Мұғалімнің сабаққа дайындығы


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
І. Дәстүрлі емес сабақ тардың қалыптасуы
1. 1. Дәстүрлі емес сабақтың қалыптасуы . . . 7
1. 2. Дәстүрлі емес сабақ түрлері . . . 8
ІІ. Құқық және экономикадағы сабақ жүйесі
2. 1 Сапалы білім - сабақ жүйесі . . . 14
2. 2. Заман қажеттілігі - экономика негіздері мен құқық пәнін оқыту . . . 15
2. 3. Сабақ құрылымы мен оны ұйымдастыру . . . 18
2. 4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы . . . 22
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31
КІРІСПЕ
Өзектілігі: Экономика және құқық пәндерінде білім беруді жаңашаландыру - заман талабы. Және де оқушыларға білім беру қазіргі сабақ беру жүйесінде заман талабына сай даму үстінде. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысаны. Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезең, себебі сабақтың сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу міндеттерін орындау үшін жұмыстануда. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және орындауына байланысты. Талаптарды әлеуметтік сұраныс, оқушылардың жеке қажеттіліктері, Оқыту мақсаты және міндеттері, оқу процесінің заңдылықтары мен принциптері анықтайды.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың бірі дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікір-талас, панорама, компьютерлік сабақтарын жатқызуга болады.
И. П. Подласый «Педагогика» атты оқулығында « Дәстүрлі емес сабақ - дәстүрлі құрылымы жоқ ойдан шығарылған оқу жұмысы » - деп бағалайды. [1. 207б]
Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды.
Дегенменде ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді.
Қазіргі дәстүрлі емес түрлері: диалог-сабақ, диспут сабақ, сабақ - конференция, сабақ-саяхат, интегративтік сабақ, оқушылардың танымдық белсенділік дәрежесінің жоғарлығымен ерекшеленеді. Сабақ-педагогикалық (оқу-тәрбие) логикалық жүйелеген құрылымдық бөлігі, сыныпта әр оқушының ерекшелігін ескере отырып, олардың мақсатты түрде ғылым негіздерін меңгеріп, оқушының тәрбиесі мен танымдық қабілетін дамыту, яғни сабаққа педагогикалық процестің барлық құрылымдық компоненті мақсат, міндет, мазмұны, тәсілі, әдісі, жолдары, оқушыларға тапсырма қатысады (Н. Д. Хмель) . Бұл жағдайды тақырыпты және сабақты жоспарлағанда, күнделікті сабақты басқару, оның барысы мен нәтижесіне анализ жасау. Егер сабақтың эволюциясы оқыту формасының пайда болуына көз жіберсек, онда мыналарға сенеміз, өзгерістер мен жетістіктер мақсатты түрде оқушылар ұжымының оқу материалын саналы меңгеру, шығармашылықпен оны пайдалану. Шындығында, оқушылардың іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен өткендіктен, мұғалім іс-әрекетінің объектісін түсініп, қазіргі уақытта педагогикалық процесте мұғалім мен оқушы іс-әрекеттің субъектісі болады.
Үздік мұғалімдердің жетістігінің себептері мұғалімнің оқушылардың белсенді, мақсатты, технологиялық білгір, сабақта шығарашылықпен және сабақтан тыс уақытта оқу тапсырмасын орындауға жағдай жасаған. Дәл қазір ақыл-ойдың көптеген белсенді формасы мен оқушының практикалық оқу іс-әрекеті дидактика теориясында шығармашылық белсендіктің динамикасы қалыптасты. (Скаткин М. Н. )
Мақсаты: Бұл курстық жұмыстың мақсаты дәстүрлі емес сабақтар беру және олардың түрлерін қарастыру болып табылады.
Міндеті:
- Дәстүрлі емес сабақтың қалыптасуын пайда болуын анықтау, зерттеу;
- Дәстүрлі емес сабақ түрлерін сараптау;
- Құқық және экономикадағы сабақ жүйесі зертеу;
- Сапалы білім - сабақ жүйесін қарастыру;
- Заман қажеттілігі - экономика негіздері мен құқық пәнін оқытудағы дәстүрлі сабақтарды колдануын баяндау;
- Сабақ құрылымы мен оны ұйымдастыруын зертей отырып оны талдау;
- Мұғалімнің сабаққа дайындығын саралау;
Зерттеу объектісі: Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесіндегі дәстүрлі емес сабақтардыі жалпы түсінігі.
Зерттеу пәні: Құқық және экономика пәндерін оқытуда дәстүрлі емес сабақтар
Жұмыстың зерттелу деңгейі: Педагогтардың дәстүрлі емес сабақтар бойынша пікірлерінде қарама-қайшылықтар бар: Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова «Педагогикасында » біреулері педагогикалық ойлауда рогресс, мектептерді демократияландыру бағытында дұрыс қадам деп қараса, басқалары, керісінше, мұндай сабақтар педагоикалық қағидаларды қауіпті жағдайда бұзу, шындап еңбек ету қолынан келмейтін және оны қаламайтын жалқау оқушылардың қысымымен педагогтардың амалсыз кейін шегінуі - деп осы мәселе жайында өз көзқарасындағы пікір қайшылықтарын алға тартпақ. Оның бұл еңбегінде көптеп таралған дәстүрлі емес сабақтардың 36 түрін ұсынады.
М. Жұмабаевтың «Педагогикасында», Ю. К. Бабанскийдің «Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе», Г. Қ. Нұрғалиева «Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсында» дәстүрлі емес сабақтардың түсінігі мен олардың қолдануын зерттеген.
«Экономка негіздері» № 2-3, 2010ж., № 1, 2009ж. журнал басылымдарында дәстүрлі емес сабақ түрлерін қарастырып кеткен.
«Оқыту - тәрбиелеу технологиясы» атты педагогикалық журналдарда М. Бакирова, 3. 2010ж., Қ. Саркина, «Конференция» 3. 2010ж., Л. Тоқтарғазина «Іскерлік ойындар», 1. 2010ж., Ж. Нұсанова, «Сайыс сабағы» 1. 2010ж., Б. Ә. Мамедалиева «Экономика оқытудың иновациялық тәсілдері» 4. 2010ж. мақалаларында дәстүрлі емес сабақ түрлерінің бірнешеуіне мысалдар келтіріп көрсеткен.
П. И. Пидкасистого, В . Оконь. Н. Асанов, С. И. Бейсенбаева. С. И. П. В. Алексеев еңбектерінде де сабақ түрлерін, соның ішінде дәстүрлі емес сабақтарды зерттеген.
Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды.
Дегенменде әр оқулықтарда зертеушілер мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді.
Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз білім беру жүйесінің базалық буыны саналатын орта білім беру мекемелерінің жастарға саналы тәрбие, сапалы білім беріп, ұлтжанды азамат етіп қалыптастыруда атқарар рөлі зор екені даусыз. Соның ішінде құқық және экономика пәндерінен дәстүрлі емес сабақ беру мәселесін қарастыру. Оқушыларға құқық және экономика пәндерін толығымен жетік түсіндіру үшін қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлерін де пайдалану. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра кету, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Күнделікті дәстүрлі калассикалық сабақтарды қолдана беру оқушылардың қызығушылығын жоғалтуыда мүмкін екеннін білеміз. Сондықтанда күнделікті өткізетін сабақтың ерекше болуы, оқушының білім алуы, мұғалімнің оқыту процесінде қызықты және сапалы өтуі өзекті мәселе екені айғақ.
Былайша айтқанда оқыту жұмысын ұйымдастырудың қандай да формасын қолданбайық, сабақтар жүйесінде олардың көздейтін мақсат-міндеттері, мазмұны өзара бір-бірімен байланыста, бірін-бірі толықтыратындай жағдайда, оқушылардың білім дәрежесін нығайтып, жетілдіруде едәуір көмек етеді.
Яғни, құқық және экономика пәндерінде дәстүрлі емес сабақ түрлерін зерттеп, оның оқушылардың білімдерін дамытуда қаншалықты дұрыс және бұрыс жақтары бар екеннін көрсетеди.
Қолданылған әдістер:
- Бірінші бөлімде дәстүрлі емес сабақтардың қалыптасуын қарастыру үшін зерттеу әдісін қолдандану;
- Құқық және экономика пәндерінде дәстүрлі емес сабақтардың түрлерін анықтап олардың пайдалы және пайдасыз жақтарын көрсету үшін тақырыпта сараптау, салыстыру әдісін қолдандану;
- Екінші бөлімінде құқық және экономика пәндерін оқытуда дәстүрлі емес сабақтарды пайдалану және оны жүзеге асырудағы баяндау әдісі арқылы түсіндіру;
Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданған әдебиеттерден тұрады.
І. Дәстүрлі емес сабақтардың қалыптасуы
1. 1Дәстүрлі емес сабақтың қалыптасуы
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың бірі дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікір-талас, панорама, компьютерлік сабақтарын жатқызуга болады.
И. П. Подласый «Педагогика» атты оқулығында « Дәстүрлі емес сабақ - дәстүрлі құрылымы жоқ ойдан шығарылған оқу жұмысы » - деп бағалайды.
Педагогтардың дәстүрлі емес сабақтар бойынша пікірлерінде қарама-қайшылықтар бар: біреулері педагогикалық ойлауда рогресс, мектептерді демократияландыру бағытында дұрыс қадам деп қараса, басқалары, керісінше, мұндай сабақтар педагогикалық қағидаларды қауіпті жағдайда бұзу, шындап еңбек ету қолынан келмейтін және оны қаламайтын жалқау оқушылардың қысымымен педагогтардың амалсыз кейін шегінуі - деп осы мәселе жайында өз көзқарасындағы пікір қайшылықтарын алға тартық. Оның бұл еңбегінде көптеп таралған дәстүрлі емес сабақтардың 36 түрін ұсынады. [1. 208б]
Әрине, дәстүрлі емес сабақтар қатаң құрылымы және қалыптасқан жұмыс кестесі бар күнделікті оқу жұмыстарына қарағанда әдеттегідей емес ой, ұйымдастыру, өткізу тәсілдері оқушыларға өте ұнайды.
Дегенменде ол мұғалімдерге оқыту жұмысында осындай тәсілдерді көптеп сабақтар жүйесінде пайдалануға кеңес береді.
Сонымен қатар оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф. Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М. Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г. Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К. Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С. Л. Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д. Б. Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.
Қорыта айтқанда оқыту жұмысын ұйымдастырудың қандай да формасын қолданбайық, сабақтар жүйесінде олардың көздейтін мақсат-міндеттері, мазмұны өзара бір-бірімен байланыста, бірін-бірі толықтыратындай жағдайда, оқушылардың білім дәрежесін нығайтып, жетілдіруде едәуір көмек етеді.
1. 2Дәстүрлі емес сабақ түрлері
Тақырыпты қарастыру барысында құқық және экономика пәндерінде сабақ жүйесін қарастыру соның ішінде дәстүрлі емес сабақтардың түрлерін қарастырып кетейік:
Түсіндіру сабақтары: жаңа, біріккен, панорамалық, зерттеу т. б.
Пысықтау сабақтары: бекіту, саяхат, семинар, қайталау, жарыс, конференция, талқылау т. б.
Сынау сабақтары: сынақ, диспут, ойын, сахналау, жұмбақ т. б.
Жаңа сабақ - жаңа білім беру мақсатында.
Біріккен сабақ - жаңа білім мен өткенді және пәндер арасындағы байланысты көрсету мақсатында.
Зерттеу сабағы - іздендіру мақсатында.
Панорамалық сабақ - сабақ элементтерінің көрінісін іске асыру мақсатында.
Бекіту сабағы - білімді меңгеру деңгейін байқау.
Саяхат сабақ - танымдық қабілетін дамыту.
Семинар сабақ - оқушының білімін тереңдету.
Қайталау сабағы - пәндерден алған білімді толық қалыптастыру.
Жарыс сабақ - оқушылар ойларының жетіктігін байқау.
Конференция сабақ - іскерлігі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Сынақ сабақ - білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Диспут сабақ - білімі мен дағдысын қалыптастыру.
Ойын, жұмбақ - оқушылар зейінін дамыту.
Сахналау сабағы - оқушылар шығармашылығын дамыту.
Талқылау сабағы - ауызекі тілдегі, жұмыстағы жіберген қателерін арнайы талдау. [1. 160б]
Дәстүрлі емес сабақтар интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады. Құқық және экономика пәндерін өткізу барысында дәстүрлі емес сабақ жүйесін қолдану жақсы нәтиже береді. Себебі оқушыларды қызықты сабақ өткізу арқылы жаңа тақырыпты толықтай жеткізуге болады.
Панорамалық сабақ . Панорамалық сабақты өткізудегі негізгі мақсат - озат мұғалімдердің өзінің ұстаздық зертханасын ашып, сабақ беруі, яғни әдістемесін көпке тарату. Панорамалық сабақты өткізу үшін мұғалімге қойылатын ең бірінші талап оның сабақ берудегі өзгеге ұқсамайтын өзіндік әдісінің болуы. Мұғалімнің оқыту процесінде ең көп сүйенетін әдісі қандай, оның тиімділігі неде? Тыңдаушылар соны біліп, сезуі керек. Панорамалық сабақтарға қойылатын талаптардың бірі - мұғалімнің өткізген сабағын өзі талдап беретіндігі. Панорамалық сабақ бір тақырыпты өтуге, яғни тек бір сабақ арқылы оның көп жылғы игі тәжірибелерін көпке танытады.
Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Алдын ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданық жеңгені анықталады. Екі команданық капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Сонынан қорытынды шығарылады.
Аукцион сабақ бір нәрсені сату арқылы өткізіледі. Сабақтың құрылымы: өткен сабақты тексеру, аукцион тәртібін түсіндіру, зат сату, финал, қорытынды. Сабақ кезінде сатылатын бірнеше заттар тұрады. Затты ол туралы көп білетін оқушы сатып алады. Мысалы: киіз үй, қолөнер бұйымдары.
Көңілді тапқыштар клубы көбіне өткен материалдарды қайталау мақсатында өткізіледі.
Шығармашылық сабақ оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне баса назар аударылады. Бұл сабаққа өте жақсы оқитын оқушыларды таңдап алып, топтарға бөлуге болады. Мысалы, 10 минут ішінде 1-2 топтың оқушылары сол тақырып бойынша кроссворд құрса, 3-4 топтың оқушылары олардың жауабын айтады. Бір тақырыпқа қысқа шығарма, сценарий, көркем немесе мультфильм құрғызуға болады. Қазылар алқасы әрбір топқа баға қояды.
Компьютерлік сабақ дисплей, ЭВМ, т. б машиналар арқылы өткізіледі.
Әл-Фараби "Оқытудың негізгі әдісі - көрнекілік" деп, оның мақсаттарын, тәсілдерін (түсіндіру, әсерлендіру, есте қалдыру) ұсынады. Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын көрнекі құралдарға және техникалық құралдарға байланысты.
Көрнекілік әдісі оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады. Көрнекілік әдістерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады: иллюстрация және демонстрация.
Иллюстрация әдісі арқылы оқушыларға иллюстрациялық құралдар - атап айтсақ: плакат, кесте, картина, карта, тақтадағы суреттер, үлгілер көрсетіледі.
Демонстрацияның (көрсету) оқыту әдісі ретіндегі ерекшеліктері
Демонстрация әдісі арқылы заттар мен құбылыстар тәжірибе жасау арқылы немесе техникалық құралдардан, кино-фильмдерден, диафильмдерден көрсетіледі.
Оқу процесіне жаңа техникалық құралдарды енгізу (теледидар, видеомагнитофондар) оқытудың көрнекілік әдісінің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қазіргі уақытта көрнекі құралдың жаңа түрі - жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, мектептерде электронды-есептегіш техникасы кабинеттерін құру міндеті шешілуде, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлерді енгізу міндеті де қолға алынуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен меңгерілген көптеген процестерді қозғалыста, көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді. Компьютерлер, көрнекілік әдістерінің оқыту процесіндегі мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейтеді.
Экскурсия кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей қабылдайды. Экскурсия әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі.
Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар табиғат сұлулығын түсінуге үйреніп, өздерінің әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау арқылы білдіреді. Мұражайларға, көрме залдарына, өндіріс орындарына бару өнер шығармаларын түсінуге, үйреншікті заттар мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адамның еңбегінің сұлулығын сезінуге үйретеді.
Әрбір экскурсия тақырыппен байланысты. Экскурсия арқылы бала әртүрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс, зандардың байланысын көреді, оларды қолдануға үйренеді. Мәселенің өзі, танылуға тиісті объекті оқушыларға қызықты болады. Экскурсия нәтижелері сыныпта шығарылады. Экскурсия жаңа білімдермен қатар, мұғалімге өз оқушыларын жақсы білуге көмектеседі. Экскурсияға баратын топтарда 10 оқушыдан 40 оқушыға дейін болады, ұзақтығы 40-90 минут. Оқу экскурсияларын мазмұнына қарай тақырыптық және кешенді (шолу) деп бөледі. Тақырыптық экскурсияларға барғанда оқу пәндерінің бір немесе бірнеше байланысты тақырыптар оқылады. Кешенді экскурсиялар екі немесе одан да көп оқу пәндерінің бір-бірімен мәселен, дүниетанудан "Ағын сулар мен желдер", өсімдіктер, жануарлар және "сыртқы орта" деген тақырыптарды оқу үшін экскурсияға баруға болады, байланысты тақырыптарын оқу үшін ұйымдастырылады.
Оқылатын бөлімдегі орнына қарай кіріспе, негізгі, қорытынды экскурсиялар өткізіледі. Кіріспе экскурсия оқушыларды және оқу курстарымен, бөлімдерімен таныстырады. Негізгі экскурсиялар арқылы оқушылар тақырыпты терең түсінеді, теориялық материалдың тәжірибесі керектігін үғынады.
Қорытынды экскурсиялар бөлімді қорытындылау және жүйелеу үшін, оның нақты процестермен және құбылыстармен байланысын анықтау үшін өткізіледі. Мұғалім алдын ала экскурсия болатын жерді көріп, оның білімге ықпалын анықтап, экскурсияның мақсатын және міндеттерін, түрін және құрылымын анықтайды, оқушылар үшін проблемалық сұрақтар, тапсырмалар әзірлейді, экскурсияның әдіс, тәсілдерін белгілеп, жоспар құрастырады. Жүретін жерлердің бағдарын жасап, қосымша көрнекіліктер және керекті жабдықтарды (өлшейтін құралдарды, блокнот, қарындаштарды, гербарийлерге арналған папкаларды, фотоаппаратты, компасты) әзірлейді, оқушыламен әңгімелеседі, қауіпсіздік ережелерін, өзін-өзі ұстау жөнінде айтады, экскурсия өтетін жерге қысқаша сипаттама беріп, қалай, қайда қарау керек екенін, нені бақылау, жазып алу, суретке түсіру керектігін айтып, қалай жүру керектігін түсіндіреді. Әрбір оқушының міндетін айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ басшыларын тағайындайды, жауапты оқушыларды бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы нұсқаулар береді.
Кіріспе әңгімеде мұғалім экскурсияның мақсатын айтады, содан кейін оқушылар объектілерді қарап, тапсырманы орындауға кіріседі; сурет салады, жазады, объектінің ерекшіліктерін бөліп, көргендерінен қорытынды жасайды.
Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін демонстрациямен ұштастырады. Оқушылардың бақылауларына басшылық етеді. Экскурсияның соңында мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді, қорытынды әңгіме болады. Керек жағдайда оқушылар үй тапсырмасын орындайды. Экскурсия материалдарын кірістіріп сабақ өткізуге болады.
Мектепте өтетін экскурсиялар оқытудың тиімді формасы болғандықтан, оларды жиі өткізу керек, себебі ол өмірді тану дағдыларын қалыптастырады. Ол үшін экскурсияларға тапсырмалар әзірлеп, нәтижелерін тексеріп отыру керек.
Практикумдар арқылы оқушылар тәжірибелік, зертхана жұмыстарды өз беттерімен орындайды. Олар оқу курстарының ірі бөлімдерін оқыған соң өткізіледі, сонымен қатар теориялық материалды тәжірибеде көрсету үшін де өткізуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz