Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Экономика факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстардың тарихына шолу. Ұлы депрессия»

Орындаған: Хаштаева А. Қ. Қаржы-21

Тексерген: Досмағанбетов Н. С.

Астана қаласы

2012 жыл

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстардың тарихына шолу. «Ұлы депрессия

  1. Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары . . . 4
  2. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар тарихы . . . 5
  3. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері . . . 10
  4. Экономикалық дағдарыс және оның әлеуметтік салдарлары . . . 15

Қорытынды . . . 23

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 24

Кіріспе

Қазіргі кезде дағдарыс әлемде терең экономикалық, саяси өзгерістерге
демографиялық дүмпу, капитал - еңбек байланысының теңдігін бұзатын,
технологиялық дамудың жалғасуы. Сондықтан бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып экономикалық дағдарыс болып табылады. Сол себепті осы экономикалық дағдарыстардың тарихының байыбына барып, олардың ерекшеліктеріне үңілуге осы жұмыс арқау болмақ.

Дағдарыс - нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық шаруашылығының барлық аясын қамтиды.

Баршамызға мәлім ағымдағы әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекеттке оң қырымен танылып қойған жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт елдерінің өзі қомақты қаржылық және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар жұмыссыз қалуда, көптеген шарушылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, дегенмен де оның соққыларына қарсы төтеуге лайықты екенін де байқатып үлгерді.

Бұл тақырыптың өзіктілігі әлемдік экономикалық дағдарыстың тарихына шолу, статистикалық мәліметтер мен қосымша мәліметтер және осы жұмыста қарастырылатын барлық мәлелер жұмыстың негізгі өзектілігі болып табылады. 1929-1933 жж арасында болған терең экономикалық дағдарыстың бүкіл әлемді қамтуы. Дағдарыстың шығу себебі, және әртүрлі елдер арасындағы дағдарыстан шығу жолдарын қарастыру жұмыстың негізгі өзекті мәселесі болып табылады.

Жұмыстың мақсаты: тақырыпты зерттеудегі басты мақсат экономикалық дағдарыстың мәні мен маңызын ашып көрсету.

Бұл жұмыстың міндеттері:

  • Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары;
  • Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар тарихы;
  • 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері;
  • Экономикалық дағдарыс және оның әлеуметтік салдарлары;
  1. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстардың тарихына шолу. «Ұлы депрессия»Экономикалық дағдарыс және сипаттамалары

Экономикалық дағдарыс - дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс - нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық ш-ның барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады [1] .

Дағдарыстар немесе дағдарыстардың байбаламының кәсiпорынның өмiрлерiнде - тұрақты құбылыс. Басқы себеппен, тауарлардың өндiрiспен және тұтынуының аралығында үзiлуі, яғни экономикалық дағдарыстарды пайда болуы мүмкiн болып табылады. Экономикалық дағдарысты мән төлей алатын жиынтық сұраныс қарағанда тауарлардың артық өндiруiнде айқындалады, әлеуметтiк-экономикалық таң қалулар тағы басқалар қоғамдық капиталды орнын толтыруды шарттарды бұзылысында, фирмалардың жаппай банкроттықтарында, жұмыссыздықтың өсуi болып келеді [2] .

Экономикалық дағдарыстың түрлеріне тоқталатын болсақ, ол циклдік, аралық, құрылымдық, жекелеген, салалық, маусымдық, әлемдік сияқты түрлерге бөлінеді:

  • Циклдік дағдарыстар - бұл халық шаруашылығының барлық салаларында іскерлік белсенділіктің төмендеуінен туындайтын және шаруашылық қызметтің жаңа циклнің басталуына мүмкіндік беретін қоғамдық өндірістің кезеңділікпен қайталанып құлдырау.
  • Аралық дағдарыстар - ұлттық экономиканың жаңдану және өрлеу фазаларын уақытта үзіп тастайтын жаңа циклдің басталуына мүмкіндік беретін жергілікті сипатқа ие, және ұзаққа созылатын өндірістің құлдырауы.
  • Құрылымдық дағдарыстар - қоғамдық өндірістің қалыптасқан құрылымына сәйкескелетін және ресурстарды тиімді пайдалану жағдайының өзгеруіне байланысты сала аралық диспропорциаларының ұзақ уақыт күшеюіне байланысты құлдырауы.
  • Жекелеген дағдарыстар - шаруашылық ірі салаларында белсенділіктің төмендеуінен жалғасатын құлдырау
  • Салалық дағдарыстар - бір саланың қызметіндегі құлдырау
  • Маусымдық дағдарыстар
  • Әлемдік дағдарыстар [2] . Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар тарихы

Алғашқы экономикалық дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған болатын. Содан кейін ол 1836 ж. дағдарыс Ұлыбритания мен АҚШ қамтыған болатын, 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін болған мына ірі экономикалық дағдарыстарды атауға болады: 1825, 1837-38, 1847, 1857, 1866, 1873, 1890-93, 1907-1908, 1914, 1920-21 және 1929-33. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді [2] .

1825 жылғы экономикалық дағдарыс алғаш дүниежүзілік қаржы дағдарысы болып табылады. 1820 жылдардың басында Латын Америка елдерінің тәуелсіздіктері үшін күрестері болып жатты. Бұл жағдай Ұлыбритания капиталының массалық ағымына әкелді. Бұл қаржылар жаңа тәуелсіз республикалардың мемлкеттік қарыздары мен алтын және күміс кендерінің өңдеулерін қаржыландыру үшін керек болды. Сонымен қатар, бұл экспорттық серпіліске соқтырған болатын.

Латын Америкасындағы осы жағдайлар Лондондық фонд биржасының спеклулятивті манияларына соқтырған еді. 1825 ж. жазында өсу үстіндегі сауда дисбалансы мен Англия банкінің алтын резервтерінің тозуы банктің есеп мөлшерлемесін көтеруге апарды.

Қазан айындағы фонд нарығының құлдырауы бүкіл континентке таралған желтоқсандық банк паникасын туғызды. Өз алтын резевтерімен мазасызданған Англия банкі паниканы тоқтатуға ешкандай әрекет қолданбай, нәтижесінде массалық банкроттық пен экономикалық рецессия туындады.

Кризис бүкіл Латын Америка елдеріне таралған, өйткені экспорт пен инвестициялардың қысқаруы бюджет кірістерін төмендетіп, бүкіл региондарда мемлекеттік қарыз бойынша дефолттарды туғызды. Латын Америка елдеріне өз қарыздарын қайта құрып, шетелдік капитал ағымын ретке келтіру үшін үш онжылдық уақыт керек болды.

1837-1838 жылғы дағдарыс ағылшын - американдық сипатта болатын. 1836 жылы дүниежүзілік алтын резервтерін қысқарту себебінен ағылшын банкі есептік мөлшерлеме ставкасын көтере бастады. 1836 ж. желтоқсанда фонд нарығының келесі құлдырауы Парижде орнады. АҚШ-қа тигізген зардабы көп болды. Жаңа Орлеандағы мақта бизнес несиеленуінің қысқаруы Нью- Йоркке дейін таралған банк паникасына айналды. Кең ауқымды паника бір жылға дейін созылған ұлттық төлем жүйесінің құлдырауына соқтырды. Бұл кризис нарық капиталы каналы мен төлем механизмі арқылы таралды. «1837 жылғы паника» 1843 жылға дейін созылды.

1847 жылғы дағдарыс Лондондағы теміржол компанияларының акция нарықтарындағы спекулятивті серпілістін жаппай күйреу себебінен туындады. Басқа жағдайлардағыдай сияқты Ұлыбританиядығы сауда балансы төмендеді, ал Англия банкі есептік мөлшерлемесінің өсуімен жауап берді. Акция нарығындағы серпілістің аяқталуы дүниежүзілік несие нарығы арқылы Германия мен Голландияға таралған банк кризисіне соқтырды. [Kindleberger, 1986]

1857 жылғы дағдарыс АҚШ-та бастау алды. Калифорниядағы алтын кендері мен британ капиталының толығуымен дамыған теміржол акцияларының серпілісі 1857 жылдың тамыз айында тоқтатылды. Бұның өзі массолық банкроттыққа әкелген 1857 жылғы банк кризисіне соқтырды. Күзде криизс Англияға таралды, ал одан күшті паникамен континентке қарай бастау алды. Киндлбергер бойынша бұл кризис Оңтүстік Америка, Оңтүстік Африка мен Қиыр Шығыста да сезілді. [Kindleberger, 1986] .

