Бастауыш мектепте оқыту туралы
Мазмұны
Жоспар 2
I Кіріспе 3
1. Бастауыш сыныптағы тіл мәдениетіне тәрбиелеудегі
әдістемелік
ұстанымдар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 4
1. . Бастауыш мектепте оқыту
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 5
II Негізгі бөлім. 11
2.1. Әдебиеттік оқу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .11
2.2. Ана тілі әдебиеті. 13
2.3. Бастауыш сынып оқушыларын субьект ретінде
ана тілі сабағындағы 14
2.4. Ана тілім-туған елім
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
19
III Қорытынды 25
IV Пайдаланылған әдебиеттер 27
V 5.1. Оқу ғимаратына қойылатын талаптар 28
Курстық жұмыс
Жоспар:
І. Кіріспе.

әдістемелік ұстанымдар.
2. Бастауыш мектепте оқыту туралы.
ІІ. Негізгі бөлім.
2.1. Әдебиеттік оқу.
2.2. Ана тілі әдебиеті.

ана тілі сабағындағы.
2.4. Ана тілім-туған елім.
.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
V. Қосымша.
5.1. Оқу ғимаратына қойылатын талаптар.
КІРІСПЕ
Қазақ тілін оқыту методикасы - мектепте оқытылатын қазақ тілі
материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым
саласы.
Қазақ тілін, әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым
Басымов болды. 1938 жылы Грамматиканы оқыту жөнінде деген мақаласында
оқыту әдістеріне тоқталды.
1940 жылы Ғали Бегалиевтің Бастауыш мектепте қазақ тілінің
методикасы деген, 1950 жылы Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының
мәселелері деген кітабы жарық көрді.
1944 жылы Жаттығу, емле мен тіл дамыту, 1946 жылы Қазақ тілі
методикасы (екінші басылым) деген еңбектері жарық көрді.
1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың Қазақ тілі методикасының кейбір
мәселелері (1- бөлім, фонетика мен морфология) деген кітабы шықты.
Қазақ тілі оқулықтары мен программаларын жақсарту жөнінде, методикалық
еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу, озат мұғалімдердің
тәжірибелерін зерттеу мәселелерін дұрыс жолға қойып, қазақ тілін оқытуды
жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірген ғалым- профессор Ахмеди Ысқақов болды.
Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын
дұрыс жолға қою міндеттелді. Озат мұғалімдерді, методистерді, ғалымдарды
қазақ тілін оқыту мәселесімен айналысуға жұмылдырды, оларға ғылыми басшылық
жасап, жөн сілтеді. Сондай жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде-ақ
қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері зерттеліп, бірсыпыра еңбектер жарық
көрді.
Бұл салада зерттеуші-мұғалімдер Иманбек Ұйықбаев Сейіл Жиенбаевтан,
Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі методикасын дамытушы, алғашқы
зерттеушілердің бірі болып танылды. И.Ұйықбаевтың 1957 жылы Орта мектепте
қазақ тілін оқыту мәселелері, Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші
құрал, ал 1962 жылы Қазақ тілі методикасының очерктері деген еңбектері
жарық көрді.
Бұл аталған еңбектерде морфологияны оқытуға жан-жақты талдаулар
жасалынды. Оны қазір ұстаздар өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданып
жүр.
Синтаксисті оқыту да назардан тыс қалмады. Әмеди Хасенов қазақ тілі
программалары мен оқулықтарын жетілдіріп, жақсарту жөнінде көп еңбек
сіңірді. 1957 жылы Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері,
Пунктуацияны оқыту жолдары деген методикалық еңбектері жарық көрді.
Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің жағдайы Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық дамуымен тығыз байланысты екені белгілі. Сондықтан білім
беруді жариялау және ізгілендіру процесі – бүгінгі таңның басты
міндетттерінің бірі. Себебі өркениетттің дамуы жеке адамның рухани
дамуынсыз мүмкін емес. Осыған байланысты қоғамдық өмірдің негізгі
салаларында рухани бай, гумандық тұлғаны қалыптасстыру қажеттілігі туып
отыр.
Көптеген зерттеулерге қарағанда гуманизмнің шығуының анықталған кезеңі
жоқ.Гуманистік идеялар ерте заманнан пайда болғанын, алғашында тек
адамдардың өзара қарым-қатынасы, күнделікті іс-әрекеті, жауларынан қорғану
барысында өз руластарына деген сүйіспеншілік қамқорлық ретінде көрінгенін,
кейін бұл мәселе ұлы ойшылдардың еңбектерінде көрініс таба бастағанын
байқадық.
Олардың гуманизм туралы пікірлері гуманистік педагогиканың қалыптасып
дамуына негіз болды.
Ізгілік педагогиканың негізін қалаушы ағартушылар: Тома Мор, Т. Компанелло,
Я. А. Коменский, Жан-Жак Руссо, Л. Н: Толстой, К. Д. Ушинский, Ы.
Алтынсарин, М. Жұмабаев, т.б.
Оқушылар бойында гумандық қасиеттер қалыптастыруда оқу-тәрбие процесін
ізгілендіру және ол үшін оқушылармен жеке жұмыс жүргізудің маңыздылығын
көріп отырмыз. Нашар үлгеретін және үлгермейтін оқушылардың білім мен білік
дағдылардың жағдайын және сыныптардағы үлгермеушілікті болдырмау жөніндегі
іс-әрекеттерді талдап қарастыру.
Мақсаты: Оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде оқушылармен жеке
жұмыстың түрлі фомасын, мұғалімнің оқушылармен гумандық қарым-қатынасын
көрсету.
Міндеттері: 1). Оқу-танымдық іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау.
2). Озат іс-тәжірибені практикаға ендіру, дидактикалық материалдармен жұмыс
істеу.
Нысанасы: Бастауыш сынып оқушылары ( 1-сынып) Тіл ұлттық қазына

әдістемелік ұстанымдар Тіл мәдениетіне тәрбиеленудің жолға қойылуы —
бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе.
Мемлекеттік мәртебеге ие болған казақ тілінің қолданыс өрісінің кеңеюі,
біршама жылдар бойы өзге тілдің өктемдігінен табиғи арналарынан ажырап
қалған ана тілімізді өрістетуге деген талаптың күшеюі республикамыздағы
білім беру жүйесінің негізгі буыны болып саналатын жалпы білім беретін
мектептерде қазақ тілі пәнінің рөлінің, маңызының арттырылуына қажетті
алғышарттарды қалыптастыруды керек етеді. Бұл орайдағы негізгі шарттар —
қазақ тілі пәнінің білім мазмұнын жаңарта отырып, оқушыға терең білім
беру, олардың коммуникативтік біліктілігін арттыру ана тілін сөз
мәдениеті талаптарына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін
жетілдіру.
Қазақ тілінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында белгіленген
талаптарға: жаңартылған білім мазмұнына, оқушы мең-геруге тиіс міндетті
білім деңгейлеріне табан тірей отырып, тіл мәдениетін оқытуға катысты
міндеттер мен нәтиже межелері белгіленеді.
Қазіргі таңда тіл мәдениетін оқытуда оқушының өзіндік ізденістеріне
негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті
жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі ескеріледі. Бұл орайда,
оқушының өздік, шығармашылық жұмыстарды орындауына мән беріледі. Яғни
білім мен білік оқушының өздігінен ізденуіне, түрлі тілдік жағдаяттарды
тіл жұмсауға төселуіне және оның лингвистикалық дүниетанымының кеңеюіне
жол ашатындай тілді әр қырынан өздік әрекеті арқылы тану жолымен
меңгертіледі.
Оқушыларды тіл мәдениетіне тәрбиелеу төмендегідей дидактикалық,
әдістемелік ұстанымдарға негізделді:
1. Теория мен практиканың бірлігін нығайту, яғни тілдік білік пен
коммуникативтік біліктің қатар қалыптасуына жол ашуды көздей отырып
оқыту.
2. Білім мазмұны мен білікті қалыптастыру жүйесіндегі сатылы-
сабақтастықты сақтау, яғни тіл білімі салаларының бір-бірімен ұштастырыла
берілуін қамтамасыз ете отырып оқытумен қатар, сол білімді тілдік
білікпен сабақтастыруға басымдылық беру.
3. Білім мазмұнының қоғамдык-әлеуметтік сұраным талаптарына сәйкестігі,
яғни тіл мәдениетініңң оқушының өзіндік көзқарастары мен дүниетанымын
жетілдірудің басты факторларының бірі екендігіне жол аша отырып оқыту.
4. Оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, яғни тіл
мәдениетінің оқушының жеке бас қасиеттері мен қабілеттерін дамытуына
мүмкіндігін барынша дұрыс пайдалана отырып оқыту.
5. Тіл мәдениетін лингвомәдени, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика
мәселелерімен байланысын арттыра оқыту, яғни сөйлеу әдебі, сөз мәдениеті
талаптарына ерекше мән бере отырып оқыту.
1.1 Бастауыш мектепте оқыту туралы
Бастауыш бiлiм жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш
сыныптарында немесе мектептiң өз бетiнше оқу-тәрбие берудi ұйымдастыратын
бiлiм мекемесiнiң бастауыш деңгейінде оқыту мен тәрбиелеудiң өзара
байланысы арқылы қамтамасыз етiледi.
Мектептiң бастауыш деңгейінде оқытудың мақсаты:
● оқытудың келесi деңгейіндегі оқу бағдарламаларын игерту мақсатында
оқушылардың танымдық қабiлеттіліктерін және бiлiктіліктерін дамытуды
қамтамасыз ететiн қарапайым бiлiм негiздерiн меңгерту;
● негiзгi оқу iс-әрекетi дағдыларын қалыптастыру;
● ұлттық дiлдi, елiміздiң мәдени-тарихи ерекшелiктерi мен дәстүрлерiн
ескере отырып, отандық және әлемдiк мәдениеттi таныту.
Жалпы бастауыш бiлiм оқуды, жазуды, санауды, оқу әрекетiнiң негiзгi
бiлiктерi мен дағдыларын, теориялық ойлаудың элементтерiн, оқу әрекеттерiне
өзiндiк бақылаудың қарапайым дағдыларын, өзiн-өзi ұстау және сөйлеу
мәдениетiн, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмiр салтының негiздерiн
меңгертудi қамтамасыз етедi.
Мектепке дейiнгi жастағы балаларды бiрiншi сыныпқа қабылдауда олардың
функционалдық сауаттылық негiздерiн меңгеру дәрежесiн емес, оның мектепке
жалпы дайындығын тексере отырып, жоғарыда көрсетiлген мақсаттар бағдарға
алынады.
Тестiлеудiң, баламен әңгiмелесудiң барлық түрлерiнiң мақсаты - алдағы
оқыту процесiне баланың жеке даму ерекшелiктерiн ескере отырып түзетулер
енгiзу.
Мұғалiм бiрiншi сынып оқушыларымен жұмыс барысында мектепке дейiнгi
жастағы баланың жетiстiктерiнiң деңгейiн ескеруi, интенсивтi даму
жағдайында жеке жұмыс жүргiзуi, мектепке дейiнгi жаста қалыптаспаған
сапаларын түзету бойынша арнайы көмек жасауы тиiс.
Оқу жетiстiктерi мен даму деңгейлерi бойынша жасанды iрiктеу арқылы
балаларды топтастыруға болмайды.
Бiрiншi сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға
белгiлi бiр табысқа қол жеткiзетiндей жағдай жасау және оларды өзiн-өзi
бақылауға дайындау мақсатында оқу жылының бiрiншi жартыжылдығында
ынталандырудың баға қоюды талап етпейтiн әдiстерi мен тәсiлдерi
пайдаланылуы қажет. Оқушылардың мектеп талаптарына бейiмделуiн жеңiлдету
мақсатында оқу жүктемесiн бiрте-бiрте өсiру арқылы сабақтардың сатылық
режимi сақталады. Сабақтар арасындағы үзiлiстердiң ұзақтығы оқушылардың
белсендi демалыс және ыстық тамақтандыру уақытын ескере отырып белгiленедi,
алайда ол 10 минуттан кем болмауға тиiс.
Бiрнеше ауысымда жұмыс iстейтiн бастауыш деігейі бар бiлiм беру
ұйымдарында бiрiншi сынып оқушылары бiрiншi ауысымда сағат 9.00-ден
бастап оқытылуы тиiс.
1-тоқсанда ұзақтығы 35 минуттан болатын күнiне 3 сабақ, 2-тоқсаннан
бастап ұзақтығы 35 минуттан күнiне 4 сабақ өткiзiлуi тиiс.
Сабақ кестесiн жасауда оқушылардың тамақтануы мен дем алуына жеткiлiктi
ұзақтықтағы үзiлiс жасалатындай етiп құрылуы қажет (Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 11 наурыздағы 224 қаулысы).
Бастауыш мектептегi оқыту төмендегiлердi қамтамасыз ететiндей екi
деңгейде жүргiзiледi:
1) оқушылардың жалпы бiлiмдiк дайындығы - ғылым негiздерiн оқыту оқу
жоспарларының инвариантты бөлiгiнде белгiленген пәндер тiзiмi мен оларға
арнайы бөлінген сағат көлемi негізінде жүзеге асырылады;
2) оқушыларды жалпы дамыту дайындығы - қызығушылықтарына,
бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қажеттi
жағдайлар жасау.
Бастауыш бiлiм беру 2002 жылы бекiтiлген Жалпы орта бiлiм берудiң
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартына сәйкес дайындалған оқу
бағдарламалары арқылы жүзеге асады.
Мектептiң бастауыш деңгейі бойынша жалпы орта бiлiм берудiң
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының нормаларын жүзеге асыру
мақсатында, сондай-ақ бiлiм, бiлiк, дағдыларды бақылау және бағалау
жүйесiн жетiлдiру үшiн бақылаудың белгiлi нормалары мен эталондарымен
қатар (тексеру жұмыстары, диктанттар, аралық бақылаулар және т.б.) оқушылар
жетiстiктерiнiң деңгейiн анықтауға мүмкiндiк беретiн аралықты және
қорытынды бақылаудың тестiк формаларын енгiзу ұсынылады.
Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу үдерісiнiң межелiк
кезеңiнде, яғни оқытудың бастауыш деңгейінің соңында — 4-сыныпта жүзеге
асырылуы тиiс. Пәндер бойынша бастауыш бiлiм беру стандарты барлық оқушылар
меңгеруi тиiс мiндеттi минимумды белгiлейдi.
2009-2010 оқу жылында қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек тiлдерiнде оқытылатын
жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында 2003 жылы ҚР БжҒМ-нің 11 наурыздағы №148
бұйрығымен бекiтiлген оқу бағдарламалары (Алматы, РОНД, 2003)
пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы жалпы орта бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға
мiндеттi стандарттарының 9.3 бөлiмiне сәйкес пәндердi оқыту үдерісiн оқу-
әдiстемелiк, техникалық жағынан қамтамасыз етудi мектеп әкiмшiлiгi мен
бiлiм берудi басқарудың жергiлiктi органдары (департаменттер) жүзеге
асырады.
Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң бастауыш сыныптарында әрбір
пәнді, факультатив және үйірме курстарын тереңдетіп оқыту мақсатында
мұғалім өзі дайындаған және мектептің әдістемелік ұйымында бекітілген
қосымша бағдарлама негізінде оқытуға болады. Жалпы білім беретін
мектептердің бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыру
мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009
жылғы 3-сәуірдегі № 160 бұйрығы негізінде оқулықтар мен оқу әдістемелік
кешендердің тізіміне мультимедиялық электрондық оқулықтар енгізілді.
Төменде барлық типтегi мектептердiң 1-4 сыныптарына арналған базалық
оқу пәндерi мен оқулықтары тiзбесiне сипаттама берiледi.
Қазақ мектептерінде Сауат ашу, Қазақ тілі, Әдебиеттік оқу
пәндерін оқыту туралы.
Үшіншіден, бүгінгі білім мазмұнындағы түбегейлі бетбұрыстар
оқушыға теориялық терең мағлұмат берумен қатар баланың өзіндік көзқарасы
мен дүниетанымын қалыптастыруға қарай бейімделіп құрылуы тиіс деген
қағиданы берік ұстауды қажет етеді. Бұл орайда оқушылардың жас және
психологиялық ерекшеліктерін ескерсек, нақты практикалық маңызы бар тілдік
іскерліктерді жүйелі қалыптастырудың орны бөлек. Мұндағы басты талап ой-
пікір алмасудың, сөз мәдениетіне жетік болудың тиімді әдіс-тәсілдерін
меңгерту болып табылады. Сондықтан тілді оқытудың әдістемелік жүйесінде
естігенін тез қорытып, өз ой-түйіндерін дұрыс та мәнді, тиімді етіп айта
білуге төселдіретін оқыту құралдары мен тәсілдері, жолдары анықталуы керек.
Жеткіншек сөз әлемінің өзіне әлі де беймәлім ықпыл-жықпылдары бар екенін,
одан әркім өзінше жол тауып шығуы қажет екенін мойындататын схоластикалық
тұрғыдағы идеалды малданып отырмай, өзі сол сөйлеу талап-тарымен бетпе-бет
келгенде не істей алар едім деген сауалға жауап табуына қажетті білім-
біліктерді меңгертуге икемделген оқыту жүйесі қажет. Міне, сол себепті де
ой тереңдігімен, сөз сиқырымен танылған таңғажайып дарынды шешендердің не
дегенін ежіктеп баяндаудан гөрі, өзін әрбір жағдаятқа қоя отырып, толқу,
толғану сезімдерін бастан кешіруге, нақты тапсырмалар арқылы сынға түсуіне
орайласқан оқу процесінде ғана баланың ойы да, тілі де дамитыны ескерілуі
мәнді. Бұл, оқыту жүйесіндегі шешендік өнерден бас тарту емес, сол шешендік
сөздерді өз деңгейінде, өз орнында пайдалана отырып, оны сөз мазмұнын, ой
түйінін жеткізетін құрал ретінде түсіну қажет деген сөз. Сөз мазмұнын
түсіну ғана баланың логикалық ойын дамытады, одан әрі қарай берілетін
жаттығулар арқылы тілі ширайды. Сондықтан тарихта болып өткен шешендердің
сәздерінің теориялық негіздерін танытатын ережелерден гөрі, сол шешендердің
сөз үлгілеріне еліктетіп, ой айтуға үйрету әлдекайда тиімді. Әрі мұндай
әдістер оқушының жас ерекшеліктерімен де іштей қабысып жатыр. Себебі жоғары
сатыдағы мектеп оқушысы үшін темірдей теорияларды қабылдаудан гөрі, өз
тәжірибесіне сүйене отырып ой түйіндеулерін жасау, жеке ой қорытындыларын
жүйелеу қызықты да маңызды болады. Өйткені олар қандай жағдаятта да өз
бетімен жол табуға құштар. Оның үстіне XXI ғасырдың табалдырығын аттағалы
отырған жас буынды білімнің сипаты немесе тиістілігі емес, өзінің оқу
еңбегінің қандай нәтиже беретіні көбірек алаңдатады. Бұл әрине, өте табиғи
талап. Егер тұрлаусыз уақыттың сынынан сүрінбей өтудің бір шарты — тіл
табысу, өз көзқарасын айқын дәлелдей білу болса, онда соған қажетті тілдік
талғамды, сөйлеу қабілетін тек практика арқылы дамытуға болатыны ақиқат
шындық. Сондықтан да шешендікке баулу, ана тілін сүюге, құрметтеуге үйрету
теория түрінде емес, жүйелі түрдегі эмпирикалық ережелерге, заңдарға сәйкес
берілетін білім мен біліктің бірлігіне негізделеді.
Төртіншіден, жаңа білім мазмұнында ұлттық дәстүр мен жалпы адамзаттық
құндылықтардың бір-бірімен түйісіп, өзара сабақтасып берілуі де маңызды
талаптардың бірінен саналады. Олай болса, тілді оқытуды баланың қарым-
қатынас жүйесіндегі сөз әдебімен, жазба тіл мәдениетімен, шешендікпен,
пікірталас мәдениетімен орайластырудың негізінде де жас ұрпақтың бойына
халықтық салт-сана мен жаңа деңгейдегі мәдени талаптарды қатар сіңіру;
олардың тілдік талғамын қалыптастыруды уақыттың бүгінгі талаптарымен
үндестіру, ізгілендіру, демократияландыру тенденцияларымен тамырластығын
түсіндіру арқылы да қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік маңызына көз
жеткізіледі. Соның нәтижесінде оқушының өз тіліне деген құрмет сезімдерін
ояту мақсат етіледі.
Бесіншіден, ана тілін оқытудың мәні мен әлеуметтік қызметі — тілдің табиғи
қызметі қарым-қатынас құралы екендігін таныту. Бұл сөйлеу әрекетін дамыту
арқылы жүзеге асатыны белгілі. Психологияда сөйлеудің әрекет деп танылуы
туралы қағида тілді оқыту әдістемесінің методологиялық негізі ретінде
алынды. Сөйлеу, яғни, практикалық әрекет, тілдік білімнің адамдардың бір-
бірімен қарым-қатынасында нақты жүзеге асуы болып табылады. Яғни сөйлеу —
тілдің әрекетке ұласуы, білімнің адам қажеттіне айналуы. Сол себепті
бағдарламада оқу материалдары логикалық-семантикалық ұстаным негізінде сөз
мәдениетінің ауқымында беріліп отырады[12,53-65 б.].
Міне, осы қағидаларды топтастыра отырып, 10, 11-сыныптардағы қазақ тілін
оқытудың мақсаты — ана тілінің тарихымен бүгіні шешендік өнердің алуан
сипаттары туралы мағлұмат негізінде оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіру,
тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуге үйрету, интеллектуалдық
қабілеттерін арттыру болып айқындалды. Осы мақсатты орындау барысында
оқушылардың тіл мәдениетін дамытуға интерактивті әдістер арқылы қол
жеткізуге болады.
Интрактивті әдістерге: миға шабуыл, дебат, пікірталас, диалог т.б. жатады.
Соның ішінде диалогқа тоқталайық. Диалогтік сөйлеуде оқушылар өз ойын тез
жинақтап, екінші бір адамдармен пікір алмасып, ой қорыту жылдамдығын
арттыруға үйретіледі. Бір-бірлеріне сұрақ қоя білуге төселеді.
Сол арқылы адамның білімі, ой-өрісі оның жауабынан ғана емес, қай нәрсеге
сұрақты қалай қоя білуіне де байланысты танылатынын пайымдайды.
Адамның белгілі бір нәрсеге, мәселе жөнінде сұрақ қоя алуы – ойлаудың
алғашқы баспалдағы, сұрақ қоя білу - сол мәселені шешудің кілті. Сұрақ -
қиялдаудың ең жоғарғы қасиеті.
Диалогтік сөйлеудің тағы бір артықшылығы - оған бүкіл топ оқушылар куә
болғандықтан, бала өзінің әр сөзіне жауапкершілікпен қарауға тырысады,
қандай мәселе төңірегінде болмасын, бұл жарыс (ой, сөз жарысы десе де
сыйымды) оның есінде ерекше сақталады. Оқушылардың бірі басым түсуі,
екіншісі жеңілуі де мүмкін. Жеңілген оқушы қатесін түсініп, оны толықтыруға
үйренеді, әрі өзін-өзі сынай білуге дағдыланады. Қазақ тілінің негізгі
өзекті мәселелерінің бірі - оқушының өзіндік көзқарасына негізделген сөйлеу
тілін дамыту болғандықтан, олардың тіл мәдениетін арттырудың бір тиісті
жолы - белгілі бір тақырып төңірегіндегі өзара сынға арналған пікір алысуды
ұйымдастыру.
Тіл мәдениетін дамытудың тағы бір әдісі - дебат. Қазіргі уакытта мектепте,
жоғарғы оқу орындарында бұл әдісті жиі қолданылады.
Қорыта айтқанда, тілді талғампаздықпен жұмсау, дұрыс қолдану мәселелер
тілдік дағдыларды жетілдіріп, әдеби тіл нормаларына сай заңдылықтарды
меңгертуге келіп сиятыны белгілі. Осы міндеттің дүрыс шешім табуы жоғарыда
аталған тиімді әдіс-тәсілдерді күнделікті сабақ барысында жүйелі түрде
қолдану. Басты нысана етіп, тілдің дұрыс, әсем қолданысын үйретуді алып,
оны жүзеге асыру үшін оқушының сөйлеу, жазба тілдерін жетілдіріп, тіл
мәдениетін көтеру[1,145 б.].
10, 11-сыныптардағы білім мазмұнын анықтауда, негізінен, тілдің танымдық,
коммуникативтік, кумулятивтік т.б. қызметтері қатар ескеріліп, оқу
материалдары соған сай практикалық бағыттылық, коммуникативтік белсенділік,
қоғам талабы мен оқыту жүйесінің бірлігі, интеграция, жүйелілік,
сабақтастық т.б. ұстанымдар негізінде іріктеліп алынуы тиіс. Тілдік білім
мен білік негізіне оқушының жеке тұлғалық мәдениетін қалыптастыру тірек
етіп алынады. Бұл білім берудің жаңа деңгейіндегі адам-қоғам
қатынастарындағы жалпыадамзаттық өркениет пен ұлттық құндылықтарды
сабақтастыру мақсатына сай келеді. Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан
мемлекеті тәуелсіздік алып, демократиялы қоғам құруға бет алғалы қоғамдағы
өзгерістер білім беру саласына да өз әсерін тигізді.Білім беру үрдісінде
ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға
жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп,
адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын
пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін
жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу –
кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен
жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер
қауымына зор міндеттер жүктейді.Қазақстан Республикасының 2015 жылға
дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: ... жылдам өзгеріп отыратын
дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдының негізінде еркін
бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше
дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру,- деп атап көрсеткен
Негізгі бөлім
2.1. Әдебиеттік оқу
Мектептiң бастауыш сатысындағы Филология бiлiм саласына Сауат ашу,
Қазақ тiлi, Әдебиеттiк оқу пәндерi енедi.
Бастауыш сатыда Филология бiлiм саласын оқыту жүйелi-концентрлi
ұстанымға негiзделiп, мазмұны жағынан кешендi сипатта болады. Оқытудың бұл
құрылымы тiлдi оқытудың коммуникативтiк — iс-әрекеттiк бағытын жүзеге
асыруға мүмкiндiк бередi. Мұның өзi тiлдiк бiлiмнiң жаңаша сапасын
қамтамасыз ету бағытын жүзеге асыруға бағыт бола алады.
Осы тұтас жүйе мазмұны мен өзiндiк мақсатқа бағыттылығы жағынан
оқушының тiлдiк iс-әрекеттерге ауызекi және жазба тiлдегi толыққанды
дайындығын қамтамасыз етедi.
Бастауыш сатыда оқытуда оқушы үшiн тiл қарым-қатынас құралы ғана емес,
қоршаған ортаны тануға, адамның тiлi мен ақыл-ойын дамытуға, адамдардың бiр-
бiрiне өзара әсер етуiне, оларға эстетикалық және адамгершiлiк тәрбие
беруге мүмкiндiктер ретiнде көрiнедi.
Бастауыш деңгейдегі Филология бiлiм саласын оқытудағы тiлдiң қызметi
қарым-қатынастың, қоршаған ортаны танудың, жеке тұлғаның өзiндiк
қызығушылықтарын, қажеттiлiктерiн және қабiлеттерiн дамытудың құралы
ретiнде қарастырылады.
Сауат ашу − 1- сынып бойы (аптасына 7 сағаттан) жүретiн оқу пәнi.
Сауат ашу курсы әлiппеге дейiнгi кезең, әлiппе кезеңi және
әлiппеден кейiнгi кезең деп аталатын үш кезеңге бөлiнген.
Пәннiң негiзгi ерекшелiгi − әлiппеден кейiнгi кезеңнiң II
жартыжылдықтың өн бойында жалғастырылып оқытылуы.
Сауат ашудың басты мақсаты − тiл дамытумен өзара байланыста оқу және
жазу дағдыларын қалыптастыру (I жартыжылдықта Әлiппе оқулығының
материалдарында) және оқу және жазу дағдыларын жетiлдiру, алғашқы
грамматикалық мағлұматтарды меңгерту (II жартыжылдықта Ана тiлi
оқулығының материалдарында).
Оқу пәнiнiң базалық мазмұны:
• негiзгi тiлдiк бiрлiктер – дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтiн;
• қазақ алфавитiнiң әрiптерi;
• оқуға және жазуға, тiл дамытуға арналған иллюстративтiк, мәтiндiк
материалдар;
• дыбыстық және дыбыстық-әрiптiк сызбалар, буынның, сөздiң,
сөйлемнiң сызбалары;
• алғашқы грамматикалық мағлұматтар (II жартыжылдықта - әлiппеден
кейiнгi кезеңде).
Оқу пәнiнiң мазмұны 2 оқулық бойынша жүзеге асырылады: Әлiппе
оқулығында әлiппеге дейiнгi және әлiппе кезеңдерiнiң мазмұны, Ана тiлi
оқулығында әлiппеден кейiнгi кезеңнiң мазмұны қамтылады.
Сауат ашу пәнiнiң кiрiктiрiлген сабақтарының мiндеттерi:
• әлiппеге дейiнгi кезең: 1) сөздiк қорын байыту, лексикалық
тақырыптар бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; 2)
дыбысталатын тiлдi, сөйлеудi талдау (сөйлем, сөз, буын, дыбыс);
дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен
ретi); дыбыстық сызба құру, оны оқу; 3) жазуға даярлау (әр түрлi
сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру); жазу жолын сақтай отырып
әрiп элементтерiн жазу;
• әлiппе кезеңi: 1) құрамында жаңа таныстырылған әрiпi бар сөздермен
сөздiк қорын байыту; 2) жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi
және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп); 3) сөзге дыбыстық-
әрiптiк талдау; сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; 4) буынды,
сөздi, сөйлемдi оқу; 5) байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; 6)
байланыстырылған мәтiндi оқу; 7) жазу;
• әлiппеден кейiнгi кезең: 1) оқу; 2) жазу; 3) тiл дамыту; 4)
алғашқы грамматика.
Сабақты ұйымдастыру түрi: сауат ашудың мазмұнына мейлiнше сәйкес
келетiн модульдiк құрылым. Кiрiктiрiлген сабақтардың құрылысы оқу уақытын
барынша үнемдеуге, әрбiр сабақтың мақсатын айқын анықтауға және мазмұнын
таңдауға мүмкiндiк туғызады.
Әдебиеттiк оқу пәнi 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады. Пән
мазмұнында оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру, оқырмандық мәдениетке
баулу, қазақ және әлем балалар әдебиетiмен таныстыру, әдебиет теориясынан
бастапқы мәлiмет беру мен шығармашылық қабiлеттерiн дамыту, елжандылыққа,
отансүйгiштiкке тәрбиелеу мiндеттерi қарастырылады.
Әдебиеттiк оқу пәнiнiң мазмұны тақырыптық-блоктiк, көркемдiк-
эстетикалық ұстанымдарға негiзделедi және ауыз әдебиетi үлгiлерi мен
классикалық балалар әдебиетiнiң жанрлық ерекшелiктерiнен қарапайым түсiнiк
қалыптастыру, авторлар өмiрiнен қысқаша мағлұмат беру көзделедi.
Қазақ тiлi пәнiн оқытудың басты мақсаты – оқушыларды (2-4 сыныптар)
оқуға, сауатты жазуға үйрету, негiзгi тiлдiк ұғымдармен таныстыру, өз ойы
мен пiкiрiн еркiн жеткiзе алатын дара тұлға тәрбиелеу.
Қазақ тiлiн оқытуда сөйлеу туралы түсiнiк беру, ауызекi және жазба
тiлде қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, тiлдiк құбылыстарды талдау,
орфографиялық дағдылар қалыптастыру, пунктуациялық ережелердi практикалық
тұрғыда меңгерту, көркем жазу дағдыларын жетiлдiру, сөйлеу мәдениетiн
дамыту мiндеттерi қойылады.
Бағдарламалық материалдардың Тiл және сөйлеу, Фонетика, Лексика,
Сөзжасам, Морфология, Синтаксис, Мәтiн, Пунктуация бөлiмдерiнен
құрылуы негiзгi тiлдiк ұғымдарды бiр-бiрiмен тығыз байланыста қарастыруға
мүмкiндiк бередi. Осы арқылы теориялық бiлiмдi ұғыну мен оны сөйлеу
әрекетiнде практикалық тұрғыдан меңгеру үрдiстерiнiң бiрлiгiне қол
жеткiзiледi. Қазақ тiлi пәнi 2-4 сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылады.
Сауат ашу – 1- сыныпта Сауат ашу пәнi интеграцияланған (оқу мен жазу
– Әлiппе оқулығы; тiлдiк және оқу материалдары – Ана тiлi оқулығы)
мазмұнда оқытылады.
1-сыныпта Сауат ашу пәнiнiн оқытуға Базистiк оқу жоспарында барлығы
238 сағат (аптасына 7 сағат) бөлiнген.
Сауат ашу пәнiнiң бағдарламасы екi оқулық арқылы жүзеге асырылады:
I жартыжылдықта – Әлiппе оқулығы, II жартыжылдықта – Ана тiлi оқулығы.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарындағы білім берудің
міндеттері осы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары негізінде жасалған төмендегідей нормативтік құжаттар мен оқу
бағдарламалары және оқулықтар арқылы жүзеге асырылады:
- 2009 жылғы 3-сәуірдегі № 160 бұйрығымен бекітілген 2009-2010 оқу
жылында білім беру мекемелерінде пайдалануға рұқсат етілген оқулық
басылымдарының тізбесі;
- 2009 жылғы 3-сәуірдегі № 160 бұйрығымен бекітілген 1-қосымша;
- 2009 жылғы 3-сәуірдегі № 160 бұйрығымен бекітілген 2-қосымша;
- 2009 жылғы 3-сәуірдегі № 160 бұйрығымен бекітілген 3-қосымша.
2.2. Ана тілі әдебиеті
Ана тілі әдебиетін сүйіңдер, жазушының мақаласы. 1957 ж. жазылып, сол
жылы Қазақстан мұғалімі газетінде жарияланды. Әуезовтің 20 томдық
шығармалар жинағының 19-кітабына сол күйінде өзгеріссіз енгізілді (1985,
410-414-беттер). Автор мақалада ана тілі мен туған әдебиетінің қадір-
қасиетін сөз еткен. Жас буынға ана тілін, ана тіліндегі әдебиетті оқытып-
үйретудің екі жолы бар: біріншісі - мектеп арқылы жүзеге асырылса, екіншісі
- әр адамның өз бетінше ұзақ уақыт ізденіп, уйренуі. Автор одан әрі: Бұл
дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді
интеллигент емес деп, жастарға зор міндет, улкен сенім жүктейді. Жазушының
ойынша, бала күннен бастап кітаппен достасқан адам ғана, өзін интеллигент
санатына қосылдым деуіне болады. Бұл - рас сөз. Әйткені бір ғана
мамандықпен тар көлемде қалып, ізденбей, тоқырап қалған адамды мәнді
интеллигент деу қиын. Жазушы өз пікірін дәлелдэу үшін, орыстың, еуропаның
мәдениетті адамдарының кітапты аса көп оқитынын мысалға келтіреді. Тіпті
уйде отырған, тек үй қызметкері аналар, қарт әжелер, қартаң аталар болсын,
бәрінің де көркем әдебиетке көңіл-пейілі, құмарлана әзірленуі, тану
бағалауы өзгеше деп, ағартушылық, ұстаздық біліктілігін асыра, өсіре
айтады. Ұлы жазушы өз ана тіліндегі әдебиетті аудармадан, орыс тілінен ғана
оқитындарды қош көрмейді, ондайларды сорлылық деп кінәлайды, ондайлар
толық интеллигенттік сипатқа ие бола алмайды деп тұжырымдайды ойын. Ана
тілі — белгілі бір этностың қалыптасып, ұлт деңгейіне дейін үздіксіз
дамуына ұйтқы болып келген және сол этностың негізгі тілі саналатын, өзара
қауымдаса тіршілік етуіне қажетті тіл.
Этникалық тегі географиялық қоныстану аумағы, шаруашылық жүргізу тәсілдері
ортақ адамдар қауымы мен мүшелерінің ана тілі арқылы ортақ дүниетанымы,
ұғым-түсінігі, мінез-құлқы, наным-сенімі, сезіну қасиеттері – бір сөзбен
айтқанда, ұлттық ділі қалыптасады. Ана тілі ұғымы не оған жақын түсінік
барлық этносқа тән, бірақ этностық көзқарас тұрғысынан бұл ұғым әр түрлі
(туған тіл, ұлт тілі, ата-баба тілі, ана тілі, т.б.) атала береді.
Қазақ этносының дәстүрі бойынша, шыр етіп дүниеге келген нәрестенің
құлағына алғаш шалынған ананың үн-әуезі оның ақ сүті арқылы баланың бойы
мен барша болмысына дарып, адамға ғана сыйланатын құдіретті күш – тілге
ұласады, сондықтан оның тілі ана құрметіне бағышталып, ана тілі аталып
кеткен. Қазақ тіл білімінде ана тілі терминін алғаш ұсынып, ғылыми
айналымға енгізген Ахмет Байтұрсынов. Қазіргі уақытта (1998) қазақ халқының
үштен бірі, яғни 4 млн-ға жуығы, Қазақстаннан тыс (Қытай, Монғолия,
Ауғанстан, Иран, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан,
т.б.)[1] жерлерде диаспора болып отыр. Бұл топтар қандай тілдік ортада
(қытай, ұйғыр, монғол, пүштүн, парсы, түрік, өзбек, орыс, қырғыз, түрікмен,
т.б.) өмір сүрсе де, ол тілдердің қанша әсері болса да қазақ тілі олар үшін
ана тілі болып саналады. Қазақ диаспорасы үшін ана тілінің сақталу,
сақталмауы, қолданыс аясының кең, тарлығы, сайып келгенде, олар тұратын
мемлекеттердегі тіл саясатына, тілдік ортаға, диаспораның шоғырланып немесе
шашыранды түрде орналасуына, сондай-ақ ана тілін қайткен күнде де сақтап
қалуға деген саналы әрекетіне де тікелей байланысты. Әрбір азаматтың ана
тілін қастерлеуі оның мемлекеттің биік мәртебесіне қатысты қоғамдық
көзқарас пен қамқорлыққа да тікелей байланысты. Сондықтан әркімнің өз ана
тілін құрметтеуі тек анасының ақ сүтін өтеу ғана емес, қоғам алдындағы
азаматтық абзал парызын ақтау, сол арқылы елдің елдігін сақтау болып
саналады

ана ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz