Дебиторлық берешектің есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру… . . .

1. 1 Дебиторлық берешектің есебі . . .

1. 2 Күдікті күмәнді дебиторлық қарыздар бойынша резервтердің есебі.

2 Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың нысандары және есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу тәртібі . . .

2. 1 Сатып алушылар мен тапсырысшылардың берешектерін есепке алу.

2. 2 Дебиторлық берешектің аудиті . . .

Қорытынды24

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки «Есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Көптеген кәсіпорындар мен ұйымдар тауарлар мен қызметтерді сатып алу, пайдалану барысында сол мезетте қолма-қол ақшамен есептеспейді. Яғни тауарлар мен қызметтерді қарызға алады. Сол кезде тауарлар мен қызметтерді сатқан кәсіпорындар мен ұйымдар алынуға тиісті шарттар, яғни дебиторлық борыштар шотын ашады. Бұл өте қызықты бөлім. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Жалпы «дебиторлық берешек» - дегеніміз, бұл иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Мен өзімнің курстық жұмысымда осы дебиторлық берешекті теория түрінде қарастырамын. Жалпы дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерден тұрады:

Енді жалпы дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыруды және жоғарыдағы аталған бөлімдерді қарастырамын.

1 Дебиторлық берешектер есебін ұйымдастыру

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ берешектер - Дебиторлық берешектер (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті берешектер және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл берешектердің есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық берешектер « ағымдағы активтер » қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

  • ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
  • тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер;
  • вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер;
  • негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер;
  • ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық берешегі;
  • басқадай дебиторлық берешектер.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға вексель бойынша төлейтін ресми берешегі болып есептелінеді. Алынуға тиісті шоттар бойынша берешектер (дебиторлық берешектер) иелік ету құқығымен қоса, заңды хұқығымен байланысты актив болып саналады. Қорытындылап айтатын болсақ «дебиторлық берешек» дегеніміз, бұл - иелік ету хұқығын қосқандағы заңды хұқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік.

Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектердің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық берешектер « Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер » болып есептеледі. Дебиторлық берешектердің пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді.

Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың бұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарлардың көлемін арттыру болып табылады. Сонымен қатар баға жеңілдіктерін ұйымның күмәнді берешектерінің сомасын қысқартуға үлкен әсер етеді. Халықаралық тәжірбиеде баға жеңілдіктері сөзімен бірге сауда жеңілдігі сөзі қатар қолданылады. Өз экономикасын нарықтық жолмен жүргізіп келе жатқан елдердегі ұйымдар сауда жеңілдігін тауарларды сатудағы жарнама ретінде пайдаланады. Ұйымдардың сауда жеңілдігін қолдануының мақсаты баға жеңілдіктерін пайдаланғандағы жағдаймен бірдей деп айтуға болады.

Кейбір жағдайларда сапасының төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Бұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісті табыстарының көлемін азайтатындығы сөзсіз.

Кәсіпорындардың бухгалтериясы дебиторлық берешектер есебін жүргізу барысында мына төменде аталған құжаттарды қолданады:

нөмірі 7 - Журнал-ордер - «Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың берешегі» деп аталатын шотының кредиті бойынша;

нөмірі 8 - Журнал-ордер - «Алынуға тиісті қосылған құн салығы», «Есептелінген пайыздар», «Басқадай дебиторлық берешектер» және «Берілген аванстар» деп аталатын шоттардың кредиті бойынша;

нөмірі 9 - Журнал-ордерге қосымша тізімдеме - «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша:

нөмірі 10 - Журнал-ордер - «Күдікті қарыздар бойынша резерв», «Алдғы кезең шығындары» шоттарының несие бойынша;

нөмірі 11 - Журнал-ордер - «Сатып алушылар және тапсырыс берушілердің берешегі» шотының және «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық берешегі» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.

Стып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық берешектердің есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары, бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартында ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барысында қолданатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, олар негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық берешектер шоттарында есептелетін сомалардың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізілуі қажет, ол құжаттар бойынша шоттарды шоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат - әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық берешегі есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушыларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғаны деп танылады.

Дебиторлық берешектер келесідей бөлімдерден тұрады:

«Сатып-алушылар мен тапсырыс берушілер берешегі».

«Күмәнді дебиторлық берешектер».

«Басқадай дебиторлық берешек».

Яғни осы жоғарыда аталған баптар бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан алашақ сомалары дебиторлық берешек болып табылады.

1. 1 Дебиторлық берешектің есебі

Кәсіпорынның, сатып алушылардың, тапсырыс берушілердің, төлемге тиіс ақшалары, қызметтік қарыздары және өзге де алынуға арналған тиісті долларлар « дебиторлық берешек » деп атайды. Өтелетін мезгіліне қарай:

1 ұзақ мерзімді

2 қысқа мерзімді

Олардың есебі 1200 және 2100 бөлімшелерінің активті, негізгі, баланстық есеп айырусы шоттарында жүргізіледі.

Дебиторлық берешек айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, кәсіпорында 1- ші кезекте, олардың айналымдығын таңдайды. Әдетте дебиторлық берешек айналымдағы 30 күннен - 90 күнге дейін болады, егерде осы мерзімнен асып кетсе, онда оның мерзімі өтіп кеткен деп санайды.

1210 - сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиорлтық берешек

2110 - осы шоттар бойынша аналитикалық есебі сатып алушыларға берілген шот - фактуралардың әрқайсы бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік олардың синтетикалық есебі №11 журнал ордері және оның тізімдемесінде жүргізіледі.

  1. - 2110шоттары бойынша бухгалтерлік жазбалар.

Сатып алушыларға жіберілген дайын өнімдер, көрсетілген қызметтер үшін шот қойылды.

  • келісілген құн сомасы1210- 6010 - 2110

- қосылған құн салығының 1210 - 3130 сомасы

қ. м дебит ұ м деб берешек аударылды 2110 - 1210

алдын ала алынған аванс сомасы сатып алушылар мен есеп айырысу кезінде есепке алынды: 3510 - 1210 - 2110

есеп айырусы шотына сатып алушылардан келіп тускен сомалар 1030 - 1210 - 2110

деп берешек әр бір бойынша есепке алуды ұйымдастырудың жайын қарастырып қөрейік.

1250 - қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешек.

Бул шотта есеп беретін тұлғалар мен, есеп айырысу, қызметкерлерге кредитке сатылған тауарлар бойынша ұсынылған қарыздар, материалдық шығынды өтеу бойынша қарыздар.

Кәсіпорын шаруашылық қызмет барысында өз қызметкерлерін қызмет бабы мен іс сапар жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сұрап алады. Почта қызметін қолданады және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың көлемі банк арқылы төленуі мүмкін емес, сондықтан қызметкерлерге қолма қол доллар беріледі және олар алған доларларына есеп беру тиіс. Бұл есепті сома басшының жарлығы мен беріледі. Есепті тұлғаларға берілген долларларды растайтын құжаттардың негізінде жұмсау тиіс және белгіленген мерзімде бухгалтерге тапсырылады.

Шоттардың кореспондениясын анықтап, дебеттік және кредиттік айналымын құрып, айдың аяғындағы шоттар қалдығын анықтаныз.

1 ағымдағы банктік шоттардағы ай басындағы қалдығы - 250360.

2 ағымдағы банктік шотқа кассадан ақшалай қарыздар түсті - 12.

3 ағымдағы банк шотынан ққсс бойынша бюджеттік міндеттемелер аударылды - 82100.

4 ағымдағы банк шоттан әлеуметтік салық бойынша бюджеттік міндеттемелер аудару - 35600.

5 ағымдағы банк шотынан жеткізушілерге олардың қысқа мерзімді кредиторлық борышы ақшалай есебінен доллар қаражаттары аударылды - 12.

№ 3 есеп .

Кәсіпорын кассасында 47815 теңге қолма - қол ақша бар. Есепті кезең ішінде кассаға төмендегі ақша қаражаттары келіп түсті.

а) салымдар - 348700 теңге.

ә) өнім тауарлар өткізуден - 1373958 теңге жұмсалған қаражаттар .

Кассадан есеп айырысу шотына 705000 теңге өткізілді.

236718 теңге еңбек ақы берілді. Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша 12478 теңге төленді. Есепті тұлғаларға іс сапар шығыстары мен басқа шаруашылық мұқтаждықтарына 26258 теңге берілді, жолдың ақысына 36600теңге қолма - қол ақша төленді. Жеткізушілердің шоттары бойынша 748017 теңге мөлшерінде қолма - қол ақша төленді.

Ақша қаражаттарының қалдығын анықтаныз.

Үлгі, 1010 кассадағы теңге мен ақша қаражаттары

Дт 1010 кт

Б, қ.

Айн, айн.

С, қ.

Астана.

01. 04. 2011 - 15. 04. 2011

Тәулік ақы - 5 аек

Жол ақысы - 3100

3250

Қонақ үй - 6500 - 1 күні - 91000

1512 * 5 - 7560 - 113400

6350

И. т. 210750.

  1. дау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек.

Бұл шотта негізгі құралдарды жалға беру бойынша есептелінген сомалар жөніндегі ақпаратты табуға табуға болады.

  • жолдау бойынша инвестицялық табыс есептелді.

Дт 1260 кт 6260.

  • жолдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешектер алынды.

Дт 1010 кт 1260

1030

1050

1060

  1. ға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар

Бұл шотта ұсынған қарыздар, қаржылық салымдар, акциялар бойынша есептелінген дивидент және тағы басқа бойынша дебиторлық қарыздар жөнінде ақпараттарды табуға болады.

  • алуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар есепті.

Дт 1270 кт 6110

6160

  • есептелінген төленуі.

Дт 1010 кт 1270

1030

1050

1060

Есептелінген сыйақылар бойынша аналитикалық есеп жолға, қарыз алушы және т. б кәсіпорындар бойынша айналым тізімдемесінде жүргізілді.

  1. е қысқа мерзімді дебиторлық берешек

Бұл шотта өзге шоттарда көрсетілмеген дебиторлық қарыздар есептеледі.

  • есеп айырысу шотынан қате аударылған сомалар.

Дт 1280 кт 1030

1060

- бүлінген материалдарды, тауарларды, жабдықтаушыларға қайтарудан дебиторлық берешек пайда болд

Дт 1280 кт 1310

1330

Кәсіпорынның басқада активтерінің есебін жүргізу үшін 1610, 1620, 1630, шоттарын қолданады.

1610 - берілген қысқа мерзімді аванстар

Бұл шотта жабдықтаушы мердігерлер алдын ала берілген аванстардың есебі беріледі. Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу кезінде берілген аванс сомалары ескеріледі, яғни шегеріледі. Берілген аванстардың талдамалы есебі, басқа кредиторлық және дебиторлық қарыздар бойвнша аналитикалық тізімдемесінде жүргізіледі.

1610 - шоты бойынша жазбалар.

1 алдын ала берілген аванстар

Дт 1610 кт 1010

1030

1060

  1. есеп айырысу кезінде берілген аванс сомалары ескерілді

дт 3310 кт 1610

  1. жұмсалмаған аванс сомасы қайтарылды.

Дт 1030 кт 1610

1060

1620 алдағы кезең шығыстары.

Бұл шотта кәсіпорынның алдағы есепті кезеңі үшін алдын ала жасалған төлемдердің есебі жүргізіледі. Газет - журналдарға, жалақысы, сақтандыру төлемдері, егістік, т. б.

1620 бойынша жазбалар.

Жазылған, газет, журналдардың сомалары, сақтандыру төлемдері, жалгерлік төлемдері алдын ала төленді.

Дт 1620 кт 1010

1060

1030

Есепті кезеңнің тиісті шығыстары, есептен шығарылды.

Дт 7110 кт 1620

7210

8418

1630 өзге қысқа мерзімді активтер.

1. 2 Күдікті күмәнді дебиторлық қарыздар бойынша резервтердің есебі.

Сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін, уақытында есеп айырыса алмай немесе алынуға тиісті долларлардың 1 бөлігі ғана төленіп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс - тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайдың себебі, борышкер кәсіпорынның банкрот болып немесе оның таратылуы, сонымен қатар борыштарды талап ету мерзімінің өтіп кетуі мүмкін.

Сатып алушылардың келісім шартқа сәйкес берілген мерзімде, төлемеген шоттары, күдікті қарыздар деп атайды. Яғни оларға уақытында төленбеген, жабылмаған және тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық қарыздар жатады.

өтелу өтелмеу белгісіз, күдік тудыратын берешектерді есептен шығарудың 2 - тәсілі бар.

1 тікелей есептен шығару әдісі, мұндай шығындар нақты шоттарды үмітсіз деп танылғаннан кейін ғана есептен шығарылады.

2 резервтік әдіс - бұл әдісте күдік тудырған борыштардың шығындары алдын - ала карастырылған тәсілмен есептеледі.

Қ. р - ң азаматтық кодексінің 1 - ші бөліміндегі 178 - баб ына сәйкес деб, қарыздардың өтелім мерзімінің жалпы уақыты, 3 жыл болып белгіленеді. 3 жыл уақыт аралығында өтелмеген қарыздар күдікті дебиторлық қарыздар, бойынша резерв сомасының есебімен, есептен шығарылады. Күдікті дебиторлық қарыздар бойынша резерв сома есебі 1290 күмәнді талаптар бойынша резерв деп айтады шотта жүргізіледі. Бұл шот пассивтік, баланстық, реттеуші контрактивтік болып табылады. Бұл шот 1210 дебиторлық берешек шотын өз қалдығының сомасына азайтып көрсетеді.

1290 шоты бойынша жазбалар.

1 күдікті қарыздар бойынша резерв құрылды.

Дт 7440 - кт 1290

  1. үмітсіз деп танылған дебиторлдық қарыз, есептен шығарылды.

Дт 1290 - кт 1210

1280

  1. күдікті деп саналған, үмітсіз деп танылған дебиторлық берешектін сомасы кәсіпорынға алынды

дт 1010 - кт 6280

1070

1030

1060

1. 3 Басқа дебиторлық берешектерді есепке алу

Қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізу барысында мекемеде сатып алушыларға жөнелтілген (босатылған) тауарлық-материалдық қорлар үшін олардың негізгі дебиторлық берешегімен қатар, басқа да дебиторлық берешек туындайды. Оларға жатқызылады: сатып алынған тауарлық-материалдық қорлар бойынша қосымша құнға салынатын салық бойынша берешек; есептелген пайыздар бойынша дебиторлық берешек; әкімшілік-шаруашылық пен операциялық шығындарына берілген есептесетін сомалар бойынша мекеменің қызметкерлері мен басқа тұлғалардың дебиторлық берешегі және т. б.

Басқа дебиторлық берешектердің негізгі түрлерінің бірі мекеме алдындағы қызметкерлер мен басқа тұлғалардың келесі борыштық міндеттемелері болады:

  • әкімшілік-шаруашылық және операциялық шығындарына оның ішінде қызметтік іссапарларға беретін есептесетін сомалар бойынша;
  • материалдық зиянды өтеу бойынша;
  • қызметкерлерге берілген несиелер мен басқа операциялар бойынша;
  • несиеге сатылған тауарлар бойынша.

Есеп беруге міндетті тұлғалармен есеп айырысуды есепке алу. Кейбір жағдайда мекемеде кассадан салт ақшалар немесе банк мекемесі арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жүргізе алмайтын әртүрлі әкімшілік-шаруашылық және операциялық шығындар (тауарларды сатып алу, ауыл шаруашылық өнімдерді дайындау және т. б) жасау қажеттілігі туындайды. Мұндай төлемдерді жасау үшін мекеме белгілі штаттық қызметкерлерге есеп беруге тиісті ақшалай аванстар түрінде салт ақшалар береді.

Салт ақшалар мекеме жетекшісінің бекіткен есептеуіне сәйкес беріледі. Кассадан берілген қолма-қол ақшалай аванстар есептесетін (есеп беретін) сомалар деп аталады. Есептесетін сомалар қызметкерлерге қызметтік іссапармен байланысты шығындарды өтеу үшін беріледі.

« Мемлекеттік бюджеттік қаражаты есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысына сәйкес қызметтік іссапар қызметкерлердің мемлекеттік мекеме басшысының өкімі бойынша еңбек міндеттемелерін өзінің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде орындау үшін, сондай-ақ кәсіптік деңгейі мен біліктілігін арттыру және қайта даярлану үшін белгілі бір мезгілге сапары болып табылады

2 Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың нысандары және есеп айырысу құжаттарын рәсімдеу тәртібі

Мекемелер мен ұйымдар қаржылық-шаруашылық қызмет жүргізу барысында жеткізілген және өткізілген (сатылған) тауарлық-материалдық қорлар үшін басқа мекемелермен-жабдықтаушылармен және сатып алушылармен ақшалай есеп айырысу қарым-қатынасқа кіреді.

Өнімдер мен тауарларды жөнелтушілер мен алушылардың арасындағы барлық есеп айырысулар, әдеттегідей, жасалған келісім-шарттардың талаптарына сәйкес кейін немесе алдын-ала төлеуді қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібінде банк мекемелері арқылы жүргізіледі.

Банктердегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен жасалатын төлемдері мен аударымдарды жүзеге асырғанда төлем құжаттарының түрлерін және олардың бірыңғай рәсімдеу мен пайдалануды Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу туралы ереже мен Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру ережесімен ретке келтіріледі.

Төлеушілер мен алушылардың орналасқан жерлеріне қарай бір қалалық және басқа қалалық есеп айырысулар болып ажыратылады . Бір қалалық деп бір елді мекенінде орналасқан бір немесе екі банк мекемесі қызмет көрсететін мекемелер мен кәсіпорындарының арасындағы есеп айырысуды айтады. Басқа қалалық деп әртүрлі елді мекенде орналасқан банк мекемелері қызмет көрсететін мекемелер мен кәсіпорындарының арасындағы есеп айырысуды айтады.

Бір қалалық және басқа қалалық есеп айырысу кезіде қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың келесі негізгі нысандары ұсынылады: төлем тапсырмасы, чек, төлем талап-тапсырма, аккредитивтер, жинақтық талаптар бойынша есеп айырысу.

Төлем тапсырмалармен есеп айырысу. Төлем тапсырмасы тапсырмада көрсетілген соманы басқа мекеменің(бенефициардың) пайдасына оның ақшасын аудару туралы ақша жөнелтушінің қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырмасын білдіреді.

Бір төлем алушымен есеп айырысу үшін ақша төлеуші қызмет көрсететін банкке №0401002 типтік нысандағы төлем тапсырмасын ұсынады. Үш немесе одан да көп төлем алушыларға бір мезгілде төлемдер аударған кезде №0401003 типтік нысандағы жиынтық төлем тапсырмасы толтырылады да, оның кесіп алынатын бөлігінде төлем төлеуші мен алушының атауы, олардың есепшоттарының нөмірлері мен төлем сомалары көрсетіледі. Ақша алушыға беруге арналған жиынтық төлем-тапсырманың данасы бөлшектеліп кесіледі де, төлем алушылардың шоттарының банктің жазбаша көшірмесіне тіркеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дебиторлық берешектің түрлері
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз
ХҚЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІМЕН ТАДАУЫН ұЙЫМДАСТЫРУ
Дебиторлық борыштар есебінің жүргізілуі және аудиті
Қысқа мерзімді активтер есебін зерттеу
Дебиторлық берешек есебін ұйымдастыру
«ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техника - экономикалық сипаттамасы
Дебиторлық берешектер есебі
Дебиторлық берешек түрлері
Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz