Бухгалтерлік есептің маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бухгалтерлік есептің маңызы
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні, объектісі және маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі
... ... 13
1.3. Құжаттарды жіктеу, оған қойылатын талаптар есеп
шоттары ... ... ... ... .18
2. Бухгелтерлік есеп принциптері мен концепциялары
2.1. Есеп регистрлері, олардың түрлері және
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2. Бухгалтерлік есеп концепциялары мен нысандарының
мәні ... ... ... ... ...26

2.2. Бухгалтерлік есептің принциптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .30

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 36
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .38
Кіріспе

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып,
қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе
жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып
табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп
барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре
алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса,
оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни
философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын
өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып
табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін
иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген
конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер
айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның
қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді
функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп
кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген
өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.
Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және
шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы
(ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық
ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал
қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі
пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе.
Яғни, басқарушы есептің мәліметін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім
қабылдау үшін пайдаланса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса
жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және
тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті
түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі
әрбір кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті
туралы күмәнсіз сенімді және уақытылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайыын
өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп үдерісін
құрудың шарттары және элементтер жүйесі. Негізгі қосылғышиар мыналар:
алғашқы есеп пен құжат айналымы, түгендеу, субъекті қаржы-шаруашылық
қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп нысандары, есеп және
есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен
мазмұны.
Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен есептің жалпы ережелері
ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін құқықтық-
нормативтік актілермен белгіленеді. Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесінің
бес деңгейі бар:
1. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы Заң.
2. Заңнамалық актілер мен ҚР Үкіметінің Қаулылары.
3. Бухгалтерлік есеп стандарттары мен оларға әдістемеік ұсыныстар.
4. Шоттардың типтік жоспары мен оларды қолдануға берілген нұсқау.
5. Субъектінің есеп саясаты.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы Заңның 6-бабы 2-
тармағына және Қаржылық есеп беру туралы ұсыныс 30-бухгалтерлік есеп
стандарттарына сәйкес есеп саясаты - ұйымның талаптары мен қызмет
ерекшеліктеріне сай , ҚР-ң бухгалтерлік есеп пен есеп шоттарының үлгі
жоспары туралы заңдарының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу
мен қаржылық есеп беруді жасау үшін қабылданған принциптер, негіздер,
шарттар, ережелер мен практика.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру есептеу мен үздіксіз қызметтің
негізгі принциптеріне, түсінікті, орынды, сенімді және салыстырмалы сапалық
сипаттамаларына сәйкес атқарылуы тиіс.
Қурстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Бірінші бөлімде бухгалтерлік есептің мәні, объектісі, маңызы және
бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі қаралады.
Екінші бөлімде бухгалтерлік есеп концепциялары мен нысандарының мәні,
бухгалтерлік есептің принциптері жайлы айтылады.

1. Бухгалтерлік есептің маңызы
1.1. Бухгалтерлік есептің мәні, объектісі және маңызы

Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есепті қолданудың
негізгі учаскелері болып табылады. Онда оны көмегімен барлық шаруашылық
қызметінің үстінен қадағалау және бақылау жасау қамтамасыз етіледі.
Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың салымдары есебінен қорлар
жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмен
етеді.
Кәсіпорындағы есептің маңызыды объектілеріне: материалдық емес
активтер, негізгі құралдар, материалдар, еңбекақы бойынша есеп айырысу,
өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру және сату процесіндегі шығындар, ақша
қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін әдістер мен
тәсілдер жүйесі құрайды. Бухгалтерлік есеп тәсілі деп әдіс, амалдардың
жиынтығы түсіндіріледі, олардың көмегімен байқау, есепке алынатын
мәліметтерді жете білу мен зерттеу жүргізіледі.Бухгалтерлік есеп тәсілінің
элементтері:
1. Құжаттау – шаруашылық операцияларының бастапқы тіркеу әдісі мен
бухгалтерлік жазбалардың дұрыстығын негіздеу. Бухгалтерлік есептегі бірде
бір жазба оны тиісті рәсімдеусіз жасалмайды. Құжат – бұл белгіленген
тәртіппен рәсімделген шаруашылық операциясының жасағаны туралы ақпаратты
жазып қойылған түрде сақтайтын материалдық сақтаушы.
2. Түгендеу – мүліктің іс-жүзінде бар екендігі бухгалтерлік есептің
мәліметтеріне сәйкестігін тексеру әдісі. Түгендеудің мақсаты – құралдың
сақталуын кейіннен бақылау үшін істің нақты жағдайын айқындау, нақты
есептік көрсеткіштерді қамтамасыз ету.
3. Бағалау - белгілі бір уақыт сәтіндегі кәсіпорын мүлкін ақшалай
өлшеммен бейнелеу амалы. Кәсіпорын құралдарын дұрыс бағалау жанды және
затқа айналған еңбекке жұмсалған шығындардың іс жүзіндегі бейнеленуін талап
етеді, бұларға есеп объектілерін ақшалай өлшеу де кіреді. Тауарлы-
материалдық қорларды, өндіріске жұмсалған шығындарды дұрыс бағаламау,
жалақыны және өнімнің өзіндік құнына кіретін басқа да шығындарды дәлме-дәл
есептемеу шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін анықтаған кезде
бұрмалаушылыққа әкеледі.
Бухгалтерлік есепте кәсіпорынның құралдарын бағалау негізінде нақты
өзіндік құны салынған.
Кәсіпорын мүлкінің маңызды түрлері ағымдағы есепте және баланста
мынадай бағалармен бейнеленеді:
- негізгі құралдар бастапқы, баланстық немесе қалдық құнымен
бағаланады;
- материалдар, отын, шикізат нақты өзіндік құны бойынша;
- дайын өнім – нақты өзіндік құны бойынша;
- әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есептесулер
бухгалтерлік есепте құжатта көрсетілген сомамен бейнеленеді.
4. Калькуляция - өнім, жұмыс және көрсетілген қызмет бірлігінің
өзіндік құнын ақшалай бейнелеп шығару амалы. Өнімнің өзіндік құны (ӨӨҚ)
материалдық, еңбек басқаруға жұмсалған шығындардан, әлеуметтік салық
аударудан құралады.
5. Шоттар – қаржы жағдайы, міндеттемелер және капитал туралы ағымдағы
ақпарат жинайтын, жүйеленетін экономикалық топтастыру. Шоттардағы жазба
құжаттар негізінде жасалады – бұл операцияны екінші рет тіркеу. Шаруашылық
құралдарының немесе көздерінің әрбір түріне жеке шоттар ашылады.
6. Екі жақты жазу – шаруашылық операцияларын есеп объектілерінің өзара
байланысын көрсететін бухгалтерлік есептің шоттарында тіркеу тәсілі.
7. Баланс – белгілі бір сәттегі субъектінің мүлкі, міндеттемелері және
капиталы туралы ақпаратты жинақтап қорыту мен экономикалық топтастыру
тәсілі. Бұл – объектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі есепті
форма. Баланс барлық шаруашылық құралдарын, олардың пайда болып, қалыптасу
көздерін салыстыру және есеп объектісінің барлық жиынтығын бақылауды
жүзеге асыру үшін қажет.
8. Есеп беру – кәсіпорынның белгілі бір кезең (ай,тоқсан, жыл)
ішіндегі шаруашылық қызметін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
Баланс та, есеп беру де тиісті топтастыру мен шоттарды өңдеуден кейін
жасалады.
Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің күмәнсіз сенімділігін
қамтамасыз ету үшін субъектілер кемінде жылына бір рет мүлік пен
міндеттемелерге түгендеу жүргізуі тиіс, түгендеу барысында олардың бар-
жоғы, жағдайы мен бағасы тексеріліп, құжатпен расталады.
Бухгалтерлік есептің бұл тәсілінің көмегімен субъектінің құралдары
жайлы, олардың іс-жүзінде бар-жоқтығы жайлы есеп мәліметтері осы
көрсеткіштердің сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен салыстырылады және
реттеледі.
Шаруашылық іс-әрекет барысында бухгалтерлік есеп мәліметтерімен
тауарлы-материалдық қорлардың нақты қолда бары арасында айырмашылық
туындуы мүмкін:
▪ табиғи себептерге байланысты (кеуіп, құрғап кету, сусымалы тауарлардың
тасымалдау және сақтау кезіндегі салмағының азаюы, ұнтақталу, тозаңға
айналу, төгілу );
▪ құралдарды қабылдаған немесе босату кезіндегі жетіспеушілік (қате
есептеу, қағыс өлшеу, салмақ кемдігі);
▪ есептеу кезіндегі қателіктер - арифметикалық қателіктер, алғашқы
құжаттардағы жаңылыстар, құжаттық мәліметтерді қате көрсету;
▪ ұрлық, қымқыру, кем өлшеу – материалық құндылықтарды қабылдау мен
босату кезіндегі, ақша және басқадай заттарды беру кезінде кем беру,
есептеу, сондай-ақ құралдарды тікелей сіңіріп кету.
Айырмашылықтарды құралдардың нақты қалдықтары мен бухгалтерлік есеп
мәліметтерін оқтын-оқтын салыстыру негізінде түгендеу жолымен анықтауға
болады.
Түгендеуді өткізу тәртібі мен мерзімдерін субъект басшысы № 24
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру бухгалтерлік есеп стандартына және оған
ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп пен әдістемесі департаментінің
1998ж. 6 наурыздағы Заңды тұлғалардың мүлік пен міндеттемелерге түгендеу
жүргізудің тәртібі туралы 47 бұйрығымен (өзгерістермен және
толықтырулармен) бекітіліп, түгендеу айырмашылықтарын реттеу және түгендеу
қорытындыларын рәсімдеу тәртібі белгіленген әдістемелік ұсыныстарға сәйкес
анықтайды.
Мынадай түгендеулер болады:
1. Толық. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерге қатысты.Әдетте
түгендеуді мынадай мерзімдірде өткізеді:
▪ негізгі құралдарға – кеміне жылына бір рет (1 қарашадан ерте емес);
▪ ғимараттарды, үйлерді және негізгі құралдардың тағы басқа жылжымайтын
объектілерін – 2-3 жылда бір рет;
▪ күрделі қаржы – жылына бір рет (1 желтоқсаннан ерте емес);
▪ аяқталмаған өндіріс – 1 қаңтарға қарай;
▪ күрделі жөндеудің, алдағы кезеңдердің шығындарын – тоқсанында бір
реттен кем емес;
▪ мұнай өнімдерін- айына бір реттен кем емес;
▪ банкпен есеп айырысуларды – жеке шоттары бойынша көшірме алу шарасына
орай;
▪ қаржылық органдармен есептесулерді – тоқсан сайын;
▪ ақшалай қаражат пен қатаң есептегі құжаттарды айына бір реттен кем
емес;
▪ балансаралық есептер (еншілестермен, тәуелділермен, заңды тұлғалармен,
бірлесіп бақыланатындармен) - әрбір айдың бірінші күнінде;
▪ басқадай дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуларды - жылына екі
рет;
▪ баланстың басқа баптарын – келесі есепті жылдың 1 қаңтарына.
2.Жекелеген. Қаражаттардың бір түрін ( кассадағы ақшалай қаражат)
қамтиды. Жыл бойы материалдық – құндылықтарды сақтау мақсатымен жүйелі
түрде жүргізіледі.
3. Жоспарлы. Жоспар бойынша белгіленген мерзімде өткізіледі.
4.Кенеттен - Материалдық-жауапкершілікті тұлғалар ауысқанда басшының
өнімі тергеу органдарының талабы бойынша.
5. Жоспардан тыс- стихиялық апаттан ( өрттен және т.б.) кейін, сондай-
ақ қаражатты ай сайын түгендеу.
Сонымен қатар, түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік
есебі мен балансының шынайылығын қамтамасыз ету үшін өткізіледі. Бұл
мақсат үшін құрамында субъект басшысы ( комиссия төрағасы), бас бухгалтер,
құрылымдық бөлімше басшысы, қызметтің бас мамандары бар тұрақты түгендеу
комиссиясы құрылады.
Ол құндылықтарды сақтауды амтамасыз ету жөніндегі алдын – ала жұмысты
жүргізеді; түгендеу өткізуді ұйымдастырады және жұмысшы комиссия мүшелеріне
нұсқау беруді іске асырады; түгендеу барысында тұрақты бақылау жүргізіледі,
тауарлы – материалдық қорларға түгендеу жүргізудің дұрыстығына бақылау
жасайтын тексерушілерді ұйымдастырады;қоймалық есеп жүргізу мен түгендеу
аралық кезеңдерде құндылықтарды сақтаудың дұрыстығын, түгендеудің
қортындысын ( артық шығу, кем шығу) тексеруі; қажет жағдайда қайтадан
толық түгендеу өткізіледі; жетіспеушілікке немесе құндылықты бүлдіруге жол
берген адамдардан алынған түсініктемелерді, сонымен қатар басқа да
бұрмалаушылықтарды қарайдыжәне жетіспеушілікті, құндылықты бүлдіру
салдарынан болған жоғалтуларды реттеу тәртібі туралы ұсыныстар енгізіледі.
Түгендеуді тікелей өткізу үшін субъект басшысының бұйрығымен құрамында
комиссия төрағасы мен комиссия мүшелері ( мамандар мен бухгалтерия
қызметкерлері) бар жұмысшы комиссиясы құрылады.
Комиссия құрамына түгендеу жүргізу құндылықтарды, бағаларды және
бастапқы есепті жақсы білетін тәжірибелі қызметкерлер кіреді. Жұмысшы
түгендеу комиссиясының қызметкерлері түгендеудің уақытылы жүргізілуін және
тәртіпті сақтау үшін, тізімдеме (опись) құрудың толықтылығы мен дәлдігі,
оларды бухгалтерияға ұсыну үшін жауапкершілікті алады.
Түгендеуді материалды – жауапты тұлғалар ауысқанда, аудиторлық
тексерулерде, тергеу органдарының талаптары бойынша және т.б. жағдайларда
өткізіледі.
Түгендеу қортындылары ( артық шығу, кем шығу, қайта сұрыптау) түгендеу
қортындыларының салыстыру ведомосіне жазылады. Оларға тек есептік
мәліметтерден ауытқуы анықталған құндылықтар ғана кіреді.
Орталық түгендеу комиссиясы салыстыру ведомосін жасаудың дұрыстығын
тексеруі тиіс және түгендеу аяқталғаннан кейін 10 күннен кеш емес мерзімде
субъект басшысы бекіткен хаттамада өзінің шешімін айқындап жазып қояды.
Артық шыққын негізгі құралдар, тауарлы – материалдық құндылықтар
ақшалай қаражаттар кіріспе алынуға тиісті. Құндылықтардың белгіленген шекте
жетпей қалуы шығындарға жатқызылып, есептен шығарылады.
Тауарлық – материалды құндылықтардың табиғи кему нормасынан артып, кем
шығуын сондай –ақ құнды затты бүлдіру салдарынан жоғалтуды кінәлі адамдар
есебіне жатқызады. Түгендеу кезінде айқындалған мүліктің шын мәнінде қолда
барының бухгалтерлік есеп мәліметтерімен айырмашылығы былайша танылады:
• артық шығу – кіріс болып және негізгі емес қызметтен түскен
табыс ретінде кіріске алынуға тиіс.
• кем шығу – шығындар.
• нақты санының жетпеуі мен оның табиғи кему нормасы шегінде
бүлінуі ҚР СК 92-бабының 2 тармағына сәйкес шығындарға
жатқызылады;
• мүлік санының жетпеуі мен оның нормадан тыс бүлінуі кінәлі
адамдар есебіне жатқызылады. Егер кінәлі адамдар айқындалмаса
және сот өндіріп алуға қарсылық етсе, материалдық қорлардың
жетпей қалуы мен бүлінуін субъект шығындарға жатқызады.
Табиғи кему нормалары азық – түлік тауарлары мен шыны ыдыстарға ғана
қатысты болғандықтан, табиғи кему нормалары жоқ субъектілер оларды жоғалту
ретінде қарастыруы керек, олар кінәлі адамдар табылмаса немесе сот олардан
шығынды өндіріп алуға қарсылық білдірсе олар шығындар есебіне жатқызылады
және де олар субъектінің таза пайдасы есебінен жабылса, мұндайда салық салу
мақсаттары үшін шегерімге жатқызылмайды.

1.2. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен тұжырымдамалық негізі.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа
кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің
маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен
құрылымына өзгерістер енгізілді. Елімізде жүргізіліп отырған бухгалтерлік
есеп толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады.
Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер
маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен
қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын
жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын
барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан
тұрақты дамуына кепілдік береді.
Стандарт сөзі ағылшын тілінен аударғанда үлгі, норма деген мағынаны
білдіреді. Ал бухгалтерлік есеп стандарттары дегеніміз кәсіпорындағы есеп
жұмысын дұрыс жүргізудің және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесі болып
табылады. Әрбір осындай ереже бухгалтерлік есептің әдістері мен тәсілдерін,
мәні мен мағынасын және терминалогиясын анықтайды. Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есеп беру стандарттарының қай-қайсысының болмасын өз мақсаты,
қолданылу аясы (орны), анықтамасы, қолданысқа (күшіне) енген уақыты және
мазмұны болады.
Кей кездерде стандарттың қосымшалары да жарыққа шығуы мүмкін. Бұл
қосымшада жаңа стандарттың басқа қай елдерде қолданылғандығы жазылып және
оған қоса мысалдар берілуі мүмкін. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
стандарттары халықаралық және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Халықаралық
стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың (жасаудың) халықаралық
комитеті жасап шығарады. Ал ішкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру
стандарттары әр елде бухгалтерлік есепті жүргізу үшін, сол елдің ішінде
жасалынады. Бұл жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
мен ішкі бухгалтерлік есеп стандартының арасында тікелей байланыс болуы
қажет. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартын дайындау (құру) барысында
әрбір елдердегі тәжірибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу
жолдары іздестірілетін болса, әрбір ел өзінің ішкі бухгалтерлік есеп
стандартын жасауы (құруы) барысында халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарын негізге алады. Бүкіл әлемдегі елдерде қаржылық есеп беруде
қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бір ізге салуға
(унификациялауға) қол жеткізу үшін 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп
беру стандартының халықаралық комитеті құрылды. Жалпы бұл ұйымның құрылуы
АҚШ, Австралия, Германия, Голландия, Жапония, Ирлания, Канада, Мексика,
Ұлыбритания және Франция сынды елдердің бухгалтерлерінің келесімге келуімен
іске асырылды. Алғашқы уақытта, яғни қаржылық есеп беру стандартының
халықаралық комитеті құрылған кезде оның құрамына жоғарыда аталған елдерден
жеті білікті маман алынған болатын. Ал бүгінгі күні оның құрамында бұл
аталған елдерден басқа Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Африка Республикасы,
Швейцария, Зимбабве және тағы да басқа елдердің өкілдері бар. Қаржылық есеп
беру стандартының халықаралық комитеті өздерінің жарыққа шыққан жаңа
стандарттары мен басқадай нұсқаулары, ережелері және түсініктері үшін табыс
алып отырады. Сонымен қатар комитетке бухгалтерлердің халықаралық
федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлік фирмалар және басқадай
ұйымдар қаржылық көмек көрсетіп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру
стандартының негізгі мақсаты - мына төмендегілерді орындай отырып қаржылық
есеп беруге қол жеткізу:
- қаржылық ақпаратты құру барысында қажетті міндеттер;
- ақпараттық жүйені құру принциптері;
- осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
- қаржылық есеп берудің элементтері;
- өлшеу және мойындау критериялары.
Қаржылық есептің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және
қаржылық жағдайының өзгеруі туралы ақпараттар беру. Сондай-ақ ұйымның
қаржылық есебінде мыналарға қажетті ақпараттық мәліметтердің болуы қажет:
- қаржы салымын жасау және несие беру туралы шешім
қабылдауға қажетті мәлімет;
- ұйымның алдағы кезеңдегі ақшалай айналымын бақылауға қажетті мәлімет;
- ұйымға берілген ресурстармен байланысты міндеттерін бағалауға қажетті
мәлімет;
- басқару органдарының жұмысын бағалауға қажетті мәлімет.
Қаржылық есеп ұйымның бухгалтерлік ақпараттарының алғашқы таратылым
құралы болып есептеледі. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлік есептің жеті
элементінен құралады. Элементтердің алғашқы үштігінің қатарына ұйымның
балансында көрсетілетін активтері, меншікті капиталы және міндеттемесі
жатқызылады. Қалған төрт элементі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі
туралы есебінде көрсетілетін табыс, шығын, пайда және зиян деп аталатын
топтардан тұрады. Қаржылық есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешім
қабылдау үдерісінде көрсетілетін бухгалтерлік ақпараттардың қажеттілігін
анықтайды және оны бекітеді. Есеп тұжырымдамасын (концепциясын) жалпы және
жеке – деп аталатын екі түрге бөлуге болады.
- Жалпы тұжырымдама (концепция) бұл бірнеше елдің бухгалтерлік есеп
туралы көзқарасын білдіреді.
- Жеке тұжырымдама (концепция) тек қана бір елдің өз ішінде жүргізілетін
бухгалтерлік есеп туралы көзқарасын білдіреді.
Тұжырымдамалар (концепциялар) халықаралық бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру стандартына қарастырылған бухгалтерлік есеп принциптері,
есеп саясаттары, есеп берулер негізінде құрастырылады. Бұған дейін айтылып
жүргендей қазіргі таңда бухгалтерлік есептің әлемдік теориясында, сондай-ақ
тәжірибесінде екі негізгі, жалы деп аталатын континенттік (еуропалық) және
америкалық тұжырымдама (концепция) қатар жүргізіліп келеді.
Бухгалтерлік есептің континенттік (еуропалық) тұжырымдамасы
(концепциясы) кәсіпорынның жұмысына мемлекеттің ықпал етуімен, араласуымен
түсіндіріледі. Бұл бойынша сол елдегі қызмет атқаратын барлық ұйымдар
мемлекет бекіткен шоттар жоспары және басқа да нормативті құжаттар бойынша
жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берудегі
қолданылатын ақпараттық мәліметтері бұл континенттік (еуропалық)
тұжырымдамасы (концепциясы) бойынша салық органының және басқа да
мемлекеттік органдардың қажеттілігін қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Дүние жүзінде бұл модельді қолдап отырған елдердің қатарына Австрияны,
Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерін жатқызуға болады.
Америкалық тұжырымдаманың (концепцияның) континенттік (еуропалық)
тұжырымдамадан (концепциядан) өзгешелігі, бұл модельде кәсіпорынның
бухгалтерлік есеп берудегі мәліметтері негізінен қаржы салымшылары мен
несие берушілердің қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған. Бұл жағдайда
ұйымның салық жүйесі қаржылық есептен бөлек және оған тәуелсіз шешімін
тауып отырады. Бүгінгі таңда бұл модельді Ақш, Канада, Ұлыбритания,
Голландия, Австралия, Үндістан (Индия), Оңтүстік Африка Республикасы және
басқа елдер қолданып отыр.
Міне, осы жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ әрбір ел
өзінің бухгалтерлік есебін континентальдық (еуропалық) немесе америкалық
тұжырымдама (концепция) бойынша жүргізуі мүмкін екендігі анықталады. Біздің
еліміздегі ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Кеңес Одағы тұсында континенттік
(еуропалық) тұжырымдама(концепция) бойынша жүргізгендігі белгілі. Бүгінгі
күннің өзінде осы қалыптасып қалған модель өз күшін жоймай келеді. Яғни
барлық кәсіпорындардың есеп жұмысы мемлекеттің басшылығымен салық органының
қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасалынып отырылады. Әйтсе де 1997
жылдан бастап елдегі барлық ұйымдардың бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің
ережесі, бағыты болып саналатын Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп
стандарттары Американдық (халықаралық) бухгалтерлік есеп стандарттарына
барынша жақындатылып жасалынғандығын атап өтуге болады. Сонымен қатар
біздің еліміз халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшуге бетбұрыс
жасап 2003 жылдан бастап еліміздегі ірі кәсіпорындар өз есептерін
халықаралық стандарттың талаптарына сай етіп жүргізу керектігін қабылдады.
Біріншіден-осы тұрғыдан, ал екіншіден-елдегі қазіргі экономикалық жағдайға
сәйкес болса керек, еліміздегі кейбір ұйымдардың қаржылық есеп берулері
соңғы кездері қаржы салымшыларын (инвесторларды) ақпараттық мәліметтермен
қамтамасыз етуге негізделіп жасалып отыр.

1.3. Құжаттарды жіктеу, оған қойылатын талаптар есеп шоттары.

Бухгалтерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өңдірістің бухгалтерлік есеп негіздері және ерекшеліктері
Бухгалтерлік есеп теориясы
Бухгалтерлік есеп жайлы
Бухгалтерлік есептің әдістері
Бухгалтерлік есеп пайда болуы және мақсаты
Бухгалтерлік есеп қағидалары
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
Бухгалтерлік есепті теориялық жағынан зерттеп, кәсіпорынның есеп саясаты және қабылданған басқару шешімдерінің дұрыстығын анықтау үшін бухгалтерлік есептің орнын, маңызын, рөлін көрсету және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды негізі
Пәндер