Кепіл құқығының тоқтатылуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

І. Банк кепілдігі түсінігі . . . 4

1. 1 Кепіл ұғымы, сипаты және объектісі . . . 4

1. 2 Кепілдің туындауының негіздері . . . 9

ІІ. Кепілдікті тіркеу және құқықтық реттеу . . . 11

2. 1 Банктік кепілді тіркеу . . . 11

2. 2. Банктік кепілді құқықтық реттеу көздері . . . 20

ІІІ. Банктік кепілдік түрлері, мазмұны және тоқтатылу негіздері . . . 24

3. 1. Банктік кепіл түрлері . . . 24

3. 2. Кепіл құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру . . . 30

3. 3. Кепіл құқығының тоқтатылуы . . . 33

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы «Банк кепілдігі». Бұл жұмыста мен Банк кепілдігі ұғымына, оның түрлеріне, кепілдің туындау негіздеріне және кепіл құқығының тоқтатылу негіздеріне талдау жасадым. Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі 3 бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілері мен құқықтық басқада әдебиеттер пайдаланылды.

Кепіл (кепілдік құқық) деп несие берушінің міндеттеме бойынша өз талаптарын борышкердің немесе заттық кепіл болушының белгілі бір затын не өзге мүлкінің құндылығы есебінен қанағаттандырудағы айрықша құқығы танылады.

Мүлік айналымында несиенің маңызы зор. Несиелік міндеттеменің орындалуын борышкердің барлық мүлкімен жауап беруі принципімен қамтамасыз ету несие берушіні барлық уақытта бірдей қанағаттандыра бермеуі мүмкін, себебі борышкердің мүлкін өндіртіп алуға айналдыру кезінде оның құны несие берушінің талабының мөлшерінен кем болуы немесе сол борышкердің басқа несие берушілерінің сол уақытта жарыса талап қою қаупі бар. Осының барлығы қоғам мен құқықтың дамуының белгілі бір кезінде қамтамасыз ететін шаралардың ерекше түрін қалыптастырды, ол кепіл деп аталды, ол белгілі бір адамның (борышкердің, кепіл болушының) жеке басының қасиетіне емес, борышкердің белгілі бір мүлкінің құнына сенуге, және онымен өз талаптарын қалайда қанағаттандыру мүмкіндігіне негізделді. Уақыт өте келе кепілге борышкердің ғана емес, заттық кепіл болушы деп ат алған үшінші жақтың мүлкі де беріле бастады, ал несие берушінің талаптарын қанағаттандыру мүмкіндігі заттардан басқа мүлікке - "тәнсіз заттар" деп аталатын мүліктік құқықтарға да таралды.

Банктік кепілдік - Банктің басқа ұйым (Бенефициар), банктер немесе фирмалар алдындағы олардың бірінші талабы бойынша белгілі ақша сомасын төлеуге жазбаша міндеттемесі. Кепілдік (тапсырма) кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асырушы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және кепіл шарты бойынша нақтылы міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі бар барлық жеке (Принципал) және заңды тұлғаларға беріледі.
“Принципал” -оның сұранысы бойынша және жауапкершілігімен Бенефициар алдындағы оның міндеттемелерін өз дәрежесінде орындауын қамтамасыз етуіне банк кепілдік беретін заңды тұлға.

Әрі қарай банктік кепілдік ұғымына толығырақ тоқталып, мазмұнын тереңірек ашып, зерттеуді жан жақты талдаудан өткіздім.

І. Банк кепілдігі түсінігі

1. 1. Кепіл ұғымы, сипаты және объектісі

Банктік кепілдік - егер принципал бенефициарға алдын ала келісімделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған жағдайда белгілі ақша сомасын төлеу туралы банк міндеттемесі ретінде ұсынылады. Банктік кепілдіктер талап қою бойынша төлемдері бар кепілдіктер бойынша Бірыңғайланған ережелермен реттеледі (ICC Uniform for Demand Guarantees, ICC Publication 758), не болмаса кепіл берушінің ұлттық заңына бағынады.

