Азияны зерттеуші ғалымдардың саяхаттары мен еңбектері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...6

І Азияны зерттеуші ғалымдардың саяхаттары мен еңбектері
1.1 Азияны тұңғыш зерттеуші И.П.Семенов-Тянь
Шанскийдің
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.2 Ш.Ш.Уәлиханов пен Н.М.Прежевальскийдің
зертеулері ... ... ... ... ... ... . ... ... ..9

ІІ Еуропалықтардың Солтүстік Америка, Оңтүстік Американы және Африканы
ашулары. Африка,Американы зерттеген ғалымдардың саяхаттары мен еңбектері
2.1 Еуропалықтардың Солтүстік Америка, Оңтүстік Американы және Африканы
ашулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.2 Африка,Американы зерттеген ғалымдардың саяхаттары

мен
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

Кіріспе

Европалықтар Үндістан, Қытай, Монғол, Тибет жерлерін зерттеуге ертеден-
ақ құштар болды. Өйткені оларды Азияның бағалы металдары, асыл тастары,
жібегі қызықтырды. Ертеде бірен-саран Азияға өткендер, оның тамаша
табиғатына, халқының мәдениетіне, архитектуралың ескерткіштеріне таң қала
қарайтын. Европалықтарға көпке дейін Азияға өтуде көптеген қиыншылықтар
болып келді. Өйткені екі араны асқар-асқар таулар мен шөлдер, сол жерлерді
мекендеген жауынгер татар-монғолдар, түрік мемлекеті — Осман империясы алып
жатты. Европалықтар Азияға өткенде зерттеу мақсатын ашық айтпастан
діншілдер, саудагерлер, елшілер деген әр түрлі себепті сылтау етті. Ал
орыстардың Монғолиямен, Қытай мен байланысы, кейінірек, орыс патшалығы
нығая бастаған кезден басталды. 1616 жылы Монғолияға барған бірінші елші —
Василий Тюменцев. Ол Кузнец Алатауынан, Саяннан асып, Енирей өзенінің
жоғарғы ағысынан өтіп, Солтүстік-Батыс Монғолияға жетті. Иван Петлин
екінші рет осы жолмен Азияға 1618 жылы өтті. 1654 жылы орыс елшісі Федор
Байков төте жолмен, Ертіс бойымен жүріп, Монғолияға, Қытайға, оның астанасы
Пекинге барды.
Осы елшілерден кейін 1689 жылы Қытай мен Россия арасында тұңғыш
келісім жасалды. Бұл Қытай халқының басқа елдермен жасасқан ең бірінші
келісімі еді. Бқлардың жол-жөнекей жазған Орталық Азия туралы гео-графиялық
материалдары бірінші деректер болды. Осы деректерден кейін ғана Батыс
Европа елдері Орталың Азияны біле бастады. Сөйтіп, орыстар Орталық Азияның
тқңғыш зерттеушісі болды. XIX ғасырда Орталық Азияны ғылми тұрғыдан дұрыс
зерттеп, оның жаратылыс жағдайын, халқының әдет-ғұрпын анықтау Орыс
география қоғамының басшылығымен жүргізілді. Әсіресе Орталық Азияны
зерттеуде Н. М. Пржевальскийдің еңбегі география ғылымында өте маңызды орын
алады. Пржевальскийге дейін де Ішкі Азияда Филипп Ефремов, қазақ халқының
тұңғыш ғалым-саяхатшысы Шоқан Уәлиха-нов пен Г. Н. Потанин болған. Н. М.
Пржевальскийден кейін, Орталық Азияны — Қытай, Монғолия жерлерін, Тибетті
оның замандастары, шәкірттері — М. В. Певцов, Г. Е. Грумм-Гржимайло, В. И.
Роборовский, П. К. Козлов, В. А. Обручев т, б. зерттеді. Ф. С. Ефремов.
Филипп Сергеевич Ефремов 1774 жылы Россия мен қазақ даласының шекарасындағы
Теңгіз қарауылына әскери қызмет атқаруға келеді. Бұл кезде Орынбор мен
Илецк арасындағы кең жазықтағы жол үстіне орналасқан кішкене селода не бары
20 солдат күзетте тұрған. Бір күні тыныш жатқан селоға көп әскер келіп
кіргенде шекара күзетшілері оларға қарсы тұрды, бірақ күші жетпеді. Ефремов
Орынборға қарай шегінді, жау ауыр жаралы Ефремовты жолдастарымен бірге
қолға түсіреді де, оны Бұхара ханы Даниярбекке алып барады. Тұтқында жүрген
Ефремов тәжік тілін үйреніп,шығыс халықтарының әдет-ғұрпын, мәдениетін
зерттейді. Даниярбек оған сенім білдіріп, әскері ішінде он басы етіп
тағайындайды, мұсылман дінін қабылдауды ұсынады, бірақ Ф. Ефремов одан бас
тартады. Ефремов Бұхара хандығының Хиуа хандығына қарсы соғысында асқан
ерлік көрсетіп көзге түседі. Әскери жорық кезінде ол Хорезмде болып
Қызылқұм, Қарақұмды аралап, талай рет Амудариядан өтіп, Орта Азия жерін
аралайды. Жер жаннаты атанған Самарқантта да болады.
Ефремов ұзақ уақыт Бұхарада тұрады. Оның соғыста көрсеткен ерлігі
үшін жүз басыға тағайындайды, бірақ ол еліне қайтқысы келеді. Ефремовке
Орта Азия ханының қол астынан қашып шығу оңай емес, қашқан соң қолға түспеу
керек. Енді қолға түссе тек басы кесілетінін біледі. Өлтірмесе тұтқынға
істейтін амальі тағы бар, ол да өліммен тең: әуелі құлақ-мұрнын кеседі,
өкшесін тіліп азаптайды. Жара жазылған соң адам өкшесін баспай әрең-әрең
жүретін болады. Ол еңді қаша алмайды.Ефремов ақыры қашуға бел байлады.
Даниярбектің кілтшісі қарсы қызының көмегімен жолдама қағазды қолға
түсіреді. Бірақ жолдама Хиуаға барады деудің орнына Қоқанға барады деп
жазылыпты. Сөйтіп, орыс офицері Бұхарадан Қоқан хандығына қашып шығып,
Россия саудагерімін деп Самаркант, Қоқанға барып, Ферғана ойпатынан, Тянь-
Шань тауынан асып Қашқарияны аралады. Сөйтіп, Ефремов қазақ даласынан
бастап, бүкіл Орта Азия мен Орталың Азияны аралап, Англияға, одан Россияға
барды [1].

І Азияны зерттеуші ғалымдардың саяхаттары мен еңбектері

1.1 Азияны тұңғыш зерттеуші И.П.Семенов Тянь-Шанскийдің еңбектері
(П. П. Семенов — Тянь-Шаньский (1827—1914), Петр Петрович Семенов —
Тянь-Шанский Орталық Азияның тұңғыш зерттеушісі, саяхатшы, ғалым,
географик. Ол XIX ғасырдың орта кезінде дүние жүзі география ғылымына әлі
нақты белгісіз Тянь-Шань тау жотасын ашты. Сол үшін ол Семенов — Тянь-
Шанский аталды. Ол Орыс география қоғамын үздіксіз 40 жыл басқарды.
Ғалымның өмірбаянын, ғылми еңбектерін зерттеушілер шетел ғалымдарының:
Россияда бірнеше мамандықты игерген Семенов бар — дегенін келтірді.
Расында, ол география, геология, ботаника, энтомология, этнография, суретші
әрі сурет өнерін зерттеуші, бұл салаларда өте маңызды із қалдырған ғалым.
Семенов жас кезінде-ақ планетамыздың ең үлкен материгі — Азияны
зерттеуді арман еткен. Ол алғашқы жұмысын Тянь-Шань тауларын зерттеуден
бастады. Кейін Орталың Азиякы зерттеу жұмыстарына басшылық етті.
Семенов зерттеуіне дейін дүние жүзілік география карталарына Орталық Азия
белгісіз Ақ таңдақ болатын.
XII ғасырда Азия туралы Европаға тұңғыш деректер әкелген Венеция саяхатшысы
Марко Поло еді. Біраң, одан кейін алты ғасыр өтсе де бірде-бір европалық
саяхатшы Орталық Азияны зерттей алмады, Орталық Азия ғылымға жұмбақ болып
қала берді. Берлинде, адамдар ағылып келіп-кетіп жататын қарапайым үйдің
музей-кітапхана тәрізді кең залында екі адам сөйлесіп тұр. Олар мұндағы сан
алуан экспонаттарды: кітаптарды, суреттерді қарайды. Әсіресе жан-жануардың
қаңқасын, тау жыныстарының коллекциясын көріп, көп әңгімелеседі. Ақ шашты
қарт адам жас жігітке қабырғадағы суреттерді көрсетіп, түсіндіріп жатыр.
Бұлардың бірі осы үйдің иесі немістің атақты ғалым-географы Александр
Гумбольдт та, екіншісі — Семенов еді. Жас жігіт Орталық Азияны зерттеуге
аттанар алдында Гумбольдпен ақылдасуға келген. Гумбольдт өз тарапынан оған
жол болсын айтады әрі бұл сапардың қиын екендігін ескертеді. Ақырында ол:
Егер сіз маған Тянь-Шань тауларынан бір-неше тау жыныстарын әкеліп
берсеңіз мен дүниеден армансыз көз жұмар едім,— деп қоштасады.
Семеновтың Берлинге баруында мән бар еді, өйткені бұған дейін неміс
ғалымдары: Карл Риттер, Фердинанд Рихпофен, Александр Гумбольд ескі
деректерге сүйенйі, Азия деген атпен бірқатар кітап жазған. Бұлар құнды
деректер болса да қатесі көп болатын. Семенор 1856 жылдың көктемінде Тянь-
Шань тауларын зерттеуге аттанады. Петербургтен шыққан саяхатшы поезбен
Москваға келеді. Ол кезде Сибирге, Қазақстанға темір жол тартылмаған.
Сондықтан ол Горький (Новгород), Қазан қалаларына ат арбамен жетіп, 1
июньде Омбы қаласына келеді. Саяхатшы мұнда Омбы кадет корпусын жаңа ғана
бітіріп шыққан жас офицерлер Потанин мен Шоқан Уәлихановқа ерекше назар
аударды. Шоқан жайында кейін былай деп жазды: Омбыда мен ІПоқан Шыңғысұлы
Уәлихановты кәрдім. Бұл — ерекше қабілетті адам. Омбыда кадет корпусының
курсын үлкен табыспен бітірді, кейіннен мен арқылы Петербург
университетінде лекция тыңдады. Сөйтіп, ол француз, неміс тілдерін жақсы үй-
реніп, Шығыс тарихының әсіресе, қырғыз рулас халықтар тарихының маманы
болып алды... Осы талантты жас адамға генерал Гасфорттың ерекше назарын
аударуға өзімнің міндетім дел ееептедім; менің ойым, Тянь-Шань саяхатынан
қайтып келгенше Уәлихановты қырғызша киіндіріп, Қашқарияға жіберу болды
және оны Уәлиханов кейіннен ойдағыдай толық орындап шықты. Бұдан кейін
Семенов суыт жүріп Барнаул, Змейногор қалалары арқылы, Ульба, Уба, Ертіс
өзендерінің бойымен Семейге келіп, ондағы досы Федор Михайлович
Достоевскийге жолығады. Семейден 6 августа шығып, 31 августа Верныйға
(Алматы) келеді. Саяхатшы Верныйда көп аялдамады, Ұзынағаш, Қаскелең,
Талғар арқылы жүріп, Тянь-Шанның тау аралық ойыстарын, жоталары тізбегін,
биік шыңдарын, зерттеп қайтты. Алғаш рет Ыстықкөлде болды. Дәл осы жолы ол
Шу өзенінің басы Ыстықкөлден басталмай, таудан басталатынын анықтады.
Семенев 1856—57. жылдардың қысын Барнаулда өткізді де, жаз шығысымен
Верныйға қайта оралып, тағы да Тянь-Шань тау жоталарын зерттей бастады.
Ыстыңкөлдің шығысында болды. Көптеген минералды заттар, тау жыныстарын,
өсімдік түрлерін жинады. Тянь-Шань тауларын картаға түсірді. Сондай-ақ Тянь-
Шаньның биік шыңы—Хан-тәңірін ашты, оның биіктігін 6995 м деп есептеді.
Сөйтіп, саяхатшы Тянь-Шаньның құзқияларын картаға тұңғыш рет дұрыс түсіріп,
оны дүние жүзі география ғылымына ашып берді.
Семенев өзінің зерттеу жұмыстарының бірін былай деп қорытты: Тянь-Шань
шөгінді тау жыныстарынан құралған, Гумбольдтың ойлағанындай, мұнда жанар
тау (вулкан) қалдықтары жоң. Тянь-Шаньда қар сызығы теңіз деңгейінен 4 000
м биікте жатады, бұл өңірдің ауа райы құрғақ болып келеді. Тянь-Шань
тауларындағы мұздықтар Альпі таулары мұздыңтарынан үлкен. Семенев — Россия
география ғылымының негізін қалаушы. Ол Россия Ғылым академия-сының және
Россия мен шетелдердегі 73 ғылми қоғам ұйымдарының құрметті мүшесі болды.
Петр Петрович Семенов — Тян-Шанский 1914 жылы 11 мартта 87 жасында қайтыс
болды. Көптеген географиялық жер аттары, өсімдік пен жануарлар оның
есімімен аталды. Бұл халықтың оған деген шынайы ескерткіші [2].

1.2 Ш.Ш.Уәлиханов пен Н.М.Прежевальскийдің зертеулері

Ш. Ш. Уәлиханов (1835—1865). Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың балалық шағы
Көкшетауда Сырымбеттегі аулында өтті. Жасынан өнер-білімге бейім алғыр жас
1847 жылы Омбыдағы кадет корпусына түсіп, оны 1853 жылы бітірді. Бұдан
кейін ол Омбы генерал-губернаторының қол астында әскери қызмет атқарды.
Шоқан шығыс халқының тұрмысын, мәдениетін, тарихын, этиографиясын,
географиясын зерттеумен шұғылданды. 1856 жылы Шоқанның Омскіде П. П.
Семенов — Тян-Шанскиймен кездесуі оның болашағына көп әсер етті Ғалым-
географ талантты жастың әкспедицияларына кемектесіп, оны Орыс география
қоғамына тартты. 1855 жылы Жетісу өлкесін, Ыстыңкөл өңірін, Құлжа маңын
зерттеді. Жас ғалым бұл саяхатында әр жақты тарихи-географиялың және
этнографиялық материал жинады. Ол осы сапарында бұл өңірді зерттеушілермен:
Егор Ковалевский, Врангель, Хоментовский, Василий, Обуховтармен кездесіп
пікірлесті. Білгіштігіне, ғалымдығына көзі жеткен Орыс география қоғамы
1857 жылы өзіне толық мүше етіп алды. Шоқанды Омбыда болған кезінде, тіпті
Кадет корпусында оқып жүргенде-ақ жолдастары, оқытушылары оның зейінділігін
таныған. Оқуды бітіріп қызметке келісімен ол Омбы интеллигенттері,
ғалымдары және әскери адамдармен қарым-қатынас жасады. Әрине, оның
өжеттігін көре алмайтындар да болды. Олар сол кезде Омбы арқылы қазақ
даласына отарлау саясатын жүргізіп отырған, шетелдік чиновниктер еді. Шоқан
оларды елемеді. Оның дос болып, бірлесіп қызмет істескен адамдары
демократиялың идеядағы жаңашыл орыс интеллигенттері болды. Олар: өзімен
бірге оқыған досы, Азияны зерттеуші, атақты саяхатшы Г. Н. Потанин, орыс
география ғылымының атасы, Тянь-Шаньды зерттеуші П. П. Семенов —Тян-
Шанский, өзінің оқытушылары — С. Сотников, Н. Ф. Костылецкий, Гонсевский,
В. П. Лободовский, аса көрнекті ғалымдар — Н. И. Березин, Д. И. Менделеев,
Е. П. Ковалевский, Омбыдағы чиновниктер — К. К. Гутковский, Ц. М. Капустин,
Хоментовский, Перемышельский, петрашевшілер — С. Ф. Дуров, Ф. М.
Достоевский, тағы басқалар[3].
Шоқан Ішкі Азияны тұңғыш зерттеуші болды. Ол 1856—1857
жылдары Тянь-Шань тауларын аралап, Түркістан өлкесін зерттеп, Ыстықкөл
жағасында болып, тұңғыш рет география ғылымына Орта Азия, Қазаңстан туралы
өте бағалы ғылми материалдар берді. Шоқан аса жауапты, әрі қауіпті іске —
Азияны зерттеуге бел байлады, Әлімбай деген лақап атпен Семей саудагері
Мқсабайды ертіп, Батыс Түркістанға жол тартты. Онда әр жақты зерттеу
жқмысын жүргізді.
Қашқарияда болған кезде ІПоқан халық өмірімен танысып, алты шаһарды:
Яркент, Қашқар, Янги-Гисар, Қотан, Ақсу, Турфанды анықтады. Алты шаһардың
әрқайсының өзіндік тарихы бар. Мәселен, сол кезде Яркентте еркектерді
құлдыққа, әйелдерді күңдікке сататын болған. Алты шаһар бейне бір ғияван
сахарада суалып, тынысы тарылып бара жатқан емір сияқты. Ондай жағдайға
ұшыратушы мұсылман дінінің салдары,— деп жазды Шоқан.
Сезік тудырыл алған Шоқан, көзге түспей тұрғанда, елге оралуға
асығады. Қашқарияда бір орыс офицері жасырынып жүрміс деген лақап алты
шаһарға тарап кетеді. Тіпті ол лақап Орта Азия хандығының қол астындағы
әкімдердің құлағына да шалынады. 1859 жылы 11 мартта Мұсабай керуені
әріптестерімен қоштасып, салтанатты түрде шаһардан шығып, Төмен
өзеніндегі ағаш кө-пірден өтіп, елге қайтады. Шоқан шаһарда қауіпті
жағдайда жүрсе де көптеген ескі кітаптарды — әлемге аты әйгілі Тазкириян
Ходжаған қолжазбасын тауып алып, оны жеке нарға артып алады. Нарға
теңделген кебежеде сол кітаптардан басқа — тау жыныстарының, минералды
заттардың коллекциясы, ескі киім-кешек үлгісі, жергілікті халықтың
этнографиясын танытатын әр түрлі бұйымдар, бағалы заттар көп болатын.
Сөйтіп, ІПоқан 1859 жылы 12 апрельде Верный қаласына қайтып келді.
Науқас меңдеткен әлсіз Шоқан қалада біраз тынығады. Кейін Петербургке
шақырылды. Шоқан сонда ғалымдар алдында өз саяхаты туралы есеп берді,
астана қауымын қазақ жерімен таныстырды. Ол Петербургте қызу қызмет
атқарды, астана өміріне қатысты. Талантты жас ғалымның өсіп, ғылыммен
шұғылданып, қоғам жұмысына қатысуын достары қызу қуаттады, ол көп уақыт
орыс интеллигенттерінің арасында болды.
Шоқан Петербургте Генералдың штабтың әскери ғылым комитетінде, Азия
департаментінің география қоғамында қызмет істеді. Ол қызметтен бос кезінде
университетке барып, көрнекті ғалымдардың лекциясын тыңдады. Генералдың
штабта Шоқан Орта Азия мен Шығыс Түркістанның, Балқаш пен Іле Ала-тауы
аралығының, Ыстықкөлдің, Құлжа қаласының карталарын жасады. Ол география
қоғамында атақты неміс географы К. Риттердің еңбегін баспаға әзірледі. Орта
Азия мен қазақ жерінің географиясын, этнографиясын жазды, бұл жайында қоғам
мүшелеріне лекция оқыды.
П. П. Семенов — Тян-Шанский, Г. Н. Потанин, Ф. М. Достоевскийлер
Шоқанды астанада көптеген ғалымдармен, ақындармен жазушылармен таныстырды.
Олар талантты Жас қазақ жігітінің ғылыммен шұғылданғанын көрді. Шоқан
география қоғамында А. Н. Бекетовпен, Т. П. Ковалевскиймен, Ф. Р. Остен-
Сакенмен, И. И. Захаровпен тағы басқа көптеген ғалымдармен танысып, олармен
бірге қызмет атқарды. Шоқанның Петербургке әкелген әр жақты материалдарын
көптеген ғалымдар: А. Ф. Голубев, Д. И. Романовский, П. П. Семенов — Тян-
ІПанский, М. И. Венюков, Ф. Р. Остен-Сакен, Е. П. Ко-валевский, А. А.
Татаринов, П. И. Лерх тағы басқалар пайдаланды.
Еуропаның прогрессивтік мәдениетіне қолы ерте жетіп, рухани қорек алған
Шоқан өз кезінің алдыңғы қатарлы, ең саналы адамы болып қалыптасты. Өзіңің
адамшылық алдындағы азаматтық міндеттерін түсінді. Әсіресе, түтас ғасырлар
бойына кейінде қалып келген қазақ халқы алдында өзінің қарыздар екенін
аңғарды. Елін, халқын шын жүрегімен сүйетін жас өзі жеткен еуропалық
мәдениетке елін түгел жеткізіп, халқының бетін дұрыс жолға буру міндетін
арқалады. Ол қазақтың мәдениетті ел болып қатарға қосылуы үпгін керекті игі
істерді жүргізді. Сөйтіп Шоқан заманның ең қажет адамы — қоғам қайраткері
болып шықты.