1873 жылғы дағдарыс ірі дүниежүзілік қаржы кризисі ретінде қарастырылады. Оның алғышарты ретінде Англия мен континентте орын алған Латын Америкадағы кредиттік серпілісі мен Германия мен Австриядағы жылжымайтын мүлік нарығындағы спекулятивті серпіліс танылады. Австрия- Германиялық серпіліс мамыр айында Венадағы фонд нарығының күйреуімен бітті. Цюрих пен Амстердамдағы фонд нарықтары да құлады. АҚШ-тағы банктік паника Нью- Йорктағы фонд биржасының акцияларының катты түсуі мен басты финансист пен Біріккен Тынықмұхиттық теміржол президенті Джей Куктың банкроттығымен басталды. Неміс банктерінің несиелерді ұзартуға бас тарту себебімен Германиядағы кризис Америкаға ауысты. Америкалық пен еуропалық экономикалардың рецессияға түсу себебімен, Латын Америка елдерінің экспорт көлемі қысқарды, бұл мемлекет бюджетінің кірістерінің түсуіне және дефолттың жаңа толқынына соқтырды.

1890 жылғы дағдарыс Англиядан несие капиталы ағыны серпілісінің аяқталуы мен инфрастукрура және теміржол құрылысының қаржыландыру мақсатында Аргентина мен Уругай елдеріне ағылды. Несиелердің көп бөлігін қаржылық жағынан тұрақты емес аргентиналық банктер алды. 1890 жылы 8 қарашада ірі ағылшын банкі Баринг (House of Baring) озін төлемге қабілетті емес деп жариялағаннан кейін кризис одан әрі өрши түсті. Аргентина, Уругвай мен Бразилия елдерінің несиеленуі біткен кезде кризис Латын Америка елдеріне таралды.

1893 жылғы дағдарыс АҚШ пен Австралиядағы дағдарыстар Баринг кризисімен және әлемдік тауар нарықтарындағы жалпы төмендеу тенденцияларымен тікелей байланысты. Көбінесе бұл орнаған паниканы күміс нарығында бос баға орнатуға рұқсат берген Күміс Шерман Пактін кабылдаумен байланыстырады. Осы пакті қабылдағаннан кейін АҚш алтын стандартынан шығады деп куткен инвесторлар капиталды мемлекеттен шығара бастады. Ақша ұсынысының қысқаруы мен фонд нарығының жаппай күйреуі банк кризисін туғызды. Австралия кризисінің алғышарты ішкі кредиттер арқылы қаржыланған мүлік нарығындағы серпіліс болып табылды. Бұд паниканың себебі болып ірі 32 банктердің жабылуы мен экспорттық тауарларға бағалардың төмендеуі .

1907 жылғы дағдарыс одан алдыңғы кризистердің көптеген қасиеттеріне ие, бірақ әлемдік масштаб пен қаталдығы жағынан бүкіл алтын эрасында ең күштісі болып табылады. Бұл әлемдік кризистен 9 мемлекет [Bordo, Murshid, 2000] зардап шекті. Ол 1906 жылы есептік ставканы алтын резервтерін толықтыру мақсатында 3, 6 %-дан 6 %-ға дейін көтерген Англия банкімен азғыртылды. Бұл оқиға АҚШ-тан капиталдың жылыстауын туғызды. Нью- Йорктағы фонд нарағының құлауы 1907 жылдың басында болды. Қазанда сенімгерлік компаниялардың өтімділік кризисі коммерциялық банктерге таралды. Ақша масса көлемінің қысқаруы ұлттық төлем жүйесінің жойылуына және ұзаққа созылған экономикалық рецессияға әкелді. АҚШ пен Англяда басталған кризис Франция, Италия және басқа да мемлекеттерге таралды.

1914 жылғы дағдарыс Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы күшті әлемдік қаржы дағдарысымен сәйкес келді. Басқа кризистерге қарағанда бұл дағдарыс орталықтан шет елдерге таралған жоқ, ол соғысып жатқан жақтар шетелдік активтерді жоя бастаған кезден бастап бірқатар елдерде бір мезгілде басталды. Бұл тауар, ақша сияқтв барлық рыноктардың құлдырауына соқтырды. АҚШ, Ұлыбритания және басқа елдердегі паника уақытылы орталық банктердің интервенцияларымен жұмсартылды.

1920-1922 жылдардағы дағдарыс Соғыстан кейінгі дефляция мен рецессия кейбір елдердегі (Дания, Италия, Финляндия, Нидерланды, Норвегия, США и Великобритания) банк және валюта кризистерімен байланысты. Жиырмасыншы жылғы кризистеріне қарағанда бұл жолы дүниежүзіолік таралудың нақты каналдары болған жоқ.

Соғыстан кейінші әлемдік экономикалық кризис 1957 ж. соңында басталып 1958 жылдың соңына дейін созылды. Ол АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Бельгия, Нидерланды және тағы бірқатар капиталистік елдерге таралды. Дамыған капиталистік елдердегі өнеркәсіптік өнімдердің өндірісі 4 %-ға дейін қысқарды. Жұмыссыздар армиясы 10 млн. адамға дейін жетті.

1973 жылдың соңында АҚШ- та басталған экономикалық кризис елдерде таралу аймағы, мерзімі, тереңдігі мен жою күшіне байланысты 1957-1958 жылдардағы әлемдік экономикалық кризистен бірқатар асты және мінездік сипатына қарай 1929- 1933 жылғы кризиске жақындай түсті. Кризистің болу периодында АҚШ- тағы өндіріс 13 %-ға, Жапонияда 20 %-ға, Германияда 22 %-ға, Ұлыбританияда 10 %-ға, Францияда 13 %-ға, Италияда 14 %-ға қысқарды. Акция курстары тек бір жыл ішінде- 1973 жылдың желтоқсанынан 1974 жылдың желтоқсанына дейін- АҚШ- та 33 %-ға, Жапонияда 17 %-ға, Германияда 10 %-ға, Ұлыбританияда 56 %-ға, Францияда 33 %-ға, Италияда 28 %-ға қысқарды. 1974 жылы банкроттықтардың саны 1973 жылмен салыстырғанда АҚШ-та 6 %-ға, Жапонияда 42%-ға, Германияда 40 %-ға, Ұлыбританияда 47 %-ға, Францияда 27 %-ға өсті. 1975 жылдың ортасына қарай дамыған капиталистік елдерде толық жұмыссыздар саны 15 млн. адамға жетті.

1973 жылы ОПЕК елдерінің әсерімен басталған және мұнай дамуының көлемін төмендеткен бірінші энергетикалық кризис басталды. Бұндай әрекеттермен тқара алтынды өндірушілер әлемдік нарықта мұнай бағасын көтеруге тырысты. 1973 жылдың 16 казанында мұнай баррелінің бағасы 67 %-ға көтерілді- $3- дан $5-ға дейін. 1974 жылы мұнай бағасы 12 %-ға жетті.

1987 жылғы қара дүйсенбі 1987 жылдың 19 қазанында Dow Jones Industrial американдық фонд индексі 22, 6 -ға құлады. Американдық рыногімен қоса Австралия, Канада, Гонконг рыноктері де күйреді. Кризистің мүмкін себебі: бірқатар ірі компаниялар капитализациясының күшті төмендеуінен кейін нарықтардан инвесторлардың кетісі.

19941995 жж Мексикандық ақша- қаржылық кризис

1980 жылдардың соңында мексика үкіметі мемлекетке иныестицияларды тарту саясатын жүргізді. Атап айтқанда, билеушілер фонд биржасын ашты. 1989-1994 жж Мексикаға шетелдік капитал ағымы келіп түсті. Кризистің бірінші байқалуы- Мексикадан капиталдың қашуы: шетелдіктер елдегі экономикалық кризистен күдіктене бастады. 1995 жылы елден 10 млрд. $ шығарылды. Банк жүйесінің кризисі басталды.

1997 жылы- Азиялық ақша- қаржылық кризисі

Азиялық фонд нарығының Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауқымды құлауы. Азиялық ақша- қаржылық кризисі - оңтүстік- шығыс Азиялық шетелдік инвесторлардың кету салдары. Себебі- аймақтық ұлттық валюталардың девальвациясы және оңтүстік- шығыс Азиялық елдердің төлем балансының дефицитінің жоғары деңгейі. Экономистердің пікірі бойынша, азялық кризис әлемдік ЖІӨ-ді 2 трлн $-ға дейін төмендетті.

2007ж экономикалық дағдарыстың басталғанынан бастап, әлем бойынша қаржылық кәсіпорындардың шығындары 1 трл. долларды құрады. Осындай әрекеттер Жапония, ЕО экономикаларын рецессияға ұшыратты. Бірақ дағдарыстың бұнымен тоқтайын деген түрі жоқ. Халықаралық Валюталық Фондтың мәлімдеуі бойынша бүкіләлемдік қаржы мекемелері мен банктердің шығындарының көлемі 1, 4 трл долларға дейін көтеріледі. Бұны дағдарыстың жаңа нарықтарды жаулауымен, яғни оның жоғарғы ипотекадан қарапайым ипотекаға, одан тұтынушылық несиелерге, коммерциялық жылжымайтын мүлікке, түбінде корпоративті секторды қамтуымен түсіндіреді. Осы жағдайларға байланысты 2008 жылы жарық көрген «Дағдарыс жайлы толық ақпарат. Біз қорқытпаймыз, біз тек ескертеміз» атты мақалада АҚШ экс-президенті әлемдік қаржылық дағдарыс көптеген адамдардың жұмыс орындарының және зейнеткерлік шоттардың қысқарылуына негіз болғанына өкініш білдіріп, ВВС телеарнасы арқылы: «Болып жатқан әрекеттер үшін кешірім сұраймын. Менің ойымша, осы кезеңнің тарихы жазылғанда халық Уолл-стритта қабылданған шешімдердің көбі мен президент болғанға дейін қабылданып қойғандығын түсінетініне сенемін», - деп мәлімдеп, және осы жайлы толығымен ақпарат беріп өткен болатын. Бұл мәлімдемесі әлемді екі ойдың алдында қалдырды. Сонда бүкіл әлемді қыспақта ұстап отырған экономикалық дағдарыс алдын-ала жоспарланған болғаны ма, әлде биліктен кетіп бара жатқанда жаңа президент аппаратына әлем қауымы алдында көлеңке түсіргісі келді ме? Бұл жайлы тек болжам жасауға ғана болады.

Қоғамның әрбір толыққанды мүшесін қызықтыратын мәселе дағдарыс болғандықтан ол жайлы көптеген зерттеулер жүргізілді. Сондай зерттеулердің бірін американдық Ұлттық бизнес экономикасы ассоцияциясы (National Association for Business Economics - NABE) қолға алған болатын. Нәтижесінде, АҚШ-ғы ипотекалық дағдарыс халықаралық терроризмнен гөрі әлде қайда жоғары қорқыныш ұялатады деген тұжырымға келді. Сауалнама жүргізілген 258 экономист-ассоцияция мүшелері ішінде 18 пайызы өздерін мазалайтын мәселе инвестиция және ипотекамен айналысатын қаржы ұйымдарының дефольттары деп көрсетсе, 14 пайызы жеке шаруашылықтар мен корпорацциялар қарыздары деп көрсетті. Тек 20% ғана мазалайтыны және ең қорқыныштысы -террористтік шабуылдар деп көрсетті. Яғни бұл дегеніміз, АҚШ халықының экономикалық тұрақтылықты қауіпсіздік тұрақтылығынан әлде қайда жоғары қоятындығын аңғартады. Зерттеудің нәтижесі қандай болмақ, экс-президент Буштың кезінде терроризммен күрес немесе Ирак, Ауғаныстандағы әскерді қаржыландыруға жұмсалатын қыруар қаржы мөлшерімен де байланысты деп ескереді. Әйткенмен де, алдыңғы қатарлы әлемдік экономикаларда қалпына келу үрдістері қарқынмен жүріп жатқанмен, ол көңілге үлкен оптимизм ұялатпайды. АҚШ-ң атақты экономисті Нуриэль Рубинидің пікірі бойынша, АҚШ-ғы комулятивті ЖҰӨ төмендеуі орта шамамен 4-5% құрауы мүмкін, яғни бұл дегенің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең нашар рецессия. Осы тұрғыдан кішкене артқа шегініп, тарихқа зер салсақ, АҚШ ЖҰӨ рецессияға комулятивті төмендеуі 2001ж небәрі 0. 4% құраса, 1990- 1991жж 1. 3% құраған. Осыдан, көптеген экономисттер қазіргі дағдарыстың соғыстан кейінгі кезеңде болған дағдарыстармен салыстырғанда терең болатынын, әрі көп уақытқа созылатынын ескертеді. ХВФ экономисттерінің хабарлауынша, барлық қиыншылықтар мен ауырпашылықтар әлі алда және әлемдік экономиканың тұрақтануы тек 2010 жылы басталуы мүмкін. Яғни, әлемдік экономикалық алпауыт компаниялар мен банктар жүйесіне қанжардай қадалып, құрдымға ұшыратқан бұл дағдарыстың соңы шексіздік белгісімен берілуінің өзі қарапайым халықтың психикасына қатты әсер етуде. Бұл өз кезегіне көпшілік арасында «паника» тудыруы мүмкін. Ал ол тиісінше ортақ бір жаумен күресу кезінде ең қажетті дүние - ауызбіршілікке ірткі салатыны анық. Әлемдік экономикалық дағдарыс АҚШ-ғы ипотекалық несиелердің қайтарылмауына байланысты пайда болды. Жаһандану заманында бұл дағдарыс әлем түпкір-түпкіріндегі экономикаларға әсері қандай десек, Экономикалық даму және әріптестік ұйымының (ОЭРС) зерттеулерінің нәтижелері бойынша, дағдарыс барлық жерде ЖҰӨ төмендеуіне алып келді, яғни 2009 ж Жапония, АҚШ және көптеген еуропалық мемлекеттерде ЖҰӨ 2008 ж салыстырғанда әлде қайда төмен болады. Әсіресе экономикалық өсімнің баяулауы АҚШ-та қатты байқалатындығын атап өтті. Ұйым 2008 ж АҚШ ЖҰӨ өсімін 1. 4% болжаса, 2009 ж 0. 9% төмендейтінін және 2010 ж 1. 6% өсетінін ескертеді. Елдегі жұмыссыздар саны 2008 ж 5. 7% -дан 7. 3%, 2009 ж 7. 5% өскен, ал импорт көлемі өткен жылдың қыркүйегінде рекордты 5. 6% - 211. 9 млрд долл жеткен. Экспорт көлемі болса 6% төмендеген, бұл дегенің 2001 ж кейінгі максималды төмендеу болды -155. 4млрд долл. Тағы бір статистикалық мәліметтерге көз салсақ, АҚШ-ғы жұмыссыздық көлемі өткен жылдың қазанында соңғы 14 жыл көрсеткіші бойынша ең жоғарғы 6. 5% көрсеткішіне жетті. Ал еуроаймақта ЖҰӨ көлемі осы жылы 0. 6% төмендеуі мүмкін, сол себепті ОЭРС Еуропалық орталық банкті 2009 ж ортасына қарай негізгі пайыздық өлшемді 3. 25% дан 2. 00% төмендетуді ұсынуда. Тауарларға бағаның төмендеуі және өндірістің құлдырауы 2009 ж Еуроаймақта 1. 5% құрауы, мүмкін инфляция көлемін азайтады. Бұл аймақта да жұмыссыздар көлемі артуда. 2008 ж 7, 4% құраса, 2009 ж 8, 6%, 2010 ж 9, 0% көрсеткішке жетеді деп болжайды ұйым. Іскерлік сферасының негізгі бес құрамдас бөліктерінің нашарлауы, атап өтсек, сортақ тапсырыс көлемінің бағалануы, дайын өнім қорлары, өндірістің қазіргі жағдайын бағалау, жуық айлардағы өндірістен өнімдерін күту және экспорттық тапсырыстар. Осы көрсеткіштердің күрт төмендеуі өндіріс саласындағы өсімнің азаюына әкелуі әбден мүмкін. Бүгінгі күні көптеген халықаралық немесе мемлекеттік зерттеу мекемелері, жеке экономисттер әлемдік дағдарысты жан-жақты қарастырып, түрлі болжамдар жасауда. Жақында АҚШ-ң Ұлттық экономисттер ассоцияциясының елуден астам мамандардың арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі жарық көрді.

  1. 1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері

Дағдарыс 1929 ж. қазандағы Нью-Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялардьщ бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы кағаздар рыногінің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып-сатушылық және олардың курсын 1928-1929 жж. экономикалық серпіліс кезіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техникалық құралдардың және өлшеу приборларының дамуы
Демографиялық мәселелер
Психологиялық дағдарыс
Дағдарыстың мүмкін салдары
Халықты санау әдісі
Экологиялық мәселелер жайлы
Сыртқы орта талдау
Жалпы экологияға кіріспе
Суицидке бейім адамдармен әлеуметтік-оңалту жұмыстары
Қазақстандағы салық жүйесінің реттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz