Сөздің лексикалық мағынасы
Ж О С П А Р
І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Сөздің ішкі мағыналық және сыртқы дыбыстық
жағы ... ... ... ... ... ... ..5
2.2. Cөздің лексикалық
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.10
2.3 Грамматикалық мағынаның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.4. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары ... ... ... .20
ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..28
ІV Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
9
Кіріспе
Тіл — қоғамдағы адамдар арасындағы аса маңызды қатынас құралы. Осы
себептен де, ол бір жағынан, ойлаумен, екінші жағынан, сол арқылы санамен
тікелей байланысты және қоғамдық өмірде белгілі бір қызметтер
(коммуникативтік, эстетикалық-экспрессивтік т.б.) атқарады. Тіл, ең
алдымен, ойды жарыққа шығарып, жетілдірудің құралы болу арқылы ойлаумен
тікелей байланысты. Соңдықтан тілдің негізгі единицалары ойлаудың басты
категорияларымен сәйкес келіп жатады. Мысалы, сөз ұғымды білдіріп, соның
тілдік көрсеткіші болса, ойды білдірудің бірден-бір тілдік көрінісі сөйлем
болып табылады. Сондай-ақ тілдік единицалардың бұдан басқа да өзіндік
мәндері, атқаратын қызметтері бар. Міне, осы қасиеттері арқылы тіл
айналадағы дүние, объективтік шындық туралы адамның санасын қалыптастырады,
оларды есте сақтауға негіз болады. Осы жағынан келгенде де тіл бірдеңені
үйренудің, білудің, шындықты бейнелеудің, тіпті абстракты түрде ойлаудың
қүралы да болып табылады. К. Маркстің Тіл де сана сияқты өте көне құбылыс
— деуі осыдан болса керек.
Ойды білдірудің ең кіші тілдік единицасы — сөйлем. Сөйлемнен кіші
тілдік единицалар (сөз, сөз тіркесі т.б.) ойды білдіре алмайды. Ал сөйлем
сездерден, сөздер жиынтығынан немесе сөздер тіркесінен тұратыны белгілі.
Сөйлемнен кіші тілдік единицалар ойды білдірмейді, ойды құрайтын жекелеген
немесе күрделі ұғымды білдіреді. Сол ұғымдар жүйеленіп барып сөздердің бір-
бірімен грамматикалық байланысқа түсуі арқылы ой білдіріп, сөйлем құрайды.
Ең кіші мағыналы тілдік бөлшек — сөз. Дыбыстарды былай қойғанда,
морфемалардың өзі жеке тұрып мағына білдіре бермейді, ал сөз тіркесі —
сөзден әлдеқайда үлкен единица. Бұл — бір. Екіншіден, осы қасиеті арқасында
сөз тіл білімінің барлық саласына (фонетика, лексика, сөзжасам, морфология,
синтаксис) қатысты болып келеді.
Сөйтіп, тілдік единицалардың ішінен, мысалы, дыбыс не фонема,
морфема немесе әр түрлі тұлғалар, сөз тіркесі, сөйлем сияқты тілдік
элементтерден сөздің ерекше қасиеті бар құбылыс екенін аңғаруға болады. Сөз
белгілі бір ұғымның атауы болғандықтан да, соған сәйкес ол белгілі бір
нақты лексикалық мағынаны білдіреді. Осы қасиетінің арқасында сөз санамызда
жеке тұрып өмір сүре алады. Әр түрлі сөздіктерде сөз жеке реестр (лексика)
ретінде беріледі. Сонымен бірге сол лексикалық мағынасына сәйкес ұғымның
жалпы атаулық қасиетіне орай грамматикалық мағына пайда болып, ол енді
жекелеген сөздерді емес, белгілі бір грамматикалық топтағы сөздердің ортақ
жалпы мәніне айналып, әр түрлі қосымша тұлғалар арқылы түрленеді, басқа
сөздермен байланысқа түседі, сөйлем құрайды.
Тіл білімінің қай саласын алсақ та, оның зерттеу объектісі я
тікелей, я жанама түрде сөзге келіп тіреледі. Өйткені сөзде фонетикалық
қасиет (дыбыстық кешен) те, лексика-семантикалық қасиет (ішкі мағына) те,
сөзжасам қасиеті (жаңа сөз я жаңа мағына) де, грамматикалық қасиет
(морфологиялық құрамы мен құрылысы, сөздердің түрленуі, сол арқылы бір-
бірімен байланысқа түсіп, алуан түрлі грамматикалық мағыналар білдіріп,
сөйлем құрауы) те бір-бірімен қабысып, қабаттасып келіп отырады.
Демек, сөз - ең алдымен лексикологияның тікелей және басты объектісі.
Өйткені тілдегі сөздік құрам, оның баюы, дамуы, сөз мағыналарының түрленуі
мен өзгеруі сияқты сөздің тікелей өзіне тән қасиеттері лексикология
саласында қаралып, шешімін табады. Сондай-ақ сөз сөзжасам саласының да
тікелей объектісі. Әр түрлі тәсілдермен жаңа сөз жасау, сөз мағынасының
өзгеруі арқылы жаңа сөздің пайда болуы, сөйтіп, тілдің сөздік құрамын
байыту процесі де сөзге тікелей қатысты қасиеттер болып табылады.
Ал, грамматика (гректің grammatike— оқи алу, әріп жаза білу деген
сөзінен қалыптасқан) болса, ол сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық
мағыналарын, олардың арасындағы байланыс пен қарым-қатынастарды, сөйтіп,
сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп,
сөйлем құрау сияқты қасиеттерін қарастырады. Грамматиканың бір саласы
морфологияның (гректің mогрһе — форма, тұлға және lоgоs — сөз, ілім деген
сөздерінен құралған) да зерттейтін басты обьектісі — сөз. Әрине, морфология
лексикология сияқты жеке сөздердің нақты мағыналарын, олардың қайдан
шығып, қалай қалыптасқанын, функционалдық-стильдік сипаттарын емес,
сөздердің жалпы қасиеттерін, ортақ қасиеттері арқылы сөздердің белгілі топ
құрай алуы мен түрлену, тұлғалану жүйесін, соның нәтижесінде пайда болатын
жалпы мән-мағыналарды топтап, категориялық ерекшеліктерін зерттеп,
сипаттайды. Сөйтіп, морфология сөздердің грамматикалық сипаттарын зерттеп
айқындайды.
Морфология сияқты синтаксис (гректің Syntaxis — қүрылыс, тізбек,
тіркес, тәртіп деген сөзінен қалыптасқан) те грамматиканың бір саласы. Егер
морфология сөздің жалпы сипатын, атап айтқанда, сөздің грамматикалық
мағыналарын, олардың берілу жолдарын, түрлену жүйесі мен парадигмалық
(гректің рагаdeigma— үлгі, мысал, рет сөзінен алынған, яғни белгілі бір
тәртіппен түрлену, өзгеру қатарының тұрақты жиынтығы, үлгісі; мысалы,
септелу, тәуелдену, жіктелу үлгілері т.б) қасиетін, сөз формаларының
ерекшеліктерін, соның нәтижесінде пайда болатын грамматикалық мағыналар
жүйесін жеке-жеке емес, жалпы түрде қарау арқылы, ортақ белгілері
негізінде, яғни сөздердің грамматикалық сипаттары негізінде грамматикалық
топтарға, олардың категорияларға жіктелуін қарастырса, синтаксис сол
түрлену тұлғаларының басқа сөздермен синтаксистік қатынасқа түсу
ерекшеліктерін, сөйлемде сөздердің сол тұлғаларында атқаратын қызметтерін,
сөйтіп, сөйлем құрау, олардың қүрамдық, құрылыстық түрлері мен типтерінің
ерекшеліктерін қарастырады. Сөйтіп, морфология мен синтаксистің ортақ
тұстары көп-ақ. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ... (Абай) деген
сөйлемді талдап көрейік. Мен — I жақ жекеше жіктеу есімдігі, атау тұлғада
түр, жазбаймын — сабақты етістік, болымсыз тұлғада {-ба), - й - көсемше
тұлғасы арқылы ауыспалы осы келер шақты білдіріп тұр, - мын — I жақ жекеше
жіктік жалғау, өлеңді — жалпы зат есім, - ді табыс септік арқылы тура
обьекті мағынасын білдіріп тұр, ермек — жалпы зат есім, түбір тұлға, үшін —
септеулік шылау. Бұл —морфологиялық талдау. Синтаксистік жағынан: мен —
бастауыш, атау септікте, жазбаймын — баяндауыш, жіктік жалғау арқылы
бастауышпен 1-жақта жекеше қиыса байланысып тұр, өлеңді (нені жазбаймын?)
тура объектіні (табыс септік) білдіретіндіктен тура толықтауыш болады,
өлеңді жазбаймын — табыс септік жалғауы арқылы байланысқан етістікті
меңгеру (сөз тіркесі), ермек сөзі үшін
шылауымен тіркесіп келіп мақсат пысықтауыш (не үшін, не мақсатпен
жазбаймын?) қызметін атқарып тұр, сол үшін шылауы арқылы ермек сөзі
жазбаймын дегенге меңгеріле байланысып, етістікті сөз тіркесін құрап тұр.
Жалпы бұл — жай, жайылма, жақты, толымды, хабарлы сөйлем.
Міне, осы талдаудан грамматиканың екі саласы морфология мен
синтаксистің ортақ, жақын қасиеттері және бір-бірінен айырма ерекшеліктері
анық көрінеді.
Фонетиканың негізгі зерттеу объектісі дыбыстар, олардың жүйелілігі мен
қолданылу ерекшеліктері, заңдылықтары болса, дыбыстардың қыр-сыры, жасалу,
артикуляциялық ерекшеліктері мен қолданылу заңдылықтары сөзге тікелей
байланысты, сөз арқылы, сөздер құрамында ғана олар толық көріне алады. Жеке
дыбысты айтқаннан оның барлық сипаты толық айқындала бермейді. Сөздің бар
сипаты оның қолданысында, сөйлем ішінде айқындалатыны сияқты, дыбыстардың
да бар қасиеті сөз құрамында қолданылуы арқылы айқындалады. Сондықтан да
сөз фонетикаға да қатысты. Міне, осы қасиеттері негізінде сөзді өте күрделі
тілдік единица деп түсінеміз. Сөз — сөйлемнен кейінгі ерекше тілдік
единица, өйткені ол — тілдің мәнді, мағыналы бөлшегі және сөйлем құрауға
негіз болатын тілдік единица.
2.1. Сөздің ішкі мағаналық және сыртқы дыбыстық жағы
Тілдегі ең кіші мағыналы бөлшек - сөз. Сондықтан сөз белгілі бір
ұғымды, яғни белгілі бір заттың атын немесе сынның, сапаның белгісін,
санды, әр түрлі әрекет-құбылысты, қимылды т.б. білдіреді. Сондықтан сөз
туралы әңгіме болғанда, ең алдымен, сол сөз білдіретін мағына, яғни сөздің
ішкі сипаты, мазмұны қоса жүреді. Рас, морфеманың кейбір түрі, мысалы,
түбір морфеманы мағыналы бөлшек дейміз.
Түбір морфема мәселесіне қазақ тілі (сондай-ақ түркі тілдері)
тұрғысынан келсек, түбір белгілі бір мағынаны білдірумен байланысты. Бұл
жағынан түбір деген ұғым мен сөз деген ұғымдар сайма-сай келеді де, сөз
деген ұғымға енетін туыңды түбір дегендер ғана одан өзгеше болады.
Сондықтан да түбір жеке сөздің баламасы ретінде ешбір түрленусіз түбір
күйінде тілде қолданыла алады. Мысалы, Зеңбірек снарядтары суға үсті-үстіне
түсіп, аспанға шапшыған судан күміс бағаналар орната бастады (Ғ.Мүсірепов).
Ызғырық суық сұр бұлт аспанды тегіс қаптаған (Б.Майлин). Төрт бөлмелі тас
үй салқын да жайлы (Ғ.Мүсірепов).
Берілген сөйлемдердегі күміс, сұр, төрт, тас деген сөздер түбір
күйінде қолданылған, яғни олар — әрі түбір, әрі сөз. Бірақ түбір деген
ұғымға қазіргі кезде ешбір мәнге ие бола алмайтын не жеке қолданыла
алмайтын өлі түбірлер де енеді. Мысалы, оян, оят, баданадай, алпамсадай,
момын, момақан, шалқақ, шалқалау т.б. сияқты сөздердің түбірі, сөз жоқ, оя,
бадана, алпамса (я алып), мом, шалқа екенін бір түбірден өрбіген түбірлес
сөздер де көрсетіп тұр. Бірақ бұлар қазір тілімізде түбір күйінде
қолданылмайды, жеке тұрып ешбір мағына да білдіре алмайды.
Сөйтіп, түбірлік қасиет қазіргі тұрғыдан келгенде жоқ, я жойылып
кеткен. Бірақ бұндай сөздерге салыстырмалы тарихи талдау жасасақ, қатар
тұрған түбірлес сөздердің өзі-ақ көрсетіп тұрғандай, берілген сөздердің
өздері негізгі түбір емес екенін байқаймыз. Осы жағынан келгенде, түбір
деген ұғымның өзін әрі айқындап, әрі шектеп алудың мәні ерекше сияқты. Яғни
түбірдің ең басты белгісі, ерекшелігі не дегенге нақты, дәл жауап беруіміз
керек. Әдеттегі беріліп жүрген анықтамаға сәйкес олар мынадай: 1) сөздің ең
кіші мәнді бөлшегі, 2) қосымша морфемалар үстелу арқылы жаңа сөз немесе сөз
тұлғасын жасауға негіз болатын бөлшегі, Ал өз бетімен сол калпында (түбір
күйінде) сөйлемде қолданылуы түбірдің өз ішінен туындайтын қолданыстық
қасиеті емес, ол түбірдің жеке тұрғанда да белгілі мағынаны білдіруімен
байланысты. Ол мағына (мән) лексикалық мағына болып табылады. Сондықтан да
ол мән түбірде ол жеке түрғанда да болуы керек. Тубір сол тұлғасында екінші
сөзбен байланысқа түсіп, сөйлем ішіңде қолданылғанда, оған қосымша
грамматикалық яғни екі сөздің байланысы нәтижесінде туатын мәні де үстелуі
мүмкін. Айталық, жоғарыда берілген сөйлемдердегі күміс (нақты зат атауынан
басқа, бағаналардың неден жасалғандығын, заттан гөрі нақты затқа
қатыстығын), тас нақты зат атауынан басқа, үйдің неден салынғандығы, затқа
қатыстығын білдіріп, түбір білдіретін мағынаның үстіне жаңа қосымша
қатыстық мағына қоса білдірсе, сұр (жалпы түсті білдіру нақты бүлттың түсін
білдіруге ауысуы), төрт (үй бөлмелерінің нақты санын білдіру) түбір
қалпында қолданылу сипаты біркелкі емес.
Осы талдаудан көрінетіндей, сұр, төрт сөздерінің түбірлік тұлғасы мен
біддіретін мағынасы, сөйлемдегі қызметі арасында алшақтық көрінбейді (бұл
екеуі де зат атауы мен тіркесіп — бұлт және бөлме [лі] үй, анықтауыштық
қатынаста жұмсалған), ал күміс пен тас сөздерінің тұлғасы мен білдіретін
мағынасы және сөйлемдегі қызметі арасындағы қатынас бұзылып жаңа сипатқа ие
болған; нақты зат атауын білдіретін сөздер (күміс, тас) екінші бір зат
атауын білдіретін сөзбен таза аналитикалық сипатта байланысқа түскеңде
қосымша мәнге ие болып (енді нақты зат атауын білдіруден сол затқа
қатыстылық мәнді білдіріп яғни бұл екінші заттың жасалу тегін, қатысын
білдіріп) жаңа синтаксистік қызметке ие болады: атрибуттық-анықтауыштық
қатынаста жұмсалады. Зат есімдердің түбір тұлғада кейбір шылаулармен
тіркесіп келіп (бұл сияқты зат есімнің түбір тұлғасы оның осыған сырттай
ғана үқсас атау септік немесе предикат мәнінде — баяндауыш қызметіңде 3-жақ
жіктік жалғау, я тіпті ілік, табыс септіктердің жасырын, түсіп қалған
тұлғасымен бір емес бөлек-бөлек грамматикалық тұлғалар екенін ашық айту
керек) себеп-салдарлық, мақсаттық, мезгілдік-мекендік т.б. мәнде және соған
сай әр түрлі синтаксистік қызметте жұмсалуы да зат есім түбірдің өзіңдік
ерекшелігі бар екенін көрсетеді.
Осы сияқты өзіндік ерекшелік етістік түбірден де байқалады: етістік
түбір лексикалық мағынаны білдіргенмен, тікелей сол қалпында жіктелмейді,
түбір қалпында сөйлемде қолданылмайды. Бірақ соған қарамастан зат есім
болсын, етістік болсын, басқа сөз табы болсын олардың ортақ грамматикалық
қасиеттері арқылы жоғарыдағы талапқа, критерийге сай ортақ түбір деген
ұғымды бөліп көрсетуге боладьі. Оның үстіне тілдің бірқалыпта тұрмай,
өзгеріске түсіп, дамып отыратынын ескерсек, түбір ұғымының кейбір
шарттылығын да байқаймыз. Қазіргі тілімізде жеке тұрып ешбір мән білдіре
алмаса да, осы қалпында сөйлемде қолданыла алмаса да, ол сөздердің оя,
бадана, алпамса (я алып), мом, шалқа я болмаса кейбір дыбыстық өзгерістері
бар түбірлер болғанын аңдай аламыз. Сондықтан да оларды өлі түбір дейміз.
Ал басқа тілдерде, мысалы, орыс тілінде, түбір әр уақытта мағыналы бола
бермейді, жеке тұрғанда ешбір мәңді, ұғымды білдіре алмайды. Мысалы,
прочитать (оқып шығу) деген сөздің түбірі — чит, про — приставка, ать —
жұрнақ, бұндағы чит бөлшегі жеке тұрып ешбір мәнге ие емес. Соңдай-ақ
тілімізде өте сирек болса да, сөз бен дыбыстың да сәйкестігі кездеседі.
Мысалы, у {Мен ішпеген у бар ма? (Абай), и (басыңды и) тәрізді сөздер бір-
бір дифтонг дыбыстан тұр. Осыған қарап кейде жеке дыбыстар да мәнді болады,
мағына білдіре алады деп тұжырым жасауға бола ма? Әрине, жоқ. Сондықтан әр
уақытта белгілі бір ұғымды білдіре алатын, тілдің ең кіші мағыналы бөлшегі
сөз болып табылады. Бұл — сөздің басты және тұрақты лек-сика семантикалық
және грамматикалық қасиеті.
Сөздің белгілі бір мағынаны, ұғымды білдіруі оның ішкі мазмұны болса,
сөз белгілі бір дыбыстар жиынтығынан тұратындықтан, оның сыртқы дыбыстық
жағы да бар. Кез келген сөз белгілі бір дыбыстар жиынтығынан, демек,
дыбыстық кешеннен тұрады.
Мысалы, бала деген сөз төрт дыбыстан тұрады, оның бірі (а) екі рет
қайталанған, келмеген 8 дыбыстан тұрады, оның бірі (е) үш рет қайталанған.
Ол тусінікті. Сонымен бірге сөздің ішкі мағыналық жағы мен сыртқы дыбыстық
жағы арасында байланыс бар ма? болса, оның сипаты қандай? деген заңды
сұрақ туады.
Сөздің ішкі мағыналық жағы мен сыртқы дыбыстық жағы арасында, әрине,
байланыс бар. Егер олардың арасында ешбір байланыс болмаса, кез келген
дыбыстар жиынтығы сөз бола берер еді ғой, жаңағы бала, келмеген деген
сөздер белгілі дыбыстар жиынтығынан және ол дыбыстардың белгілі бір
тәртіппен орналасуынан жасалып тұр. Ондағы дыбыстарды абла немесе лаба
немесе лбаа, т.б. етіп қосқаннан сөз жасалмайды. Бұның өзі лексикалық
единица ретіндегі сөз, оның білдіретін мағынасы мен сыртқы дыбыстық
қабыршағы арасында белгілі бір байланыс бар екенін көрсетеді. Бірақ ол
байланыс — табиғи байланыс емес. Өйткені дыбыстар жеке тұрғанда, ешбір
мәнге ие бола алмайды: б, а, л, а дегеннің әрқайсысынан ешбір мән туып
тұрған жоқ. Тілімізде біркелкі дыбыстар жиынтығынан тұратын, тіпті бірдей
дыбысталатын сөздердің мағыналары әр уақытта бірдей бола бермеуі,
лексикалық омонимдер — осының дәлелі. Мысалы, қара дегенге қарама-қайшы
түсті білдіретін 1) ақ (ақ шәйі орамал) және адал, кінәсіз, жазықсыз деген
мағыналардағы, 2) ақ (Ынсапсызға не керек істің ақ пен қарасы — Абай)
сөздері мен малдың сүті және сол сүттен жасалған айран, қатық, қымыз сияқты
тағамдар мәніндегі, 3) ақ (ақ ішіп оңалып) сөзі мен жоқ болу, суалу деген
мәндегі, 4) ақ болып кету сөзі, шыңдық ақиқат, хақ мәніндегі, 5) ақ (ақ
өлім немесе ақ сөйле),судың арнасымен жылжуы мәніндегі, б) ақ (судай ақ)
сөздерінің (ҚТТС, I, 126-137) дыбыстық құрамында, айтылуында бір-бірінен
ешбір айырмашылығы жоқ. Соған қарамастан яғни қаншалықты бірдей дыбыстардан
тұрып, бірдей айтылғанмен әрқайсысы бір-біріне байланыссыз, кейде
байланысты (көп мағыналық негіздегі омоним болса) әр түрлі мағынаны
білдіреді. Сондай-ақ қорек, тағам, тамақ мәніңдегі I. ас (ас адамның
арқауы), тамақ пісіру, әзірлеу мәніндегі, 2. ас (ет ас), бір жерден екінші
жерге қарай өту, өрлеу мәніндегі, 3. ас (таудан ас), т.б. сөздер де (ҚТТС,
I, 365-367) дәл осындай. Бұл сияқты омоним сөздерді көптеп келтіруге
болады. Бұның өзі сөз білдіретін мағына оны сөзді құрайтын сыртқы дыбыстар
мәнінен туыңдамайтынын көрсетеді. Жекелеген дыбыстар ешбір мәңді білдіре
алмайды.
Демек, сөздің ішкі мағыналық жағы мен оның сыртқы дыбыстық жағы
арасындағы байланыс табиғи емес, тарихи қалыптасқан дәстурлі байланыс болып
табылады. Басқаша айтқанда, жекелеген дыбыстардан тұратын, қалыптасқан
дыбыстық кешен жеке-жеке бір тілдік единица ретінде белгілі бір ұғымды
білдіретін болған. Міне, ол ұғым — сол сөздің мағынасы.
Сөздің мағынасы әр түрлі болады. Сөздің жеке тұрғаңда да белгілі бір
ұғымның аты ретінде танылатын нақты мағынасы да, одан туыидайтын әр түрлі
ауыс, келтіріңді мағынасы да, сөйлеу процесіңде неше түрлі тұлғалар
қосылуының нәтижесінде пайда болатын немесе басқа сөздермен қарым-қатынасқа
түсу арқылы туатын сан салалы жалпы мағыналары да болады.
Әрине, ол мағына түрлерінің бір-бірімен байланысы, жалғастылығы
болумен қатар бір-бірінен айырмашылықтары, өзгешеліктері де болады. Ең
алдымен, сөз білдіре алатын мағынаны екі түрге бөліп жүрміз: лексикалық
мағына және грамматикалық мағына және грамматикалық мағына.
2.2. Сөздің лексикалық мағынасы
Сөйтіп, айналадағы заттар мен құбылыстардың біздің санамызда
бейнеленуінің нәтижесінде пайда болатын ұғым сөздің ішкі мазмұны яғни
мағынасы болып табылады. Сөздің осындай әуелдегі (о бастағы) негізгі тура
мағынасы лексикалық мағына деп аталады. Сөздің лексикалық мағынасы ол
сөздің жеке тұрғандағы қалпынанда (яғни сөйлем ішінде емес) көрініп
отырады. Өйткені сөздің бұл (лексикалық) мағынасы талай рет қолданылудың
нәтижесіңде санамызда әбден қалыптасқан, сол тілдің сөздік құрамына еніп,
семантикалық ауқымы анықталған. Сондықтан да ешбір контекссіз-ақ ол (сөз)
сөздіктерде (мысалы, тусіндірме сөздік, екі тілді сөздік т.б.) реестр сөз
ретінде жеке беріліп, мағынасы көрсетіледі. Тілдегі кейбір сөздердің
мағыналары кейде бір-бірімен жақын болуы мумкін, бірақ толық бірдей бола
алмайды, тілдегі әрбір сөздің өзінше бөлек-бөлек лексикалық мағынасы
болады.
Сөздің лексикалық мағынасына, ең алдымен, оның нақты тура мағынасы жатады.
Айталық, көл, құс, тау, үй, көк, биік, үш, бес, келу, жүру сияқты сөздердің
лексикалық яғни нақты мағынасы: табиғи су қоймасы, үстін қауырсын жапқан
ұшып жүретін жануар (мақұлық), жердің әр түрлі тас жыныстарынан қалыптасқан
биік бөлігі, адамның тұратын баспанасы, бір заттың нақты түсі (көк), бір
заттың өлшемдік сипаты, заттардың нақты сандары (үш, бес), қимыл,
қозғалыс. Сонымен бірге бір сөз осындай нақты тура мағынамен бірге басқа да
мағыналарды білдіріп, ауыс, келтірінді мағыналарда да жұмсала береді.
Мысалы, айыру етістігі, ең алдымен, дыр еткізіп жырту және қақ жару, екіге
бөлу мағыналарын білдіреді. Бұл — етістіктің тура мағыналары. Сонымен бірге
айыру етістігі бөліп шығу (қаймақтан майды айыру,) ажырату (ешкімді айырып
болмайды), жер жырту, тілу (жерді тайыз айырады), арашалау, құтқару (бишара
шалды ұрылардан айырып алды), бөлектеу, алалау, бірдей көрмеу (оларды
бізден неге айырасыз?), танып, білу, анықтау (түнде айыра алмадым), т.б.
Бір сөздің өзінде, міне, қаншама мағына бар? Енді айыру етістігінің тағы
бір ауыс мағынасы — үнем қылу, күн көру. Осы заттардың майымен, ұн, шайын
айырсын, — деді Абай (М.Әуезов)
Сөйтіп, сөз бір я бірнеше лексикалық мағынаны білдіреді екен. Және сол
негізгі лексикалық мағынамен бірге белгілі стильдік мәндегі әр түрлі
экспрессивтік, келтірінді мағыналарды да білдіре алады. Бірақ сөз сөйлемде
қолданылғанда, ол қаншама полисемиялы (көп мағыналы) болғанмен, оның бір
ғана мәнінде жұмсалып, бір ғана мағынасын білдіріп тұрады. Сондықтан да
сөзде бір ғана лексикалық мағына болады дейміз. Бұған керісінше сөздің бір
ғана қолданысының өзінде бірнеше грамматикалық мағына болуы мүмкін. Сөздің
лексикалық мағынасы оның ұғымдық мәні болсын (белгілі бір заттың,
құбылыстың, іс-әрекеттің, әр түрлі амалдың т.б. аты, ұғымы), келтірінді,
ауыспалы, метафоралы т.б. мәндері болсын сөйлемде бір қырынан ғана көрініп,
бір мәнінде тұрады. Ол сөйлеу процесіне түскендіктен (сөйлемде
қолданылғандықтан), таза лексикалық мағынаны білдіріп қана тұрмайды, сол
лексикалық мағынасының жалпылануы арқасында және сөйлемдегі басқа сөздермен
әрқалай қатынасқа, грамматикалық байланысқа түсу нәтижесінде және кейде сол
сөзге әр түрлі грамматикалық тұлғалар үстелу арқылы неше түрлі
грамматикалық мағыналар береді. Сөздердің осындай қасиеттерін жинап,
ұйымдастырып тұратын — сөйлем. Сол сөйлем арқылы сөздің нақты я келтірінді
лексикалық мағынасы да, лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде пайда
болатын грамматикалық мағына түрлері де, үстеме грамматикалық мағыналары да
диалектикалық байланысты сөйлемдегі бір сөздің астарынан көрініп жатады.
Бір қарағанда сөздегі осындай мағына үйме-жүймелілігі, қат-қабат келіп,
араласып жатқандай көрінгенмен, олардың тәртібі, өзіндік жүйесі бар
екендігін байқаймыз, сол арқылы оларды бір-бірімен ша-тастырмай айырып ала
білеміз.
2.3. Грамматикалық мағына және оның түрлері
Тілдің грамматикалық қүрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін
анықтауда (сол арқылы ғана сөздің грамматикалық сипаты ашылмақ) оған
(тілдің грамматикалық құрылысына) тән басты-басты грамматикалық ұғымдарды
ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айқындап алу қажет. Өйткені
тілдің грамматикалық құрылысы сала-сала жүйелерден құралады да, олардың
тұтастығы сол жүйелерге тән белгілі заңдылықтарға сүйенеді. Сөйтіп, қазақ
тілінде ең басты грамматикалық ұғымдарға грамматикалық мағына оның берілу
тәсілінің бір түрі грамматикалық форма және екеуінің жүйелі жиынтығын
құрайтын грамматикалық категория енеді. Бул үшеуі бір-бірімен диалектикалық
бірлікте болып, тілдің грамматикалық құрылысын құрайды да, қалған жекелеген
грамматикалық единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұғымдардан туындайды.
Тілдегі әрбір сөздің (белгілі ұғымды білдіре алатын мәңді сөздің)
нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық мағынасы да болады.
Сөздің лексикалық мағынасы — нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші
сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына —
сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің
нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан
пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір
грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары
болып табылады.
Грамматикалық мағына, айналып келгенде, сөздің лексикалық мағынасымен
тікелей байланысты болады. Бірақ грамматикалық мағыналардың өзі біркелкі
емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі
негізінде тулғалануынан пайда болатын грамматикалық мағыналар бар. Туғанда
дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер ңойныңа кірер денең (Абай) деген
сөйлемді талдап көрейік. Сөйлемде қолданылған әрбір сөз бір-бір лексикалық
мағынаны және бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп тұр: I. туғанда,
лексикалық мағынасы — нақты туу қимылы; грамматикалық
мағыналары 1) жалпы қимылды білдіру; 2) салттылық мән; 3) өткен шақтық мән;
4) бір қимылдың (ашудың) мезгілін білдіру; 2. дүние, лексикалық мағынасы
әлем мағынасындағы дерексіз зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы
абстракт зат атауы; 2) қатыстық-меншіктілік мән; 3. есігін, лексикалық
мағынасы — үйдің бір бөлігі болып табылатын (есік) нақты заттың ауыспалы
мағынада қолданылуы; грамматикалық мағыналары: I) жалпы зат атауы болуы; 2)
екінші бір затқа дүние тәуелді, соның бөлшегі болуы; 3) ол тәуелділік 3-
жаққа қатысты, 4) тура обьектіні білдіру; 4, ашады, лексикалық мағынасы -
ауыс мағынадағы ашу қимылы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы қимылды
білдіру, 2) ол қимылдың сабақты болуы, 3)ауыспалы осы шақ мәнін білдіру, 4)
3-жақтағы субьектінің қимылы; 5. өлең, лек-сикалық мағынасы — нақты өлең
деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы; 2) ашу
қимылының грамматикалық субьектісі болуы; 6. өлеңмен, лексикалық
мағынасы — нақты өлең деген зат атауы; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы
зат атауы; 2) кіру қимылын білдіру; 7. жер, лексикалық мағынасы — нақты
жер деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы зат атауы болуы, 2)
қатыстық-меншіктік мән; 8. Қойнына, лексикалық мағынасы — нақты қойын деген
зат; грамматикалық мағыналары: 1)жалпы зат атауы болуы; 2) екінші бір затқа
жер тәуелді болуы, 3) тәуелділік 3-жақта болуы, 4) қимылдың (кірер) бағытын
білдіруі; 9. кірер, лексикалық мағынасы — нақты кіру деген қимыл;
грамматикалық мағыналары: I) жалпы қимылды білдіруі, 2) ол қимыл салтты, 3)
келер шақ мәні, 4) 3-жақ субъ-ект арқылы ол қимылдың іске асуы; 10. денең,
лексикалық мағынасы — дене деген зат; грамматикалық мағыналары: 1) жалпы
зат атауы болуы, 2) тәуелділік мағына, 3) 2-жақ, жекеше, анайы, 4) кіру
қимылының грамматикалық субьектісі. Бұлар осы сөйлемдегі сөздердің
білдіретін бөлек-бөлек мағыналары.
Осы шағын талдаудан көрінетіңдей, сөйлемдегі әрбір мәнді сөз бір
лексикалық мағына және бір я бірнеше грамматикалық мағынаны білдіреді. Және
грамматикалық мағыналар біркелкі емес, олардың берілу тәсілдері де әр
түрлі.
Осымен байланысты мынадай сұрақ туады: Нақты заттың аты немесе нақты
қимыл болса, ол лексикалық мағына да, жалпы заттың аты немесе жалпы қимыл
болса, ол грамматикалық мағына бола ма?
Бұл сұраққа нақты да толық жауап беру үшін жоғарыдағы сөйлемдегі
сөздерді талдап көрейік.
Берілген сөйлемдегі дүние, есік, жер сөздерінің әрқайсысы жеке-жеке
ұғымды біддіретін заттың аты, туғанда, ашады, кірер нақты қимыл ұғымын
білдіретін сөздер, соңдай-ақ төрт, жеті нақты санды білідіретін сездер, ақ,
көк, сары — заттың нақты түсін білдіретін сандар, т.б. Атап айтқанда, дүние
— өмір, тіршілік (ҚТТС, III, 204), есік — ауыс., өмірге, іс пен еңбекке
алғаш аттап, қадам басып кіру, араласу (ҚТТС, III, 453), жер — жер
планетасының үстіңгі қабаты, сыртқы қыртысы, құрлық ІҚТТС, 14, 90)
дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында ешбір ортақтық,
жақындық жоқ, әрқайсысы — бөлек-бөлек заттардың атауы; туғанда :— ана
құрсағынан шығу, дүниеге келу (ҚТТС, IX, 254), ашады — ауыс., жабық тұрған
нәрсенің есігін, бетін шалқайту, аңқайту (ҚТТС, I, 507), кірер — ену, келу
(ҚТТС, V, 411) дегендердің осы көрсетілген лексикалық мағыналарында
ортақтық, ұқсастық жоқ, бір-бірінен осы мағыналары арқылы ажыратылады; төрт-
үштен кейінгі есептік сан (ҚТТС, IX, 243), жеті — алтыдан кейінгі сан
(ҚТТС, IV, 113) дегендердің де лексикалық мағыналары бөлек-бөлек; ақ —
қардың, сүттің, бордың түсіңдей қараға қарама-қарсы (ҚТТС, I, 126},
көк — ашық аспан тәрізді түс (ҚТТС, V, 118), сары, — піскен егіннің
немесе апельсиннің түріңдей түс (ҚТТС, VIII, 187) дегендердің де лексикалық
мағыналары бөлек-бөлек, өйткені бұлар әр түрлі түстерді білдіреді. Сонымен
бірге
бұл нақты (лексикалық) мағыналары жалпылануы да мүмкін. Атап айтқанда,
дүние, есік, жер жалпы зат атауларын білдіреді, туғанда, ашады, кірер жалпы
қимылды, іс-әрекетті білдіреді, төрт, жеті — жалпы бір санды
білдіреді, ақ, көк, сары — жалпы түсті білдіреді яғни сапалық сынның
белгілері. Міне бұл соңғы көрсетілгендер — нақты лексикалық мағыналардың
жалпылануы арқылы пайда болған жалпы грамматикалық мағыналар яғни бұлар
белгілі бір сөздің ғана мағыналық сипаты емес, белгілі бір топтағы
(айталық, заттың атын білдіру немесе қимыл, іс-әрекетті білдіру т.б.)
сөздердің ортақ жалпы мағынасы. Осы жалпы мағыналарының ортақтығы арқылы
сөздер топтасып, белгілі бір грамматикалық топ құрайды: дүние, есік, жер —
заттың атын білдіретін сөздер — зат есім, туғанда, ашады, кірер — қимыл, іс-
әрекетті білдіретін сөздер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz