір ғана құрастырушылық қиялдың болуы
қабілетті инженер конструктор болу мүмкіншілігін қамтамасыз ете алмайды.
Кез - келген іс - әрекетті ойдағыдай орындау қабілеттіктердің қиысып
келуіне байланысты. Мұғалімге оқу материалын қызықты түсіндіру үшін
ұйымдастырушылық қабілеттік, педагогикалық тәлім және көптеген басқа да
қабілеттіктер қажет. 
Курстық жұмысымыздың тақырыбы бүгінгі күні өзекті мәселені қозғап
тұрғанын байқатады     Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі,
сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай
болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың
қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл
сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері
мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда
ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты
тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда
жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен
тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының
қабілеттілік жақтарына терең үңіле берілмейді.
      Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс
кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің
жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі
күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай
алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай
алатын творчестволық адамға айналдыру.Балаларда әлемнің көп бейнелі
жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет.
Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті),
дарынды ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология- педагогикалық маңызды
мәселелерінің бірі деп білеміз.
Зерттеудің мақсаты.  Балалар бойындағы қабілеттілігін жетілдіру жолдары
мен оларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшелігін нақтылау, әрі
жүйелеу.
Зерттеу обьектісі:  Мектептегі қабілетті оқушы балалар.
Зерттеу болжамы:  Балалар бойындағы қабілетін жетілдіру жолдары
қарастыру, жасау, жүзеге асыру негізінде әр мектептегі дарынды оқушының
интеллектуалдық ой- өрісінің артуына ықпалы зор болады. Егер мектептегі
дарынды оқушымен жекеленген жұмыстар жасау негізінде Республика көлеміндегі
қабілетті балалардың жан- жақты ашылуына септігін тигізеді .
       Қазір әртүрлі елдерде дарынды балаларға әлеуметтік, психологиялық
және педагогикалық көмек берудің арнайы бағдарламалары жасалып,
қолданылуда. Дамыған елдерде, сондай- ақ біздің мемлекетімізде де дарынды
балаларды анықтау және диагностикалау жүргізіліп жатыр. Әрі мұндай жобалар
жасалып қолданылуда. Мұнда дарынды, оқуды ерекше қабылдайтын және
шығармашыл балалармен жұмыс жасау үшін мұғалімдерді дайындауға ерекше көңіл
бөлінеді. Енді, біздің қоғамымыздың дамуының қазіргі сатысында ерекше
интеллект белгілері бар  және сол арқылы өз құрдастарын басып озатын
балаларға көңіл бөлу мектептердің көкейкесті міндеті.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
Негізгі бөлім

     Қабілеттілік туралы теориялар
          
       Психология ғылымында қабілеттілік жайлы әртүрлі теориялар
қалыптасты. Кеңінен тараған теориялардың бірі – қабілеттіліктердің тұқым
арқылы берілетіндігі, адамның туа біткен психикалық ерекшелігі туралы
теория. Идеалистік философияның атасы. Платон қабілеттіліктер туа біткен
қасиеттер деп тұжырымады.
       Ал ХҮІІ ғасырда Декарттың еңбектерінде туа біткен идеялар туралы
ілім ретінде қарастырылады.
       Ғылыми психология қабілеттіліктердің туа біткендігін жоққа
шығарады.
       1875 жылы ағылшын антропологі әрі психологі Ф. Гальтон Таланттың
тұқым қуалауы, оның заңдары және салдары атты кітабын жариялады. Ол
еңбегінде тарихқа  белгілі адамдардың туыстық байланыстарын зерттей келіп,
дарындылық тұқым арқылы берілетіндігін дәлелдемек болды. Бірақ Гальтонның
тұжырымдарында ғылыми негіз болмады. Гальтонның материалдары бойынша бірден-
бір жасауға болатын қорытынды белгілі, бай және білімді адамдардың
отбастары интеллектуалдік еңбекпен айналысу үшін қажетті сапаларды дамытуға
қолайлы ортаны қалыптастыратындығы туралы айтқан ойларын атауға болады.
       Гальтонның зерттеуі бойынша атақты композитор Бахтардың отбасында,
мысалы, музыкалық талант алғаш рет 1550 жылы аңғарылды және бес ұрпақтан
кейін ұлы композитор И.С. Бахта талант ерекше аңғарылды.Бахтардың отбасынан
60 –қа тарта музыкант шықты, оның ішінде 20 – сы ұлы музыкант болды.
       Осыдан кейбір жалпы қорытындылар жасайтын болсақ, көп жағдайда ұлы
адамдардың тұқымдарын зерттеу биологиялық тұқым қуалауды емес, әлеуметтік
жағдайлардың қабілеттіліктерді дамытуға қолайлы әсер ететіндігін аңғаруға
болады.
       Сонымен қатар Бахтардың отбасының үлгісі музыкалық нышандардың
тұқым арқылы берілетіндігі туралы негіздің орын алатындығын ескерген жөн.
Оларда бір ұрпақтан екінші ұрпаққа есту анализаторларының құрылымы мен іске
асуының белгілі ерекшеліктері тұқым арқылы берілуі мүмкін.
       Ғалымдардың кейбір тұжырымдары бойынша:
●  Қабілеттіліктің проблемасы мына мәселелерді ескергенде шешіледі:
1.      Адамның толыққанды, патологиясыз, ауытқусыз тұқым қуалау
мұраларының (нышандарының) болуы.
2.      Жан-жақты дамыған тұлға қалыптасу үшін жақсы әлеуметтік
жағдайлардың болуы;
● Қабілеттіліктің жекелік-табиғи негізі бола тұрып, нышан-жағымды
әлеуметтік жағдайлардың және белсенді өз іс-әрекеті болмаса қабілетке
айнала алмай қалады.
● Ерте көрінетін жетістіктердің болмауы баланың қабілеттілігінің
олқылықтығынан емес, дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен тәрбиенің
болмауынан...
Тәрбие үш бастаудан негіз алады:
Табиғат – қоршаған адамдар – заттар.
Табиғат – адамның ішкі мүмкіншіліктерін, қабілетін, сезім мүшелерін;
адамдар тәрбиесі – осы қабілеттер мен сезімдерін қолдана білуге үйретеді;
заттар әсері оның тәжірибесін қалыптастырады, деп Жан Жак Руссо
айтқандай,әртүрлі адамдардың өмірін бақылай отырып, олардың жұмыстағы
жетістіктері мен ерекшеліктерін салыстырып, адамдардың қабілеттіліктеріне
қарай бір – бірінен ерекше айырмашылықтары бар екендігін аңғару қиын емес.
Қабілеттіліктердің дара ерекшеліктері туралы мәселенің қоғамдық мәні зор.
Қабілеттіліктердің ерекшеліктері мектеп мұғаліміне айрықша қызығушылық
туғызады. Мұғалім шәкірттерге жаңа материалды түсіндірісін немесе білімін
тексерсін, ол әркез тек қана шәкірттердің даярлығы мен тәртіптілігін ойлап
қоймайды, сонымен қатар олардың қабілеттіліктеріне ерекше мән береді.
Мектеп оқушылардың қабілеттілігі туралы олардың әртүрлі пәндері жеңіл
меңгеруі және жетістіктерінің сапасы білуге болады. Қабілеттіліктердің
ерекшеліктері тұрақты қызығуларына әсер етеді. Осы ерекшеліктерін
білмейінше оқытудың және жекелеген шәкірттердің дұрыс дамуының жалпы
жетістігіне жету мүмкін емес.
       Мектепте бір оқушы ойының ұшқырлығымен ерекшеленсе, екіншісі –
техниканы жақсы біледі, үшіншілері – поэтикалық шағармаларды жақсы
қабылдауымен, төртіншілері – тірі табиғатты бақылағыштығымен ерекшеленеді.
Осы қасиеттердің көбі белгілі бір оқушыда анық байқалуы мүмкін.
       Іс - әрекеттте табысқа әртүрлі психологиялық тұрғыдан түрлі
жолдарымен жету мүмкін.
       Қабілеттілік ұғымын тәжірибеде қолданғанда 3 белгісін ерекше
атап өткен жөн. Біріншіден, қабілеттілік дегеніміз – бір адамды екінші
адамнан ерекшелейтін дара психологиялық айырмасы.
       Екіншіден, қабілеттілік деп кез – келген жалпы, дара ерекшеліктер
емес, тек қана қандай да болмасын іс - әрекеті жемісті орындауға қатысы
барларын атаймыз.
       Қабілеттіліктің дамуында табиғи, биологиялық факторлардың рөлі
қандай? Көптеген шет ел ғалымдары адам қабілеттілігі тұқым арқылы
берілетін, туа біткен қасиет деген көзқарасты жақтайды. Олардың
дәлелдеуінше, қабілеттіліктің түрі және оның деңгейі туғаннан берілетіндігі
алдын – ала анықталған. Ғылыми психология бұл қате көзқарасты сынай отырып,
қабілеттіліктердің дамуының табиғи алғышарттары ретінде табиғи, биологиялық
факторлардың белгілі дәрежеде рөлін мойындайды, жоққо шығармайды. Осындай
қабілеттіктер дамуының табиғи алғышарттары нышан деп аталады.      
Қабілеттілік түрлері: жалпы және арнаулы қабілет.
       Жалпы қабілеттіліктерге жеке тұлғаның қасиеті ретінде бақылағыштық
жатады. Сонымен қатар жалпы қабілеттілік байқалған адамдар әртүрлі іс -
әрекетпен ойдағыдай айналыса алады. Мәселен, жалпы қабілеттілікті меңгерген
мектеп оқушылары көп жағдайда барлық пәндерден жақсы оқиды.
       Арнаулы қабілеттілік қандай да белгілі бір іс - әрекетті ойдағыдай
орындауға мүмкіншілік жасайды. Математикалық, техникалық, әдеби, музыкалық,
бейнелеу өнері саласында және тағы басқа қабілеттік қалыптасуы мүмкін.
       Қабілеттіліктердің бұл екі негізгі түрінен басқа үшінші түрін –
практикалық іс - әрекетке қабілеттілікті ерекше атауға болады. Бұл түріне
құрастырушылық – техникалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық
қабілеттіліктер жатады.
дамның қабілеті жайлы сөз болғанда оның іс-әрекеттің белгілі бір түрін
орындай алу мүмкіндіктері есте болады. Мұндай мүмкіндіктер іс-әрекеттерді
меңгеруде айтарлықтай табысқа, еңбекте жоғары көрсеткішке жетуге әкеледі.
Біркелкі тең жағдайларда (дайындық деңгейі, білім, дағды, білік,
жұмсалған уақыт, ақыл-ой, дене күші) қабілетті кісі қабілеті төмендеу
адамға қарағанда істе мейлінше жақсы нәтиже көрсетеді.
Қабілетті адамның жетістігі — оның нервтік психикалық қасиеттері
комплексінің іс-әрекет талаптарымен сәйкес келуінің нәтижесі болып
табылады.
Кез келген іс-әрекет күрделі де сан қырлы болып келеді. Ол адамның
психикалық және физикалық қуатына әр түрлі талап қояды. Егер жеке адамда
бар қасиеттер жүйесі осы талаптарға сай болса, онда іс-әрекетті табысты,
әрі жоғары дәрежеде орындай алады. Егер осындай сәйкестік болмаса, онда
индивидте қабілет болмағаны.
Міне, сондықтан қабілетті адамның басқа бір қасиетімен (заттың түстерін
жақсы айыру, пропорцня сезімі, музыкалық есту т. б.) шатастыруға болмайды.
Қабілет әр кезде де жене адам қасиеттерінің синтезі.
Сөйтіп, қабілетті іс-әрекет талабына сай және онда жоғары көрсеткішке
жетуді қамтамасыз ететін жеке адам қасиеттерінің синтезі деп анықтауымызға
болады.
Қабілет қоғамдық және жеке адамдық зор мәнге ие. Экономика мен ғылымның,
өнердің дамуында әлеуметтік объективтік жағдайлармен қатар адамдардың
қабілеттері де маңызды орын алады. Осы айтылғандармен қатар қабілеттілік
адамның дамуын жеделдетеді, еңбекте творчестволық табысқа жеткізеді, оған
материалдық және рухани ләззат береді.
2. Қабілеттің әрқайсысының құрылымы бар, ондағы басты және жетекші
қасиеттерді айыруға болады. Мәселен, сурет өнерінің тірек қасиеті әрекет
үстінде дамып жетілетін көру анализаторының жаратылысынан ритмді, бояуды,
жарық пен көлеңкені, форманы, пропорцияны, сызықтарды (линияларды) жоғары
дәрежеде сезгіштігі. Тірек қасиеттерге суретші қолының сенсомоторлық
сапалары да, сондай-ақ дамыған бейнелік ес те жатады. Жетекші қасиеттерге
көркем творчестволық қиялдау қасиеттері жатады. Солардың арқасында өмір
құбылыстарындағы негізгі, елеулі нәрселер көзге түседі, жалпылау және
типтендіру жүзеге асады, тың композиция жасалады. Белгілі бір эмоциялық күй
және қабылданатын, суреттелетін құбылысқа деген эмоциялық қатынас осындай
қабілетке қажетті фон міндетін атқарады.
3. Қабілеттердің құрылымы жеке адамның дамуына тәуелді. Қабілеттердің
дамуын репродуктивтік және творчестволық деп аталатын екі деңгейге бөледі.
Қабілет дамуының бірінші деңгейіндегі адам білім игеруде, іс-әрекетті
меңгеруде, оны белгілі үлгіде жүзеге асыруда жоғары іскерлік көрсетеді.
Қабілеттің дамуының екінші деңгейінде адам жаңа, соны туынды жасай алады.
Әрине, бұл деңгейлерді метафизикалық тұрғыдан қарастыру дұрыс емес.
Біріншіден, репродуктивтік әрекеттің қандай түрінде де творчествоның
элементі болады, ал творчестволық әрекетке репродуктивтік енеді, мұнысыз
творчество болмайды. Екіншіден, қабілет дамуының аталмыш деңгейлері
өзгермейтін қатып қалған нәрсе емес. Білімді және іскерлікті игеру
процесінде, іс-әрекет процесінде деңгейлердің бірінішісінен екіншісіне
ауысып отырады, осыған орай оның қабілетінің құрылымы да өзгеріске
түседі. Тіпті өте дарынды адамдардың өздері де өмір жолын біреуге
еліктеуден бастағаны, тек тәжірибеге ие болғаннан кейін ғана творчествоға
ауысқаны белгілі.
Қабілеттің дамуы мен көрінісінің ең жоғары деңгейі талант, дана деген
терминдермен аталады. Талантты және дана адамдар практикада, өнерде,
ғылымда зор қоғамдық мәні бар нәтижелерге жетеді. Дана адам әдебиет, өнер,
өндіріс, ғылым саласында бұрын-соңды болмаған, соны жаңалықтар ашады.
Талантты адам да жасампаз, бірақ өзіндік жаңалықты белгілі идеялар,
бағыттар, зерттеу тәсілдері шеңберінде жасайды.
Таланттылық даналықтың қалыптасуына аса қолайлы жағдайлар жеке адамның
жан-жақты дамыған кезінде туады. Мәселен, Леонардо да Винчи, Гете,
Ломоносовтар творчестволық қызметтегі даналықтың және адамның жан-жақты
дамуының үлгісі болып табылады.                                    
Қабілетті осындай деңгейлермен қоса оның бағыт-бағдарына, мамандық
ерекшеліктеріне қарай түрлерге бөлу қажет. Әдетте, психологияда осы бағытта
жалпы және арнаулы қабілеттерді зерттейді.
Жалпы қабілет ретінде жеке адамның білім меңгерудің жеңіл де
нәтижелілігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер
жүйесі ұғынылады. Шетел психологиясында қабілеттің бұл түрін intelligens
деп атайды, бұл ақыл-ой қабілетті деген сөздің мағынасын береді.
Арнаулы қабілет — іс-әрекеттің, мәселен, әдебиет, сурет өнері, музыка,
сахна өнері   т. б. арнаулы   салаларда, жоғары нәтижеге жетуге
жәрдемдесетін жеке адам қасиеттерінің жүйесі.
Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке
қабілеттілік дейтін үшінші түрін де атауға болады. Бұған конструктивті-
техникалық, ұйымдастырғыштық, педагогтық қабілеттер кіреді. Қабілеттердің
осындай жіктелуінің негізінде іс-әрекеттің жекеленген түрлерінің (ғылым,
өнер, практика) адамға қоятын өзіндік талап, тілектерін ажырата білушілік
жатады.
Буржуазиялық психологияда қабілеттің осындай негізгі түрлері бір-біріне
қарама-қарсы, тіпті, бірі екіншісін жоққа шығарады дейтін теріс түсінік
бар. Мәселен, практикалық қабілеттілік қабілеттің ең төменгі түрі, ал ақыл-
ой қабілеттері онын ең жоғары түрі ретінде қарастырылады. Бұл
айтылғандардан үстем тап өкілдерінің еңбек атаулыға, практикаға менсінбей
қараушылығы байқалады.
Өмір шындығының көрсетуі басқаша. Біріншіден, арнаулы қабілеттер жалпы,
ақыл-ой қабілеттерімен табиғи байланыста.   Адамның   жалпы қабілетінің
жақсы жетілуі оның арнаулы қабілетінің өрістеуіне ішкі жағдай туғызады.
Арнаулы қабілеттер өз тарапынан белгілі жағдайларда ақыл-ойдың (интеллект)
дамуына жақсы әсерін тигізеді.
Екіншіден, әр түрлі: әдеби, математикалық, ғылыми, өнерлік қабілеттері
жоғары дәрежеде дамыған жеке адамдар аз кездеспейді. Бұл жайт қабілет
түрлерін бір-біріне қарсы қоятын концепциясының жалған екендігін көрсетеді.
Үшіншіден, практикалық қабілеттер творчестволық әрекетте жоғары деңгейде
дамыған интеллектісіз дамымайды және іс жүзіне аспайды. Мәселен, адамның
конструктивтік-техникалық қабілеті көбінде үлкен ғылыми дарынмен
байланысты, дарынды өнертапқыш жиі-жиі өндіріске ғана емес, ғылымға да
жаңалық енгізеді. Дарынды ғалымда үлкен конструкторлық қабілет те болуы
мүмкін (Жуковский, Циолковский, Эдисон, Фарадей т. б.). Сөйтіп, іс-
әрекеттің қай-қайсысы да қабілеттің жалпысына да, арнаулысына да белгілі
бір талап қояды. Адамды тар өрісті мамандыққа баулудың, қабілет аясын
тарылтудың дұрыс емес екені осыдан шығады. Тек жеке адамның жан-жақты дамуы
ғана жалпы және арнаулы қабілеттің көрініс беруіне, қалыптасуына көмегін
тигізеді. Бұдан, әрине, адам қабілеті мен бейімділігі байқалған салада
маманданбауы керек деген қорытынды шықпайды.
Демек нұсқалып отырған жіктеудің реалды негізі бола тұрса да,
қабілеттердің нақты түрін талдайтын жеке жағдайдың әрқайсысында жалпы және
арнаулы компоненттері ескерілуі тиіс.
Психологияда  қабілеттердің үш концепциясы бар. Олардың бірі — қабілеттер
жеке адамның биологиялық анықталған қасиеттері, олардың көрініс беруі және
дамуы атадан мұра болып қалған қорға тәуелді екенін қолдайды. Мұндай
пікірді буржуазиялық маман психологтар ғана емес, сондай-ақ ғылым мен
өнердің (математиктер, жазушылар, суретшілер) кейбір өкілдері де қуаттайды.
Мұның біріншілері өз көзқарастарын нақты зерттеулерден алған деректермен
дәлелдегісі келеді. Мәселен XIX ғасырда өмір сүрген Гальтон таланттың тұқым
қуалаушылық жолымен болатынын көрнекті қайраткерлердің өмірбаяндарын
зерттеу арқылы дәлелдегісі келген. Гальтонның көзқарасын ілгері дамытқан
Котс (XX ғасыр) адам дарынының деңгейін белгілі адамдарға энциклопедиялық
сөздікте берілген орын санымен анықтаған. Гальтон мен Котс талант тұқым
қуалайды, ал қоғамның айрықша жағдайлы топтарының өкілдерінде мұндай мұра
ерекше мол деген тұжырымға келген.
Осы ғалымдардың зерттеу методикасының ғылыми сынды көтере алмайтынын, ал
тұжырымдарының бір жақтылығын айта кету керек. Кезінде В. Г. Белинский
табиғат адамдарды түрлі топқа (сословиеге) ажыратып жатпайды деген болатын.
Ал халықтан шыққан атақты адамдар есімінің тарихта аз болу себебі — нағыз
талант иелерінің, тіпті даналардың аштықтан, әділетсіздікпен күрес жолында
қажып қаза болуынан танылмай, қор болып өткендігінен деп түсіну қажет.
Қабілеттілік адаммен бірге туады дейтін концепцияның соңғы кездегі
өкілдері өз пікірлерін бір аналық ұрықтан пайда болған егіздерді зерттеу
арқылы дәлелдеуге тырысуда. Зерттеу әсіресе фашистік Германияда қарқынды
жүргізілді. Егіздердің ақыл-ой сапалары мен мінез-құлқының кейбір ұқсастық
жақтары негізінде олар қабілеттіліктің түгелдей туыстан екендігі туралы
заңдылықты ұсынғысы келді. Тұқым қуалаушылықтағы бірдейлік қабілеттердің де
бірдейлігіне әкеледі деп тұжырымдады фашизм идеологтары. Бірақ, біріншіден,
аталмыш зерттеулер мұндай нақты тұжырым жасауға жеткіліксіз еді, екіншіден,
кейбір егіздердің қабілеті мен мінез-құлқында байқалған айырмашылықтар бұл
қорытындыға қайшы келіп жатты.
Қабілеттілік тұқым қуалайды дейтін көзқарастың шындықпен сәйкес еместігін
өмір шындығы көрсетіп отыр. Мұнымен бірге атақты адамдардың өмірбаяндарын
объективті тұрғыдан талдау көп жағдайда көрнекті адамдардың ерекше дарыны
жоқ семьядан шыққандығын, сондай-ақ атақты адамдардың балалары мен немере-
шөберелері дарындылық көрсетпегенін дәлелдейді. Бұған бірнеше музыкант пен
ғалымдар семьясы ғана жатпайды.
Қабілеттік туыстан дейтін теория капиталистік елдерде еңбекшілерді
кемсіту үшін кеңінен пайдаланылады. Мәселен, батыс Германия теоретигі Г.
Вальтер өзінің Қабілетті балалардың мектеп қабырғасында өту жолының
әлеуметтік айырмашылықтары (1959) дейтін еңбегінде қабілеттіліктің өскен
ортаға тәуелділігі шамалы, ол түгелдей әуелден орын тебетіндікке, яғни,
тұқым қуалаушылыққа байланысты деп жазды. Сонымен бірге ол үстем тап
өкілдері балаларының қабілеттілік мүмкіндігі жоғары, ал төменгі топқа
жататындардың, соның ішінде жұмысшылардың балаларының мұндай болмайтындығын
дәлелдегісі келеді. Г. Вальтер кәсіп иелері мен интеллигенцияның белгілі
топтары өкілдерінің балаларынан 94,6%-і жоғары оқу орындарына түсе алады,
ал төменгі топтағылардан 13,6%-қана оқушы оқуға түсе алады деген цифрлық
дерекке сүйенеді. Қалғандарының қабілеті жоқ болғандықтан жоғары оқу
орындарына түсе алмайды-мыс. Тіпті қоғамның төменгі сатысында тұрғандардың
59%-нің балалары элементарлық мектеп деңгейіне де көтеріле алмайды, бұлай
болғанның өзінде оған зорға жетеді дейді автор. Біле тұра жасалынған осы
секілді жалған теориямен сөз таластырып жатудың ешбір мәні жоқ, бұған қарсы
мысал ретінде ГДР-дегі халық ағарту жүйесінің ісін, ондағы еңбекші халықтың
балалары орта және жоғары мектептерде білім негіздерін қалайша табыспен
меңгеріп жатқандарын айту да жеткілікті.
Сөйтіп, жеке адам қасиеттері тұқым қуалайды дейтін теория сымақ даму
проблемасын жоққа шығарады, буржуазияның реакциялық мақсат-мүддесіне қызмет
етеді.
Батыс Европаның кейбір прогресшіл пиғылдағы ғалымдарының да тұқым қуалау
теориясына қарсы екенін атап өткен жөн. Мәселен, швейцария психологы В.
Бобен осы жасанды доктринаға орай тәрбие шараларынан бас тарту қылмыс болар
еді деп атап айтқан. Алдыңғы қатарлы ағылшын педагогі Б. Саймон реакциялық
теорияға бұдан да батыл және принципиалдылықпен қарсы тұрады. Көп типті
мектепке оқушыларды іріктеп алу жүйесі негізінен таптарға бөлінген қоғамға
қызмет етеді, онда өзінің барлық азаматтарының қабілетін пайдалануға жағдай
жоқ, сондықтан да олардың дамуына шек қойылады. Қоғамның әлеуметтік
құрылымы саудада, өндірісте, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дарынды балалармен жұмыс істеу әдістемесі
Бастауыш мектептегі дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс ерекшелігі
Дарындылықты қалыптастыру мәселелері
Оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Мектептегі дарынды оқушы балалар
Мектепте дарынды балаларға білім беруді ұйымдастыру
Мұғалімді дарынды балалармен жұмысқа даярлау ерекшелігі
Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Жоғары сыныптарда оқушылардың мектепті бітіріп
Пәндер