Шоқанның саяси көзқарасы айқын. Ол дүниені негізінен материалистеріне
тұсінген ағартушы-демократ. Оның негізгі мақсаты — өз елін Еуропаның озық
мәдениетіне жетелеу және сол арқылы халық санасын ояту, өзінің туған елін
мәдениетті елдер қатарына қосу. Еуропа мәдениетін жедел меңгеру жолын
ұсынып, қазақ балалары үшін мектеп ашуды талап етіп, кезіндегі кертартпа,
өмірге жанасымсыз татарша оқуды және одан туған кеселдерді сынады. Қазақ
елін қараңғылық шырмауынан алып шығып, мәдениетке жететін жаңа жолды
меңзеді. „Еуропа мәдениетіне орыстың Византия арқылы жетуі сияқты, біздің
қазаққа да татар дәуірін бастан кешіру қаупі туып тұр. Қазақ халқының
тоттанбаған таза ойы та-тар оқуынан ақылмен сезімнің өркендеуін бөгеуден
басқа не күтеді? Татар дәуірінен біздің де аттап өтуіміз керек, бұл жолда
өкімет бізге жәрдемдесуге тиіс. Бұл — суға кетіп бара жатқан адамды құтқару
сияқты жәрдем. Ол үшін татар молдаларын қолдауды өкімет қоюы керек те,
татар мектептерінің орнына орыс-қазақ мектептерін ашу керек",— деп, ол елін
мәдениетке жеткізу жолында программалық пікірлер ұсынды. Амал не, ол кезде
бұл пікірге патша өкіметі тарапынан айтарлықтай көмек бола қойған жоқ.
Шоқан — патшалық Ресейдің екі түрлі сипатын да көре білген ойшыл. Ол
Петербургта болған күндерінен бастап, бұқарашыл Ресейдің „Современник"
журналы айналасындағыг университет аудиториясы мен географиялық қоғамның
ішшдегі жаңа тобын, өз жүрегі қалаған адамдар қауымын тауып қосылды. Бұған
дейін ол Омбының ұлықтарын көріп, бірен-саран ұстаздары мен достарына үміт
артса, оның ендігі көрген адамдары мүлде жаңа еді. Олар көрнекті қоғам
қайраткерлері мен ақын-жазушылар: Н. А. Некрасов, С. Т. Аксаков, Ф. М.
Достоевский, С. Ф. Дуров, А. Н. Майков, т. б. озық ойлы ғалым-профессорлар:
А. Н. Пышин, А. Н. Бекетов, П. П. Тян-Шанский, Д. И. Менделеев, т. б. басқа
революционер-демократтар: Н. Г. Чернышевский, Н. А. Добролюбовтар болатын.
Шоқанның бұл сияқты жаңа қауымға араласуы оның өмірінде жаңа кезеңді
бастап, санасын арттыра түсті. Бұл оған жаңа талаптар жүктеді. Шоқан қолы
жеткенге қанағаттанып қалатын шолақ ойлыг өрісі тар адам емес еді. Ол
тынымсыз ізденді. Осыдан ол тез өсті. Болашақ ғалымның ақыл-ойы, парасаты
күннен-күнге шарықтай берді. Әлем саяхатшылары мен ғалымдарының (Марко
Поло, Христофор Колумб, П. С. Паллас, т. б.) еңбектерін, күнделікті
жаңалықтар мен дүние жүзі әдебиетін (Шекс-пир, Жан-Жак Русо, Диккенс,
Теккерей, т. б.) жақсы білдіг жете меңгерді.
Шоқан көзқарасының қалыптасуына петрашевшілдер көбірек әсер етті. Олардың
ішінде С. Ф. Дуровпен жақын дос болды. Ол — Шоқанға тікелей ықпал егіп, көп
ақыл-кеңес берген адам. С. Ф. Дуров арқылы Шоқан ішкі Ресейде болып жатқан
саяси қозғалыстармен танысты. Сезімтал жастың саяси көзін ашуға Дуров
тікелей әсер етіп отырды.
Петербургта жүрген кездерінде Шоқан Е. П. Ковалевский ұйымдастырған
ғалымдар мен жазушылардың қамқорлық қоғамына қатысады. Ал Е. П. Ковалевский
— өз кезінің ірі қайраткері, сыртқы істер департаментінің қызметкері, ғалым-
жазушы, Европа, Батыс Қазақстан, кейінірек Жетісу мен Қашқар өлкелерін
аралаған белгілі саяхатшы. Осы Ковалевский қоғамына Н. Г. Чернышевский де
қатысып жүрді. Шоқанның осы тұстағы бір мәжілісте Н. Г. Чернышевскиймен
кездесіп, пікірлесуі де ғажап емес. Кемеңгер сыншының озық ойлары оның
бойын тез билеп, өз ықпалына бірден тартады. Чернышевскийді жақсы үғынып,
Шоқан соның бұқарашыл идеясына үн қосады. Енді өзі сол қасиетті идеяның
қазақ жеріндегі жаршысы болуға бел буып, „Черньппевский — біздің досымыз,
өзі неткен тамаша адам еді және ол орыстан басқа ел-дердің де өмірін жақсы
біледі..."— деп сүйсінді.
Н. Г. Чернышевский әсерінен болса керек, Шоқанның көзқарасы да тез
өзгереді. Жалпы қазақ деп сөйлеу орнына Шоқан қара халықты, көпшілік
жұртшылықты ажырата атап, еңбекпгі жағына мойын бұрады, „математика көзімен
қарағанда да,— дейді Шоқан,— оннан жүз сенімдірек те( пайдалырақ та".
Сондай-ақ достарына жазған хаттарында Шоқан жергілікті сұлтандар мен
байларға наразы екенін айта келіп, „ал даланың пролетариатымен доспын,
олармен тез ұғысам",— деп өзінің еңбекпгі ел жоғын жоқтап жүргенін
жасырмайды. Сот реформасы туралы еңбектерінде де Шоқан қазақ қоғамында
бірімен-бірі келіспес жау, өзара қайшылықтары күшті екі топ бар екенін ашық
айтады.
„Қоғамдағы үстем таптың пікірін халықтың мұң-мұқтажына қарсы пікір деп
қарау керек. Өйткені қоғам іпгіндегі атақты және бай адамдардың мақсаты
мәдениетті елдердің өзінде де еңбекші көпшіліктің мақсатына жау бо-лады",—
дейді ол. Шоқанның басқа мақалаларында да оның бұл пікірлері айқын
аңғарылады. Ол Қашқар өлкесін зерттей келіп, ондағы әлеуметтік жағдайды да
осы тұрғыдан көрсетеді. Үстем таптың озбырлығы, бұқараны рақымсыз қанау,
өлкедегі еңбекші халықтың ауыр халі, правосыздығы тағы басқа жайлар
демократиялық идея тұрғысынан сипатталады.
Сөз болып отырған сот реформасы туралы ұсыныс пікірлерінде Шоқан терең
ой-тұжырымдарын жасап,
өзінің озық дүниетану қабілетін сездіреді. Ол реформаның заман тілегіне сай
халықтың мұң-мұқтажына тікелей қатысты болуы керек,— деп біледі. Экономика
мен саясат бірімен-бірі байланысты нәрсе деп ұққан Шоқан саяси реформа
экономикалық өзгерістердд жүзеге асырудың құралы есебінде жүргізілсін деген
талаптар қояды.
„Адам баласы өзінің өрлеу жольшда түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол
мақсат — өзінің тұрмысын жақсарту. Прогресс дегеніміздің өзі — осы болмақ.
Біз осы тұрғыдан алып қарайтын болсақ, адамның тұрмысын жақсартуға жағдай
туғызатын реформалар ғана қажет демекпіз",— дейді ол. Бұл реттегі Шоқанның
ой пікірі өте тамаша. Ол экономиканы, яғни тұрмыс-қажетін бірінші орынға
қойьш, саясат, үкімет шаралары соған қызмет етуге тиісті деп таниды.
Халықтың азып, тағыланып бара жатқанын, бұрықғы отырықшы елдігінен
айрылып, жер өңдеу кәсібін тастап, қала мәдениетіне көше алмай, езгіге
ұшырап, қорлық көріп жатқанын көріп, Шоқанның оған жаны ашиды. Езілген
халықтарға аяушылық білдіріп, оған мәдениетті ел — Ресей көмек көрсетуі
керек дегенді әрдайым еске салып отырады. Осылайша, халық болашағына ерекше
көңіл бөліп, олардың правосын қорғауға күш салады. Шоқанның көпке мәлім
еңбектері ішінде мәдениетімізге тікелей қатысы бар ең көлемділерінен
мыналарды атап көрсеткен орынды: Абылай, „Шаман дінінің қазақ арасындағы
қалдықтары", „Елдегі мұсылманшылдық туралы", „Қырғыздар туралы жазбалар",
„Қазақтың ертедегі қару-жарақтары", „Жоңғария очерктері", „Қазақ
шежірелері", „Жамиғат-тауарихтан", „Алты шаһардың хал-жайы", „Сібір
тарихынан хаттар", „Көкетай ханның өлімі", „Сібірге қарайтын қазақтардың
сот құрылысын өзгерту туралы", „Құлжа күнделіктері" және басқалар.Бұл
еңбектердің ғылым, тарих үшін маңызы зор. Қазақ халқының ертедегі жай-
жапсарын анықтау үшін және Шоқанның әлеуметтік көзқарасын түсіну үшін бұлар
— бағалы материалдар. Ал әдебиет саласындағы зерттеулері, сан-салалы
еңбектері — баға жетпес мол қазына.
Шоқанның қолжазба архиві түгел табылып, зерттеліп біткен жоқ. Айтушылар
Шоқан қолжазбасы байг көп еңбегі қолжазба күйінде қалған еді деседі.
Төңкеріске дейін осы мол дүниенің аз ғана бөлігі баспа бетін көрді.
Шоқанның достары Г. Н. Потанин және басқалар 1904 жылы шығармаларының
қолға түскен бөлігін Н. И. Веселовский редакциясымен бір-ақ рет бастырады.
Шоқанның шығармаларын халық игілігіне толық айналдыру мүмкіндігі кейінгі
кезде ғана туды. Оның мақалалары мен хаттарының жинағы 1949 жылы екі тілде
басылып шықты. 1958 жылы Шоқанның бір томдық көлемді таңдамалы шығармалар
жинағын Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының тарих институты даярлап, Ә.
Марғұланның басшылығымен жарық көрді. Шоқанның көп томдық жинағы үлкен бес
кітап болып шықты. „Жазушы" баспасы 1978 жылы бір томдығын қазақ тілінде
шығарды. Бұлар шоқантанудың қазіргі жоғары сатысын айқындар зор табыс болып
отыр.
Ә. Марғұлан басшылығымен басылып шыққан Шоқанның бес томдық академиялық
шығармалар жинағы тамаша ғалымның тұлғасын көз алдыңа толық келтіреді.
Шоқан шығармаларының баспа бетінде түгел шығуы оның талантының жаңа
қырларын тани түсуге де мүмкіндік береді. Сөз болып отырған шығармаларының
қазіргі басылған бес томын еске алсақ, мұнда зерттеупгі қазақ халқының
мәдениеті мен әдебиетін кең сөз қылғаньша еріксіз таңданасың. Осы томдарға
енген шығармалардың бірде-бірі әдебиет мәселесіне соқпай кетпейді. Мысалы,
ғалым шығармаларының бірінші томына кірген еңбектер ішінде қазақ-қырғыз
әдебиетінің тарихы мен теориясын сөз етпейтіні жоқ дерлік. Ал олардың
кейбірі түгелдей әдеби зерттеу еңбектер. Оның ішінде: „Қырғыз-қайсақтардың
үлкен ордасына қарасты елдердің аңыз-әңгімелері" (107— 120), „Бүхардың
Абылайды жоқтауы" (169—17 1), „Абылай туралы жырлар" (172—187), „XVIII
ғасыр батырлары туралы тарихи әңгімелер" (220—227) деген, т. б. көлемді
еңбектердің қазақ әдебиеті тарихына тікелей қатысты зерттеулер екені
әркімге-ақ мәлім. Ал Шоқанның „Қазақ халық поэзиясының түрі туралы"
(196—202) атты еңбегі — поэзиямыздың теориясы туралы тұңғыш зерттеу.
„Жоңғария очерктері", „Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты зерттеулердің көп
беттері қазақ әдебиеті мәселелерін егжей-тегжейлі сөз етеді.Қазақты, оның
әдебиеті мен мәдениетін орыс пен Еуропа жұртшылығына таныстыруды Шоқан өз
еңбектерінің өзекті бір мақсаты деп санаған. Кезінде өріс алып келген аз
халықтар туралы теріс түсініктерге соққы беріп, қазақтардың да басқа
халықтар сияқты бейбіт өмірді тілейтін, еңбек сүйгіш, момын халық екенін
таныта-ды. „Дұрысын айтқанда,— дейді ол,— қазақ халқы орыс патшалығының өте-
мөте бейбітшілік сүйгіш, демек, неғұрлым тағылықтан алшақ бұратаналарының
бірі".
Қазақтың мәдениетімен орыс жұртшылығын таныстыра түсу арқылы ол қазақты
мәдениетсіз, тағы халық деп ұлы державалық менсінбеушілікке наразылық
білдіреді. Қазақтың ертеден келе жатқан халықтық мәдениеті мен әдебиеті бар
екенін дәлелдеуге күш салады. Қазақ әдебиеті мен мәдениетін ерте танылған
басқа елдердің әдебиетімен салыстырып, тамаша зерттеулер 'жүргізеді. Еуропа
әдебиеті сияқты, құны жоғары әдебиеттің бірі қазақ әдебиеті деп бағалайды.
„Біздің халқымыздың көркемдігі жағынан қалыспайтын өскелең әдебиеті бар.
Бұл әдебиет шығыс халықтарының өлең-жырларынан гөрі үнді-герман өлең-
жырларына жақынырақ",— дейді.
Шоқанның қазақ ақындары мен ауыз әдебиеті туралы пікірлері бұдан бір
ғасыр бұрын айтылғандығына қарамастан, қазірде маңызын жойған жоқ. Ол, ең
алдымен, қазақ халқының ақындық қабілетін жоғары бағалай білді. „Түркі
тектес халықтардың ішінде,— дейді ол,— поэ-тикалық қабілеті жағынан қазақ
бірінші орын алады деуге болады. Біздің шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың
арабтар туралы айтқан сөзі қазақтарға да дәл келеді. Қазақтар да бәдәуилер
сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын. Қазақ жыршыларының өлеңдерінде араб
өлеңдеріндей, тұрақты ереже (канон) болмағанмен, олар да белгілі бір
мөлшерде ырғақ үйлесімдерін сақтайды".
Міне, Шоқанның әдебиет зерттеу еңбектерінде осындай құнды-құнды пікірлер
көп. Ол — қазақ жерін түгел дерлік аралап, халық ауыз әдебиетін сүйсіне
жинаған, оны зерттеп, пікір айтқан фольклорист ғалым. Өзінің Майковқа
жазған бір хатында Шоқан сол жиғандары туралы мақалалар жазбақшы болып
жүргенін, „Петербургские ведомости" мен „Отечественные записки"
журналдарьша тілші болғысы келетінін ескертеді.
Шоқанның әдеби зерттеу еңбектері көлемі жағынан шағын, олар хат, мақала,
очерк түрінде жазылған. Оның әдеби зерттеу еңбектерін үш топқа бөлуге
болады. Олар: а) Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері, ақындар, олардың
шығармалары туралы мәлімет; б) Қырғыз бен қазақ ха-лықтарының ауыз әдебиеті
туралы зерттеулер; в) Қазақ пен қырғыз поэзиясының түрлері туралы теориялық
зерттеулер.

Шоқанның жаңашыл, демократиялық көзқараста екенін білген патша
Александр II оның еңбегін бағалау былай тұрсын, оны астыртын қуғын-
сүргінге ұшыратты.Оның үстіне оның ауруы меңдеп, астанада тұруға болмады,
қызу жүріп жатқан ғылми-зерттеу жұмыстарын, сүйікті достарын қалдыруға
тура келді.Сөйтіп, Шоқан астанада не бары бір жарым жыл тқрып, 1861 жылы
қазақ даласына оралды. Туған жердің таза ауасы дертке
дауа болар деп ойлаған еді. Шоқан елге келген соң науқастығына қарамастан
біржола ғылыммен шұғылданды. Омбыдағы, Петербургтегі достарына қазақ
даласынан материалдар жіберій, үнеірі хат жазысып тұрды. Әрине, мұның бәрі
оның науқасын меңдете түсті, қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы-ғалым 1865
жыльі 25 майда қайтыс болды.
Н. М. Пржевальский (1839—1888). Николай Михайлович Пржевальский атаңты
ғалым-географ, Орталық Азияны алғашқы рет зерттеп көп жерлерін картаға
дұрыс түсіріп, жаратылыс тану, география ғылымдарына көп жаңалық енгізген
ғалым. Бүкіл өмірін ғылым мен саяхат жолына бағыштаған қайраткер.
Пржевальский — Семенов — Тянь-Шанскийдің сүйікті шәкірті, оның Орталық
Азияны зерттеудегі саяхаттарының бәрі де Семенов — Тянь-Шанскийдің
басшылығымен жүргізілді.
Пржевальский Орталық Азияға алғашқы саяхатқа шыққан кезде Менделеев
пен Ковалевскаяның Сеченов пен Мечниковтың, Тимирязев пен Докучаевтің
ғылымға ендірген жаңалықтары бүкіл дүние жүзіне әйгілене бастады.
Пржевальский орыс ғылымының дамып, дүние жүзі ғылымына түрлі жаңалықтар
енгізген дәуірде өмір сүрді. Сол кезде Уссури өлкесін, іргелес жатқан
Орталың Азияны зерттеу жұмысы Пржевальскийдің үлесіне тиді.
Пржевальскийдің экспедициялары: Уссури өлкесіне саяхат (1867—1869).
Бірінші — Монғол экспедициясы (1870—1873). Екінші — Лобнор — Жоңғар
экспедициясы (1876-1877). Үшінші — 1-Тибет экспедициясы (1879—1880).
Төртінші — 2-Тибет экспедициясы (1883—1885). Пржевальский 1867 жылы өз
өтінішімен Сибирьге әскери қызметке, Уссури өлкесін зерттеуге барды. Бұл
сапарында ол Орыс география ңоғамына бірқатар жаңа деректер әкелді. Осыдан
кейін ғана Пржевальскийге 1870 жылы Орталың Азияға бірінші рет саяхатқа
шығуға мүмкіншілік туды. Осы сапар ғалымды қатты көңілдендірді. Жол
азабына, ауа райының қиындығына қарамастан Монғолия тауларын, Алашань шөлін
зерттеп, белгісіз жерлерді географиялық картаға түсіріп, ғылми табыстарға
жетті.
Саяхатшы 1870—1873 жылдардағы бірінші экспедициясында Сибирьдегі Кяхта
қаласынан шығып, Калган, Пекин қалалары арқылы Хуанхэ, Янцзы өзенінде,
Ордос дөңінде, Алашань шөлінде, Гобиге, Солтүстік Тибетке дейін барып
қайтты.
Осы саяхаттан Петербургке есенсау оралған Пржевальскийді Орыс география
қоғамы Константин медалымен наградтады. Шетел географиялық қоғамдары оған
сыйлық жіберді. Экспедиция қорытындысы Монғолия және Таңгуттар деген
атпен кітап болып шықты [4].
1876—1877 жылдары Пржевальскийдің екінші экспедициясы Орталық Азияда
өзінің зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция Іле өзенінен шығып, Тянь-
Шань арңылы Лобнор көлінде, Алтынтауда болып, тағы басқа жерлерді зерттеп,
Зайсан селосына оралды. Осы жолда Пржевальский науқастанып, Зайсанда қыстап
қалды. Бұл экспедицийның нәтижесі Құлжадан Тянь-Шань арқылы Лобнорға
деген еңбегінде басылды. Саяхатшының бұл еңбегін бағалап, Орыс география
қоғамы оны қоғамның құрметті мүшесі етіп сайлады. Лондон, Берлин
географиялың қоғамдары да оны медальдармен наградтады. Содан соң Орыс
география қоғамы Орталың Азияға Пржевальскийдің үшінші экспедициясын
ұйымдастырып, оны тағы да үлкен дайындыңпен алыс сапарға аттандырды. Бұл
экспедиция зерттеуі 1879—1880 жылдары жүргізілді. Экспедиция маршруты —
Жоңғар Алатауы, Шығыс Тянь-ПІань, Нань-Шань, Тибет таулары арңылы, Кукунор
көлінен өтіп, Алашань шөліне, Монғолия жеріне келіп, содан отанына Кяхта
қаласы арқылы оралды.
Пржевальскийдің үшінші саяхаты нәтижелі болды. 1880 жылы Орыс
география қоғамында есепті баяндама жасады. 1881 жылы Москва университеті
мен Петербург университеті оны өздеріне құрметті доктор етіп сайлады. Осы
жылы Ғылым академиясында оның Орталық Азиядан жинаған бай коллекциялары
көрмеге қойылып, көпшілік онымен танысты. Еліміздің және шетелдің, ғылми
орындары Пржевальекийді өзіне құрметті мүше етіп сайлады. Бұл экспедиция
қорытыңдысын ол Зайсаннан Хами арқылы Тибетке, одан Сары өзен бастауына
дейін деген еңбегінде жазды.
1883—1885 жылдары Орталық Азияда Пржевальскийдің төртінші
экспедициясы зерттеу жұмысына жүргізді. Кяхтадан шығып, Гоби шөлі арқылы
Кукунорға барды. Одан әрі Хуанхэ, Янцзы өзендері арқылы Цайдам даласын
басып өтіп, Такла-Макан шөлінің оңтүстігін орап, Лобнорға келді. Орталық
Тянь-Шаньнан асып түсіп, Ыстықкөл жағасында болды да, одан Петербургке
кетті. Саяхатшының із басарлары: В. И. Роборовский мен П. К. Козлов та өз
беттерімен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция табысты болды.
Орталық Азияны зерттеуші саяхатшының даңқы дүние жүзіне тарап, оны
Орталық Азияның ғылми тұрғыдан тұңғыш зерттеушісі деп біліп, оған
өздерінің сыйлығын жіберді. 1886 жылы Пржевальскийге генерал-майор атағы
берілді. 1887 жылы Академия оған арнап алтыннан медаль құйғызып,
саяхатшыны наградтады. Медальдың бір бетіне Пржевальский суреті, екінші
бетіне Орталық Азия жаратылысын тұңғыш зерттеушіге деп жазылды.
Саяхат кезінде Пржевальский жергілкті халықтармен достасып кетті.
Көп күн жатып қызыққа батқан жерді, адал ниет көрсеткен аң көңіл адамдарды
қалдырып қету маған өте қиын болды. Біз жүретін күні бізбен қоштасып қалуға
маңайдағы адамдардың бәрі келіп, бізге жол көрсетіп щығарып салмақ болды,—
деп жазды ол Турфан ойысын мекендеген ұйғырлар туралы. 1888 жылы
Пржевальский Орталық Азияға бесінші экспедиция ұйымдастырып, Ыстықкөл
жағасына келгенде ауырып, кенет қайтыс болды. Оның сүйегі өзінің өсиеті
бойынша Ыстыңкөл жағасына жерленді, оған ескерткіш орнатылды.
Пржевальский экспедициясы дүние жүзіне Орталық Азияны дұрыс
танытты, артында өшпес ғылми мұра қалдырды. Орыс география ғылымының даңқын
шығарды. Сонымен Пржевальский 20 жылдан астам уақыт Қиыр Шығысты, Уссури
өлкесі мен Орталың Азияны зерттеді. Саяхатшының экепедициялары жемісті
болды. Ол бұрын белгісіз 218 өсімдік түрін анықтады, 720 сүт қоректі
жануардың терісін, 5010 құс, 120 кесіртке, 643 балық түрін және зерттеуге
қажетті басқа да бағалы материалдар әкелді. Саяхатшы ғалым жиналған
материалдарды қорытып, Орталық Азиядан 12 географиялық карта жасады, 120
ғылми еңбек жазды. Саяхатшы ауа райының аса қиын жағдайында атпен, түйемен
33 268 километр жол жүріп, Орталық Азияның ұлан-байтақ жерлерін, асқар-
асқар тауларын, құлазыған шөлдерін, халқының мәдениетін, экономикасын
беріле зерттеді.

ІІ Еуропалықтардың Солтүстік Америка, Оңтүстік Американы және Африканы
ашулары. Африка,Американы зерттеген ғалымдардың саяхаттары мен еңбектері

2.1 Еуропалықтардың Солтүстік Америка, Оңтүстік Американы және

Австралияны, Африканы ашулары.

Қайта өрлеу жаңа дәуірі ойлап табудың ұлы кезеңі болды, бұл ойлап
табулардың басты жетістігі теңізде жүзуге ыңғайлы каравеллалардың
(желкенді кеме) ойлап табылуы болды. Желкенді кемелердің пайда болуы бүкіл
еуропалықтардың теңізге шығуына жол ашты және Еуропалық кемелер бұрын соңды
болып көрмеген жағалауларға аяқ басты; Жаңа Өмір (Новый Свет) байлығы
жөніндегі аңыз Алтын Сағым (Золотой Мираж) капитандар мен оның
әскерлерімен көз алдында елес болып тұрды, олар аш жыртқыш құстар секілді
еді. Олар Маврлармен болған соғысынан кейін Италиядан ештеңе шықпаған соң
Америкаға талпынды.
Тарихшылар әдетте Колумбтың алғашқы саяхаттап жүрген және тегінде
Колумбтың өз алдына одан кейінгі саяхаттарында қойған — Индияға апаратын
батыс жолы саяхатын ашу, оның алғашқы сапарынан кейін 30 жылдай уақыт
өткен соң ашылды. Оңтүстік Американың Шығыс жағалауын ашып, оны зерттеу
жүмыстары осы міндеттің шешілуімен тығыз байланысты болды. Бразилияны сірә,
Испания және Португалия теңізшілері 1498—1499 жылдары бір мезгілде
ашса керек. Алоисо Охедынның қол астында испандық экспедицияға
қатысып, Бразилияның солтүстік жағалауының әжептәуір көп жерінен өткен
итальяндық космограф Америго Веспуччи, сол кездің өзінде-ақ бұл жерді
континент деп таныған еді.
Индияға шыққан португалдық екінші экспедицияның бастығы Хуан Кабраль
өзінің бет алған жолынан батысқа қарай тым ауытқып кетіп, Бразилияның
жағалауына келіп жетті. Өзінен бұрынғылардың жасаған саяхаттарын білмеген
ол бұл жерді арал деп санап, оны Ақиқат Крестің (Вера Крус) жері деп атады
және Португалия королінің иелігі деп жариялады. 1501 жылдың майында
португальдықтар бұл аралды зерттеу мақсатында үш кемені жабдықтап
жіберді. Португальдықтарға қызметке көшкен Америго Веспуччи осы эскадраның
астрономы ретінде сапарға шықты. Олар күткен аралдың орнына эскадра
Оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатқан бір жағалауға тап болды.
Америго Веспуччи өзінің досы Лоренцо Модичиге жазған хатында осы саяхатын
қызыға суреттей келіп, ежелгілерге мүлдем мәлімсіз бұл континентті Жаңа
Дүние деп атауды ұсынды. Неміс космографы Вальдземюллер, Веспуччидің
хаттарын басып шығарарда өзінің Космографияға кіріспе атты еңбегінде бұл
жаңа континентті Америгоның есімімен Америка деп атауды ұсынды. Сөйтіп,
Америка деген атау ол кезде Оңтүстік америкалық континенттің шығыс жақ
бөлігіне байланысты аталды.[ 7 ]
1519 жылы 20 қыркүйекте шағындау бес кемеден құралған, 253 адам
экипажы бар эскадра Сан-Лукарадан сапарға шықты. Магеланның бұл сапары екі
жылға созылды. Ол өзінің аты қойылған бұғаз арқылы Оңтүстік Американы
айналып өтіп, Тынық мұхитқа шықты да Филиппин аралдарына келіп жетті, сол
жерде жергілікті халықпен болған қақтығыста қаза тапты. Тек Эльканоның
командасымен бір ғана кеме Үнді мұхитын кесіп өтіп, Африканы айналып шықты.
Сөйтіп, ол жер шарын алғашқы рет түгелдей айналып шығу саяхатынан соң, 1522
жылы 6 қыркүйекте Сан-Лукараға қайтып келді. Бұл саяхаттың шығыны көп
болды. Севильеде өздерін сал-танатты қарсы алуға экипаждың тек 18 адамы
ғана қатыса алды.
Тынық мұхитта испан теңізшілерінің пайда болуына байланысты, осы
аймақтарда да Испания мен Португалияның арасындағы шепті белгілеудің
қажеттілігі туды. Бұл шара тек жеті жыл өткен соң, 1529 жылы ғана жүзеге
асырылды. Сарапшылар даулы аралдардың байлығын дәл анықтай алмады. Ақырында
Испания өзінің Молукка жөніндегі талаптарынан бас тартты, бірақ Филиппинді
бермей ұстап қалды. Бұл осылайша тек 1543 жылы ғана аталды.
Магеллан бұғазы арқылы Еуропадан Азияға қарай жүзіп шығу қиын теңіз
кәсібі болып табылды. Сондықтан да Молуккаға баратын оңтүстік-батыс жолдың
практикалық маңызы болмады.
Мексика мен Перуды алтын, кейде құл іздеген испандықтар Кариб
Испанияның жаулап теңізі аралдарында орын тепкен соң Мексика жағалауы
шығанағының төңірегіндегі континентальдық аймақтарға экспедициялар
жіберіп тұрды. Бұдан кейін шығанақтан оңтүстікке қарай орналасқан елдерді
жаулап алуға кірісті. Бұл аймақтарды — Мексика мен Перуді — екі үлкен ірі
тайпалық бірлестіктер: Мексиканы ацтектер басқарған, ал Перуді инкалар
басқарған тайпалар мекендеді.
Мексиканың халқы жерді тас және ағаш құралдармен өңдеді, ірі бұршақ,
какао, темекі, мақта, кактус отырғызды. Жер рулық қауымның билігінде болды.
Мексикандықтар жылқы мен ірі қараны білмеді. Олар алтын мен күмісті, таза
мысты тамаша өңдеді. Бірақ металды балқыта алмады және қоланы да білмеді.
Мексикандықтар қыш дөңгелектің көмегінсіз-ақ керемет ыдыс-аяқтар жасап
шығарды және жұқа тоқылған мақта-маталарды шебер бояды.
1521 жылы Мексиканы бағындыру үшін Кортес басқарып шыққан отряд 400
испан солдатынан (оның 16 салт атты) 200 үндістерден тұрды және олардың 10
ауыр, 3 жеңіл зеңбіректері болды. Кортеске кейіннен қосымша күш келіп
қосылды. Испандықтар осы шағындау күшпен-ақ үлкен бір елді өзіне
бағындырмақшы болды. Бұл мақсаттары жүзеге асты, өйткені ацтектер
державасының күш-қуаты өте әлсіз еді.
Асыл металдарды жан сала іздеген испандықтардың үмітін Мексика ақтады.
Оның жері алтын мен күміс қорына бай болып шықты.
Перуды жаулап алуды да авантюристердің отряды жүзеге асырды.
Перудың халқы мексикандықтарға қарағанда дамудың біршама жоғары
дәрежесінде тұрған еді. Перуды мекендеуші тайпалардың бірі — инкалар
еуропалықтардың келулерінен (1538) сәл бұрын бірқатар көршілес тайпаларды
бағындырған еді. Сөйтіп, көп тайпалы бірлестік құрылды. Бірлестікті алланың
әмірімен жаралған деген атаққа ие болған жоғары инка-патша әрі абыз
басқарды. Ол барлық жердің ең жоғарғы иесі болып саналды. Бағындырылған
халықтан алым-салық жинайтын оның чиновниктерінің қолдарында жер суландыру
жүйелері шоғырландырылды. Елдің жекелеген аймақтары астана Кускомен таулы
жерлермеп, кейде батпақты, сазды жерлермен орай-ластыра шебер жасалған
жолдармеп байланыстырылды. Мемлекеттік почта болып желаяқтар қызмет етті.
Инкалар бағындырған халықтарды жергілікті старосталар, жүз басылар меи
тайпа көсемдері басқарды. Ал бірақ олардың басында инкалардан тағайындалған
бастықтар тұрды. Жаулап алынған жерлерге инкалар гарнизондары бар қамалдар
салды. Халық егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысты. Жерді қауымдар
иеленді: жыртылатын жерлер мен жайылымдар жыл сайын қайта бөлініп отырды;
тек усадьба ғана мұрагерлікке жатты. Жерлердің бір бөлігі жоғарғы үкімет
пен абыздардың пайдасына берілді. Жерді кетпенмен өңдеді. Перуандықтардың
не жылқылары, не ірі қаралары болған жоқ. Жалғыз-ақ үй малы — лама болды,
оны жүк таситын көлік ретінде ғана пайдаланды; лама жүн мен ет берді.
Инкалардың бейнелеу өнерінің ескерткіштері біздің заманымыздың XII—
XIII ғасырларында пайда болған. Олардың қашалған тастан жасалған монументті
архитектуралық ескерткіштері де сақталған. Демек инкалар шебер құрылысшы да
болған. Инкалар түйінді жазуды да (кипу) ойлап тапты. Бұл жазуды зиялы
жастар астаналық мектептерде оқып үйренді. Мұнда олар сонымен қатар
астрономияны (инкалар календарьды білді), медицинаны, елдің заңдары мен
әдет-ғүрыптарын және жалпы мемлекеттік кечуа тілін үйренді.
1519 жылы Панама мойнағында Испанияның отары Панама негіз қалады. Осы
жерден испандықтар алтыны мол елге Бируге — Перуге шабуыл жасады. Перуды
Бальбоаның ең жақын серіктерінің бірі Франциско Писсаро басып алды. Жас
кезінде Испанияда бақташы болған, конкистадор Писсаро Оңтүстік Американың
Кариб жағалауына жасаған испандықтардың көптеген экспедициялары мен
шабуылдарына қатысқан–ды. Ол 20-жылдары өзінің жолдасы Аль-маргомен бірге
(Чилидің болашақ жаулап алушысы) Панамадан Оңтүстік Американың Тынық
мұхиттық жағалауын бойлай жүрген бірнеше барлау экспедициясын жабдықтады,
олар оңтүстіктегі бай мемлекет туралы қауесетті растап берді. Испания
королының келісімін алған Писсаро, 1531 жылдың бас кезінде Панамада үш кеме
және не бары 130 адам мен 37 ат пен (кейіннен ол қосымша күш алды, бірақ
оның жауынгерлері 500-600 адамнан еш уақытта аспады) жолға шықты. Тақ үшін
жүргізілген ішкі күресті пайдаланған Писсарро сол елге баса-көктеп кіріп,
инка патшасын қолға түсірді де инкалар мемлекетінің астанасына ие болды.
Халық Испания корольының езгісіне түсті.
Елді басып алған кезде храмдар мен сарайларда жинақталған қазына
байлықтар испандықтардың талан-таражына түсті. Испандықтардың баса-көктеп
билік жүргізуі салдарынан инкалардың ертеден келе жатқан мол мәдени байлығы
жермен жексен болды. Елдің таулы бөлігінде, Потосиде (Боливияның қазіргі
территориясы) 1545 жылы күмістің бай кені ашылды. Испандықтар күміс
өндіруге айдап салған жергілікті халықтың көбі-ақ рудниктерде қырылып
қалды. [ 9 ]
1550—1650 жылдардағы жоғарыда баяндалған саяхаттар мен ашылулар
географиялық батыс еуропалықтардың Еуропадан тыс жерлерге енуінің алғашқы
және аса маңызды кезеңі болып табылды. Жаңадан ашылған елдердің
көпшілігінің ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орыс ғалымдары ХІХ ғасырдың Қазақстан өндіргіш күштері мәдениеті мен тұрмысы
Колумбтың төртінші экспедициясы
Ш. Уәлиханов
Қазақстан және орыс зиялылары
ШОҚАН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениеті
Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Пәндер