Банк (италянша bankо - үстел) - ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды.

Кепілдің акцессорлық сипаты. Кепіл өзінен өзі болмайды, ол несие берушінің негізгі міндеттеме бойынша талаптарының қанағаттандырылуын қамтамасыз ету үшін керек. Сондықтан кепілде қосымша және тәуелді, акцессорлық сипат болады, және ол қамтамасыз етілетін міндеттемеден бұрын туындай алмайды, ол тоқтағанда бұл да тоқтайды.

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша несие берушіде екі талап болады: біреуі - қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша борышкерге талап, екіншісі - кепіл нысаны болып табылатын мүліктің кепіл беруішсіне талап. Егер кепілге өткізілген мүлікті сатқаннан түскен ақша толық қанағаттандыруға жетпесе, онда несие беруші, жалпы ереже бойынша, кепілге өткізілген мүліктің құны жаппаған бөлікті борышкердің орындауын, оның ішінде өндіртіп алуды борышкердің барлық мүлкіне аудару есебінен орындауын талап етуге құқылы. 1

Кепіл объектісі. Кепіл қатынасында керсетілген борыш төленбеген жағдайда өндіртіп алуға жіберілуі мүмкін зат кепіл объектісі (кепіл құқығы) деп аталады. Егер оны кепіл жауапкершілігінің заты деп атасақ дәлірек болар еді, себебі кепіл беруші кепіл қатынастарынан туындайтын және өз

1 Комментарий к Гражданскому Кодексу Республики Казахстан, Общая часть / Отв. ред. М. К. Сулейменов, Ю. Г. Басин, Алматы-Жеті жарғы. 2003

жауапкершілігіне алған міндеттеме бойынша сол заттарға және оның құны шегінде жауаптылық көтереді. Заңнамада және құқық теориясында кепіл құқығының объектісі жай кепіл заты деп аталады.

Кепіл обьектісі (заты) белгілі бір құндылығы, бағалылығы бар, негізгі міндеттеме орындалмаған жағдайда несие берушінің мүддесін қанағаттандыра алатын кез келген мүлік бола алады. Сонымен, кепіл құқығының объектісі бола алатын мүлік ретінде заттарды, ақшаны, оның ішінде шет ел валютасын, бағалы қағаздарды. жұмысты, қызметті, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижелерін, фирмалық атауларды, тауар белгілерін, кейбір даралау құралдарын, мүліктік құқықтарды және "мүлік" ұғымына жататындардың барлығын алуға болады. Ескеретін бір жағдай - мүлік деп материалдық түрдегі қандай да бір жеке зат немесе құндылықтың қандай да бір жеке түрі ғана танылмайды. Мүлік деп қандай да бір субъективтік құқықтың объектісін де түсіну керек, ал ол объект мүліктің көптеген түрлерін біріктіруі мүмкін, мысалы, заттар мен мүліктік құқықтар, олардың барлық жиынтықтары да мүлік - нақты субъективтік құқықтың объектісі болып табылады.

Жылжитын да, жылжымайтын да, пайдаланылатын да, пайдаланылмайтын да заттар, әдетте, кепіл объектісі ретінде алынады. Бөлінбейтін зат тұтастай кепілге беріледі. Бөлінетін заттың бөлігі кепіл құқығының өзінше объектісі бола алады.

Ортақ меншіктегі заттар да кепіл объектісі бола алады. Мұндай мүлікті кепілге беру үшін оған ортақ мүліктің барлық меншік иелерінің келісімі керек. Сонымен қатар әрбір меншік иесі ортақ мүліктегі өз үлесін кепілге салуға құқылы. Ортақ үлесті меншіктің ортақ мүліктің өзі үлесіне шамалас бөлігін өзінің иеленуіне және пайдалануына алған қатысушысы ортақ меншіктің сол бөлігін кепілге өз бетінше беруге құқылы, себебі ол оны бөліп алуға не ортақ меншіктегі бұл бөлікті иелену және пайдалану құқығын кепілге беруге құқылы. Ортақ бірлескен меншіктің қатысушысы ортақ мүліктің тек "идеалдық" бөлігін - ортақ меншіктегі құқығын ұсынуға құқылы.

Кепілге салу үшін белгілі бір талаптар орындалған жағдайда ақша кепіл заты бола алады. Ақшаны кепіл заты ретінде пайдаланғанда ол банкке салынуы тиіс, бұл ақша кепілінің ерекшелігі, сондықтан мұндай кепіл кепілдің айрықша түріне жатады. Кепілге бергенде ақшаны банкке салудың қажеттігі оның жоғары өтімді мүлік ретіндегі қасиетінен, кепілге салғанда кепіл берушінің немесе ипотекада кепіл ұстаушының ақшаны пайдалануын шектеу мүмкін еместігінен, сондай-ақ ақшаны кепілге ұстаудың немесе ипотекасының мүмкін еместігінен туындайды.

Ақша кепілінде кепіл заты ретінде қолма қол ақшаның да (ақша белгілері), "қолма қол емес" ақшаның да (банктердің өз клиенттерінің банк есепшоттары бойынша жазбаша берген ақшалай міндеттемелері) пайдаланылуы мүмкін. Қолма-қол ақшаны банкке салғанда олар да "қолма-қол емес" ақшаға - банк міндеттемесіне айналады. 2

2 . Басин Ю. Г. Юридические лица по гражданскому кодексу РК: Понятие и общая характврисгика. Учебное пособие. -, 1996.

Банк есеп шотының кепілін немесе банк салымын ақша кепілінен айыру керек. Банк есепшоты немесе банк салымы кепілінде кепіл беруші кепілге ақшаның өзін емес, банк есепшотының шарты немесе банк салымының шарты бойынша өз құқығын (талабын) береді. Банк есепшоты немесе банк салымы кепілінің өзге міндеттемелік мүліктік құқық кепілінен, мысалы, жалдау құқығының кепілінен еш айыр-машылығы жоқ. Банк аккредитивін - белгілі бір мән-жайларда немесе аталып көрсетілген құжаттарды ұсынғанда банктің ақша төлеу міндеттемесін беруі де ақша кепіліне жатпайды. Аккредитив қамтамасыз етудің өзінше бөлек тәсілі болып табылады.

Ақшаны қамтамасыз ету заты ретінде пайдаланудың өзгедей шарттық және заңнамада көзделген тәсілдерін ақша кепілінен ажырату керек. Мысалы, ақша қамтамасыз етудің кепіл мүлкін АК-ның 319-бабының 4-тармағына сәйкес сату кезінде саудаға қатысудың кепілдік жарнасы, АК-ның 915-бабының 6-тармағына сәйкес конкурстық міндеттемелердің кепілдік жарнасы ретінде пайдаланылады. Бұл мысалдар сияқты кепілдік жарнасы, қамтамасыз ету тәсілі ретінде, өзге жағдайларда да пайдаланылуы мүмкін.

Кепілге қарағанда, кепілдік жарнада ақша несие берушіге негізгі міндеттеме бойынша беріледі, ал ол негізгі міндеттеме орындалмаса қайтарылмай қалады.

Қамтамасыз ету заты ретінде ақша камтамасыз етудің кепілзат сияқты дәстүрлі тәсілінде де пайдаланылады. Кепілге қарағанда, кепілақының ақшалай сомасы, кепілдік жарнадағы сияқты, негізгі міндеттеме бойынша несие берушіге тікелей беріледі.

Ақша кепілінен әртүрлі ақылы шарттардан алынатын ақша талаптарын қамтамасыз ету заты ретінде пайдалану жағдайын да ажыратқан жөн. Ақша талаптары кепілдің өзінше бөлек заты ретінде болуы (мүліктік құқықтар кепілінің бір түрі), сондай-ақ олардың қамтамасыз ету тәсілінің кепілге қарағанда басқа тәсілдері бойынша пайдаланылуы мүмкін, мысалы, клиенттің қаржы агенті алдында міндеттемесін орындауын қамтамасыз ету мақсатында ақша талабынан бас тартуды көздейтін (факторинг) қаржыландыру шартында пайдалану.

Мүлікті жалдағанда оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін ақша пайдаланылатын жағдайлар кепілге жатпайды (спортинвентарды жалға алу, кассеталарды жалға алу, кітапханадан кітап алу, т. б. ) Қамтамасыз етудің мұндай тәсілдері, олар кейде "кепіл ақша" немесе "кепіл сомасы" деп аталғанымен, шартта көзделген кепілдік жарнасына жатады. Мұндай ақшамен қамтамасыз ету кепіл деп танылуы үшін ақша банкке салынуы тиіс. Қамтамасыз ету ретінде ақшадан басқа мүлік қалдыру, тараптардың келісіміне қарай, кепілақы, мүлікті ұстап қалу немесе қамтамасыз етудің басқа шарттық тәсіл болуы мүмкін. Борышқор жайында ақпарат көзі болудан басқа немесе борышқор үшін несие берушінің міндеттеменің орындалатыныңа сендіретін айрықша құндылығынан басқа ешқандай материалдық құндылығы жоқ жеке құжатты қамтамасыз ету ретінде қалдыру міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің азаматтық-құқықтық тәсілдеріне жатпайды.

Кепіл нысанын несие берушінің талаптарын қанағаттандыру үшін сату қажеттігі кепілге берілген нәрсенің иеліктен шығарылу мүмкіндігін көздейді. Сондықтан да кепіл нысаны ретінде өзінің табиғи құндылығымен қатар кепіл ұстаушының өндіріп алуды соған аударғанда сатуға болатындай нәрсе берілуі тиіс, бұл талап ақшаға таралмайды, себебі оны сатудың қажеттігі жоқ, өндіріп алуды оған аудару оның өз құнымен тең болады. Ақшаның ол ережеге кірмеуі оның мүліктің айрықша түрі - белгі қойылған нәрсе екендігінде, оның құндылығы әлеуметтік функциямен анықталады және ол нәрсенің талап ету құқығына ие екендігінен туындайды.

Кепіл нысанын сатудың қажеттігі кепіл құқығының, объектісі ретінде айналым қабілеті бар мүлікті пайдалануды керек етеді. Иеліктен алудың мүмкін еместігі азаматтық айналымнан шығып қалған мүлікті, сондай-ақ кепіл ұстаушының талабы бойынша өзіне өндіртіп алуды аударуға болмайтын мүлікті кепіл объектісі бола алатын мүліктер қатарынан шығарады. Сондықтан, айналымнан шығып қалған заттармен қатар, азаматтық заң актілеріне (мысалы, 1998 жылғы 30 маусымдағы "Орындаушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" ҚР Заңының 39, 62-баптарына) сәйкес өндіртіп алуды аударуға жол берілмейтін мүліктер кепіл нысаны бола алмайды.

Шектеулі айналым қабілеті бар мүлік, олардың мүліктік айналымын құқықтық реттеудің ерекшеліктері ескеріліп, кепіл нысаны бола алады, атап айтқанда, кепіл нысанына өндіртіп алуды аударғанда ондай мүлікті иеленушіге не оны мамандандырылған сауда ұйымдары арқылы сату процедурасына қойылатын талаптар ескеріледі.

Кепіл туралы және кепіл нысаны туралы заңнамада мүліктің кейбір түрлерінің кепіліне заң актілері арқылы тыйым салу немесе шек қою мүмкіндігі туралы ереже бар. Бұл ереже заң актісі бойынша кез келген нәрсенің кепіліне тыйым сала алады, себебі мүлікті кепіл нысаны ретінде пайдалануға тыйым салудың немесе шек қоюдың негізге алынатын критерийлері белгіленбеген. Мұндай тыйым салу немесе шек қою тек заң актілерімен ғана белгіленеді.

Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар: өмір, денсаулық, ар-ождан, жақсы атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұғылмайтындық, жеке және отбасы құпиясы, есімге құқық, авторлыққа құқық, шығармаға қол сұғуды болдырмайтын құқық және басқа материалдық емес құқықтар мүлікке жатпайды және кепіл нысаны бола алмайды.

Кепіл қатынастарының тараптары. Кепіл қатынастарына кемінде екі адам - кепіл ұстаушы және кепіл беруші қатысады.

Кепіл ұстаушы, әдетте, негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші болады. Негізгі міндеттеме бойынша несие берушінің ауысуы, егер алғашқы және жаңа несие берушілер арасында құқық ауысқанда басқадай айтылмаса немесе заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, әрқашанда кепіл ұстаушының құқықтарының жаңа несие берушіге ауысуына әкеп соғады. 3

3 Басин Ю. Г. Избранные труды по гражданскому праву/Сост М. К. Сулейменов. - А. : 2003.

Кепіл беруші негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша борышкер де, заттық кепіл болушы ретіндегі үшінші жақ та бола алады. Кепіл ұстаушыға қойылатын басты талаптардың бірі - ол кепілге берілген нысанның меншік иесі болуы тиіс немесе ол нысанды кепілге беруге мүмкіндік беретіндей онда өзгедей заттық құқық болуы тиіс, не, мүліктік құқықты кепілге салғанда (мысалы, интеллектуалдық меншікке жататын не тауарлар беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелік қатынастардан туындайтын және т. б. ) сол мүліктік құқықтың иесі болуы керек.

Жалпы ереже бойынша, затты кепілге беруші оның меншік иесі болуы, ал мүліктік құқықты кепілге беруші оның құқық иеленушісі болуы тиіс, сонда ғана бөтен мүліктің кепілге берілуіне мүмкіндік болмайды. Кей жағдайларда меншік иесі не құқық иеленуші үшінші жаққа өз мүлкін, сол мүлікті басқаруға сенімхат беру арқылы, затты немесе басқадай мүлікті кепілге салуға құқық береді, нәтижесінде өкілдік қатынас туындайды, бұл ретте де кепіл нысанының меншік иесі немесе құқық иеленушісі бәрі бір кепіл беруші болып қалады.

Мемлекеттік кәсіпорынның негізгі қорына жататын мүлікті кепілге беру меншік иесі болып табылатын мемлекеттің келісімімен уәкілетті орган уәкілетті мемлекеттік органның келісімі түрінде болады.

Кепіл туралы келісімнің формасы. Кепіл туралы шарт жазбаша формада жасалуға тиіс. Жазбаша формада жасалмаған кепіл шартты заңсыз деп танылады.

Қазіргі кезде кепіл туралы шартты нотариалдык куәландыру қажет емес. Бірақ кепіл туралы шарттың тараптары өзара келісіп кепіл туралы шарттың жай жазбаша формасын емес, нотариалдық формасын тандауы мүмкін, бұл, көбіне, азаматтар қатысқан кепілді ресімдегенде қолданылады. Тараптар кепіл туралы шарттың нотариалдық формасына келісіп, бірақ оны сақтамаса, шарт заңсыз болып танылады.

Ортақ меншіктің, әсіресе мемлекеттік тіркеуге жататын меншіктің қатысушыларының келісімін ресімдеудің бірқатар ерекшеліктері бар. АК-ның 304-бабына сәйкес, ортақ (үлесті немесе бірлескен) меншік болып табылатын мүлікті кепілге салу барлық меншік иелерінің келісімін керек етеді, ал АК-ның 220-бабының 3-тармағына сәйкес, кепіл заты болып табылатын және мемлекеттік тіркеуге жататын (әуе, теңіз кемелері және т. б. ) бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі нотариалдық куәландыруды талап етеді. Ал, кепіл туралы шарттың өзі, АК-ның 307-бабының 2-тармағына сәйкес, міндетті нотариалдық куәландыруды керек етпейді. Ал, практикада ортақ меншік болып табылатын мүлікті (көбіне, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін) кепілге салғанда шарт нотариалдық формада жасалады (тіпген мүлік мемлекеттік тіркеуге жатпаса да), бұл ретте ортақ меншік иелерінің кепілге келісімін куәландыру ондай шарттың талаптарының бірі болып табылады. 4

4 Витрянский В. В. Гражданский кодекс о юридических лицах // Вестник ВАС N 5, 1995А.

1. 2. Кепілдің туындауының негіздері

Жалпы ереже бойынша, кепілдің туындауының негізі шарт болып табылады. Кепілдің өзіндік ерекше құқықтық реттеумен туындауының айрықша жағдайына оның оқиға немесе өзге зандық факты болғанда туындауын жатқызуға болады, бұл ретте несие берушінің кепіл құқығының туындауы да солармен байланысты. Заң актілерінің негізінде туындаған кепілді құқықтық реттеудің ерекшелігі екі аспектіде көрініс табады.

Біріншіден, кепіл заң актісінің негізінде туындауы үшін заң актісі кепіл құқығының туындауына негіз болатын оқиғадан басқа, онда, қандай мүлік қандай міндеттемені қанағаттандыру үшін кепілге берілетіндігі көзделуі тиіс. Екіншіден, шарт негізінде туындайтын кепіл туралы ереже, егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, заң актілері негізінде туындайтын кепілге де қолданылады. Яғни заң актісінде кез келген өзге ереже және Азаматтық кодекске немесе Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Жарлыққа сәйкес кепілді құқықтық реттеуден өзгеше кез келген мәселе көзделуі мүмкін.

Мысалы, кепіл берушіге орнына басқа мүлік беріп кепіл нысанын мемлекет қажеттілігі үшін алып қою, ол нысанды реквизициялау немесе ұлт меншігіне алу заң актісі негізінде кепілдің туындауының мысалы бола алады. Бұл ретте орнына берілген мүлікке кепіл құқығы АК-ның 324-бабына сәйкес туындайды. Занды кепілдің тағы бір мысалы ретінде, жоғарыда аталып өткендей, кеме (тұрғызылып жатқан кеме) кепілін алуға болады, оның құқықтық реттелуі "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Занда көзделген.

Кепіл туралы шарт. Кепіл туралы шарттың мазмұны үшін қажетті елеулі жағдайларға, жалпы ереже бойынша, кепіл нысаны туралы тарап, оны бағалау, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері, және орындалу мерзімі, сондай-ақ кепілге салынған мүліктің тараптардың қайсысында екенін керсету және оны кепіл туралы шарт күшінде болған кезде пайдалануға болатындығы жатады (АК-ның 307-бабы) .

Кепіл нысаны туралы талапта нақты мүлікті кепіл нысанына жатқызу үшін қажетті ақпараттар болуға тиіс. Мысалы, кепіл нысаны ретінде жеке - белгілі бір нәрсені пайдаланғанда қандай нақты заттың кепілде екендігін анықтауға мүмкіндік беретіндей барлық ерекше белгілер көрсетілуі тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғалардың заттық құқығы
Ипотека-кепілдің бір түрі ретінде
Мемлекеттік тіркеу
ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ТОҚТАТЫЛУЫ
Заттық құқық жәнеменшік құқығы туралы жалпы ережелер
ҚР азаматтық құқығы пәнінің лекция тезисі (жалпы бөлім)
Заттық құқықтың ұғымы
Азаматтық құқық пәнінен лекция тезистері
Азаматтық құқықтағы заттық құқықтар
Азаматтық құқықтағы міндеттеме ұғымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz